Алдын ала тергеудегі конституциялық қағида ретіндегі кінәсіздік презумпциясы



Кіріспе

1 Алдын ала тергеудегі конституциялық қағида ретіндегі кінәсіздік презумпциясының мәні мен маңызы
1.1 Конституциялық қағида ретінде кінәсіздік презумпциясының мәні
1.2 Кінәсіздік презумпциясы алдын ала тергеудегі айыпталушының құқығы мен заңды мүддесін қамтамасыз етудің кепілі ретінде

2 Алдын ала тергеудегі конституциялық қағида ретінде кінәсіздік презумпциясын дәлелдеу арқылы іске асыру
2.1 Алдын ала тергеу органдарына жүктелген дәлелдеу міндеті кінәсіздік презумпциясының бірден.бір көрінісі ретінде
2.2 Алдын ала тергеудегі айыптау мен қорғаудың процессуалдық функциялары мен дәлелдеу міндеті
2.3 Алдын ала тергеудегі айтысушылықтың өркендеуі мен дәлелдеудегі тергеуші мен айыпталушының мүмкіндіктерінің нақты байланысы

Қорытынды

Қолданылған әдебиет тізімі
«Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында», халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі мойындалады деп белгіленсе [1], Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасында ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген [2, б. 4].
Ол туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» Стратегиясында: «Мемлекеттің басты бағыты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және оны қамтамасыз ету, сондықтан да адам мен азаматтардың конституцияда көрсетілген құқықтарын өте жоғарғы дәрежеде кепілдендіру қажет, өйткені тұлғаның құқықтары мен бостандықтары әлемдік өркениеттің құндылығы болып саналады»,- деп атап өткен /3, б. 15/.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз, егеменді ел болып жарияланғанына 15 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында елімізде бірнеше күрделі жұмыстар атқарылды. Соның ішінде республикамыздың құқықтық жүйесі қалыптасып, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Ал қазіргі кезде, құқықтық мемлекет болғаннан кейін, сол құқықтық жүйені одан әрі жетілдіріп, дамытуымыз керек.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» делінген Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәрінен бұрын, құқық қорғау жүйесін оңтайландырып, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін түзу керек.
Біздің заңдарымызды ізгілендіріп, олардың сапасын арттыру қажет. Құқық қорғау жүйесінің қызметінде екпін ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқы мен мемлекеттің мүддесін қорғауға қарай ауыстырылуы тиіс» - деп атап көрсетеді /4, б. 22/.
Жүргізіліп жатқан құқықтық реформа аясында шешімін таппаған мәселелер қазіргі таңда әлі де кездесуде. Солардың бірі – қылмыстық іс жүргізу заңнамасын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жетілдіру болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану барысында қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың, соның ішінде сезікті мен айыпталушының, конституциялық құқықтары толық кепілдендірілуі тиіс.
1
2 Қазақстан Республикасының Конституциясы: Республикалық референдумда 1995 жылы 30-тамызда қабылданды. – 4 б.
3 Қазақстан Республикасы Н.Ә.Назарбаевтың 1997-жылы Қазақстан Республикасы халқына жасаған Жолдауы «Қазақстан - 2030». 15 б.
4 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы, 2010 жыл ақпан. – С. 22.
5 Мами К.А. Проблемы усиления гарантий прав участников уголовного процесса //Проблемы усиления гарантий прав участников уголовного процесса: Мат-лы междунар.науч.-практ.конф. – Алматы: Киік, 2003. – 122 с.
6 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 1997 жылы 13-желтоқсандағы, № 206-1 Қазақстан Республикасының Заңы.
7 Безлепкин Б.Т. Уголовный процесс России / Курс лекций. – М., 1997. С. 43.
8 Деятельность юрисдикционных органов по охране прав личности / Сборник научных трудов. – М., 1994. С. 32.
9 Б.Т. Безлепкин, В.Т. Томин Презумпция невиновности и советский уголовный процесс // Развитие науки и практики уголовного судопроизводства в свете требовании Конституции СССР. – М., 1979. С. 64.
10 Ларин А.М. Проблемы расследования в советском уголовном процессе: Дисс. ...докт. юрид. наук. – М., 1970 – Т. 1. С. 72.
11 Уголовный процесс России. Лекции – очерки / Под ред. проф. В.М. Савицкого. – М., 1997. С. 78.
12 Безлепкин Б.Т. Уголовный процесс России / Курс лекций.– М., 1998. С. 27-33.
13 Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. – М., 1968. С. 351.
14 Сборник постановлений Пленума Верховного Суда СССР (1924-1986 г.г.) – М., 1987. С. 805-814.
15 Либус И.А. Презумпция невиновности в советском уголовном процессе. – Ташкент, 1981. С. 12.
16 Савицкий В.М. Презумпция невиновности. – М.: Норма. 1997. С. 26.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Алдын ала тергеудегі конституциялық қағида ретіндегі кінәсіздік
презумпциясының мәні мен маңызы
1.1 Конституциялық қағида ретінде кінәсіздік презумпциясының мәні
1.2 Кінәсіздік презумпциясы алдын ала тергеудегі айыпталушының құқығы мен
заңды мүддесін қамтамасыз етудің кепілі ретінде

2 Алдын ала тергеудегі конституциялық қағида ретінде кінәсіздік
презумпциясын дәлелдеу арқылы іске асыру
2.1 Алдын ала тергеу органдарына жүктелген дәлелдеу міндеті кінәсіздік
презумпциясының бірден-бір көрінісі ретінде
2.2 Алдын ала тергеудегі айыптау мен қорғаудың процессуалдық функциялары
мен дәлелдеу міндеті
2.3 Алдын ала тергеудегі айтысушылықтың өркендеуі мен дәлелдеудегі
тергеуші мен айыпталушының мүмкіндіктерінің нақты байланысы

Қорытынды

Қолданылған әдебиет тізімі

КІРІСПЕ

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында, халықаралық
құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында жеке адамның құқықтары мен
бостандықтарының үстемдігі мойындалады деп белгіленсе [1], Қазақстан
Республикасының Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасында ең
қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп
көрсетілген [2, б. 4].
Ол туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан-
2030 Стратегиясында: Мемлекеттің басты бағыты – адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғау және оны қамтамасыз ету, сондықтан да адам мен
азаматтардың конституцияда көрсетілген құқықтарын өте жоғарғы дәрежеде
кепілдендіру қажет, өйткені тұлғаның құқықтары мен бостандықтары әлемдік
өркениеттің құндылығы болып саналады,- деп атап өткен 3, б. 15.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз, егеменді ел болып жарияланғанына 15
жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында елімізде бірнеше күрделі
жұмыстар атқарылды. Соның ішінде республикамыздың құқықтық жүйесі
қалыптасып, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Ал қазіргі кезде,
құқықтық мемлекет болғаннан кейін, сол құқықтық жүйені одан әрі
жетілдіріп, дамытуымыз керек.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жаңа онжылдық –
жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері делінген
Қазақстан халқына Жолдауында: Бәрінен бұрын, құқық қорғау жүйесін
оңтайландырып, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін түзу керек.
Біздің заңдарымызды ізгілендіріп, олардың сапасын арттыру қажет. Құқық
қорғау жүйесінің қызметінде екпін ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың
құқы мен мемлекеттің мүддесін қорғауға қарай ауыстырылуы тиіс - деп атап
көрсетеді 4, б. 22.
Жүргізіліп жатқан құқықтық реформа аясында шешімін таппаған мәселелер
қазіргі таңда әлі де кездесуде. Солардың бірі – қылмыстық іс жүргізу
заңнамасын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз
ету мақсатында жетілдіру болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын
қолдану барысында қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың, соның ішінде
сезікті мен айыпталушының, конституциялық құқықтары толық кепілдендірілуі
тиіс.

1 АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУДЕГІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚАҒИДА РЕТІНДЕГІ КІНӘСІЗДІК
ПРЕЗУМПЦИЯСЫНЫҢ
МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

1. Конституциялық қағида ретінде кінәсіздік презумпциясының мәні

Конституциялық қағида ретінде кінәсіздік презумпциясы (ҚР ҚІЖК 19 б.)
қазақстандық қылмыстық сот өндірісінің бірден-бір маңызды басшылыққа алатын
бастама болып табылады. Мемлекеттік органдардың қызметінің сипаттамасы,
яғни оларға тапсырылған қылмыстарды ашу, іздеу мен кінәлілерді әшкерелеу
және оларды тиесілі жазаға тарту, көбінесе осы қағидамен анықталады.
Қоғамдық өмірде кінәсіздік презумпциясының рөлі белгілі бір мемлекетте
үстемдік етуші саяси режимге байланысты болып келеді, бұл дегеніміз
әлеуметтік-саяси тамырлардың тереңдігін растайды. Тура демократиялық
құқықтық мемлекетте ең жоғары әлеуметтік құндылық ретінде, адамгершілік
тұлғасына ізетті қарым-қатынасты белгілейтін қылмыстық әділеттің негізгі
идеясы болып табылады 7, б. 43.
Кінәсіздік презумпциясы айыпталушының құқықтық жағдайына белгілі бір
ықпал етуді білдіреді және қылмыстық іс бойынша өндірістің барлық жағына
белсенді әсер етеді 8, б.32. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылатын
тұлғаның құқықтық мәртебесін анықтайды; қылмыстық-процестің
қатысушыларының арасындағы дәлелдеу бойынша қылмыстық жүктемені бөлуге
ықпал етіп, айыпталушыдан оны алып, қылмыстық істі тергеу мен шешуге
жауапты мемлекеттік органдарға жүктейді; кінәсі дәлелденбеген тұлғалардың
толық ақталып шығуына негіз болып қызмет етеді; сейілмеген күдікті
айыпталушының пайдасына түсінік беруді талап етеді; істелінген қылмыста
тұлғаны (тек соттың үкімі бойынша) кінәлі деп тануға жеткілікті
процессуалдық кепілдіктердің көлемін анықтайды, демек, алдын ала тергеу мен
сот талқылауы арасындағы нақты айырмашылықты жүргізеді.
Кінәсіздік презумпциясы азаматты негізсіз айыптаудан қорғап, кез-келген
айыпталушыға тағылған айыптан белсенді түрде қорғануына мүмкіндік беретін,
жеке тұлғаның бостандығы мен қадір-қасиетіне маңызды кепіл болып қызмет
етеді. Кінәсіздік презумпциясы істің шешілу барысында соттың қателік
жасамауына көмектесетін және істің затын айқындайтын, айыптау мен қорғау
арасындағы айтысушылықты (полемика) ынталандырады.
Кінәсіздік презумпциясын тек заңның нормасына ғана телу қажет емес.
Кінәсіздік презумпциясы – қылмыстық процеске қарағанда, бұл анағұрлым
жоғары дәрежелі жүйенің компоненті (бөлігі). Ол қылмыстық сот өндірісіндегі
айыпталушының жағдайын сипаттамайды, ол – азаматтардың жалпы құқықтық
мәртебесінің элементі 9, б. 64.
Кінәсіздік презумпциясы бір мезгілде объективті құқықтық қағида,
конституциялық қағида және қылмыстық процестің қағидасы болып танылады.
Қағидалар арқылы құқық қоғамның терең процестерімен және қоғамдық
өмірдің заңдылығымен тығыз байланысты.
Кінәсіздік презумпциясының бір мезгілде Коституция мен Қылмыстық іс
жүргізу кодексінде көрініс табуы мүмкін емес. Мұндай қайталау Негізгі заңда
бекітілген ережелер үшін, яғни аса нақты нормаларда даму үшін қажет. Бұл
Конституция нормаларының іс жүзінде асуына кепіл болады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының принциптері ғылыми тұжырымда дербес
құқықтық норма ретінде көрінуі мүлдем міндетті емес. Қылмыстық іс жүргізу
құқығының принциптері заңда жазылған нормалармен салыстырғанда, әдетте
абстракцияның жоғарғы сатысы болып келеді 10, б. 72.
Принцип (қағида) нақты бір нормада ғана емес, ол құқықтық нормалар
жүйесінде маңызды қарым-қатынас пен сол нормалардың ортақтығын көрсетеді.
Осыдан барып принциптің мәні негізгі, анықтаушы, басты ереже ретінде
шығады.
Кінәсіздік презумпциясының призмасы арқылы қылмыстық іс жүргізу
құқығының басқа да принциптері барабар көрінеді. Кінәсіздік презумпциясы
– басты принцип ретінде емес, өйткені ол – барынша кең жоспарлы,
қылмыстық іс жүргізу құқығының бүкіл барлығын жанап өтетін принцип.
Кінәсіздік презумпциясы ұлғайту қасиетке ие, яғни біздің қылмыстық сот
өндірісінің, сот әділдігінің, демократияның мәнін түсіну мүмкіндігімізді
кеңейту болып танылады 11, б.б. 7-8. Кез-келген қылмыстық іс жүргізу
кодексінің нормасы тікелей болмаса да жанама түрде кінәсіздік
презумпциясымен байланысты.
Кінәсіздік презумпциясының ерекшелігі: қылмыстық сот өндірісінің, оның
ішкі заңдылығының даму нәтижесі болып танылмайды; ол қоғамдық саяси идея
ретінде XVIII ғасырда Ұлы француз революциясына дейін пайда болып,
қылмыстық процеске саясаттан келіп жетті. Содан бері кінәсіздік
презумпциясы қоғамдық қатынастар тәжірибесіне мықты еніп, ең жоғарғы
адамгершілік жетістігі ретінде мойындауды жаулап алды 12, б. 27.
Кінәсіздік презумпциясы алғаш рет қылмыстық іс жүргізу институты
ретінде 1789 жылы Францияда қабылданған Адам және азамат құқықтары
Декларациясында қалыптасқан. Декларацияның 9-бабы: адамды кінәлі деп
сотпен жарияламағанынша, оны кінәсіз деп жорамалдайды, қажет болған
жағдайда оны тұтқындау барысында көрсетілген қаталдық, заңмен қатаң
жазаланады.
Келтірілген тұжырым шынайы мүлтіксізден алшақ болатын. Көбінесе ол
айыпталушының процестегі жағдайын анықтаудан бұрын, бұлтартпау шараларын
негізсіз қолдануына тыйым салатын. Сондай-ақ тәжірибеде де кінәсіздік
презумпциясы шынайы қолданысты таппады; айыпталушы үшін де анық кепіл бола
алмады. Әйтсе де, бұл басқа да мемлекеттердің заңдарының дамуына үлкен
әсерін тигізді.
ХХ ғасырда бұл принцип халықаралық құқықтың мынадай актілерінде
көрініс тапты, 1948 жылы 10-желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған,
Адам құқықтарының жалпы Декларациясы, және 1966 жылы 16-желтоқсандағы
Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің 14-бабы 1973 жылы
КСРО-да бекітілген.
Халықаралық пактінің көрсетілген бабында былай делінген: Әрбір
айыпталушының кінәсі заңға сәйкес дәлелденбегенше, ол өзін қылмыстық іс
жүргізуде кінәсіз деп тануға құқығы бар. Және берілген нормада кінәсіздік
презумпциясы принципі анықтамасының толық еместігін байқау қиын емес.
Біздің мемлекетімізде ұзақ уақыт бойы кінәсіздік презумпциясы
мойындалмады. Біз тарихтан сол даусыз дәлелді естен шығару қандай қайғылы
салдарға әкеліп соғатынын байқаймыз, яғни бұл жерде ең жоғары құндылық
адам, оның құқығы мен бостандығы екендігін көреміз.
Коммунистік идеология құқықтық мемлекет пен билікті бөлу теориясын
буржуазиялық ойдан шығару деп, оны ешқашан қабылдамаған. Әлеуметтік
дауларды шешеті, тарихи болып табылатын, сот сияқты арнайы құралсыз,
бірде-бір мемлекет амалдай алмағандықтан, билікке келген большевиктер сот
органдар жүйесін РКФСР, кейіннен КСРО территориясында құрды.
Бұл жүйе жеткілікті демократиялық түрде советтік Конституцияларда
және салааралық заңдарда түсіндіріліп айтылған. Сот әділдігін ұйымдастыру
мен жүзеге асыру тәртібін реттейтін көптеген құқықтық нормалар, тіпті
әлемдік стандарт көзқарасымен де эталон деп есептелінеді. Коммунистік
партияның бөлінбейтін үстемдігінен туындаған конституциялық декларация мен
шындық арасында болған алшақтық кедергі келтірді.
КСРО тұсында ешқашан тәуелсіз және дербес сот билігі болмаған. Сот,
прокуратура, анықтау және тергеу органдарымен мемлекет атынан істеген
әрекеттерді, тікелей әртүрлі партиялық комитеттер мен олардың жеке
қызметкерлерінің нұсқауы бойынша жасалған. Сонымен бірге әр соттық іс
бойынша бұйрық барлық деңгейге шектеусіз берілетін.
Сталлин кезіндегі іске асқан әрекеттерді еске алсақ, яғни миллиондаған
адамдарды ату мен оларды лагерьде қамауда ұстау, сонда сол уақытта
кінәсіздік презумпциясы принципі сақталған ба, деген сауал туындайды. Егер
ол халық жауы болса, оның кінәсін дәлелдеудің не қажеті бар? Халық жауының
отбасы мүшелерінің кінәсін дәлелдеудің қажеті не, егер сол уақытта РКФСР
Қылмыстық кодексінің 58-бабына негізделіп, оның отбасының мүшелері
болғандығы үшін ғана, оларды Сібірдің ұзақ аумақтарына жер аудару тиісті
болатын. Кінәсіздікке рұқсат ету – бұл кесірлі ой, ол қылмыстылықпен
нәтижелі күресуге кедергі жасайды социалистік құрылыстың адал
қорғаушыларының әрекеттерін байластырады. Ешқандай да презумпциялар бізге
қажет емес.
Революциядан кейінгі мемлекетімізде кінәсіздік презумпциясы бірнеше
негізгі кезеңдерді өткерді.
1936 жыл. КОКП ОК (ЦК КПСС) Хатшысының әмірі бойынша құқық қорғау
органдарының бірінші тұлғаларынан құрылған арнайы комиссияға (КСРО Бас
прокуроры, КСРО Жоғарғы Сотының төрағасы т.б.), советтік қылмыстық іс
жүргізу құқығында кінәсіздік презумпциясы бар ма, әлде жоқ па дегенді
ұғыну тапсырысы берілді. Комиссия бұл сауалға жауап бере алмады, бірақ
қаулы етті: кінәсіздік презумпциясы жайлы пікірталасты қажет емес деп
тоқтату. Осыдан соң баспалар мен редакцияларда қолжазбалардан кінәсіздік
презумпциясы терминін және оның қорғану ұстанымдарын жоя бастады.
Дегенмен, 1977 жылы КСРО Конституциясында кінәсіздік презумпциясы
бекітілгенге дейін, кейбір процессуалист-ғалымдар 1936 ж. Конституцияда
айыпталушының қорғануға құқығы бар деп баянды етілген тұжырымды сақтап
қалуға тырысты. Мысалы, 1968 жылы бұл жайында М.С.Строгович: Әрекет етуші
қылмыстық-процессуалдық заңнамаға кінәсіздік презумпциясы формуласын жеке
құқықтық норма ретінде қосуға, жеткілікті негіз бар деп санаймыз 13, б.
351.
1977 жыл. КСРО Конституциясында (160 б.) жазылған: Ешкім де жасаған
қылмысына кінәлі деп танылмайды, сондай-ақ заңға сәйкес соттың үкімі
болмаса, қылмыстық жазаға тартылмайды. Бұл сөзді кінәсіздік презумпциясы
деп тікелей айтып көрсетуге болмайды, өйткені, үкім шыққанға дейін
айыпталушыны кінәсіз деп санауға болады ма, әлде жоқ па деген сұраққа жауап
бере алмайды, бірақ онда кінәсіздік презумпциясының басты идеясы: кінәлі
деп тек сот қана таниды, деп көрсетілген.
1978 жыл. Конституциясының бұл нормасына сүйеніп, КСРО Жоғары Сот
пленумы (16 маусым № 5) Айыпталушыға қорғану құқығын қамтамасыз ететін
заңдарды сотпен қолдану тәжірибесі туралы қаулы қабылдады 14, б. 805.
1989 жыл. Мемлекет Парламенті сот құрылысы туралы КСРО заңнамаларының
Негізін қабылдады, онда Кінәсіздік презумпциясы делінген арнайы 14-бап
пайда болды, бұл бапта принциптің мазмұнын ашып көрсететін нақты тұжырым
айқындалған.
1991 жыл 22-қараша РКФСР Жоғары Кеңесі Адам және азаматтың құқықтары
мен бостандықтары Декларациясын қабылдады. Декларацияның 34-бабында былай
делінген: Әрбір айыпталушы заңмен көзделген тәртіпте, сондай-ақ жетік,
тәуелсіз және әділ соттың заңды күшіне енген үкімменен кінәлі деп
танылмайынша, ол кінәсіз деп саналады.
Аздап бір-екі жылдан соң мемлекеттің заң шығарушы билігі кінәсіздік
презумпциясын өзгеше тұжырымдамасын бекітеді.
1993 жыл. 1993 жылы 28-қаңтарда бекітілген Қазақстан Республикасы
Конституциясының 77-бабында кінәсіздік презумпциясының анықтамасы мен оның
негізгі ережелері берілген:
Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол
жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес.
Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының
пайдасына қарастырылады.
Берілген анықтама өте кең, терең болып танылады, берілген принциптің
нақты мәнін ашып көрсетеді.
Конституцияның өзінде кінәсіздік презумпциясы термині болмаса да, оны
түсіндіру мен анықтамасы бар. Терминнің жоқтығы, түсініктеменің жоқтығымен
бірдей емес, және де логика әрбір түсініктеменің міндетті түрде
терминологиялық көрсетуін талап етпейді.
Берілген жағдайда кінәсіздік презумпциясы термині белгілі бір екі
себеппенен қолданбады. Біріншіден, Конституцияда баяндалып көрсетілген
тәсілменен бірден-бір баптың атауы жоқ. Егер баптарға басқа да заңды
актілерде кездесетін сияқты атаулар берілетін болса, онда 77-бапта
кінәсіздік презумпциясы дегеннен басқа ештеңе болмас еді. Екіншіден,
Конституцияда бұл терминнің болмаған себебі, тіпті заңгерлердің өздері де
шеттілдес презумпция сөзін әртүрлі талқылап, түсінеді.

2. Кінәсіздік презумпциясы алдын ала тергеудегі айыпталушының құқықтары
мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің
кепілі ретінде

Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанды демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялап, оның ең қымбат
қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп
мойындады (ҚР Конст-ның 1 б.). Адам және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын мойындау, сақтау және қорғау – мемлекеттің міндеті.
Алдын ала тергеудегі тұлғаның құқықтары процессуалдық кепілдіктер
жүйесімен қорғалып, оның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыру мүмкіндігін тудырады және олардың заңсыз шектелу мүмкіндігін
тоқтатады. Азаматтардың құқықтарының кепілі деп мемлекет пен қоғам
қалыптастырған материалдық, саяси, идеологиялық және құқықтық жағдайды
айтамыз, азаматтарға берілген құқықтарын нақты пайдалану мүмкіндігі осыған
байланысты.
Қылмыстық іс жүргізуде айыпталушының қорғануға құқығын іске асуын
қамтамасыз ету маңызды болып келеді. Қорғану құқығы – бұл мемлекетпен
кепілдендірілген, айыпталушының өзіне қарсы тағылған айыпты жоққа шығару,
кінәсіздігін немесе кем дегенде, кінәсін заңмен анықталынған жолдармен
дәлелдеу мүмкіндігі танылады. Мысалы, айыпталушыға айып тағылғаннан кейін,
заң бойынша, одан міндетті түрде жауап алу керектігі туралы ереже
айыпталушының қорғану құқығының басты кепілдігі. Жауап алу алдында
айыпталушыға қорғаушымен тілдесу (хабарласу) құқығына рұқсат беру, тергеу
әрекеттерінің барысында өзінің мінез-құлқын дұрыс ұстау тактикасын
таңдауға мүмкіндік береді.
Қорғау құқығын іске асыру айыптың ұстанымын тиянақтауға септігін
тигізеді. Осылайша, қорғану құқығы – бұл қылмыстық жауаптылыққа тартылатын
тұлғалардың заңды мүдделерін қорғау құралы және де қылмыстық іс жүргізуде
ақиқатқа жетудің маңызды кепілі.
Айыпталушының қорғану құқығы маңызды мәнге ие, ол сот әділдігін жүзеге
асырудағы маңызды принциптерінің бірі ретінде Конституциялық нормада
көрсетілген.
Қорғану құқығы заң құрылысының негізі болатын кінәсіздік презумпциясына
сүйенеді. Осыған сәйкес, әр айыпталушы оның қылмыс жасағандығы үшін
кінәлілігі заңмен көзделген тәртіппен дәлелденуге және соттың заңды күшіне
енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Кінәсіздік презумпциясы алдын ала тергеудің объективті және жан-жақты
жүргізілуін, айыпталушыны әшкерелейтін ғана емес, сондай-ақ оны ақтайтын
мән-жайлардың айқындалуын талап етеді. Бірақ, өкінішке орай, тәжірибеде
бұл талап іс бойынша өндірісті жүргізетін тұлғалармен жүзеге асырылмайды.
Кінәсіздік презумпциясының негізіне сәйкес, айыпталушы сөзсіз қылмыскер
ретінде танылмайды. Айыпталушыға заңмен тыйым салынбаған барлық құралдармен
өзінің кінәсіздігін дәлелдеу құқығы, сонымен қатар, білікті қорғаушы –
адвокаттың көмегі қоса беріледі.
Әр қылмыстық істе көптеген мән-жайлар анықталуы қажет, себебі, адамның
кінәлі немесе кінәсіз екендігі жайлы, ал егер, кінәлі болса, онда ол жазаға
лайықты ма, әлде жоқ па деген сұрақтардың шешілуі осыған байланысты.
Кінәлілікті нақты және шынайы анықтау керек, өйткені, онсыз жаза түгіл, ең
жеңіл жаза туралы да сөздің болуы мүмкін емес.
Адамның кінәлілігі немесе кінәсіздігі жөніндегі мәселені неліктен сот
шешеді?
Әрекеттегі заңнама қылмыстық істер бойынша сот әділдігін жүзеге
асырудағы негізгі, маңызды рөлді сотқа берген. Қазақстан Республикасында
сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады, – деп ҚР Конституциясының 77-
бабы анықтайды.
Бұл қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адам үшін өте маңызды кепілдік
болып табылады, себебі, ол заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес айыпталушыға
қорғану құқығын қамтамасыз ететін, және оның тағдырын тек сот қана
шешетінін біледі.
Кінәсіздік презумпциясы және сот әділдігі принципін жүзеге асыру үшін
жалпы көп нәрсе қажет: жаңарған өміріміздің қажеттілігін көрсететін,
демократиялық, адам құқықтарын қорғауды басшылыққа қоятын нақты
қалыптасқан заңдар; осы заңдарды дұрыс қолданатын жетік, жоғары білімді,
интеллектуалды судьялар; арнайы сот мәжілісіне арналған кең, жайлы
ғимараттар; соттардың аудио-бейне аппаратпен, компьютерлермен,
ксерокстармен, байланыс құралдармен, транспорт, күзет және т.б.
қамтамасыздығы – бұл жиынтық сотты дербес, тәуелсіз, өктем, беделді мекеме
етеді.
Бірақ, ең маңыздысы үлкен басты Сот болу үшін – тәуелсіздік қажет.
Мемлекеттік құрылымдардан, жоғары лауазымды тұлғалардан, саяси
партиялардан және басқа да қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз болады.
Соттардың тәуелсіздігінің дұрыс, нақты болуы және ол тәуелсіздікті
айнадағылармен ұғынып қабылдану талабына сәйкес, кінәлілігі және жазалау
туралы немесе ақталғандығы туралы немесе ақталғандығы туралы соттың шешімі
әділ, тура деп қабылданады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-баптың 1-бөлігінде: Судья
сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңдарға
ғана бағынады – деп айқындалған. Бұл жерден екі өзара келісілген және
органикалық тұтасқан ережелер анық көрінеді: нақты соттың тәуелсіздігінсіз
олардың тек Конституция мен басқа да заңдарға бағынуы мүмкін емес.
Кеңес уақытында сот ешқашан тәуелсіздікті иемденбеді, өйткені,
соттардың қалыптасуы мен олардың қызметі үнемі КОКП-тың (КПСС) бақылауында
болды. Сот лауазымдары түгелімен тек партия мүшелеріне ғана артықшылықтарды
жасайтын партия номенклатурасына кіретін. Сондықтан, барлық аудандық
халықтық судьялардың 85-90% коммунистер (қалғаны – комсомлдар) және 100%
жоғары тұрған соттардың судьялары құраған. КОПК (КПСС) болып, олардың
барлық партиялық тәртіппен байланыстырылған және соншалық Конституция мен
заңдармен емес, партия комитеттерінің нұсқауларымен басщылық ететін. Дәл
сол номенклатура жүйесі соттарға тоқтаусыз ықпал жасау үшін, телефон
құқығы ретінде қызмет ететін 21, б. 608. Тек бұдан былай сот билігі
бірте-бірте нақты тәуелсіздік пен дербестілікті тауып алды. Бұған 1995 жылы
қабылданған Қазақстан Республикасының Соттар және судьялардың мәртебесі
туралы Заңы, 1995 жылы 30-тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының
Конституциясы негізін салды.
Егер қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтау үшін алдын ала тергеудің
кепілдіктері жеткілікті болғанда, онда, қымбат аппаратты ұстаудың мәні
жоқ. Олай болса, ақиқат, кінәлілік те тек қылмыстық іс процестің сот
сатысынан өткеннен кейін ғана жалпы ереже бойынша нақты анықталынады.
Кінәсіздік презумпциясында екі фактінің арасындағы байланыс анықталынады,
біреуінің бар болуы, екіншісінің мойындауына апарып соғады, атап айтқанда:
айыптау үкімінің қаулысы тұлғаны кінәлі деп мойындау шарты болып танылады
және керісінше, соттың айыптау үкімінің жоқ болуы, айыпталушыны кінәсіз
деп санауға негіз беретін мән-жайлар ретінде қарастырылады.
Кінәсіздік презумпциясы – тек іс жүргізу принципі ғана емес, сондай-ақ
қоғамда және мемлекетте тұлғалардың құқықтық жағдайларын анықтайтын жалпы
құқықтық болып келеді. Нақты қылмыстық іс бойынша ақиқатты іздестіру үшін
объективті шарттарды жасау (құру) мақсатымен кінәсіздік презумпциясы
институты енгізілген. Жариялылық принципіне сәйкес, жасалған қылмыста
азаматтарды кінәлі деп тану құқығы, тек сотқа ғана берілген, ол да болса,
тергеу процесі мен сот талқылауы барысында заңдардың барлық талаптары
сақталынса.
Неліктен алдын ала тергеу барысында адамның кінәлі немесе кінәсіз
екендігін нақты анықтау қиын? Қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтау бойынша
бір жағынан тергеуші мен прокурорда, ал екінші жағынан соттағы
мүмкіндіктердің ара-қатынасы кестесінен қарап шығамыз.

№ Алдын ала тергеу сатысындағы Сот талқылауы барысында ақиқатты
ақиқатты анықтау бойынша анықтау бойынша мүмкіндіктер
мүмкіндіктер
1 Тергеуші мен судья лауазымына Судьяға қойылатын талап: 25 жасқа
кандидаттарға қойылатын жалпы толған; жоғары заң білімі; заңгер
талаптар: ҚР азаматтығы; жоғары мамандығы бойынша 5 жылдан кем
заң білімі; өзінің міндетін іске емес стажы; біліктілік емтиханын
асырудағы өнегелі, кәсіби тапсырған.
қасиеттері, денсаулығының болуы.
2 Әдетте, тергеуші өз өндірісінде Сот демалыс уақытына үзіліспен
бірнеше қылмыстық істерді қарайды.ғана, тек бір істі қарастыра
алады.
3 Тергеуші көбінесе тергеуді жеке Сот істі алқалы түрде қарастырады
жүргізеді. (маңызы аз істерден басқа)
4 Дәлелдемелер келіп түскен шамамен Әдетте дәлелдемелер ұсынылып,
біртіндеп жиналып, бағаланады. бірден бағаланады (соттың жаңа
дәлелдемелерді талап ету
жағдайынан басқа)
5 Қылмыстық іспен тек белгілі бір Жариялылық принципі үлкен дәрежеде
тұлғалар тобы таныса алады. айқындалады: кез-келген кәмелетке
толған, сот мәжіліс залында қатыса
алады.
6 Тергеуші өндірістің жеке тергеу Сотта барлық әрекеттер тікелей
әрекеттерін жүргізуді, анықтау судьямен (судьялармен)
органына тапсыра алады. жүргізіледі.
7 Дәлелдеуге қатысу бойынша Прокурор және айыпталушының
айыпталушы мен оның қорғаушысының қорғаушысы дәлелдеу барысында тең
мүмкіндігі аз. құқылы.
8 Прокурор және тергеу бөлімінің Судья тәуелсіз және де тек заңға
бастығы орындалуы міндетті ғана бағынады (ҚР Конституцияның
нұсқауларды тергеушіге бере алады.77-бабы).

Ескерілетін жәйт, қылмыстық іс бойынша ақиқатқа жетудің қосымша кепілі
ретінде апелляциялық өндірісті қолдану айыпталушыға ғана емес, сондай-ақ
сот талқылауының басқа да қатысушыларына (жәбірленуші, азаматтық талапкер,
азаматтық жауапкер) және де прокурорға байланысты болады. Олардың қайсысы
болса да апелляциялық (наразылық келтіру) құқығын қолданса, екінші сатыдағы
сот істі түгел қарауға міндетті, яғни барлық сотталушыларға қатысты айыптың
негізділігін тексеру. Бұған қоса, қалай және қандай негіз бойынша үкімге
шағым (наразылық) жасағандығы аса маңызды емес.
Егер қылмыстық қудалау кезінде қандай да бір қателік жіберілсе және сот
кінәсіз адамға айыптау үкімін шығарса, онда жағдайды түзету қиын болады.
Мемлекет кінәсіз жәбір шеккен адамға ақталу мүмкіндігін қарастырады (атына
кір келтірмеуін, тәркіленген мүлкін қайтару және т.б.), бірақ, оның және
жақын адамдарының көңілінің азап шегуін түзеу іс жүзінде мүмкін емес.
Қылмыстық іс бойынша фактілік мән-жайларды анықтау мүмкіндігіне барынша
жақындау үшін, заң шығарушы қылмыс жасауда адамды кінәлі деп, тек сот қана
тани алады. Алдын ала тергеудің кепілдіктері ақиқатты іздеп табу бойынша
жеткіліксіз.
Айыпталушымен кінәсін мойындау кінәсіздік презумпциясының әрекетін
тоқтатпайды. Бұл жерден қызық жағдай анықталынады: айыпталушы өзін кінәлі
деп санайды, ал мемлекет керісінше, қылмыстық жазалаудың құқық субъектісі
ретінде сот мәжілісінде басқа да дәлелдермен қатар, айыпталушының мойындауы
мұқият тексерілмегенінше, айыпталушыны кінәсіз деп санайды. Сонымен қатар,
кінәлілік туралы тұжырымды дәлелдеу үшін, айыпталушының мойындауына шешуші
мән берілмейді, және айыптау қорытындысының негізі болмай тұрып, қылмыстық
іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелерде айыпталушының мойындауы өз
растауын табу үшін талаптар ұсынылады.

1. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУДЕГІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚАҒИДА РЕТІНДЕ КІНӘСІЗДІК
ПРЕЗУМПЦИЯСЫН ДӘЛЕЛДЕУ АРҚЫЛЫ ІСКЕ АСЫРУ

1. Алдын ала тергеу органдарына жүктелген дәлелдеу міндеті кінәсіздік
презумпциясының бірден-бір көрінісі ретінде

Дәлелдеу (тұтас алғанда) ақиқатты тану әдісі болып танылады. Қылмыстық
іс жүргізу дәлелдеуінде екі түрін көрсетуге болады:
а) дәлелдеу – дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау бойынша тиісті
органдар мен тұлғалардың қызметі ретінде;
б) дәлелдеу – іс бойынша нақты тұжырымдарды, тезистерді логикалық және
процессуалдық дәлелдеу ретінде 26, б. 56.
Ақиқаттың шын құбылысы ретінде нақты қылмыс немесе факт қана дәлелденуі
мүмкін. Ал қылмыс құрамы бағаланып, процессуалды мағынада дәлелдеуге
жатпайды. Әрбір қылмыс бойынша іс жүргізу кезінде дәлелденуге тиісті мән-
жайлар бар. Ол мән-жайларды білудің маңызы, олар қылмыстық іс бойынша алдын
ала тергеуді және сотта іс қарауды қай бағытта жүргізілу қажеттілігін
білдіреді. Сол мән-жайларды анықтау арқылы ғана қылмыстық іс жүргізу органы
ақиқатқа жету мақсатын орындай алады. Сондықтан, ол мән-жайлар қылмыстық іс
бойынша дәлелдеу пәнін құрайды, яғни қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәні деп
әрбір қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар және сол себептен,
анықталуға тиісті мән-жайлардың жиынтығын айтамыз. Бұл мән-жайларды анықтау
және дәлелдеу қылмыстық іс жүргізу органдарының қызметіне жатады. Істің мән-
жайы мен құқықтық нормалар арасындағы байланысты анықтау дәлелдеу бойынша
өрбиді. Алдын ала тергеу барысында қылмыс құрамының бар болуын немесе
жоқтығын дәлелдеу қажет. Қандай да бір болған оқиғаның дәлелі өздігінен
дәлелдеуге жататынын білдірмейді. Оқиғаның болғандығын және оның қылмысты
сипатта болуын болжауға рұқсат беретін белгілі бір мәліметтер болуы қажет.
Әңгіме екі болжау туралы болып отыр: оқиғаның нақты белгілері мен
қылмыстың заңды белгілерінің болуы. Біріншісі – табудың нәтижесінде, ал
екіншісі – қылмыстық-құқықтық бағалау 27, б. 18.
Алдын ала тергеуде қылмыстық іс жүргізудің дәлелдеу міндетінің
субъектілеріне мына тұлғалар, анықтау жүргізетін тергеушілер, тергеу
бөлімдерінің бастықтары және прокурорлар жатады.
Кінәсіздік презумпциясымен маңызды процессуалды ереже байланысты, оған
сәйкес, қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәнінің барлық элементін, кінәсіздігі
немесе кінәлілігі туралы мәселені қосқанда, дәлелдеу міндеті айыпталушыға
жүктелмейді, бірақ, оның құқығы болып табылады. Қылмыстық істі тергеу мен
шешуге жауапты мемлекеттік органдар, іс бойынша келген тұжырымдар мен
қорытындыларды негіздеп, дәлелдеуге міндетті.
Кінәсіздік презумпциясының дәлелдеу ережемен байланысы анық көрінеді,
егер бұл ереже негативті (ешқандай негізсіз) тұжырымдалғанда: қылмыстық іс
бойынша дәлелдеу міндеті айыпталушыға жүктелмейді. ҚР Конституциясының 77-
бабының 3-бөлімінің 6)-тармағында айқындалған: Айыпталушы өзінің
кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-бөлімінің 6)-
тармағына сәйкес, айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес:
қылмыстық-процессуалдық заң дәлелдемелерді жинау, зерттеу міндетін, сот,
прокукрор, тергеуші және анықтама жүргізетін тұлғаға белгілейді (ҚІЖК-нің
125, 128 б.б.) және айыпталушыға дәлелдеу міндетін жүктеуге рұқсат етпейді
(ҚІЖК 24 б.), ал КСРО Жоғарғы Сотының Пленумы нақты көрсетеді: Айыптаудың
негізін дәлелдеу міндеті айыптаушыда болады, ал айыпталушыға (сотталушыға)
өзінің кінәсіздігін дәлелдеуін жүктеуге рұқсат етілмейді 28.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кінәсіздік презумпциясы және алдын ала тергеудегі дәлелдеу міндеті
Кінәсіздік презумпциясы принципінің ерекшелігі
Қамауға алуды заң талаптарына сәйкес заңды және негізді болуын қатаң көрсету
Қылмыстық процесс принциптерін жіктеу
Қылмыстық іс жүргізу принциптері
Кінәсіздік презумпциясы түсінігі, құқықтық негізі және мәні
Қылмыстық процестiң қағидалары
Қылмыстық процесте қорғау құқығын қамтамасыз ету қағидаты
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ
Тараптардың процессуалдық тең құқықтылығы
Пәндер