Кедендік режимдерді ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тәжірибесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І.тарау Қазақстан Республикасының кеден режимдерінің теориалық әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Кеден режимінің ұғымы, мәні және қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кедендік режимдердің түрлері және тауарды кедендік режимге орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Кеден режимін ұйымдастырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ІІ.тарау. ҚР Кеден органдарының кедендік режимдердің тәжірибесі мен оған талдау жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.1 Кедендік қызметінің кедендік режимінің қазіргі қолданыстағы тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.2 Кеден режимін жүргізу тәртібі мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... .36
2.3 Кедендік режимдер талаптарын бұзған үшін әкімшілік жауапкершілік...47
ІІІ.тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН РЕЖИМДЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
3.1 Қазақстан Республикасының Кеден режимдерінің мәселелері ... ... ... ..56
3.2 Кеден режимдерін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі ... ... ... ... ... .67
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
Қосымша 1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76
Бүгінгі таңда экономиканың дамуы – ел арасындағы және бірыңғай бүкіл әлемдік шаруашылық кешендерімен ерікті түрде сауда жасауға ұмтылудағы, тауарлар мен қызметтер айырбастау, қаржы ресурстарының қозғалысы халықаралық келісімдердің ролін арттырумен сипатталады.
Ұлттық экономика барлық елдерде белгілі бір мөлшерде ашық түрде қалыптасады. Содай-ақ бүкіл әлемдік еңбектің бөлінуі мен бәсекелесте орын алады.
Соңғы кездерде бүкіл әлемдік сауда көлемі әлемдік өндіріске қарағанда шапшаң өсіп барады. Соған қарай сауда құрамында қызмет үлесі жоғарылап келеді, интелектуалдық меншік объектілерді сату өсіп барады, сондай-ақ елдердің арасында ақша құралдары, капитал қозғалысы, несиелер кушеюде. Осыған орай маңызды фактор ретінде кеден режимдерінің мәселелері мен оның жетіспеушіліктерін айқындау маңызды болып отыр.
Сондықтан бұл мәселелердің өзектілігіне осы диплом жұмыс арналып отыр. Бізге кеден режимдерінің теориялық негіздері мен іс-тәжірибелік негіздерін салыстыру қажетті. Кеден режимдерінің ұйымдастыру мәселелерінің себептері мен жағдайларын зерттеу маңызды орын алады. Мақсатты шешу үшін ұйымдастыру мәселесін қоғамда қатыстығын қалыптастыру мен оны алдын-алу жөнінде шаралар қолданылуы тиіс. Мәселелердің маңыздылығына қарамастан біздің елімізде кеден режимдерін жетілдіру әліде болса аз өңделген, әсіресе оның жалпы теориялық және ғылыми қойылымы жоспары аз өңделгендігі сол күйде қалуда.
Диплом жұмысының тақырыбын зерттеудің мақсаты – кеден режимдерінің мәселелері мен оны жетілдіру жолдарын анықтау, оның арнайы ерекшелігін және сапасын ашу, қажетті шаралар қолдану арқылы зерттеу.
Диплом жұмысының міндеті - ең алдымен осы жұмыстың мақсатына қойылған жетістікке жету болып табылады. Оларды мына төмендегідей нұсқаулармен ұсынуға болады:
1. Кеден режимдерін қолданудағы қазыргі жағдайы;
2. Кеден режимдерін теориялық негізіне талдау жасау;
3. Кеден режимдерін ұйымдастырудың бүкіл әлемдік тәжірибесін ғылыми негізде зерттеу;
4. Кеден режимдерінің мәселелері мен жетілдіру жолдарының негізін ашу;
5. Кеден режимдерін ұйымдастырудың ерекшеліктерінің теориялық және іс-тәжірибелік мәселелерін қарау;
Диплом жұмысының әдістемелік негізі - кеден режимдерінің өзара байланысы және өзара ерекшелігі арқылы жалпы ғылыми диалектикалық - логикалық ұғымын негізгі қағидалармен тану болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 1995:
2. Қазақстан Республикасыны Кеден Кодексі ( ресми мәтін)
3. Алибеков С.Т. Таможенное право Республики Казахстан. – Алматы: Кітап, 2006.
4. Гребенщикова Л.В., Кубасова И.А., Сарсембаева М.А. Таможенное законодательство и международное таможенные конвенции.- А: “Дәнекер”, 1996 – 44 с.
5. Положение о таможенном перевозчике – Азия. Экономика и жизнь, Алматы – 1995 №19 -№20
6. Положение о порядке перемещения физическими лицами транспортных средств через таможенную границу Р.К. от 31 декабря 1996 г. – Казахстанская правда - Алматы – 1997. 11 января, - с.3.
7. М.А. Сарсембаев "Таможненное право" А., 2000ж.
8. Международное право. Словарь. М.: Наука, 1982-1986. ФомичевВ.И. Международная торговля - М.Инфра - М.
9. Правовое регулирование ВЭД (внешне экономической деятельности) ч. 1-Алматы: Ғылым, 1995-с 26-27.
10. Сарсембаев М.А. Международно-правовоые отношения государств Центральной Азми - Алматы: Ғылым, 1995-с 326- 330, 334.
11. Шимитсофф. К. Экспорт: право и практика международной торговли. М.: "Юридическая литература", 1993.
12. Петров Ю, Кудрявцева и практика таможенного регулирования (Пособие )- М.: ИПО, "Автор", 1994 -448с.
13. Перевозка грузов через границу (ГТД) // Алматы: Дәнекер- 1993,с 101-111.
14. Порядок таможенного контроля за ввозом иностранных товаров для переработке на таможенной территории Р.К. // Азия- экономика и жизнь. - Алматы: 1996,№31,32,33.
15. Ю.В. Воробьев "Основы таможенного дела", М.,1995.
16. Б.Т. Нурахметов. Таможенное дело в Р.К. (вопросы и ответы), Алматы.: "Жеті-жарғы", 2000г.
17. Кеден ісін ұйымдастыру. Мадиярова Д.
18. Кеден органдарының құқықтық мәртебесі: теориялық және практикалық мәселері. Жақашев.
19. Основы таможенного дела. Под ред. В.Г Драганова, М.,"экономика", 1998г.
20. Розенберг. М.Г. Международная купля-продажа товаров. - М.:Юр.лит, 1995 -288с.
21. Укреплению Таможенного Союза мешает нестыковка интересов государств / Азия - экономика и жизнь. - Алматы, 1996.-№35 (55) - Август - с.
22. Сарсембаев М.А. Единое экономическое пространстранство Казахстана, Кыргызстана и Узбекстана: место ироль частных предпринимателей в этом пространстве. - Алматы: Дәнекер,1996.
23. Ишиков Ю.В. Формирвание интеграционногопрацесса в Западной Европе: тенденции противоречия. - М., 1999.
24. А.Д. Еримов "Основы управлени и организации в таможенном дело", Санк - Петербуг 1999 г.
25. Создана управление нешних свзей казахстанской таможни-Азия-Экономика и жизнь, 1995 17 (ноябрь) с.21.
26. Д.М.Мадиярова, А.Е.Қалдыбаева, Ұ.А.Текенов, С.О.Есімбаева "Кеден ісін ұйымдастыру және басқару".Алматы, "Экономика", 2000ж.
27. Авдокушин Е.Ф. Международные экономическое отношения.Москва, Информационно - внедренческий центр Маркетинг"1997г.
28. Интеграция отдельных стран с переходной экономикой в международную торговую систему и ее последствия для их торговли с развивающимися странами / Доклад секретариата ЮНИКТАД на конференции ООН по торговле и развитию // UNCTAG/ІTC/TSB 15.04.1998.
29. Международные экономические отношения. Под ред. В.Б.Буглай, Н.Н. Ливенцева. Москва, "Финанси и статистика"1996 г.
30. Нургалиева С. Сквозь тернии к интеграции. // Вестник Министерства государственных доходов Республики Казахстан. №6(9), июнь 2000 г.
31. Основы внешне-экономических знаний. Под ред. И.П. Фоминского. М., 1998.
32. Основы внешне-экономических знаний. Слоаврь. М., 1995.
33. Таможенные склады: пособие для таможенных учреждений. А- 92;
34. Козырин А.Н. Таможенные режимы — Статут Москва 2000 г.

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Кедендік режимдерді ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тәжірибесі
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..3

І-тарау Қазақстан Республикасының кеден режимдерінің теориалық әдістемелік
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Кеден режимінің ұғымы, мәні және қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кедендік режимдердің түрлері және тауарды кедендік режимге
орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Кеден режимін ұйымдастырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ІІ-тарау. ҚР Кеден органдарының кедендік режимдердің тәжірибесі мен оған
талдау жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.1 Кедендік қызметінің кедендік режимінің қазіргі қолданыстағы
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.2 Кеден режимін жүргізу тәртібі мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... .36
2.3 Кедендік режимдер талаптарын бұзған үшін әкімшілік жауапкершілік...47
ІІІ-тарау. Қазақстан Республикасының Кеден режимдерінің мәселелері және
шетел тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
3.1 Қазақстан Республикасының Кеден режимдерінің мәселелері ... ... ... ..56

3.2 Кеден режимдерін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі ... ... ... ... ... .67

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .71

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
Қосымша
1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .76

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда экономиканың дамуы – ел арасындағы және бірыңғай бүкіл
әлемдік шаруашылық кешендерімен ерікті түрде сауда жасауға ұмтылудағы,
тауарлар мен қызметтер айырбастау, қаржы ресурстарының қозғалысы
халықаралық келісімдердің ролін арттырумен сипатталады.

Ұлттық экономика барлық елдерде белгілі бір мөлшерде ашық түрде
қалыптасады. Содай-ақ бүкіл әлемдік еңбектің бөлінуі мен бәсекелесте орын
алады.

Соңғы кездерде бүкіл әлемдік сауда көлемі әлемдік өндіріске қарағанда
шапшаң өсіп барады. Соған қарай сауда құрамында қызмет үлесі жоғарылап
келеді, интелектуалдық меншік объектілерді сату өсіп барады, сондай-ақ
елдердің арасында ақша құралдары, капитал қозғалысы, несиелер кушеюде.
Осыған орай маңызды фактор ретінде кеден режимдерінің мәселелері мен оның
жетіспеушіліктерін айқындау маңызды болып отыр.

Сондықтан бұл мәселелердің өзектілігіне осы диплом жұмыс арналып
отыр. Бізге кеден режимдерінің теориялық негіздері мен іс-тәжірибелік
негіздерін салыстыру қажетті. Кеден режимдерінің ұйымдастыру мәселелерінің
себептері мен жағдайларын зерттеу маңызды орын алады. Мақсатты шешу үшін
ұйымдастыру мәселесін қоғамда қатыстығын қалыптастыру мен оны алдын-алу
жөнінде шаралар қолданылуы тиіс. мәселелердің маңыздылығына қарамастан
біздің елімізде кеден режимдерін жетілдіру әліде болса аз өңделген, әсіресе
оның жалпы теориялық және ғылыми қойылымы жоспары аз өңделгендігі сол күйде
қалуда.

Диплом жұмысының тақырыбын зерттеудің мақсаты – кеден режимдерінің
мәселелері мен оны жетілдіру жолдарын анықтау, оның арнайы ерекшелігін және
сапасын ашу, қажетті шаралар қолдану арқылы зерттеу.

Диплом жұмысының міндеті - ең алдымен осы жұмыстың мақсатына қойылған
жетістікке жету болып табылады. Оларды мына төмендегідей нұсқаулармен
ұсынуға болады:

1. Кеден режимдерін қолданудағы қазыргі жағдайы;
2. Кеден режимдерін теориялық негізіне талдау жасау;
3. Кеден режимдерін ұйымдастырудың бүкіл әлемдік тәжірибесін ғылыми
негізде зерттеу;
4. Кеден режимдерінің мәселелері мен жетілдіру жолдарының негізін ашу;
5. Кеден режимдерін ұйымдастырудың ерекшеліктерінің теориялық және іс-
тәжірибелік мәселелерін қарау;
Диплом жұмысының әдістемелік негізі - кеден режимдерінің өзара
байланысы және өзара ерекшелігі арқылы жалпы ғылыми диалектикалық -
логикалық ұғымын негізгі қағидалармен тану болып табылады. Кеден режимдерін
ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін және ерекшеліктер ашу арқылы еліміздегі
нарықты, Қазақстандағы өндірушілер мен тұтынушылардың мүддесін қорғау,
монополизмге қарсы тұру мен бәсекелестікті кеңейту, сондай-ақ экспортты
кеңейтуге мүмкіндік аламыз.

Сонымен қатар мынадай жеке - ғылыми әдістер қолданылады: Формалды –
заңды, жүйелік салыстырмалы құқықтық, нақты - әлеуметтік, психологиялық,
статистикалық және өзге де осы жұмыстың мәселесін шешуге қажетті әдістер
жатады.

Жұмыстың теориялық негізі кеден ісі мәселесі жөніндегі қазақстандық,
ресейлік және шетел оқымыстыларының еңбегінен жарық көреді: С.М.Сарсембаев,
К.К.Тоқаев, Б.Т.Нұрахметов, В.Г.Драганов, Л.В. Гребенщикова, И.А.Кубасова,
А.А.Артемьев, М.Ю. Берновский, Г.П. Брацун, Ю.Г. Кисловский, В.М.
Крашенинников, В.Ю. Пресняков, О.В.Шишкина, А.Н. Яцушко, А.В.Лисов, Н.И.
Трипонов және тағы басқалар.

Бұл диплом жұмысының басты мәселелерін жан–жақты ұғыну үшін бүкіл
әлемдік ғұламалардың іс–тәжірибесін пайдаландық.

Қазақстан – сыртқы саясатты жүргізу барысында тәуелсіз, егеменді
Қазақстан Республиканың бірлестігін дамыту ісінде дипломаттардың,
министрлердің, экономикалық құрылымның, құқық қорғау органдарының,
прокуратура және қауіпсіздік органдарының қызметтері халықаралық арнада
экономиканың әр түрлі саласында, әсіресе кедендік және салалық істерінде
бағалануда. Дегенмен мемлекеттік сыртқы кедендік қатынасы толық шешілді деп
айта алмаймыз. Оған әл де болса Республиканың халықаралық қызметінің
конституциялық - құқықтық негіздері жеткіліксіз. Осы мән – жайлардың
себебін анықтап зерттеуге көңіл бөлінді.

Кеден режимін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Конституциясында,
өзге де заң актілерінде, халықаралық-құқықтық актілерде көрініс алады,
сондай-ақ кеден режимдерін ұйымдастыру мәселелері мен жетілдіру жолдары
кеден ісі пәнінде іске асырылады.

Маңызды негізгі мәселелері мен жетістіктеріне тоқталады. Яғни
тақырыптың аталуымен сәйкес зерттеледі.

Кеден режимдерін ұйымдастыру мәселелері мен оларды жетілдіру жолдарын
шешу нәтижелерінен тұрады.

Ең алдымен заңдармен реттелудін ерекшелігін айқындау, мәселелердің
себептері мен жағдайларын шешу, мақсатта сай зерттелуін талап етеді.
Тереңінен талдауға жатады субьективті және объективті түрде зерделенеді.
Кеден режимдерін жетілдірудің алғы шарттары белгіленеді.

І-тарау Қазақстан Республикасының кеден режимдерінің теориалық әдістемелік
негіздері.

1.1 Кеден режимінің ұғымы, мәні және қағидалары

Режим сөзінің жалпы мағынасы, іс-әрекет, жұмыс атқару деген ұғымды
білдіреді. Заң әдебиетінде құқықтық режим әлеуметтік режимнің кейбір
обьектілерін, құқықтық нормалармен қамтылған заң құрылғыларымен анықталады.
Кеден режимінің негізгі қызметі өзара қатынасқа түсетін рұқсат етілген,
тиым салынған, реттеуге бағытталған міндеттемелерді реттеу тәртібі. Құқық
субьектісінің әлеуметтік жағдайын және құқықтық реттеу ерекше тәртібін
сәйкестендіре отырып, көзделген мақсатқа жетудегі тұлғаның нақты сатысын
білдіреді.
Кеден режимі институтының кеден құқықтық реттеу миханизіміндегі
орталық орны, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетің
тауарлар мен көлік құралдарының таңдалған режиміне қарасты.
Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не
одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен
көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы
өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын,
Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінде белгіленген нормалардың
жиынтығы;
Таңдалған кедендік режим жекелеген тауар санаттарын тасымалдауға кеден
ресімдеудің тәртібіне және кеден бақылауына, сонымен қатар кеден төлемінің
мөлшеріне ықпал ете отырып жасалынатын іс әрекет шеңберін белгілейді.
Кеден режимі арқылы мыналар анықталады:
а) қолдану мақсатына байланысты Қазақстан Республикасы кеден шекарасына
әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау тәртібі;
б) кеден аумағында және одан тыс тауарларды орналастыру шарттары мен
пайдалану тәртібі;
в) кеден режимін қолданушылардың (бенифициар) құқықтары мен міндеттері;
г) ерекше жағдайларда тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан
Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тұлғаға қойылатын қосымша
талаптар.
Кеден режимін белгілеуде бірқатар белгілері бар:
* тауарлардың шығу тегі;
* тауарларды орналастыру бағыты;
* кеден төлемдері мен алымдарын төлеу және салықтық жеңілдіктерді ұсыну;
* кеден заңдарына сәйкес не кеден органдарының рұқсатымен тауарларды кеден
режиміне орналастыру;
* тауарларды кеден режимінде орналастырудың мерзімі;
* кеден ресімдеуі аяқталғаннан кейінгі тауар мәртебесі;
* және басқа да белгілер.
Ішкі жағдайға байланысты кеден режимін тағайындау Қазақстан Республикасы
Үкіметі елдегі кеден мәселелеріне байланысты шешім қабылдайды.
Кеден режимінің жүйесінде шартты түрде негізгі үш аспектілерін бөліп
қарауға болады:
1) нормативтік - реттеу
2) ұйымдастырушылық
3) материалдық – техникалық

Кеден режимін құқықтық реттеудің маңызды қағидалары:
* кеден режимін таңдаудың міндеттілігі;
* кеден режимін таңдау еркіндігі мен қайта таңдау;
* кеден режиміне бағыну қағидасы.
Кеден заңдарына сәйкес тұлға кез келген кеден режимін таңдауға құқылы
және таңдаудың шығу тегіне, мінездемесіне, мөлшерлемесіне қарамастан кез
келген уақытта таңдалған режимінен бастартып, өзге кеден режиміне
орналастыруға құқылы.
Кеден режимін таңдауда ЖКД-ғы 1-графаға кеден режимінің сандық кодын
жазып, кеден органына тапсырады.
Декларациялау кеден ресімдеуінің ажырамас бөлігі болып табылады,
себебі, ресімдеу барысында таурлар мен көлік құралдарын Қазақстан
Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес белгілі бір кеден режиміне
орналастыру анықталады. Сол себепті, тауар кеден ресімдеуі аяқталған
мезеттен бастап, таңдалған кеден режиміне орналастырылған болып есептеледі.
( кеден декларациясына шығаруға рұқсат етілген штамп қойылып, кеден
органы қызметкерінің жеке нөмірлік мөрі қойылуымен бірге)
Тауарлар мен көлік құралдарын кеден режиміне орналастырылған мезеттен
бастап, оларға пайдалану мен иелік ету құқығы таңдалған кеден режиміне
сәйкес жүргізіледі.
Тауарлар мен көлік құралдарды белгілі бір кеден режиміне
орналастырғаннан кейін пайда болатын құқықтық қатынастарды реттейтін
құқықтық жүйенің қайнар көздері:
1) халықаралық келісім шарттар ( Стамбул Конвенцясы, Карнет туралы
Конвенциясы, АТА уақытша әкелуәкету режимін қолдану туралы; МДП
Конвенциясы Корнет TIR) транзиттік ресімдерді жүргізудің тәртібін бекітеді
және басқа да Үкіметаралық екі жақты келісімдер.
2) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003
жылғы 7 мамырдағы N 187 бұйрығымен бекітілген Еркін қойма кеден режимімен
орналастырылатын тауарларды кедендік бақылау мен кедендік ресімдеудің
ережесі.
3) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003
жылғы 27 мамырдағы N 250 бұйрығымен бекітілген "Кеден режимдері шеңберінде
ресімделетін тауарлар туралы есептің және есептілік ұсынудың ережесі"
4) Кейбір кедендік режимдерге орналастырылатын немесе жекелеген кедендік
режимдерге орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі N
538 Қаулысы
5) Қазақстан Республикасы Кеден Бақылау Комитетімен басқа да атқарушы
органдардың нормативтік құқықтық актілері.
Кеден режимін қолданудың қаншалықты толық және дұрыс
регламенттелгенімен де кеден органы мен кеден режимін қолданушы арасында
құқық пен реттелмеген ерекше аспектілер орын табады. Мұндай жағдайларда
кеден органы лауазымды тұлғасы дирекциялық уәкілеттік кезінде іс жүргізеді.
( өз қалауы бойынша ) бірақ, кеден режимін қолданушы кеден органының
шешімін сотта не әкімшілік юстиция каналдары бойынша қайта қарауға құқылы.
Кеден режимінің қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Кеден Бақылау
Комитетінің бұйрығы мен арнайы жағдайларға байланысты регламенттеледі және
реттеледі. Нақты кеден режимі жөніндегі ережелер Қазақстан Республикасының
Кеден Кодексінің баптарына сәйкес өңделеді, барлық өзекті мәселелермен
елулі сұрақтар қамтылады.
Басқа аз қолданылатын кеден режиміне байланысты нақты ережелер осы
күнге дейін толығымен бекітілген жоқ. Сонда да оларды жүйелендірілмеген
құқықтық актілермен реттейді. Мысалы: Қазақстан Республикасының Кеден
Бақылау Комитетінің бұйрықтары, шешімдері, хаттары бойынша.
Жүйелендірілген заңдылықтың болмауы, кеден режимін қолдану кезінде
кеден ісі саласында берік заңдылықтың нығайуына емес, керісінше Қазақстан
Республикасының СЭҚ-гі сыртқы сауда айналымына кері әсерін тигізеді.
Тауарлардың қолдануының мақсаттарына, межелігіне байланысты мынадай
экономикалық кедендік режимдерді бөледі:
1) қоймалау режимдері (кедендік қойма, еркін қойма) – тауарлардың
сақталуы қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кейбір операцияларды
жүзеге асырудан басқа, ешқандай да бір қолдануынсыз өзге белгілеуді
күту жағдайында өзгеріссіз сақталуы (мысалы, қайта бүктеу, іріктеу
және т.б.
2) қайта өңдеу режимдері (тауарларды кедендік аумақтааумақтан тыс өңдеу,
тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу) тауарлардың жағдайын толық
немесе жартылай өзгерту мақсатында оларды өңдеу және қайта өңдеу
бойынша тек қана белгілі бір операцияларды және алдын-ала бекітілген
шарттар мен талаптарды сақтау кезінде тауарлар қолданыла алады;
3) тауарларды қолдануды көздейтін режимдер (тауарлар мен көлік
құралдарының уақытша әкелу режимі тауарлар мен көлік құралдарының
уақытша әкету режимі)- шектелген номенклатуралық тауарлар өзінің
белгілеуі бойынша қолданыла алады, осы кезде уақытша
әкелінгенәкетілген тауарларды өңдеу және қайта өңдеу бойынша әрбір
операциялар мүмкін емес және табиғи жойылуынан басқа тауарлардың
жағдайын өзгертіп әкелуге тиіс емес.
Ұсынылып отырған кедендік режимдерінің топтастырылған нұсқаларының
тәжірибелік маңызы бар, ең алдымен кедендік реттеу механизмінде рөлін
түсіну және олардың құқықтық регламентациясында түрлі аспектілерін жіті
оқу.
Тауарларды кедендік режимде мәлімдеу және орналастыру.
Белгілі бір режимге тауарларды мәлімдеу күні болып кедендік органда
кедендік декларациясын тіркеу күні табылады, тауарларды кедендік режимге
орналастыру күні болып Кеден кодексімен бекітілген тәртіпте кеден
органның тауарларды шығару күні табылады. Бұл қағида кедендік режимнің
қолданудың басталу күні және мәлімдеген кедендік режимнің шарттарына
сәйкес кедендік бақылауда болу уақыты және кедендік бақылаудың аяқталу
жағдайлары.
Кедендік режимнің шарттары мен талаптарын сақталмағандық үшін
жауапкершілік.
Бұл бап кедендік режимді сақталмағаны үшін жауапкершілік жүктелетін
тұлғалардың және осы жауапкершіліктен босатылатын жағдайлардың
тізімдерін анықтайды.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу үшін
шығарылған тауарларға немесе олардың қайта өңдеу өнімдеріне қатысты
мынадай жағдайда тұлғалар жауапкершілік атқармайды:
1) қайтарымсыз жоғалу немесе апат не болмаса ырық бермес күш салдары
бойынша тауарлар немесе олардың қайта өңдеу өнімдерін қайтармау.
2) қалыпты жағдайдағы тасымалдау, сақтау және қолдану кезіндегі табиғи
тозу немесе табиғи жоғалу салдарынан тауарлар немесе олардың қайта
өңдеу өнімдерінің санының өзгеруі.
3) Мемлекеттік органдар немесе шетел мемлекеттерінің лауазымды
тұлғаларының әрекеттері салдарынан тауарлар немесе олардың қайта өңдеу
өнімдерінің иелігінен шығуы.

1.2 Кедендік режимдердің түрлері және кедендік режимге орналастыру

Тауарлардың кедендік режимдері
Қазақстан Республикасының кеден заңдарын қолдану мақсатында кедендік
режимдердің мынадай түрлері белгіленеді:
1) тауарларды еркін айналыс үшін шығару;
2) тауарлардың кері импорты;
3) кеден қоймасы;
4) бажсыз сауда дүкені;
5) тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу;
6) тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу;
7) тауарларды кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеу;
8) тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу;
9) тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету;
10) тауарлардың экспорты;
11) тауарлардың кері экспорты;
12) тауарлар транзиті;
13) тауарларды жою;
14) мемлекет пайдасына тауардан бас тарту;
15) еркін кеден аймағы;
16) еркін қойма;
17) арнайы кедендік режим.
Кеден органы кеден декларациясын тіркеген күн тауарларды белгілі бір
кедендік режимде мәлімдеген күн болып есептеледі. Кеден кодексте
белгіленген тәртіппен кеден органының тауарларды шығарған күні тауарларды
кедендік режимде орналастырған күн болып есептеледі.
Декларант кедендік режимнің Кеден кодексте белгіленген шарттары мен
талптарын сақтамағандығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жауапты болады. Тулғалар кедендік режимнің шарттары мен талаптары кедендік
бақылаудағы тауарлардың олар еркін айналысқа шығарылғанға дейін не олар
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге іс-жүзінде
әкетілгенге дейін апаттың не ырық бермес күштің әсері салдарынан біржола
жоғалуы, зақымдануы немесе жойылуы себепті сақталмайтын, сондай-ақ
тауарлардың саны немесе жай-күйі тасымалдаудың, көлікпен тасудың, сақтаудың
және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде тауарлардың
табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгерген жағдайларда
жауапты болмайды.
Тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге
қайта өңдеу үшін әкетілген тауарларға немесе олардың қайта өңделген
өнімдеріне қатысты мынадай мән-жайларда жауаптылыққа болмайды:
• тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің апаттың немесе
ырық емес күштің әрекеті салдарынан біржола жоғалуы немесе жойылуы
себепті қайтарылмауы;
• тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдері санының
тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты
жағдайлары кезінде олардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің
салдарынан өзгеруі;
• тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің шетел мемлекеті
мемлекеттік органдарының немесе лауазымды адамдарының іс-әрекеттері
салдарынан иеліктен шығуы.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар
мен көлік құралдары тұлғаның таңдауы бойынша Кеден кодексте көзделген
тәртіпте және шарттарда белгілі бір кедендік режимге орналастырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік режимін тұлға Кеден кодексте
көзделген тәртіпте және шарттарда Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарының арналуы мен
пайдалану мақсатына қарай басқа кедендік режимге өзгертуі мүмкін.

Тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режимін тағайындау.
Тауарларды еркін айналыс үшін шығару – Қазақстан Республикасының кедендік
аумағына әкелінетін тауарларды тұрақты пайдалану мен тұтынуға арналған
кедендік режим.
Бұл кедендік режим Қазақстан Республикасының территориясына Сыртқы
Экономикалық Қатынасқа түсуші мемлекеттерден әкелінетін тауарларға
байланысты ең кең тараған кедендік режимінің бірі. Еркін айналысқа шығаруға
арналған тауарлар Қазақстан Республикасының территориясында еш шектеусіз
қолданыла алады, егер ол тауарлар уақытша әкілінген болмаса.
Шартты түрде енгізген тауарлар мен көлік құралдарының қолданылуына және
пайдалануына қойылған біршама шектеулер бар. Шартты түрде енгізілген
тауарлар шетелдік тауар мәртебесіне ие бола отырып, кедендік бақылауда
болады.
Тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режиміне тауарларды
орналастырудың шарттары.
Тауарларды еркін айналыс үшін шығару:
1) кедендік баждар және салықтар төленген;
2) тарифтік емес реттеу шаралары сақталған;
3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде
көзделген басқа да талаптар орындалған;
4) кедендік ресімдеу аяқталған жағдайларда жүзеге асырылады.
Бұл бапта тауарлардың осы режимге орналасқандығы баяндалады, егер:
1) кедендік баждар және салықтар төленген болса, берілген шарт белгіленген
тауарлардың кедендік баждары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен
мөлшерлемеге сәйкес төленген және басқа да кеден органдары мен алынған
алымдардан (Қосымша Құн Салығы 15% мөлшерлемеде, егер акциздік тауар болған
жағдайда акциздік алымдарды төлеген болса) босатылады;
2) тарифтік емес реттеу шаралары сақталған, Қазақстан Республикасының
енгізуге тыиым салынған немесе шығаруға, сонымен қатар квоталау,
лицензиялау, стандартқа сәйкестігін анықтау, қауіпсіздік талаптарының толық
орындалуы, оның ішінде (техникалық, фармакологиялық, санитарлық,
ветиринарлық, фитосанитарлық, радияциялық, экологиялық ) стандарттар және
де Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қаулыларға сәйкес реттеу
шаралары, тарифтік емес реттеу шаралары деп аталады.
3) Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде
көзделген басқа да талаптар орындалған: Мысалы ретінде Қазақстан
Республикасы Кеден Кодексінің 338-бабында көрсетілгендей валюталық бақылау
талаптарына сәйкес құжаттарды тапсыру және мәміле паспортын декларациялау;
4) кедендік ресімдеудің аяқталу жағдайлары;
Кедендік ресімдеу түсінігінің негізіне Қазақстан Республикасының Кеден
органдары мен кеден шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші
тұлғаның арасындағы байланыс жатады. Сондықтан, кедендік ресімдеу толық
аяқталу үшін кедендік ресімдеуіне байланысты барлық ресімдер мен
процедуралардың аяқталуы.
Тауарлардың кері импортына кедендік режимді тағайындау
Тауарлардың кері импорты-бұрын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан
таурлар экспортының кедендік режиміне сәйкес әкелінген тауарлар ҚР Кеден
Кодекстің 122-бабында белгіленген мерзімдерде, тарифтік емес реттеу
шараларын қолданбай, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды және
экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, кедендік баждардан
және салықтардан босатыла отырып, кері әкелінетін кездегі кедендік режим.
Мұндай тауарларға қауіпсіздік талаптары мен Қазақстан Республикасының
заң актілерінде белгіленген экспорттық бақылау толығымен қолданылады.
Тауарлар қауіпсіздігі ұғымының негізінде Қазақстан Республикасының Кеден
Кодексінің 7-бабының 14-тармағына сәйкес тауарлардың стандартқа сәйкестігі
(техникалық, фармакалогиялық, санитарлық, ветиринарлық, фитосанитарлық,
радияциялық, экологиялық) Қазақстан Республикасының заң актілерімен я
болмаса Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қаулыларымен реттеледі.
Экспорттық бақылау түсінігі Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау
туралы заңында белгіленген тәртіпте негізделеді.
Тауарлардың кері импортының кедендік режиміне орналастырудың шарттары
1. Тауарлардың кері импортының кедендік режиміне тауарларды орналастыру
үшін тауарлардың;
1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі кезінде
қазақстандық тауарлар мәртебесі болуы;
2) әкету сәтінен бастап үш жылдың ішінде тауарлардың кері импортының
кедендік режиміне мәлімделуі;
3) тасымалдаудың, сақтаудың немесе пайдаланудың (қолданудың) қалыпты
жағдайлары кезінде табиғи тозудың немесе табиғи кемудің салдарынан өзгеруді
қоспағанда, олар өзгеріссіз жағдайда болуы;
4) кеден органдары тарапынан бірдейлендірілген болуы тиіс.
2. Тауарларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде кәсіпкерлік
мақсаттарға пайдалану, сондай-ақ олармен жөндеу операцияларын, техникалық
қызмет көрсету және тауарларды қалыпты ұстау үшін қажетті басқа да
операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті
операциялар жасау, жөндеуге байланысты операциялар олардың әкетілген
сәттегі құнымен салыстырғанда тауар құнының өсуіне әкелетін жағдайларды
қоспағанда, тауарларды тауарлардың кері импортының кедендік режиміне
орналастыруға кедергі келтірмейді. Бұл ретте әкетілген күнгі құн мен
әкелінген күнгі құнның арақатынасы тауарлардың кедендік декларациясында
көрсетілетін статистикалық құнның негізінде айқындалады.
3. Таурлар экспортының кедендік режиміне сәйкес әкетілген, таурлардың кері
импортының кедендік режиміне орналастырылатын тауарлар жағдайының
тұрақтылығы, олардың әкелу фактісі, әкетілген күні құжаттамамен расталуы
тиіс.
4. Тауарлардың кері импортының кедендік режиміне тауарларды орналастыруға
осы баптың 1-тармағының талаптары сақталған кезде және, егер әкетілген
тауарлардың бөлігі ғана кері әкелінетін жағдайда да жол беріледі.
Бұл бап бойынша:
1) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы шығарылған тауарлар
қазақстандық тауар мәртебесіне ие болу қажет. Қазақстан Республикасының
Кеден Кодексінің 7-бабының 9-тармағына сәйкес қазақстандық тауар-
қазақстанда шығарылған, өңделген, қайта өңделген Қазақстан Республикасының
аумағында еркін пайдалануға арналған мемлекет меншігіндегі тауарлар;
2) шығарған мезеттен бастап үш жыл ішінде кері импортталған тауарларға
арналған;
Қазақстан Республикасының Кедeн заңдарына сәйкес шығарылу уақыты негізінде
ЖКД-ң тіркеу уақыты алынады. Бұл экспорт кеден режиміндегі тауарлардың ЖКД-
ң анықтама нөмірінің 1-элементі болып табылады.
3) тауарлар экспортының кедендік режиміне сәйкес әкелінген, тауарлардың
кері импортының кедендік режиміне орналастырылған тауар жағдайының
тұрақтылығы, олардың әкетілу фактісі, әкетілген күнгі құжаттамамен расталуы
тиіс.
Тауарлардың өзгеріссіз қалыптағы критерийі дегеніміз: СЭҚ ТН коды
бойынша тауарлардың өзгеріссіз қалуы; Қазақстан Республикасының Кеден
шекарасы арқылы экспорт режимінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс
шығарылған тауарлардың тауарлық наменклатурасына, осы тауарлардың санатына
жататын тауарлардың техникалық және өзге де сапаларының өзгермеуі, табиғи
тозу мен табиғи кемудің салдарынан, ұсақ жөндеу жұмыстарын, тауарды сақтау
мақсатында олармен жасалатын өзге де операцияларды қоса алғанда кері
импортталған тауарларға мұндай өзгерістердің салдарынан өзіндік құны
өспеген жағдайда қалыпты өзгерген жағдайда рұқсат етілмейді. Сонымен қатар
осы категорияға жататын тауарлар Қазақстан Республикасының Кеден
заңнамасына сәйкес тасымалдаудың қалыпты жағдайымен табиғи тозуды есепке
ала отырып, әкелінетін мезеттегі өзіндік құны ЖКД-ң 45-графасында АҚШ
долларымен көрсетіледі. Экспорт режимі бойынша Қазақстан Республикасының
аумағынан тыс шығарылған тауарлар кері импорт режимінде әкелінетін тауарлар
қағаз жүзінде расталуы қажет. Бұл жағдайдың расталу міндеті ниет білдіруші
тұлғаға жүктеледі.
4) келесі кезекте кеден органдары тарапынан бірдейлендіру жүргізіледі.
Бірдейлендіру түсінігінің негізінде Қазақстан Республикасының Кеден
Кодексіне сәйкес кедендік бақылаудың шарттарын бұзбастан тауарлар мен көлік
құралдарын тасымалдауды айтамыз.
Кері импорт кедендік режиміне орналастырылған тауарларға қойылатын
ерекше талаптар:
- ҚР-ң аумағынан тыс комерциялық немесе басқа да мақсаттарда пайдалану;
- Кез келген тұлғалар арқылы тауарларды тасымалдау еркіндігі;
- Кері импорт кедендік режиміне орналастырылған тауарлар кедендік
ресімделуі қажет;
- Бұл тауар қабылдаушының орналасқан жеріндегі кеден органында ресімделуі
тиіс;
1) Қазақстан Республикасының Кеден аумағынан тыс тауарлардың шығарылғанын
растайтын ЖКД;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арыз декларация немесе тауар
қауіпсіздігі жөніндегі сәйкестік сертификаты;
3) Кедендік алымдармен төлемдердің алынғанын растайтын құжат (чектер,
түбіртектер және т.б.)
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экспорттық бақылаудан өткен
тауарларға рұқсат;
Кері импорт кедендік режиміне орналасқан тауарлар сыртқы экономикалық
мәміле шартына сай келмеген жағдайларда немесе басқа да дефектілері
байқалса ол тауар жіберушіге қайтарылады.
Әкетілімдік кедендік баждарды қайтару
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Тауарлардың кері импортын жүзеге асыратын тұлғаға бұрын төленген
кедендік баждар, егер әкету кезінде кедендік шекарадан өткен сәтте
тауарларға қатысты олардың ақаулары болса не тұлғаға қатысты емес мән-
жайлар бойынша сыртқы экономикалық мәмілелер аяқталмаған жағдайда және осы
себептер бойынша тауарлар жеткізушіге не ол атап көрсеткен өзге тұлғаға
қайтарылған болса, мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқық мирасқорлығы
жағдайларын қоспағанда, тауарларды әкеткен адамның өзі тауарларды әкелген;
2) тауарларды пайдалану ақауларды немесе тауарларды қайтаруға әкеп соққан
өзге де мән-жайларды анықтау үшін қажетті жағдайларды қоспағанда, тауарлар
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерде пайдаланылмаған
және жөнделмеген;
3) 2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 4 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) тауарлардың әкетілуі кезінде Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасынан өткен күннен бастап алты айдың ішінде кері импортталған
жағдайлар сақталғанда қайтарылады
2. Экспортталған тауарлар легінің бір бөлігін тауарлардың кері импортының
кедендік режиміне орналастыру кезінде, төленген сомалардың қайтарылуы осы
бөліктің экспортталған тауарлардың легіне сандық қатынасы бойынша
жүргізіледі.
3. Әкетілімдік кедендік баждарды қайтару ҚР Кеден Кодексінің 44-тарауында
белгіленген тәртіппен кері импорттауды жүзеге асырған тұлғаға жүргізіледі.
Кеден қоймасының кедендік режимін тағайындау
Кеден қоймасы – тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды
қоспағанда, әкелінген тауарларды кедендік баждар, салықтар алмай және
тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кеден қоймасы мәртебесі бар
арнайы үй – жайларда немесе орындарда кедендік бақылауда сақтауға арналған
кедендік режим.
Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасының
Үкіметі қабылдаған қаулыға сәйкес сақтауға орналасқан тауар техникалық,
фармакалогиялық, санитарлық, ветиринарлық, фитосанитарлық, радияциялық,
экологиялық қауіпсіз болуы қажет.
Кеден қоймасы кедендік режиміне орналасқан тауарды сыртқы нарыққа
байланысты тиімді сатуға арналған. Мысалы: сыртқы нарықтағы таурға деген
сураныс жоғары болған жағдайда немесе ішкі нарықтағы тауарға қойылған
сұраныстың ара - қатынастың салыстырмалы түрде бағаланып отыруға
мүмкіншілік береді.
Сол себепті кеден қоймасында кедендік режиміне орналақан тауарларды
орналастырушы тұлға оның сыртқы сауда операциясын тиімді жүргізе алады. Бұл
режимнің басты артықшылығы таңдау еркіндігінде.
Тауарларды кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырудың шарттары:
1. Кеден қоймасының кедендік режиміне, тізбесін Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейтін тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар
орналастырылуы мүмкін.
2. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе сақтаудың ерекше
жағдайларын талап ететін тауарлар мұндай тауарларды сақтаудың талаптарына
сәйкес жабдықталған кеден қоймаларына орналастырылуы тиіс.
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Тауарлардың кедендік құны ҚР Кеден Кодексінің 39-тарауында әкелінетін
тауарлар үшін белгіленген тәртіппен айқындалады
Бұл бапта тауарларды кеден режиміне орналастырудың шарттары қарастырылған
аталынған шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2003 жылдың 10-шы
шілдесіндегі №681 Қаулысымен қабылданған.
Кеден қоймасында сақталған кезеңде жарамсыз болған, бүлінген немесе
зақымданған тауарларды өзге кедендік режимге орналастыру
Бұл кеден режиміне кеден қоймасындағы сақталу кезеңінде ырық бермес күштің
әсері салдарынан жарамсыз болған, бүлінген немесе зақымдалған тауарлар,
егер олар жарамсыз, бүлінген немесе зақымданған жағдайларда
әкелінгендегідей болса, декларант таңдаған кедендік режимге орналастырылуға
жатады.
Бұл бапта ырық бермес күштің салдарынан тауарлардың бүлінуі жөнінде
мәлімет берілген. Мұндай тауар арнайы кеден режиміне орналастырылуы тиіс,
себебі: аталған тауар Қазақстан Республикасының кеден аумағына тозған,
бүлінген, кеміген жағдайда әкелінген деп танылуы тиіс. Ырық бермес күш
қайта қалыпқа келмейтін төтенше жағдай (зіл-зала, мысалы: су тасқыны, жер
сілкінісі, қоғамдық жайттар, әскери күй-жай).
Келісім шартты бұзуға мәжбүр болған тұлға мен зиян келтіруші тұлға
арасындағы құқықтық ара-қатынас.
Тиімсіз жағдай түсінігі негізіне тауарды пайдалануға мүмкіншілік
бермейтін жағдай айтылады.
Тауардың бүлінген жағдайы деп, тауарды пайдалану үшін міндетті түрде
күрделі жөндеу мен қаржылай шығындарысыз пайдалану мүмкін еместігін
айтамыз.
Зақым-тауар бүтіндігінің бүлінуі немесе күрделі жөндеусіз қалыпты жай-
күйінің бұзылуы.

Кеден қоймасын құруға арналған барлық талаптарға сай үй-жайлар мен
ашық алаңдар белгілі бір меншікте болуы тиіс. Бұл жағдайда аталған орындар
ҚР-ның Кеден органдары берген лицензия бойынша жеке тұлғаларының меншігі
немесе жалға алынған аумақ.
Мемлекеттік кәсіпорын өзінің меншігіндегі мүлікке иелік ету, пайдалану
құқығын ҚР-ның Азаматтық Кодекстің заңдарына сәйкес іске асырады.
Жалға алу шарты бойынша жалға алушы тұлға меншігіндегі ғимаратты ҚР-
ның Азаматтық Кодексінің 581-бабы бойынша жалға беруге немесе уақытша
пайдалануға рұқсат бере алады, егер жалға беру мерзімі үш жылдан аспайтын
болса.
Аталған бап кеден қоймасын жабдықтаудың нақты талаптарын бекітеді.
Кеден қоймасын реттеуде қолданылатын үй-жайлар мен алаңдардың негізгі
қызметі:
1. тауарлардың сақтауын қамтамасыз ету;
2. бөгде адамдардың қол жетімділігін болдырмау;
3. сақталуын тауарларға қатысты жүргізілген кедендік бақылауын қамтамасыз
ету.
Кеден қоймасы реттеуде пайдаланатын ғимараттар мен үй-жайлардың өрт
қауіпсіздігі, санитарлық және техникалық нормаларға, қауіпсіздік пен
еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келетін қажетті тиеу түсіру техникасы
болуға, сақтауға орналасқан тауар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес
келетін сертификатталған таразы қондырғылары болуы қажет.
Кеден қоймасы реттеуде пайдалынатын үй-жайлар мен орындардың
жарамдылығын ҚР-ның Кеден Кодексінің 130-бабына сәйкес және Кедендік
Бақылау Агентствосының төрағасы бекіткен 2003 жылы 21 мамырда №226 Тексеру
және жеке тексеріп қарау актілерінің нысандары мен ғимараттар және үй-
жайлардың талаптарға сәйкестігін бекіту туралы бұйрықтарын анықтайды.
Бажсыз сауда кедендік режиміне тағайындауды қарастыратын болсақ:
Бұл кеден режимінің ерекшелігі басқа да кеден режимдерімен салыстырғанда
анықталады, мысалы: кеден қоймасының режимі. Бажсыз сауда дүкенінде
орналасқан тауарлар тұрақты сақтауға емес кеден бақылауындағы тауарларды
өткізу мен Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс шығаруға
орналастырылған. Осы кеден режимінің Басты ерекшелігі де осыда.
Аталған тауарларды сату Қазақстан Республикасының өткізу пунктерінде
орналасқан бажсыз сауда дүкенінде іске асады. Бажсыз сауда дүкені режимінде
Қазақстандық тауарлармен қатар шет елдік тауарлар да орналасады.
Тауарларды бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне орналастырудың
талаптары
1. Бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне Қазақстан Республикасына
әкелінуге және Қазақстан Республикасынан әкетілуге тыйым салынған,
Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық айналымнан алынған
тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де
тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының аумағында сатылуы шектелген тауарлар бажсыз
сауда дүкенінің кедендік режимінде Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген талаптар сақталған жағдайда сатылады.
3. Бажсыз сауда дүкенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын
тауарлар бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне орналастыруға жатпайды.
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Тауарлардың кедендік құны ҚР Кеден Кодексінің 39-тарауында
әкелінетін тауарлар үшін белгіленген тәртіппен айқындалады
Бұл кеден режиміне енгізілген тауарлармен қатар отандық
(импортталған) тиым салынбаған тауарлар орналаса алады. Мұндай тауарлардың
тізбесін 2003 жылы 10 маусымда қабылданған №681 қаулысымен анықталады.
Бажсыз сауда дукені кеден режиміне орналасуға тыйым салынған тауарлар:

1. қару-жарақтың барлық түрі, оқ-дәрілер, әскери техника, оларды өндіруге
арналған жиындық бұйымдар, есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ
оларды тұтынуға арналған керек жарақтар;
2. мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтіруге бағытталған
соғысты, терроризмді, зорлық-зомбылықты, нәсіпшілдікті насихаттайтын
баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұнды
материалдар;
3. әскери техникалық мақсаттарға арналған тауарлар;
4. салмағы ауыр тауарлар (20 кг аса) және көлемі үлкен тауарлар
(ұзындығы, ені, биіктігі 200 см асатын);
5. спирттің барлық түрлері.
Бажсыз сауда дүкенінің жұмысын жабдықтауға арналған тауарларды бұл
режимге орнгаластыруға болмайды. Соның ішінде: оргтехника, мұздатқыш
бұйымдары, сүрелер (полка), кеңсе бұйымдары және т.б.
Бажсыз сауда дүкенінің қызметіне қойылатын біліктілік талаптары
1. Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған үй-жай мынадай талаптарға сәйкес
болуы тиіс:
1) ол дүкен иесінің меншігінде болуы не кемінде үш жыл мерзімге жалға
алынуы керек;
2) сауда залы жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
арқылы жол жүрген кезде әкететін тауарларын кедендік ресімдеуді жүргізу
үшін белгіленген орыннан тыс жерде болуы тиіс;
3) өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық және техникалық нормаларға
сәйкес болуы керек.
2. Бажсыз сауда дүкенінің аумағында сауда операцияларын, сондай-ақ
тауарларды сақтауды қамтамасыз ету және тауарларды сатуға әзірлеу (орамасын
ашу, ыдысынан босату және басқалары) жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға
арналған орындар болуы тиіс.
Осы мақсаттар үшін бажсыз сауда дүкенінің аумағында қоршалған орындар:
1) сауда залы (сауда залдары);
2) бажсыз сауда дүкенінің қоймасы (қоймалары) болуы тиіс.
3. Бажсыз сауда дүкенінің сауда залы және қоймасы тек бажсыз сауда
дүкенінің кедендік режимі талаптарына ғана сәйкес пайдаланылуға тиіс.
Аталған орындарды өзге мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмейді.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 146-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін
мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
Білікті талап етудің маңызды шартына бажсыз сауда дүкен ретінде
қолдануға сай және қойылған талаптарға сай келетін ғимараттар және ашық
алаңдарды иемдену жатады. Ол үшін белгілі бір жеке тұлғаның немесе ұжымның
иелігінде аталған орын болуы тиіс. Мұндай орын осы бапқа сәйкес белгілі
біреудің меншігінде немесе жалға алу шарты бойынша иелігінде болады. Бұл
орынға пайдалану, иелену, билік ету Қазақстан Республикасының
Меншік иесі бажсыз сауда дүкенін сатуға, жалға беруге, кепіл зат
ретінде пайдалануға, жарғылық капитал ретінде серіктестікке, қорға,
ұйымдарға қоюға құқығы жоқ (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің
200-бабы).
Жалға алу шарты бойынша жалға алушы тұлға ғимаратты Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінің 581-бабы бойынша жалға беруге және
уақытша пайдалануға рұқсат бере алады, егер жалға беру мерзімі 3 жылдан
аспайтын болса.
Аталған бап бажсыз сауда дүкенін жабдықтаудың нақты талаптарын
бекітеді. Бажсыз сауда дүкенінің аумағы бірнеше жекеленген бөлмелерден
тұруы тиіс:
a) сауда-саттық залы;
b) бажсыз сауда дүкенінің қоймасы.
Сауда залдарының тәртібі бойынша оған Қазақстан Республикасының кеден
аумағына келушінің қол жеткізілімін болдыртпау тиіс. Бажсыз сауда дүкен
қоймаларыи бірнеше міндет атқарады:
1) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету;
2) бөгде адамдардың қол жеткізілімін болдыртпау;
3) осы тауарларға қатысты кеден бақылауын жүргізу.
Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған орындардың жарамдылығын Қазақстан
Республикасының Кеден Кодексінің 145- бабы бойынша және Кеден Бақылау
Агенттігі төрағасының 2003 жылы 21 мамырдағы №226 бұйрығы бойынша кеден
органдарының жарамдылығын анықтайды.
Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режимін тағайындау
1. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу - тарифтік емес реттеу шараларын
қолданбай және кедендік баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу
өнімдерін кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс
жерлерге әкете отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында
шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануға арналған кедендік режим.
2. Осы тарауда белгіленген жағдайларда кедендік аумақта тауарларды
кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған шетел тауарларын қазақстандық
тауарлармен ауыстыруға жол беріледі
Осы баптың мазмұнын ашудың барысында, мен, бұл кеден режимінің
айырмашылығын байқай отырып бірнеше қорытындыға келдім. Біріншіден, тауар
Қазақстан Республикасының кеден аумағына тек қайта өңдеу мақсатында
кіргізіле алады.
Екіншіден, тауарды қайта өңдеуге кіргізетін тұлға барлық кеден
алымдары мен салықтардан босатылады, бірақ өңделген тауарларды шығаруға
міндеттеледі немесе басқа да кеден режимінің барлық міндеттемелеріне сай
орналастырылады.
Кодексте кедендік баж және салық төлемдері тек мына жағдайда жүзеге
асырылады, егер өңдеу заттары Қазақстан Республикасының шекарасында кеден
режимдеріне сай кең айналымға салынса және де қайта өңдеуде СЭҚ ақша
қаражаттары қолданылмаса.
Шет елдік тауарларды Қазақстандық тауарларға ауыстыру мақсатында осы
режимде орналастырылған Киото Конвенциясының арнайы Ғ қосымшасында
қарастырылған.
Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне
тауарларды орналастыру талаптары
1. Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды
орналастыруға:
1) ҚР Кеден Кодекстің 157-бабында белгіленген тәртіппен кедендік аумақта
тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік
органның қорытындысы берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеудің
мақсаты жөндеу болса, аталған қорытындыны беру талап етілмейді;
2) кедендік режим осы Кодекстің 160-бабына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін,
балама тауарларды әкетумен аяқталатын жағдайды қоспағанда, кеден органдары
шетел тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендірген жағдайда жол
беріледі.
2. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбе
бойынша кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынса, кедендік
аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режимін пайдалануға жол берілмейді.
3. Кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режимін осы Кодекстің
374-бабына сәйкес декларант ретінде болуы мүмкін тұлға мәлімдеуі мүмкін.
4. Шетел тауарларын қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру
кезінде қазақстандық тауарлар пайдаланыла алады.
Бұл бапта тауарлардың кеден аумағында қайта өңдеу режиміне
орналасуының негізгі шарттары көзделген. Қазақстан Республикасының кеден
аумағында қайта өңдеу режимін таңдау үшін қайта өңдеу талаптарын өкілетті
орган бекітеді. Белгіленген жағдайды, шикізаттың нақты мөлшерін, қайта
өңдеу өнімінің шығу нормаларын мемлекеттік орган қарастырады (мыс.,
Энегетика және миниралдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда
министірлігі ). Егер қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, онда
көрсетілген қорытындылардың қажеті жоқ.
Эквиваленттік тауарлар кодексте берілгендей сыртқы мінездемесі
техникалық сапа жағынан кіргізілген тауарлармен сәйкестікке алатын тауарды
айтамыз. Тауарды бірдейлендіру талаптары Қазақстан Республикасының
кодексінің 160-бабында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2003 жылы 10 шілдеде қабылдаған №681
қаулысына сәйкес спирт өнімдерінің барлық түрлері кеден аумағында қайта
өңдеу режиміне орналастыруға жатпайды.

1.3 Кеден режимін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Зан, бойынша кеден режимі Қазақстан кеден шекарасы арқылы кедендік
мақсат үшін өткізілетін тауар мен көлік құралдарының мәртебесін айқындайтын
ережелер жиынтығын білдіреді және бұл "Кеден ісі туралы" Заңда
мазмұндалған. Бұл айқындама ТМД қатысушы - мемлекеттердің Кедендік
заңдарының негізінде және Ресейдің Кеден Кодексінде аталып кеткен түжырымға
ұқсас. Соңғысынан айырмашылығы "Кеден ісі туралы" Жарлықта 14 кеден режимі
анықталған еді ("Кеден ісі туралы" заңда бұл түзетілген), сол кезде-ақ 15
режим бекітілген: тауарларды еркін айналысқа шыгару; тауарлардың кері
импорты; тауарлардың транзиті; кеден қоймасы; бажсыз сауда дүкені; кеден
аумағында тауарларды қайта өңдеу, кеден бақшауымен тауарларды ұқсату;
тауарларды уақытша әкелу және әкету; еркін кеден аймағы еркін қойма;
тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу, тауарлар экспорты, тауарлардың
кері экспорты, тауарларды жою, мем-лекет пайдасы үшін тауарлардан бас
тарту.
"Еркін қойма" режимі алғаш заңда кеден режимінің бір түрі "еркін кеден
аймағы" режимімен бірге бекітілген еді, бірақ іс жүзінде екі түрлі режим
туралы әңгіме болып отыр.
Кеңес Одағы Кеден Кодексі жабық мемлекетке жауап беретін үш кеден
режимін қарастырды: КСРО аумағында және
осы аумақтан тыс еркін айналыс үшін; КСРО кеден аумағына уақытша әкелу
немесе осы аумактан уақытша әкету мақсатында; КСРО аумағы арқылы транзит
үшін. М. А. Сәрсембаев тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуінің
темендегідей қағидаларын атап кетеді: мемлекеттердің кедендік шекаралары
арқылы өтуін камтамасыз ету қағидасы; ұлттық және жалпы адамзаттық
қүндылықтарға шығын келтіретін тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуге
тыйым салу қағидасы; тауарларды әкелу мен әкетуге шектеудің мүмкіндігінен
туындайтын қағида (Сәрсембаев М. А. 44 бет.).
Тауарларды еркін айналысқа шығару режимі әкелінген тауардың кеден
аумағында қалуы немесе түтынылуы үшін белгіленеді. Мұнда оларды әкету үшін
ешқандай міндеттеме берілмейді. Осы көрсетілген режим бойынша тауар өткізу
үшін кеден төлемдері мен салықтарын төлеу, экономикалық сая-сат шараларын
және басқа шектеулерді сақтау, кеден рәсімдерін аяқтау қажет.
Тауарларды еркін айналысқа шығару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
- кеден төлемдері мен салығын төлеу;
- тарифтік емес реттеу шарасы мен валюталық бакылау аймағындағы
талаптарды сақтау;
- заңда қарастырылған басқа да талаптарды орындау;
- кеден ресімдеуін аяқтау барысында. Тауарлардың кері импорты
кедендік режим ретінде экспорттық кедендік режиміне сәйкес кеден бажы мен
салығы алынбай, сондай-ақ, тауарларға экономикалық саясат шаралары
қолданылмай әкетілген тауарды кері әкелу мүмкіндігі үшін арналған.
Заң бойынша кері импортталатын тауар әкетілген кезден бастап үш жыл
ішінде кеден аумағына табиғи тозу мен кемуіне байланысты болған
өзгерістерден басқа уақытта тауар әкетілген кездегі күйінде қайтарылуы
тиіс. Ресей заңдылығы және Кеден заңдарының негіздері 10 жылдық мерзімді
белгілеген.
Кеден органдары кері импортты түлғаға бүрын төлеген кеден төлемін
қайтарып береді. Өз кезегінде тауарларды өткізуші түлға экспортқа шығару
кезінде төлемдер ретінде немесе өзге жеңілдіктер нөтижесінде алған
сомаларын қайтарады. Осы сомалардан басқа олардан Қазақстан Республика-
сының Ұлттық Банкі белгілеген ресми пайыздық мөлшер бойынша пайыздар
өндіріліп алынады.
Кедендік режимнің кері импортының тауарларының қатарына төмендегі
тауарлар түрлерін енгізуге болады:
- экспорттың кедендік режиміне сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының
аумағынан тыс әкетілген тауарларды;
- әкетілген кезінен бастап үш жыл ішінде Казақстан Республикасының
кеден аумағына әкелінген тауарларды;
- дұрыс тасымалдау жөне сақтау жағдайларындағы табиғи тозуы мен
шығынның болуы табиғи күштің немесе апаттың салдарынан тауарлардың бұзылуы,
сапасының төмендеуі, сондай-ақ бұл тауарларға сақгап қалу мақсатында оның
құнын өзгермейтіндей кішігірім жөндеу жұмыстарының жүргізілуі сияқты
өзгерістердің болмаған жағдайында, әкетілген кезін-дегідей сол қалпында
сақгалған тауарларды;
Табиғи тозу не тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі
тозуды анықтау сол тауарға қатысты стандартпен анықталады. Табиғи немесе
апаттық күштер салдарынан өзгеріске ұшырау жағдайы, фактісі Кдзақстан
Республикасының шет елдегі консулдық мекемесімен құжаттай куәландырылып
бекітілуге тиіс.
Әкелу уақыты кедендік декларацияны қабылдау күнінен бастап есептеледі.
Шет мемлекеттің аумағынан кедендік бақылау негізінде өткізілетін, кеден
телемі, салығы алынбайтын, экономикалык саясат шаралары қолданылмайтын
"тауарлар транзиті" деп аталатын кедендік режим жүзеге асады. Бұл жағдайда
Ресей заңы мемлекетгің екі кедендік органдарының (тағайындайтын және
жіберетін кеден органдары жөнінде сөз болуда) "кедендік бақылауына" тиісті
анықтамаларды, түсініктемелерді береді.
Қазақстан заңы бойынша тауарлар транзиті ережесіне кіретін тауарларға
ерекше талаптар қойылады. Тауарлар транзиті кеден органдарының сұқбаты
негізінде жүзеге асырылады!
Тауарлар транзиті режиміне Қазақстан Республикасына әкелуге және
Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды кіргізуге жол
берілмейді.
Тауарлар транзитінде жауапкершілік тасымалдаушыға жүктеледі. Тауарлар
жоғалған болса, кеден органдарының рүқса-
тынсыз берілген болса және занда қарастырылған басқа да жағдайда кеден
бажы мен салықтарын төлеуге тиісті.
Мына жағдайларда тауарлар транзитіне рүқсат беріледі:
- көлік құралдарына қатысты жабдықтау талаптарын сақтаса;
- кедендік баж және салықгың төленуін қамтамасыз ететін өкілетті
банктің кепілдігін алғанда немесе ҚР кеден органының депозитіне қажетті
ақыны төлеген жағдайда;
- кедендік алып жүру барысында.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 1995 жылғы 12
мамырда Қазақстан МДП-ның Кітапшасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлар мен көлік құралдарын жекелеген кедендік режимдер бойынша кедендік ресімдеуді ұйымдастыру тәртібі
Тауарларға және көлікке тиесілі құжаттардың дұрыс рәсімделуін
Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Еркін сауда аймақтары
Төтенше жағдай режимінің құқықтық негіздері
Арнайы кедендік режим
Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдар мен кедендік бақылауға жататын көлік құралдар
Кедендік одақтың теориялық аспектілері
Әкімшілік - құқықтық режимнің түрлері
Тауар мен көлік құралдарын рәсімдеу және кедендік бақылау механизмін жетілдіру жолдары
Пәндер