Коммерциялық банктердің делдалдық қызметі және олардың дамуы



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Коммерциялық банктер
1.1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде ... ...4
ІІ. Коммерциялық банкттің ұйымдастыру құрылымы
2.1. Банктің басқару құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.2. Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы ... ... ... ... ... .16
2.3. Коммерциялық банктерндің қызметтері мен операциялары ... ... 22
2.4. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі және коммерциялық банктердің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызметжасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұл коммерциялық, коооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалры атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктерде сауда, тауар айырнбасы операцмялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан, да банктің «коммерциялық» деген алғашқы атауын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сиратын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
2. НазарбаевН.Ә. Жаңа кезең – жаңа экономика // Егемен Қазақстан -2004.- желтоқсан. 6 б, 12б.
3. Назарбаев Н.Ә. “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауы. Алматы-2007.
4. Назарбаев Н.А. “Задача науки – способствовать развитию экономики” // Казахстанская правда, 16 апрель, 2002 г.
5. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
6. «Қазақстанның 2010 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспары»
7. Әбдiжапар Сапарбаев “Инновация – негiзгi қозғаушы күш” // Егемен Қазақстан, 24 наурыз, 2004 ж.
8. Дәуренбекова А.Н. Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтерудің экономикалық механизмі. Алматы. Экономика, 2005
9. Дәуренбекова А.Н., Сауқымбек А. Кәсіпорынның индустриялық инновациялық даму бағдарламасын қалыптастыру/ ҚазЭУ хабаршысы. 2/2005. 14 б.
10. Жумагулов Б. Задачи инженерной академии Республики Казахстан // Промышленность Казахстана. №3. июль. 2005 с.35
11. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет./ Статистикалық жинақ – Алматы, 2004, 51б.
12. Сағадиев К. Бәсекеге қабілеттілікті өзіміз жасауымыз керек // Егемен Қазақстан. 9 сәуір 2006 ж. 2 б.
13. Қуат Бораш “Инновация, оның елiмiз экономикасы үшiн маңызы қандай” // Егемен Қазақстан, 23 ақпан, 2006 ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық банктердің делдалдық қызметі және олардың дамуы

ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...3
І. Коммерциялық банктер
1.1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде ... ...4
ІІ. Коммерциялық банкттің ұйымдастыру құрылымы
2.1. Банктің басқару
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.2. Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы ... ... ... ... ... .16
2.3. Коммерциялық банктерндің қызметтері мен операциялары ... ... 22
2.4. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі және коммерциялық
банктердің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .27

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

КIРIСПЕ

Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызметжасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұл коммерциялық, коооперативтік
және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалры
атпен біріктіріледі.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктерде сауда, тауар айырнбасы операцмялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізі клиенттері саудагерлер болған (міне
осында коммерциялық банк деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және
басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет
көрсете бастағандықтан, да банктің коммерциялық деген алғашқы атауын
біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сиратын білдіреді, оның
шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың
қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық
экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік
мекемелердің тобын білдіреді.

1.1 Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде

Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өрімдер
мен қызметтер көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық
банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы
жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда
есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық
банктері кредит жүйесінің негізгі операциялық болып қалуы кездейсоқтық
емес. Олар өзгермелі ақша-кредит нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің
барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық
банктер қаржы делделы рөлін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі
мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз
әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарыздарды пайдаланады. Бұл
кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке азғана сумманы қысқа
мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық
барктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіліп, уақытша бос қаражатын
тарту мүмкін емес.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға
төлейтіндерге қарағанда, қарыздарға біршама жоғарғы пайыз мөлшерлемесін
белгілеп табыс табады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің
өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткен кезде ғана пайданы
сезінеді. Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде
берілетін қарыздар бойынша жоғарғы пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе,
соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда кредиттер үкіметтің қажеттілігіне беріліп,
кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл,
уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған
жоқ.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі
депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамсыз етсе,
екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады.
Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акция жұмсғанға қарағанда,
мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банктік кредит –ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын
қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін
ескереді және олардың қарыз алу жағдайларына көндігуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, кредиттік жзүйенің
басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек.
Яғни, операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері
өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынадай базалық негізгі қызметтері бар:
депозиттер қабылдау кқшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру,
кредит беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және
ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюнда болып табылады. Бұл жерде
ақша деп тек қолма- қол ақшалар ғана емес, сон дай- ақ талап етуге дейінгі
салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте
маңызды. Ол тиімді кредит жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне
қажет тіжағдй туғызады. Банк кредиттерінің жетіспеушілігі және өте жоғары
пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес, ал экономиканың
басқа буынында қажетті қор пайда есебінен жиналуын күтіп, болмаса сырттан
келуін күтіп, болмаса сырттан келуін күтіп қозғалыссыз жатыр. Халық
шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірбиелер тиімсіз, себебі бір жағынан
мынадай ірі ақша суммасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші
жағынан мұндай ақшалардың жетіспейтіндігі сезіліп тұрады.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады.
өздерінің депозиттік және кредитік операцияларының көмпегімен олар уақытша
бос ақша қаражаттарын жинақтайды және кредит түрігде оларды бере отырып,
яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
Банктер өз қызметінде ақшаның бір бөлігін жоятыны да рас. Бұл біріншіден,
клиенттің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және екіншіден,
кредитті қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында мүмкін болады.
1985 жылы АҚШ-та 15000 астам коммерциялық банктер қызмет еткен. Олардың
5000-ға жуығы ұлттық, яғни федералдық үкіметтен чартер алған банктер, 10000
астасы штаттардың банктері. Ұлттық банктер мен штаттық банктердің қызмет
етуі банк жүйесінің қосарлы бағыныштылығын жасайды
ҚАЗАҚСТАН БАНКІНІҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУ КӨРСЕТКІШІ
Айлар Кредиттендіруі
Депозиттер тарту Кредит беру
Казкоммерцбанк 2008 жыл 756942 1246586
15 ақпан
Халық банк 2008 жыл 15 635984 9563219
ақпан
Туран әлем банкі 2008 562311 5684215
жыл 15 ақпан

Несиелеу процесінде Қазақсанның негізгі үш банкінің салымдарды тартуы мен
халыққа кредит беруі қарастырылған. Қазақстан банктері, әсресе коммерциялық
банктерінің операциялары оңтайлы көрсеткіштер көрсетіп отыр, бірақ
салымдарды тартуы мен кредиттерді беруі 2007 жылға қарағанда біршама
төмендеген. Бұл көрсеткіштер қаржы дағдарысының әсерінен болып жатыр,
-дейді банк мамандары. Көптеген банктерге басқа шет ел банктерінің қредит
бермеуі, қорланымдануы, ақшаны несиеге жұмылдырмауы, отандық банктерге де
әсерін тигізбей қоймады. Бұдан кейін несиелік пайыздың бірден күрт
жоғарлауы, коммерциялық банктер несие беруін әдейілеп тоқтатты. Ал алынған
борышқорлар көтерме пайыздық мөлшерлемемен төлеуге мәжбүр болды. Салдары:
халықтың банктерден кредит алудың тиімсіздігі, банктерге сенімсіздік және
елімізде банк қызметінің салғырлығы.
Ал енді Америка Құрама штаттарының банк жүйесі біршама басқашалау.
Коммерциялық банктер ФРЖ –ға немесе өз бетімен жұмыс атқарады.
ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және оған мүше болуға жіберілген
коммерциялық банк ФРЖ-нің мүше банкі болып табылады. Заң бойынша барлық
Ұлттық банктер ФРЖ-ге кіруге тиіс. Штат банктері өздерінің қалаулары
бойынша және ФРЖ-нің мүше-банктерге қоятын талаптарына сәйкес келген
жағдайдп ғана жүйеге кіре алады. Қазір штат банктердің 10%-ға жуығы ФРЖ-ге
мүше-банктер болып саналады. ФРЖ-ге мүше банктер жалпы коммерциялық банктер
қатарының 40%-ын құрайды.
Депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналысына бақылау, банктерді ФРЖ-
нің банктік резервтерге қойылатын талаптарына бағындырды. Бұл ФРЖ-ге мүше-
банктер мен мүше емес банктердің арасындағы басты айырмашылығын қалыпқа
келтерді. АҚШ-тағы ең көп тараған банктер типі –филиалсыз банктер.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ-та банктердің бөлімшелерін ашу
кеңіріек қанат жайып, олар штаттар шегінде, содай-ақ одан тысқары және
шетелдерде ашылған болатын –көптеген ірі банктер банктік холдинг-
компаниялардың бір бөлігі болып табылады. Банк ісінің бұл ұйымдастыру
формасы тек қана банк бөлімшелерінің ашылуына жол беріліп қоймай, согдай-ақ
жаңа қызмет аумағына енуді жеңілдетті. АҚЩ-та холдинг-компаниялар 6000
жуық, олар8,6 мың банктерді және 35,6 мың олардың бөлімшелерінг бақылайды.
Банктердің бірігу процесін үкімет тарапынан реттеу, сондай-ақ банк-
холдинг компаниялардың қызметін реттеу банк аумағында бәсекелестік жағдайды
қолдап отыру мақсатын көздейді. Соңғы кездері бұл аумақтағы бәсекенің
артуына чартер берудің қатаң саясатын жүргізу, банктердің бөлімшелерінің
ашылуын кеңінен қолдау, электрондық терминалдардың пайда болуы және АҚШ-та
халықаралық банктік операциялардың таралуы септігін тигізді. Сонымен қатар
бәсеке, басқа да қаржы институттардың тез арада өсуіне байланысты күшейді
(мысалы жинақ коммерйиялық банктерге тән көптеген қызмет көрсететін
мекемелер және ақша нарығының өзара қорлары).

ІІ. Коммерциялық банкттің ұйымдастыру құрылымы.
2.1. Банктің басқару құрылымы.
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге,
бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген
елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамыған түрдегі
банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасының аумағында
және одан тысқары жерлерде банктер аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін
кейіннен –Ұлттық банкті ескертумен ашады.
Банк филиалы –бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік
операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға
болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген
қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі –депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды
орындйтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға
болып танылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк –жарғылық қордың 50%-дан астамы бас банкіге тиесілі, заңды
тұлға болып танылатын банктік мекеме.
Әлемдік банктік тәжірбиеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің
артықшылығы –олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында
болады.
Бірақ, жоғарыда аталған мамандырылған банктердің күрделі иерархиялық
құрылымы болады. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасақан, оған облыстық
басқармалар бағынса, ал соңғысына аудандық бөлімшелер бағынышты болып
келеді.
Шетелде банк филиалы заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде
тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну кредиті, лизинг,
факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға және т.б.
мамандырылған.
Қазақстанда соңғы уақытта құрылған барлық коммерциялық банктер филиалсыз,
яғни бір банкке шоғырланған болып келеді.
Батыс европа банктік жүйесінде ірі бапнктердің азғана топтары елдің
барлығында өз бөлімшелерінің торабын ашу үшін аумақтық шек қою деген жоқ.
Бөлімшелер мен филиал тораптарының кеңірек таралуы банкке: бас банктің
торлық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер
тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар есебінен
пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Теріс жағы ретінде мұнда бас кеңсе тарапынан бақылаудың қиындығы және
монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады.
Банкті ұйымдастырудың осындай және өзге де формапсын таңдау көптеген
факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттерімен, оның бөлшек
сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың жалпы
философиясымен. Қазіргі тәжірбиеде банк торбын орталықсыздандырылған түрде
басқару қолданылады, себебі ол барлық сұрақтарды дербес түрде шешуге
мүмкіндік береді.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операцияларды
орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады.
Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі бар болса, онда орталықтан басқаруды
жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел
басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас
кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады –банктің
басқару құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің
құрылымы.
Басқару органдарының тағайындаудың мақсаты –банктің негізгі қызметін іске
асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел
жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекшілер мен бағыныштыларының қарым-
қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.
Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды,
олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзыретін, жауапкершілігін және
өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудағы жалпы
тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару
құрылымына қатысты көпреген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрде
шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай
құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының (филиалды
немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбінесе акционерлік қоғам
формасында құрылатындықтан да, оларды басқаруға акциянерлері қатысады.
Ондай формадағы банктің ең жоғары басқару органы банк акциянерлерінің жалпы
жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік
саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын
сайлайды, банктің резервиялық комиссия мүшелерін сайлайды және т.б., яғни
банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акциянерлер жиналысы жылына бір
рет, жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан
кешіктірілмей шақырылады.
Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін, сондай-ақ атқарушы және
бақылаушы органдардың жұмысын қадағалау және бақылау жасау үшін акциянерлер
жиналысы басқарманы немесе банк кеңесін сайлайды.
Басқарма (банк кеңесі) –банк иелерінің, оның акциянерлерінің өкілетті
органы және олардың мүддесін қорғайды.
Басқарманың ең басты міндеті жұмсалаған капиталға қажетті пайда
деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңсе клиенттердің мүддесін
қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.
Басқарманың негізгі қызметтері:
1. Банктің стратегиялық мақсатын анықтау және оның саясатын жасау. Ірі
банкте мекеменің мақсаты мен міндеттері және оған жетудегі нақты іс-
әрекеттер бағдарламасы, басқарма мен басқару жетекшілері бірлескен
түрде дайындалған арнайы меморандумда көрсетідеді. Ол мынадай
жағдайларды қамтиды:
-банк ерсурстары бірінші кезекте қызметкөрсететін клиенттер
категорияларына бағытталады;
-алдағы кезеңде дамуға мүмкіндік беретін операцияларды;
-банк филиалдар мен өкілеттігін ашу туралы сұрақтар;
-маркетинг әдістері және жаңа банктік кредит пен қызметтерді
тұтынушыларға ұсыныс;
-өтімділікті қамтамасыз етудің озық әдістері;
-Нарықта банктің бәсекелестік ұстамын нығайту шаралары;
-Пайыз мөлшерлемелерін және банк қызметіне қойылатын тарифтерді белгілеу
саясаты;
-банктің қызметкерлерінің мөлшері мен құрамы, олардың біліктілігін және
т.б. арттыру бағдарламалары.
Ұсақ банктерде саясаттың мақсаты туралы жазбаша меморандум жасалмақшы.
Филиалсыз банктер үшін саясаттың принципіе құру, филиалы бар ірі банктерге
қарағанда оңай болып келеді, себебі соңғыларында клиенттер үшін жергілікті
жағдайларды ескеру ерекшіліктері орын алады.
2. Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк –күрделі және біршама
тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен
жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.
3. Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитеттер
құрылады: әкімшілік (ағымдағы сұрақтарды), есеп-қарыздық (кредит
беру инвестициялау), ревизиялық (қаржылық жағдайын тексеруге).
4. Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма
заңды түрде кредит пен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк
саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.
5. Банк қызметін мерзімді тексеру. Басқарма мүшелері банктің
операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде
басқарма, бөлім жетекшілерінің есептерін тыңдайды және банк ісіе
талқылайды. Басқарма мүшелері өздерінің шешеімдері, зияндары,
қателіктері, банктер туралы заңға бағынбағаны үшін жауапты
Сонымен, кеңес коммерциялық банктегі акциянерлер жиналысының нұсқауына
сәйкес тәжзірбиелік қызметті жүргізетін ең жоғарғы басқару органы болып
табылады.
Кеңес тәжірбиелік операцияларға жетекшілік жасау және жүзеге асыру үшін
банкті басқаратын құрылым болып құрады. Операцияларды басқару ресурстарды
жинақтау қызметтеріне және оларды пайдалану тәсілдеріне негізделген.
Бұл басқарылу құрылымы келесідей болып келеді: президенр –қарыздық
операциялар бойынша аға вице-президент немесе депозиттік операциялар
бойынша аға вице-президент –бөлімдер бойынша вице-президент. Көрсетілгеннен
басқа да банкті құрудың варианттары болуы мүмкін.
Аймақтың және жалпы ұлттық нарықтағы банк қызметінің кеңею шамасына қарай
күрделіне түседі және оның оперативті буындарының мамандырылуы мамандардың,
сарапшылардың сырттан келуін, жаңа технологияларды пайдалануды және т.б.
талап етеді. Мұндай жағдайларда банктің ішінде клиенттерге белгілі бір
қызмет түрлерін және қаржылық операцияларды көрсететін арнайы кәсіби
орталықтар жүйесін құру пайдалы. Олардың өзінің қызметтері, басқару
аппараттары, өзінің сметасы мен алынған пайдасы болады. Мысалы: бұл траст
бөлімі өзінің қызметіне байланысты ерекшеленеді. Оның жұмысының шығындары
мен нәтижелерін нақты бағалауға болады. Бұл құрылым мынадай болып келеді:
президенр –операциялар түрі бойынша, вице-президент –кәсіби орталықтар
–аймақтар (Техас).
Сондай-ақ, маманданудың көптеген дәрежесі банктің холдинг- компаниясына
дейін жетеді. Мұндай сызбада оған қаржы, ипотекалық, лизингтік компаниялар,
трасталық және инвестициялық фирмалар, жол чектері мен кредиттік
карточкаларды шығарушы компаниялар, аудиторлық фирмалар және басқалары
кіреді. Банктік холдинг олардың қызметін бақылайды.
Мұндағы еншілес бөлімшелер мен филиалдардың заңды дербестігі болады.
ортасында – холдинг-компаниясы, жан-жағында – банктер, қаржы, траста,
лизинг және ипотекалық компаниялары болады.

1-сызба. Акционерлік-коммерциялық банкті басқарудың ұйымдастырушылық
құрылымы

Акционерлер жиналысы кеңес (басқарама) құрамынан банктің қызметіне шұғыл
жетекшілік ету үшін банк басқарамсының (кеңесінің) төрағасын сайлайды. Ол
акционерлер жиналысының шешімін орындайды, банктің еңбек ұжымын
ұйымдастырады және оларға жетекшілік етеді, банктің іскер иелерімен және
басқа да ұйымдармен байланыс орнатады.
Банкке жетекшілікті алдыңғы қатардағы басқармалар мен бөлімшелердің
жұмысын жүргізетін, өзінің орынбасарларының көмегімен банк председателі
атқарады.
Ірі банктер, әдетте, функционалдық белгісі бойынша құрылатын бөлімше мен
басқармадан тұрады. Олардың жетекшілері бұл бөлімшелердің дұрыс жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді. Басқарама бастықтары және олардың орынбасарлары
бөлім мен қызмет көрсету жұмыстарын координациялайды, олардыңолардың
басқарамалары мен нақты мақсатарын айқындайды. Сонымен қатар, жұмыстарын
бағалайды және кеңес береді. Олар басты назарын негізінене соңғы
нәтижелеріне аударады.
Бөлімдер мен клиентке қызмет көрсету жұмыстары банк операцияларының
қандай да бір бөлігіне шағын ғана мамнданған жұмыспен айналысатын кәсіби
мамандардан тұрады.
Сызбада Акционерлік-коммерциялық банкті басқарудың ұйымдастырушылық
құрылымы келтірілген.
АҚШ-тың коммерциялық банкінің басқару құрылымы жоғарғы қызуғышылық
туғызады. Банкті басқарудың басты органы акционерлер жалпы жиналысы болып
табылады. Ол стратегиялық шешімдерді қабылдайды. Акционерлер жиналысында
директорлар кеңесі сайланады (ірі банктерде президент), ол банктің
қызметінің барлық негізгі сұрақтарын шешеді. Директорлар кеңесінің негізгі
қызметтері мынандай: банктің стратегиялық мақсатын анықтау және банк
саясатын құру, қарыздық және инвестициялық операцияларды бақылау, кеңес
беру, банк қызметтерін кезеңдік тексеру және т.б. қызметтер.
Директорлар кеңесі іс-тәжірбиелік операцияларды жүзеге асыру және
басшылық ету үшін банктің басқару құрылымын құрады. Өкілеттік көлемі мен өз
бетіндік дәрежесі бойынша басқару құрылымы 3 деңгейден тұрады.
1. жоғарғы менеджрлер
2. администраторлар
3. қадағалау және ревизиялық функциялар берілген тұлғалар.
Жоғарғы менеджрелер –бөлімдер мен службалардың қызметтерін
шоғырландырады, олардың бағдарламалары мен нақты мақсаттарын айқындайды,
кеңес және олардың жұмыстарына бағасын береді. Олар өздерінің басты назарын
банк жұмысының нәтижесіне аударады.
Администраторлар –бөлімше жетекшілері. Олардың басты мақсаты -өздерінің
бөлімшелерінің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
Қадағаушылар –бұл қатардағы жұмысшыларға көмек көрсететін, күрделі және
даулы сұрақтарды шешетін, нақты жағдайлар бойынша кеңес беретін, персоналды
оқытумен айналысатын шағын маманданған топтар немесе бөлімшелерге басшылық
ету тапсырылған неғұрлым мамандырылған кәсіпқой мамандар.
Банктің күнделікті қызметіне басшылық ететін, банкінің жоғары лауазымды
тұлғасының қатарына: директор кеңесінің төрағасы, президент, қазынашы,
бақылаушы, ревизор жатады.
Директорлар кеңесінің төрағасы –жедел іспен айналыспайды, бірақ
директорлар кеңесін шақырады және жүргізеді, әр түрлі форумдарға банк
атынан қатысады. Кейбір банктерде бұл орынды президент орнымен
бірлестіреді.
Президент –бұл бапнктің барлық іскерлік өмірінің басқарушысы. Ол жедел
шешімдер қабылдайды, барлық бөлімдердің қызметтерін басқарады, билік және
басқа да ұйымдармен байланысын реттейді. Ірі банктерге президент вице-
президент арқылы банк қызметінің күнделікті жұмысына басшылық етеді.
Американ банктерінде қазынашы қызметі өте маңызды болып табылады. Ол
банкінің басты бөлімдерінің арасын жалғаушы буын бола отырып, барлық
қызметтердің жедел жүзеге асырылуына тікелей жауап береді. Ол вексельдерді
есепке алуға, траттаны акцептепуге, қарыз беруге, депозит қабылдауға,
бағалы қағаздарды сатып алуға рұқсат береді. Кассалық операцияларды
бақылайды., банктің берген есебінің және құжаттардың дұрыстығына
байланысты жауапкершілікті мойынына алады. Директорлар кеңесінің міндетті
мүшесі және оның тұрақты секторы болып табылады. Президент пен қазынашы
қызметінің басты айырмашылығы мынада: президент жалпы басшылықты, бақылауды
және қадағалауды жүргізеді, ал қазынашы іс жүзінде операциялардың
орындалуын басқарады. Қазынашының өкілеттілігі банк жарғысында қатаң
бекітілген.
Бақылаушы –бухгалтерлік және статистикалық бөлімнің жұмысын басқарады,
жұмыстың жаңа тәсілдерін және есептің автоматтандырылуымен айналысады.
Ревизор –банктің жұмысын, оның кейбір бөлімшелерінің қызметтерін
тексереді.

2.2. Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы
Банктің құрылымы, бөлімшелерінің саны, қызметтердің мамандануы,
жетекшілердің құрамы, өкілеттіктердің бөлінуі тағы сол сияқты көп
факторларға байланысты болады және эконнмикалық біртұтастығымен анықталады.
Шағын банк өз құрылымы бойынша ірі банктерден, мысалы: ауыл шаруашылығы
ауданындағы банк -өндіріс ауданындағы банктерден, сол сияқты бөлімшелері
бар банктер бөлімшелері жоқ банктерден ерекшеленеді.
Банк құрылымын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық нарықта коммерциялық банктің әрекеттерінің түрлері
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Қазақстанның банк жүйесі жайлы
Коммерциялық банктердің активті операциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн саясаттары
ҚР-ның банк жүйесі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы
Банк қызметі түсінігі және ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының банк жүйесі және банк жүйесінің сенімділігі
Мәміле объектісін сақтандыру
Пәндер