Жеткіншек ұрпаққа экологиялық білім берудің мәні


Жеткіншек ұрпаққа экологиялық білім берудің мәні

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Ι. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Ι. 1. Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері

ΙΙ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1. Оқушылардың экологиялық білім мен тәрбие берудің технологиясы

2. 2. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың тәсілдері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.


КІРІСПЕ

Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесiндегi шешушi буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi рөлi өте зор. Елiмiздiң бүкiл жастары мектеп арқылы өмiрге жолдама алады. Мектеп ешқашан отбасынан, қоғамнан бөлiнiп, өз бетiнше жеке автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның iс-әрекетi отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты.

Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштердi ұйымдастыру мен бiрiктiру рөлiн атқарады. Ол iшкi тәрбие үрдiсiн басқарып қана қоймайды, сонымен бiрге мөлтек аудандарда, кәсiпорындарда жүргiзiлетiн тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етедi. Осы тұрғыдан мектеп - балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлi факторлардың ықпалын үйлестiрiп, бiрiктiрудiң орталығы.

Тәрбие - қайшылықты әрi ұзақ үрдiс. Оның нәтижесiн есепке алу күрделi мәселе. Ол үшiн жобаланған және қол жеткен шынайы нәтиженi салыстырып талдау қажет. Қол жеткен нәтиже дегенде тұлғаның тәрбиелiк деңгейi түсiнiледi.

Тәрбие педагогикалық үрдiстiң маңызды және өзiндiк бағыт-бағдары бар бөлiгi екенi белгiлi. Оның өз мазмұны, қағидалары бар және өзiне тән әдiстер-тәсiлдер арқылы жүзеге асырылады.

Тәрбие жұмысы - үздiксiз әрi кешендi түрде жүргiзiлетiн үрдiс. Сондықтан баланы қазiргi әлемдiк мәдениеттiң рухымен тәрбиелеген абзал. Ол үшiн жас ұрпақтың туған халқының қастерлi қасиеттерiмен бiрге, өзге халықтардың озық дәстүрiнен үлгi алуына ықпал ету керек.

Тәрбиенiң мәнi - адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендiрiп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесiн құру.

Тәрбие үрдiсi адамның қоғамдық мәнiнiң әлеуметтiк маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, өздiк қатынастарын жасауға және олардың шеңберiн кеңейтуге бағытталады.

Тәрбие iсiнiң мiндеттерi: Тәрбие iсiнiң мiндеттерi
Педагогикалықжағдайлардыңтәрбиелiк әсерлерiнiң нәтижесiн талдау, жоспарлау, жұмысын реттеу:

Педагогикалық

жағдайлардың

тәрбиелiк әсерлерiнiң нәтижесiн талдау, жоспарлау, жұмысын реттеу

:
Тәрбие үрдiсiнiң жобасын құру және оны жүзеге асыру: Тәрбие үрдiсiнiң жобасын құру және оны жүзеге асыру
:
Тәрбие ықпалдарын реттеу және оларға түзетулер енгiзу: Тәрбие ықпалдарын реттеу және оларға түзетулер енгiзу
:
Қорытынды есепке алу және бақылау: Қорытынды есепке алу және бақылау
:

Демек, тәрбие - тұлғаны қалыптастыруға мақсатты бағытталған үрдiс. Бұл тәрбиеленушiлер мен тәрбиелеушiлердiң тәрбие мақсатына жетуге бағдарлы түрде арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын өзара әрекетi. Сондықтан оның өзiндiк ерекшелiктерi мен негiзгi категорияларының болуы заңды.


Тәрбиенiң негiзгi категорияларын
төмендегi жүйе ретiнде қарастыруға болады:

М а қ с а т, м i н д е т т е р i: М а қ с а т, м i н д е т т е р i
Тұжырымдама, бағдарламалар: Тұжырымдама, бағдарламалар
:
Заңдылықтар: Заңдылықтар
:
Тәрбиелiк жүйелер: Тәрбиелiк жүйелер
Тәрбие ұстанымдары: Тәрбие ұстанымдары
Тәрбиенiң негiзгi бағыттары: Тәрбиенiң негiзгi бағыттары
Тәрбие әдiстерi: Тәрбие әдiстерi
:
форма: форма
:
құралдары: құралдары
Т ә р б и е н ә т и ж е с i: Т ә р б и е н ә т и ж е с i

Тәрбие үрдiсiнiң өзiндiк ерекшелiктерi:

  • мақсатты бағытталғандық (ынтымақтастық) ;
  • көпфакторлылық (тәрбиешiлiк тек заңдылықтармен ғана байланысты емес, ол -өнер) ;
  • нәтижеге жету қашықтығы;
  • динамикалық (қозғалмалы және өзгермелi, тәрбие бала бойындағы жағымсыз қасиеттердi жағымды қасиеттерге ауыстыра алады) ;
  • ұзақтығы;
  • үздiксiздiгi;
  • вариативтiлiгi;
  • қайшылықтылығы.

Тәрбие тұлғаны қалыптастырудың тұтастығына бағынатын тәрбие үрдiсiнiң мақсат, мiндет, мазмұн, форма, әдiстер бiрлiгiн бiлдiредi. Тұлға қасиеттерiнiң қалыптасуы бiр мезетте, яғни кешендi жүзеге асады, сондықтан педагогикалық өзара әрекет те кешендi сипатта болуы керек.

Қорыта келгенде, тәрбиенiң негiзгi қызметi мыналар болып табылады:

  • мәдениеттi сақтау және жалғастыру;
  • тұлғаны әлеуметтендiру;
  • тұлғаның шығармашылық қабiлетiн дамыту;
  • баланы қорғау.

Тәрбие мақсаты - мейлiнше тәрбиелiк күш-қуатқа ие болатын өзара әрекеттi ұйымдастыру. Мақсатқа тәрбиенiң мазмұны, ұйымдастырылуы, формалары мен әдiстерi түгел дерлiк бағынады. Ендеше, тәрбие мақсаты - бұл идеал тәрбиеленушi туралы көзқарас. Идеал туралы мұндай көзқарас тәрбиешiнi әрекетке итермелеп, тәрбие мақсаты, мазмұны мен амалдарын алдын ала анықтайды. Мұнда тәрбиелiк әрекеттiң нәтижесi - оқушының бiлiмi, бiлiктiлiгi, олардың дене, рухани дамуы - жеке және ағымды мақсаттармен, сонымен қатар соңғы мақсатпен - идеал бала бейнесiмен салыстырылады. Сонымен, тәрбие мақсаты - саналы түсiнiлген педагогикалық әрекеттiң болашақ нәтижесiнiң көрiнiсi, яғни қазiргi таңдағы тәрбие мақсаты - жетiлген, жан-жақты үйлесiмдi дамыған шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Тәрбиенiң негiзгi мiндеттерi:

  • қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру;
  • саяси, құқықтық, экономикалық, экологиялық, эстетикалық мәдениеттiң жоғары деңгейiн қалыптастыру;
  • өзiнiң мамандығын анықтай алу қабiлетiн қалыптастыру;
  • отбасылық қатынастағы мәдениеттi және гендер мәселесiндегi сауаттылықты қалыптастыру;
  • рухани-адамгершiлiк мәдениеттi, этномәдениеттi, халықаралық қатынас пен толеранттық мәдениеттi қалыптастыру;
  • сыни ойлау дағдысы мен салауатты өмiр салтын қалыптастыру.

Тәрбие мазмұны деп тұлғаның бiлiмi, сенiмi, дағды, көзқарас, сапасы, қасиеттерi, мiнез-құлқының орнықты әдеттерiнiң жүйесiн түсiнемiз. Мазмұнның негiзгi элементтерi - тәрбиеленушiнi өмiрдегi басты үш нәрсеге: азамат, маман, отбасы иесi болуға дайындау. Тәрбие тiрегi - жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар. Сондықтан тәрбие үрдiсiнiң мазмұнын анықтағанда педагогтар бiр жағынан жалпыадамзаттық құндылықтарға, екiншi жағынан - ұлттық, аймақтық, жергiлiктi дәстүрлер мен құндылықтарға жете мән берiп қатар қарастыруы керек.

Тәрбие жүйесi - тұлғаның рухани-адамгершiлiк, шығармашылық дамуын қамтамасыз ететiн әлеуметтiк жиынтық. Тәрбие жүйесiнiң мақсаты мен нысаны - толыққанды тұлға. Тәрбие жүйесiнiң өзегi тәрбиелеушi ұжым болып табылады. Бұл - педагогикалық және оқушылар ұжымының өзiнше өзгеше бiрлiгi. Сондай-ақ, педагогикалық ұжым - басқарылатын жүйе. Бiрақ оқушылар ұжымы педагогикалық ықпалдың тек қана объектi ғана емес, ол өзiндiк дамуының субъектi де болуы тиiс. Сонымен қатар, ол педагогикалық ұжымға деген қатынаста ылғи да субъект рөлiнде түзушi, кейде оның ықпалын өзгертушi де болуы шарт.

Кез келген мектептiң тәрбие жүйесi ең алдымен педагогикалық ұжым ойластырған, қабылдаған мақсаттар блогын қамтиды.

Мектептегi тәрбие жұмысының мазмұнын, әдiстемесi мен технологиясын оның тәрбие жүйесi анықтайды. Мектептiң тәрбие жүйесi - туындайтын, жетiлдiрiлетiн, жаңаратын, ескiретiн, жойылатын динамикалық құбылыс.

Тәрбие жұмысы бірнеше саладан тұратыны белгілі. Жастардың мәдениетті де білімді, жан-жақты дамыған азамат етіп тәрбие беруде патриоттық, экономикалық, экологиялық, құқықтық, саяси, эстетикалық, дене, т. б. тәрбиелердің тұтастай толық жүргізудің маңызы зор. Қазіргі таңда экологиялық тәрбиенің алатын орны үлкен. Экологиялық тәрбие ертеден-ақ өзінің өзектілігімен ғалымдар назарын аударған. Оған философтар, социологтар, педагогтар, психологтар ерекше мән береді.

Бұл мәселенің философиялық негізі С. САверенцев, Э. В. Гирусов, Д. С. Лихачев, А. Г. Маслеев, Н. Ф. Реймерс, К. О. Стошкус, А. Д. Урсу зерттеулерінде қаланды. Республикамызда экологиялық проблемаға философтар Ғ. Ғ. Ақмамбетов, Ж. М. Әбділдин, Қ. Ә. Әбішев, М. Баймаханов, А. Н. Нысанбаев, Қ. Ш. Нұрланова, А. Қасабеков, Д. Кішібеков, Қ. Шүленбаев, Г. К. Шалабаева және т. б. мән берді. Олар өз еңбектерінде адамның қоғамдық мәнін, рухани жан дүниесіндегі сезімдік қасиеттерін, олардың мақсаты мен мұратын, қажеттілігі мен мүддесін, адамгершілік айқындамалары мен қағидасын, “қоғам-табиғат-адам” жүйесіндегі қарым-қатынастарды, ұлттық мәдениетті, оның әдет-ғұрып дәстүрлерімен байланысын ашып көрсетеді.

Зерттеу жұмысының теориялық негізінде оқушыларға экономикалық тәрбие берудің мақсаттары мен қағидаларын, мазмұнын И. Д. Зверев, А. Н. Захлебный, И. Т. Суравегина, А. П. Сидельковский, И. Н. Пономарева, И. Я. Габаев, Н. А. Каропан, Н. А. Рыков, В. Г. Иоганзен, Е. Д. Макаров, Т. В. Коростелева, Л. А. Чистякова, Е. В. Яковлева, Н. Э. Якубова, Г. В. Буковская, Н. М. Михайлова, А. Н. Ильина, В. К. Кезин, М. В. Шептуховский, Н. Д. Иванова, К. Х. Хан, А. К. Рысбаева, Н. Д. Хмель, . А. Асипова, Қ. Қ. Жанпейісова, Е. Ш. Қозыцбаев, С. И. Қалиева, Г. И. Қалиева, М. Х. Балтабаев ашып көрсететін зерттеу жұмыстары мен еңбектері алынды.

Бұл еңбектерде білім мазмұнын талдау, оның құрымдылық бөлімдерінің белгілерін әр пәндегі іс-әрекет мүмкіндіктерімен байланыстыру тұрғысынан қарастырылған. Алайда, оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыруды тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін құрылымдық жүйені айқындауға зерттеулерде мән берілмегендігі анықталды.

Сондықтан, ғалымдардың зерттеу жұмыстарына талдау жасағанда, негізінен зерттеушілердің жалпы экологиялық тәрбие проблемасы оны қоғамдық-әлеуметтік тұрғыдан, жеке пәндерді оқыту процесі арқылы әдістемелік жолдарын көрсетіп қарастырғаны байқалады. Зерттеу барысында оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды тұтас педагогикалық процестің құрамды бөлігі ретінде қарастыру педагогика ғылымында арнайы зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі деп есептейміз.

Сондықтан оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыруды зерттеу, оның маңыздылығы, көкейкестілігі қоғам өмірінде объективті түрде туындайтын қажеттіліктер жиынтығын қажет етеді.

Қазіргі экологиялық және әлеуметтік мәдени жағдай адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуімен, экологиялық дағдарыстың тереңдеуімен сипаттады, жеткіншектердің экологиямәдениетін дамыту проблемасын туындатып отыр. Осыған орай, зерттеу проблемасы оқыту процесінде оқушылардың экология мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негізін қарастыру, педагогикалық жолдарын айқындау, осының негізінде ғылыми-әдістемелік нұсқау дайындау қажеттілігінде болып отыр.

Зерттеудің мақсаты - оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды ғылыми теориялық жағынан негіздеу және тәжірибелік әдістемесін ұсыну.

Зерттеу объектісі - оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесі.

Зерттеу пәні - оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе бөлімінен; екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

Ι. Экологиялық тәрбиені қалыптастыру жолдары

Ι. 1. Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері

Оқыту процесінде 6-сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесін зерттегенде олардың жас ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Бұл алдымен, оқушыда экологиялық мәдениеттің даму және қалыптасу жағжайын білу үшін маңызды.

Біз осы бағытта оқушылардың дамуында және мінез-құлқында жас ерекшеліктерінің маңызды рөл атқаратынын көрсететін көптеген ғалымдардың психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмыстарына талдау жасады. Олар Б. Г. Ананьев, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, Т. Б. Лихачев, Ю. А. Самарин, ал Қазақстанда Б. Г. Айтманбетова, А. А. Бейсенбаева Қ. Б. Жарықбаев, Қ. Қ. Жанпейісова, Қ. М. Қоянбаев, Л. К. Кериомв, Р. Г. Лемберг, М. М. Мұқанов, Б. Ы. Мұқанова, Ж. Ы. Намазбаева, Г. Қ. Нұрғалиева, Т. С. Сабыров, Т. Тәжібаев, В. В. Трифонов, Г. А. Уманов, Э. И. Шыныбекова, Н. Д. Хмель, С. А. Ұзақбаева және т. б. психолог-педагогтар өздерінің зерттеулерінде жеткіншектермен жұмыс істеу процесінің психологиялық-педагогикалық негіздерін ашып көрсетуге көңіл бөлді. (35-49) .

Бүгінде балалармен олардың жас, әлеуметтік, психологиялық ерекшеліктеріне, әсіресе әрбір баланың жеке өзгешелігіне назар аудармай жұмыс істеудің мүмкін емес екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.

Оқу-тәрбие процесінің барысында оқушылардың әр уақытта іс-әрекет пен өзін-өзі тәрбиелеудің тек объектісі емес, субъектісі екенін үнемі ескердік. Себебі, бұл кезеңде олардың жеке тұлға болып қалыптасуына қажетті еріктік, әрекеттілік, өзін-өзі айналасына таныта білушілік мүмкіндіктері қарқынды дамып, айқын көріне бастайды. Бұл жағдайда балалардың қоғамдағы ортамен, балалар ұжымдарымен, тәрбиеші-ұстаздармен қарым-қатынас жасауының мәні ерекше.

Психологтар қазіргі жеткіншекті бір мезгілде екі немесе бірнеше ұжымның мүшесі деп есептейді. Бұдан әлеуметтік құндылықты меңгеруге, тұлғаның адамгершілік қасиетін қалыптастыруға қоршаған ортамен, айналасындағы адамдармен әртүрлі қатынаста болуды үйренуге мүмкіндік беретін әлеуметтік қатынас шеңберінің кеңейтілгені көрінеді.

Психологтар мен педагогтардың: Л. И. Божович, Т. В. Драгунова, А. Г. Ковалев, Ж. Қоянбаев, Ж. Ы. Намазбаева, Г. А. Уманов және т. б. зерттеулері бойынша жеткіншектік кезеңде ересектену элементтері күшейеді. Ол организмнің өзгеруі, өздігінен жетілуі нәтижесінде, ересектермен, жолдастарымен қатынасында, сонымен қатар адамгершілік-эстетикалық бірлігінде көрінеді. Өзінің ержете бастағанын сезінуге себепкер күшті фактор жыныс мүшесінің жетіле бастауы және бала денесінің өсуіндегі өзгерістер болып табылады.

Біздің бақылауымыздағы балалардың ішкі дүниесіндегі, айнала мен қарым-қатынас жасауында, үлкендер арасында өзінің орнын түсінуінде елеулі өзгерістер болатындығы байқалды. Олардың отбасында, мектептегі әр түрлі сыныптан тыс жұмыстарға қатыса отырып, күнделікті өмірді бағалауға, өзін-өзі танып-білуге, өзіне бақылау жасауға дағдыланып, өз күшімен әрекет жасауға ұмтылысы жүргізілген сауал-сұрақтарға жауаптарынан, жазған шығармаларынан көруге болады.

Бұл жастағы балалардан анықталған тағы бір ерекшелік -балалар намысқой, өктем сөзді ұнатпайды, үлкендердің бақылауын қаламайды, олардың мінезіндегі шындық пен жалғандықты ажыратуға тырысады, бұл өзгерістер балалардың жеткіншек кезеңге көше бастағанының белгісі болып табылады.

Зерттеу жұмысымызда экологиялық мәдениетті қалыптастыру процесінің психологиялық механизмін ашып көрсетуде психолог-ғалымдар анықтаған сана, сезім, сенім, іс-әрекет сияқты психикалық бөліктерді негізге алдық.

Біздер педагог-психологтар Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, В. В. Богославский, А. П. Леонтьев, П. М. Якобсон және М. Мұқанов, Қ. Б. Жарықбаев, Ж. Ы. Намазбаева және т. б. еңбектерін талдау нәтижесінде жеткіншек шақта адамның негізгі қасиеттеріне, мінез-құлық сипаттарының тұрақталуына, адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің жетілуіне аса көңіл бөлудің қажеттілігі туралы қорытынды жасадық.

Л. И. Божович жеткіншектің мінез-құлқы әр уақытта саналы деңгейде жүзеге аспайтынын, әсіресе нашар оқитын оқушылардың адамгершілік сананың емес, адамгершілік сезімнің дамуына себепші болатын қатынастар жасайтындығын айтады.

Осыдан оқушылардың көңіл-күйінде бойында пайда болған сезім олардың санасына ықпал жасайды деп тұжырымдаймыз.

Психологтардың пікірінше, сана өз болмысымен объективті дүниеге танып-білуге қызмет атқаратын психологиялық процестердің нәтижесі болып табылады. Экологиялық сана адамның нақты іс-әрекетінде жүзеге асып, экологиялық қатынастың көріну формасы болып таьбылады. Сондықтан экологиялық сана экологиялық сенімді тудырады деп есептейміз.

Экологиялық сенім болашақтағы қарым-қатынастың іргетасын құрайды. Ол баланың іс-әрекетінің, мінез-құлқы мен әдет дағдысынан көрінеді. Іс-әрекет тұлға дамуының негізгі және қозғаушы күші болып есептелінеді.

Д. И. Фельдштейн оқушыларды қарым-қатынас сипатын көрсететін қоғамдық пайдалы істің жетекші рөлін атап көрсетеді.

А. Н. Леонтьев ”Адамның ішкі позициясына мәнді өтеді, сонымен қатар іс-әрекет арқылы жеке тұлғаны дамытуда психологиялық өзгерістердің енгізілуі жетекші іс-әрекет“ деп тұжырымдайды.

Сонымен, адамның қоршаған дүниемен өзара әрекетінің арнаулы формасы психикалық іс-әрекет болып табылады.

Психикалық бейнелеу мен іс-әрекеті процесінде адамдардың табиғи және әлеуметтік ортаға белгілі бір қарым-қатынасы туындайды. Бұл жөнінде А. П. Сидельковский: ”Адамдардың табиғатқа қарым-қатынасын сана арқылы өтіп, психикалық негізі болатын іріктелген психикалық байланыстардың жиынтығы анықтайды”, - деп жазады.

Сондықтан жеке тұлғаның экологиялық мәдениетінің мәнін және бұл феноменнің қалыптасу процесін түсіну үшін адамның табиғи және әлеуметтік ортамен өзара әрекеті мәселесін зерттеудің ерекше маңызы бар екендігіне көзіміз жетті.

Адамның табиғатқа қарым-қатынасында адамның өзіндік қасиеттері айқындалып өзгереді, ал табиғаттың адамға ықпалы олардың өзара әрекетінің нәтижесінде танымдық, эстетикалық және этикалық аспектіде көрінеді. Жеке тұлғаның тіршілік әрекетінің әлеуметтік белсенділігі мен психикасының қалыптасуы объективті шындықтың әртүрлі жақтарымен бірге жеке психикалық қатынастырдың кеңдігіне де байланысты. Себебі, объективті дүние мен қарым-қатынастар біртұтас жүйені құрайды, ал бұл байланыстардың бұзылуы тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің жойылуына әкеліп соғады. Бұл байланыстарды кеңейту жеке тұлғаны тәрбиелеп, одан әрі дамытады.

Адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасының психикалық интерпритациясы адамның қоршаған ортамен, адамның адаммен және өз-өзімен қатынастары туралы тұжырымды бекітуге мүмкіндік берді. Адамдар сыртқы дүниемен әрекеттесіп, жақын маңдағы сезімдік - қабылдау ортасын өзгертеді. Бұл өзгерістер олардың санасы мен мінез-құлқында ізін қалдырып, психикасында бейнеленеді және оның дамуына жағдай жасайды.

Академик Т. Б. Лихачевтің пікірінше, жеке тұлғаның экологиялық мәдениетінің мәні экологиялық дамыған сананың, сезімдік-психикалық күйдің және ғылыми негізделген еріктік- утилитарлық тәжірибелік іс-әрекетінің органикалық бірлігі ретінде қарастырылады. Сондықтан, психика неғұрлым жақсы дамыса, адам соғұрлым өзгеріп, күрделі дүниеге тез бейімделеді, демек, экологиялық мәдениетті меңгеру үшін табиғатты және онымен қарым-қатынасты біртұтастықта тану қажет деп есептейміз.

Адам экологиялық мәдениетті меңгеру процесінде табиғатты және онымен өзара қарым-қатынасты біртұтас зерттеп, жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасады.

Осылайша, экологиялық мәдениет адамның дүниені, оның іс-әрекетінің түрлері мен оның қасиеттері жөнінде білімдерге негізделген жалпы мәдениетті жүйеге келтіруші факторы болып табылады.

Сонымен экологиялық мәдениетті қалыптастыру адамның өзі қоршаған табиғаттың құрамды бөлігі ретінде, онымен бірлікте екендігін саналы түсіну.

Психологтардың еңбектеріне сүйене отырып, бала дамуының психологиялық шарты ең алымен оқу әрекетінде өтетін ойлаудың дамуы, атап айтқанда, оқушының мінез-құлқы, ақыл-ой қасиеттері ойлаудың теориялық формасы екендігі анықталды.

Көрнекті психолог, академик Т. Тәжібаев «Жалпы психология» атты оқу құралында басқа психикалық функциялармен салыстырған адамның ойы ерекше белсенді процесс дей келе: «Адам білімді болса, оның ойы да бай болады. Ойлау эмоция мен сезімдер сияқты адамның сыртқы дүниеге қайтаратын жағымды не жағымсыз жай жауабы емес, ол дүниені кеңірек, тереңірек тану үшін ондаған заттардың, болмыстардың өсіп-даму заңдарын білу үшін керек. Заттардың өзара қатынас, байланыстарын білу үшін олар жөнінде ғылыми білімдерді жалпы өнер, мәдениет атаулыдан хабардар болуына» назар аударған.

Қорыта келгенде, адамның жеке мінез-құлқы, ұжымда, табиғатта өзін ұстай білуі, қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға көзқарасы мен ықыласы, қарым-қатынастағы енжарлығы, не белсенділігі, әрекетшілдігі оның психологиясы болып табылады. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру - тұлғада экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды шарты. Сондықтан оқыту процесінде әр адамның жеке басының қабілеттерін, олардың психологиялық, физиологиялық мәдениетін қалыптастыоу тұтас педагогикалық процестің ең күрделі, өзекті міндеті деп есептейміз.

Экологиялық ағарту жұмысына маңызды проблема ретінде осыдан 30 жыл бұрын көңіл аударылды. Бұл проблемамен халықаралық деңгейде Біріккен Ұлттар Ұйымының халық ағарту ғылым мен мәдениет мәселелері жайындағы мемлекет аралық ұйымы (ЮНЕСКО) айналысады. ЮНЕСКО-ның биосфера байлықтарын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекетаралық конференциясы 1968 ж (Париж) . «Адам және биосфера» бағдарламасын қабылдап, экологиялық білім берудің қазіргі заманғы ғылыми негіздерін, оны жүзеге асыру проблемаларын қарастырды

Одан соң 1970-жылдары Стокгольм, 1972-жылы Тбилиси қаласында экологиялық білім туралы халықаралық ғылыми конференциялар өткізілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларға тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру жолдары
Жас ұрпақты нарық жағдайында кәсіпшілдікке бейімдеу
Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру
Жеткіншек шақтағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы
ШЕШЕНДІК ӨНЕР ТҮРЛЕРІ
Педагогика бойынша лекциялар
Экология ғылымының қалыптасу тарихы
Оқушыларды отансүйгіштік патриоттық тәрбиелеу
ҰЛЫ АҒАРТУШЫ ҒАЛЫМДАР ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МОРАЛЬДЫҚ – ЭТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz