Индустриялық–инновациялық даму қажеттілігі мен стратегияны жүзеге асыру жолдары


Жоспар:
1 Индустриялық-инновациялық даму қажеттілігі мен стратегияны жүзеге асыру жолдары
2 Стратегияның мақсаты, міндеттері және оны жүзеге асыру қағидаттары
3 Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
4 Индустриялық-инновациялық бағдарламасының нәтижесі және ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Индустриялық-инновациялық даму қажеттілігі мен стратегияны жүзеге асыру жолдары.
1 Қазақстан Республика экономикасының қазіргі жай күйінің талдауы және инновациялық даму қажеттілігінің негіздемесі
Қазақстанда соңғы он жылдықта республиканың нарықтық тетіктерге негiзделген экономикалық қарым-қатынастарға көшуiмен байланысты түбегейлi өзгерiстер болды. Алайда, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудiң және реформаларды тездетiп жүргiзудiң ғылыми және экономикалық негiзделген моделiнiң жоқтығынан өткiзiлген шаралар елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуында күткен нәтижелер берген жоқ.
Шикiзатқа деген бағаның ауытқу кезеңдерiндегi экономиканың шикiзатқа тәуелдiлiгi шикiзат экспортынан түсетін қатты валютаның едәуiр түсiмдерi ұлттық валюта құнының өсуiне әкелген кезде танымал макроэкономикалық әсерде көрiнiс бердi және iшкi өндiрушiлер деңдеп бара жатқан импортпен бәсекелесуге қабiлетсiз болып қалды.
Қайта өңдеу салаларының (машина жасау, жеңiл, тамақ, электрондық, қорғаныс және басқа салалар) тұралауы Қазақстан жағдайында жеткiлiктi ғылыми-техникалық, маркетингтiк және басқарушылық қолдаудың жоқтығынан шиеленiскен болатын.
Осылайша өнеркәсiпте 1990-1999 жылдарда шикiзаттық емес салалардың үлесi 3-6 есе қысқарды, сонымен бiрге, орны толмас табиғи ресурстарды - мұнайды, газды және түстi және қара металл рудаларын өндiру артты.
1999 жылы қол жеткен (1998 жылға 102, 2 %) өнеркәсiптiк өндiрiстiң өсуi негiзiнен қазақстандық экспорттың негiзгi тауарларына әлемдiк бағаның көтерiлуi және мұнай мен газды өндiрудi арттыру және қара және түстi металдарды өндiру есебiнен қамтамасыз етiлген едi.
2000 жылдың iшiнде өткен жылдың тиiстi кезеңдерiмен салыстырғанда өнеркәсiптiк өнiм өндiрудi арттыру үрдiсi сақталып отыр. Алайда, мұндай өсу, сол сияқты едәуiр дәрежеде шикiзат бағасының өсуiмен байланысты әлемдiк рыноктың конъюнктурасына қолайлы ықпал еткен сыртқы жағдайларға негiзделген болатын.
Елдiң инвестициялық саясатының шикiзаттық бағыты өнеркәсiпте орын алған сәйкессiздiктi одан әрi тереңдете түстi. Осылайша, мұнай-газ саласының негiзгi капиталына берiлетiн инвестицияның көлемi 1991 жылы 31 %-дан 1998 жылы 63 %-ға дейiн өстi. 1999 жылы тiкелей шетелдiк инвестициялардың түсуi 1998 жылмен салыстырғанда екi есеге жуық көтерiлдi және 1799 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте олардың жалпы көлемiнiң 87 %-на жуығы мұнай-газ секторының үлесiне (1524 млн. АҚШ доллары) тидi.
Ауыр жағдай ауыл шаруашылығында қалыптасты. ¤ткен жылдары ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру 2, 3 есеге, егiс алаңдары 1, 9 есеге, мал басы 2, 7 есеге жуық қысқарды, шаруашылықтарды сапалы тұқыммен және тұқымдық материалдармен, техникамен және оларға қосалқы бөлшектермен жабдықтау нашарлап кеттi. 1999 жылдан бастап көрiнiс берген экономиканың аграрлық секторындағы белгiлi бiр оң алға жылжушылықтар байқалғанмен, саладағы дағдарыстық жағдай еңсерiлген жоқ.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндірістің құлдырауы, кәсiпорындар мен тұрғындардың төлемге қабiлеттi сұранысының төмендеуi көлiктiк-коммуникациялық кешеннiң жұмыс iстеуіне теріс әсер етті.
1990-1999 жылдар кезеңiнде жүктердi барлық көлiк түрлерiмен тасымалдау көлемi 60%-ға қысқарды. Бұл ретте жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау көлемiнiң құлдырауы 64%-ды, темiржолмен - 55%-ды және теңізбен - 96%-ды құрады. Сол кезде мұнай және газды өндiру мен айдауды арттырудың нәтижесiнде құбыр көлiгiмен жүк тасымалдау өстi (127, 8 %) .
Елдiң экспортында, алдыңғы жылдардағы сияқты, шикiзаттық бағытталу басым болып отыр. 1999 жылы экспорттың 6, 6 млрд. АҚШ долларына (ІЖ¤-нiң 29 %-ы), жуық қосынды көлемi жағдайында 60 %-дан астамын орны толмайтын шикiзат ресурстары, оның ішiнде түстi және қара металдар - 23, 9 %-ды, отын және мұнай өнiмдерi - 35, 4 %-ды, сондай-ақ органикалық емес химия өнiмдерi - 6, 4 %-ды құрады.
Экономикасының шикiзаттық бағытталуы елдi дүниежүзiлiк рыноктардың минералдық шикiзатына, металдар мен мұнайға сұранысына толық тәуелдi еттi. Бұл ретте өнеркәсiптiң қайта өңдеушi салаларының дамымай қалғандығынан экспортталатын өнiмнiң номенклатурасын кеңейту үшiн мүмкiндiк мүлдем болмай отыр.
Проблемалар қара металдардың өнiмдi кен қорларының тозуынан, Қазақстанның тиiмсiз географиялық жағдайы (көмiрсутегi шикiзатын өндiретін орынның негiзгi тұтынушылардан алшақтығы) мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң жоғары тәуекелдiлiгiнен едәуiр дәрежеде күрделенiп отыр.
Әлемдiк қоғамдастықтың даму үрдiсi инновациялық қызметтің экономикалық өсу қарқынына әсерi өсiп отырғандығын көрсетедi. Әлемдiк рынокта интеллектуалдық еңбек өнiмдерi экономикалық қызметтiң басқа салаларымен салыстырғанда неғұрлым жоғары бағаға ие. Рыноктың талаптары жаңалықтарды енгiзудi кеңiнен пайдалану, инновациялық белсендiлiктi күшейту үшiн жағдайлар туғызу қажеттiлiгiн мойындатады.
Тәжiрибе жоғары технологиялық салаларында жаңалықтар енгізуге деген көтерiңкi бейiмдiлiк байқалып отырғандығын көрсеттi. Сондықтан, экономиканың құрылымында ғылымды қажетсiнетiн салалар неғұрлым көп болса, онда инновациялық қызметте соғұрлым дамиды. Керiсiнше заңдылық та бар: Қазақстанның қазiргi экономикалық жағдайына тән бастапқы қайта өңдеудiң өндiрушi салаларының басымдығы бар экономиканың салалық құрылымы ғылыми-техникалық инновацияларды тежейдi.
Қазiргi уақытта еңбекке қабiлеттi тұрғындарды еңбекпен қамтуды арттыру және жаңа табиғи ресурстарды айналымға тарту есебiнен өнiм өндiрудi өсiру және қызмет көрсетудi дамыту үшiн мүмкiндiктер неғұрлым шектеулi болып барады. Осыған байланысты экономикалық даму үшін шешушi мәнге қарқынды факторлар ие болуда. ¤з кезегінде, кадрлар бiлiктiлігi мен еңбек өнімділігінің өсуi, материалдар мен жабдықтардан қайтарым экономика салаларында ғылым мен техника жетiстiктерiнiң пайдаланылу дәрежесiмен анықталады.
Инновациялық қызмет жаңа шаруашылық-аумақтық құрылымдарды (технопарктердi, бизнес-инкубаторларды, аймақтық инновациялық қорларды, венчурлық фирмаларды) дамытуға, бұрын құрылған шаруашылық субъектiлер арасындағы өзара байланыстарды трансформациялауға, басқару технологияларын дамытуға көмектеседi. Бұл ретте экономиканы мемлекеттiк реттеу жүйесiнiң мазмұны да өзгерiске ұшырайды.
Инновациялық процестер тек өндiрiске ғана емес, шынтуайтында қоғамдық өмiрдiң барлық жақтарына ықпал етедi. Осының нәтижесiнде материалдық және материалдық емес жағдайларды пайдалану құрылымы жетiлдiріледі, адамдардың өмiр сүру қызметiнiң жаңа салалары құрылады. Мысалы, жоғары технологиялар саласындағы бiр жұмыс орны өнеркәсiп саласында бестен онға дейiнгi жұмыс орнын құрады. Жоғары технологиялық өндiрiстер мемлекеттiк бюджеттi толтырудың негiзгi көздерiнiң бiрi болып табылады. Қазiргi уақытта ғылыми-техникалық прогрестiң IЖӨ-ге қосатын үлесi неғұрлым дамыған елдерде, әртүрлi бағалау бойынша 75-тен 100%-ға дейiнiн құрайды. Инновациялық қызметтiң әлеуеттiк мүмкiндiктерi индикативтiк және бюджеттiк жоспарлау жүйесiнде ескерiлуi тиiс.
2 Стратегияның мақсаты, міндеттері және оны жүзеге асыру қағидаттары
Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшiн кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк стратегиясы 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.
Стратегияның басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Экономиканың шикiзаттық секторын дамыту Үкiметтiң салалық және секторлық стратегиялары бойынша жүзеге асырылады.
Стратегияның мiндеті:
• өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8, 4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
• өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
• кәсіпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi игеру;
• ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
• елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң мүддесiне қарай әртараптандыру;
• сапаның әлемдiк стандарттарына көшу;
• дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу арқылы әлемдiк шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк экономикаға ықпалдасуды үдету болып табылады.
Стратегия мынадай қағидаттарға негiзделедi:
•жеке сектормен серiктестiк;
•инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталуы;
•өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге қолдау көрсету;
•қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;
•тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;
•қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан бас тарту;
•индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.
Аталған қағидаттар сақталғанда және экономика құрылымында түбегейлi сапалық өзгерiстер болғанда, ол әртараптандырылған кезде алға қойылған мақсаттар мен мiндеттердi шешу Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
3 Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстанда мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясатының принциптiк ерекшелiктерi бар. Дамыған елдер үшiн iргелi және қолданбалы зерттеулердi қаржыландыру көлемiн арттыру, ғылымды жеке сектормен өзара байланыстыруды ынталандыру есебiнен жаңалықтарды жедел игеру, ғылымның корпоративтiк секторын құру мен дамытуға барынша ықпал ету, ғылыми-техникалық әлеуеттiң экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi шешуге тiкелей бейiмделуi тән.
Қазақстанда ғылымды қаржыландыру жеткiлiктi емес. Шаруашылық субъектiлердiң ғылым мен инновациялық қызметке жұмсайтын шығындарын мемлекеттiк ынталандыру жүйесi дамымаған, ғылыми-техникалық әзiрленiмдердi өндiрiске енгiзу маңыздылығын бағаламау сақталып отыр.
Мұндай жағдайда Қазақстан мен дамыған елдердiң ғылыми-техникалық дамуындағы алшақтық бұдан әрi өсе түсетiн болады.
Осыған байланысты негiзi жоғары және ғылымды қажетсiнетiн технологияларға көшу және елдiң экспортындағы шикiзаттық құрамының үлесiн қауiпсiз деңгейге дейiн азайту болуы тиiс мемлекеттiң қоғамның өндiргiш күштерiн дамыту жөнiндегi ұзақ мерзiмдi бағдарламасына түзету енгiзу қажет.
Қазақстанда экономиканы дамытудың инновациялық жолына көшуiне бiрқатар экономикалық, демографиялық, ғылыми-технологиялық, ұйымдастырушылық және басқа да факторлар (кесте) ықпал етедi.
Өндiрiстi кең ауқымды жаңарту үшiн қазiргi уақытта республикада жеткiлiктi мөлшерде жоқ едәуiр капиталдық қаражат талап етiледi. Осыған байланысты, қойылған мiндеттердi іске асыру үшiн мемлекеттiк қаржыландырумен қатар несие ресурстарын, инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жеке қаражатын, шетелдiк капиталды және басқаларды тарту алда тұр. Бұдан басқа, лизинг бойынша жабдықтар мен технологияларды сатып алуды тәжiрибеге енгiзу қажет, өйткенi бұл бюджетке түсетiн күштi едәуір азайта алады.
Шетелдiк технологиялар мен техниканың бақылаусыз ағылуы отандық қолданбалы ғылымды тұншықтырып тастауы, қазақстандық экономиканың шетелдiк әзiрленімдерден технологиялық тәуелдiлiгiнiң нақты пайда болу қаупiн туғызуы мүмкiн екендiгiн есте ұстау қажет. Осының нәтижесiнде ондаған жылдар бойына жинақталған отандық ғылыми әлеуеттiң жоғалып кету қаупi туып отыр. Осының салдарынан республика жоғары технологиялық өнiмнiң импортын кеңейтуге мәжбүр болады.
Кесте
Қазақстандағы инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін
факторлардың салыстырмалы сипаттамасы
бай табиғи ресурстар;
бос өндiргiш қуаттардың болуы;
салыстырмалы түрде дамыған
ғылыми-техникалық әлеует;
технологиялық жағдайлардың
қатарында технологиялық
баяндамалардың болуы;
жеткiлiктi бiлiктi инженерлiк- техникалық қызметшi;
жеткiлiктi жоғары жалпы бiлiмдiк
деңгейiмен үйлескен арзан жұмыс күші;
елдiң екi құрлықтықтың тоғысында
географиялық орналасуы;
инженерлiк-техникалық кадрларды
даярлаудың қалыптасқан жүйесi.
инновациялық қызметтi жеткiлiксiз
нормативтiк құқықтық реттеу;
кадрлардың болмауы;
экономиканың шикiзаттық
бағытталуы;
дүниежүзілiк деңгейдегі меншікті
технологиялар салаларының шектелуi;
iшкi қаржы ресурстарының тапшылығы;
инновациялық қызметтiң инфра-құрылымының дамымағандығы; өндiргiш күштердi керi индустрия-
лансыздандыру материалдық-техникалық базаның жарақтануы;
техникалық жағынан әлсiз өндiргiш күштердi бөлудегi теңсiздiк;
ғылыми-техникалық қызметтi ком -мерциялау үшiн тетiктер мен нақты экономикалық ынталандырудың жоқтығы;
өндiрiстiң жоғары технологиялық салаларының қатарында техникалық және өндiрiстiк кадрлардың жоқтығы;
ішкi рыноктың мардымсыз
сыйымдылығы.
Осыған байланысты Қазақстан үшiн, жоғары дамыған шет елдердiң тәжiрибелерiне сүйенсек, инновацияның мынадай түрлерi неғұрлым тиiмдi.
"Yстемелеу" инновациясы
- жаңа өнімдер мен отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң технологияларын жасауда шетелдiк ғалымдар мен конструкторлардың тәжiрибесін пайдалану. Бұл инновация елдiң мемлекеттік мүдделері мен экономикалық қауiпсiздiгіне толық көлемде сәйкес келедi, оны экономиканың барлық салаларында дерлiк қолдануға болады.
"Қарыз алу" инновациясы
- бұрын Қазақстанда шығарылмаған және түпкi тұтыну өнiмiн шығаруға бағдарланған өнiмдi игеру. Бұл инновация бiрлескен кәсiпорындар құру мен франчайзингті дамыту жағдайында неғұрлым тиiмдi болуы мүмкiн.
"Көшiру" инновациясы - шетелдiк ғылыми-техникалық әлеует пен жаңа енгiзiлiмдердi отандық экономикаға тарту. Бұл инновация лицензиялар сатып алу мен оларды өндiрiске енгiзуге жұмсалатын едәуiр қаржылық шығындармен байланысты.
Қазақстан үшiн жақын болашақтағы неғұрлым қолайлы стратегия "үстемелеу" және "қарыз алу" инновациялары, сондай-ақ олардың ұштастырылуы болып табылады, өйткенi бұл ғылым мен техниканың жетiстiктерiн пайдаланумен бiрге, ғылым мен техниканың аралас және жаңа салаларында отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң өсуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Отандық экономиканың даму шамасына қарай дүниежүзiлiк рыноктарда республика үшiн жаңа инновациялық әзiрленiмдердi экспорттық өнiм тауашасында өнiмдемелеу және сатуға негiзделген инновациялық дамудың белсендi (генерациялайтын) тұрпатын, сондай-ақ шетелдiк жаңа енгiзiлiмдердiң игерiлуi мен бейiмделуiне, олардың бiртiндеп өзiмiздiң инновациялық жүйемiзге (мысалы, көлiктiк машина жасау) кiрiгуiне негiзделген елiктемелiк тұрпатының ұштасуы мүмкiн болады.
Инновациялық дамудың маңыздылығын ескере отырып, қазiргі жағдайда ауыл шаруашылығы өнiмдерiн бастапқы қайта өңдеу мен сақтау, отын-энергетикалық кешен, химия мен мұнай химиясы, жаңа материалдар өндiрiсi, коммуникациялар, көлiк және байланыс жүйелерi, биотехнология сияқты салалардағы инновациялық жобалар айрықша рөлге ие болып отыр.
Басымдықтарды таңдап алу кезiнде экономиканы әлеуметтiк қайта бағыттауға, тиiмсiз өндiрiстердi әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, бiрiншi кезекте тұтыну рыногына жоғары сапалы өнеркәсiптiк тауарлар, азық-түлiк шығаруға, олармен өзiн-өзi қамтамасыз ету дәрежесiн көтеруге қабiлеттi салалар мен өндiрiстерде жүргiзiлуi қажет неғұрлым жоғары технологиялық жағдайларды игеру мен ресурсты үнемдеуге анықтаушы мән беру керек.
Бұл бағыт үшiн өсу нүктелерi - тұрмыс техникасын, күнделiктi сұраным тауарлары мен экологиялық таза өнiмдердi өндiрудi озық дамыту.
Дамыған елдер, энергетикалық және экологиялық дағдарыстардың қысымымен, энергия шығынды технологиядан бас тарту және қалдықсызына көшу есебiнен қайта өндiрудiң ресурсты үнемдеушi тұрпатына көштi. ¤неркәсiптiң шикiзат саласының төмен технологиялық тұрпатын ескере отырып Қазақстанда ресурсты үнемдеушi инновациялық жобалар жоғары экономикалық тиiмдiлiкке ие бола алады.
Бұл бағыт үшiн өсу нүктелерi - минералдық, көмiрсутегiлiк және ауыл шаруашылық шикізатты қайта өңдеу тереңділігін арттыру, металлургиядағы ақырғы қайта өңдеудi игеру, техногендiк және қайталанған шикiзатты, ұқсату.
Неғұрлым жоғары технологиялық жағдайларды айқындау кезiнде елдiң экономикасы бесiншi технологиялық жағдайды қалыптастыру кезiнде дүниежүзiлiк техникалық-технологиялық дамудың талаптарына қаншалықты бейiмделе алатындығын ескеру қажет.
Бұл бағыт үшiн өсу нүктелерi - информатика мен микроэлектроника, биотехнология және жаңа материалдар.
Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың бiр тәсiлi республика аумағында инновациялық орталықтарды, инкубаторларды, технопарктердi, консалтингтiк және оқытатын фирмаларды, инновациялық кәсiпорындарды конструкторлық-технологиялық қолдау жөнiндегi ұйымдарды қамтитын, аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, бiрыңғай үйлестiрiлген инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру болмақ.
Инфрақұрылымды қалыптастыру кезiнде мемлекет аймақтардағы олар құратын ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет объектiлерi ғылым және техника саласымен байланысты барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін ортақ болуына сүйенетiн болады. Бұл инновациялық даму мiндеттерiн шешу кезiнде - ғылыми ұйымдардың, инновациялық кәсiпорындардың, жоғары оқу орындары мен шағын кәсiпкерлiк субъектiлердiң әлеуетiн бiр ортаға бiрiктiруге мүмкiндiк бередi.
Конструкторлық-технологиялық жаңалықтарды жетiлдiру мен өндiрiстердi дайындауға, бәсекелестiкке қабiлетті ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердi және жоғары технологияларды әзiрлеу кезiнде инновациялық кәсiпорындарды өндiрiстiк-технологиялық қолдауға ерекше назар аударылатын болады. Бұл құрылымдардың ғылыми-техникалық әзiрленiмдердi және маркетингтi, жарнамалық және көрме қызметiн, патенттiк-лицензиялық жұмысты және интеллектуалдық меншiктi қорғауды қоса алғанда, жергiлiктi және шетелдiк рыноктарға ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердi жылжытуда рөлi белсендi болмақ.
Аймақтардың экономикалық мамандануын, өнеркәсiптiк, ғылыми және оқу әлеуеттерiнiң бар болуын ескере отырып, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Павлодар, Шымкент, ¤скемен және басқа да қалаларда бизнес-инкубаторлар және технопарктер жүйесi құрылатын болады.
Инновацияларды тұтынушылар мен жаңа енгiзiлiмдердiң авторлары арасында ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету үшiн алдағы уақытта "Интернет" жүйесiнде арнайы сайтта ұсынылатын деректер базасы құрылатын болады.
Индустриялық-инновациялық бағдарламасының нәтижесі және ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі
Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең - бұл инновациялық шаралардың іске асыру үшін қажетті шығындардыанықтау;
Екінші кезең - бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;
Үшінші кезең - бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау;
Төртінші кезең - бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.
Өндіріс жағдайында экономикалық тиімділікті анықтау кезінде мыналар пайдаланылады:
• өнімде дәне қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда, бөлшек
сауда бағалары және тарифтер;
• қолданыста заңды түрде белгіленген өндірістік ресурстар (өндірістік
қорлар, еңбек және табиғи) үшін нормативтік төлемдер;
• қолданыстағы кәсіпорынның пайдадан нормативтікаударымы және
резервтерді қалыптастару үшін жоғары ұйымдардың, мемлекеттік және
жергілікті бюджеттердің бірігуі;
• банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын сақтау жөніндегі
кәсіпорынның тәртібі мен есеп ажырасу мөлшері;
• валюталық түсімдерді қайта есептеу нормативтері, т. б.
Жалпы түрінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік.
Экономикалық нәтижелілік - бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сиымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты онан әрі арттыру.
Ресурстық нәтижелілік - бұл кәсіпорындарда ресурстарды босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы.
Техникалық нәтижелілік - бұл жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу - хау басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.
Әлеуметтік нәтижелілік - бұл халықты материалдық және мәдени тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету, т. б.
Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми - техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығы бойынша инновациялардың ролi мен оларды орнықты генерациялауды қамтамасыз ететiн жүйе бiлiмге негiзделген, қоғамдық әл-ауқаттың iргетасы болуға қабiлеттi бәсекеге қабiлеттi экономика құру үшiн аса маңызды.
Осы мәселелердi шешу мақсатында Қазақстанда:
жоғары оқу орындарынан, ҒЗИ-лардан, ғылыми орталықтардан, бiлiктi жұмыс күшiн даярлауға және жаңа идеялар мен әзiрлемелердi генерациялауға бағдарланған консалтингiлiк және бiлiм беретiн компаниялардан тұратын, өзара iс-қимыл желiсiн танытатын бiлiм беру-инновациялық кешендер мен аймақтарды;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz