Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені
І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ 2.1. Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені : мәні, құрылымы...5
2.2. Агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру ... ... ... ... ... ..9
2.3. Ауыл шаруашылығын қаржыландыру және сақтандыру жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.4. Елбасының жолдауы негізінде агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.5. ҚР ауыл шаруашылығын кадрлық қамтамасыз ету ... ..24
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Еліміздің жерінің кеңдігі жөнінен әлем елдерінің арасында 9-шы орынды алатын, ал халқының саны жөні¬нен 57-ші орындағы ірі аграрлық-индустриялық мемле¬кеттердің қатарына кіретіні бәрімізге мәлім. Жерінің жалпы аумағы 2,7 миллион шар¬шы шақырым, оның басым бөлігі ауыл шаруашылығына жарамды жерлер.
Еліміз өзінің тәуелсіздігіне ие болған кезде үлкен ауыртпалық¬тарды бастан өткерген салалардың бірі осы ауыл шаруашылығы бола¬тын. Ауылшаруашылық саласы өзгерістерді баяу қабылдайтын, заман талабына икемделу деңгейі төмен салалардың қатарына жатады. Міне, осындай сипатына қарамастан еліміздің агроөнеркәсіп кешені жылына 4-5 пайыздық даму қарқынын сақтай отырып, дамудың жаңа сапалық деңгейіне қарай өте бастады. Тәуелсіздік алған күннен бастап елімізде жүргізілген реформалардың нәтижесінде ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа жүйесі қалыптасты. "Аграрлық азық-түлік", "Ауылдық аумақтарды дамыту", "Ауыз су", "2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту" сынды мемлекеттік бағдарламалар, өткен жылдың басынан күшіне енген "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп секторын дамытып, ауылды түлетуде үлкен мүмкіндіктер туғызды.
Мәселен, осыдан 7-8 жыл бұрын ғана ауыл шаруашылық саласының алдына қойылған негізгі мақсат ауыл халқын мүмкіндігінше еңбек¬пен қамтып, ондағы әлеуметтік шие¬леністердің өріс алуына жол бермеу, сондай-ақ ел халқын азық-түлікпен қамтуға қол жеткізу болатын. Бұл міндет мүмкіндігінше жүзеге асты.
Қазіргі күні ауылда еңбекке жарамды 3,8 миллион адам бар деп есептелінсе мұның 3,2 миллионы өндіріске тартылған. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы қазірдің өзінде ел халқының 21 пайызын жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар, 2003 жылы қабылданған азық-түлік бағдарламасының үдесінен толық шыға білді және экспорттық өнім көлемін жылдан-жылға арттыра түсуге қол жеткізді. Мәселен, Қазақстан қазір дүниежүзі бойынша астық экспорттаушы елдер арасында 5-ші орынға табан тіресе, ұн экспорты жөнінен әлемде 3-ші орын алуда. Бұл, әрине, үлкен жетістік.

1. Ихданов Ж. О , Сансызбаев Ғ. Н , Есенжігітова Р. Ғ « Мемлекеттік басқару теориясы» / оқу құралы Алматы «экономика» баспасы 2007ж. /
2. Ихданов Ж.О, Орманбеков Ә.О « Экономиканы мемелекеттік реттеудің өзекті мәселелері » / оқу құралы Алматы « экономика» 2002ж. /
3. Ихданов Ж.О, Орманбеков Ә.О « ҚР нарығын мемелекеттік реттеу » / оқулық Алматы «экономика» 2007ж. /
4. Егемен Қазақстан газеті, 30 сәуір, 2002 жыл
5. Егемен Қазақстан газеті | 15.шілде ,2008 жыл
6. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясы
7. Заң газеті 12 қаңтар 2007 жыл
8. Айқын газеті 20 тамыз 2005 жыл
9. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

Жоспар
І
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...3
ІІ 2.1. Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені : мәні, құрылымы...5
2.2. Агроөнеркәсіптік кешенді
индустрияландыру ... ... ... ... ... ...9
2.3. Ауыл шаруашылығын қаржыландыру және сақтандыру жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.4. Елбасының жолдауы негізінде агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік
қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.5. ҚР ауыл шаруашылығын кадрлық қамтамасыз ету ... ..24
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Кіріспе
Еліміздің жерінің кеңдігі жөнінен әлем елдерінің арасында 9-шы
орынды алатын, ал халқының саны жөнінен 57-ші орындағы ірі аграрлық-
индустриялық мемлекеттердің қатарына кіретіні бәрімізге мәлім. Жерінің
жалпы аумағы 2,7 миллион шаршы шақырым, оның басым бөлігі ауыл
шаруашылығына жарамды жерлер.
Еліміз өзінің тәуелсіздігіне ие болған кезде үлкен ауыртпалықтарды
бастан өткерген салалардың бірі осы ауыл шаруашылығы болатын.
Ауылшаруашылық саласы өзгерістерді баяу қабылдайтын, заман талабына
икемделу деңгейі төмен салалардың қатарына жатады. Міне, осындай сипатына
қарамастан еліміздің агроөнеркәсіп кешені жылына 4-5 пайыздық даму қарқынын
сақтай отырып, дамудың жаңа сапалық деңгейіне қарай өте бастады.
Тәуелсіздік алған күннен бастап елімізде жүргізілген реформалардың
нәтижесінде ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа жүйесі қалыптасты. "Аграрлық
азық-түлік", "Ауылдық аумақтарды дамыту", "Ауыз су", "2006-2010 жылдарға
арналған агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту" сынды мемлекеттік
бағдарламалар, өткен жылдың басынан күшіне енген "Агроөнеркәсіптік кешенді
және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңы Қазақстан
Республикасының агроөнеркәсіп секторын дамытып, ауылды түлетуде үлкен
мүмкіндіктер туғызды.
Мәселен, осыдан 7-8 жыл бұрын ғана ауыл шаруашылық саласының алдына
қойылған негізгі мақсат ауыл халқын мүмкіндігінше еңбекпен қамтып, ондағы
әлеуметтік шиеленістердің өріс алуына жол бермеу, сондай-ақ ел халқын азық-
түлікпен қамтуға қол жеткізу болатын. Бұл міндет мүмкіндігінше жүзеге асты.
Қазіргі күні ауылда еңбекке жарамды 3,8 миллион адам бар деп
есептелінсе мұның 3,2 миллионы өндіріске тартылған. Сөйтіп, ауыл
шаруашылығы қазірдің өзінде ел халқының 21 пайызын жұмыспен қамтып отыр.
Сонымен қатар, 2003 жылы қабылданған азық-түлік бағдарламасының үдесінен
толық шыға білді және экспорттық өнім көлемін жылдан-жылға арттыра түсуге
қол жеткізді. Мәселен, Қазақстан қазір дүниежүзі бойынша астық экспорттаушы
елдер арасында 5-ші орынға табан тіресе, ұн экспорты жөнінен әлемде 3-ші
орын алуда. Бұл, әрине, үлкен жетістік.
Елбасының Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіру стратегиясы атты Қазақстан халқына жыл сайынғы
Жолдауында қойылған міндеттерді орындауға, біртұтас аграрлық саясатты
жүргізуге, сонымен қатар Президентіміз бен Қазақстан Республикасының
Үкіметі қол қойған нормативтік актілерді, облыс әкімдігінің, мәслихаттың,
облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мәселелері бойынша шығарған
қаулылары мен шешімдерін орындауға бағытталған жылдық, тоқсандық және ай
сайынғы жасалған жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Осыған байланысты,
АӨК салаларының тұрақты дамуының және бәсекеге қабілетті өнім шығарудың
жолдары мен механизмдерін жасауға бағытталып келген және бағыт алып отыр.
Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына, еңбек өнімділігінің өсуіне, АӨК
кәсіпорындарының табыстылығына, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
қол жеткізу үшін төмендегідей басым бағыттар айқындалған:
атап айтқанда, бұл - АӨК техникалық жарақтануының өсуі, АӨК салаларында
ғылыми негізделген технологиялардың енгізілуі мен сақталуы, оның
инфрақұрылымының, сонымен қатар, ұлттық бәсекелестік артықшылықтардың
дамуы, бюджеттік бағдарламаларды игеру бойынша жұмыстың жетілдірілуі,
дәрменсіз ауыл шаруашылық құрылымдарын таратуда банкроттау мен соттан тыс
процедуралардың жүргізілуіне бақылау жасау.
1. Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені: мәні, құрылымы
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды
мемлекеттік реттеу туралы" заңы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп
секторын дамытып, ауылдарды жақсартуда үлкен мүмкіндіктер туғызды. Соның
нәтижесінде ауылшаруашылық саласына бюджеттен 21 млрд. теңге бөлініп,
жұмсалды. Саланың дамуына несиелеудің баламалы жүйесі - ауылдық несиелік
серіктестіктер айтарлықтай ықпал ете бастады. Осы серіктестіктер арқылы
соңғы төрт жылдың ішінде ауылшаруашылық құрылымдарына 1 млрд. теңгеге жуық
несие берілді. Ол өз кезегінде ауылда кәсіпкерлердің жаңа толқынын
қалыптастыруға және тұрмысы төмен отбасыларының тұрмысын көтеруге оң ықпал
етуде. Саладағы жалпы өнім өндіру көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 47
пайызға өсіп, 46 млрд. теңгеге жетті.
Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану тиімділігін арттыру бағытында да
бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, суармалы жерлерге сату бағасы
арзан бидай өсіргеннен гөрі дәндік жүгері, көкөніс, жеміс, майлы және мал
азықтық дақылдарға басымдық берілуде. Ауыл шаруашылығы дақылдарының
элиталық тұқымдарына және бірегей жеміс көшелеріне деген сұраныстар толық
қамтамасыз етілуде. Егістік жерлердің алтын қоры саналатын суармалы
жерлерге үлкен көңіл бөлінуде.
Соңғы 3-4 жылдың көлемінде мемлекетаралық су нысандарын, 6
магистралдық канал мен бір коллекторлық-дренаж жүйесін және "Теріс-
Ащыбұлақ", "Тасөткел" су қоймаларын қайта жаңғырту мен жөндеу жұмыстарына
республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлінді. Осы орайда, біздің облыста
орналасқан Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу иниститутының ауылшаруашылық
дақылдарын ылғал сақтау технологияларын пайдалана отырып, жалдап егу жаңа
тәсілі үлкен қолдау табуда. Институт осы тәсіл бойынша тұқым себетін жаңа
ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарды. Ол ағын суды нормадағыдан 27-30%-
ға үнемдеуге, ал гектар өнімділігін 1,6-1,9 есеге арттыруға мүмкіндік
береді. Бүкіл әлемдік Даму банкі арқылы қаржыландырылатын ПУИД-1,2 жобасы
бойынша су алу және дренаж жүйелерінің тозығы жетуіне, жердің сорлануына
байланысты істен шыққан 1144 гектар суармалы жер игерілсе, екінші кезекте
25 мың гектар жер қалыпты жағдайға келтірілетін болады.
Республикамызда мал шаруашылығы саласын тиімді дамыту үшін мал
шаруашылығы өнімдерін өндіретін орта және ірі тауарлы мамандандырылған
шаруашылықтар қалыптастыру жөнінде нақты шаралар қабылдануда. Қазір 65 асыл
тұқымды мал шаруашылығы бар. Олардың барлығы ғылыми мекемелермен тығыз
байланыста. Осы жылдан бастап "Қазагрофинанс" акционерлік қоғамы арқылы
жүзеге асырылатын асыл тұқымды малдарды лизингіге беру де жаңа серпіліс
туғызады деп сенемін.
Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп қайта өңдейтін
кәсіпорындарының базасы қалыптасты. Қазіргі уақытта осындай 430 желі,
цехтар мен шағын зауыттар жұмыс істеп тұр. Мұнда 10 мыңнан астам адам жұмыс
істейді. Өткен жылдары олар 27,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Байқап
отырғанымыздай, ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жұмыстар атқарылып,
салада тұрақтылық орнады. Алайда, бүкіләлемдік сауда ұйымына ену үшін
алдымызда осы саланы индустрализациялау, жаңа технологиялар мен жаңа
өндіріс құралдарын пайдалана отырып, бәсекеге сай өнімдер өндіру міндеттері
тұрғанын біз жақсы түсінеміз. Осыған байланысты республика территориясыда
ет, тері, көкөніс, жеміс өнімдерін тереңдетіп қайта өңдейтін, құрамында иод
және темірі мол нан, макарон өнімдерін шығаратын, жалпы құны 36,5 млрд.
теңгелік 11 инвестициялық жоба дайындалды. Олардың құрылысы, құдай қаласа,
биыл басталады. Бұлардың барлығы бәсекелестікке қабілеті жоғары, экспортқа
бағытталған өнім шығаратын болады.
Елбасының қазақстандық белгілі журналистермен болған сұхбатын әлі
ешкім ұмыта қоймаған болар. Осы келелі әңгіме барысында Президент: "Біз ет
өндірісі саласында да серпінді технологиялар құра аламыз. Қазақстандық ірі
кешендер әлемде экологиялық ең таза ет шығарады. Егер сіздер әлемді
араласаңыздар, онда биологиялық таза өнімдер сататын биодүкендерді көре
аласыздар. Онда біздің етті де сатуға әбден болар еді. Біздің қойлар нағыз
экологиялық жайылымдарда жайылады, біздің тауарымыз өте таза әрі
модификациалауға ұрынбаған. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын
көтеріп, оның бәсекеге қабілетін арттыру үшін үлкен өріс ашады", — деп атап
көрсеткен болатын. Бұл құрғақ сөз емес. Елбасы аймақтардағы атқарылып
жатқан нақты істерге иек артып отыр.
Мысалы, Шу ауданында "Қазақстан ет компаниясы" шаруа қожалығы айына
3750 тонна ет өңдейтін зауыт пен мал бордақылау кешенінің құрылысын өткен
жылы бастаған болатын. Биыл осы игі іс аяқталды деп күтіп отырмыз. Меркі
ауданында "Меркі ет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "ҚазАгроҚаржы"
акционерлік қоғамынан алған несиеге ауысымына 2 тонна ет өңдеп, 3 мың
қалбыр бұқтырылған ет шығаратын зауытты осы жылдың екінші тоқсанында іске
қосады. Қордай ауданында "Бриг Компания" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі жылына 100 тонна ет өңдейтін зауыттың құрылысын аяқтап келеді.
Тараз қаласында "Джамбо meat faktory" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
жылына 4 мың тонна ет өңдейтін зауытты биыл тамыз айында іске қосады.
Қазақстанның бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылуы алдымызда тұрған аса
маңызды мақсаттардың бірі. Кейбір дерек көздеріне қарағанда, бұл мәселе
келесі жылдың соңына таман жүзеге асатын секілді. Оған әзірлік мәселесі
тұжырымдамаларыңызда қамтылған болар?
2010 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі: бидай -512,1 мың
тонна (2007 жылға 102,4%), картоп пен көкөніс тиісті – 151 және 50 мың
тонна (106,8% және 103,1%), ет – 71,2 мың тонна (112,5%), Сүт -354,1 мың
тонна (113,6%) жұмыртқа – 222,6 млн. дана (107%) және жүн – 1930 тоннаны
(115,6%) құрайтын болады.
Ауыл шаруашылығын дамыту қарқынын тұрақтандыру мен өндіріс көлемін
арттыруда, жалпы өнім көлемі 2010 жылы қолданыстағы бағамен 53,3
млрд.теңге немесе өсім 2007 жылғы деңгейге 17,1% құрайтын болады деп
болжамдануда. Аграрлық сектордағы мемлекеттік саясат 2008-2010 жылдарға
арналған агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға, ауыл шаруашылығын қолдау
механизмін жетілдіруге бағытталатын болады.
Жуық мерзімде Ауыл шаруашылығы министрі Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы
енді бұл саланың алдына жаңа міндеттер жүктелгенін айтты. Сол міндеттердің
бірі – биоотын өндірісін дамыту. Ал бұл міндетті жүзеге асырудың мәнісі
үлкен. Ол алдағы уақытта осы саланың екінші тынысын ашады, сөйтіп бірте-
бірте еліміздің ауыл шаруашылығын мұнай-газ және жаңа технологиялық
өндірістер секілді табысты да тиімді салалардың біріне айналдырады деп
күтілуде.
Еліміз жер ресурстарына бай. Онда сапалы астық өсіруге болады. Міне,
осы жылына миллион тонналап өндірілумен қатар тең жарымына жуығы экспортқа
қарай бағытталып отырған астықтың сапасыз деген қалдықтарының өзінен жылына
миллиардтаған литр биоэтанол алуға болады екен.
Қазақстанның солтүстік өңірінде ТМД елдерінде баламасы жоқ алғашқы
биоотын өндірісінің қысқа мерзімде салынып, жұмыс істей бастағанын, енді
осындай өндіріс түрінің басқа да өңірлерде жоспарланып отырғаны
барлығымызға мәлім болды.
Сонымен қатар, еліміздің егістіктерінде соңғы жылдары израильдік
тамшылап суару технологиясы да енгізіле бастаған. Әлемдік мұхиттардан
алыста, құрлықтың орта тұсына орналасқандықтан су көздерінің тапшылығын
сезіне бастаған Қазақстанның ауыл шаруашылығы жағдайында бұл технологияны
жаппай қолданысқа енгізудің маңызы зор. Ол су көздерін еселеп үнемдеуге, ал
өнім шығымдылығын арттыра түсуге мүмкіндік береді.
2. Агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру
Агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру мәселесіне тоқталсақ. Оның
көбінесе техникалық және технологиялық тұрғыдан жаңару ісіне қатысты
болатыны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі жағдайымызды қалай бағалауға
болады?
Аграрлық өндірісті индустрияландыру – өнімділіктің өсуіне тікелей
ықпал ететін базалық фактор екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, еліміздің
ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіріс қорларының тозуы мен қолданылып
жүрген технологиялардың ескіруі, техникалық құралдардың жетіспеушілігі
саланы артқа тартып, оның ресурстық мүмкіндіктерін ашуға өзіндік кедергі
келтіріп отыр.
Соңғы үш жылда мемлекеттің қолдауымен, сондай-ақ инвестор
фирмалардың көмегі және ауыл шаруашылығы құрылымдарының өз талпынысымен
көптеген техника сатып алынды. Өңдеу саласында қазіргі замандық құралдармен
жабдықталған өнеркәсіп орындары да бой көрсете бастады. Дегенмен
индустрияландыру мәселесінде алда атқарылатын шаруалар жеткілікті.
Агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жаңартуға орасан зор қаржы
қажет. Бұл қаржыны қайдан алмақшымыз?
Ауыл шаруашылығы құрылымдарына лизингке техника сатып алу жөнінде
мемлекет қолдауы бұрынғыдай жалғаса беруде. Оның көмегімен аймақтарда
мәшина-технологиялық станциялар, сервистік қызмет орындары ашылады. Осындай
мақсаттарға 2006-2010 жылдары республикалық бюджет есебінен әр жыл сайын 7-
9 миллиард теңге жұмсалып отырады деп болжанған. Мұның сыртында техникалар
сатып алу үшін берілетін екінші деңгейдегі банктердің несиелері мен
лизингтердің сыйақы ставкасын төмендету үшін де миллиардтаған теңге
қарастырылуда. Бұл — аз қаржы емес.
Алайда орасан зор қаржы көлемін қажет ететін аталған мәселеде жалғыз
мемлекет қолдауы жеткіліксіз болады. Сондықтан Жолдауда индустрияландыру
саясатын жүзеге асырғанда бұл мәселеге жекеменшік сектордың назарын аудару
қажеттігі атап көрсетілді.
Жалпы, түрлі меншік формаларына негізделген нарық экономикасы
жекеменшік қолдаған жағдайда ғана жақсы дами алатыны белгілі. Бізде де
солай болуы қажет. 2002-2004 жылдары барлығы 4189 астық комбайны сатып
алынса, соның 1813-і (43 пайызы) инвестор фирмалардың есебінен алынды.
Мұның сыртында тағы да 560 комбайн ауыл шаруашылығы тауарларын
өндірушілердің өз қаржысына, 389 комбайн мемлекеттік емес компаниялардың
лизингтік қаржыларына алынып отыр. Түрлі техника сатып алуға мемлекет
қаржысына қарағанда жекеменшік қаржылары көбірек жұмсалып келеді. Ауыл
шаруашылығын индустрияландырудағы жекеменшік сектормен ынтымақтастыққа
негізделген осы саясат одан әрі жалғасатын болады.
Дегенмен агроөнеркәсіптік кешенді техникалық тұрғыдан жабдықтау –
индустрияландыруды жүзеге асырудың бір ғана мәселесі. Сонымен қатар бізге
ауыл шаруашылығындағы ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтау, саланы
ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ете отырып инновациялық жобаларды енгізу,
өндірісті білікті кадрлармен қамту, инфрақұрылымдық тұрғыдан жан-жақты
дамуды қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелердің де шешімі қарастырылып
отыр. Ендігі кезекте Батыс Еуропа ауыл шаруашылығы машиналарын
жасаушылармен бірлесе отырып, комбайндар мен тракторларға арнап жаңа
моторлар құрастыра бастамақ. Сонымен қатар, жаңа техникалардың сервистік
қызмет көрсету желілері дамытыла түспек. Аграрлық өнеркәсіп кешенін жаңа
техникалармен қамтуда еліміздің Ауыл шауашылығы министрлігі аясында жұмыс
істейтін “КазАгроФинанс” АҚ үлкен істер тындыруда. Ол осы уақытқа дейін
ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге 6 миллиард теңгенің техникаларын
лизинг арқылы берсе, сонымен қатар, 573 миллион теңгенің арнаулы
технологиялық құралдарын сатып алуға жәрдемін тигізді.
"ҚазАгроФинанс" 2008 жылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік саласына 60 млрд
астам теңге инвестиция салуды жоспарлауда, оның 24 млрд теңгесі түрлі
ауылшаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсалады."ҚазАгроФинанс" АҚ-ның
өңірлік бөлімшелерінде ауылшаруашлыығының тауар өндірушілерінен қажетті
астық жинау техникасын сатып алуға қаржы бөлу жөніндегі өтініштер
қабылдануда. Қостанай облысында 103 техникаға, СҚО - - 123, Ақмола
облысында - 316, Ақтөбе облысында - 46 техникаға сұраныс түсті. Атап
айтсақ, биыл Солтүстік Қазақстан облысында астық жинау техникасын
қаржыландыруда компанияның үлесі 49%, ал Ақтөбе облысында - 96% болды.
Алдағы орақ науқанына орай "ҚазАгроФинанс" желісімен 700-ден астам комбайн
алуға шарт жасалды. Уағдаластыққа сәйкес, Ресейдің "Ростсельмаш" компаниясы
Қазақстанға 500 комбайн, Германияның CLAAS - 100 комбайн жеткізеді. Жалпы
2000 - 2007 жылдар аралығында "ҚазАгроФинанс" 4137 комбайн сатып алуға
қаржы бөлді. Тұтастай алғанда, Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенге жалпы
82,2 млрд теңгеге 12 мың техника жеткізілді.
Жылдар 2003 2004 2005 2006 2007
Техникағ9,7 11,9 17,1 19,3 24,2
а
бөлінген
қаржы
(млрд
тг)
Барлығы:82,2 млдр тг
Жоғарыда берілген кесте мен диаграммадан ауыл шаруашылығын
техникамен жабдықтауға бөлінетін қаржы жылдан жылға өсіп отырғанын көруге
болады.
"ҚазАгроФинанс"АҚ - компаниясы үкіметтің қаулысымен 1999 жылы
құрылды. Компанияның 100 пайыз акциясы мемлекеттің еншісінде.
"ҚазАгроФинанстың" негізгі мақсаты- республиканың аграрлық секторын қолдау,
оны дамытуды ауылшаруашылығы өнімін өндірушілердің қаржылық құралдарға қол
жеткізуі есебінен және лизингтік негізде технологиялық жабдықтар мен
ауылшаруашылық техникамен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асыру. 2007 жылдың
сәуір айынан бастап "ҚазАгро" Ұлттық компанияның құрамына кірді.
3. Ауыл шаруашылығын қаржыландыру және сақтандыру жүйесі
Жалпы, ауыл шаруашылығына тартылатын инвестицияның көлемі жыл сайын
көбейіп келеді. 2003 жылмен салыстырғанда былтыр екі есе көп болды. Нақты
мысал келтірсек, 25,5 миллиардтан 59,2 миллиард теңгеге жетті. Сараптап
көрсек, қазір салаға құйылып жатқан инвестицияның 60 пайызынан астамы
шаруашылықтар мен кәсіпорындардың өз қаржысы. Ал ауыл шаруашылығын дамытуға
бөлініп отырған қаржының 19 пайызы республикалық бюджеттен берілсе,
жергілікті бюджеттен бөлінетін ақшаның көлемі 5,1 пайыз ғана. Сондықтан
жергілікті атқару органдарының қолдауы керек. Қазір көп мемлекеттер біздің
ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істегісі келеді. Соларға жағдай жасап,
елімізге шетелдік инвесторларды тартуымыз қажет.
Қазірдің өзінде тиімді жобаларды қолдауға отандық және шетелдік инвесторлар
белсенді араласып жатыр. Орташа есеппен алғанда, биыл АӨК-ке келетін
инвестицияның көлемі 20 пайызға көбейеді деген болжам бар. Дүниежүзіне
танымал ірі инвесторларды шақырып, қараша айында үлкен бизнес-форум
өткізуді жоспарлап отырмыз. Ондағы мақсатымыз – еліміздің агроөнеркәсіп
кешенінің мүмкіндіктерін насихаттау.
Сондықтан біз осы салаға бейімделген Аграрлық несие корпорациясы
АҚ, ҚазАгроҚаржы АҚ сияқты құрылымдар арқылы жұмыс істеп келеміз. Ауыл
шаруашылығына бөлініп отырған қаржының негізгі бөлігі осы компаниялар
арқылы беріліп отыр. Үкімет ертерек шешім қабылдап, осындай компаниялардың
құрылуына қолдау жасады. Соның арқасында қазір кез келген шаруашылық аз да
болса техникасын жаңартуға, кәсіпорнын заманға лайық технологиялармен
жабдықтауға мүмкіндік алып отыр. Ең бастысы, арнайы жасалған бағдарламалар
шеңберінде шаруашылықтардың қаржыдан тапшылық көрмеуіне мүмкіндік туды.
Мұндай компанияларды сол кезде құрмағанда, былтырғы егін орағы мен биылғы
тұқым себу кезінде шаруашылықтарға қиын соғатын еді. Бұл Елбасының ауылға
деген ықыласының арқасында ерекше мән беріліп, орындалып жатқан игілікті
шаралар.
Дамыған елдерде ауыл шаруашылықтарына арналған арнайы банктер бар. Бұл
ауылдағы шаруаның мүмкіндігін түсініп, шаруашылық жағдайына байланысты
несиенің талаптарын өзгертуге мүмкіндік беретін салалық құрылым. Ауылдағы
шаруаның ерекшеліктерін ескеретін мұндай банктің маңызы зор. Бізге де осы
саладағы бастаған жобаларымызды жүзеге асыратын кез келді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау жүйесін дамыту үшін
Аграрлық несие корпрорциясы АҚ-на дайындау-сату кооперативтерін
құру бойынша 34 жоба жіберілді. Оның біреуі қаржыландырылып, 6-ы
қаржыландыру үшін келісім алды. Семей тері-мех комбинаты ЖШС алған
кредит арқылы 21 ауылда 163 ауылдық дайындау пункттері ашылды.
Екі ауылдық несие серіктестігі ашылды, қайта өңдеу саласының 14 кәсіпорны
айналым қаражаттарын толтыру үшін 1170 млн. теңгенің кредитін алды, бұнымен
қатар берілген субсидия сомасы 79 млн. теңгені құрады.
Облыста өңірлік Тамақ кластерін дамытудың схемасы әзірленді, АӨК-нің 9
кәсіпорнында оларды сапа менеджментінің халықаралық стандарттарына
өткізу үшін жұмыс басталып отыр.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде департамент 8 бағдарламаны
қаржыландырды. Барлық бөлінген және игерілген қаржы сомасы 1096 млн.
теңгені құрап, ол АӨК – нің 1189 кәсіпорынына мемлекеттік қолдау
жасауға мүмкіндік берді.
АӨК салаларын дамытуға 2006 жылы жоспарланған 5288,3 млн. теңгенің орнына
барлығы 6602,9 млн. теңге қаржы жұмсалды, немесе бұл бағдарлама
көрсеткіштерінен 1374,6 млн. теңгеге артық. Қолданылып отырған шаралар
өндірістегі бұрыннан келе жатқан өсу динамикасын сақтауға мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 79,4 млрд. теңге болады деп күтілуде, бұл
2005 жылдың деңгейінен 5,7 % жоғары. Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі
кәсіпорындарының шығарған тауарлы өнімінің көлемі 30 млрд. теңгеден артады
деп күтілуде, немесе өсім 6 % құрайды.
Біз тәуекелі басым ауыл шаруашылығы саласын сақтандыру
жүйесін дұрыс жолға қоя алмай келе жатқан сияқтымыз. Әр жылдарда
сақтандырудың түрлі жолдары ұсынылды. Бірақ тиімді нәтижеге әзірге қол
жеткен жоқ. Не себептен?
Алғаш рет өсімдікті міндетті сақтандыру туралы заң
қабылдаған 2004 жылы бұл төңіректе күрделі мәселелер болды. Оны
жасырмаймыз. Сақтандырудың не үшін қажет екенін түсінбеген шаруалардың көбі
сақтандыру төлемдерін бермей қашқалақтады. Ауыл шаруашылығындағы міндетті
сақтандыру жүйесінің алғашқыда күрделеніп, кібіртіктеуіне шаруалардың ғана
емес, сақтандыру компаниялары мен жергілікті органдардың да кінәсі бар.
Мысалы, сақтандыру компанияларының барлық аудандарда, керек десеңіз, кейбір
облыстардың өзінде агенттері немесе филиалдары болған жоқ. Ал жергілікті
атқарушы органдар міндетті сақтандырудың не үшін керектігін, қандай пайдасы
бар екенін насихаттауға сылбыр араласты. Шаруалардың жекеменшіктегі
сақтандыру компанияларына деген сенімсіздігі де біраз кедергі болды. Одан
қалды, сақтандыру компанияларының Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары сияқты
тәуекелі көп аймақтарда егістікті сақтандыруға ынтасы болмады. Осындай
кедергілерді уақыттың өзі реттеп жатыр. Өйткені қазір шаруалар
сақтандырудың пайдасы не екенін түсініп , саналы түрде егіс
алқаптарын сақтандырудың тиімділігін мойындады.
Одан бөлек тұтыну кооперативі үлгісіндегі өзара сақтандыру қоғамдастығын
құруға жағдай жасайтын Өзара сақтандыру қоғамдастығы туралы заңның
қабылдануы да көп ықпал етті. Сақтандыру саласына арналған екі заң бір-
бірін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz