Кәсіпорынның негізгі өндіріс шығындарының есебі мен аудиті
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
1.1. Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру ... ... ..6
1.2. Негізгі өндіріс шығындарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3. Үстеме шығындардың есебі:
а) негізгі өндіріс шығындарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
в) Көмекші өндірістің шығындарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ..22
с) үстеме шығын. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2 БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ АУДИТІ
2.1. Өндіріс шығындары аудитін жоспарлау және аналитикалық
процедуралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2. Өндіріс шығындарының ішкі бақылау жағдайын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39

Соңғы жылдары Қазақстанда әлеуметтік- экономикалық жағдай өндірістік құлдырау тенденциялаы мен ақша айналым жүйесінің бұзылуымен информацияның жоғарылауымен тұрғындардың тұрмыс денгейінің төмендеуімен сиптталады. 1993 жылы ұлттық валютаны енгізу ақша нисие және бюджеттік салаларында жаңа экономикалық саясат жасауға және жүргізуге бағаны және тарифтерді сыртқы экономикалық қызметі либеризациялауға өтуге әкеп соқты. Өткелі кезеңнің бастапқы сатысында да байланысты
Саясат технологиялық потенциялдық дамуын шетелдік жаңа технологиямен тиімды үйлестіру қажет болды. Бұл жаңа технологияның тепе-теңділікті тұрақты оперативтік кешендер жасауға пропорцианалдық бұзылуын жоюға қажет. Қазақстанда акционерлік кәсіпорындар және компаниялар пайда болды. Кәсіпкерлік дамып келді. Бүгінгі күнде ол қажетті жетістіктерге жетпегенмен болашақта біздің экономикамыздың негізгі саласы болады.
Қазақстан экономикасы біртіндеп жоғарылау фазасына келеді.Бірақ ары қарай оның даму қарқыны жоғарылай береді. Стратегиялық тұрғыдан республика әлемдік технологияларды енгізуді мақсат етеді.
Нарықтық жағдайларда кәсіпорынның дамуының маңызды мәселелері әрбір материалдық ақшалық және қаржылық шығындар данасына өнімді өндіру көлемін біршама жоғарылатуға қол жеткізуден тұратын оның экономикалық тиімділігін жоғарылату, табыс табу болып табылады.
Кәсіпорын экономикасын ары қарай көтеру мәселелерін табысты шешу үшін ресурстарды тиімді пайдалану қажет резертерді ашып өндірістің пайдаланылмаған резервтерді өндірістік қызметте пайдалану интенсивті технологиялар енгізу, өндіріс басқаруының экономикалық әдістерін жетілдіру, техникалық прогресстің дамуымен өндірістің негізгі құралдар жағдайы және пайдаланылу деңгейіне және кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне тәуелділігі күшейді. Кәсіпорынның жеткілікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі олардың тиімді пайдаланылуын еңбек өнімділігінің жоғары денгейі өнім көлемін жоғарылату және өндіріс тиімділігін көтеру үшін маңызды болып табылады. Кәсіпорын экономикасын көтерудің басты звеноларының бірі есеп болып табылады.Бухгалтерлік есеп әртүрлі басқару функцияларын орындау үшін ақпараттар дайындайды.

1. "Бухгалтерлік есеп туралы "заң. Қазақстан Республикасы Президентінің 26 желтоқсан 1995ж. 2732 Жарлығы Бухгалтерлік бюллетені -1996 ж.
2. Қазақстан Республикасының "Аудиторлық іс әрекеттер жөніндегі" заңы. Астана, 20 қараша 1998ж. "Казахстанская правда". 24 қараша 1998ж.
3. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдірудің 1998-2000 жылдағы мемлекеттік бағдарламасы. 28.01.1998 ж. 3838 Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бухгалтер бюллетені 1998ж. ғ 18 (212) сәуір 2-7 б.
4. Аудит жөніндегі Қазақстан стандарттары Қазақстан аудит. Алматы қаржы-қаражат, 1995ж. -152б.
5. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарына арналған әдістемелік нұсқаулар : өазақстан Республикасының қаржы министрлігі. Бухгалтерлік есеп және аудит әдістеме департаменті, 1997 ж.-164б.
6. Балабанов И. Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. Пособие. – М.: Финансы и статистика, 1998 –112 с.
7. Барнгольц С. Б.,Белобжецкий И. А. Экономический анализ хозяйственной деятельности предприятий и объединений. Учебное пособие –М.: 1986 –320с.
8. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие / К.Ш Дюсембаев.,С.К. Егембердива, З.К. Дюсембаева. – Алматы: «Каржы – Каражат», 1998 –512 с.
9. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами (Теория и методология). Алматы: Экономика, 2000 – 293 с.
10. Ержанов М.С., Ержанова С.М. «Учетная политика на казахстанском предприятии» (практический аспект), Алматы, изд. дом «Бико» 1997 – 52 с.
11. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. – Алматы: Гылым, 1994 – 235 с.
12. Радостовец В. К., Радостовец В. В., Шмидт О. И. Бухгалтерский учет на предприятиях. – 2 – ое доп. и перераб. Алматы. Центраудит – Казахстан, 1998 – 771 с.
13. Радостовец В. В., Шмидт О. И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. – Алматы: Центраудит – Казахстан, 2000 – 496 с.

Тақырып .
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ӨНДІРІС
ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІ
Жоспары
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3
1 БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
1.1. Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру ... ... ..6
1.2. Негізгі өндіріс шығындарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 13
1.3. Үстеме шығындардың есебі:
а) негізгі өндіріс шығындарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .19
в) Көмекші өндірістің шығындарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. 22
с) үстеме шығын.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 24
2 БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ АУДИТІ
2.1. Өндіріс шығындары аудитін жоспарлау және аналитикалық
процедуралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.2. Өндіріс шығындарының ішкі бақылау жағдайын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .38
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
КІРІСПЕ
Соңғы жылдары Қазақстанда әлеуметтік- экономикалық жағдай өндірістік
құлдырау тенденциялаы мен ақша айналым жүйесінің бұзылуымен информацияның
жоғарылауымен тұрғындардың тұрмыс денгейінің төмендеуімен сиптталады. 1993
жылы ұлттық валютаны енгізу ақша нисие және бюджеттік салаларында жаңа
экономикалық саясат жасауға және жүргізуге бағаны және тарифтерді сыртқы
экономикалық қызметі либеризациялауға өтуге әкеп соқты. Өткелі кезеңнің
бастапқы сатысында да байланысты
Саясат технологиялық потенциялдық дамуын шетелдік жаңа технологиямен
тиімды үйлестіру қажет болды. Бұл жаңа технологияның тепе-теңділікті
тұрақты оперативтік кешендер жасауға пропорцианалдық бұзылуын жоюға қажет.
Қазақстанда акционерлік кәсіпорындар және компаниялар пайда болды.
Кәсіпкерлік дамып келді. Бүгінгі күнде ол қажетті жетістіктерге жетпегенмен
болашақта біздің экономикамыздың негізгі саласы болады.
Қазақстан экономикасы біртіндеп жоғарылау фазасына келеді.Бірақ ары
қарай оның даму қарқыны жоғарылай береді. Стратегиялық тұрғыдан республика
әлемдік технологияларды енгізуді мақсат етеді.
Нарықтық жағдайларда кәсіпорынның дамуының маңызды мәселелері әрбір
материалдық ақшалық және қаржылық шығындар данасына өнімді өндіру көлемін
біршама жоғарылатуға қол жеткізуден тұратын оның экономикалық тиімділігін
жоғарылату, табыс табу болып табылады.
Кәсіпорын экономикасын ары қарай көтеру мәселелерін табысты шешу үшін
ресурстарды тиімді пайдалану қажет резертерді ашып өндірістің
пайдаланылмаған резервтерді өндірістік қызметте пайдалану интенсивті
технологиялар енгізу, өндіріс басқаруының экономикалық әдістерін жетілдіру,
техникалық прогресстің дамуымен өндірістің негізгі құралдар жағдайы және
пайдаланылу деңгейіне және кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарымен
қамтамасыз етілуіне тәуелділігі күшейді. Кәсіпорынның жеткілікті еңбек
ресурстарымен қамтамасыз етілуі олардың тиімді пайдаланылуын еңбек
өнімділігінің жоғары денгейі өнім көлемін жоғарылату және өндіріс
тиімділігін көтеру үшін маңызды болып табылады. Кәсіпорын экономикасын
көтерудің басты звеноларының бірі есеп болып табылады.Бухгалтерлік есеп
әртүрлі басқару функцияларын орындау үшін ақпараттар дайындайды.
Онда нақты өндіріс айналым болу және тұтыну процесстері
көрсетіледі.Бухгалтерлік есеп кәсіпорын шаруашылық қызметін бақылаудың
әрекеттегі формаларының бірі болып табылыды.
Ол жоспарлардың орындалуы туралы нақты ақпарат береді.
Талдау өндірісті көбейту өнімнің сапасын жоғарылату резервінің кілті
болып табылады. Оның мақсаты өндірістің ұйымдастырылуын материялдың және
еңбек шығындарын өндірістің соңғы нәтежесін жан - жақты тереңдете зерттеу
кезінде кәсіпорынның экономикалық тұрақтандыру бойынша шаралардың жүйесін
жасау. Экономикалық талдау кәсіпорында болатын процесстерді көрсететін
бухгалтерлік есеппен ажырамас байланысты.
Аудит бұл кәсіпорынның қаржысының, есеп беру мен бухгалтерлік есептің
растығын стандарттар мен қолданыстағы заңдылықтарға сәйкестігін анықтау
мақсатында тәуелсіз тексеру болып табылады.
1. НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ
1.1. Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
Кәсіпорын — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі,
көмекші, косымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және
шығындарды есепке алу максатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне
қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге
бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға
және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау
зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ
өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөңдеу-
механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктер, сумен жабдықтау және
т.б.)-
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартып, мақта өндіру жөніндегі
цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Косалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен
айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші
өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.
Эксперименттік (тэжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және
түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.
Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын
ұжымының тұрмыстық қажетгілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл
кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды
атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді.
Өндірістік есепті дұрыс үйымдастырдың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы
зор.
Өндірістің бухгалтерлік есебін үйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына
(типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс
болып үш топқа (тұрпатқа) бөлінеді.
Жеке-дара (жекелеген) өндіріс — өнім жекелеген даналарымен немесе
қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр
машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге
тән. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға
мамандандырылмайды; субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламасында бұйымдар
мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшелінеді; дайындық-
қорытындылау жұмыстарына кететін шығындардың деңгейі салыстырмалы жағдайда
алғанда біршама үлкен болады; өндірістің басқа да тұрпаттарына қарағанда
өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды
есепке алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық
әдіс қолданылады, бүл орайда шығындар әрбір бұйым (тапсырыс) бойынша есепке
алынады.
Сериялық өдіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын
кайталанып отыруымен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән:
шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі; жұмыс орындарының
салыстырмалы тұрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған машиналардың,
аспаптар мен қондырғыларының қолданылуының шектеулілігі. Сериялық өндіріс
машина жасау өнеркәсібінде және металл өңдеуде неғұрлым кең тараған. Бұл
кәсіпорындарда өнімнің шығарылуын есепке алу сериялы бұйымдарға тән етіп
қолданылады, бірақ ол бүйымдарды құрастыратын партияларға қолданылмайды.
Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді: ірі
сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады), сериялық (мамандану
анағұрлым тар, ал өндірістік мамандандырылмайды; субъект пен цехтардың
өндіріс бағдарламасында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде
болуымен ерекшелінеді; дайындық-қорытындылау жұмыстарына кететін
шығындардың деңгейі салыстырмалы жағдайда алғанда біршама үлкен болады;
өндірістің басқа да тұрпаттарына қарағанда өндірістік цикл ұзақ болып
келеді. Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды есепке алу үшін және
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады, бүл
орайда шығындар әрбір бұйым (тапсырыс) бойынша есепке алынады.

сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз желілер мен цехтар бойынша және
технологиялық жағынан мамандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген
өндірістен ұсақ сериямен өнім шығаруға арналған).
Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін қолданады.
Жаппай өндіріс - ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс
тұрпаты (типі). Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп
болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін,
белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің
жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып
табылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің және оның негізгі элементтерінің
өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі
қолданылады.
Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға және
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен
бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді.
Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы
ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ
сериялық өндірістерде — жасалған жұмыстар нарядтарымен
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызмет көрсету белгілі
бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы
өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік кұнын есептеу
(калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің
нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы
бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді кабылдау мен жоспарлау үшін
ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді кабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім
типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал
кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік
шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
— шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер, цехтар,
учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өңдеуі) бойынша, ал олар
шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында
анықталғандай етіп бөлінеді;
— қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары
жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына
енеді;
— шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей — өнімнің
өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен
байланысты болып; жанама — өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни
бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;
— өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы —
шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін
(негізгі материалдар мен шикізаттың шығысы, технологиялық энергия мен отын,
өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты — өнімнің шығару көлемі
өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын
жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардың
амортизациясы);
— шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша); экономикалық
элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары;
еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; негізгі кұралдардың амортизациясы
(тозуы); басқа да шығыстар кіреді.
Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:
— өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
— коммерциялық (сатумен байланысты);
— әкімшілік (басқару процесімен байланысты).
Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар
өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады.
Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады,
оған 90 - "Негізгі өндіріс", 92 - "Көмекші өндіріс", 93 - "Үстеме
шығындар", 95 -"Өндірістегі ақау" бөлімшелерінің шоттары кіреді.
Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды
қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:
"Цехтар бойынша шығындар" ведомосы, онда 90, 92, 93 және 95 бөлімшелер
шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 90, 92, 93 және 95 шоттарының
есебі компьютерлендірілген кезде олар бойьшша тиісті машинограмм
қолданылады. Ай соңында бухгалтерия өңдіріс шығындарын жинақтауды жүзеге
асырады.
"Цехтар бойынша шығындар" ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып
табылады:
— "Материалдар (жалақы) шығындарын бөлу (тарату)" кестесін әзірлеу, онда
шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа
да материалдық запастары көрсетіледі (20 - "Материалдар" бөлімшесі
шоттарының кредиті); өндіріс персоналдарына төленген еңбек ақы шығыстары
(681 -"Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу" шотының кредиті);
еңбек ақыдан аударылатын аударымдар (634 - "Басқа да" шоттың "Әлеуметтік
салық" субшотының кредиті);
- "Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі" кестесін
әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі кұрал-
жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі (13 - "Негізгі кұрал-
жабдықтардың тозуы" )
— "Материалдық емес активтер амортизациясының есебің" кестесін әзірлеу,
онда өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизацияның сомасы
көрсетіледі (11 - "Материалдық емес активтердің амортизациясы" бөлімшесі
шоттарының кредиті);
— "Көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен
қызметтерін бөлу" кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың
өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындары
көрсетіледі (920 - "Көмекші өндірістер" және 940 -"Әлеуметтік сала"
шоттарынын кредиті).
Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалык) есебі калькуляция (есеп)
объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының
белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көпжазбалық)
карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.
Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша кандай
калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін,
шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме
шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері
бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.
Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында,
біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару
бухгалтериясы болуы мүмкін.
Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10-80-бөлімшелеріне енетін
шоттарын жүргізіп, есептің Бас кітабын, кәсіпорынның балансын және қаржылық
есеп беруін жасайды.
Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас жоспарының 90-бөлімшелеріне енетін
шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты корытып,
өзіндік қүнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен
нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі
шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің
нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару
бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде қандай да
болмасын бір "ноу-хауды" және өндірісті басқарудың озық деңгейін
ұйымдастыруды, "жаңалыктарды" өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып
кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының
сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның
қызметкерлері үшін де "жабық" болуы мүмкін.
Қаржылық және басқару бухгалтериясының арасындағы өзара қарым-қатынастар
мына төмендегі 6-сызбада көрсетілген.
Кәсіпорынның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу үшін
211 - "Негізгі өндіріс", 212 "Өз өндірісінің шалафабрикаттары",
213 - "Көмекші өндіріс", 214 - "Басқа да" шоттары пайдаланылады. Бұл
шоттардағы топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір-екі күнде
аяқталмаған өндіріс қалдығы есептеліп, яғни есептік кезеңнің соңында
өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 211-214
шоттары дебеттеліп, 900, 910, 920, 950 шоттары кредиттеледі), содан соң
келесі жылдың басында қайтадан қаржылық бухгалтериядан өндіріс
бухгалтериясына беріледі (демек, 900, 910, 920, 950 шоттары дебеттеліп, 211-
214 шоттары кредиттеледі).
Сонымен, 211-214 шоттар "бір күндік шоттар" болып табылады және оның
калдықтары осы шоттар бойынша кәсіпорынның өзіндік құнына енеді, ол үшін
өнім бірлігіне есептелген сметалык. мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс
нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы
мүмкін.
1.2. Негізгі өндіріс шығындарының есебі
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік күнына, тауарлы
өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша
пропорциональды түрде таратылады.
Қайтаршган қалдықтар - бұл негізгі, көмекші және қосалқы.
Өнімнің өзіндік кұнына кіретін материалдық ресурстарының шығыстарына
қайтарылған өндіріс қалдықтарының құны қосылмайды.
Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, шалафабрикаттар,
жылуды сақтайтын материалдар т.б. материалдық ресурстары-саналады, бірақ
олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз
арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Белгіленген технологияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін толық
қанды материал ретінде берілген материалдық ресурстар қалдықка жатпайды.
Сондай-ақ қалдыкка ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімі шығындарды
есепке алу және өнімнің өзіндік кұнын есептен шығару әдістерінде
белгіленген.
Қайтарылған қалдықтар келесі тәртіпте бағаланады:
- егер де қалдықтарды негізгі өндіріс мұқтаждығы үшін, бірақ өнім
азайтылып шығарылса немесе косалқы өндіріс мүқтаждығы үшін, сондай-ақ
кеңінен тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса, онда шикізат пен
материалдардың бастапкы құнының төмендетілген бағасы бойынша;
- қалдықтар кайта өңдеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олардың жинау мен
өңдеуге жұмсалған шығындарын шегере отырып, қалдықтарға белгіленген бағасы
бойынша;
- егер де қалдыктар шартқа сәйкес шикізат немесе толықканды материалдар
ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шикізаттар немесе материалдар бастапқы
толық бағасы бойынша бағаланады.
Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдыктар бағалауға жатпайды. Қалдықтарды
пайдалануды нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға тиісінше бақылау
жасауды жолға қою керек. Қайтымды қалдықтарды қоймаларға тауар
құжаттамалары (накладнойы) бойынша кіріске алады, олардың кұнына "Шикізат
пен материалдар" бабы бойынша шикізат пен материалдардың шығыстарын
азайтады. Қалдықтардың кіріске алынуын 206-шоттың дебеті және 900-шоттың
кредиті бойынша көрсетеді. 900-шоттың кредитіндегі талдамалық есеп
регистрлеріне (карточкаларға, ведомостарға) жазылады.
Сатып алынатын буйымдар, шалафабрикаттар және тараптық
кәсіпорындар мен уйымдардың өндірістік сипаттағы көрсетететін
қызметтерінеөтмрііріклеп жинақтауға (комплектация жасауға) пайдаланатын
шалафабрикаттар мен сатып алынған бұйымдарға немесе дайын өнім алу үшін
кәсіпорыннын өзінде қосымша өңдеуге түсетіндерге кеткен шығындар; басқа
жақтың кәсіпорындарының көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтеріне ақы
төлеуге жұмсалатын шығындар сол өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына
тікелей жатқызушы мүмкін, сондай-ақ материалдар мен шикізатты өңдеуге,
өнімді дайындау бойынша жекелеген операцияларды орьшдауға және белгіленген
технологиялық процестерді сақтау үшін бақылау жасауға, орталық коймаға
дейін запастарды жеткізіп беру бойынша сырт жақтың транспорттық жеткізіп
беруі.
Субъектінің өз транспортымен және өз қызметкерлерінің күшімен жеткізілген
запастардың (шикізаттар, материалдар, сатып алынған бұйымдар және
шалафабрикаттар) шығындары да өндіріс шығындарының тиесілі элементтеріне
қосылады (еңбек ақы төлеу шығындарына, жалақыдан аударылатын аударымдарға
және т.б.).
Дайындау-көліктік шығыстарына (ДКШ) шығынның келесі түрлері жатады:
жабдықтау-сату ұйымдарына төленетін үстемелері (наценкасы); жүкті тасығаны
үшін қосымша ақысы; субъектің коймасына материалдарды жеткізіп беру мен
түсіру шығыстары; дайындау орындарында ұйымдастырылған агенттікті және
қоймаларды, кеңселерді ұстау шығыстары; материалдарды тікелей дайындаумен
байланысты іс-сапар шығыстары т.б.
Технологиялық мақсатқа арналған энергия мен отындар. Өндіріс процесінде
тікелей жұмсалатын энергиялар (барлық түрі) мен отындардың шығындары.
Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы сияқты көрініс
табады.
Технологиялық мақсатқа отын шығындарына кәсіпорынның өзі өндірген
отындардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да
енгізіледі: мартен, домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін, металл-
прокаттық ұсталық-штампылау, престеу және басқа цехтарда қыздыру үшін,
бұйымдарға технологиялық процесспен белгіленген байқау (сынау) жұмыстарын
жүргізу үшін т.б.
Сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық, двигательдік және басқа да
өндірістік және шаруашылық мұқтаждарына жұмсалатын сатып алынған энергияның
барлық түрлері. Кәсіпорынның өзі шығарған энергияның электрлік және басқа
да түрлерін өндіруге, сондай-ақ сатып алынған энергияны оны тұтынатын жерге
дейін трансформациялау мен беруге жұмсалатын шығындар тиісті шығын
элементтеріне енгізіледі; табиғи кему нормалары шегінде материалдық
игіліктердің кем шығуы мен бүлінуінен болған шығындар. Кәсіпорын көлігімен
материалдық ресурстарды жеткізіп берумен байланысты шығындар (тиеу-түсіру
жұмыстарын қоса алғанда) өндіріс шығындарының тиісті элементтеріне (еңбек
ақы төлеуге, негізгі қорлар амортизациясына жұмсалатын шығындар,
материалдық шығындар және т.б.), сондай-ақ материал ресурстарының кұнына
жеткізіп берушіден (жабдықтаушылардан) материалдық ресурстармен бірге
алынған ыдыстың кұны оның бағасына енгізілген жағдайда жеткізіп
берушілерден алынған материалдық ресурстардың ыдыстары мен бумаларын сатып
алуға жұмсаған кәсіпорындардың шығындары да енгізіледі.
Өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық шығындардан кайтымды
қалдықтардың құны алынып тасталынады. Өндірістің қайтымды калдықтары деп
өнім өндіру процесінде пайда болған, бастапқы ресурстың тұтыну сапасын
(химиялық немесе физикалық соның салдарынан көтеріңкі шығындармен (аз өнім
шығара отырып) пайдаланылатын немесе негізгі мақсатқа мүлдем пайдаланбайтын
шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар, жылутаратқыштар және басқа да
материалдық ресурстар түрлерінің қалдықтарын айтамыз. Өнімнің басқа
түрлерін өндіру үшін толыққанды материал ретінде белгіленген технологияға
сәйкес басқа цехтарға, бөлімшелерге берілетін материалдық ресурстар
калдықтары кайтарымды қалдықтарға жатпайды. Сондай-ақ, жолай алынатын
(ілеспе) өнім де қалдықтарға жатпайды, олардың тізбесі өнімнің өзіндік
құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау мәселелері жөніндегі
салалық әдістемелік ұсыныстарында белгіленеді.
Еңбек ақы. "Еңбек ақы" бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен
қызметшілердің сыйлықақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі өндірістік
қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және
өтемділік (компенсациялық) төлемдері, сондай-ақ кәсіпорынның штатында
тұратын, негізгі қызметке жататын қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын
шығындардың құрамына мыналар енгізіледі:
- кәсіпорында кабылданған еңбек ақы төлеу жүйесімен және нысанымен,
сондай-ақ жеке еңбек келісім шартына сәйкес лауазымды айлық ақысы және
тарифтік мөлшерлемесі, еңбекке кесімді ақы төлеу бағасы (расценкасы) арқылы
нақты орындалған жұмысқа есептелінген жалақысы;
- ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін
сыйақылар (заттай сыйақылардың құнын қоса алғанда), кәсіптік шеберлігі,
еңбектегі жоғары табыстары және т.б. көрсеткіштері үшін төленетін тарифтік
ставкалары мен айлықақыларға қосылатын үстемақылары;
- жұмыс режимімен және еңбек жағдайларымен байланысты өтемдік сипатгағы
төлемдер, оның ішінде: түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімнен тыс жұмыс, көп
ауысымды режимдегі жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін,
мамандықты (кәсіпті) қосып аткарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені
үшін, ауыр зиянды, ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы және т.б. жұмыстары
үшін заңдарда белгіленген жағдайлары үшін тарифтік ставкалар мен
айлықақыларға қосылатын үстемақылар мен қосымша ақылар;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекелеген салалардағы қызметкерлеріне
тегін көрсетілетін коммуналдық қызметтердің, тамақтың, азық-түліктің күны,
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлерге берілетін тегін тұрғын
үйге ақы төлеу жөніндегі шығындар (тұрғын үй, коммуналдык қызметтер және
т.б. тегін берілмегені үшін төленетін ақшалай өтемнің сомалары);
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегін берілетін, тұрақты әрі жеке
пайдалануында қалатын заттардың (арнайы киім-кешекті қоса алғанда) құны
немесе олардың арзан бағаға сатылуына ақы төлеу (пайдаланылмаған
демалысқа өтем акы төлеу), сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындаумен,
медициналық тексерулерден өтумен байланысты уақыттар;
- заңдарда белгіленген жағдайларда кәсіпорындар мен ұйымдардың қайта
құрылуына, қызметкерлер мен штаттағылардың қысқаруына байланысты жұмыстан
босаған қызметкерлерге төлемдер төлеу;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін бір
мезгілдік сыйақылар (осы кәсіпорындағы мамандығы бойынша жұмыс стажы
бойынша үстемақылар) төлеу;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес аудандық, экологиялық коэффициенттер
бойынша шөлейтті, сусыз және биік таулы жерлердегі жұмысы үшін белгіленген
коэффициенттер бойынша төлем төлеу; экологиялық қолайсыз жағдайлары бар
аудандардағы үздіксіз жұмыс стажы үшін жалақыға заңдарда көзделген
үстемақыларды төлеу;
- кәсіптік-техникалық училищені бітірген түлектерге және жоғары немесе
арнаулы орта оқу орындарын бітіріп шыққан жас мамандарға жұмыс басталар
алдында демалысқа ақы төлеу;
- кешкі және сырттай жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сырттай
аспирантура, кешкі (ауысымды) оқу орындарында, кешкі (ауысымды) кәсіптік-
техникалық және сырттай жалпы білім беретін мектептерде ойдағыдай білім
алып жүрген, сондай-ақ аспирантураға түскен жұмысшылар мен қызметшілерге
берілетін оқу демалыстарына қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ақы төлеу;
- заңдарда көзделген жағдайларға сәйкес еңбек ақысы төмен жұмыстарды
атқарғаны үшін ақы төлеу; уақытша еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда іс
жүзіндегі жалақы мөлшеріне дейін заңдарда белгіленген қосымша ақылар төлеу;
- бұрынғы жұмыс орнындағы қызметтік айлықақысының мөлшерін белгілі бір
мерзім ішінде сақтай отырып (заңдарға сәйкес) басқа кәсіпорындар мен
ұйымдардан келіп жұмысқа орналасқан, сондай-ақ уақытша басқа жұмысын
атқарған қызметкерлерге төленетін айлықақыларындағы айырмашылық;
- вахталық жұмыс кестесіне сәйкес кәсіпорынның орналаскан жерінен (жиналу
пукнтінен) жұмыс орнына дейін және кері қарай жолда жүрген күндері үшін,
сондай-ақ ауа райының жағдайына қарай және көлік ұйымдарының кінәсінен
жолда кідіріп қалған күндері үшін айлықақының тарифтік ставка мөлшерінде
төленетін сомасы (вахталық әдіспен жұмыс істеген кезде);
- жұмысшы-донорға тексеруден өткен, қан тапсырған және әрбір кан
тапсырған күннен кейін демалыс алған күндері үшін акы төлеу;
- - егер атқарылған жұмыс үшін есеп айырысуды тікелей кәсіпорынның өзі
жүргізетін болса, кәсіпорынның штатында тұрмайтын қызметкерлерге олардың
азаматтық-кұкықтық сипатта
жұмыстарына акы төлеу. Бұл орайда, мердігерлік шарт бойынша жұмыс атқарғаны
үшін қызметкерлердің еңбегіне акы төлеуге жұмсалатын каржының мөлшері осы
жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) және төлем құжаттарының сметалары
негізге алына отырып белгіленеді.
Енбек акыдан аударылатын аударымдар. Қазақстан Республикасының әрекет
етіп тұрған заңына сәйкес жалақыдан аударылатын аударым бабында есептелген
әлеуметтік салығы (21% мөлшерлемесі бойынша) көрініс табады. Әлеуметтік
салықтың салық салу объекті болып жұмыс берушілердің еңбеккерлерге ақшалай
немесе заттай нысанында төлеген шығысы жатады, оған салық салуға жатпайтын
төлемдерден басқасы түгел кіреді.
1.3. Үстеме шығыстардың есебі
а) негізгі өндіріс шығындарының есебі
Өндіріс шығындарын есептеу үшін 90 - "Негізгі өндіріс" бөлімшесінің
шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.
Материалдар. Шикі заттар мен материалдар -өнімді әзірлеу негізінде
пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер
болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы
жерде табиғи шикізаттардың кұны (су шаруашылық жүйесінен субъектінің
жинайтын, су үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге,
барлауға, қорғауға, оларды пайдалану мен жаңғыртуды ұйымдастыруға арналған
мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері), арнайы
мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары
көрсетіледі.
Лимиттік-алу карталары және талап-накладнойы жұмсалған шикізат пен
негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте
есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар
(өндірістер), калькуляция немесе есеп объектілері бойынша "Материалдардың
шығыстарын тарату" деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және
"Цехтар бойынша шығындарының" ведомосы немесе осыған ұқсас есеп
регистрлерына (ведомостар, машинограммалар, карточкалар) жазылады.
Көмекші материалдар — тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету
үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші
материалдардың шығыны (технологиялык мақсаттарға пайдаланған көмекші
материалдар). Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс нормасы
бойынша өнімнің езіндік кұнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген
сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін
болса, аталған мелшерлеме қайта қаралуы мүмкін.
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік кұнына,
тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша
пропорциональды турде таратылады.
Қайтарылған қалдықтар — бұл негізгі, көмекші және қосалқы
өндірістердің қалдығы.

қайтарылған өндіріс қалдықтарының (отходтарының) құны қосылмайды.

қанды материал ретінде берілген материалдық ресурстар қалдыққа жатпайды.
Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімі шығындарды
есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде

енгізіледі: мартен, домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін,
металлпрокатгық, ұсталық-штампылау, престеу және басқа цехтарда қыздыру
үшін, бұйымдарға технологиялық процесспен белгіленген байқау (сынау)
жұмыстарын жүргізу үшін т.б.
Енбек ақы. "Еңбек ақы" бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен

өтемділік (компенсациялық) төлемдері, сондай-ақ көсіпорынның штатында

шығындардың құрамына мыналар енгізіледі: '"
- кәсіпорында қабылданған еңбек ақы төлеу жүйесімен және нысанымен,

тарифтік мөлшерлемесі, енбекке кесімді ақы төлеу бағасы (расценкасы) арқылы

- ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін
берілетін сыйлықақылар (заттай сыйлықақылардың құнын қоса алғанда),
кәсіптік шеберлігі, еңбектегі жоғары табыстары және т.б. көрсеткіштері үшін
төленетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz