Мао Цзэдун


Реферат
Дипломдық жұмыстың тақырыбы:
Тақырыптың өзектілігі: 1921 жылы құрылған Қытай Коммунистік партиясы (бұдан былай Қытай Компартиясы - авт. ) Ұлттық Гоминьдан партиясымен ұзақ әрі күрделі күрес жүргізу арқылы билік басына келді. 1949 жылы 1-қазанда Қытай Компартиясының төрағасы Мао Цзэдун Қытай Халық Республикасының құрылуын ресми түрде жариялады. Қытай халық саяси кеңес конференциясы Қытай Халық Республикасын империализмге, феодализмге, бюрократиялық капитализмге қарсы тұратын тәуелсіздік, демократия, бейбітшілік үшін күресетін қуатты әрі дәулетті Қытайды құруға талпынатын «жаңа демократиялық мемлекет» /1/ деп жария етті. Халық саяси кеңес конференциясының жалпы бағдарламасында Қытайдағы жаңа мемлекеттік билік жұмысшы-шаруалар табының одағына негізделген «халықтың демократиялық диктатурасы» болып белгіленді. Ал билікті халықтың атынан Қытай Компартиясы жүргізеді.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Мао Цзэдунның өмірбаяны, ғылыми талқыларын қарастыру
- ҚХР-ң көсемі -Маоның өмірі жайлы хикаялары анықтау
- Қытайдағы «Үш қызыл жалау» саясаты Маоның ролін қарастыру
Дипломдық жұмыс реферат, глоссарий, кіріспе, үш тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыс беттен тұрады.
Глоссарий
"Мәдени төңкерiс" - партияның басшылық етiлетiн жетекшiсiмен азшылықпен, бiр жағынан ол жүргiзiлетiн тұрлар, ҚКП-тың басқарудағы көпшiлiгiне қарсы
Геосаясат -сыртқы саясатты географиялық факторларга байланысты жургізетін саясат.
Гуманизм - жеке адам ретіндегі адамның құндылығы, оның еркіндікке, бақытқа, әділеттілікке деген талаптары; көзқарас ұстанымы.
Мәдениет - адамдардың өмірі мен іс- әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай-ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі даму дәрежесі.
Мифология - аңыздарға негізделген ежелгі халықтарға ортақ дүниетаным
Натурализм - реализмнен бөлек, табиғат заңы мен қоғам заңдарының арасына теңдік белгі қоюшы.
Парадигма - алдында қабылданған пікірлерге қарсы шығу, тауып айтылған сөз.
Прагматизм - философия болмыс пен танымның бастаулары туралы бос сөйлей беру емес, мәселелерді шешуі керек.
Реализм - ақиқаттың, шындықтың нақты заңдарын ашты.
Саяси турақтылық - әр турлі ішкі және сыртқы озгерістер жагдайында саяси жуйенін оз қурылымын сақтап, тиімді омір суруге мумкіндік беретін турақтылыгы.
Сыртқы саясат - мемлекеттік дуниежузілік дәрежеде жургізген саясаты.
Фашистік партиялар - жеке муддеден мемлекеттік мудденін басым болганын, басқаруда қатан орталықтандыруды, адамнын қуқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайтын партиялар.
Эволюция - қогамдық-саяси омірде біртіндеп, баяу даму.
Мазмұны
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: 1921 жылы құрылған Қытай Коммунистік партиясы (бұдан былай Қытай Компартиясы - авт. ) Ұлттық Гоминьдан партиясымен ұзақ әрі күрделі күрес жүргізу арқылы билік басына келді. 1949 жылы 1-қазанда Қытай Компартиясының төрағасы Мао Цзэдун Қытай Халық Республикасының құрылуын ресми түрде жариялады. Қытай халық саяси кеңес конференциясы Қытай Халық Республикасын империализмге, феодализмге, бюрократиялық капитализмге қарсы тұратын тәуелсіздік, демократия, бейбітшілік үшін күресетін қуатты әрі дәулетті Қытайды құруға талпынатын «жаңа демократиялық мемлекет» /1/ деп жария етті. Халық саяси кеңес конференциясының жалпы бағдарламасында Қытайдағы жаңа мемлекеттік билік жұмысшы-шаруалар табының одағына негізделген «халықтың демократиялық диктатурасы» болып белгіленді. Ал билікті халықтың атынан Қытай Компартиясы жүргізеді.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қытай Халық Республикасы құрыла салысымен мемлекеттік билік тұғырындағы Қытай Компартиясының басшылары елде социалистік жүйе орнатуға және Бүкілқытай қоғамын сол жүйеге сай етіп тәрбиелеуді қолға алды. Бұл аса күрделі шараларды жүргізуде Қытай Компартиясы Орталық халық үкіметінің төрағасы және осы партияның жетекшісі Мао Цзэдуннің теориялық бағдарламаларын басшылыққа алынды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Берілген бітіру жұмысының мақсаты болып Қытай Халық Республикасының Мао Цзэдуннің өмірін, басшылыққа келгенің, Мао Цзэдуннің кезіндегі экономика саласындағы радикалды саясат масштабтарын қарастыру.
Зерттеу объектісі Мао Цзэдунның өмірі мен жүргізген саясаты.
Зерттеудің ғылыми-методикалық негізі пәнаралық және жүйелік тәсілдермен көрсетіледі. Пәнаралық тәсілді қолдануымыздың көрінісі болып тарих, саяси ғылым, экономика, конституциялық құқық, этникалық психология ғылымдарына көңіл бөлуіміз саналады.
Ұлы пролетарлық мәдени революция (Wuchan Jieji Wenhua Da Geming) - 1966-1976ж аралығындағы он жылдық кезеңді қамтыған Қытай тарихындағы оқиға. Бұл кезең әлеуметтік баспалдақтың төменгі деңгейіндегі жұмысшылар мен студенттердің тәртіпсіздік әрекеттерімен және елдің партиялық басшылығындағы хаоспен сипатталды. Революцияның басталуына қорытынды ықпалды саяси оппозициялық көзқарастармен күрес шеңберінде және мемлекеттік идеология ретінде ҚКП басшылығындағы өз жақтастарының көзқарастарын (маоизм) орнықтыру үшін ҚКП төрағасы Мао Цзедун жасады.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, үш тарау (әр тарауда үш тараушадан), қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Мао Цзэдун 1893 жылы 26 желтоқсанда оңтүстік Қытайдағы Хунань провинциясында Сянтань уездіндегі Шаошань ауылында дүниеге келген. Маоның айтуы бойынша, оның әкесі Мао Жэньшэн әскери қызметі кезінде біраз ақша жинап, туған жеріне оралғаннан кейін ұсақ саудамен айналысқан. Ол шаруалардан арзан бағадағы күрішті сатып алып, оны қала саудагерлеріне қымбат бағаға сатумен айналысқан.
Маоның әкесі небәрі екі ақ жыл мектепте білім алып, бірақ та сол білімі саудамен айналысудағы кіріс және шығыс кібапшасын толтыруға жетерлік болды. Маоның анасы білімсіз адам болса да, ұлына буддистің тәлім тәрбие берудіғ арқасында Маоның болашағына үлкен әсерін тигізген болатын.
Ол бес жасқа толған кезде оған Цзэдун атын береді. Цзэдун атының мағынасы балалық шақ бітіп, ұл бала еңбек етуі тиіс деген мағынаны білдіретін. Үш жылдан кейін Мао мектепке бара бастайды. Мектептегі білім жүйесі канондық конфуциандық ілімдерге негізделген болатын.
Мао он үш жасқа толғаннан кейін мектептегі білім алуын доғарып, әкесіне ақша санауда көмекші бола бастайды. Бір жылдан кейін Маоның әкесі оны өзінен алты жас үлкен қызға үйлендіреді. Кейінірек әкесі өзінің саудалық жұмысын баласына беруге бел буады. Бірақ осындай тағдырымен келіспеген Мао мінезін көрсетіп, үйден қашып кетеді. Ол үйнен кетіп далада жүрген заңгер ғалымнан дәріс ала бастайды. Осы білім алуы жарты жылға жалғасады. Кейінірек қарт ғалымның үйретуімен көне қытай классиктерін оқи бастайды, ал кейінірек тіпті сол замандағы әдебиетке де көшеді.
Мао Цзедуньның сүйіп оқитын шығармаларының бірі «Хан облысы әміршісінің кітабы» болатын. Ежелгі ойшыл Шан Ян: «Мемлекет тыныштыққа тек соғыс пен жериеленушіліктің көмегімен ғана жетеді. Күшті сүйетін мемлекетке шабуыл жасау қиын, ал шабуыл жасау мүмкін емес мемлекет гүлденіп, өркендей алады . . . Егер әскер қарсылас шабуылдауға батылы бармайтындай әрекет ететін болса, ол мемлекеттің күшті болғаны. Ал, егер соғыс кезінде әскер өз қимылымен дұшпанды жерге қарататын болса, мемлекет жеңіске жетеді», - деген болатын.
1910 жылы Мао Шунань провинциясындағы СянСян уездіндегі Дуншан мектебіне оқуға түседі. Осы мектептегі мұғалімдерді Маоның ұшқыр ойы мен көп әдебиетпен таныстығы таңғалдырады. Сол кездері Мао екі шығарма жайлы еске алады. Біріншісі, өзінің нағашы ағасы жіберген Кан Ювейдің реформаторлық белсенділігі жайын. Осы шығарманы ол жатқа білді десе де болады. Оның үлгі алар тарихи тұлғаларының бірі ең алғашқы бірегей Қытай империясын құрған Ши-Хуандиғ оған қоса Хань династиясы тұсындағы саияси және әскери тұлғалар, тағы да Наполеон болған еді.
Он сегіз жасында Мао әскери борышын өтеуге барады. Бұл жерде «Сянцзян жибао» және тағы да басқа газеттерді оқып жүріп алғаш рет социализм идеяларымен танысады. Жарты жылдан кейін әскерден кейтіп, туған жеріне оралып, әкесіне көмектесумен болады.
1913 жылы Хунань провинциясының астанасы Чанша қаласына келеді. Бұл жерде ол өз білімін жалғасдтыруға бел буады. Осылайша, ол педагогикалық училищеге оқуға түсіп, оны 1918 жылы бітіреді. Бұл жерде оқып жүрген кезінде Мао қытай классиктерінің шығармаларымен танысуды жалғастырып, олардың ойларын өз дәптеріне де жазып отырады. Оның студенттің шығармалары ең үздік танылып, тіпті университет қабырғасына ілінген еді.
Бұл кезде Мао өзінің ең сүйікті ұстазы, профессор Ян Чанцзи қолдаған жаңа мәдениет жолындағы қозғалыс идеясының жақтасы болған еді. Бұл идея батыстың алдыңғы қатарлы ойлары мен Қытайдың ұлы рухани ойларының бірлестігінен туындаған болатын.
1917 жылы сәуірде өзінің публицистика саласындағы алғашқы қадамында Мао Цзедунь өткен Ұлы Қытай Империясының қайта жаңғырғанын мәлімдеген болатын. Бұған негізігі даңғыл жол « әскери күштің айбынды рухының оянуында» деп түсіндірген. Күресте күшке сену ол үшін мәңгілікке ең негізгі қағида боп қалды.
1918 жылдан бастап Маоны анархизм де аса қызықтыра бастайды. Ол Пекин қаласындағы анархизмнің белсенді өкілдерімен танысып, олармен хат алмаса бастайды. Содан кейін Хунан қаласында анархизм ұйымын құруға тырысады.
Ол Қытай саясатын орталықтандыру керектігіне сеніп Қытай да сол саясатты ұстану керек деген ойға келеді. Мао осы жылдары Кропоткин және тағы да басқа социалистердің еңбектерін ынтамен оқи бастайды.
Ресейдегі қазан революцтясының жеңісі мен Кеңес үкіметінің билікке келуі Қытайда азаттық және социалистік қозғалыстарға екпін береді. Елде ең алғашқы революциялық және демократиялық бірлестіктер құрылып, дәл осы бірлестіктерден Қытай Компартиясының алғашқы өкілдері шыққан болатын.
Сол кездегі Пекин университетінің профессоры Ян Чанцзының ұсыныс бойынша Мао 1918 жылы Пекин қаласына келіп, Пекин университетінде кітапханасының меңгеруші Ли Дач Жао меңгерушісінің көмекшісі болып жұмысқа тұрады. Ол кісі сол кезеңдегі ең білімді, әрі зиялы марксистердің бірі болған еді. 1919 жылы ол Пекинде Марксизмнің үйірмесін құрып, ол үйірмеге Мао да белсенді қатысқан еді.
Коммунистік үйірменің бір мүшесі болып кірген кезде Мао жиырма жеті жаста еді. Бір жыл өтісімен Мао КПК ның бір негізін қалаушысы болады. Сол кездегі ең белсенді ұйымдастырушылардың бірі болып саналған Ли Дачжао және Чэнь Дусюді бірте бірте биліктен ығыстырып, өзінің орнын нығайты бастайды. Сонымен қатар, өзіне қарсы шығушыларды да басып жаншға тырысады.
1921 жылдың жаз мезгілінде Шанхайда болған алдыңғы кеңестен кейін Қытай Киммунистік партиясының съезді жиналады. Бұл бас қосуға барлық алты тптан екі екі мүшеден қатысады. Бұл жерде Мао Хунань ұйымын бастап барған еді.
Қытай Коммунистік Партиясының үшінші съездінде партияның ұстанымы, оның ішіндегі Гоминьданға көзқарасы жайлы мәселе көретілген болатын. 1923 жылдың маусым айында Гоминьдан ұлттық революция құруда ең бастапқы күш ретінде болуы керек деген шешім қабылданады. Мао осы кезеңде өзінің белсенділігін ерекше көрсетеді.
Съезде сөз сөйлеген кезде, ол өзінің бұрынғыпрофсозюдар тәуелсіздігі болсын деген ұстанымынан бас тартады. Мао просоюздарды басқару Гоминьдан құзырына берілсін деген ұстанымның жақтасы болады. Оның өз ұстанымын осылай өзгертуі оған Қытай Коммунистік партиясында, сонымен қатар гоминьданда жаңа орын иеленуге көмектеседі. Осы үшінші бас кқосуде ол ЦК ке мүше болып кіріп, , ал осыдан кейін, яғни 1924 жылы ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып сайланады. Гоминьданның бірінші съездінде Мао Гоминьданның Орталық сайлау комитетіне мүше болып кіреді.
1924 жылы Гоминьдан саяси партия болып өзгертіледі. Осы жылдары болған гоминьданнығ барлық лидерлері қатысқан Қытайдағы форумға Мао белсенді қатысады. Сол себепті осы жылдары Гоминьдан партиясымен шаруа қозғалысы жетекшілерінің курстарын ашып, Қытай Коммунистік партиясының ұсынысы бойынша оның ең алғашқы жетекшілерінің бірі Мао болып сайланған кезде ешкім таңғалмаған болатын. Бірақ бұған дейін Мао шаруа қозғалыстарына мүлдем қызығушылық танытпаған болатын.
1927 жылдың сәуір айында ол Жалпы Қытай шаруа ассоциациясының уақытша исполкомының үздіксіз комитетінің мүшесі болып тағайындалады. Осы жылдары Мао тек гоминьданмен ғана емес, Чан Кайшимен де серіктес болу керек деген ұсыныс жасаған болатын. Осы кезде 1927 жылдың сәуір айында Чан Кайши Шанхайда контрреволюциялық төңкеріс жасайды. Осыдан кейін бірнеше ай өтісімен Компартия мүшелері гоминьданнан қуылады. Қытайдың барлық жерінде революция қызметкерлері мен шаруаларды тұтқынға алады. Осыған дейін өмір сүріп келген бірегеі ұлттық ұстаным артта қалды десе де болады. Азаматтық соғыс басталады.
Осы жылдың тамыз айында өткен Қытай Коммунистік партиясының Орталық Коммитетінің шұғыл жағдайдағы кездесуінде ытай Коммунистік Партиясы қаруланған көтерілік ұйымдастыруға шешім қабылдайды. Осы шешімнен кейін Қытайдағы бірнеше ауылдарда көтеріліс ұйымдастырыла бастаған еді.
Осы кездесуде Мао Орталық Комитеттің мүшесі болып, Қытай Коммунистік партиясының орталық комитетінің уақытша политбюросының мүшесі болып тағайындалады. 1925-1927 жылдар аралығында Қытайдың әртүрлі провинцияларында болған шаруалар қозғалысы ең үлкен қозғалыстардың бірі ретінде тарихта қалып, тарихта «күзгі орақ» атты атпен қалады. Осы қозғалысты ұйымдастыру үшін Қытай Коммунистік Паритиясыныңм Орталық Комитетінен арнайы өкілдер жіберген болатын. Солардың ішінен Мао Хунань провинциясына жіберілген болатын.
«Күзгі орақ» қозғалысы қайғылы аяқталады. Ең басты күш әскерге жүктелуі тиіс еді. Осы пленум тағы да "маоцзэдунизм" түсінігінің алғаш рет қолдануымен белгілі. Осы жаңа ұстанымға «әскери авантюризм» деген мінездеме берілді.
1930-1931 жылдары Мао Ли Лисанмен жақтас болады. Ол Қытай ревалюциясын тездету үшін КСРО ны дүниежүзілік соғысқа тартпақ ойы болған еді. Осы үшін Мао бірнеше рет сөгіс алады.
1935 жылдың қаңтар айында Цзуньи жерінде өткізілген кеңесте Мао Цзэдун Орталық Комитеттің Әскери кеңесінің төрағасын, тағы да политкомисар Чжоу Энлайды, Қытай Коммунистік Бас хатшысы міндетін орындап жүрген Цин Бансянды қатаң сынға алып, нәтижесінде Орталық Коммитеттің хатшылығына сайланады.
1935 жылы Мао Цзэдун Қытай Коммунистік Партиясын басқара отырып, Мао Цзэдун өзінің левац тактикасын жалғастырады. Бірақ бұл ұстаным Қытайдың бірегей ұлттық фронтын жалғастурыға кедергі жасайды. Бұл 1936 жылы болған Сиань оғиғасында айқын байқалады. Осы кезде Мао ұлтшыл әскерлер тұтқынға алынған Чан Кайшиді ликвидациялаудың жақтасы болады. Бірақ 1937- 1938 жылдары Мао өзінің ұстанымын аяқ астынан өзгертеді. Осылайша, оның бастауымен ұйымдастырылған қазан айындағы қозғалыстарға тыйым салынады. Осы кезде Мао таптық күрес, демократия мен интернационализмді дәріптеуге тыйым салады. 30- шы және 40-шы жылдары Маомен оның серіктестері Қытай Коммунистік Партиясының билігінен интернационал коммунистерді шеттете алғаннан кейін партия мен әскери күштерге арналған құжаттарда ұлттық насихаттау күшейтіледі.
1. 2 ККП-нің мүшесі ретіндегі Маоның өмірі мен көзқарасының қалыптасуы (1921-1949 жж)
Қытай Коммунистік Партиясында қол жеткізген биліктен айрылып қалмас үшін Мао Цзэдун өз тұлғасын дәріптей бастайды. Осы қойылған мақсатқа жету үшін ол әртүрлі саяси үйымдар құрады. 1941 - 1945 жылдар арасында КСРо неміс фашизммен күресіп жатқан кезде Мао Қытай Коммунистік Партиясының тарихын насихаттап, ол жерде ең басты тұлға ретінде өзін көрсетеді. Осылайша, ол партия билігін түбегейлі өз қолына алып, аудандардағы Қызыл әскердің қолдауына ие болады.
Ол бұқаралық ақпарат құралдар көзін қатаң бақылауға алып, қауіпсіздің ұйымын өзіне тірек етіп алады. Қауіпсіздік ұйымдары Гоминьдан және жапондармен қарым қатынасқа түсті деп күдіктенгендердің бәрін тұтқынға алып, тергей бастайды. Ештеңеге қатысы жоқ коммунистерге ойлап табылған айып тауып, көптеген қылмыстарды мойындатқызады. Осылайша Қытай Коммунистік Партиясының барлық мүшелері Маоның күші мен оның идеясын мойындауға мәжбүр болады.
Маоның жолында кездескен көптеген қиындықтар оны ешкімге сенбеуге үйретеді. Ол жағдайға байланысты ақкөңіл бола білсе де, кей кездері ойда жоқта ашуға салынатын кездері болған. Елдің санасын билеу оның бәлкім, қанында жазылған шығар. Оның айтуы бойынша: «Халық ол таза қағаз беті, ол жерге ойыңа келгенді жазуға болады». Өзінің бүкіл өмірін ол өзін тарихи тұлға етумен айналысады. Осы мақсатқа жету үшін жолында пайда болғанның бәрін көзін құрта білген. Маоның үлгі тұтар тұлғасы Сталин болған еді. Ол Сталиннен қорықса да, оның жолын қуғысы келген еді.
Қытай мәдениетінің басқаларға қарағанда артық екендігі жайлы идея көне заманнан бері Қытай халқының тәрбие негізі болып келеді. Бұл оның сыртқы саясатта орталықтанған қытайлық догманы құру болып табылатын.
Мао Цзедуньның сүйіп оқитын шығармаларының бірі «Хан облысы әміршісінің кітабы» болатын. Ежелгі ойшыл Шан Ян: «Мемлекет тыныштыққа тек соғыс пен жериеленушіліктің көмегімен ғана жетеді. Күшті сүйетін мемлекетке шабуыл жасау қиын, ал шабуыл жасау мүмкін емес мемлекет гүлденіп, өркендей алады . . . Егер әскер қарсылас шабуылдауға батылы бармайтындай әрекет ететін болса, ол мемлекеттің күшті болғаны. Ал, егер соғыс кезінде әскер өз қимылымен дұшпанды жерге қарататын болса, мемлекет жеңіске жетеді», - деген болатын.
1917 жылы сәуірде өзінің публицистика саласындағы алғашқы қадамында Мао Цзедунь өткен Ұлы Қытай Империясының қайта жаңғырғанын мәлімдеген болатын. Бұған негізігі даңғыл жол « әскери күштің айбынды рухының оянуында» деп түсіндірген. Күресте күшке сену ол үшін мәңгілікке ең негізгі қағида боп қалды.
1937 жылы қазандағы ЦК КПК-нің VI Пленумында Мао Цзедунь «Коммунистік Партияның Қытай ұлтазаттық күресіндегі рөлі жайлы» баяндамамен шықты. Бұл өз кезегінде марксизм теориясының қытайлық жағдайдағы үлгісін қалыптастыруға септігін тигізді: «Коммунистер ұлтаралық марксизмді оқушылардың жақтастары болып табылады. Алайда біз марксизімді сол қалпында емес, мемлекеттік ерекшелігімізбен, нақтылы ұлттық тұрғыда өмірге айналдыра аламыз. Марксизм-Ленинизмнің Ұлы тегеуріні оның кез-келген мемлекетте революцияны практикалық тұрғыдан амалға асыра алуымен байланысты. Қытай Коммунистік Партиясы үшін бұл марксистік-лениндік теорияны қытайлық үлгіде үйрену керек болады».
1 1937 жылы қазандағы ЦК КПК-нің VI Пленумында Мао Цзедунь «Коммунистік Партияның Қытай ұлтазаттық күресіндегі рөлі жайлы» баяндамамен шықты. Бұл өз кезегінде марксизм теориясының қытайлық жағдайдағы үлгісін қалыптастыруға септігін тигізді: «Коммунистер ұлтаралық марксизмді оқушылардың жақтастары болып табылады. Алайда біз марксизімді сол қалпында емес, мемлекеттік ерекшелігімізбен, нақтылы ұлттық тұрғыда өмірге айналдыра аламыз. Марксизм-Ленинизмнің Ұлы тегеуріні оның кез-келген мемлекетте революцияны практикалық тұрғыдан амалға асыра алуымен байланысты. Қытай Коммунистік Партиясы үшін бұл марксистік-лениндік теорияны қытайлық үлгіде үйрену керек болады».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz