Қазақстан, ресей және дүни жүзі елдерінің географиясында халықтардың зерттелуі


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан, Ресей және дүни жүзі елдерінің географиясында халықтардың зерттелуі

Орындаған: Лесбекова Н. Ж.

Тексерген: Кенеспаева Л. Б.

Алматы 2009

Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім:

  1. Халықтың ұдайы өсуі туралы ұғым

1. 1. Демографиялық қыс.

1. 2. Демографиялық көктем.

1. 3. демографиялық саясат.

  1. Қазақстан географиясындағы халықтың зерттелуі.
  2. Ресей географиясындағы халықтың зерттелуі.
  3. Дүние жүзі географиясындағы халықтың зерттелуі.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Халықтар географиясы экономикалық географияның бір саласы бола отырып, Кеңестер Одағының 1940 жылыдың басынан дами бастады. Бұл ең алдымен Н. Н. Баранский мен Р. М. Кабонның ерен еңбегінің нәтижесі болып табылады.

Халықтар географиясының жалпы міндеттері:

  • теория арасында: қоғам дамуының жалпы заңдарын танып білуге мүмкіндік беретін халықтың өсіп - өнуін, оның табиғатпен өзара әрекеттесетіндігін, халықтың орналасуынның беталыстары мен заңдылықтырын зерттеу.
  • Көптеген практикалық міндеттерді орындау: халықты есепке алу, еңбек ресурсының баланысын жасау, қызмет көрсету мекемелері мен балалар мекемелерін салуды жоспарлау, көші - қон проблемасын шешу.
  • Мәдениет, дүниетаным сипатындағы міндеттер. Халықтар географиясы, халықтың орналасуы мен халық санындағы ерекшеліктер, елді мекендер, қалалардың дамуы, проблемалар т. б.

Халық санының ұдайы өсуіне соғыс, ең алдымен дүниежүзілік соғыс өте зиянды әсерін тигізді. Соғыс тікелей ұрыс қимылдардың, сондай - ақ аштық пен аурудың таралуы нәтижесінде қисапсыз адам шығынға душар етті.

Халықтар географиясын зерттеумен айналысқан орыс ғалымдарының іщінен К. И. Арсеньев халық санағын ұйымдастырушылардың бірі болған.

Қазақстанда халықтар географиясы жөніндегі зерттеу жасаған ғалымдар - М. Тәтімов, Ұ. М. Ысқақов және т. б.

Халықтың ұдайы өсуі туралы ұғым.

Халықтар географиясы экономикалық географияның бір саласы ретінде қарастырылады. Бұл іргелі ғылым экономикалық және әлеуметтік географияның негізгі бөлігі болып табылады.

Тұтас алғанда халық қоғамдық ұдайы өндіріс үрдісінде төрт сапамен қатысады:

  • өндірістің ( өндірушінің ) субъектісі есебінде;
  • материалдық және интелектуалдық құндылықтарды тұтынушы есебінде;
  • ұдайы өсіп - өнетін құбылыс есебінде;
  • табиғат пен шаруашылық арасындағы байланыстарды жүзеге асыратын және өзара әрекеттесуші есебінде ( шын мәнінде табиғаттың шаруашылыққа әсері де шаруашылықтың табиғи ортаға әсері де шаруашылықты жүргізуші халық арқылы жүзеге асады екен) .

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында экономикалық географияның басты бағыты етіп өндірісті орналастыру мен экономикалық аудандастыру проблемалары қойылды. Халықтар географиясы экономикалық географияның басты бағыты етіп өндірісті орналастыру мен экономикалық аудандастыру проблемалары қойылды. Халықтар географиясы экономикалық географияның назарынан мүлдем тысқары қалды. Н. Н. Баранский айтқандай, « адамның өзі лақтырылып тастады. Ескі антропогеографияны жоққа шығарғанымен, оның орнына келген « жаңа ағым » ештеңе жасай алмады: халық туралы ұғымдар табиғат пен шаруашылық және физикалық география мен экономикалық географияның арасына түсіп, ізін жоғалтты. Адам туралы ұмыт қалғандай болды ».

Қазірі жағдайда халықтар географиясы экономикалық және әлеуметтік география ғылымының бір саласы ретінде қаралуда. Географияның бірінші бөлігін физикалық география, ал екінші бөлігін адамзаттың жер бетіндегі өмірі мен іс - қимылын зерттейтін әлеуметтік география құрайды.

Экономикалық және әлеуметтік географияның кең және шекті объектісі - табиғатпен өэара әрекетте тұрған географиялық орта мен қоғам. Географиялық орта - географиялық қабықтың немесе ландшафтың адам қоғамы игерген бөлігі. Оның нақты объектісінде: халық, табиғат ресурстары, шаруашылық жатады.

Халықтар географиясы экономикалық әлеуметтік географияның бөлігі есебінде қарастырылып, ол бір пән ретінде халықтар мен елдің дамуын, құрамын, орналасу аумағын, кеңістік тұрғыда қалыптасу ерекшеліктерін зерттейді. Анықтамадан көргендей, географияда бірімен - бірі тығыз байланысты екі бағыт бар. олар: халықты және елді - мекендерді зерттеу болып табылады. Бұл бағыттарды зерттеу аумақтық бірліктерде - дүние жүзі бойынша континенттерде, елдерде, қалалық агломерацияларда, қалаларда, жеке елді мекендерде саяси - әкімшілік бөліктерде жүргізіледі.

Халықтар географиясын зерттеу барысында географиялық, экономикалық және әлеуметтік тәсілдер мен әдістер пайдаланады. Халықтар географиясының зерттейтін объектілері халықпен тығыз байланысты.

  1. Халықтың ұдайы өсіп - өнуі
  2. Нәсілдердің ерекшклігі
  3. Дүние жүзі халқының этностық құрамы
  4. Дүние жүзі халықтарының діндерінің таралуы
  5. Халықтың әлеуметтік құрлымы мен еңбек ресурстары
  6. Халықтың көші - қоны
  7. Дүние жүзі халқының орналасуы мен қоныстануының географиялық ерекшеліктері.

Халықтар географиясы бойынша проблемалар мен міндеттерді бөліп қарауға қиындықтар тудырады. Қазір дүние жүзінде, саясатқа, тариха, экономикаға деген көз қарас өзгеріп, соның нәтежиесінде адамзаттың дүниетанымдық тұжырымдамалары жаңа бағыт алуда. Халықтар географиясының міндеттерін анықтағанда бұрын ең алдымен: 1) елдің шарушылық салаларын орналастыру үшін халықтар географиясы міндеттерінің маңыздылығы; 2) буржуазиялық теорияларды, антропогеографияны, бихеврозимді, географиялық детерминизимді, неомальтузиандықты, геосаясатты және т. б. қарастырады.

Отандық халықтар географиясының негізгі міндеттерінің бірі - зерттеуді дүниежүзлік деңгейге сай және онан әрі дамуды логикаға сәйкестендіріп жүргізудің қажеттілігі болып: пәнді жан - жақты қарау; сондай - ақ халықтар географиясының мәселелерін зерттегенде және зерттеулерді жариялағанда идеологиялық бұрмалауларға, шектеулерге жол бермеу.

Экономикалық географияда, отандық ғылым салаларында халықтар географиясын зерттеудің деңгейін көтеру қажет. Бұл біріншден, ғаламдық экологиялық тұрақсыздықтың негізгі факторы дүние жүзіндегі халық санының шамадан тыс қарқынмен өсуі байланысты. Сонымен бірге Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарының кейбір қалалары мен ауылдық жерлерінде бала туудың күрт азаюы мен өлім - жітімнің айтарлықтай көбею үрдістері мұқият зерттеуді талап етеді. Халықтар географиясын адамның материалдық өндірістегі іс - әрекетін белсенді зерттеумен қатар халыққа қызмет көрсету географиясын: рекреациялық, сауда, білім, дін және басқа да географиялық зерттеулерге көңіл бөлуді қажет етеді. Осы жағдайда географиялық тұрғыдан көп укладты: мемлекеттік, кооперативтік - ұжымдық және жекеше эканомика жөніндегі жұмыстар жүргізілді.

Бүгінде халықты жоспарлаудағы, болжаудағы, өзгерістерді ғаламдық деңгейден аймақты деңгейге өткізуді географиялық тұрғыдан қайта орналастыру қажеттігі туындауда.

Адамзат тарихының бүкіл өн бойына дерлік Жер шарындағы халықтың саны бояу өсті, оның жедел өсуі жаңа тарих кезеңінде ғана басталды. Соңғы мың жылда халық снаының бірінші рет екі еселенуі үшін 600 жыл қажет болса, екінші рет екі еселену үшін - 230 жыл, үшінші рет үшін шамамен - 100 жыл, төртінші рет үшін - 40 жыл уақыт керек болды. Бұл дегеніміз халықтың саны ХХ ғасырдың ортасы мен екінші жартысындағыдай ешқашан тез өсіп көрмегенін көрсетеді. Дүние жүзінің халық саны 1950 жылы 2, 5 млрд. - қа, ал 1987 жылы - 5 млрд. адамға жетті.

Халық саны жөніндегі ғылыми теория еңбек ететін халықты қоғамның басты өндіргіш күші, бүкіл қоғамдық өндірістің негізі ретінде қарастырылды. Халық табиғатпен үнемі әрекеттесе отырып, оны қайта түрлетуде белсенді рөл атқарды. Сонымен бірге халық жасайтын бүкіл материалдық игіліктердің басты тұтынушысы блоып табылады.

Туу, өлу, табиғи - өсуі тегінде биологиялық процестер. Бірақ соған қарамастан, оларға адам өмірінің әлеуметтік - эканомикалық жағдайлары, сондай - ақадамдардың қоғамдағы және отбасындағы өзара қарым - қатынастары шешуші әсерін тигізді.

Халық санының ұдайы өсуіне соғыс, ең алдымен дүниежүзлік соғыс өте зиянды әсерін тигізді. Соғыс тікелей ұрыс қимылдардың, сондай - ақ аштық пен аурудың таралуы нәтижесінде қисапсыз адам шығынға душар етеді.

Халықтың ұдайы өсуінің 2 түрі бар:

1. демографиялық қыс

2. демографиялық көктем

Демографиялық қыс - халықтың тууы, өлімнің және табиғи өсудің көрсеткіштері төмен болды. Ол ең алдымен шетелдік Еурропа елдеріне тән. Ал халықтың ұдайы өсуі кей біреулерінде ғана сақталған. Ол үшін барлық отбасында кемінде 2 - 3 баладан болуы керек. Шетелдік Еуропаның көптеген елдерінде дүниеден өткен ұрпақтың орнын ғана баса алады, ал олардың кейбіреулерінде ( ГФР, Дания, Италия, Бельгия, Австрия, Венгрия, Болгария, Литвия ) - тіпті « демографиялық қыс » деп аталатын халықтың табиғи азаюы орын алған.

Демографиялық көктем - туу мен халықтың табиғи өсуі ең жоғарғы деңгейге жетеді; ал өлімнің көрсеткіші айтарлықтай төмен. Ол бәрінен бұрын дамушы елдерге тән. Бұл елдер тәуелсіздікке ие болған соң қазіргі медициналық, санитария мен гигиенаның жетістіктерін ең алдымен эпидемиялық аурулармен күресуге кеңінен пайдалануға муміндік алды. Бұл өлімнің күрт азаюына себепші болды. Ал туу болса, көбіне бұрынғы жоғары деңгейде қалды.

Демографиялық саясат - қазіргі кезде дүние жүзі елдерінің көпшілігі мемлекеттік демографиялық саясатты жүргізе отырып, халықтың ұдайы өсуін басқаруға тырысады. Демографиялық саясат дегеніміз - мемлекетте халықтың табиғи қозғалысына өзіне қолайы бағытта әсер етуге көмегін тигізетін әкімшілік, экономикалық, үгіт - насихат және басқа шаралар жүйесі. Демографиялық саясаттың бағыты ең алдымен белгілі бір елдегі демографиялық жағдайға байланысты.

Қазақстан географиясындағы халықтың зерттелуі.

Қазақстанда халықтар географиясы жөніндегі зерттеу жасаған ғалымдарға: М. Тәтімов, Ұ. М. Ысқақов, Г. Д. Москвина, М. Х. Асылбеков, А. Н. Алексеенко және т. б. жатады.

Қазақстанда 1999 жылдың басында тұңғыш ұлттық халық санағы өткізілгені белгілі. 1992 жылы Қазақстанда тұрып жатқан халықтың жалпы саны 16 млн. 985 мың адам болса, ал 1999 жылы жүргізілген халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 14 млн. 953 мың адам бар екені анықталды. Оның ішінде 7 млн. 201, 8 мыңы ер адам, ал 7 млн. 751, 3 мыңы әйел адам болды.

Қазақстанда халықтың саны 1989 жылы 16 млн. 199 мың адам болса, оның 9 млн. 132 мың адамы қалалық жерде, ал 7 млн. 67 мың адамы ауылдық жерлерде тұрады. Ал, 1999 жылдың қаңтар айындағы деректерге сүйенсек Қазақстанда тұрып жатқан халықтың жалпы саны 14 млн. 953 мың болса, оның 8 млн. 377 мыңы қалалық жерлерде, ал 6 млн. 575 мыңы ауылдық жерлерлде қоныстанған. Осы 2 жылдың мәліметтерімен салыстыратын болсақ халық санының азайып кеткенін көреміз. Бұған себеп, басқа ұлт өкілдерінің тарихи отанына оралуына, табиғи өсім көрсеткіштерінің төмендеуіне тікелей байланысты. Қала тұрғындарының жақын және алыс шет елдерге қоныс аударуына орай қазақ жастарының ауылдан қалаға үдере көшуіне байланысты, үлкен ішкі көші - қон басталды. Тек, шалғайдағы ауылдар босап қалып онда қалған жұрттың көпшілігн қарт адамдар құрайтын деңгейге жетті. Халықтың жастық құрылымында қарт адамдардың снының көбейгені демографиялық үрдістерге кері әсерін тигізуде.

Қазақстандағы халықтың ұлттық құрамы

1 кесте

Ұлттар
1999 ж
1989 ж
Мың адам
%
Мың адам
%
Ұлттар: Барлық халық
1999 ж: 14953, 1
1989 ж: 100, 0
16199, 2
100, 0
Ұлттар: Қазақтар
1999 ж: 7985, 0
1989 ж: 53, 4
6496, 9
100, 0
Ұлттар: Орыстар
1999 ж: 4479, 6
1989 ж: 30, 0
62, 0
37, 4
Ұлттар: Украиндер
1999 ж: 574, 1
1989 ж: 3, 7
875, 7
5, 4
Ұлттар: Өзбектер
1999 ж: 370, 7
1989 ж: 2, 5
331, 0
2, 0
Ұлттар: Немістер
1999 ж: 353, 4
1989 ж: 2, 4
346, 9
5, 8
Ұлттар: Татарлар
1999 ж: 249, 0
1989 ж: 1, 7
320, 7
2, 0
Ұлттар: Ұйғырлар
1999 ж: 210, 4
1989 ж: 1, 4
181, 5
1, 1
Ұлттар: Белорустер
1999 ж: 111, 9
1989 ж: 0, 75
177, 9
1, 1
Ұлттар: Кәрістер
1999 ж: 99, 7
1989 ж: 0, 67
100, 7
0, 62
Ұлттар: Әзербайжандар
1999 ж: 78, 3
1989 ж: 0, 52
89, 0
0, 55
Ұлттар: Түріктер
1999 ж: 75, 9
1989 ж: 0, 51
49, 6
0, 29
Ұлттар: Басқа ұлттар
1999 ж: 392, 1
1989 ж: 2, 45
567, 3
3, 64

Ресей географиясындағы халықтың зерттелуі

Халықтар географиясын зерттеумен айналысқан орыс ғалымдарының ішінен « Ресей империясы қалаларының гидрографиялық - статистикалық баяндауы » және « Ресей статистикалық очерктері » атты еңбек жазған Константин Иванович Арсеньев 1897 жылғы Ресей халқының бірінші халық санағын ұйымдастырушылардың бірі, бес томдық « Географиялық статистикалық сөздіктің » басылуын басқарған Петр Петрович Семенов Тянь - Шанскийдің ХХ ғасырдың бас кезінде « Табиғат жағдайлары мен адамның іс - қимылына байланысты жер халқының таралуы » еңбегін жазған Александр Иванович Воейковтың ( 1906 ), « Еуропалық Ресейдің қаласы мен деревнясы» атты монографияның авторы Венаимин Петрович Тянь - Шанскийді және « Еуропалық Ресей халқының тығыздығы » атты бірінші ірі маштабты картаны атап өтуге болады.

Кеңес дәуірінде халық географиясына елеулі үлесті Н. Н. Барнский, Р. М. Кабо, О. А. Константинов, В. В, Покшишевский, Ю. Г. Саушкин, С. А. Ковалев, халықтар географиясы жөніндегі ММУ - де, ҒАГИ -да, ММПИ - да сол кезде істеген ғалымдар: Г. М. Лаппо, Б. М. Хорев, В. П. Максаковский және басқаларда үлес қосты.

Дүние жүзі географиясындағы халықтың зерттелуі.

Саяхатшылардың, саудагерлердің, дипломаттардың әңгімелеріне негізделген әр түрлі елдер жөніндегі ежелгі, көбінесе, фантастикалық және толымсыз баяндамаларға сүйене отырып табиғатқа - халыққа - шаруашылыққа кешенді сипаттама беруге тырысты. І ғасырда Страбонның « Географиясы », ІІ ғасырда Птолемейдің « Географиясы » пайда болды. Олар тек географиялық қана емес, онымен бірге этнографиялық мәлімет көздері болып табылды. Әлем халықтарына көп көңіл бөлген мұндай кешенді әмбебап географиялық баяндаулыр орта ғасырларда да болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтар географиясы
ХАЛЫҚТЫҢ ҚҰРАМЫ
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Әлемдік шаруашылықтың басқа салаларының географиясы
Мектеп бағдарламасында халық географиясын оқыту ерекшеліктері
Дүние жүзілік отын-энергетика кешені және атом энергетикасы
Арал, Балқаш, Каспийдің экологиялық проблемалары
Урбанизация ұғымы
Қазақстанда өлкетану тарихының дамуы
Халықтың саны және ұдайы өсуінің заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz