Инфляция туралы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Бөлім 1. Инфляцияның мәні, тарихы.
1.1. Инфляцияның мәні , тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Инфляцияның себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Инфляцияның альтернативті көздері ... ... ... ... ... ... ... ...7

Бөлім 2. Инфляцияның түрлері.
2.1. Инфляцияның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері ... ... ...14
2.3. Филлипс қисық сызығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

Бөлім 3. Инфляцияға қарсы саясат.
3.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
3.2. Инфляцияға қарсы саясат және оны тежеу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Осы курстық жұмыста инфляция: мәні, себептері мен әлеуметтік және экономикалық зардаптары қарастырылады.
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі. Осы курстық жұмыстың бірінші бөліміннің бірінші бөлімшесінде инфляцияның мәні, тарихы қарастырылады. Инфляция туралы жалпы түсінік осы бөлімде қарастырылады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Инфляцияның ертеден келе жатқанын және оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады.
Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі 20 ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары инфляция бірқатар елдердің экономикасы үшін айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Қазіргі инфляцияға тән біраз ерекшеліктер бар. Олар:
• Егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса, қазіргі инфляция елдің бүкіл жерін қамтиды;
• Егер бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазіргі инфляция көп уақытқа созылған құбылыс;
• Егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерінен туындаса, қазіргі инфляция көптеген ақшасыз және т.б. факторларға байланысты болады
Осы курстық жұмыстың екінші бөлімінде инфляцияның түрлері оның Қазақстандағы ерекшеліктері және филлипс қисық сызығы қарастырылады.
Ал, үшінші бөлімде инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жою және оны тежеу әдістері қарастырылады.
1. Әубәкіров . Я. А. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1999 ж.
2. Шеденов. О.Қ. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе-Алматы, 2002ж
3. Б. Жунісов. Ұ. Мәмбетов. Ү. Байжомартов. Нарықтық экономика негіздері. Алматы 1994 ж.
4. Көшенова .Б.Ақша несие банктер валюта қатынастары. Алматы 2000 ж
5. Курс экономической теории. /Под общ. ред. проф. Чепурина М.Н., проф. Киселевой Е.А. Киров, 1999г.

6. Н. Қ. Мамыров. М. Ә. Тілеужанова. Макроэкономика. Алматы 2003ж.
7. С.Б. Мақыш. Ақша айналысы және несие. Алматы, 2004ж.
8. Н.Қ. Мамыров. М.Ә. Тілеужанова . Макроэкономика. Алматы 2003ж.
9. Экономическая теория. /под. Ред. проф. А.И. Добрынина, проф. Л.С.Тарасевича.
10. Экономическая теория. /под. Ред. проф. В.Д. Камаева . Москва, 1999г.
11. Экономическая теория. М.А. Сажина, Г.Г. Чибриков.
12. Экономическая теория. /под. Ред. Н.И. Базылева, С.П.Гурко

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..3
Бөлім 1. Инфляцияның мәні, тарихы.
1.1. Инфляцияның мәні , тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Инфляцияның себептері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
3. Инфляцияның альтернативті көздері ... ... ... ... ... ... ... ...7

Бөлім 2. Инфляцияның түрлері.
2.1. Инфляцияның түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері ... ... ...14
2.3. Филлипс қисық сызығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

Бөлім 3. Инфляцияға қарсы саясат.
3.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...22
3.2. Инфляцияға қарсы саясат және оны тежеу шаралары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 29

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 30

КІРІСПЕ
Осы курстық жұмыста инфляция: мәні, себептері мен
әлеуметтік және экономикалық зардаптары қарастырылады.
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық
өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі. Осы курстық жұмыстың
бірінші бөліміннің бірінші бөлімшесінде инфляцияның мәні, тарихы
қарастырылады. Инфляция туралы жалпы түсінік осы бөлімде
қарастырылады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде.
Инфляцияның ертеден келе жатқанын және оның пайда болуын
ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады.
Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі 20 ғасырда бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің
экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте,
төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс
жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде
қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары инфляция бірқатар
елдердің экономикасы үшін айықпас ауруға, ұдайы өндірістің
тұрақты факторына айналды.
Қазіргі инфляцияға тән біраз ерекшеліктер бар. Олар:
• Егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса, қазіргі
инфляция елдің бүкіл жерін қамтиды;
• Егер бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазіргі
инфляция көп уақытқа созылған құбылыс;
• Егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерінен туындаса,
қазіргі инфляция көптеген ақшасыз және т.б. факторларға
байланысты болады
Осы курстық жұмыстың екінші бөлімінде инфляцияның түрлері оның
Қазақстандағы ерекшеліктері және филлипс қисық сызығы қарастырылады.

Ал, үшінші бөлімде инфляцияның әлеуметтік-экономикалық
зардаптарын жою және оны тежеу әдістері қарастырылады.

Бөлім 1. Инфляцияның мәні, тарихы.

1.1.Инфляцияның мәні, тарихы.

Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы
бар. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір
сүруде. 19 ғасырдың бас кезіндегі Англияның Напалеонға қарсы соғысы.
1789-1791 жж. Француз ревалюциясы. Әсіресе, бірінші дүниежүзілік
соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті, 1923
жылдың күзінде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион рейхсмаркаға
жетіп, олақша өлшемі триллион есе құнсызданды. Осы келтірілген
тарихи мәліметтер инфляция бұрыннан келе жатқан феномен (айрықша
құбылыс) екенін дәлелдейді. Инфляцияның пайда болуын ақшаның
шығуымен, қызметімен байланыстырады. Соңғы уақытқа дейін біздің
санамызда “Инфляция” термині латын сөзінен алғанда – inflation –
(вздутие) – қампаю, деген ұғым ретінде қалыптасты. Тұңғыш рет
“инфляция” деген ұғым Солтүстік Америкада 1861 – 1865 жылдардағы
азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым
көбейіп кетуі процесін білдірген. 19 ғасырда бұл термин Англия мен
Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция
түсінігі 20 ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі
қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20 –
жылдардың орта кезінде көрінді.
Енді инфляция дегеніміз не, осы сөздің басын ашып
алайық. Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын
әлеуметтік – экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда
айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының
қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз
етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляцияның
жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының
қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің
Өнімнің көтерме бағасы, олардың дайындауға кететін шығындардың
өсуімен байланысты өсіп отырды. Экономиканың әр түрлі
секторларындағы табыстарды мемлекет тарапына қайта бөлу есебінен
кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек сауда бағасы тұрақты болып
отырды. Сонымен қатар тауарлардың тапшылығына байланысты арзан
тауарларды шығару орын алды.
Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады; қағаз
ақшаның алтынға тәуелділігі мүлдем үзілген, ақшаның айналымының
дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта
қалыптасуда. Бұның бір себебі мынада, көп елдер инвестицияны
ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару
қарқынын көтерді. Сондықтан инфляцияның жоғары қарқыны мемлекеттің
қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі
айналым қажеттілігінен де асып кетті. Нәтижесінде ақша
құнсызданады, баға өседі, сосын барлық шаруашылық пропорциялар
бұзылады.

1.2. Инфляцияның себептері.
Инфляция кешенді себептердің негізінде пайда болады және
олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады; мемлекеттік бюджеттің
тапшылығы, оны азайту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар немесе
жәй қағаз ақшалар шығарылады. Тұтыну игіліктерінің көбеюіне
айналмайтын, адамзат еңбегінің мақсатынсыз шығындарына жол беретін
мемлекеттің өндіріс емес шығындары (әсіресе әскери шығындар)
Инфляцияның түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар
өндірісі аясында болғанымен, оған елдегі саяси жағдайлар да әсер
етеді.
Инфлияцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалай факторлар –
ақшаға сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде
ақша айналысы заңы талаптарының бұзылуы, яғни бюджет
тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға

1.3.Инфляцияның альтернативті көздері.
Сұраныс инфляциясы. ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни
айналыстағы ақша массасы "көтеріліп", соның салдарынан төлем
қабілеті бар сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегі бірқалыпты
баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыры
алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономиканың өндірістік
мүмкіндіктерінен жоғарылап, бағаның көтерілуіне соқтырады.
Ақша массасының "көтерілуі" себептерінің ең негізгісі - әскери
шығындардың өсуі, яғни шығарылған әскери техника күнбе - күнгі
өмірде қолдануға жарамайтындықтан оның ақшалы эквиваленті бюджеттің
тапшылығын тудырады. Тапшылықты жою үшін айналымға қосымша ақша
массасы шығарылады, немесе ақша нарығына мемлекеттік заимдар
орналастырылады. Бюджет тапшылығын жоюдың бірінші жолы өркендеген
мемлекеттерге тән. Айналысқа қосымша ақша массасын шығарудың алғашқы
сатысында өндірістің дамуы, жұмыссыздықтың азаюы және бағаның
төмендеуі сияқты жағымды көріністер байқалып, ал қорытындысына тепе
– теңдік орнайды. Сондықтан аз мөлшерлі инфляция пайдалы деген
қорытынды шығады, себебі ондай инфляция артық өндіру дағдарысын
және жұмыс орындарының қысқаруынан сақтандырады. Одан әрі бүкіл
экономикада бос жұмыс орны болмаған және дамыған сұранысқа өнімді
қосымша шығара алмаған жағдайда баға өседі. Осыдан кейін өндірістің
құлдырауына, оның тиімділігінің төмендеуіне және инфляцияның
қарқындауына себепші факторлар да әсер ете бастайды.
Сөйтіп, сұраныс инфляциясы кезінде шектеулі ұсыныспен
салыстырғанда айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды
жоғарылатады және ақшаны құнсыздандырады.
Шығын инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз
факторларға байланысты туындайды. Ол – ең алдымен жалақы төлеуге
шығындардың өсуі.

Бөлім 2. Инфляцияның түрлері.
2.1. Инфляцияның түрлері.

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция,
әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс
жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде
қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар
елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің
тұрақты факторына айналды. [1]
Шет ел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты оны үш
түрге бөледі: а) баяу немесе сұлама инфляция, б) қарқынды инфляция,
в) ұшқыр инфляция. Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де
(жылына 10-20%-тен аз) ақша негізінде өз құнын сақтап қалады.
Мұндай кезде халықта да, мемлекетте төтенше жағдайда тап болмайды.
Нарықтық экономикада инфляция 2-3% деңгейінде қалыпты құбылыс деп
есептеледі. Мысалы, 1992 жылы инфляция Францияда -2,7%, Германия мен
АҚШ-та- 3,8% құрады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20%-тен
200-300%-ке дейін өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп ол бағаның
одан әрі өсуіне әкеп соқтырады. Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның
саны мен баға астрономиялық қарқынмен (500-1000%-тен жоғары) өседі.
Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың да тұрмыс
тіршілігі қиындай бастайды. Экономикалық тарих ұшқыр инфляцияның
таңқаларлық мысалын келтіреді. Инфляция 1985 жылы Боливияда – 3400%,
1990 жылы Аргентинада-2000% құрады.
Шет ел нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік нысандарына
байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы деп бөледі. Еркін баға
белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар
менқызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция
кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын-оқтын төмендеуімен немесе
оның өсуінің баяулауымен сыйыса береді. Ал ол ашық инфляцияның
нарық механизмін едәуір бұрмалағанымен әйтсе де оны толық
бүлдіре алмайтынын көрсетеді.
Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттелмелі
бағалар қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында,
өнімнің сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын
экономикада, бартерлік айырбастың дамуында көрінеді. Басылыңқы
инфляция, ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар құрал және
тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған
жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның тепе-теңдік бағасынан
төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдану нәтижесінде пайда болады.
Бұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің экономикамызға тән болып
отыр.
Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен, ақшаның амалсыз
жиналуымен, астыртын экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен
көрінеді. Басылыңқы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен
ұсыным тепе - теңдігі бағасынан төмендеуін қолдау әсерінен туады,
онда ақшалар жалпы төлем құралы және тауарларды бөлу өлшемі
ретінде қызметін атқарудан қалады. Егер біздің осы уақытқа дейінгі
экономиканы алсақ, онда ол ұзақ жылдар бойы басылыңқы инфляция
жағдайында болды. Және болашақ экономика үшін бұл қауіпті емес,
одан әлі де болса құтылуға болады.
Шетелдік экономистер сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны
екі типке бөледі: а) сұраным инфляциясы, б) өндіріс шығындарының
өсуінің немесе жиынтық ұсынымның азаюының нәтижесінде болатын
инфляция (ұсыным инфляциясы). Сұраным инфляциясының мәнін бір сөзбен
былай деп сипаттауға болады: “Тым көп ақшалар тым аз тауарларды
аулайды”. Сұраным инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен
әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесінің ұсақ үстемдігі болған
жағдайда да орын алады. Олар өзіндік айрықша нысан сипатында
болады. Мысал ретінде біздің экономиканы алсақ, онда ұзақ жылдар
бойы жасанды түрде төмен жұмыссыздық деңгейі сақталды. Оған
табыссыз жұмыс жасайтын бірталай кәсіпорындардың санын және артық
жұмыс орнын, ең көп еңбек шығынын қажет ететін өндірісті сақтау
арқылы қол жетті, ал ол еңбек өнімділігіне кері әсер етті. Ал
жалақының еңбексіз табылған табысқа айналуы, оны сұраным
инфляциясына айналдырады, бағаны өсіреді.
Ұсыным инфляциясы ұсыным мен шығындарды өзгерту нәтижесінде
болуы мүмкін. Ұсыным инфляциясының екі түрі бар: а) жалақының өсуі
әсерінен болатын инфляция, б) ұсыным экономикасы механизмінің
бұзылуы нәтижесінде пайда болатын инфляция.
Инфляцияның сипаты қоғамдық ұдайы өндірісті дамыту барысында
елеулі түрде өзгереді. Осыған байланысты инфляцияны кейбір елдерде
орын алатын жергілікті инфляция, барлық елдерді қамтитын бүкіл
әлемдік инфляция, елде бір ішкі экономикалық факторлардың әсерінен
болатын индуцирленген инфляция, мөлшерден тыс несие экономикасынан
туындайтын несие инфляция, сыртқы себептерден туындайтын сырттан
әкелінген және сыртқа шығарылатын инфляция, инфляциялық процестің
бірқалыптылығы еместігімен байланысты болатын сатылы инфляция деп
ерекшелейді.
Инфляцияның философиясы мынада: бірте-бірте тереңдеуіне
байланысты экономиканы уақытша жандандыратын фактордан ұдайы өндіріс
процесіне кедергі жасайтын факторға айналады.
Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық
өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта механизмі
бүлінеді, елде әлеуметтік - экономикалақ тұрақсыздық күшейеді.
Инфляция халықаралық экономикалық қарым-қатынастарды, жұмыс күшін
ұдайы өндіру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың ең пайдалы
салаларына салуды ынталандырады, экономикалық қылмыстар мен астыртын
экономиканың дамуын жеделдетеді.
Инфляция баға индексі ( екі әр түрлі уақыт кезіндегі тауарлар
мен қызметтердің ара қатысын білдіретін көрсеткіш ) арқылы өлшенеді.
Ағымдағы жылдың инфляция деңгейі төмендегі формуламен анықталады:
U = Pa - Рө Рө х 100%
Бұнда U –инфляция деңгейі
Ра – ағымдағы мерзім бағасы
Рө - өткен мерзімдегі баға
Инфляция деңгейі, әдетте, бір жылға есептеп шығарылды.
Тіпті егер ол бір ай үшін есептелседе, онда алынған шаманы жылма –
жылғы деңгейге дейін жеткізу керек. Мысалы, 1994 жылдың қаңтар
айында инфляция деңгейі 10,8% құрады делік, осы шаманы 12-ге
көбейтсек, онда бір жыл ішіндегі инфляция деңгейінің 1269,6%
құрайтынын көреміз. [2]
Қазақстан Республикасында 1992-ші жылға дейін жасырын инфляция
басым болып, ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие
болып, сосын ұшқыр инфляцияға айналды.
Республикада 1993-ші жылы инфляция 2260% құраса, 1994-те -1258,ал
1995-тің аяғында “теңге” тұрақтана бастап, инфляция төмендеді және
56-58%-ға қысқарды. Инфляция 1996-шы жылы 30%-дың маңында болса,
1997-ші жылы – 20% құраса, ал 2000 жылдың аяғында 7%-ға тұрақтады.
[
Екінші бөлімнің екінші бөлімшесінде инфляцияның
Қазақстандағы ерекшеліктері қарастырылады.

2.2.Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері.
Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері сияқты ел
экономикасының мемлекеттік монополияланған жүйеден нарықтық
қатынастарға өту кезіндегі өзгерістерге байланысты. КСРО-ның халық
шаруашылығындағы инфляция көптеген жылдар бойы мойындалған жоқ.
Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге
дейінгі инфляцияны тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың

ең бастысы- шаруашылықты басқарудың жоспарлы-бөлу жүйесі. Ол
шаруашылықтың шығынды механизмін қалыптастыруға, халық шаруашылығында
материалды-ақшалық үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап ,
экономиканың барлық салаларына зиян шеккізді. Әсіресе:
• Ұлттық өнімді жинақтау қорына және тұтыну қорына бөліп,
соның негізінде инвестициялық саясат жүргізуде;
• Құрал- жабдықтарды өндіру және тұтыну тауарларын өндіру
салаларында;
• Мемлекеттік баға белгілеу жүйесінде;
• Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығынында;
• Несиелік және қаржылық ресурстарды қалыптастыруда байқалды.
Қазіргі инфляцияның бір көрінісі - тауар тапшылығы біздің
экономикада ондаған жылдардан бері байқалуда, оның түпкі себептері:
Біріншіден, бұрынғы КСРО-ның 20- жылдар аяғынан бастап бұрынғы
нарықтық құрылымдарды жоя бастауы;
Екіншіден, бұрынғы КСРО-ның экономикасында көп жылдар бойы
үйлесімсіздік қалыптасты, яғни бір жағынан, өндірістік құрал
–жабдықтар шығаратын ауыр өнеркәсіп жедел қарқынмен дамыса, екінші
жағынан, тұтыну құралдарын өндіретін салалар қарқынсыз жәй дамыды.
Ол салалар - ауыл шаруашылығы, тамақ, жеңіл және басқа өнеркәсіп
салалары. Статистика мәліметтері бойынша, барлық өнеркәсіп
өндірісінде А тобындағы салалардың үлесі 1928 ж.-39,5% 1940 ж.- 61%,
1960 ж.-72,5% болды;
Үшіншіден, бұрынғы КСРО-ның ұлттық табысының жартысына жуығы
жинақтау қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өркендеген мемлекеттерде
ол -15-25 процент болды;
Төртіншіден, бұрынғы КСРО –да ұлттық жиынтық өнімнің (ҰЖӨ-нің)
25-30 проценті ғана тұтыну қорын құраса, өркендеген елдерде ол
көрсеткіш 60-65 процент болды. Жалақы да өте төмен, яғни ол
ұлттық табыстың 13 бөлігін құрады, ал өркендеген капиталисік
елдерде ол 23 бөлігі болды.
Сөйтіп, біздің елде (бұрынғы КСРО-ның бір республикасы
болғандықтан) инфляцияны тудыратын себептер көп жылдар бойы
қалыптасты. Бірақ жоспарлы-әкімшілік экономика жағдайында ол
басылыңқы сипатта өрбіді. Шындығында да директивалы баға белгілеу
халықтың күнделікті қажет заттарының бағасын тұрақты қалыпта ұстауға
мүмкіндік берді. Көптеген тауарлар бағасын өндірістегі, сұраныс пен
ұсыныстағы өзгерістерді есептемей тұрақты қалыпта немесе төмен
деңгейде ұстап тұру кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет
бағасының олардың құнымен салыстырғанда әлдеқайда көп ауытқуына
(депорация) әкеп соқтырды. Мемлекет жүйелі түрде көтерме, сатып алу
бағаларын қайта қарап, ал бөлшек саудадағы бағасын өзгеріссіз
төмен қалыпта қалдырды. Бұл бағалар еңбектің қажетті қоғамдық
шығындары мен өнімнің сапасын, олардың тұтыну қасиетін, оларға
сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсеткен жоқ, ол әлемдік
деңгейден біраз ауытқыды.
Сөйтіп тауардың көтерме, сатып алу бағасы мен бөлшек
саудадағы бағалары арасындағы үйлесімсіздік жылдан-жылға тереңдей
түсті. Оған мемлеккеттік бюджеттен дотация (жәрдем қаржы) беріліп
отырылды. Бұл тауар өндірушілердің көтерме және дара бағаларды
көтере белгілеуге деген ұмтылысын күшейтіп, соның әсерінен кейбір
тауарлардың тапшылығына және кейбіреулерінің сауда орындары мен
өнеркәсіпте жиналып қалуына әкеп соқтырды.
Өндірушілердің өнімнің сапасын жақсартып, оның өз құнын
төмендетуге ынтасы болмады. Нәтижесінде жылма – жыл сауда орындарында
тауарлар кем бағамен (уценка) сатылып, немесе шығынға жазылып
(списание) отырды (жылма – жыл 1,5-2 млрд сом). Осының бәрі
“жабық” (скрытая) инфляцияның айғақ белгілері.
Қазақстанда 1992 ж. бастап нарықтық өзгерістер аясында
жүргізілген баға белгілеуді босату шаралары бағаның кенет
көтерілуіне, сонымен бірге инфляцияның қарқындап өсуіне әсер етті.
1993 ж. айналымдағы ақша массасы 6,3есе, ал баға 21,7 есе өсті;
1994 ж. ақша массасы мен инфляция қарқыны әрқайсысы 845 және 125
процентке өсті; осы көрсеткіштер 1995 ж. 216 және 160 процент
болды. Ал 1996 ж. ақша массасының өсу қарқыны одан әрі баяулап,
инфляцияның біртіндеп төмендеуін байқатты. Жалпы экономикадағы
инфляция деңгейін тұтыну бағасының индексі (ТБИ) көрсетеді. Ол үй
шаруашылығының тұтыну қоржының үлес салмағын есептеу негізінде
бірсыпыра тауарлар мен көрсетілген қызмет бағасының өсу индексінің
қорытындысымен есептелінеді. Қазақстанда ТБИ 1991 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның негізгі себептері
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты
Инфляцияның негізгі себертері мен ақша айналысының ерекшеліктерін бағалау
Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу
Инфляцияның экономикадағы ролі мен мәні
Инфляцияның әлеуметтің экономикалық зардаптары
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясат
Сұраныс инфлияциясының өсуі
Қазіргі экономикалық теориядағы инфляция мәселесі
Пәндер