XVIII ғасыр ортасындағы тірі табиғат туралы метафизикалық ұғымдар


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жаратылыс танудағы метафизикалық көз қарастары.

Кіріспе

Батыс Европада дамып келе жатқан феодалдық қоғам жағдайында шіркеуі, ең алдымен католик шіркеуі ірі экономикалық және саясаттық күшке айналды. Шіркеу діни идеологияны насихаттап қанауды жақтап феодалға бас июге шақырды. Шіркеу дүниенің жаралуы бүкіл заттың өзгермеуі туралы діни ұғымды өндіріп, сол догмаларына қарсы көзқарастарды қуғындайды.

Шіркеу мектептерге зор ықпал етіп, оқушылар тәрбиесінің негізі сол діни догматтар болады. II ғасырдан бастап 1000 жыл бойы мектептегі жараты-лыстануда негізгі басшылықка алынған «Физиологус» атты кітап болды. Ол көптеген Европа тілдеріне аударылды. Бұл кітаптың негізгі материалы дү-ниенің жаралу жайындағы таурат ертегілері, жиһан кезгендердің«көрген кереметтері» және көне мифологиялық фантазиялық ертегілер болатын. «Фи-зиологустың» негізгі идеясы діни ұғымдарды жактауға бағыталған. Сондықтан да онда табиғи және табиғаттан тыс жағдайлар бейбіт ұштасып жатты. Ондай, монастырь құрылысына қажет тастарды тасыту үшін такуа аббатқа алла тағала қасқырды жұмсап жіберіпті-міс деген әңгіме кездеседі. Ол қасқыр түнде қораға кіріп қой меп бірге түнеп шығады-мыс. «Фнзиологуста» 1000 жыл жасаған әй-гілі феникс құсы туралы ертегі бар. Оның ұясы күн сәулесінің әсерінен жанып кетуі мүмкін, сонда жанып кеткен құс өз күлінен қайта қалпына келіп әмір сүреді. «Физиологус» - суретті кітап. Суреттердің бірінде бұтақтарына ерекше жеміс ескен аңыз ағаш көрсетілген, оның жемістері үзіліп теңіз суына түсіп үйректін балапандарына айналып жатыр. XVII ғасырға дейінгі «Фипюлогус» сияқты кітаптарда осындай суреттер басылып келді .

XVIII ғасыр ортасындағы тірі табиғат туралы метафизикалық ұғымдар.

Қайта өркендеу дәуірінде Европа елдерінің әр жерінде орталық ірі қалалардың өсуі белгілі бір мадени тұрмыстың ұйымдасуына негіз болды.

Қалаларда парктер, ботаникалық бақтар ұйымдастырылды, гүл өсіретін орындар және аптекалық бақшалар жасалып, онда алуап түрлі өсімдіктер өсірілді. Сирек кездесетіп өсімдіктер мен жануарлар үшін музейлер салынып оған теңіздердің арғы жағынан саяқатшылар жинаған жануарлар мен өсімдіктер коллекциялары қойылды. Бұл жиналған материалды белгілі бір системаға келтіру жәнінде ой туды. Оларды сипаттау, ат беру және классификациялау қажет болды. Материалдардың ор елге және әр қалаға бытырап жнналуы бұл міндетті орындауды қиындатты. Оны әр алуан адамдар зерттеді, әркім өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін зерттеп, өздерінше ат беріп отырды. Бұл жұмыста ешқандай жүйе, ғылым систематиканы жасау припципі болмады. Кейбір жағдайда есімдіктің бір түрі әр елде сипатталып, оған әр түрлі ат берілді.

Өсімдіктердің ғылыми систематикасын жасаудың қажеттігі туралы Андрей Цезальпин Флоренцияда 1583 ж. басылып шыққан, өзінің «Ос Ріапііз НЬгі XVI» атты шығармасында жазғағі болатын. Цезальпин көбіне тұқым мен жеміс құрылыстарына қарап өсімдіктерді классификациялау жанында тұңғыш талаптанған ғалым. Ол бүкіл өсімдікті гүлді жәнс гүлсіз есімдіктер деп екі топқа бөледі; өзінің кезегімен гүлді есімдіктерді үш топқа (ағаш, бүта, шөптер), ал осы топтардың әрқайсысын класқа беледі. Цезальпин барлық гүлді өсімдіктерді 15 классқа жатқызды. Он алтыншы класқа гүлі жоқ өсімдіктерді жатқызды.

Систематикадағы келесі табыстар ең алдымең ағылшып ботанигі Джон Рей (1623-1705) есімімсн байланысты, ол түрлердің бинарлық номенклатурасын асаушының бірі. Рен системасында туыс және тұр ұғымдары бар. Бірақ, ол туысқа дәл анықтама бере алмаған. Рейше түрлер дегеніміз бір-біріне ұқса-майтын формалар, «олар өздеріне тәп табиғатын сақтайды, бұлардың ешбір формасы басқа формалардың тұқымынан пайда болмайды». Бұл анықтама түрлердін өзгермейтіндігін қолдайтындығын көрсете тұрса да, Рейдің өсімдіктер туралы басқа шығармаларында, кейбір жағдайда бір түр екінші түрге айналуы мүмкін деген пікірін кездестіреміз.

Әйгілі швед ғалымы Карл Линнейдің (1707-1778), «Табиғат системасы» және «Ботаника философиясы» атты классикалық еңбектері жарыққа шықаннан кейін систамтика түбегейлі қалыптасады. Осы еңбектерінде К. Линней жануарлар мен өсімдіктер классификациясы негізінен принциптерін берді. Дәл және системаға үлкен мән беріп, Линней «ондай система ботаниканың арқауы, онсыз гербарий жұмысы былығып кетер еді деп жазады. Оның ұсынған "систематикасында жануарлар мен өсімдіктер сатылы 5 топқа: класс, қатар, туыс, түр және түршеге бөлінеді. Линней түрлердің бинарлық системасын жасап заиды етіп бекітті. Ол әрбір түрді екі сезбен жазуды ұтынды: туысын зат есіммен, оның турін сын есіммен көрсетті.

Өсімдіктердің турін сақтап отыратын негізгі тіршілік функциясын, олардың шығу қабілеті деп қарап, Линней өсімдіктері класстарға жіктеуде генеративтік органдарының құрылысын негізге алды. Осыған орай, ол өсімдіктерді 24 класқа бөлді. Оның 23 классы гүлді өсімдіктер және 1 класы құпия некелілер, бұған папоротниктер, мүктер, балдырлар және саңырауқұлақтар жатқызылады. Гүлді өсімдіктердің классификациясы аталықтар мен аналықтарының санына және өз ара орналасуындағы өзіндік ерекшеліктеріне, пішініне, үлкендігіне қарап жасалды. Мысалы, алғашқы 13 класс бірі-бірінен тек аталық саны жағынан ғана ажыратылады. Мұнда гүлінің аталығын санап, сол түрдің қай класқа жататынын анықтауға болады. Бұл системаның жасанды формада екенін байқау қиын емес. Мұндағы кластарда біркелкілік жоқ. Оның бір қатары қазіргі тұқымдастарға (12-класты раушан гүлділер тұқымдасына, 15-класты крест гүлділер тұқымдасына 19-класты курделі гулділер тұқымдасына) толық сәйкес келеді. Басқа бір жерлерінде бір тұқымдастың өкілдері әр түрлі кластарға белініп кеткен; лилия тұқымдасындағы 6 аталықты каз жуа 6-класқа, 8 аталықты қарғакөз 8-класқа жатқызылган. Осыған байланысты бір класқа әр түрлі тұқымдастардың өкілдері топталған: 8 аталықты - қарақұмық, қарғакөз және үйеңкі 8-класқа жатқызылған Лиинейдің өзі сис-темасының жасанды екенін тусініп «бұл табиғи система табылғанына қызмет етеді; біріншісі - тек өсімдіктерді тануды үйретеді. Линнейдің анықтаған 67 қатары табиғи сипатта Линнейдің өзі бұларды қандай негізге сүйеніп құрамын түсіндіре алмады, бұл жөнінде натуралист тапқырлық пен инстиктісін басшылық еткенін оның езі де жасыра алған жоқ.

Жануарлар дүниесін класқа бөлуде, Линней олардың қан тамырлар және тыныс алу системасындағы ерекшеліктерін негізін алды. Ол жануарларды 6 класқа бәледі: 1) сүт қоректілер, 2) күі-гар, . 4) амфрибиялар, 4) балықтар, 5) насекомдар және эукариоттар. Негізінде көбірек зерттелгені екі типтің өкілдері

омыртқалы жануарлар және буын аяқтылардың бір қатары болатын соңғы жаңа классификациядағы қалған 11 типті «құрттар» деген атпен Линней жинақталған бір класқа топтастырды.

Линней системасының елеулі кемшіліктері бола тұрса да өте үлкен маңызы болып, ол систематиканың өркендеуіне себепші болды; бұл системадағы сипаттаудың және анықтаудын жеңілдігі өсімдіктср мен жануарларды зерттеу-ге үлкен ықылас енгізді. Линнейдің өзі 10 000-дай өсімдік түрлерін сипаттады, одан ондаған жыл өткен соң сипатталған өсімдіктер түрлерінің саны 100 000 жетті, яғни он есе артты.

Линней системасының философиялық концепциясы, оның өзі ұсынған принципіне сәйкес: «Зресіез Іоі зипі сііүсгзае, ^иоі с!і-үегзаз іогтаз сгеаүіі іпПпііит епз» '. Түрлер езгермейді олардың саны құдірет жаратқан органикалық формалардың саиындай. Тірі табиғат құдайдың құдіретімен пайда болды. Линней барлық жануарлар мен өсімдіктер Тигр және Евфрат өзендерінің арасындағы жұмақта жаратылып, одан бүкіл жер жүзіне таралды деген таурат аныздарына сүйеиіп, органикалық дүниенін, пайда болуын суреттемекші болады. Осы аңызды қолдап, Линнсй барлық жануарлар мен өсімдіктсрді, ортасында үлкен тауы бар аралда жаралды деп түсіндіреді. Ол таудың бауы-райында, алуан түрлі климаттық жағдайлар болды, оиың етегіндс тропиктік климат болып басталып, басы полярлық климатпен аяқталған. Жануарлар мен өсімдіктер белгілі жағдайларға бейімделіп жаратылды, олар теңіз тартылып, арал құрлыкка жалғасқанша, сол жерде мекепдеді. Арал құрлыққа жалғасқап-нан кейін организмдер барлықжер жүзіне таралып, тауда жаратылған жағдайларына сәйкес әрбір түр солтүстікті не оңтүстікті мекендеді. Мүндай коицепция креационизмге тән сипат яғни өсімдіктер мен жануарлардың түрлері құдайдың бастапқы жаратқан қалпында өзгермей келеді деген биологиядағы белгілі бір ағымға тән ұғым. Линней өзінің негізгі шығармаларында жара-тылыс танудагы жиналған материалдарды таурат жазуымен ымыраластыру талабымен нағыз креационист сипатында көрінеді. Қазір бұл талаптың өзі аңғырт болып көрінеді, ал XVIII ғасырдың ортасында жаратылыс зерттеушілердің көбі осы көзқараста болды.

3. Трансформизм идеяларының шығуы

Жиналған ботаникалық және зоологиялық материалды жүйеге келтіру нәтижесінде жануарлар мен өсімдіктердің әр алуан формаларын өз ара салыстыру мүмкіншілігі туды. Осыдан бастап биологияның салыстырмалы анатомиялық әдісі дамып, бұл организмдердін. өзгеруі жайында ғалымдардың зейінін аударады.

Жануарлар мен өсімдіктер сыртқы ортаның жаңа жағдайларына дұшар болса өзгеруі мүмкін деген биологияда жаңа - трансформизм пайда болады. Трансформистер бір түр екінші түрге айналуы (трансформация) мүмкін деп қарайды. Бұрыннан тамыр жайып қалған ескі креационистік кезқарастарды жа-ңа бағыт көп қиыншылықпен жеңуіне тура келді.

Белгілі ғылми ағым түрінде трансформизмнің қалыптасуы 1759 жылға тұстасады, осы жылы жаратылыс танудың әрі қарай дамуына себеп болған өте маңызды үш зор оқиға болды. Ең алдымен, осы жылы негізгі идеясы креационизмге қарсы бағытталған М. В. Ломоносовтың «Жер қабаттары туралы әйгілі трактаты жазылады. 1759 жылы 28 ноябрьде Берлин университетінің жас ғалымы Каспар Фридрих Вольф «Тһеогіа ^епегаііо-пІ8»2 тақырыбында докторлық диссертация қорғап, мұнда ол преформизмнің негізгі жағдайларына карсы сөйлейді. Тағы да осы жылы Францияда өсімдіктердің алғашқы табиғи системасы пайда болды. Мұны жасаған атақты ботаник Бернер Жюсье болатын. Енді осы уақиғаларға дәлірек тоқталып өтейік.

Н. А. Добролюбовтан кейін орыс жаратылыс тануының негізін салған М. В. Ломоиосов деп антуымызға толық қақымыз бар. Тек мұны ғана емес, Ломоносов жаратылыс тануда белгілі дәстүрлер жасап ол дәстүрлер орыс ғылымында үздіксіз дамып келеді. Бұл дәстүрлердің негізінде бірінші орында тұрғаны табиғаттың материялы екендігін мойындау болды. Ломоносов ма-терия «денені құрап тұрған және оның мәнін тәуелді етіп тұрған нәрсе» - деді. Дененің табиғаты «қозғалыстан тұрады, демек, денелср қозгалысынан анықталады». Россияда Ломоносов тәжірибслік жаратылыс танудын, негізін салды. Ол тәжірибе «тек қиялдан ғана туған мыңдаған пікірлерден жоғары» деп анық керсетін, тәжірибелердің нәтижелерінен философиялық қорытынды жасау қажет екендігіне ерекше зейін аудартады. Жаратылыс танудың және оған жанама ғылымдардың (химия, физика, геология, металлургия т. б. ) алуан түрлі салалары үшін Ломоносов еңбектерінің зор маңызы болды.

Ломоносовтың «Жер қабаттары туралы» трактаты 1759 жылы жазылып, ол біраз кейінірек басылып шықты. Бұл шығарманың негізгі идеясы автордың сөздерімен «. біздің керіп тұрғандарымыздың бәрін баста құдай жаратқан деп көпшілік бекерге ойланды» «. құдай солай жаратты деген үш сөзді жаттап алып философ болу оңай-ақ» ' деп ке-кесіндейді трактаттың авторы.

Жер бетінің әзіпше тарихы бар, сол таримі дамуында ол елеулі «өзгерістерді басынан өткізді деп Ломонософ дәлелдейді. Тау жасалу процентсрі журіп, су бассейіндерінің кешкні өзгеріп отырды. Су, жел және күн сәулесі, сондай-ақ вулкандық әрекеттер жер бетін өзгертіп отырды.

Өлі табиғаттағы өзгерістер жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне өзгеріс енгізеді, ал бұлар өлі денелерге әсер етіп бұрын болмаған материяның жада формаларын жасайды. Қазіргі уақытта жойылып кеткен моллюскалардың тауда кездесетін бақалшықтары, бұрын осы жерлерде теңіз болып соңғы кезде тартылып кеткендігіне дәлел болады. Қарашірік алғашқы бар материя емес, ол «жануарлар мен өсімдіктердің шіруіисмі паііда болған зат». Ломопосов шымтезек пен тас кемірді өсімдіктерден пайда болғаны туралы пікір айтады. Янтарьдың ішінде қазіргі кезде кездеспсйтін насекомдардың кездесуі, янтарь қазіргі өсімдіктердің смоласы емес, бұрынғы кезде өскен өсімдіктерден екендігін көрсетеді.

4. Франциядағы трансформизмнің креационизммен күрссі

Баспасөз жүзінде ашықтан-ашық трансформациялық идеяшыл жақтаған француздың тұңгыш және ең үлкен табиғат зерттеушісі Жорж Луи Бюффон (1707--1788) болды. Қырық жылдан астам өзінің ғылыми қызметтерінде Бюффон 36 томдық «Табиғи тарих» деген көлемді монографиясын жазды. Линнейдің замандасы, расымда құрдасы Бюффон өзінін көзқарасы жөнінен атақты швед ғалымына қарама-қарсы болды. Ол Линней жасаған жасанды системаға сын көзімен қарады. Бюффонның айтуы бойынша біздің жасанды системаға сәйкестенгендсй ештсңе жоқ. турлср де, туыстар да, класс та жоқ, тек жеке ипдизидумдар ғана бар. . Осыған орай кез келген жасанды системаның тек практиканы қана мәні бар. Ол табиғатта болып жатқан үнемі қозғалыстағы ағынды көрсете алмайды.

Немістің философы Имаануил Канттың «Жалпы табиғи тарих және аспан теориясы» (1755) атты трактатында жазылған тұңғыш космогониялық гипотезаларын пайдалана отырып, Бюффон органикаылық дүниенің тарихын түсіндіру талабында болған бірінші табиғат зеттеушісі.

«Табиғат дәірлері» деген еңбегінде жер бетінде тіршіліктің пайда болуын Бюффон былай суреттейді. Қызып тұрған күн массасына каметаның соқтығысу нәтижесінде, одан Жер бөлініп планета соқтығысу нәтижесінде тусіп, содан біртіндеп суына бастаған. Планетамыздың осы дәуірінде, ол әлі ыстық қалпында болып, сыртын су буына толы атмосфера қоршап тұрған. Одан кейінгі суыну, су буын қоюландырып, соның нәтижесінде жер шарын, ыстық теңіз басты. Осы теңіз біршама суынған кезде алғашқы тірі зат пайда болды. Планетамыздың одан әрі суынуына байланысты мұхит басып жатқан жердің көлемі кішірейді, полюстерде бірінші құрлықтар пайда болды. Осы тропиктік жағдайда әуелі тропиктік өсімдіктер, одан кейін тррпиктік жануарлар дамыды. Жердің одан әрі салқындауына және құрлықтың көлемі артуына байланысты тропиктік формалар полюстен экваторға қарай тропикке жеткенше жылжи берді, қазіргі кезде олар осы тропиктік жерде мекендейді. Ал, полюстерде коңыржай климаттык жаңа формалар пайда болып жатты, бұлар да оңтүстікке қарай ауысты. Ең ақырында полюстерде салқын жерлердін, өсімдіктері мен жануарлары пайда болды.

«Табиғи тарих» атты еңбегінің он жетінші томының бір тарауында («Жануарлардың азғындауы жайында») Бюффон, егер жануарлар өзінің мекенін қалдырып басқа жерлерге ауысса, олардың табиғаты күшті езгеруге тиіс деген пікір айтады. Соның нәтижесінде бұрын тіршілік етпеген жана формалар пайда болады. Адамның қатысуы арқылы ондай езгерістер күшейе түседі. Жануарларда өзгеріс туғызатын негізгі үш себеп бар: 1) климат, 2) қорек. және 3) «үй жағдайының әсері». Соңғы жағдай тек үй жануарларына ғана әсерін тигізеді.

Осыған орай, Бюффон бір тұқымдасқа жататын түрлердің арғы тегі бір болу керек деген болжам жасайды. «Осы тұрғы-дан қарағанда жылқы, зебр және есек - үшеуі бір тұқымдастың мүшелері; егер де жылқыны негізгі баған деп санасақ, онда зебр мен есек оның жанама бұтағы болып шығады» '. Ол, сол сияқты бүкіл жабайы мысықтар немесе бүкіл жабайы және асыранды жылқылар ортақ бір тектен таралған деген пікір айтады.

Бюффон шығармаларында органикалық табиғаттың дамуындағы тарихи даму процесінін жолын табу жөнінде батыл талап жасайды. Бұл туралы, осы кездегі эволюциялық ілімді құрушы Ч. Дарвин Бюффонды «Шын ғылыми рухта» органикалық формалардың шығу мәселелерін талқылаған тұңғыш жазушы деп атайды.

Бюффон еңбектерінде баяндалған пікірлер сол кездегі ресми ғылымға қарсы болатын реакцияшыл рухтағы клерикал ғалымдардың қысымына төтеп бере алмай Бюффон бірнеше рет өз көзқарасын өзі мойындамауға мәжбүр болды немесе көзқарасып бүркемелі түрде баяндады.

1751 жылы Бюффон Сорбонда амалсыздан өз айтқанынан өзі безіп көпшілік алдында былай деді: «Менде діни жазуға қарсы шығам деген ешқандай ой болған жоқ, дүниенің жаралу уақыты, сондай-ақ оның шындығы жайында тауратта айтылғандардың бәріне анық сенем: Жердің пайда болуы жайында өз кітабымда баяндалғандардың, сондай-ақ моисей әңгімелеріне қайшы келетіндердің бәрінен бастартам» .

5. Жоффруа Сент-Илер мен Кювьенің айтысы

1820 жылы Европаның ғылми дүниесі Париж академиясының қабырғасында болып жатқан оқиғаларды зейін қойып қайталауда болды. Сол жылы Француз институтының (Академиясын) бір мәжілісінде омыртқалы жануарлар мен бас аяқты маллюскалардың құрылыс тұрғысы бір деп таныған Лорансе және Мейран деген екі жас ғалымның жұмысы қаралды. Мәжілісте Жоффруа Сент-Илер Лорансе мен Мейранның көзқарастарын жақтап сөйледі. Келесі мәжілісте Кювье сол жас ғалымдарды әсіресе Жоффруаны қатал сынайды. Бұл Кювье мен Сент-Илер айтысының басы еді, айтыс алты аптаға созылады, одан кейін Академия айтысты тоқтатты.

Бұл ғылыми таласта жануарлардың өзгеретіндігі, фауналардың ауысып отыратындығы және басқа ой толқытатын үлкен мәселелерді талқылау үшін Лорансе мен Мейран жұмысы тек сылтау болатын. Жоспардағы бұлардың кейбіреуі қалай болса солай үстіртін айтылып, көбіне бүкіл айтыс салыстырмалы анатомиянын, проблемаларын шешу түрінде жүрді. Кювье мен Сент-Илер көзқарасындағы принципті қайшылықты түсіну үшін бүл ғылымдардың дамытқан негізгі теориялық жағдайларымен танысуымыз қажет.

Кювьенің бұған көзі жеткені сол, себебі ғалымның негізгі міндетті өзінің зерттеген факторларын сипаттау, оған ат қою және классификациялау еді. Кювьеше зоологияныц айналысатын фактылары - ол бәрін бір мезгілде құдай жаратқан және содан бері өзгеріссіз келе жатқан бүкіл жануарлардың түрлері болуға тиіс. Египетте мекендейтін жануарлар 3000 жыл бойы ешбір өзгеріске ұшыраған жоқ деп танып, Қювье түрлердің өзгермейтіндігін палеонтология деректері мен дәлелдемекші болды. Ол қазба қалдық түрлср мен осы кездегі түрлердің арасын байланыстыратын аралық формаларды палеонталогия кездестірген жоқ деп дәлелдейді. Демек, қазіргі түрлер қазба формалардын. трансформациялық жолмен өзгеруінен пайда болған жоқ. Барлық түр жаратылу акты кезінде құдайдың құдіретімен жаралды, соның бір бөлігі сақталып, ал кейбір белігі құрып кетті.

Құдай бүкіл жануарлар дүниесін төрт тұрғыда жар"атты, осыған орай бұлар төрт бұтаққа (типке) 1 бөлінуге тиіс. Кювьенің бұл жоспарында негізге алынғаны жануарлардың нерв системасының құрылысы. Кювьеше басқа системалар осыған қызмет ету үшін жаратылған. Барлық жануарлар дүниесінде нсрв системасының төрт түрі бар: оның бірі жұлын мен мидап және осы-лардың тармақтарынан құралған; екіншісі - деиепін, әр бөлігінде орналасқан нерв түйіндермен одан таралған нервтерден тұррады; үшіншісі -дененің құрсақ бөлімін бойлай орналасқан жұп нсрв тізбегіиен тұрады, ал төртіншісі - нерв сақинасы сияқты болады да одан радиальды нерв стволдары таралып жатады. Нсрв системасының осы төрт түріне сәйкес жануарлар дүниесі-ніц төрт бүтағы (типі) : омыртқалылар, моллюскалар, буылтық-тылар жәнс сәулелілор болады.

Осы үғымға негіздсй отырып, Кювье линнсйлік кластардың біриешеуін қамтитын жаңа таксономиялық бірлік (тип) енгізіп Линней системасын жетілдірді. Шынында Кювье қүрған типтерден осы кездегі таксономиялық бірлікке сәйкестенетіні тек қана омыртқалылар типі. Ал басқалары қазіргі систематикадағы әр түрлі топқа жататын жануарларды біріктірген құранды тип. Мысалы, моллюскалар тармагына мүрт аяқты шаяндар мен қабықшалыларды, буылтықтыларға - буыи аяқтылар мен буылтық құрттарды, ал сәулелілерге - Кювье тікен терілілерді, ішек куыстыларды және коловраткаларды жатқызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы эволюциялық теория
Эволюциялық идеялардың даму кезеңдері
Философия ұғымы туралы түсінік
XVIII ғасырдағы Француз материализмі
Канттың Таза пайымға сын еңбегі
ХІХ ғ.-ХХ ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы
Кант философияда таным
О. Конт - социологияның негізін қалаушы
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Жаратылыстану дамуының негізгі кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz