Лизингтік қатынастар


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ 2

I. ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . 4

1. 1. Лизингтің мәні, маңызы және қалыптасуы мен даму тарихы . . . 4

1. 2. Лизинг операцияларының түрлері . . . 6

1. 3. Қазақстандағы лизингтік қатынастардың пайда болуы . . . 12

II. ҚАЗАҚСТАНДА ЛИЗИНГТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫН «АТФ ЛИЗИНГ» ФИРМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ . . 16

2. 1. Лизингтік төлемдерді есептеу шарттары . . . 16

2. 2. «АТФ Лизинг» АҚ лизингтік операцияларын талдау 19

2. 3. «АТФ Лизинг» технико-экономикалық көрсеткіші . . . 26

III. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДА ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 30

3. 1. Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру . . . 30

Қорытынды 37

Қолданылған әдебиеттер көздері: 39

КІРІСПЕ

Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудың негізгі проблемасы - қаржылық ресурстарға шектеулі қол жеткізерліктің болуы. Шағын және орта бизнесті қаржыландыру тәжірибесіне сәйкес қаржылық институттар құрал- жабдықтарды белгілі бір төлеммен, белгілі бір уақытқа пайдалануға мүмкіндік береді. Ол - лизинг болып табылады. Қазақстанның индустриялды- инновациялық даму стратегиясында негізгі қорларды жаңарту және еліміде өндірістік секторды дамытуды басты тапсырма ретінде қарастырудамыз. Бұл мәселелерді шешудің басты механизмі - лизинг.

Қазақстандағы құрал- жабдықтардың 80%- ға жуығы тозған және жақын арада жаңартуды талап ететін болғандықтан, лизинг операциясы біз үшін өте оптималды шешім болып отыр. Моральдық және физикалық тозған құрал -жабдықтармен сапалы, бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкін емес. Біздің еліміз бірнеше жылдан кейін БТО - ға өтетін болғандықтан, біз жаңа құрал - жабдықтар, сапалы, бәсекеге қабілетті өнім деген мәселелерді кеңінен қарастыруымыз керек. Лизинг өтпелі экономикалы елдерде де, дамыған елдерде де кәсіпорындарды қаржыландырудың орта мерзімді және қысқа мерзімді көзі болып табылады. Ол лизинг алушының активтерін үлкейтудің тиімді әдісі, соның ішінде, жұмысбастылықпен қамтамассыз етуде, инновацияны енгізуде және осы елдерде бәсекелестікті дамытуда басты рөл атқаратын орта, шағын және қайта құрылған кәсіпорындар.

Елімізде лизингтік қызметпен айналысушыларға мемлекет көптеп қолдау жасауда. Лизингке әр түрлі салықтақ жеңілдіктер жасалған. Лизинг беруші негізгі құралдарды қаржылық лизингке беру мақсатында импорттталса және оны лизинг алушыға жалғаберген жағдайда қосымша құн салығынан босатылады. Осылайша, лизинг алушы құрал -жабдықтарды арзан бағамен импорттауға мүмкіндік алады. Тікелей өзі импорт жасайтын болса, онда қосымша құн салығы қосылады. Импорт кезінде қосымша құн салығы салынбайтын негізгі құрал тізімі тікелей Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген. Қаржылық лизинг бойынша сыйақылар да қосымша құн салығынан босатылады.

Сонымен қатар, лизинг инвестициялық қызмет болғандықтан, лизинг алушы негізгі құралдарды эксплуатациялау кезінде корпоративті табыс салығына байланысты инвестициялық салықтық преференцияларға ие болады.

Лизинг негізінде кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды ЖАО «Казагрофинанс» және АҚ «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» жүзеге асырады.

ЖАО «Казагрофинанс» келесідей шарттарда агроөнеркәсіптік кешендегі лизингтің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырады: лизинг мерзімі 9 жылға дейін, жылдық сыйақы мөлшері 8%-ға дейін, аванстық төлем 20-50%- ды құрайды. Лизингке ауыл шаруашылық техникасы ұсынылады.

АҚ «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорында» лизинг мерзімі 5 жылға дейін, жылдық сыйақы мөлшері 10%-ға дейін, аванстық төлем объект құнынан 30 %-ды құрайды. Мұнда клиент құрал- жабдықты өзі таңдай алады немесе мүлік таңдау кезінде Қор қызметін тегін пайдалана алады.

Лизингтік келісімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін келесідей банктербар: «Альфа- Лизинг», «Альянс - Лизинг», «АТФ Лизинг», «БТА лизинг», «Нур - инвест», «Темірлизинг», «Халық лизинг», «Центрлизинг».

Қазіргі уақытта лизингтің үлесі жалпы инвестиция көлемінде ҚР негізгі капиталының шамамен 1%-ын құрайды немесе 65 млн. АҚШ доллары.

Дамыған елдерде лизинг үлесінің жалпы инвестиция көлемінде негізгі капиталдың 20-30 %-ын құраса, дамушы елдерде - 5-10 %. Егер лизингтің үлесі жалпы инвестиция көлемінен 4 %-ға дейін өссе, онда жақындағы 3-4 жылда лизингтік нарық көлемі 530 млн. АҚШ долларын құрайды. Берілген фактор Қазақстанда лизингтік дамудың үлкен перспективаларына алып келеді.

Жалпы айтқанда лизингтік саланың дамуы бірнеше бағыттағы экономикалық дамуға жағымды әсер етеді:

  • Лизинг шағын және орта бизнес субьектісінің дамуына әсер етеді, яғни өз негізгі құралдарын жаңартуға қосымша қаржысы болмаған жағдайда.
  • Лизинг капитал салымдарының көлемін көбейтеді, себебі ол ұзақ мерзімді қаржыландырудың бір түрі болып табылады.
  • Лизинг қосымша қаржылық ресурстарды тарту көзі болғандықтан, негізгі құралдарды жаңарту үрдісін жеделдетеді.
  • Лизинг қаржылық қызмет нарығында қосымша бәсекелестікті тудырады. Лизингтің пайда болуымен қаржыландыру бағасы төмендейді және қаржылық қызмет көрсету нарығы кеңейеді.
  • Лизинг өнімдерді өткізудің бір жолы болып табылады. Лизинг пайда болғаннан кейін жергілікті өндіруші компаниялар үшін өнімдерін өткізудің жаңа жолы ашылды.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі өндірістік кәсіпорындар алдына бірқатар мәселелер қойды. Олар: жоғары бәсекелестік жағдайға үйрену, төлемдердің уақытылы жүрмеуі, тауарға бағаның жоғарылацынан өткізу нарығының қысқаруы, қаржы ресурстарының шектеулілігі, шикізат материалдарымен жабдықтаушыларды іздеудегі қиындықтар.

Осының ішінде ең басты проблемалардың бірі, негізгі құралдардың физикалық және моралдық тозуы. Қазақстанның басты салаларының құрал жабдықтары тозғандықтан біз шет елден жаңа техниканы алуға мәжбүрліміз. Ал ол үшін бізге қаржы көздерін тапқан жөн.

Осы айтылған мәселелерді тиімді шешу жолы - лизинг.

  1. Лизингтің теориялық негіздері

1. 1. Лизингтің мәні, маңызы және қалыптасуы мен даму тарихы

Лизинг - бұл жаңа ұғым емес. Ол туралы ерте заманнан белгілі. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, лизинг американдықтардың жаңалығы, ХХ ғасырдың 40 жылдарының басында Еуропаға мұхит арқылы американдық кәсіпкерлер әкелді деп есептелді. Сонымен бірге ағылшын авторлары лизингтің АҚШ-та шығуы туралы қарама-қайшылықтарды көрсетеді. Олардың айтуынша, лизинг Англияда пайда болды, одан кейін көптеген өзгерулермен ХХ ғасырдың ІІ жартысында Еуропаға жетті. Расындада, лизингтің көптеген түрлері орта ғасырларда Еуропада көп пайдаланған. Джордж Вашингтонның күнделігінде XVIII ғасырдың 90 жылдары кеме жүрерлік компания «POTOMAC» лизингтік операциялардың жүргізуі туралы мәліметтер бар (америка президенті компанияның қаржылық қызметіне қатынасты) . ХІХ ғасырдың аяғынан бастап лизингтің көмегімен тек сату көлемін ұлғайтып қана қоймай, сонымен бірге «Ноу-Хауды» қорғау дамыды. ХХ ғасырдың басында автомобильдерді жалға беру идеясы пайда болды, Алғашқы кезде бұл қызмет түрі «Drive-Your-Self» деп аталған. Бұл сол кездегі жалға беретін компанияның аты болды. Ол компания 1918 жылы Чикагода Уолтер Джекобсон индустриалды жалға беру негізінде қалыптастырған. 40-жылдары Чикагода сауда агенті Золли Фрэнк сол кезде әлі жаңа лизингтің түрі - автомобильдерді ұзақ мерзімге жалға беру деген ойды ұсынды. Жарты ғасырдан кейін автомобильдердің жиынтық табысы жылына 50 млрд. АҚШ долларын құраған.

Басқа мәліметтерге сүйенетін болсақ, тарихта лизингке ұқсас операцияның б. э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс Лизинг корп. » атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМбХ» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді. Лизингтік қатынастардың кең таралуына әсер еткен себептердің қатарына атақты экономист П. Самуэльсонның «Экономика» деп аталатын еңбегіндегі, кәсіпорын неғұрлым тез қарқынмен үлкен табыстарға қол жеткізген сайын, олардың капиталдарға деген мұқтаждықтары да соғұрлым жоғарылайды делінетін экономика заңын мысал ретінде келтіруге болады. Жалпы, лизингтік қатынастар - бұл лизинг объектілерін пайдаланушыларды қажетті өндіріс құралдарымен дер кезінде және тиімді түрде қамтамасз етуге бағытталған жалға беру, несиелік, саудалық қатынастардың жиынтығы деп айтуға болады. Лизингтік қатынастардың қалыптасуы туралы жазылған экономикалық әдебиеттерге шолу жасау нәтижесінде, жұмыста әлемдік нарықтағы лизингтік қатынастардың қалыптасуы мен дамуын олардың сипаттарындағы сапалық өзгерістерге және лизингтік келісімдердің санының өсуіне байланысты, шартты түрде 5 кезеңге бөліп қарастырылған және әрбір кезеңіне толық сипаттамалар берілген.

к

е

з

е

ң

д

е

р

Сурет № 1 - Әлемдік нарықтағы лизингтік қатынастардың даму кезеңдері

Ең алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Франциско қаласы (Калифорния штаты) АҚШ-та пайда болды. Босх мырза Калифорниядағы азық-түлік өндіретін фирманы басқарған. Әскери ведомстволардан түскен үлкен сұранысты қанағаттандыру үшін оған өзінің автокөліктерін көбейту керек еді. Бірақ фирманың капиталы оған артық ақша шығара алмады. Сонда Босх автокөліктерді жалға алуды жөн көрді. Бұндай операцияның пайдалы екенін көріп және де басқа фирмалар да автокөліктерді жалға алулары келетіндігін білгесін, Босх жеке меншік «U. S. Leasing» фирмасын ашты. Оның негізгі капиталы 20 мың доллар. Екі жылдан кейін бұл фирма машиналар мен құрал-жабдықтардың сомасы 3 млн. долларды құраған. Босх өзінің «Boothe Leasing Corporation» атты екінші лизингтік фирмасын ашты. Оның негізгі капиталы 400 мың доллар еді. Ал 1959 жылы лизингтік операциялардың жалпы сомасы 300 млн. долларды құраған.

Әлемнің көптеген елдерінде лизингтік операция инвестициялық бағытталғандығымен түсіндіріледі. Көп жағдайда лизингтік операцияны жалға беру ретінде түсінеді. Лизинг қаржылық ерекшелігімен арендадан ерекшеленеді. Лизинг алушы - бұл ұзақ мерзімге пайдалануға тек құрал жабдықты ғана емес, сонымен қатар меншік құқығына байланысты міндеттер жүктеледі: мүлікке төлем, мүліктің кездейсоқ бүлінуіне байланысты өтемдер, оларды сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуге төлемдер. Лизинг затына меншік құқығы лизинг берушіде қалады. Лизинг алушы жалға алушы ретінде оны пайдаланғаны үшін емес, оның толық құнын өтеу үшін төлем төлейді. Лизингке алынған заттың бүлінуі немесе жойылуы лизинг алушы міндеттерінен босатпайды, сонымен бірге жалға алғанда екі жақты келісімшарт жасалады, ал лизингтік операция кезінде екі немесе одан да көп жақты келісім шарт жасалады

1. 2. Лизинг операцияларының түрлері

Халықаралық тәжірибеде лизингтің 29 түрі кездеседі. Соның тек шұғыл (оперативтік) және қаржылық лизинг операциялада жиі қолданылады, ал қалған түрлері осы екеуінің өзге түрлері болып саналады.

  1. Шұғыл (оперативтік) лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

Шұғыл лизинг кезінде лизингтік компаниялар болашақтағы жалға алушыны білмей құрал-жабдықтарды сатып алады. Сондықтан шұғыл лизингпен айналысатын компаниялар инвестициялық тауарлар нарығының конъюктурасын жақсы білу керек. Лизингтік бұл түрімен айналысатын компаниялар лизингке алынатын объектіні сақтандырады және оның жөндеулерін және техникалық қызмет көрсетулерімен қамтамасыз етеді. Лизингтік келісімнің аяқталуына байланысты лизинг алушының келесідей құқықтары бар:

  1. Келісімді одан әрі пайдалы шарттар негізінде ұзарту;
  2. Лизинг берушіге құрал-жабдықты қайтару;
  3. Лизинг берушіден құрал-жабдықты нарықтағы қазіргі бағасымен сатып алу;

Лизинг алушы шұғыл лизинг кезінде мүлік меншігімен байланысты тәуекелділіктерді айналып өтуі мүмкін. Мысалы, моральдық тозу, сұраныстың өзгеруімен байланысты рентабельділіктің төмендеуі, т. б. Сондықтан лизинг алушы шұғыл лизингті келесі жағдайларда алады:

  1. Болашақта болатын табыс лизингке алынған құрал-жабдықтың бастапқы құнын жаппағанда;
  2. Құрал-жабдық қысқа мерзімге керек болғанда (маусымдық жұмыстар және бір реттік пайдалану) ;
  3. Құрал-жабдықтардың арнайы техникалық қызмет көрсетулер керек болғанда;
  4. Келісімнің объектілері ретінде жаңа немесе әлі пайдаланбаған құрал-жабдық болғанда;

Шұғыл лизинг ауыл шаруашылығында, транспортта, кен өнеркәсібінде, құрылыста, информацияны электрондық өңдеуде қолданылады.

  1. Қаржы лизингі - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Қаржылық лизингтің төмендегідей сипаттары бар:

  1. Үшінші жақтың қатысуы (келісімнің объектісі - өндіруші және жабдықтаушы)
  2. Жалға алынған негізгі мерзім ішінде келісім-шартты бұзуға болмайды
  3. Лизингтік келісім мерзімінің ұзақтығы
  4. Қаржылық лизинг кезінде келісім-шарт объектісі жоғарғы құнымен ерекшелінеді.

Лизинг алушы лизинг берушіге өзінің таңдауын 6 айға дейін немесе келісім мерзімінің аяқталуына дейінгі уақыт ішінде хабар беруі керек. Егер келісім-шартта объектінің сатып алынатыны қарастырылса, онда екі жақ оның қалдық құнын алдын-ылы есептеп алады. Жалпы, ол алғашқы құнының 1%-дан 10%-ға дейінгі үлесін құрайды. Бұл лизинг берушіге құрал-жабдықтың барлық құнына амортизацияларды аудару құқығын береді.

Шұғыл және қаржылық лизинг арасындағы айырмашылықты көп жағдайда қаржылық лизингтің параметрлері мен қасиеттеріне байланысты ажыратады. Көп мемлекеттердің заңдарында, соның ішнде біздің мемлекетімізде, қаржылық лизингке салықтық жеңілдіктер талаптарын, сандық және сапалық критерийлерін көрсетеді. Егер келісім қаржылық лизингтің критерийлеріне сәйкес келмесе оны шұғыл лизинг деп санайды. Жалпы екі лизинг түрлерінің арасындағы айырмашылық келесі кестеде көрсетілген:

Шұғыл лизинг
Қаржылық лизинг
Шұғыл лизинг: Қысқа және орта мерзімге жасалған келісімге сәйкес
Қаржылық лизинг: Орта және ұзақ мерзімге жасалған келісімге сәйкес
Шұғыл лизинг: Жалға берудің бірінші кезеңінде құрал-жабдықтардың жартылай амортизациясы келісім-шарт мерзімінің аяқталғанынан кейін құрал-жабдық қайтадан жалға берілуі мүмкін
Қаржылық лизинг: Бірінші кезеңде құрал-жабдықтардың толық амортизациясы немесе құнының үлкен үлесін алатын болса
Шұғыл лизинг: Лизингтік контрактідегі дәреже бойынша лизинг беруші құрал-жабдықтардың жөндеу жұмыстарына және сақтандыруға, техникалық қызметкөрсетуіне қатысуы қарастырылады.
Қаржылық лизинг: Лизингтік контрактіде лизинг берушінің техникалық қызмет көрсету және басқа да қызметтеріне байланысты міндеттерін қарастырмайды
Шұғыл лизинг: Келісім-шарттың жұмысын қалаған уақытыңызда тоқтатуыңызға болады
Қаржылық лизинг: Келісі-шартты негізгі (базистік) мерзім ішінде жұмысын тоқтата алмайсыз
Шұғыл лизинг: Құрал-жабдықтарды өндіруші компаниялар және олардың лизингтік фирмалардың филиалдары, сауда компаниялары ұсынады.
Қаржылық лизинг: Банктер және олардың лизингтік фирмалардың филиалдары ұсынады.
Шұғыл лизинг: Инвестициялауға ұқсас.
Қаржылық лизинг: Капитал салымдарының ұзақ мерзімге несиелеуіне ұқсас.
Шұғыл лизинг: Лизинг беруші меншік иесінің және тәукелділік мәселесін құқықтық реттеу сияқты міндеттерді өз мойнына алады. Жауапкершілігі және кепілділігі кәдімгі жалға беру келісіміне негізделіп жасалады.
Қаржылық лизинг: Лизинг алушы өзіне меншік иесінің кейбір міндеттерін мойнына алады. Олар кездейсоқ жағдайдағы тәуекелділік, техникалық қызметкөрсетумен байланысты және т. б. бұл сату-сатып алу келісімінің негізінде құқықтық реттеуге ұқсас жасалады.

Кесте №1 - Лизингтің негізгі түрлері

Осы лизингтердің отандық және халықарлық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

Ішкі лизинг - бұл оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталды.

Халықаралық лизинг - бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

Сыртқы лизинг - экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.

Лизинг түрлерінің классификациясы

  1. Келісім-шарттқа қатысушыларының құрамы бойыншаТікелей

Үш жақты

  1. Жанама

Көп жақты

  1. Мүлік түріне байланыстыЖылжымайтын мүлік лизигіЖылжитын мүлік лизингі
  2. Өзін-өзі ақтау дәрежесіне байланыстыТолық ақтайтынЖартылай ақтайтын
  3. Амортизация талаптары бойыншаТолық амортизацияменТолық емес амортизациямен
  4. Қызмет көрсету көлеміне байланыстыТазаТолық қызмет көрсетуТолық емес қызметкөрсету
  5. Нарық секторына байланыстыІшкі

экспорт

  1. Сыртқы

импорт

  1. Салықтық және амортизациялық төлемдерге
  2. Лизингтік төлемдерге
  3. Заңды және жеке тұлғалардың лизингтік келісім-шартқа қатысуларына байланысты төмендегідей бөлінеді:
  1. Мемлекеттік органдар және кәсіпорындар
  2. Муниципалдық (жергілікті) органдар
  3. Жеке кәсіпкерлік (коммерциялық) фирмалар
  4. Коммерциялық емес ұйымдар
  5. Тұрғындар (азаматтар)
  1. Атқаратын функцияларына байланысты лизингтік келісімдердің субъектілері рнтінде келесілер болады:
  1. Мүлікті сатушы - машиналар мен құрал-жабдықтарды өндіруші кәсіпорындар, сауда кәсіпорындары, фирмалар.
  2. Лизинг беруші - мүлік формасына байланыссыз лизингтік қызметтерді атқаратын заңды тұлға. Оның 4 негізгі типі бар:Тәуелсіз лизингтік компанияларБанктер мен банктермен байланысты фирмаларҚұрал-жабдықтарды өндіруші фирмалардың лизингтік филиалдарыБасқа да лизинг берушілер. Олардың инвестициялауды қаржыландыру ресурстарының жеткілікті болуы керек. Мысалы, тәуелсіз брокерлер, олардың негізгі мақсаты: лизингтік келісімге қызығушылық білдіретін жақтарды және олар туралы мәліметтерді іздеу.
  3. Лизинг алушы
  4. Несие беруші
  5. Гарант т. б.

2005 жылғы шілдедегі ҚР «Қаржылық лизингі» туралы заңына сәйкес лизингтің негізгі үш түрі көрсетілген. Олар: оперативті, қаржылық, қайтарымды. Аталған лизинг түрлерінің кең тараған түрлерін қарастырып өтейік.

Оперативті лизинг - бұл ағымдағы жал келісімі, әдетте мұндай келісім мерзімі алынған мүліктің амортизация мерзімінен аз болып келеді. Сондықтан келісім бойынша белгіленген жалдық төлем мүліктің толық құнын өтей алмайды, нәтижесінде мүлікті бірнеше рет лизингке беруге тура келеді. Оперативті лизингтің негізгі ерекшелігі - лизинг алушының келісімді мерзімінен бұрын тоқтатуға мүмкіндігі бар. Сонымен бірге мұндай келісім мен алынған мүліктің ағымдағы жөндеу жұмыстарын және орнату, тағы да басқа қызмет түрін көрсетуі мүмкін. Сондықтан лизингтің бұл түрін кейде қызметтік деп атайды. Оперативті лизинг объектілері болып тез ескіретін құрал - жабдықтар (көшірме құралдары, әр түрлі оргтехникалар) кіреді. Жалпы оперативті лизинг талаптары лизинг алушыға тиімді, өйткені лизинг алушының келісімді мерзімінен бұрын тоқтату құқығы оған ескірген, тозған негізгі құралдарын жаңа технологиялық құралдармен ауыстыруға мүмкіндік береді.

Кемшіліктері : басқа лизинг түрлеріне қарағанда айтарлықтай жоғары жалдық төлем, алдын - ала аванс төлеу талабы, жалдық келісім шартта келісімді мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда айып пұл төлеу туралы тармақтың болуы.

Қаржылық лизинг - ұзақ мерзімді келісім, мұнда жалдау төлемінің есебінен мүліктің амортизациялық төлемдері толық төленеді. Мұнда келісімді мерзімінен бұрын тоқтатуға болмайды, сондай - ақ мерзімдік төлемдер - сатып алу, жеткізу шығындарын және пайданы қамтиды. Лизингтің бұл түрінде орнату, жалдаушыға техникалық қызмет көрсету жалдаушыға жүктеледі. Бұл келісімнің мерзімі біткенде, мүлікті жеңілдік бойынша немесе қалдық сомасы бойынша сатып алу қарастырылған.

Оперативті лизингке қарағанда қаржылық лизинг мүлік иесінің тәуекелін төмендетеді. Мәміле бойынша банктің ұзақ мерзімді келісімінің талаптарына ұқсас, яғни алынған мүліктің толық құнын төлеу, мерзімдік төлемдер (негізгі және пайыздық жағы, яғни мүлік құны мен пайда), келісімді орындай алмай жатса, жалдаушыны «банкрот» деп жариялау құнының болуы және т. б . Қаржы лизинг объктісіне тұрғын үй, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржы лизингі қайтарымды және іскерлік лизинг түрлерінің негізі болып табылады.

Қайтарымды лизинг - екі келісімді білдіретін жүйеден тұрады. Мұнда құрал - жабдық иесі өз мүлкін екінші жақ меншігіне сатады, сонымен бір мезгілде сатып алушыдан ұзақ мерзімді жалға алу келісімін жасайды. Мұндағы сатып алушыларретінде коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтандыру, лизингтік компаниялар болады. Мұндай операциялардың нәтижесінде құрал- жабдықтың иесі ғана өзгереді, ал оны пайдаланушы бұрынғысынша өзгермейді. Инвестор шын мәнінде оның бұрынғы иесін несиелендіреді, нәтижесінде мүлікке меншік құқығын алады. Мұндай операциялар көбінесе кәсіпорын қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында іскерлік құлдырау жағдайында қолданылады.

Іскерлік лизинг - лизингтік келісімде үшінші жақтың (инвестордың) қатысуын қарастырады. Әдетте үшінші жақ банк, сақтандыру, инвестициялық компаниялар болады. Бұл жағдайда лизингтік компания құрал - жабдықтарды жалға алу туралы келісім шартқа алдын - ала қол қоя отырып, қарыздың бір бөлігін төлеуді өз меншігіне алады. Алынған қарызды қамтамассыз етуші болып, алынған мүлік жүреді және болашақта жалгерлік төлемдер, сәйкесінше бір бөлігі жалгермен тікелей инвестицияға төленіп отырады. Сөйтіп лизингтік фирма салық артықшылықтарын пайдаланады, яғни құрал - жабдықтардың амортизациялық міндеттемелерін өтеу процесінде туындайтын қарыздар. Лизингтің бұл формасының негізгі объектілері- жоғары бағалы активтер, пайдалы қазба кен орындары, өндіруші салалардың құрал - жабдықтары және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизингтік бизнес. Қазақстан Республикасында лизингтік бизнесті басқару жүйесін талдау
Лизингтік қатынастардың экономикалық мәні
Лизингтің даму тарихы және лизинг ұғымының экономикалық мазмұны
Лизинг және әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасуы
Банктік лизинг кезеңі
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТҮРЛЕРІ
Лизинг шартының мазмұны
Қазақстанда қаржылық лизингтің даму жолдары мен мәселелері
Лизинг беруші және лизинг алушы арасындағы лизинг шарты
Өндірістік кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz