«Мәдени мұра» бағдарламасы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Кіріспе

1. 1 Бағдарламаның мақсаты

1. 2 Бағдарламаның міндеттері

1. 3 Қаржы көздірі

1. 4 Күтілетін нәтиже

2. Негізгі: «Мәдени мұра» бағдарламасы - ұлттың рухани азығы

2. 1 Халық руханиятының қайнар көзі

2. 2 Ана тіліміздің мәртебесін арттыру бағдарламасы

2. 3 Әлемдік тарихи ой-сана

2. 4 Әлеуметтану жауһарлары

2. 5 Ұлттық мұраға жәдігерлер

3. Қорытынды

Кіріспе

«Біздің ұлттық мәдениетімізде жалпы азиялықтарға тән биязылық, өткенге салауаттық жасау, үлкенді сыйлау, жасқа қамқорлық, қысылғанға қол ұшын беру, ағайынның ауыз бірлігін сақтау - бәрі-бәрі де бар. Ендеше, сол ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау - біздің басты мақсатымыз болуға тиіс. Тұтастай алғанда бізге өзіміздің мәдени мұраларымызды дүние жүзінің көруіне және көрсетуімізге мүмкіндік беретін жүйелі көзқарас қажет», - деп түйіндеді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын қабылдау рәсімінде сөйлеген сөзінде [3, 3 б. ] .

«Мәдени мұраның бай әрі сан-салалы болуы - өткен замандарда да халқымыздың түрлі өркениет биіктеріне көтерілгенінің айғағы. «Мәдени мұра» - өте кең ұғым. Ауыз әдебиеті, ғасырлар тереңінен жеткен әндер мен күйлер, әдет-ғұрып, салт-сана, адамның мінез-құлқына өлшем болып келген қасиеттерді де осы ұғымға жатқызуға болады» [4, 5 б. ]

Бағдарламаның мақсаты: Елдің мәдени мұрасын тиімді пайдалану мен сақтауды қамтамасыз ету, рухани-білім саласын дамыту мақсатында кең көлемдегі жобаны әзірлеу және жүзеге асыруда өзіне қосатын: ұлттық мәдениетіміз үшін айрықша мәні бар маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерінің қайта қалпына келтірілуін қамтамасыз ету; зор мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениет, ауыз әдебиеті, дәстүрлер және әдеттерді зерттеудің тұтастық жүйесін құру; ұлттық әдебиетіміз бен жазуымыздың көп ғасырлы тәжірибесін қорыту, тармақталған көркем, ғылыми серияларды жасау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің озық жетістіктері негізінде толық құнды гуманитарлық білім қорын жасау.

«Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты - рухани және білім беру саласын дамыту, елдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.

Ұлттық мәдениет үшін зор маңызы бар маңызды тарихи-мәдени, сәулет, ескерткіштерін, яғни Абат-Байтақ, Айша Бибі кесенелері, Қараман ата, Шопан ата мазарлары, Ақыртас, Баба ата сарайлы кешендерін ғылыми-зерттеу және қайта қалпына келтіру, Қойлық, Есік, Сарайшық, Берел және т. б. ортағасырлық қалашықтары, қорғандары мен тұрақтарының археологиялық қазбасын жүзеге асыру; зор мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениет, ауыз әдебиеті, дәстүрлер және әдеттерді зерттеудің біртұтас жүйесін жасау: оған Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Дулати, Қ. Жалайыридың еңбектері кіреді, «Кодекс Куманикус», «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз-наме», «Бабыр нама» секілді сирек кездесетін көне басылымдар мен кітап қолжазбаларының көшірмесін табу және сатып алу, «Қазақстанның ортағасырлық қалалары», «Қазақстанның археологиясы» кітаптар сериясын шығару, Геродоттың, Птоломейдің еңбектерін, Қазақстанның ежелгі дәуірінен қазіргі күнге дейінгі тарихы жөнінде аса маңызды араб, парсы, моңғол және орыс деректерін басып шығару; қазақ әдебиеті мен жазуының көп ғасырлық тарихын жинақтау және «Бабалар сөзі», «Қазақстан тарихы жөніндегі жаңа деректер», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ зиялыларының хаттары» атты кітаптар сериясынан тұратын іргелі басылымдарды шығару; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің озық жетістіктері негізінде толық құнды гуманитарлық білім қорын, сол сияқты Еуропа, Америка, Африка және Азия елдерінің озық әдеби шығармашылығы мен философиясын қосатын «Әлемдік әдебиет кітапханасы» мен «Әлемдік философия мұрасы» сериясын жасау.

Бағдарламаның міндеттері: көне, ортағасырлық тұрақтарды, қорғандарды, қалашықтарды зерттеу, археологиялық қазбалар жүргізу; ұлттық тарихымыз үшін ерекше мәні бар Қазақстанның аса көрнекті тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту, консервациялау және сақтау бойынша жұмыстар жүргізу; облыстар бойынша Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің Жинағы томдарын басып шығару әзірлігі бойынша жүйелі жұмысты жүзеге асыру; тарих ғылымының теориялық проблемаларын әзірлеу, ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиеттерді шығару, ғылыми білімді көпшілікке тарату; мемлекеттік тілде ұлттық әдебиет пен жазудың және әлемдік ойдың озық үлгілерін әзірлеу және басып шығаруды жүзеге асыру; Ұлттық мұрағыттық қорды сақтау мен байытуға арналған жұмыстарды ұйымдастыру.

Қаржы көздері: Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат құралдары, оның көлемі 3 372, 978 млн. теңге оның ішінде: 2004 жылға - 951, 778 млн. теңге, 2005 жылға - 1 222, 4 млн. теңге, 2006 жылға - 1 198, 8 млн. теңге.

Күтілетін нәтиже: Мәдени мұра бағдарламасын жүзеге асыру тетіктерін жасау, осы саладағы қолданылып жүрген заңнаманы жетілдіру. Көпғасырлық дәстүрлер жинағын тәжірибеде қамтамасыз ету, тарих пен мәдениеттің көне ескерткіштерін консервациялау, жаңғырту, көне ескерткіштерді сақтау, қайта қалпына келтіру мәселелерімен айналысатын ғылыми-зерттеу және мәдени мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, Қазақстан тарихымен байланыста жарық көрмеген көне қолжазбалар, шежірелерді шығару. Жаңа тарихи-мәдени және археологиялық қорық-музейлерін мәдени мұраны көпшілікке тарату жолымен құру. Ұлттың рухани-білім және интелектуалды-мәдени деңгейін көтеру, өскелең ұрпақты жалпы бейбітшілік құндылықтары мен мұраттары рухында тәрбиелеу, қазақстандық патриотизм мен қоғамның онан арғы бірлестігін қалыптастыру.

2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» Бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленген.

Елбасымыздың өзі бастап қолға алып отырған бұл бағдарлама жөнінде БАҚ-та жиі айтылғанымен әлі арнайы зерттелмеген тың тақырып. Ал бағдарлама аясында жарыққа шығып жатқан кітаптар жөніндегі ақпараттар жоқтың қасы. Конференция жұмысымның тақырыбын «Мәдени мұра» бағдарламасы және баспа ісі» деп алуымның бірден-бір себебі де осы. Жұмысымның негізгі мақсаты бағдарлама аясында жарық көріп жатқан кітаптармен таныстырып, олардың баспадан шыққанан таралғанға дейінгі барлық процестері жөнінде мағлұматтар беру. Ол кітаптардың тақырыптық ерекшеліктерін, көркемдік құндылықтарын ашып көрсету.

Аталмыш бағдарлама бойынша 16 секция жұмыс жасауда.

1. Фольклортану, әдебиеттану және өнертану, қазақ әдебиетінің тарихы секциясы.

2. Көркем әдебиет, Әлемдік әдебиет кітапханасы

3. Философия секциясы.

4. Тарих және этнография секциясы

5. Шығыстану секциясы

6. Археология, тарих және мәдениет ескерткіштері секциясы

7. Мәдениеттану секциясы

8. Заң ғылымы секциясы

9. Саясаттану секциясы

10. Әлеуметтану секциясы

11. Психология секциясы

12. Экономика ғылымдары секциясы

13. Тіл білімі секциясы

14. Мұрағат және кітапхана ісі секциясы

15. Энциклопедиялық және анықтамалық әдебиет секциясы

16. Бейнелеу өнері.

«Мәдени мұра» бағдарламасы - ұлттың рухани азығы

  1. Халық руханиятының қайнар көзі

Бұл тақырып аясында фольклортану, әдебиеттану, өнертану және тіл білімі салаларында жарық көріп жатқан кітаптарға талдау жасайтын боламын.

М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бағдарлама шеңберінде үш жобаны орындауда: 1) Қазақ әдебиетінің тарихы (10 том) ; 2) Қазақ музыкасының антологиясы (5 том) ; 3) Қазақ фольклорының жинағы (100 том) .

“Мәдени мұра” бағдарламасында қазақ әдебиетінің толық тарихын жаңаша зерттеу жоспарланған. Соған сәйкес он томнан тұратын “Қазақ әдебиетінің тарихы” ең көне заманғы мифтен бастап, бүгінгі көркем әдебиетіміздің өткен ұзақ тарихын қамтып, ежелгі мифтік қарапайым ұғымдар мен сюжеттердің күрделі де эстетикалық сөз өнеріне айналу жолдарын көрсетеді. Бұл томдарда репрессияға ұшырап, аттарын атауға тыйым салынған классик ақын-жазушыларымызға кең орын берілген. ХІХ ғасырда өмір сүрген Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Шәңгерей Бөкейұлы, ХХ ғасырда ұмыттырылған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Бернияз Күлеев сынды көрнекті ақындарымыз бен жазушыларымыздың шығармашылығы тұңғыш рет әдебиет тарихынан өздеріне лайықты бағасы мен орнын алды. Бүгінгі таңға он томдықтың 6 томы жарыққа шықты, 2 томы баспаға тапсырылды. 2007 жылы 10 том түгел жарыққа шығады деп отырмыз.

«Бабалар сөзінің» алғашқы 20 томы Астанадағы «Фолиант» баспасынан шықты. Серияның алғашқы 20 томына енген көлемі жағынан ауқымды, жанры, сюжеттері мен тақырыптары сан алуан материалдарды зерттеу нәтижесі көне және ортағасырлардағы түркілік жәдігерлер мен қазақ фольклорының арасында сюжеттік, тақырыптық және образдық ұқсастық, үйлесімдік бар екенін көрсетті. Жинақ 25 томды құрайтын дастандық эпос үлгілерімен басталады. «Дастандық эпостың құрамында діни, хикаялық, романдық, қаһармандық дастандардың бар екені анықталған. «Жинақтың алғашқы 16 томына хикаялық және діни мазмұндағы 74 шығарма енді. Олардың бәрінің дерлік сюжеттері шығыстың фольклорымен, әдебиетімен сабақтас.

«Егер бүкіл фольклор үлгілерін түгел, бірін қалдырмай жариялайтын болсақ, онда 100 томнан асып та кетеді. Біз әзірше көркемдігі тәуір және елге беймәлім дүниелерді ғана алып отырмыз. Әрине, мұраны көркем-көркемсіз, жақсы-жаман деп бөлмей түгел шығарғанға не жетсін. Бұл - келешектің ісі», - дейді М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, академик Сейіт Қасқабасов. /9, 3 б. /

Қазақстанның әр облысында да осы тәрізді ауыз әдебиет үлгілері өз алдына дайындалып жатыр. Мысалы бағдарлама ауқымында Павлодар қаласында әйгілі ақын, фольклор жинаушы Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің 28 томдық материалының 6 томы жарияланып, оқырман қолына тиіп отыр. Сол секілді Алматы айбынды батыр, ақын Махамбет Өтемісұлының өз туындылары мен оның өмірбаянына бағышталған шығармалардың 20 томдық жинағын «Арыс» баспасы жарыққа шығарып отыр.

Қазақ фольклорының бай саласының бірі - ән мен күй. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Қазақ музыкасының антологиясы» 5 том болып дайындалып жатыр. Бірінші томын жоғарыда аталған секция дайындап, Алматыдағы «ҚазАқпарат» баспасынан жарыққа шығарды. Бұл томға 400-дей халық әні мен күйі енді. Екінші томында 400-ге жуық әнмен күй қамтылған. Бұл 5 томдық «Антология» бұрынғы басылымдардан өзгеше. Кеңес үкіметі кезінде халық әндері мен күйлері бұлай тұтас жүйелі түрде жарияланған жоқ-ты. Жеке-жеке жинақтар жекелеген жанрларға арналған болатын. Ал бұл жолғы «Антология» мүлде басқаша жасалып жатыр. Бұл да ғылыми басылым.

2. Ана тіліміздің мәртебесін арттыру бағдарламасы

Мұнда сіздер қазақ тілі секциясы бойынша жарыққа шығып немесе баспаға дайындалып жатқан кітаптар жайында мағлұмат аласыздар.

«Тіл білімі» секциясына Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде әлемдік мәдениет және тіл аралық қоғамдастыққа кіруіне, сондай-ақ жас мемлекет ретінде өз мәртебесін нығайтып, күшейте түсу үшін аса қажетті мемлекеттік тілдің жүйесін унификациялауға, жалпымәдени, этномәдени құндылық тұрғысынан жан-жақты ғылыми сипаттауға арналған нақты теориялық және практикалық мәні зор тілтанымдық еңбектер - сөздіктер сериясын дайындау жүктелді.

Осы шараларды жүзеге асырушы бас мекеме - А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпанындағы №171 қаулысымен бекітілген 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3. 13 тармығы негізінде 62-67 баптарына сәйкес мына сөздіктерді дайындауды міндетіне алды:

«Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі» (15 том), - әр томының көлемі 60-70 б. т. ;

«Қазақ тілінің синонимдер сөздігі», көлемі - 35 б. т. ;

«Қазақ тілінің аймақтық сөздігі», көлемі - 80 б. т. ;

«Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі» (2-том) ;

«Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі», көлемі - 50 б. т. ;

«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі», көлемі - 45 б. т

3. Әлемдік тарихи ой-сана

Осы тарауда сіздер философия, тарих және этнография, шығыстану, секцияларының жұмысымен таныс боласыздар.

Орыс тілінде 20 томдық «Ежелгі дәуірден бастап бүгінгі заманға дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасы» және қазақ тілінде 30 томдық «Әлемдік философиялық мұра» атты еңбектерді дайындау мен басып шығару бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Шығыстың ұлы гуманисі Әбу Насыр әл-Фарабидің кейінгі жаңа ғылыми түсіндірмелермен қамтылған 10 томдық шығармалар жинағы әлемдік фарабитану ғылымына жаңа тұжырымдамалық тұрғыдан қомақты үлесін қоспақ.

«Әлемдік тарихи ой» атты 10 томдық серияны құрастыру жұмыстары аяқталып, оны жоспарлы түрде қазақ тіліне аудару жүзеге асырылуда. «Тарих, тарихнама» секциясының жұмысы ХІІ-ХХ ғғ. ежелгі, антикалық орыс және батыс дереккөздерінен тұратын Қазақстан тарихы бойынша кешенді дереккөз базасын қалыптастыруға бағытталған.

Философия бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасы мынадай үш арнадан тұрады: 1) Орыс тілінде 20 томнан тұратын (әрбір томның көлемі 30 баспа табақ) «Бағзы заманнан бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасы»; 2) Қазақ тілінде, 30 томнан тұратын (әрбір томның көлемі 30 баспа табақ) «Әлемдік философиялық мұра»; 3) 5 томы қазақша және 5 томы орыс тіліндегі, әрбір томның көлемі 20 баспа табақтан тұратын «Әбу Насыр әл-Фараби 10 томдық шығармалар жинағы».

«Шығыстану» секциясы бойынша «Дайк-Пресс» баспасынан бірнеше кітап оқырманға ұсынылды.

1. «Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері». Бұл томға Қазақстан тарихына қатысты моңғол деректемелерінің арасында негізгі туындылардың бірі деп саналатын, ХҮІ ғасырда жазылған «Лу. Алтын тобчы» 1926 жылы табылған түпнұсқасынан тікелей толық аударылған. 2. «Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері». Саяхатшылар мен тарихи-географиялық еңбектерден таңдамалылар. Томда ҮІІ ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі дәуірлердегі қытай жиһанкездерінің сахатнамалары мен тарихи-географиялық еңбектерден сақталған деректер жинақталып, көне қытай тілінен қазақ тіліне тұңғыш рет аударылды және оларға тарихи деректану тұрғысынан ғылыми түсіндірмелер берілді. 3. «Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері». Кітап Өтеміс қажы ибн Маулана Мұхаммед Достының ХҮІ ғасырда жазған түркі тілдес тарихи «Шығыс-наме» шығармасының қазақ тіліндегі алғашқы басылымы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени мұра бағдарламасы және ұлттық мұрағат қорын толықтыру мәселелері
Қазақ елінің мәдени мұрасы
Қазақстан Республикасының тарихи - мәдени мұра объектілерін қорғау
Мәдени мұра бағдарламасы арқылы ұлттық-мәдени құндылықтарды білім мазмұнында дамыту
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстанның мәдени мұра жобасы
Қазақстанның өркениетті мұрасын шетелден ынталандыру
Деректер негізінде тарихи - мәдени ескерткіштердің қоғам үшін өзектілігін анықтау
Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы – Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеудің жаңа кезеңі
«Мәдени Мұра» және «Асыл Мұра» бағдарламалары: аудиовизуалды құжаттар мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz