Мемлекеттің механизмі



1. Кіріспе:
1.1. Мемлекет механизмі түсінігі
2. Негізгі бөлім:
2.1 Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары
2.2 Басқару түрі. Саяси режим. Мемлекет функциясы.
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер – бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.
1. Алексеев С.С. Теория права. М.: БЕК, 1993.
2. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1994.
3. Ливщиц Р.З. Теория права. М.: БЕК, 1994.
4. Общая теория права и государство /Под ред. Лазарева В.В. М., 1994.
5. Общая теория права. Курс лекций /Под ред. Бабаева В.К. Нижний Новгород, 1994.
6. Хропанюк В.Н. Теория государства и права М., 1995, 1996.
7. Хутыз М.Х., Сергейко П.Н. Энциклопедия права М., 1995.
8. Общая теория права. /Под ред. Пиголкина А.С. М., 1993.
9. Бабаев В.К. Теория современного советского права. Фрагменты лекций и схемы. Н. Новгород, 1991.
10. Иванов Ю.В. Теория государства и права. Определения и схемы. Красноярск, 1989.
11. Права человека. Сборник международных документов М., 1991.
12. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
13. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994
14. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе:
1.1. Мемлекет механизмі түсінігі
2. Негізгі бөлім:
1. Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты
ұйымдастыру, қызмет қағидалары
2. Басқару түрі. Саяси режим. Мемлекет функциясы.
3. Қорытынды

4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің
механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара
байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің
механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б.
ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей
тән органдар болады.
Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі
қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр
дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән
заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда
ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын
органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік
органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік
қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді
қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында
өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері
болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым,
спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер – бұлар басқару ісімен арнайы түрде
айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады.
Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы
реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен
құқықтары айқындалып көрсетіледі.

Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен
принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынандай
органдардан тұрады:
1. Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге
бөлінеді:
1) Жоғары өкілдік орган – Парламент. Парламент – бірден –бір заң
шығаратын орган.
2) Жергілікті өкілдік органдар – оюлыстық, аудандық, қалалық
мәслихаттар.
2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы – Президент.президент
мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және
үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз етеді.
3. Атқарушы орган. Қазақстанда жооғары атқарушы орган – Үкімет.
Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер.
4. Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрліктер,
мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, ведомстволар жатады.
5. Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғары Сот, жергілікті соттар,
әскери соттар жатады.
6. Прокуратура. Ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.
7. Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады.
8. Барлау, қарсы барлау органдары.
9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.

2.Негізгі бөлім:
2.1 Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты
ұйымдастыру, қызмет қағидалары
Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі – мемлекеттік
орган. Мемлекеттік орган дегеніміз – билік өкілеттіктерге ие, мемлекет
қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік
қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі – лауазымды тұлғалар болып
табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз
ету – қоғамның міндеті.
Мемлекеттік органның биліктік өкілеттері болады. Олар:
- атқарылуы міндетті болып келетін нормативтік- құқытық актілерді
қабылдау үшін берілген мүмкіндіктер;
- мемлекетік органдар қабылдаған актілерді басшылыққа алып, алуан түрлі
әдістерді қолдана отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру,
оларды орындауды қамтамассыз ету болып табылады.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық,
басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз
байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процестің күрделі
сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс - б.з.д. 10-15 мың жылдықтарда
болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған
тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды.
Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру,
өндірістік және саудагерлер тобы, Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды,
қоғамның шығысынан кірісін асырды.
Қоғамдық байлық қалыптаса бастады,оны иемденетін топтар, таптар пайда
болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4
мың жылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен
мемлекет пайда болды. Мемлекет және құқық тарихы туынды - қоғамның
антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі
объективтік зандары[1]:
- қосымша өнімнің пайда болуы;
- жеке меншіктің қалыптасуы;
- таптар мен топтардың арасында кұрестің басталуы;
- қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің
өмірге келуі.
Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік
заңдылықтарының бірі әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым -
қатынастарды реттеп, басқаруы. Әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-
дәстұр, мораль, діни нормалары) қоғамныңдаму процесінде бірте-бірте
құқықтық нормаларға айналуы. Совдықган құқық мемлекеттен аз да болса бұрын
қалыптасты деуге болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің басталуынан
бері қарай құқық қарым-қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқаратын
нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа
түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық нормалар, заң күші
бар соттың шешімдері[2].
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншісі — мемлекеттік қоғамдық меншікті
реттеу моралдық - діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңы,
мұсылман елдеріндегі Құран заңы; екіншісі — жеке меншік бағытындағы
қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп,
басқару.
Таптық қоғамда, қанаушылық, әділетсіздік басым болған мемлекетте құқық
- үстем таптың заңға айналдырған мұддесі болады. Бұл мүддені заңға
айналдырушы және зандардың орындалуын ұдайы қадағалап отырушы - үстем тап
қолындағы мемлекеттік аппарат. Құқық үстем таптың мүддесін қорғаумен бірге
қоғамдық мақсатты да реттеп, басқарып отырады.
Құқықтың таптық мәні, қоғамдағы рөлі, мазмұны мен нысаны, сайып
келгенде қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік сипатына және мәдени өсу
дәрежесіне байланысты. Мысалы, К.Маркс "Гота программасына сын еңбегінде:
"Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес
мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес[3] деген. Құқықтың нормалары қоғам
дамуының саяси, әлеуметтік, мәдени т.б. мұқтаждарына неғұрлым сай келсе,
соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ.
Құқық - мемлекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік аппараттың
күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды
реттейтін нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің дамуы — мемлекет қоғамдық еңбек бөлісінің, жеке меншіктің
пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы.
Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс - әрекетінің нәтижесі ретінде
қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі
салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күшқуатына
сүйенетін басқару жүйесі.
1. Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдерінде) мемлекеттің
қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл
елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі құрылыстар болды: ірі су
каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер қалыптастыру,
құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін
қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: чиновниктер,
ру, тайпа басшылары, король, императорлар болды. Король-императорлар
жердегі құдай дәрежесінде болды. Сөйтіп, бұл елдерде көбінесе мемлекеттік
деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия
өте бәсең дамыды. Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында -
абсолюттік монарх болды, одан төменгі - екінші дәрежедегі билік уәзір
министрлердің қолында, одан төменгі билік - чиновниктерде болды. Осы
сатылық биліктер - бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық
меншікпен қатар жеке меншік те дамыды.
Шығыс типті (Азия типті) мемлекеттер кейінгі ғасырларда шығыс Еуропа,
Африка, Оңтүстік Америка елдерінде де қалыптасты.
Сонымен, Азия типті мемлекеттердің қалыптасу себептері:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жуйелі түрде топтастыру -
біріктіру;
- барлық жұмысты бір орталықтан басқару.
Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы рутайпаны басқарған аппараттан
өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп,
әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең
дамып, XIX -XX ғасырларға дейін көп өзгермей сакталып келді (Қытай, Иран
т.б.).
2. Еуропалық елдерде - мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы,
қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті
топтар мен таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын
орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе
демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. Спарта
аристократиялық республика болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны
жергілікті халықтан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару
аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу
саясаты қалыптасты. Республикада қатаң зандылық, құқықтық тәртіп орналды.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мұнда құл иелену көп
дамымады. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами
бастады. Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып, феодалдық
мемлекетгің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше
елдерінде, Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта Азия елдерінде қалыптасты.
Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:
1. Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру.
Билікті осы территорияда жүргізу.
2. Қоғамдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат
үстемдік таптың, топтың, мүдде-мақсатын орындау үшін
қалыптасты.
3. Салалық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын
аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету
үшін салық қалыптасты.
Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты
руына қарай емес жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол
көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуы процесіне әсер
етеді. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар,
одақтар, бірлестіктер т.б., бұлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси ұйымын
құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі
қоғамдағы жоғарғы өкімет билігіне (суверендік құқыққа) иелігі. Мемлекеттік
өкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық
ұйымдарды қамтиды. Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан
айырмашылық белгілері:
- мемлекет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым; басқа
бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана
барлық қоғамға күші бар нормативтік акты қабылдай алады;
- мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында іске
асуын, орындалуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылап отырады:
- мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.

Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:
1. Туынды тәсілдер бойынша:
а) Бастапқы (өкілдік берілген) органдар, мысалы, мұрагерлік монархия,
парламент, президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы
құрылмайды;
б) Туынды (үкімет, прокуратура,т.б). Бұларды бастапқы органдар құрады
және бұларға үкіметтік (биліктік) өкілеттерді солар береді.
2. Биліктік өкілеттіктердің көлемі бойынша:
а) Ең жоғары (үкімет);
б) Жергілікті (әкімшілік);
3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша:
а) Құзырлары жалпылама болып келетіндері (үкімет);
б) Құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндері (ішкі істер
органдары).
4. Билік бөлінісі қағидаттары бойынша:
а) Заң шығару органдары (Парламент);
б) Атқарушы(Әділет және т.б. министірліктері);
в) Сот органдары (соттар);
5. Шешім қабылдау тәртібі бойынша:
а) Алқалыоргандар, яғни шешімді алқалы түрде қабылдайттындар
(Папламент,Үкімет және т.б.)
б) Жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді жеке дара басшылықпен
қабылдайтындар (Президент, министрліктер, комитер).
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызметін атқаруын
белгілеуде барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады.
Талаптар – мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет
атқаруларын айқындау тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті
ережелері, негіздері.

Принцип түрлері:
1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидаты –
адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік
қызметкерлердің тануы, бұлжытпай қорғауы болатын міндеттерін
айқындайды.
2. Демократиялық қағидат – азаматтардың мемлекеттік ооргандарды құру және
олардың қызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді.
3. Билік бөлінісі қағидаты – үкімет органдары мен лауазымды адамдар
тарабынан болуы мүмкін басынушылықтар мен зорлық-зомбылықтарды
бодырмаудың механизмдерін құрудың, жасаудың басты шарты мен негізі.
4. Заңдылық қағидаты – Конституцияны, заңдар мен заң актілерін барлық
мемлекеттік қызметкерлердің міндетті түрде бұлжытпай орындауларын,
сақтауларын қажет екендігін білдіреді.
5. Жариялық қағидаты – құқық субъектілерінің белгілі бір нақты
мемлекеттік органдар тарабында атқарылып жатқан істер жөнінде мағлұмат
алуын қамтамассыз етуді айқындайтын негіз.
6. Шынайы кәсіпқойлық қағидаты – мемлекеттік аппарат қызметтерінде кәсіби
біліктілігі жоғары мамандарды пайдалану ісін іс жүзінде тәжірибеге
енгізуді белгілеудің ең басты негізі.
7. Істерді атқаруда алқалылық пен жеке- дара шешім қабылдауларды
үйлестіру қағидаты – мемлекеттік аппаратта демократиялық және
бюрократиялық бастауларының ақылға қонымды шамада үйлесімді болуын
қамтамассыз етудің алғышартының міндеттік негізі.
8. Сайланбалылдық пен тағайындаулардың үйлестірілуі қағидаты –
мемлекеттік басқару ісінде жекелендіру мен орталықтандыру (бір
орталыққа бағындыру) шараларының үйлесімділік дәрежесін (айқындау
шартын) белгілейтін негіз.
9. Иерархиялық (сатылық) қағидаты – мемлекеттік аппартта мемлекет
органдары әртүрлі деңгейлі дәреже алады, осыған байланысты басшылық
бағыныштылықты немесе тең орында тұрады.
Мемлекеттің саяси режимі:
Саяси режим дегеніміз – мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру
әдістерінің жиынтығы.
Саяси режімдердің түрлері:
а) демократиялық;
б) антидемократиялық;
Антидемократиялық саяси режіим өз кезегінде:
а) авторитарлық;
б) тоталитарлық;
в) фашистік режимдер болып жіктеледі.

Демократиялық саяси реждимнің белгілері:
1. Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция
шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етуі, қызмет атқаруы.
2. Идеологиялық плюрализм, қоғамда әртүрлі идеологиялық ағымдардың,
бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның
болмауына жағдайлар жасалады.
3. Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.
4. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды,
шын мәнінде, қамтамасыз ету кепілдері жасақталады.
Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:
1. Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады;
2. Идеологиялық пікір алуандығы болмайды, мемлекетте үстемдік етуші
идеология орнығады.
3. Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.
4. демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.
5. Жаппай қуғын-сүргін және заңсыздықтар орын алады.
6. Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі
сипаты дербестенеді, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады,
олар диктатура орнатады.
Тооталитарлық режимнің белгілері:
1. Мемлекетте бір ғана саяси партия үстемдік етеді, ол мемлекеттік
биліктің ұйытқысы болады.
2. Бір ғана идеология үсьемдік етеді, идеологияда плюрализм (пікір
алуандығы) болмайды.
3. Қоғамда жеке адамға табыну мемлекет тарапынан қамтамассыз етіледі.
4. Мемлекет әкімшіл-әміршіл жүйе арқылы басқарылады.
5. Азаматтардың құқықсыздығы, олардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттерінің
жөн-жобасы қатал түрде реттеліп, жүзеге асырылады.
6. Шектен шыққан әлеуметтік даурықпалық (демагогия) орын алады.

2. Басқару түрі. Саяси режим. Мемлекет функциясы.

Функция - заң ғылымында мемлекет пен құқыктың алдында тұрған мүдде-
мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның
әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан
мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым
қалыптасады.
Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды.
Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарыи
отырады. Қазіргі кезенде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік
қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде
мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс
болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халыктың рухани сана-
сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор эсер етеді. Бұл дүниежүзілік
саяси көзқарас.
Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезенде де мемлекеттің функциясын дамытуға
көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп, білу тек
мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге
қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес
қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді.
Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Казақстан Республикасының
функциясы күрт озгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықгы экономиканы
қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бap. Coлардың бірі —
функция көп езгеріске ұшырамайтын деп бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы
қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық,
интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық механизмнің мазмұны мен құрылымы.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Экономикалық механизм жүйесіндегі қаржылық механизм
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы
Қаржы саясаты жайлы
Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
Қаржы саясаты және қаржы механизмі
Мемлекет механизмі және басқару органдары
Салық теориясындағы салық механизмінің негізгі элементтеріне сипаттама
Пәндер