ҚР жергілікті атқарушы билік



Кіріспе.

1 ҚР жергілікті атқарушы билік ұғымы мен түсінігі.
1.1 ҚР Жергілікті атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің қағидалары.
1.2 Жергілікті мемлекеттік басқарудағы үкіметтік . жергілікті атқарушы биліктің жоғары органы.


Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен қарқынмен өзгеруде, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі, күн өткен сайын күш алып барады. Соған сәйкес жаңа яғни бұрын сирек кездесетін қылмыстар орын алуда. Бірақ қылмыстың аты-қылмыс болғандықтан бұл жерде қоғамға қауіптілік немесе құқыққа қайшылық бар. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, әлемде орнын нақтылауда. Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.
Атқарушы билік органдары – мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субьект. Онсыз мемлекеттік – басқарушылық қызметті іс жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқыктық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет аясында шындыққа айналады.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде ұйымы деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді.
Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді /мысалы, партия/.
Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және, соңында, мемлекеттік органдар енлзіледі. Бұл кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған салды. Кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның басшылары, яғный әкімшілігі жүзеге асырады.
Атқарушы билік органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек мемлекеттік-басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді /олардың ішінде өздерінің актілерін де/ орындау үшін құрылады.
Атқарушы билік органдары өзінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Бұл - мемлекеттік - басқарушылық кызметтің негізгі базасы заң екендігін білдіреді оның субъектілері осы мемлекеттік органдар болып табылады.
1. Қаза стан Республикасының Конституциясы 1995ж., 2007жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен енгізілген өзгертулер.
2. Н.Ә. Назарбаев. "Президенттің Қазақстан халқына жолдауы 2030" -Алматы: "Білім", 1997 ж.
3. ҚР Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Қозғалмайтын мүлік жөніндегі Заң күші бар жарлығы".
4. Жайлин Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасындағы Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім. II том. - Алматы: Заң әдебиеті, 2005ж.
5. Төлеуғалиев Ғ.И Жергілікті мемлекеттік басқарудағы азаматтық құқығы: Жоғары оқу орындарына арналған академиялық курс. Оқулық І-том.-Алматы: «Жеті-Жарғы»
6. Сүлейменов М.К. Жергілікті мемлекеттік басқарудағы Азаматтық құқығы Жоғарғы оқу орнына арналған 2005ж Обязательственное право О.С.Иоффе. М.
7. ҚР Азаматтық кодексі. 1994 ж. 27 желтоқсан. ҚР 1998 ж. 2 наурызда өзгерту енгізілді.
8. Г.Сапаргалиев Конститутционного строя РК Алматы «Жеті-Жарғы» 1997г
9. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі 1999 ж.
10. ҚР Президентінің 1995 жылғы 19 мамырдағы "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы". Заң күші бар жарлығы.
11. Заң газеті 2006ж 26-желтоқсан 12. ҚР А.К. Ерекше бөлім.
12. Гражданский Кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга. 2. Отв ред. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. - Алматы: Жеті жарғы. 1998г.
13. Гражданский Кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга. 2. Отв. ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. - Алматы: Жеті жарғы. 1998г.
14. Л.А.Кассо.Понятие о залоге в совренменном праве. М.,Статут, 1999г
15. А.Г.Диденко. Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи, комментарии, практика. Выпуск 11-Алматы ТОО "Баспа", 2001г.
16. Гражданский Кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга. 2. Отв. ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. - Алматы: Жеті жаргы. 1998г.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе.

1. ҚР жергілікті атқарушы билік ұғымы мен түсінігі.
1. ҚР Жергілікті атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің
қағидалары.
2. Жергілікті мемлекеттік басқарудағы үкіметтік – жергілікті атқарушы
биліктің жоғары органы.

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен қарқынмен өзгеруде, ғаламдану мен
ақпараттық технологиялар дәуірі, күн өткен сайын күш алып барады. Соған
сәйкес жаңа яғни бұрын сирек кездесетін қылмыстар орын алуда. Бірақ
қылмыстың аты-қылмыс болғандықтан бұл жерде қоғамға қауіптілік немесе
құқыққа қайшылық бар. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып,
әлемде орнын нақтылауда. Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.
Атқарушы билік органдары – мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге
асыратын негізгі субьект. Онсыз мемлекеттік – басқарушылық қызметті іс
жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін
емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-
құқыктық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет
аясында шындыққа айналады.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде ұйымы деген ұғымнан
туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін
жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да
адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең
мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді.
Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату
алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері
олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді мысалы, партия.
Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік
мекемелер және, соңында, мемлекеттік органдар енлзіледі. Бұл кәсіпорындар
мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған салды. Кәсіпорындар мен
мекемелердің ішінде басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның
басшылары, яғный әкімшілігі жүзеге асырады.
Атқарушы билік органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек
мемлекеттік-басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл
органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді олардың
ішінде өздерінің актілерін де орындау үшін құрылады.
Атқарушы билік органдары өзінің қызметін заңға тәуелді негізде
атқарады. Бұл - мемлекеттік - басқарушылық кызметтің негізгі базасы заң
екендігін білдіреді оның субъектілері осы мемлекеттік органдар болып
табылады.

1 Жергілікті мемлекеттік басқарудағы атқарушы билік ұғымымен түсінгі
1.1 Жергілікті мемлекеттік басқарудағы атқарушы билік органдарын
ұйымдастыру мен қызметінің қағидалары

Қазақстан Республикасы басқару органдырының әрқайсысы мемлекеттің
атынан қызмет етеді. Елдегі басқару органдарының ұйымдық құрамы ылғи да
өзгеріс үстінде. 1997 жылы 4 наурызда №3377 ҚР Президентінің Жарлығы (ҚР
мемлекеттік органдарын кезекті реформалау туралы) негізінде мемлекеттік
басқару органдарының жалпы саны қысқартылды, олар бір-біріне біріктіріліп,
қайта құрылды. Осы реформа негізінде 47 басқару органы 25-ке қысқартылып,
министрліктер саны 20-дан 14-ке азайды. Басқару органдарының сандық үлесі
азайғанымен, олардың атқаратын шаралары мен мемлекеттік биліктегі орны
бұрынғы қалпында сақталады. 3, 52-55б.
Мемлекеттік билік - әлеуметтік биліктің түрі, әр түрлі әдістерді, оның
ішінде мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану арқылы қоғамда тұрақтылық пен
тәртіпті, азаматтарды ішкі және сыртқы қол сұғудан қорғауды қамтамасыз
етуге міндетті мемлекеттік органдар мен мекемелерде жүзеге асқан
мемлекеттің еркі мен күшінің шоғырландырылған көрінісі.

1-сурет. Мемлекетті басқару органдарының жіктелуі

Енді 1-ші суреттегі мемлекетті басқару органдары немесе мемлекеттік
билік түрлерімен толық танысайық. Осы аталған негізгі құрылымда басқару
органдарының барлық ұйымдық құрылысы орналасқан.
Мемлекет басшысы.
Көп елдерде мемлекет басшысы атқарушы органды басқарады.
Конституцияның негізінде қалыптасып қалған әдет бойынша парламент туралы
моноархтың мынадай құқықтары бар: сессия шақыру, төменгі палатаны тарқату,
жоғары палатаның мүшелерін тағайындау, заңдарды бекітіп жариялау, кейбір
жағдайларда вето құқығы бар болады. 2, 82бет
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы,
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізі бағыттарын айқындайды, ел
ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең
жоғары лауазымды тұлға. 1, 16 бет.
Республиканың президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің,
Конституцияныі мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрі кепілі болып табылады.
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан бастап және өз
конституциясын қабылдау барысында республикалық басқарудағы мемлекет болып
құрылды. Республикалық басқарудағы мемлекеттерде, мемлекет басшысы
президент болып табылады. ҚР Президенттің міндетіне келесі жұмыстар кіреді:
• Президент шет елдердің елшілерін қабылдайды, елшілерді тағайындайды;
• Халықаралық келісім-шарттарды растайды;
• Мемлекеттің қарулы күштерінің бас қолбасшысы болып табылады;
• Парламентті таратуға, сессияныңжұмысын шақыруға, басқа күндерге
ауыстыруға құқықты;
• Заң жобаларын қабылдамай, екінші рет Парламентке жіберуге құқықты.
• Президент заңдық дәрежесі бар Жарлықтар мен елдің дамуна байланысты
Жолдаулар жасауға құқықты.
Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге
асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. 1, 22 бет.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және
Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан , республикалық маңызы бар қаладан
және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан тұрады. Сенаттың
жеті депутатын Республика Президенті тағайындайды. Ал мәжіліс депутаттары
Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және
шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері
бойынша сайланады. Сонымен қатар біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің
аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады.
Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс
депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте,
ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
• Заңдар қабылдайды;
• Республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке
енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік
салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
• ҚР-ның әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін
белгілейді;
• Мемлекеттік наградаларды тағайындайды;
• Азаматтарға рақым жасау туралы актілер шығарады;
• Мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек
көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
Үкімет – жоғарғы атқарушы және билеуші мемлекеттік орган, тікелей елді
басқарады. Қазақстан Республикасында Үкімет басшысын премьер-министр деп
аталады және ол үкіметтің, яғни атқарушы мемлекеттік органның басшысы
ретінде барлық министрліктердің үстінен қарайды. Сондай-ақ үкіметке үкімет
басшысының орынбасарлары және министрлердің көмекшілері кіреді. 2, 83бет.
Үкімет өзінің міндетіне сай барлық мәселелер бойынша шешім шығарады,
құқықты актілер шығарады және оны өз атынан немесе үкімет басшысының атынан
жариялайды. Қазақстанда үкімет коалициялық партиялы болып келеді. Олар
әдетте парламентаралық басқару формасындағы мемлекетті қалыптастырады.
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады,
атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық
жасайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Республика Президентіне жауап
береді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1, 33 бет
• Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс
қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің
негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын
ұйымдастырады;
• Парламентке республикалық бюджеттіжәне оның атқарылуы туралы есепті
ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
• Мәжілеске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз
етеді;
• Мемлекетті меншікті басқаруды ұйымдастырады;
• Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
• Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және
жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
• Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық
және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не
бір бөлігінде жоя алады немесе тоқтата тұрады;
• Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктелген
өзге де қызметтерді орындайды.
Министрліктер, ведомстволар және басқа орталық басқару мекемелері.
Әр түрлі мемлекеттердің орталық органдарының, министрліктердің және
мекемелердің саны әр түрлі болыпкеледі. Жалпы министрліктер елдің
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті қолдауға, қоғамдық
өмірдің аса маңызды жақтарын тиімді және үйлесімді басқару үшін құрылған:
экономикалық, әлеуметтік құрылым.
Мемлекеттің жергілікті жердегі атқару-билеу органдары.
Жергілікті атқару үкіметі, басқару билігін өзін-өзі билейтін органдары
арқылы, не болмаса орталықтан тағайындалған лауазымды адамдар арқылы
жүргізіледі. ҚР жергілікті басқару органдарына облыстық басқару органдары,
яғни барлық әкімшіліктер мен жергілікті басқару органдары жатады.
Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық
бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді
ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың
жүзеге асырылуын бақылайды.
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы
органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму
қажеттігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын
жүргізуге ат салысады. Бұл органдардың қарауына келесілер жатады:
• Аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын
қамтамасыз ету;
• Коммуналдық меншікті басқару;
• Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және
қызметтен босату, олардың қызметтерін ұйымдастыру, бұл жерде айта
кететін жағдай елімізде ендігі жерде жергілікті жердің басшыларын
халық өзі тәуелсіз сайлайтын жүйе қалыптасуда;
• Республика заңдары және т.б. нормативтік-құқықтық актілер негізінде
өзіне жүктелген т.б. қызметтерді атқару.
Жергілікті басқару органындағы мәслихаттар өз құзырындағы мәселелер
бойынша шешімдер, ал әкімдер тиісті әкімшілік-аумақтық бөліінстің аумағында
орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.
Атқарушы билік органдары – мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге
асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік – басқарушылық қызметті іс
жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін
емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-
құқықтық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет
аясында шындыққа айналады.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде “ұйым” деген ұғымнан
туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін
жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да
адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең
мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді.
Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату алынған.
Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері олардың
мүшелерінің еркімен рәсімделеді (мысалы, партия).
Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік
мекемелер және, соңында, мемлекеттік органдар енгізіледі. Бұл кәсіпорындар
мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған саяды. Олар өзінің
қызметін, оларды құратын мемлекеттің атынан, бірақ қандай да болмасын
биліктік өкілеттіктерсіз және өзінен сыртқары қандай болса да басқару
функцияларын атқармай, жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде
басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның басшылары, яғни
әкімшілігі жүзеге асырады.
Бұл келтірілген жағдайлар атқарушы билік органдарының ерекшелігін түсіну
үшін қажет. Олар мемлекеттік ұйымдардың жүйесінде ерекше орын алады, ол
өзінің тікелей көрінісін мыналардан табады.
1. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот биліктері органдарымен қатар
мемлекеттік аппараттың бөлек буыны болып табылады. Бұл, біріншіден, олардың
мемлекет атынан тікелей өкілдік ететінін, шрауашылық, әлеуметтік-мәдениет
және әкімшілік-саяси өмірдің әр түрлі салаларында оның саясатын жүзеге
асыратынын білдіреді және, екіншіден, оларға мемлекет бұл үшін қажетті
мемлекеттік-биліктік өкілеттіктердің белгілі бір көлемін береді, бұлардың
кәсіпорындар мен мекемелерде болуы мүмкін емес.
2. Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік биліктік сипаты бар
өкілеттіктердің мәні олардың:
а) мемлекет атынан ұйымдастыру бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан
жеке және заңды тұлғаларға арналатын заңды түрде міндетті болатын құқықтық
актілер шығару;
ә) құқықтық актілермен белгіленген талаптар мен ережелердің сақталуына
мемлекет атынан байқап отыруды (қадағалауды) жүзеге асыру;
б) заңды түрде міндетті болатын актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз
ету және оларды бұзушылықтан өзінің сипаты бойынша мемлекеттік иландыру,
түсіндіру, мадақтау т.с.с. шараларды, ал қажет болған жағдайларда –
мемлекеттік (әкімшілік) мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қорғау
құқығынан көрініс табады.
3. Атқарушы билік органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек
мемлекеттік-басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл
органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді (олардың
ішінде өздерінің актілерін де) орындау үшін құрылады.
4. Атқарушы билік органдары өзінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады.
Бұл – мемлекеттік – басқарушылық қызметтің негізгі базасы заң екендігін
білдіреді, оның субъектілері осы мемлекеттік органдар болып табылады.
5. Республиканың да, сондай-ақ аймақтың да деңгейлерінде болатын атқарушы
билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің біріңғай жүйесін құрады. Осы
жүйенің шегінде оның әрбір буынының, яғни нақты атқарушы билік органының
қажетті қолма-қолдық дербестігі болады. Ол өзінің көрінісін, сол сияқты осы
органға тиісті өкілеттіктердің көлемі мен тапсырылған іс үшін оның
жауапкершілігінің шарасын д оның құзыретінен (міндеттері, функциялары,
өкілеттіктері, жауапкершілігі) табады. Бұл органдардың құзыретінің
негіздері жарым-жартылай Конституцияда және заңнамалық актілерде
бекітіледі.
6. Азаматтық құқық қабілеттілік атқарушы билік органдарының құқықтық
мәртебесінің белгісі болып табылмайды. Оларды сипаттау үшін Заңды тұлғаның
санатын жалпы алуға болмайды, өйткені олардың жүзеге асыратын мемлекеттік-
басқарушылық қызметінің сипатын да, сондай-ақ оларға тиісті мемлекеттік-
биліктік өкілеттіктердің ерекшелігін де білдіруге қабілетсіз.
7. Атқарушы билік органдары адамдардың белгілі бір ұжымы - әкімшілік-
басқарушылық персоналдың қызмекерлері немесе мемлекеттік қызметшілер
(штаттар). Ұжымның шеңберінде белгілі бір ұйымдық-құқықтық байланыстар
жасалынады, функционалдық міндеттер мен құқықтар бөлінеді, сондай-ақ
тапсырылған жұмыстың бөлігі үшін жауапкершілік айқындалады. Бұл мемлекеттік-
қызметтік қатынастар, өйткені осы органның қызметкерлері мемлекеттік
қызметшілер болып табылады.
8. Атқарушы билік органдарының ұйымдастыру құрылымы, яғни бағынышты
құрылымдық бөлшектер құруын болжайтын ішкі құрылысы болады (мысалы,
министрліктердің департаменттері). Олардың қызметі осы атқарушы билік
органының өзінің сыртқары, яғни тікелей мемлекеттік басқару аясында
міндетін тиімді орындауға қабілетті болу үшін қажет ішкі ұйымдастырудың
(өзін-өзі ұйымдастырудың) көрінісі болып табылады.
9. Атқарушы биліктің әрбір органының мемлекеттік-басқарушылық қызметінің
белгілі бір аумақтық немесе қызметтік (мәселелік) көлемі болады. Біріншісі
осы органның жүзеге асыратын өкілеттіктерінің не Қазақстанның бүкіл
аумағында, не белгілі бір аймақта күші болатынын білдіреді. Екіншісі не
жалпы басқарушылық функцияларды (мысалы, Үкімет), не белгіленген қызмет
аяларында арнаулы сипаты бар белгілі бір басқару функцияларын жүзеге
асыруды болжайды. Олардың қатарында реттеу, рұқсат беру, бақылау және өкім
ету функциялары. Бірақ олар да әр түрлі аумақтық көлемде жүзеге асырылуы
мүмкін.
Сонымен, атқарушы билік органы деп мемлекеттік-биліктік механизмінің
(мемлекеттік аппараттың) мынадай буыны түсініледі, билікті бөлу принципіне
сәйкес мемлекет оған қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және
әкімшілік-саяси өмірінің әр түрлі облыстарында атқарушы-өкім етуші қызметін
іс жүзінде жүзеге асыруды тапсырады.

Схема 1:
Атқарушы билік органы

Принциптер – бұл атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің аса
маңызды саяси-құқықтық және ұйымдастыру-құқықтық негіздері.
1. Заңдылық мемлекеттік-басқарушылық қызметтің заңға тәуелсіздігінен,
сондай-ақ Конституция мен заңдардың жоғары тұратындығынан туындайды
(Конституцияның 3,4 - баптары). Атқарушы билік органдары заңнама талаптарын
қатал сақтауға, оларға тапсырылған қызмет аяларында оны қамтамасыз етуге
міндетті.
2. Мемлекеттік-басқарушылық қызмет объектілерінің ерекшеліктерін ескеру
принципі. Мұның маңыздылығы мемлекеттік объектілермен қатар көптеген
мемлекеттік емес құрылымдардың, жеке меншік институттарының, әр түрлі
қоғамдық бірлестіктердің пайда болуымен, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының одан әрі кеңейе түсуімен байланысты.
Осыған сәйкес басқарушылық ықпал етудің әр түрлі әдістерін таңдау, тікелей
басқару құралдарын шектеу, мемлекеттік реттеу (үйлестіру) құралдарын
кеңірек пайдалану, жалпымемлекеттік және аймақтық мүдделерді,
орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру қажеттілігі пайда болады.
3. Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінде алқалық пен дара
басшылықты дұрыс үйлестіру мемлекеттік-басқарушылық қызметтің негізгі
мәселелерін шешкен кезде ұжымдық пікірді ескеруді қамтамасыз етеді. Осы
мақсатпен атқарушы биліктің тиісті органдарының жанынан құрылатын әр түрлі
консультативтік, үйлестірушілік, ақылдасатын кеңестер, комисиялар кеңінен
өріс алуда. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда (мысалы,
министрліктерде) алқалар құрылады.
Сонымен бірге, дара басшылық атқарушы-өкім ету сипаты бар қызмет үшін қажет
тиісті тәртіпті қамтамасыз етудің, сондай-ақ дара басшының басшылығымен
жауапты басқару режимін орнатудың құралы болып табылады.
4. Жоғарыдағы принциптен келесі – тұтастай атқарушы билік органдарының және
әрбір мемлекеттік қызметшінің оларға тапсырылған жұмыс бөлігі үшін
жауапкершілігі туындайды. Бұл принцип атқарушы билік органдары туралы
ережелерде, “Мемлекеттік қызмет туралы”, 1999 ж. шілдедегі заңда, тәртіп
туралы жарғыларда және лауазымдық нұсқауларда бекітіледі.
5. Атқарушы билік органдары жұмысының жариялылық принципі өзінің жұмысының
аса маңызды нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жария
етуді, жалпы жұртқа хабарлап жеткізуді болжайды.

Схема 2 :
Атқарушы билік органдарының қызметі мен жүйесінің принциптері

Атқарушы билік органдары өз қызметінің мазмұны және нақтылы бағыты бойынша
ажыратылады. Оларды төмендегідей түрлі топтарға бөлуге болады.
1. Қызметінің аумақтық көлемі бойынша атқарушы билік органдарының екі
деңгейін бөлуге болады: республикалық және жергілікті. Бұл белгі унитарлық
мемлекеттік құрылыспен және Қазақстан Республикасын әкімшілік-аумақтық
бөліністерге бөлумен байланысты. Қазақстанның бүкіл аумағына Үкіметтің,
республика министрліктерінің және өзге де республикалық атқарушы билік
органдарының қызметі таратылады. Жергілікті облытардың, аудандардың,
қалалардың, ауылдардың (селолардың), кенттердің атқарушы билік органдары
өзінің қызметін тиісті аумақтың шеңберінде жүзеге асырады.
Республикалық атқарушы билік органдары жергілікті жерлерде өздерінің
аумақтық органдарын (басқармалар, департаменттер және т.б.) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті атқарушы билік органдары
Орталық атқарушы органдар әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде
Атқарушы биліктің құрылымы
Заң шығарушы билік органдары
Атқарушы билік органдарының түсінігі
Мемлекеттік органдар жүйесі
Атқарушы билік
ҚР –сы атқарушы органның бірі, министірлік қызметі туралы ақпарат
Мемлекеттік басқарудың атқарушы билік органдарының ұғымы мен әкімшілік-құқықтық мәртебесі
ҚР – сы атқарушы органның бірі, министірлік қызметі
Пәндер