Қылмыстық-атқару жүйесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ 5
2 ЖАЗАНЫ АТҚАРАТЫН ОРГАНДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ 16
3 ЖАЗАНЫ АТҚАРАТЫН ОРГАНДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ЖАСАУ 35
КОРЫТЫНДЫ 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 52
ҚОСЫМША (тергеу изоляторларын жоспарлы және нақты толтыру) 54
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазiргi уақытта әлемдiк қоғамдастық пенитенциарлық жүйенi дамытудың сапалы жаңа кезеңiне өтуде. Осыған байланысты, қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi ҚАЖ) сотталғандарды ұстаудың халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына барынша жақын жағдайын жасау қажет.
ҚАЖ-ды одан әрi дамыту жөнiндегi мiндеттер кешенiн шешу тұрақты мемлекеттiк қолдаусыз, халықаралық ұйымдармен белсендi ынтымақтастықсыз мүмкiн емес.
Қазiргi уақытта ҚАЖ органдары мен мекемелерi бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға сотталған адамдарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды, сондай-ақ сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Түзеу мекемелерi (бұдан әрi - TM) қызметiн реттейтiн ведомстволық кесiмдерге жазаларды орындау кезiнде заңдылықты сақтау кепiлдiгiн күшейтуге, сотталғандарды құқықтық және әлеуметтiк қорғауға, шектеулер мен тыйымдар санын азайтуға, мерзiмiнен бұрын босату үшiн негiздердi кеңейтуге бағытталған түзетулер енгiзiлдi.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен бiрлесiп ТМ-нiң қызметкерiн пенитенциарлық мекемелердегi қамаудағыларды ұстау жағдайларына қатысты халықаралық нормалармен және стандарттармен таныстыру бойынша жұмыс жүргiзiлуде.
Сонымен бiрге, ҚАЖ-дағы барлық оң өзгерiстер жағдайында шешiлмеген проблемалар да қалып отыр.
Елбасы белгiлеген, қылмыстық саясатты iзгiлендiруге бағытталған бағытты iске асыру аясында қызметкерлер мен сотталғандардың қауiпсiздiгiн ескере отырып, жаза өткеру тәртiбi мен шарттарын iзгiлендiру жағына қарай өзгерту мәселелерi бойынша бiрқатар нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеу қажет.
Қазақстанда өмiр бойы бас бостандығынан айыруды енгiзуге орай, ТМД мен алыс шет елдердiң тәжiрибесiн зерделей отырып, жазалаудың осы түрiн орындауды регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажет.
Жоғарыда баяндалған мән-жайлар диплом жұмысының тақырыбын таңдап алуға түрткі болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстық мінез-құлықтың кейбір аспектілерімен көрнекті ғалымдар - А. Н. Ағыбаев, Е. О. Алауханов, С. М. Әпенов, Н. М. Әбдіров, У. С. Джекебаев, Е. І. Қайыржанов. Н. Дулатбеков. М. С. Нәрікбаев. А. Х. Миндагұлов, Ғ. С. Мауленов, С. С. Молдабаев, А. А. Смағұлов, Г. Р. Рустемова, және т. б. айналысты.
Жұмыстың мақсаты қылмыстық атқару жүйесінің құқықтық табиғатын қарастырып, аталған жүйені жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау.
Осы койылған мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:
- қылмыстық атқару жүйесінің мазмұнын зерделеу;
- қылмыстық атқару жүйесінің құқықтық, әлеуметтік жағдайларын талдау.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері.
Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізін талдау, ұқсастық, салыстыру, жүйелі-құрылымдық, нақты әлеуметтік әдістер құрады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындайтын қылмыстық-атқару инспекцияларының құқықтық мәртебесiн көтерiп және осы қызметтi әрбiр ауданда құра отырып, қызметкерлердiң штат санын арттырып, олардың функцияларын кеңейту керек;
- Бас бостандығынан айыруға баламалы жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын тиiмдi орындау үшiн жағдайлар жасау қажет.
Жұмыстың объектісі болып - жазаларды атқару аясында қалыптасатын құқықтық қатынастар табылады.
Зерттеу пәнін қылмыстық атқару жүйесінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарының нормалары құрайды.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысының ұсыныстары мен тұжырымдары қылмыстық атқару жүйесін жетілдіруге байланысты еңбектерде қолданылуы мүмкін.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi ҚАЖ) жазаларды атқарудың мемлекеттiк тетiгiнiң маңызды буыны болып табылады.
ҚАЖ-ды дамытудағы маңызды мiндеттердi шешу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-атқару жүйелерi мекемелерi мен алдын-ала қамауға алу орындарының қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1996 жылғы 1 қазандағы № 1199 [1] және "Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң және тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 92 [2] қаулыларымен бекiтiлген бағдарламалық құжаттар қабылданды және негiзiнен iске асырылды. Бұл ретте, позитивтi нәтижелерге қол жеткiзiлдi, оның iшiнде сотталғандар құқығы кеңейтiлдi, олардың әлеуметтiк және құқықтық қорғалуы неғұрлым тиiмдi бола түстi, жаза өтеудiң прогрессивтi жүйесi енгiзiлдi.
Қазiргi уақытта әлемдiк қоғамдастық пенитенциарлық жүйенi дамытудың сапалы жаңа кезеңiне өтуде. Осыған байланысты, ҚАЖ-да сотталғандарды ұстаудың халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына барынша жақын жағдайын жасау қажет.
ҚАЖ-ды одан әрi дамыту жөнiндегi мiндеттер кешенiн шешу тұрақты мемлекеттiк қолдаусыз, халықаралық ұйымдармен белсендi ынтымақтастықсыз мүмкiн емес.
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесiн реформалау және осы жүйе қызметкерлерiнiң мәртебесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңымен ҚАЖ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қарамағына берiлдi.
Қазiргi уақытта ҚАЖ органдары мен мекемелерi бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға сотталған адамдарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды, сондай-ақ сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Түзеу мекемелерi (бұдан әрi - TM) қызметiн реттейтiн ведомстволық кесiмдерге жазаларды орындау кезiнде заңдылықты сақтау кепiлдiгiн күшейтуге, сотталғандарды құқықтық және әлеуметтiк қорғауға, шектеулер мен тыйымдар санын азайтуға, мерзiмiнен бұрын босату үшiн негiздердi кеңейтуге бағытталған түзетулер енгiзiлдi.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен бiрлесiп ТМ-нiң қызметкерiн пенитенциарлық мекемелердегi қамаудағыларды ұстау жағдайларына қатысты халықаралық нормалармен және стандарттармен таныстыру бойынша жұмыс жүргiзiлуде.
Сонымен бiрге, ҚАЖ-дағы барлық оң өзгерiстер жағдайында шешiлмеген проблемалар да қалып отыр.
Республика аумағында режим түрлерi бойынша ТМ-нiң әркелкi орналасуын атап өту қажет. TM-нiң қазiргi орналасуы кезiнде жыл сайын сотталғандарды республиканың түрлi өңiрлерiне көшiру жүргiзiледi, оған тек 2007 жылы - 22 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты жұмсалды. Бұл мақсаттарға 2008 жылы шамамен республикалық бюджетте 35 млн. теңге болатын қазiргi қажеттiлiк кезiнде 25 млн. теңге бөлiндi. Өмiр бойы бас бостандығынан айырылған сотталғандар үшiн ерекше режимдегi түзеу колониялары жоқ.
Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қатаң режимдегi, Қызылорда облысында жалпы режимдегi ТМ жоқ. Республикада әйелдер мен кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған ТМ-нiң саны жеткiлiксiз, бұл сотталғандардың көрсетiлген санаттарының әлеуметтiк байланысын сақтау үшiн қиындықтар туғызады.
Қолданыстағы ТМ-нiң толып кетуi сотталғандарды орналастыруда, режим мен қадағалауды қамтамасыз етуде, бас бостандығынан айыру орындарында құқық бұзушылықтардың алдын-алуда, сотталғандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде, сондай-ақ олармен тәрбие жұмысын жүргiзуде қиындықтар туғызады. Сол сияқты сотталғандарды еңбекпен қамтудағы, туберкулезбен науқастанған сотталғандарға емдеу жүргiзуге, коммуналдық-тұрмыстық жағдайды ұйымдастыруға байланысты ахуал күрделене түсуде.
Қылмыстық саясатты iзгiлендiрудiң объективтi процестерiне сай бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталған адамдардың саны едәуiр артады. Бұл ретте, қылмыстық-атқару инспекциялары, ең алдымен штат санының жеткілiксiздiгінен де өздерiне жүктелген мiндеттердiң толыққанды орындалуын қамтамасыз етуге дайын емес. Бұл проблемаларды шешу үшiн қылмыстық-атқару инспекцияларының функцияларын кеңейту аталмыш қызметтi әрбiр ауданда құра отырып, қызметкерлердiң штат санын арттыру қажет.
ҚАЖ қызметкерлерiн кәсiби даярлауда, әлеуметтiк қамтамасыз етуде, сондай-ақ сотталғандардың камераларда оқшау емес, отрядтарда ұсталуынан қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде проблемалар бар.
ТМ-дi техникалық қадағалау мен күзет құралдары бүгiндерi моральдық және физикалық жағынан ескiрген.
Қазiргi уақытта бас бостандығынан айыру орындарында 7 мыңнан астам туберкулезбен ауырғандар және 500 ЖҚТБ инфекциясын жұқтырғандар ұсталуда. Осы ауруларды емдеу мен алдын алу ТМ үшiн қосымша медициналық құрал-жабдықтар сатып алу қажеттiгiн талап етедi.
Сотталғандардың еңбекпен қамтылуы бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын еңбекке қабiлеттi сотталғандардың жалпы санының 32, 7 пайызын құрайды. ҚАЖ кәсiпорындары толық қуатында жұмыс iстеп тұрған жоқ, олардың өнiмдерi рынокта бәсекеге қабiлеттi бола алмайды. Осыған байланысты, ҚАЖ кәсiпорындарын мемлекеттiк қолдау шараларын әзiрлеу қажет.
Жоғарыда аталған проблемаларды шешу ҚАЖ-ды одан әрi дамытудың негiзгi бағыттарын анықтайды.
- ТМ-де ұсталатын сотталғандарды ұстау жағдайларын;
- қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау сапасын;
- ҚАЖ қызметкерлерiнiң кәсiби даярлығын жақсарту жолымен ҚАЖ-ды одан әрi дамыту болып табылады.
- жазаларды орындау, ТМ-де ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетiлдiру;
- сотталғандарды ұстау жағдайларын халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына барынша жақындату;
- ТМ-нiң жаңасын салу және қолданыстағысын қайта жаңғырту;
- ТМ-нiң материалдық-техникалық базасын жақсарту;
- бас бостандығынан айыруға баламалы жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын тиiмдi орындау үшiн жағдайлар жасау;
- сотталғандардың еңбекпен қамтылуын арттыру;
- ҚАЖ қызметкерлерiн кәсiби даярлау.
ҚАЖ-ды дамыту қолданыстағы заңнама базасын қайта қараумен, халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына сәйкес жаңа нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеумен және қабылдаумен қатар жүруi тиiс.
Елбасы белгiлеген, қылмыстық саясатты iзгiлендiруге бағытталған бағытты iске асыру аясында қызметкерлер мен сотталғандардың қауiпсiздiгiн ескере отырып, жаза өткеру тәртiбi мен шарттарын iзгiлендiру жағына қарай өзгерту мәселелерi бойынша бiрқатар нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеу қажет.
Қазақстанда өмiр бойы бас бостандығынан айыруды енгiзуге орай, ТМД мен алыс шет елдердiң тәжiрибесiн зерделей отырып, жазалаудың осы түрiн орындауды регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажет.
ҚАЖ-дың ұйымдық-құрылымдық құрылысын жетiлдiру.
ҚАЖ-дың ұйымдық-құрылымдық құрылысын жетiлдiру мақсатында: жаңа ТМ-дi құру;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру;
сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындайтын қылмыстық-атқару инспекцияларының құқықтық мәртебесiн көтерiп және осы қызметтi әрбiр ауданда құра отырып, қызметкерлердiң штат санын арттырып, олардың функцияларын кеңейту;
TM-де қадағалау жөнiндегi бақылаушылардың штат санын кезең-кезеңiмен арттыру;
ҚАЖ-ды басқару процесiн сапалы ақпараттық-талдаумен қамтамасыз етудi құру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру қажет, оны оңтайландыру, компьютерлендiру құралдарының кеңiнен енгiзiлуi мен байланыстың дамуы негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.
ТМ-де режимдi, қадағалауды және күзетудi ұйымдастыру.
Қылмыстық заңнаманы iзгiлендiру жағдайында сотталғандарды жасақтық ұстау түзеу мекемелерiнен бiртiндеп камералық және жасақтық ұстаудың ақылға қонымды аралас үлгiсiне көшiру жөнiнде шаралар қабылдаған жөн, ол үшiн жалпы және қатаң режимдердегi ТМ-де сотталғандарды камерада ұстауға арналған жатақханалар салудың орындылығын және мүмкiндiгiн зерделеу қажет.
ТМ аумағында орналасқан объектiлер мен ғимараттарды одан әрi оқшаулау жөнiндегi iс-шараларды жалғастыру.
Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету.
Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау кепiлдiгiн нығайту мақсатында:
адам құқықтарын қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк және үкiметтiк емес ұйымдарды қатыстыра отырып, сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға бақылауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Сотталғандардың заң көмегiн алуы уақытылы және оңай болуын қамтамасыз ету.
Сотталғандармен тәрбие жұмысы.
Сотталғандармен тәрбие жұмысы жазаны өтеу жағдайларын одан әрi iзгiлендiруге, сотталғандарды әлеуметтiк-құқықтық және әлеуметтiк-психологиялық қорғауды қамтамасыз етуге, оларға көмек және қолдау көрсетуге, шектеулер мен тыйым салуларды бiртiндеп азайтуға, сотталғандарды ТМ-де болған бiрiншi күннен бастап бостандықтағы өмiрге дайындауға бағыт алуы тиiс.
Бұл ретте, сотталғандармен дербес жұмыс бағдарламаларын әзірлеу мен енгізуге, сотталғандар мен олардың туыстары, қоғамдық, дiни және өзге де ұйымдар арасындағы байланысты қолдау мен нығайтуға, дiни қажеттiлiктердi, рухани және моральдық сұраныстарды қанағаттандыруға, ұлттық салт-дәстүрлердi, әдет-ғұрыптар мен жоралғыларды сақтауға жағдай жасауға маңызды орын берiлуi тиiс.
Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың орта бiлiм алу жүйесiн оқыту нысандарының икемдi құрылымын құру негізiнде жетiлдiру қажет.
Сол сияқты, сырттай және дистанциялық оқыту нысандарын сотталғандардың анағұрлым кеңiрек пайдаланып жоғары бiлiм алу мүмкiндiгiн оны мемлекеттiк бiлiм берудiң жалпы желiсiне енгiзе отырып қарау қажет.
Тәрбие аппараты сотталғандардың жеке басының дамуы үшiн, олардың орта бiлiм алу мүмкiндiгiне жағдай жасауда, сотталғандардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа нысандары мен әдiстерiн әзiрлеу мен енгiзудi қамтамасыз етуде, олардың дене және психикалық денсаулығын сақтауда, клуб және үйiрме жұмыстарының жүйесiн кеңейтуде, сотталғандар мен олардың туыстары, қоғамдық және дiни ұйымдар арасындағы байланысты нығайтуда жұмыс iстеу керек болады.
Сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды және өзгеде қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау.
Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандарды тәрбиелеу және оңалту құралдарын қолданудың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн олардың мiнез-құлқын психологиялық-криминалистикалық жағынан болжау әдiстемесiн әзiрлеу керек болады.
Локалдық компьютерлiк желiлер мен қылмыстық-атқару инспекцияларында есепте тұрған сотталғандардың ақпараттық деректер базасын құру қажет болады.
Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету
Сотталғандарды медициналық қамтамасыз етудi жақсарту мақсатында:
ауруханалардың, емдеу құқығындағы ТМ-нiң соның iшiнде туберкулездiң белсендi түрiмен ауыратын науқас сотталғандарды ұстау мен амбулаторлық емдеуге арналғандарының материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау;
ҚАЖ-дың денсаулық сақтау органдарымен сотталғандардың жұқпалы және басқа да ауруларының, сонымен қатар маскүнемдiктiң, нашақорлықтың, ЖҚТБ инфекциясының алдын-алу, диагностикалау және емдеу мәселелерiнде өзара iс-әрекеттi жүзеге асыру;
ТМ медициналық бөлiмдерi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды денсаулық сақтау органдары ұйымдарының базасында қамтамасыз ету қажет.
Үкiметтiк емес ұйымдардың қатысуымен ҚАЖ мекемелерiнде есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзудi қамтамасыз ету.
ЖҚТБ инфекциясын және басым жыныстық жолымен берiлетiн жұқпалы аурулардың алдын-алуды жүзеге асыру үшiн ҚАЖ қызметкерлерiнiң және сотталғандардың iшiнен ерiктiлердi даярлау жөнiндегi жұмысты одан әрi жүргізу.
Сотталғандарды еңбекке тарту нысандары мен әдістерін жетілдіру.
Сотталғандардың еңбекпен қамтылуы олардың еңбек рыногында сұранысқа ие жұмыс кәсiптерi мен мамандықтарын алуына, босатылғаннан кейiн олардың жұмысқа орналасуына ықпал етуi тиiс. Осыған байланысты:
бiлiм беру органдарымен бiрлесiп сотталғандарды кәсiби оқытудың өз өндiрiсiнiң мүдделерiн, еңбек рыногын, сондай-ақ босатылғаннан кейiн жұмысқа орналасу мүмкiндiгiн ескеретiн икемдi жүйесiн ұйымдастыру;
сотталғандардың адал еңбегi мен оқуын ынталандыру бойынша құқықтық және экономикалық сипаттағы шараларды әзiрлеу қажет.
ТМ кәсiпорындарының қызметiн тұрақтандыру мақсатында:
ҚАЖ кәсiпорындарының Қазақстан Республикасындағы өнеркәсiптi дамытудың ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк және инвестициялық жобаларына қатысуы;
жеңілдiк несие беру есебiнен ҚАЖ кәсiпорындарын техникалық қайта жарақтандыруды кезең-кезеңiмен жүргiзу;
сұранысқа ие өнiмдердi шығару үшiн ҚАЖ өндiрiстiк объектiлерiн құрылымдық жағынан қайта бейiмдеудi қамтамасыз ету;
ҚАЖ кәсiпорындарымен сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету жөнiндегi бiрлескен қызметке қатысатын әртүрлi меншiк нысандарындағы ұйымдар үшiн салық жеңiлдiктерiн енгiзу бойынша ұсыныстар енгізу мақсатқа сай келедi.
ҚАЖ үшiн кадрлар даярлау.
ҚАЖ қызметiн дамыту кадрмен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiрусiз мүмкiн емес.
Сонымен бiрге, ҚАЖ-да жоғары бiлiмi бар мамандар даярлау жөнiндегi оқу орны жоқ. Осыған байланысты, ҚАЖ үшiн жоғары бiлiмi бар мамандар даярлау, сондай-ақ ҚАЖ қызметкерлерiнiң бастапқы даярлығына, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта бiлiктендiруге арналған оқу орталығын құру мүмкiндiгiн қарау қажет.
ҚАЖ қызметкерлерiнiң қызметтiк, дене және моральдық-психологиялық даярлық деңгейiн арттыру бойынша шаралар қолдану қажет.
ҚАЖ саласындағы ғылымды дамыту.
ҚАЖ қызметiнiң тиiмдiлiгiн ғылыми қамтамасыз ету мақсатында ғылыми-зерттеу орталығын құру қажет, оның қызметi жаза атқару саласындағы халықаралық тәжiрибенi зерделеу мен енгiзуге, өткiзiлетiн ұйымдастырушылық және құқықтық қайта құруларға ғылыми iлеспе жасауды қамтамасыз етуге және ҚАЖ-дың өмiрлiк қажеттiлiктерiне сәйкес қолданбалы және iргелi сипаттағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыруға бағдарлануы тиiс. Қоғамдық бiрлестiктермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс. Халықаралық ынтымақтастық
Бұл бағыттағы жұмыстың тиiмдiлiгi үшiн:
қоғамдық бiрлестiктермен, соның iшiнде құқық қорғау ұйымдарымен және қайырымдылық қорларымен өзара iс-қимылды кеңейту;
мемлекеттiң жаза атқару саласында жүргiзiп жатқан саясаты туралы халыққа объективтi ақпарат беру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс жасау қажет.
Шет мемлекеттердiң пенитенциарлық жүйелерiмен халықаралық байланысты дамыту мақсатында:
тиiстi халықаралық шарттар жасасу;
ҚАЖ қызметiнiң өзектi мәселелерi жөнiндегi халықаралық конференцияларға, семинарларға және курстарға қатысу;
ҚАЖ қызметкерлерiнiң даярлығы мен бiлiктiлiгiн арттыру саласында ынтымақтастық жасау жөнiндегi жұмысты жалғастыру қажет.
ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасын жақсарту
ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасын жақсарту мыналарды:
жаңа ТМ салуды;
қолданыстағы ТМ-дi жаңғыртуды;
ТМ-дi қазiргi заманғы инженерлiк-техникалық күзет құралдарымен жарақтандыруды, сондай-ақ қолданыстағысын күрделi жөндеудi;
ҚАЖ үшiн арнайы автокөлiк сатып алуды;
ҚАЖ қызметкерлерiн қазiргi заманғы жеке қорғаныс, байланыс құралдарымен және қару-жарақпен қамтамасыз етудi көздейдi.
Қылмыстық жазалауды атқарушы мекемелердiң ұйымдық-құрылымдық құрылуын және штаттық қамтамасыз етiлуiн кезең-кезеңмен реформалауды жүзеге асыру көзделдi. Қылмыстық-атқару жүйесiн қайта ұйымдастыруға байланысты орталық және облыстық қылмыстық-атқару жүйесi басқару органдары арасындағы құзырлық шектеу нормативтi түрде бекiтiлдi. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң бас басқармасына қылмыстық-атқару саясатының жалпы бастаулары мен принциптерiн, қылмыстық-атқару заңдарын, жазалауды атқарудың шарттарын айқындайтын жалпы республикалық нормалар мен ережелердi әзiрлеу, оларды барлық органдар мен бөлiмшелердiң мiндеттi түрде сақтауына бақылау жасау жүктелдi. Сондай-ақ ҚАЖББ-да пенитенциарлық практиканы қорытындылау, халықаралық, республикалық бағдарламалар мен келiсiмдердi орындау жөнiндегi iс-қимылды үйлестiру, жүйе қызметiн материалдық, кадрлық, қаржылық, ұйымдық және ғылыми қамтамасыз ету болды.
Жазалауды атқарушы мекемелердiң түрлерiн шектеу жөнiндегi заңдық және ұйымдық шараларды әзiрлеу жалғастырылсын. Бұл ретте сотталғандардың мекеме iшiнде ұстау жағдайларына олардың әлеуметтiк-адамгершiлiк азғындау дәрежесiне және жазасын өтеу кезеңiндегi мiнез-құлығына байланысты саралауды көздеу керек.
Облыстардың IIБ ҚАЖБ(б) жағынан өзiнiң iшкi қауiпсiздiгiн, бас бостандығынан айыру орындарында ұйымдасқан қылмыс көрінiстерiнiң бейтараптандыру және жолын кесу, қылмыстық-атқару жүйесi мен iшкi күзет әскерлерiнiң жеке құрамына жедел қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн арнаулы бөлiмшелер құру.
Облыстардың IIБ ҚАЖБ(б) объектiлерiнiң периметрiн күзетудi осы заманғы инженерлiк-техникалық құралдармен қайта жарақтандыруды, күзет практикасына өндiрiстiк теледидар қондырғыларын енгiзу бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Қылмыстық-атқару жүйесi объектiлерiндегi инженерлiк-техникалық құралдарды күрделi және орташа жөндеу жөнiндегi инженерлiк-техникалық қамтамасыз ету орталығы және жөндеу базасын құру. 1997 жылдан бастап 2000 жылға дейiн қызмет иттерi питомниктерi құрылып, олардың негiзiнде кiшi маман-кинологтарды даярлайтын және қайта даярлайтын оқу орталықтарын құру.
Қылмыстық-атқару жүйесi, алдын ала қамауға алу орындары қызметкерлерiнiң жоғары ресми мәртебесi мен қоғамдық беделiн орнықтыру жөнiндегi жұмысты жалғастыру.
Қылмыстық жазалауды атқарушы мекемелердiң және алдын ала қамауға алу орындары қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайын заңды тәртiпте айқындау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz