Қымызмұрындық



Ұлттық салт-дәстүріміздің ішінде халық санасынан мүлдем ұмытылып, тойланбай келе жатқан жалпы қазақ мейрамдарының бірі – қымызмұрындық.
Қымызмұрындық дегеніміз – ел жайлауға шыққанда жазғытұрым аталып өтетін – қымыз тойы. Қазақ жерінде қымызмұрындық әртүрлі аталады. Жетісу, Батыс Қазақстанда қымызмұрындық, Сарыарқада биемұрындық, Шыңжаңда биебау, Моңғолияда бие байлар, т.с.с., бірақ бәрінің мағынасы бір.
Ертеде қазақ бие құлындағанын зарығып күтеді екен, содан қалған сөз «Құлын ерді ме, енді аурудан айығамыз», – деп қуаныштары қойындарына сыймаған.
Қытымыр қыстан жүдеп-жадап шыққан көшпенді ел жаз жайлауға шығып жадырап, сағынған сүйікті сусынын, бүкіл халық болып ішіп, нағыз мейрамға айналдыратын. Қымызмұрындық ұлттық сипаты жағынан Наурыз мерекесі мен Құрбан айттан бірде-бір кем түспейді.
Биенің сүті сары бал –
Қымыздан асқан дәм бар ма?!
Желіде құлын жусаса,
Кермеде тұлпар бусанса,
Сәні келер ұйқының.
Жылқы қолдан тайған соң,
Қызығы кетер күлкінің.
(Ақтамберді)

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қымызмұрындық (7 бөлім)

“Қымыз – адамның қаны,
Ат – адамның жаны”.
(Мақал)

Ұлттық салт-дәстүріміздің ішінде халық санасынан мүлдем ұмытылып,
тойланбай келе жатқан жалпы қазақ мейрамдарының бірі – қымызмұрындық.
Қымызмұрындық дегеніміз – ел жайлауға шыққанда жазғытұрым аталып өтетін
– қымыз тойы. Қазақ жерінде қымызмұрындық әртүрлі аталады. Жетісу, Батыс
Қазақстанда қымызмұрындық, Сарыарқада биемұрындық, Шыңжаңда биебау,
Моңғолияда бие байлар, т.с.с., бірақ бәрінің мағынасы бір.
Ертеде қазақ бие құлындағанын зарығып күтеді екен, содан қалған сөз
Құлын ерді ме, енді аурудан айығамыз, – деп қуаныштары қойындарына
сыймаған.
Қытымыр қыстан жүдеп-жадап шыққан көшпенді ел жаз жайлауға шығып
жадырап, сағынған сүйікті сусынын, бүкіл халық болып ішіп, нағыз мейрамға
айналдыратын. Қымызмұрындық ұлттық сипаты жағынан Наурыз мерекесі мен
Құрбан айттан бірде-бір кем түспейді.
Биенің сүті сары бал –
Қымыздан асқан дәм бар ма?!
Желіде құлын жусаса,
Кермеде тұлпар бусанса,
Сәні келер ұйқының.
Жылқы қолдан тайған соң,
Қызығы кетер күлкінің.
(Ақтамберді)

Жылқы қолдан кеткен соң қазақтың рухы да төмендеді, қымыз ауызға
тимеген соң денсаулығы да, өмір-тұрмысы да нашарлады.
Қымызмұрындық мейрамын шартты түрде екі түрге бөлуге болады. Бірінші –
бие байлар. Ел жайлауға көшкен соң сауылатын биелерді бөле бастайды. Ауыл
ақсақалдары өзара кеңесіп, бұл іске ерекше ден қояды. Желі тарту үшін
қазықтар қағылады. 1-ші қазықты жылда арнайы қазық қағып жүрген тоқпақтың
сабына ақ мата байлап, үлкен адамдардың бірі қағады. Желі тартқанда әрбір
бес құлынның ортасына бір қазық қағылады. Құлынның ноқтасы екі сабақ баудан
тұрады, желіге қысқа байлайды, әйтпесе құлын оралып қалады. Желінің
арқанына шалынбау үшін құлынның белінен тартып қояды. Алғаш байлағанда
құлындарды күзетіп отырмаса аяғы шығып мертігіп қалуы мүмкін. Сағат 10–11-
лерде бүкіл ауыл адамдары желінің басына жиналады. Сабалар мен көнектерді
әйелдер әбден жуып, желінің басына кептіреді. Қазықтың, желінің басына,
айғырдың жалына, биенің сауырына сары май жағады.
Құлындарды желіге байлаған соң биебаудың шайын дайындайды. Ел жиналған
желінің басына бір-бір шәйнек шай, құрт, ірімшік, тоқаш тамағымен келеді.
Мұны шашу шай дейді. Бәрі отырып желінің басында шай ішеді. Байлар
көбейсін – деген тілектер айтылады. Мұны бие байлар, бие бау деп
атайды.
Шашу шайынан кейін қымыз ашытады. Осыдан соң бие байлаған үй қымыз
шайы дегенді береді. Бұл шайға бір малын сойып, әлгі желінің басына шашу
әкелген адамдарды шақырады, қымыз таратылады, үлкен кісілер бата береді.

Жылқышы ата – Қамбар қолда,
Азуланған бөріңнен сақта,
Құрығын сүйреткен ұрыңнан сақта,
Күрсіндірмей ішкізе гөр,
Күрпілдетіп піскізе гөр.
Аллаху әкпар!

Қырық биенің қымызы,
Ел қыдырған қатынмен кетсін.
Бас биенің қымызы
Бес дуан елге жетсін (ХХХХV.( – деп бата берген адамдарға қонақтардың
қымыз шайына ала келген маталарын, орамал, шыт, жейделерін береді.
Қымыз ашытарда ең басты нәрсе ашытқы. Ашытқысы барлар күнделікті
саумалды бір-біріне қоса отырып, қымызмұрындыққа дайындалады. Ашытқыны
ұйытқы немесе қор деп атайды. Ашытқысы жоқтар қымызы ашыған үйлерге
келіп, піспекке 1 метрдей ақ мата байлап, тілегім де, көңілім де ақ деп
сабадан керегінше құйып алады. Үй иесі қымызға тіл-көз тимесін деп сабаның
түбіне тас тастайды. Кейбір байлар қымыз тәтті болады деп сабаның түбіне
желін жамбы тастаған. Үкінің қанатын, болмаса ағаштың көкек қонып отырған
бұтағын кесіп алып, піспекке байлап қояды. Қазақ салтында үкі де, көкек те
қасиетті құс деп саналады. Тас тіл-көзден сақтайды. Бір келіншек таңертең
ертемен биелерін сауып көнек толы қымызын әкеле жатса, көрген адам
таңырқап, Ойпырмай не деген қымыз, аққан бұлақтай депті. Иесі көнектегі
қымызды сабаға құйғанда, түбіндегі тас екіге бөлініп қалған екен”.
Сондықтан халық Тілің тасқа тисін, Тіл тас жарады, тас жармаса, бас
жарады деп бекер айтпаған. Жылқының сүтін аяқпен басуға болмайды, сүтті
итке құйса, қымыз ірігіш болады дейді. Бұзылған бие сүтін жылқылардың
арасына апарып құйып тастайтын (10, 12-б.( Сабадағы қымыз іри берсе,
аршамен аластаған немесе отқа тұз салған. Тостағанның түбінде қалған
қымызды ешқашан жерге төгуге болмайды.
...Кейбір орыстар қазақтардың әдет-ғұрпын білмегендіктен, білсе де
немқұрайлы қарағандықтан ыдыстың түбіндегі қалған қымызды жерге төге
салады. Мұндай қымыз ішушіге қымыздың иесі қазақ көзімен атып жібергендей
қарайды, кейде шыдамы таусылып ойбай дейді.... [3. 20-б.]
Қазақта ер адамның қазан-ошаққа араласуы ерсі қылық, ұят саналған,
мұндай адамдарды ел арасында қатынбасша деп атаған. Ал ерлердің бие
саууын ешқашан ерсі көрмеген. Мүмкін бұл салт Геродот жазған скиф заманынан
келген шығар.
Сондай-ақ ер адамдар дастарқанда ешқашан тамақ құймайды, бірақ
жігіттердің, әсіресе атақты адамдарға қымыз құйып беріп қызмет жасауы
құрмет саналған. Бұл қымыздың басқа тағамдарға қарағанда ерекше екенін
көрсетеді.
Қымызмұрындық мейрамы бірнеше кезеңнен тұратынын көруге болады.
1. Бие бау, бие байлар – желіге құлындар байланады, желінің басында шашу
шай ішіледі.
2. Қымыз ашыту.
3. Әр үйдің өз қымызына ауылдастарын шақыруы.
4. Ауылдың (рудың елдің) біріккен қымызмұрындық мерекесі.
Демек мейрам әр отбасының бие байлауынан, қымыз ашытуынан, қымызға
шақыруынан басталып, жалпы ауылдық, елдік мейрамға ұласады.
Қымызмұрындықтың уақытына келетін болсақ, ел жайлауға шыққанда басталып,
қырық күндік шілдеге жалғасады.
Қымызмұрындық казақтың ұлыстың ұлы күні – Наурыздан кейінгі үлкен тойы.
Ел жапатармағай мал соя бастайды. Байлар жабағы, тай, орташалар қой, одан
төмендегілер тоқты, бағлан, ал шамасы келмегендер қымыздың өзіне ғана
шақыра беретін. Кейде мал көп сойылған жылдары қанжайлау болып кетті
дегенді айтады ел. Қымызға арналған бата Қамбаратадан басталады. Әр үйде
дайындалған қымыздың және тойдың қымызының басын әйелдер ішеді. Мерекенің
қымызын сол ауылға, елге, руға қадірлі әйел адам – бәйбіше, әже ішіп
бастайды. Қымызмұрындықта әйелдердің арасында қатын күрес өткізілген.
Әйелдер кимешектерінің төменгі жағын беліне байлап, өзара күрескен, бірақ
та қыздарды күреске шығармаған.
Қымызмұрындықта көрсетілетін қызықтардың бірі: мешкейлер жарысы.
Әр ел палуан, мерген, қамшыгерлерімен, т.б. сайысшыларымен қатар
мешкейлерін де жарысқа әкелген. Ел ішіндегі мешкейлер туралы аңыздардың
бірінде Шығыс Қазақстан облысы, Қара Ертістің Зайсан көліне құятын Көкиірім
деген жерде өткен қымыз тойында Мамырхан деген кісінің бір тайдың етін
жегені туралы айтылады. Мамырхан түске дейін қымызды тостағандап ішіп,
оған қанбаған соң екі-үш тегене қымызды бір-ақ төңкереді екен (бір
тегене шамамен 10-12 л. А.Т.). Түстен кейін дем алып, қымыздың
қызуын басқан, қайыңның көлеңкесінде сырмақтың үстінде отырған
Мамырханға ағаш астауларға салынған тай етін әкеп тұрған. Ол етті сүйегінен
сылып алып шайнамай жұтқан. Етті жеп, түгел тауысқанда орнынан тұра алмай
қалған Мамырханды жігіттер сырмақпен сырғыта сүйреп, Ертістің суына әкеп
түсіреді, таң атқанша суда жатқанда судың беті майланып қалған
дейді. Мамырхан бұлай үнемі ет жеп тұрмаған. Ел басшылары ас-тойларға
апарғанда, не болмаса Түспем түсіп жүр, қорқауым келіп жүр деп ел аралап
кетеді екен.
Мамырханның түспесі түссе түгел жейді,
Қорқауы келсе бір қараны бір-ақ жейді, деген сөз қалған. Сазанбай бай
Мамырханды сынамаққа еркек қойдың белдемесін, асықты жіліктің етіне орап
асатқанда бір-ақ қылғытып қойған, сондай-ақ түйенің де тобығын жұтқаны
жайында әңгімелер кездеседі. [LXXXIII.]
... Қонақай деген бие байларда, ас-тойда мешкейлігімен аты шыққан
қымызқұмар, етқұмар адам болған (1960 жылдары қайтыс болған). Сол кісі
жолаушылап жүріп Күнгейбай деген байдың үйіне түседі. Кешкі елең-алаң болса
керек, мал өрістен келмеген, кемпірі сиыр саууға шыққалы жатады. Үйінде
дайын тұрған малы жоқ, бір тегене (10–12 л.) қымызды толтырыпты да баласына
мына кісіге қымыз бере бер дейді, өзі шығып кетеді. Қонақай Күнгейбайдың
байлығын сынамақшы бола ма, әлде шын шөлдеп келген бе, бала құйып берген
бір шара қымызды іше сап, енді құйма, қарағым, – деп ағаш тегененің екі
шетінен ұстап, бір-ақ жұтып тастайды. Қымыз бітіп қалған соң бала үйден
шыға келгенде, шешесі: – Ой, көргенсіз, қонаққа қымыз құй дедім емес пе? –
депті. Баласы: – Ой, апа, ана кісі астаудың шетінен ұстап бір-ақ жұта
салды, – дейді. Шешесі қайта жүгіріп келіп тағы бір астау қымыз құйып
қойыпты. – Ал, құя бер, – деп баласын отырғызып, өзі сауынға кетеді. Баласы
қайта жүгіріп шығады, сөйтсе екінші астауды да Қонақай шетінен ұстап,
аузына қотара салған екен. Кешке Күнгейбай келген соң бір дөнен еркек қойды
сойып, түгел асып, үстіне қыстан қалған бір сүр қазыны қояды. Жас ет пен
сүр қазыны қосып Қонақай түгел жеп, сорпасын ішіп, енді бола бергенде үй
иесі Қонақайды сынамақшы болып, бір тегене сарлықтың* айранын құйдыртыпты.
Айранды ішкен соң Күнгейбай: Ей, Қонақай, тойдың ба? – депті. Сонда
Қонақай: Тай жейтін Қонақай, қойлық қана болды ғой, тойғам жоқ...
[XXXXV.], – деген екен.
Бәстесіп қой жегенде төстің етегін иесіне қайтарады, қалған етті, өкпе-
бауыр, ішек-қарнымен түгел жейді. Бір адам екінші адамға бәс берсе, барлық
етін салып, төсті етегімен қоса керегенің басына іліп кетеді екен [ХХХІ.]

*Сарлық – қодас сиыр.

...Шалабай деген жас жігіт 2 сүйретпе қымыз алып Ақкөл деген жерге бара
жатады. Жолшыбай бір мосқалдау адам қосылып еріп отырады. Біраз жүрген соң:
Қарағым, шөлдеп кеттім ғой, қымыз берші, – дейді. Сөйтіп екі рет
сұрағанда бір сүйретпе қымызды тауысып жіберіпті. Біраздан соң 2-ші
сүйретпенің қымызын бастатыпты. Қарамаңдай деген жерге келгенде: Қарағым,
екінші сүйретпені бітіре салайық, енді өзі де ештеңе қалмады ғой, – деп,
екінші сүйретпені тауысып ішіп, сүйретпелерді бүктеп, Шалабайдың
қанжығасына бөктеріп береді. (Бір сүйретпеде 40–50, екеуінде 80–100 л.
бар.) Шалабай қараса әлгі кісі жай адам буынатын екі белбеуді жалғап
буынған екен. Кейін сұрастырса бұл әйгілі мешкей Қонақай болыпты....
[LXXXXVIII.]
Енді бәстесіп ет жеу туралы тарихи деректерге жүгінейік үлкен бір
қойдың етін төрт адам тауыса салады. [15.132-б.] Көзді ашып-жұмған-ша
сүйегі қалады. [16. 122-б.] Өте көп мөлшерлі ет пен қымызды жыртқышша
қылғытады, сондайлардың біреуі алты айлық тоқтының етін жеп тауысып,
екіншісін жартылай жеп, қалғанын достарымен бөлісті [17.33 б.] Екінші
қойдың етін жеп барып, тәбетін басатындар бар. [18. 74-б.] Арап тойғанша,
түркі жарылғанша жейді. [19. 137-б.] Еуропалықтардың көшпенділерді
тамақсау, қомағай етіп көрсетуіне себеп, көшпелі өмір салтын
білмегендіктен. Қатал табиғатта үнемі ат жалы мен атан қомында көшіп жүру
адамның көп күш-қуатын жұмсауын талап етеді. Демек көшпендінің тамақ жеу,
ас қорыту механизмі басқа халықтардан күшті болатыны да содан. Еуропа және
орыс халқында да мешкейлік дәстүрінде адам тек тамақ үшін жаратылған
сияқты көрінеді. Бір күн тойып тамақ ішкен еуропалық екінші, үшінші күні
тамақ ішпесе шыдай алмайтын болған. Ал еуропалық дәстүрдегі обжорство тек
қана тамаққа табынуға арналған боққарындық – қомағайлық деуге болады. Ал
қазақтарда бір рет тойған адам бірнеше күн аштыққа шыдаған.
Мысалы: Оңтүстік өңіріндегі қоңырат елінде ХІХ ғасырдың аяғында өмір
сүрген Марқабай деген кісі бір жегенде бір мес айран, бір шелек сарымай мен
бір қойды жұғын көрмеген. Бірақ осыдан соң 9 күн тамақ жемеген. Ат көтере
алмаған соң жаяу жүрген [CLXXII.] Мәлімет берушілердің айтуынша, жақсылап
бір тойған Мамырхан 7–8 күн аштыққа оп-оңай шыдаған. [LXXII.] Өз үйінде қой
сойғанда бала-шағасы етті жеп әбден тойғанынша шыдап отырып: – Ә,
қарақтарым, болдыңдар ма? – деп, содан соң барып табақтағыны бір-ақ сыпырып
жеген. Әдетте қазіргі заманның қомағайлары анық бір күн тамақ ішпесе шыдай
алмайды, сондықтан бұрынғы дәстүрлі тамақты көп жеген, аты аңызға айналған
адамдар мен қазіргі қомағайларды ажыратып білу қажет. Бұрынғы тамақсау
адамдардың өмірі, тамақтану тәртібі батырлардың тамақ жеу рәсімімен ұқсас.
Халық эпостарында бір рет тойған батырдың бірнеше, ондаған күн тамақ ішпей
жаумен соғысып жүргендігі жырланады.
Тайлы бие, тоғыз қой,
Жеп шықты жаңа тамағын.
(Батырлар жыры)

Қазақ тұрмысында ас-тойлардың қымызбен ғана жөнелтілетіндігі сонау түркі
заманынан келе жатқан салт. Оғыз қағаны туралы жырларда:
Тоғыз жүз жылқы, тоғыз мың қой сойдырды,
Былғарыдан тоқсан тоғыз ыдыс қойдырды.
Тоғызына арақ, тоқсанына қымыз құйғызып,
Барша нөкерлерін арақ пен қымызға тойғызды. [20.22-
б.]
Бұдан арақтың белгілі ғана қонақтарға берілгенін, қымыздың суша
сапырылғанын көреміз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қымыз - қазақтың ұлттық сусыны
ҚЫМЫЗДАН АСҚАН ДӘМ ЖОҚ
Қазақстан жылқының жаратылған жері-отаны екенін полеозологиялық, археологиялық, тарихи-этнографиялық материалдар негізінде дәлелдеу
Той мерекелік салт-дәстүрлік әрекеттердің теориялық негіздері
Дәстүріңді сақтау – елдігіңді сақтау
Жыл мезгілдеріне байланысты дәстүрлер
Қазақтың ғашықтық жырлары
Қазақстан Республикасының мерекелері
Ұлттық салт-дәстүрлер – ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы
Тәлім-тәрбие, ұлгі дәстүрлері
Пәндер