Англияның үндістандағы отарлық саясаты


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Англияның Үндістандағы отарлық саясаты.

Кіріспе

І - тарау. Англияың Үндістанға отарлық билігін орнатуы.

1. 1. Үндістандағы ағылшын билігінің қалыптасуының алғышарттары және Британияның жаулаушылық саясаты.

1. 2. Англияның Үндістанда қолданған отарлық заң ережелерімен халықты езіп, қанау тәсілдері.

ІІ - Үндістанның отаршылдарға қарсы күресі және отарлық езгіден арылу тарихынан.

2. 1. Ұлттық сананың қалыптасуы мен отаршылдарға қарсылықтың күшеюі.

2. 2. Тәуелсіздік жолындағы саяси қозғалыстар және Үндістанның тәуелсіздік алуы.

ІІІ - тарау. «Англияның Үндістандағы отарлық саясаты» тақырыбын мектепте оқыту әдістемесі.

3. 1. Модульдік ойын технологиясы және тірек конспектісі қолданылған сабақ үлгісі

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қосымшалар.

Кіріспе

Қазір біз өткенді қайта қарап, қайыра зерделеу үстіндеміз. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында Отан тарихын оқыту басты назарда жүрген мәселелердің бірі. Тарих ғылымы мен тарихты оқыту қазіргі күндегі түбірлі өзгерістер жағдайында маңызы бұрынғыдан да артуда. Тарих - бұл өткен ғана емес, бүгінгіміз бен кешегіміз.

Тарих және онымен байланысты әлеуметтік ғылымдар кез келген мемлекеттің білім беру жүйесінде маңызды роль атқарады. Адамзат өзінің өткенін түсініп, болашағын жоспарлай алады.

Тарих ғылымы мен тарихты оқыту қазіргі күндегі түбірлі өзгерістер жағдайында маңызы бұрынғыдан да артуда. Тарих - бұл өткен ғана емес, бүгінгіміз бен келешегіміз.

Тарих және онымен байланысты әлеуметтік ғылымдар кез келген мемлекеттің білім беру жүйесінде маңызды роль атқарады. Адамзат өзінің өткенін түсініп, болашағын жоспарлай алады.

Қоғамда болған түбірлі өзгерістер білім беру саласында да жүріп жатыр. Білім беруде құндылық пен ізгілікті оқытып үйретуге басты басты назар аудару қажеттігі ғылымда көптеп айтылып келеген мәселе. Тарихты оқытудың басты мақсаты - оқушыларға адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету. «Білім туралы» заңда көрсетілгендей: «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен рпактика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, шығармашылық рухани, . . . әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға . . . » - басты назар аудару қажет[51-33] .

Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті - жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктерімен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені назарда болуы тиіс.

Өзектілігі: Болашақ тарихшыны дайындауда ғана емес, жалпы кез келеген азаматты қалыптастыруда ежелгі дүние тарихын, соның ішінде Азия мемлекеттерінің тарихын, соның ішінде отарланған Үндістан тарихын, Үндістанның даму жүйесі ағылшындарға тәуелді болғандығына байланысты, бұл елдегі ағылшындық отарлау саясатының ерекшеліктерін оқытушыларға үйрету және өз елімізбен салыстырмалы түрде игерту үлкен маңызға ие. Жалпы адамзат мәдениетінің, ғылымының, білімінің, мемлекеттілік пен әскери өнердің сан алуан қайнар көзі, сарқылмас бұлағы, алтын бесігі болған ежелгі Үндістан мемлекетінің тарихы, қилы да, қиын тағдыры, ағылшындардың отарлау жүйесі, Үндістан халқының отарлыққа қарсы күрестері бүгінгі таңда тарих сахнасында өз құнын жоймайды.

Қалай дегенмен де кейінгі кездері әлем тарихына да, көп көңіл бөлініп жүр. Себебі өз отанымыздың тарихы әлем тарихының бір бөлігі ретінде ала аламыз. Бірақ та, отан тарихымен қоса дүние жүзі тарихының да өзкеті мәселелерін оқыту, оны бала санасына сіңіру, өркениет ошақтарының қалыптасуы мен әлемдік үрдістердің, қоғамның құрылу ерекшеліктерін оқыту бүгінгі күннің талабы. Сондықтан да Шығыс еледерінің тарихын мектепте оқыту - жүйе бойынша танымның әуелгі сатысы болып табылады. Дүниежүзі тарихындағы орны зор мемлекет болып саналатын Үндістанның тарихын мектепте оқыту, бала санасына отар елдердегі саясат және мемлкеттіліктің қалыптасуы мен империялистік мемлекеттер мен отар елдер арасындағы қатынастардың нығаю белгілерін тарихи тұрғыда оқушы санасына сіңіру тарихты оқытудағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

«Ағылшындардың Үндістандағы отарлық саясаты» тақырыбы жаңа және қазіргі заман тарихында Үнді мұхиты бассейні жағалауындағы қоғамдар мен мемлекеттердің даму жағдайларына көп көңіл бөлінген «Жаңа және қазіргі заман тарихының » құрамдас бөлімі болып табылады. Англияның отарлық Үндістандағы тек Үндістандағы ғана емес, Үнді мұхиты жағалауындағы көптеген мемлекеттердің қоғамдық және мемлекеттік құрылымдарының пайда болуын, дамуын және тәуелсіздікке қол жеткізуін қарастырады.

Хронологиялық шеңбері: Ост - Инд компанияларының Үндістан территорияларында құрылуынан ағылшындардың отарлық саясатын және оларға қарсы жергілікті халықтардың көтерілістерін қамти отырып, яғни ХҮІІ ғасырлардан бастап, ХХ ғасырдың ортасына дейін, дәлірек айтсақ, Үндістанның тәуелсіздік алуына дейінгі аралықты қамтиды.

Зерттеу әдісі: Тақырып бойынша зерттеулерді талдау, зерттеу, салыстыру, оқылған материалдарды синтездеу, бақылау, әңгімелеу болып табылады.

Теориялық негізі: Қоғам, тарих, әдістемелік мәселелерін зерттейтін тарихшылардың еңбектеріне негізделген.

Зерттеу объектісі: Жаңа және қазіргі замандаға Азия және Африка еледерінің құрамдас бөлігі болып табылатын Үндістан мемлекетіндегі ағылшындардың отарлық саясатының тарихы.

Негізгі мақсат: Жаңа және қазіргі замандаға Азия және Африка еледерінің құрамдас бөлігі болып табылатын Үндістан мемлектіндегі ағылшындардың отарлық саясатын зерделей отырып, Үндістанның қоғамдық - саяси дамуын, әлеуметтік - экономикалық жағдайы мен мәдениетінің дүниежүзі тарихында алатын орнын жете зерттеп, тарихи тұрғыда талдап қарастыру және аталған мемлекеттің тарихын мектеп курсында оқытудың ғылыми - әдістемелік ерекшеліктерін көрсету.

Міндеттері:

- Жаңа және қазіргі замандағы Үндістан тарихы бойынша әдеби - зерттеулерді, деректер мен ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді тақырыптық талдау.

- Мектепте жаңа және қазіргі замандағы дүниежүзі тарихы курсында Британдық Үндістандағы ағылшындардың отарлық саясатын оқыту ерекшеліктерін көрсету.

- Үндістандағы ағылшын билігінің қалыптасуының алғышарттары мен себептерін, Англияның Үндістанда қолданған отарлық заң ережелерімен халықты езіп, қанау тәсілдерін жан - жақты зерттеу.

- Ұлттық сананың қалыптасуы мен отаршылдарға қарсылықтың күшеюін, тәуелсіздік жолындағы саяси қозғалыстар және Үндістанның тәуелсіздік алу жолындағы тарихи үрдістердің мәні мен мағнасын ашып көрсету

- Ежелгі Спартаның әлеуметтік- экономикалық жағдайы мен ежелгі Спарта қоғамының ерекшеліктері мен мемлекеттік құрылысын теориялық тұрғыда зерттеу.

- Тақырыпты оқытудағы Ресей және шетел зерттеулеріндегі озық тәжірибелерді жинақтау.

Гипотеза: Англияның Үндістандағы отарлық саясаты тақырыбын мектепте оқытудың ғылыми - әдістемелік талаптарын қолдану, тарихи білімдерді қалыптастыруда неғұрлым жоғары дәрежеде ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Практикалық маңызы: Мектеп мұғалімдері мен педагогикалық бағыттағы жоғарға оқу орындары студенттері үшін мемлекеттіл тілдегі оқу - әдістемелік құрал.

Зерттеу базасы : Зеттеу базасы ретінде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы № 37 мектеп -гимназиясының 8 «А» сыныбы.

Тарихнамасы:

Құрылымы: Кіріспеден және үш ірі бөлімнен тұрады. І - тарау. Англияың Үндістанға отарлық билігін орнатуы жағдайы деп аталып ол өз ішінен Үндістандағы ағылшын билігінің қалыптасуының алғышарттары мен себептері және Англияның Үндістанда қолданған отарлық заң ережелерімен халықты езіп, қанау тәсілдері деген екі бөлімшеден құралған. ІІ - тарау. Үндістанның отаршылдарға қарсы күресі және отарлық езгіден арылу тарихынан деп аталып, ол өз ішінен ұлттық сананың қалыптасуы мен отаршылдарға қарсылықтың күшеюі және тәуелсіздік жолындағы саяси қозғалыстар және Үндістанның тәуелсіздік алуы жолындағы саяси оқиғаларға ден қойылған арнайы бөлімшеден тұрады. ІІІ - тарау. «Англиның Үндістандағы отарлық саясаты» тақырыбын мектепте оқыту әдістемесі, яғни ойын технологиясы және тірек конспектісі арқылы сабақ жоспары берілген. Соңы қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімімен аяқталады. Бұған қоса сабақтың белсенділігін артыру мақсатында қосымша көрнекілік құралдары ұсынылған.

І - тарау. Англияның Үндістанға отарлық билігін орнатуы.

1. 1. Үндістандағы ағылшын билігінің қалыптасуының алғышарттары және Британияның жаулаушылық саясаты.

Шығыс мемлекеттерінің ХҮІІ - ХҮІІІ ғасырлар тарихы отарлану мәселесімен байланысты. Бұл кезең Шығыста ірі сауда буржуазиясының мүддесін қорғайтын компаниялардың құрылуымен ерекшеленеді. ХҮІІ ғасырдың басында Ост - Индтік компаниясының аты Нидерландымен байланыстырылса, ХҮІІІ ғасырда олар отарлық биліктің тұтқасын мығым ұстай алмай, үстемдік пен отарлаудың жүгенін Англияға ұстатады.

ХҮІ ғ. ортасынан бастап, Еуропада кәсіпкерліктің жаңа жүйесі - мануфактура пайда болып, ХҮІІ ғ. бұл үрдіс дами түсті. Мануфактура капитализмді нығайтып, кәсіпкерлерден одан бетер ауқымды және ұйымдасқан экспансияны талап етеді. Көпестер мен саудагерлер компанияларға біріге бастайды. Басты мақсаттары алтын мен бағалы заттарды сатып алу ғана емес, сондай - ақ отарлап бағындыратын, капиталдарын сыртқа шығаратын елдерді іздеу еді. Бұғанға дейінгі ағылшындардың жаулап алған жерлері кең, одан түсетін пайда ауқымды болды. Жаулап алушылардың әрекеттері қиындап, жеке дара жерлерді иемдену немесе бағындыру мүмкінсіз жағдай болып қалды. Жаулап алу мен тонауды капиталистердің мықты ұйымы ғана жүргізе алатын болды. Капитализмнің дамуындағы жаңа кезең отарлық қанаудың тәсілдерін өзгертуді талап етті. Өйткені, Еуропадағы өндірістің жетістіктеріне қарамастан, ХҮІ ғ. аяғы мен ХҮІІғ. басында Еуроапалық державалардың өнімділігі қол еңбегіне тікелей тәуелді болды.

Үндістан ағылшындар мен француздардың үстемдік үшін талас аренасына айналған ринг есебінде қарас тырылатын мемлекеттің бірі десе де болады. Үндіс танның жаулануындағы негізгі аймақ Бенгалия болып табылджы. Масштабы жағынан Үндістан отарға айналған алғашқы және іс жүзінде жалғыз ірі мемлекет болды. Үндістанға тән әкімшілік -саяси байланыстың әлсіздігін пайдаланып, ағылшындар өте оңай, аса шығындарсыз, негізінен үнділердің өз қолымен билікті тартып алып, өз билігін орнатты. Енді жаулап алуышылардың алдында жаңа мәселе туындайды: ірі отарды қалай билеу керек? Алдынға жаулап алуышылардың алдында мүндай мәселе болмаған. Олардың барлығы, Ұлы Моғолдарға дейін ғасырлар бойы қалыптасқан және барлығына түсінікті жүйемен билеген болатын. Бірақ, ағылшындар түбегейлі жүйені қалыптастырды. Үндістанның Британияға қосылуы соғыстың немесе соғыстар тізбегінің нәтижесінен гөрі, бүкіл әлемде қалыптасқан экономикалық және әлеуметтік үрдістердің нәтижесі болса керек. Үндістанның жаулануы Англидағы өнеркәсіп төңкерісіні жиілеткені рас. Үндістаннан әкелінген шикізат өңдеуді қажет етті. Өңдеу нәтижесінде Англияның өзінде бәсекелестік қарқынды дамып, өнәркәсіп басқа дәрежеге аяқ басты. Үндістанның отарлануы Англия үшін тек қана өнеркәсіптегі өзгерістер ғана әкелмей, сонымен қатар әлеуметтік жағынан да ағылшын қоғамына өз әсерін тигізген еді. Жаңа дворяндардың қалыптасуына, жаңа жер іздеушілердің қатарының көбеюіне де септігін тигізді.

1600 жылдың ортасында Ост - Индтік команиялар сол кездегі бүкіл отаршыл державаларда пайда бола бастады. Еуропалық державаларда Ост - Индтік команиялар қатарлас дамыды. Мысалы: 1600 - 1858 жылдыры ағылшындық, 1602 - 1798 жылдары голландтық, 1664 - 1774 жылдары француздық компаниялар дамыған еді. Ірі саудагерлер мен өндірістік метрополияларды біріктірген бұл компаниялар, Шығыста жаулап алу саясатын жүргізуге, соғыс жүргізуге, жаңа жерлерді қосып алуға, бағынған халықты қанауға, өз колониалдық иеліктері арасында монополиялы сауда жүргізуге хақылы болды. Ост - Индтік компаниялар мануфактуралық өндіріс буржуазиясыының мүдделеріне тікелей қызмет етті.

Ост - Индтік компаниялар колониялардан таурлар (бұрыш, гүл, дәнді - дақылдар т. б. ) арзан бағамен алып, еропалық елдерде қымбат бағамен сататын болды. Ост - Индтік компаниялар өз акционерлеріне көптеген табыстар әкеліп отырды. Осылайша, 1600 жылы Лондонда ағылшындық Ост - Индтік, 30 мың фунт стирлинг капиталы бар компанияның негізі қаланады. Оның акцинерлері мемлкет билеушілері мен ірі саудагерлер болды. Компания Малукк, Суловеси, Ява, Суматра, Үндістан, Сиамда сауда факторияларын құра бастады. Бірақ, 1618 жылы голландық Ост - Индтік компаниясының әскері Сиамдағы бірнеше шайқаста ағылшындарды талқандап, оларды Малукктан ығыстырады. 1623 жылы голландықтар ағылшындарға Амбон түбегінде шешуші соққы беріп, олардың Үндістандағы экспанциясын тоқтатқан еді.

Көре алмаушылық, бәсекелестік отарларға иемденудегі қақтығыстар Ост - Индтік компаниялардың Атлант, Үнді, Тынық мұхитындағы қатаң бәсекелестігі Азия, Африка, Латын Америкасында ғана емес, сондай - ақ Еуропада да шиеленіскен қарулы қақтығыстарға алып келді. Осылайша, ХҮІІғ. қан төгіс соғыстар - 1701 - 1714 жж. «Испан мұрагерлігі», 1740 -1748жж. «Австриялық мұрагерлік» үшін - 1756 - 1763 жж. жеті жылдық соғыс Англия мен Франция арасындағы отарларды кедергісіз тонауға бақталастықпен тікелей байланысты. Бұл қақтығыстардан Англия үнемі жеңімпаз болып шығып отырды.

Бенгалияда бекініп алған ағылшын отаршылдары жыл өткен сайын Үндістан жеріне ішкері ене, берді. Олар қатал тонаушылық соғыс жүргізді. Отаршылдар-дың баса-кәктеп кіруі барлық жерде жергілікті феодалдар мен шапқыншылардың екі жақты езгісінен күйзелгеи халықтың қайыршылыгы мен кедейленуін күшейте түсті.

ХІХ ғасырдың басында Ост Индия компаниясы Үндістанның территориясында билеуші күшке ие болды. Енді ағылшын буржуазиясының бүкіл түбекті жаулап алуы үшін маратхалық князьдықтардың қарсыласуын басу қажет болды.

ХІХ ғасырдың басында феодалдық маратхалық князьдықтар күрделі дағдарысты басынан кешіріп жатты. Маратхалық князьдықтардың конфедерациясы ыдырады, князьдар пешва билігімен есептеседі. Әрі феодалдар князьдарға ғана бағынды.

Индауыр мен пешва арасындағы өзара соғыс ағылшындарға араласуға сылтау берді. Ағылшындар Индауырдан жеңіліс тапқан пешва Бадеш әскери көмек беруге, ал өз кезегінде маратха конфедерациясының сыртқы саясатын ағылшындарға бағындыруға уәде етті. 1808 жылы ағылшындар соғыс бастайды. Маратхалар жаулаушыларға табанды қарсыласы. Бірақ маратхалық феодалдар өздерінің мүдделерін ғана көздегендіктен, олар тек өз жерлерін ғана қорғауды мақсат етіп, бірлеспей жалпыүнділік сипатқа енбегендіктен жеңіліс табады. 1803-1805 жылдардағы соғыс нәтижесінде маратхалық князьдықтардың бөлігі мен Ұлы Моғолдардың астанасы Дели отаршыларға бағынады. Орталық Үндістанның князьдары Ост - Индия компаниясының вассалдарына айналады. Ост - Индия компаниясы, яғни ағылшындық ірі буржуазия үстемдік етеді.

1818 жылы жаңа соғыс нәтижесінде ағылшындар маратхалық князьдықтарды бағындырды. Гаужахстанның князьдары да ағылшындардың билігін мойындады. 1826 жылы жаулаушылық соғыс нәтижесінде Ост Үнді компаниясының иелігіне Бирманың Ассам жері енеді. 1843 жылы Сижуті жаулап алу аяқталды.

19 ғасырдың басында экономикалық дамудың қажеттіліктері мен ағылшын отаршылары жағынан қауіптің ұлғаюы Педжабта орталықтанған мемлекет құру тенденциясын туындатты. Педжабтың феодалдардың өзара соғысы макараджа титулын иемденген Ганджит Сингх жеңісімен аяқталды. Ол үлестік князьдықтарды жояды. Жер иеліктері синх феодалдары - сердарлар арасында әскердегі қызмет ету уақытында берілетін джагирлер формасында берілді. Педжабта жақсы артиллериясы бар 40- мыңдық армия құрылды. Одан басқа махараджаның иелігінде 30 мыңдық солдат болды. Гаджит Сингх өз билігіне Кашмир менмультана Пешвара облыстарын бағындырды. Педжабтың күшін ескере отырып, ағылшындар уақытша Гаджит Сингхпен бейбіт қатынастар сақтауға тырысты. Алайда отызыншы жылдардың аяғына таман синхтер мемлекеті түрлі қайшылықтардың салдарынан әлсірей бастады. Гаджит Сингхтың өлімінен кейін, 1838 жылы Педжабта феодалдық өзара қырқыстар басталады. Алайда феодалдық сепаратизмге армия қарсы тұрды. Олар Педжабтың тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғап, пенчояттар құрды. Педжаб дходандары армиялық өздерінің билігі мен жер иеліктеріне қарсы қауіп ретінде көрді. Ағылшындар Педжабтағы оқиғалар басқа территорияларға таралып кетуден қауіптеніп, феодалдармен бірлесе отырып, пенчоятқасоғыс ашады. Сатқындыққа қарамастан алпыс мыңдық армия табанды қарсыласты. Бірақ 1846 жылы ақпанда синхтерге тойтарыс беріледі. Бірінші ағылшын педжаб соғысының нәтижесінде сингх мемлекетінің бір бөлігі компанияның иелігіне өтеді. Педжаб Ост - Индия компаниясының вассалдық князьдығына айналады.

Бірақ еркіндік сүйгіш педжабтықтар 1848 жылы Педжабта жаңа көтеріліс бастайды. Оларға ауғанстандық әмір, салт аттыларды көмекке жібереді. Жаңа күрделі соғыс басталып, оның нәтижесінде Педжаб толығымен бағындырылады. Осылайша 1849 жылы британ отаршылдарының Үндістанды жаулап алуы аяқталады. Ост-Индия компаниясы отарлық қаруы болды.

Үндістан британ отаршылдарының езгісіне біртіндеп емес жылдам түсті. Үндістанды қанау бастапқыда негізінен халықтан салық алу және үнді князьдарының байлығын тонаудан басталды. Карл Маркс «байлық елді ашық қанау және Англияға жөнелтілген орасан зор дүниені тартып алу жолымен жиналды», - деп жазды. XIX ғасырдың ортасында ғана Үндістанға ағылшын товарларын өткізудің мүмкіндігі өсті. Үндістанды тонау ағылшын буржуазиясының қолында орасан мол байлықтың жиналуына жағдай жасады.

ХІХ ғасырдың орта шенінде миллиондаған үнді тоқымашы-ларының тағдыры тым мүшкіл еді. Олар ағылшынның фабрикалық техникамен жабдықталған мақта - мата өндірісімен бәсекеге төтеп бере алмай күйзеліске үшырады. Үндістаннан Англияға мата емес, ағылшын фабрикаларына қажетті шикізат - мақта жеткізілді, ал Үндістанға ағылшынның даяр маталары әкелінді. Ағылшын фабриканттары мен саудагерлері байыған үстіне байи түсті, ал күйзеліске үшыраған үнді тоқымашылары он мыңдап аштықтан қырылып жатты. Үндістанның бүкіл экономикасы ағылшын буржуазиясының мүддесіне бағындырылды. Ост - Инд компаниясы Үндістан жерін бөліске салып, елден байлықты Еуропаға әкетіп жатты.

1. 2. Англияның Үндістанда қолданған отарлық заң ережелерімен халықты езіп, қанау тәсілдері.

Ост - Индтік компаниялардың Шығыс елдеріндегі іс - әрекетінің тарихы - бұрын сонды болмаған қылмыстар тарихы болды. Англия Шығыста колониалдық тауарларды қайта сатудан, ірі көлемдегі салықтан, халықты тонаудан, қосымша төлемдерден үлкен пайда тауып отырды. Сонымен қатар ағылшындық Ост - Индтік компаниясы Үндістан мен Қытай арасындағы саудаға, Еуропаға шығарылатын, Еуропадан алып келінетін тауарларға, жалпы мемлекет ішіндегі бүкіл саудаға монополия орнатты. Компания тұзға, апиынға, т. б. тауарларға бағаны бекітіп отырды.

Жаңа салық енгізе отырып, ағылшындықтар қалыптасқан феодалдық жүйені жоғалтып алмауға тырысты. Олар ескі феодалдарды қалдырып, оларға салық жинауды және жергілікті билікті жүктеді.

Әскери реформа қарулы күштердің құрылымының өзгеруіне әкелді. Әскердегі ағылшындардың саны өсті. Үнді княздарын арнайы жолдауында Виктория олардың дәстүрлі құқықтарын мойындады. Британ билеушілері Үндістандағы дәстүрлі касталық жүйеге назар аударып, қастерлеуге міндеттеме алады.

Еуропалық саяси мәдениеттің белсене енуі Үндістанға көптеген Еуропалық идеялардың, білім мен тәжірибелердің, ғылым, өнер, мәдениет, өмір салтының енуіне себепкер болады. Кітаптар, газет - журналадар басқа да баспа түрлері ағылшын тілінде таралды. Ағылшын тілі біртіндеп үндістандағы негізгі тілге айналды. Осы орайда алдынғы қатарға шыққан аудан Бенгалия болды. Ол ең алғаш ағылшындар жаулап алған елді - мекен еді.

1857 - 1859 жж. Үндістандағы халық көтерілістері Британ билігінің әлсіздігіни дәлелдей түсті. Ағылшын буржуазиясы отарлық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізуге, реформа жасауға мәжбүр болады. 1860 жылдары болған әкімшілік реформасы ағылшындардың шендік билігін күшейте түсті.

1858 жылдың 2 тамызында ағылшын парламенті «Үндістанды жақсы басқару жайындағы заң» қабылдайды. Аталған заңда Үндістанның билігі ағылшын корольдігінің билігінің астына өтіп, парламент оған бақылау жасайтындығы баяндалады. Бұрынғы екі Кеңеспен бағындырылатын жүйе өзгеріске түседі. Бұғанға дейін Үндістанды Бақылау Кеңесі мен Ост - Инд компаниясының директорлар Кеңесі басқарып отыратын еді. Олардың қызметін жаңадан құрылған Үндістан мәселесі жөніндегі министрлік атқаратын болды.

1857 - 1859 жж. көтеріліс әскери саладағы реформаларға да түрткі болды. Көтерілісті басу барысында синай әскери бөлімдері ерекше көзге түскен болатын. Әскер қайта құрылып, негізгінен сипайлар пенджаб сикхтарынан және Гималай мен Непала аңғарларындағы халықтардан құрастырыла бастады. Себебі бұл аймақтардағы халықтар елдің орталығынан жырақ, саясаттан алыс болған - ды. Артилерия тек ағылшындардан құралды. Әскери құрылымдар өзгеріп, әскерде жергілікті халықтардан офицерлер тағайындалатын болды. Олар көбінесе феодалдық топтардың азаматтарынан тұрды.

Әкімшілік жүйеде де, реформалар болып өтті. 1861 жылы парламенттің «Үнді кеңесі жайындағы заңға» сәйкес бірнеше әкімшілік өзгерістер орын алды. Соттық билікте де өзгерістер болды. Ост - Инд сотымен бірге жергілікті билер соты қатар жүрген еді. Енді тек ағылшындық сот жүйесі ғана

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үнді интеллигенциясының қалыптасуы
Англияның отарлық империя болып қалыптасуы және ағылшын отарлауының бағыттары
Үндістандағы Сипайлар көтерісі
Сипайлар әскері
Солтүстік соғыс
Үндістанның Ұлы моғолдар империясынан тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихы
ҮНДІСТАН ҰЛТТЫҚ КОНГРЕССІНІҢ САЯСИ ҰЙЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Үнді Ұлттық Конгрессі 1930 жылдардан кейін
Канаданы Францияның отарлауы тарихы
1918-1939 жылдарындаѓы Ұлыбритания
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz