Технологиялық карта туралы ақпарат



1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5
Технологиялық карта.
2.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.15
2.1. Түрік Посольствосы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.3. Кинотеатрлар түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.10 2.2. Жоғарғы Оқу Орындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.14
2.4. Ескі алаң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.15
2.5. Мәжіліс үйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.15
2.6. Балалар Әлемі дүкені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Қосымша мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18.21
Мен бүгін осы экскурсияның экскурсоводы боламын. Менің аты-жөнім Тастанова Жанар. Мен үшінші категориялы экскурсоводпын. Автобус жүргізушісі – Нурбаев Самат Елтаевич. Біздің Турфирманың аты – “Алматы”. Бүгін біз сіздерге Төле би көшесімен автобустық экскурсияны ұйымдастырамыз. Экскурсияның мақсаты – танымдық.
Экскурсиямызды бастамас бұрын сіздерді қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтейін. Ең біріншіден, автобус жүріп келе жатқанда, автобустың ішінде жүруге болмайды, салонда темекі шегуге, шемішке шағуға, алкогольді сусындарды ішуге, салонның ішін шашуға тиым салынады. Терезеден бастарыңыз бен қолдарыңызды щығаруға рұқсат етілмейді. Сұрақтарыңызды экскурсиялық объектілерді өтіп болған соң бірақ қоюларыңызды сұраймын.
Экскурсиямызды бастамас бұрын, Төле бидің өмірбаяны туралы айтып өтсем. Төле би көшесі (ескі есімі Гимназическая және Комсомольская) ұлы жүздің биі – Төлеге арналып аталған.
18 ғасырдағы ұлы тұлғаның бірі – Үйсін Төле би. Ол Әз Тәукенің тұсында «Жеті жарғы» атты жобасын жасаған қоғам қайраткері, ел ағасы. Төле Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жарылқамыстан Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би («Тоғыз ұлды Құдайберді» деп те аталады). Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектен Төле би туады.
1. Алматы; Энциклопедиялық анықтама.
Алматы, 1983ж.
2. Қазақстан, Энциклопедия.
Алматы, 2000ж.
3. Қазақстан, Фото альбом.
Алматы баспасы, 1998ж.
4. Интернет көздері: www.Google.kz.
5. Қазақ хандығы.
Атамұра,1993ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3-5
Технологиялық карта.
2.Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .5-15
2.1. Түрік
Посольствосы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 6
2.3. Кинотеатрлар
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-
10 2.2. Жоғарғы Оқу
Орындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7- 14
2.4. Ескі
алаң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 14-15
2.5. Мәжіліс
үйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...14-15
2.6. Балалар Әлемі
дүкені ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4-15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .16
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..17
Қосымша
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.18-21

Кіріспе.
Сәлеметсіздер ме, экскурсанттар!
Мен бүгін осы экскурсияның экскурсоводы боламын. Менің аты-жөнім
Тастанова Жанар. Мен үшінші категориялы экскурсоводпын. Автобус жүргізушісі
– Нурбаев Самат Елтаевич. Біздің Турфирманың аты – “Алматы”. Бүгін біз
сіздерге Төле би көшесімен автобустық экскурсияны ұйымдастырамыз.
Экскурсияның мақсаты – танымдық.
Экскурсиямызды бастамас бұрын сіздерді қауіпсіздік ережелерімен
таныстырып өтейін. Ең біріншіден, автобус жүріп келе жатқанда, автобустың
ішінде жүруге болмайды, салонда темекі шегуге, шемішке шағуға, алкогольді
сусындарды ішуге, салонның ішін шашуға тиым салынады. Терезеден бастарыңыз
бен қолдарыңызды щығаруға рұқсат етілмейді. Сұрақтарыңызды экскурсиялық
объектілерді өтіп болған соң бірақ қоюларыңызды сұраймын.
Экскурсиямызды бастамас бұрын, Төле бидің өмірбаяны туралы айтып
өтсем. Төле би көшесі (ескі есімі Гимназическая және Комсомольская) ұлы
жүздің биі – Төлеге арналып аталған.
18 ғасырдағы ұлы тұлғаның бірі – Үйсін Төле би. Ол Әз Тәукенің
тұсында Жеті жарғы атты жобасын жасаған қоғам қайраткері, ел ағасы. Төле
Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге
келген. Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жарылқамыстан
Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би (Тоғыз ұлды Құдайберді деп
те аталады). Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан
ескіше оқып, сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз, хисса-
хикаяларды көп оқиды. Бір жағынан қазақтың аңыз-әңгіме, өлең-жырларын,
шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, әсіресе, өзінің бабалары Жанту,
Жарылқамыс билердің кесімді,тапқыр,өнегелі нақыл, шешен сөздерін ойында
сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмар шешен би болған кісі.
Төле бала Әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел
билігіне арласып, өзінің ақыл, парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік
өнерімен көзге түседі.
Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп,
батасын алады. Төле бала Әнет балаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет
баба ынтымақ, ел бірлігі жөніде әңгіме айтып отырады. Қалай еткенде бірлік
болады, оның күші қандай болмақ дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі
жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.
- Балам, мынаны сындырып көрші?
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? – Төле би ортасынан буылған
шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді.
Әнет баба:
- Бұдан не түсіндің, балам? – дейді.
Сонда Төле:
- Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі : ынтымағы, бірлігі мықты
елді жау да, дау да ала алмайды. Саяқ жүрген таяқ жейді. демекші,
бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай жеңе алады дегеніңіз
ғой.
- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз
бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. Бақ қайда барасың, ынтымаққа
барамын дегеннің мәнісі осы,-депті.
Төле би орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі
Әйтеке Бәйкенұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәукенің басты кеңесшісі болды.
Төле бидің басшылық, шешендік дарыны Қазақ хандығы жойқын қолмен шабуылға
шығып, қазақ халқын қырғаны, қалғанын Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға
ұшыратқан кезде айқын көрінді. Ол сол кездегі қазақтың белгілі батырлары –
Қабанбай, Бөгенбай, Ханкелді, Өтеген, Жәнібек батырлармен бірыңғай халық
майданын құрып, азаттық күресін басқарады. Қазақ жерін басқыншылардан азат
етуге басшылық етеді. Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар мен
ертегі-әңгімелер сақталған. Оның атымен байланысты толып жатқан нақыл,
мәтел сөздер, билік-келісімдер халық арасында кең тараған. Төле би өзі
билік еткен Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік қолданатын
ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле бидің Басшылығымен (18
ғасырда салынған) ескі Ташкент қаласындағы Төле би (Қарлығаш) мавзолейі осы
күнге дейін сақталған. Төле бидің есімі тек Ұлы жүзге ғана емес, сондай-ақ
Орта жүз бен Кіші жүздегі ең ірі тарихи оқиғалармен де байланысты. Сол үшін
де Орта жүз бен Кіші жүз қазақтары арасында да ол жөнінде аңыз-әнгіме, өлең
жырлар көп сақталған. Демек, ол тек Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе биі болып
қоймай, бүкіл қазақ елінің саяси, мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген
адам.
Төле би Әлібекұлы туралы тарихи құжаттар осындай аз ғана дерек
қалдырса, қазақ ауыз әдебиетінде ол жөнінде ертегі, аңыз-әңгімелер,
шешендік сөздер өте мол. Олардың көпшілігінде Төле ақылды, әділ, шешен әрі
халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында, Төле би өз
заманының ақылды, білімді, парасатты адамы болған. Аңыздардың айтуынша,
Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған.
Әулие-ата маңында туғанымен көбінесе Ташкент төңірегінде, Жиделі-
Байсын жерінде, Сыр өзені бойында көшіп-қонып жүрген. Көп тұрған жері –
Шыназ (ескі Ташкент), сол жерде қайтыс болған. Сүйегі Ташкенттегі Шайхан-
тәңірде, мешіт түбінде жерленген.
Төле би Әлібекұлы – Ұлы жүзді басқарған, қазақ хандығын
мемлекеттік деңгейде нығайтысып, заңын жасасқан белгілі қоғам қайраткері,
1723-1730 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық
күресін бастаушылардың бірі. Қазақ елінің бауырлас, көршілес елдермен
татулығын жақтаған, елімізде халықтар достығын қалыптастыруға өзіндік үлес
қосқан көреген мәмлегер. Сондай-ақ, ол артында аталы сөз,үлгілі өнеге-өсиет
қалдырған, өзінің даналық, тапқырлық әділ биліктерімен, шебер, көркем
сөздерімен халық әдебиетін дамытқан, байытқан дарынды шешен, кемеңгер
ойшыл.
Ал енді экскурсиямызды Төле би – Пушкина көшесінен бастаймыз.
Бірінші көретін ғимаратымыз – бұл Түрік Посольствосы – Гимназия
директорының үйі.

Түрік Посольствосы – Гимназия директорының үйі.
Реквизицияға дейін (1918 ж.) үй Ресей халқының министерствосына жатқан. Көп
жылдар бойы пәтер (үй) Гимназия директорының үйі болған. Бұл үй Гимназиялық
қалашықтың бір бөлігі ретінде болған. Сол себептен қазіргі Төле би
көшесінің тарихи атауы аталған. Алматыда ұйымдастырушылық шаралар өткеннен
кейін, Қазақ Педогогикалық Институтының және басқа да Университеттің,
көптеген атақты Республиканың ғалымдары, прфессорлары және мұғалімдері
тұрған. Солардың ішінде Санжар Асфендияров (ҚазПИ және АГМИ-дің ректоры,
Қазақстан тарихы кітабының және оқулығының авторы) болды. Ол туралы үйдің
маңындағы фасадтағы тақтайша айтады. С.Д.Асфендияров 1937 жылы
репрессияланған.
Қазір бұл үйде түрік халұының адамдары жұмыс істеп тұрады.
Репрессиядан кейін бұл үй “Түрік Посольствосы” немесе “Гимназия
директорының үйі” деп аталған және қазіргі кезге дейін солай аталады.
Келесі көретін экскурсиялық объект – Қонаев көшесіндегі Алатау
кинотеатры.
“Алатау” кинотеатры” 20 ғасырдың басында “Алма-Ата” деп аталған.
“Алатау” кинотеатры – “Otau Cinema” кинотеатрлар жүйесіне кіреді.
10 жылдық тұрыстан (жұмыс істемеушіліктен) кейін кинотеатр 2000-
жылдың 23 шілдесінде кино өнерін жақсы көрушілерге өз есігін айқара ашты.
Кинозал Strong Simplex Millenium 2000 проекторымен 592 орынға
арналған. Дыбыстық фильмдер MonoDolby-ADolby-SRDolby DigitalSurround EX
SDDS (Sony) форматтарымен жүзеге асырылады. Ол 8 каналды сандық дыбысты
қамтиды. Акустикалық жүйелкрдің жалпы қуаттылығы – 1400 Ватт. Жабдықтар 1-
ші категориялы фильмдерге премьералық кинозалдарға арналған.
Көрермендер үшін қосымша комфортты, жұмсақ және ыңғайлы креслолар,
жарықтық зал, жұлдызды аспан эффектісі, кинотеатр фойесіндегі бар және ойын
автоматтарының залы ұсынылады.
Бүгін бұл “Otau Cinema” кинотеатрлар жүйесіндегі озық кинотеатр.
Экранның диагоналі – 17,5 метр (16,7*6,9).
2000ж. “Жыл таңдауы” акциясында кинотеатр Қазақстандағы ең үздік
кинотеатр жүлдесіне иеленді.
Бұл жерде көптеген үлкен кинопремьералар мен пресс-конференциялар
өткізіледі. Ресей және Шетел фильмдерін атақты “Каро Премьер”, “Гелини”
және т.б. прокат-компаниялары өз қызметтерін ұсынады.
Ал енді сіздердің назарларыңызға – Қазақ Британдық Техникалық
Университет. Осы университет туралы сіздерге толық мәлімет беруге
тырысамын.
Қазақ Британдық Техникалық Университет – бұл халықаралық білім
стандарттарына сәйкес келетін, мұнай-газ мамандарын дайындайтын Қазақстан
Республикасындағы алғашқы Жоғарғы Оқу Орны.
Университетті құру Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
идеясы.
Университет Қ.Р. № 1027 2001-жылдың 3-тамызынан бастап, Қазақстан
Республикасы және Британ кеңесінің Білім мен Ғылым министрлігінің қаулысына
негізделіп құрылған.
ҚБТУ-дың патроны – Тони Блэр.
ҚБТУ-дың ең басты мақсаты – мемлекеттің мұнай-газ саласында
жоғарғы квалификациялық кадрларын дайындау. ҚБТУ көп сатылы жоғарғы білім
жүйесінен (бакалавриат, магистратура, аспирантура) құрылған. Бұл жүйе
Еуропа және АҚШ мемлекеттерінде қолдау тапқан. Бакалавриат – бұл жоғарғы
білім алудың алғашқы сатысы. Бүгінгі күні бакалавриат бағдарламасы бойынша
келесі мамандықтар жүргізіледі:
Энергетика және мұнай-газ индустриясының факультеті.
1. Информациондық жүйе факультеті.
2. Экономика-қаржы факультеті.
ҚБТУ-да магистратураның екі түрі бар: ұлттық және халықаралық.
Бірінші түріне (ұлттық) – оқу жүйесі Қазақстандық стандартқа сәйкес
оқытылады. Халықаралық магистратура – ағылшын тілінде оқытылады. Мұнда
сіз Британ Университет-партнерларының (The Robert Cordon University, The
University of Aberdeen, Heriot-Watt University, The University of
Westminster) дипломын алып шығасыз. Халықаралық магистратура модельдері
Британ Университетінің қолдауымен ҚБТУ-ға арналып жазылған.
ҚБТУ қазіргі заманға сай материалды-білім базасымен қамтылған.
Химия мен физика, электроника мен микроэлектроника, стандартизация мен
қолданбалы механика, экономика мен бизнес лабораториялары, сызу және
геометрия, геоақпараттық жүйе мен картография, компьютерлік және
лингофондық кабинеттері бар.
ҚБТУ – бұл элиталық Жоғарғы Оқу Орны.
Келесі тағы бір көретін кинотеатр – ол “Silk Way City”
кинотеатры. Бұл кинотеатр Төле би көшесі мен Наурызбай көшелерінің
қиылысында орналасқан.
“Silk Way City” кинотеатры 5 - ұлтық “Кино Экспо” премиясына
және “Бүгін Кинобизнес” журналындағы ТМД-ның ең жақсы кинотеатры
категориясына 68-халықаралық көрмесінде тағайындалған. Бұл көрме 5-8
қыркүйекте 2006 ж. Санк-Петербург қаласында өтті.
“Silk Way City” Қазақстандағы 4 залды кинотеатр-мультиплексті
ұсынады. “Silk Way City Construction” кинотеатры “Silk Way City”
гипермаркетінде орналасқан.
Көрермендерің қызметіне мынадай залдар ұсынылады:
- Қызыл-көк зал (94 орын);
- Сұр зал (80 орын);
- Жасыл зал (70 орын).
Кинозалдар Strong Simplex Millenium 35 кино жабдықтарымен
жабдықталған. Дыбыстық жабдықтар CP-650 процессордан, акустикалық Crown C
жүйесінен, JBL Professional дыбыстық форматынан құралған. Залдар экофон
маркалы материалдық-акустика стерео-дыбысымен жабдықталған. Ол стерео-
дыбыстың дауысын жақсартуға арналған. Кинопроекторларда 1 квт ДКСэл – 100
ксено жаңа лампалар орналастырылған. Олар 4000 Лм. жарықты қамтиды. Бұл
бейнелерді көрсету кезінде комфортты жарықты қамтамсыз етеді. Кадрдың
кашеттық 1:8 және кең экранды 2:35*2 форматтары бар. Кинотеатрдың
репертуарында Голливуд блокбасторларынан Арт Хаустың элиталық Еуропа
киноларына дейін бар. Кинобар поп-корнның түрлі ассортименттерін ұсынады.
Сонымен қатар ғимараттың бір залында Фаст-фуд, Интернет кафе, Супермаркет
және Фирмалық дүкен қызмет атқарады.
Соңғы көретін кинотеатрларыңыз – бұл “Star Cinema”
компаниясының жобасымен құрылған – “Star Cinema” кинотеатры.
Кинотеатр Төле би көшесі мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында
жайғасқан.
“Star Cinema” компаниясы Алматыда бірінші 4 залды мультиплекс
кинотеатрды ашты. Біз үшін бұл кинотеатр республикадағы 25 экранды
қосатын, құрайтын бірінші қазіргі заманға сай мультиплексті кинотеатр
болып табылады.
Жаңа 4 залды (2 залы 171, ал бір залы 263 және тағы бір залы 93
орынға) мультиплекс барлық халықарлық стандарттарға сәйкес болып
құрылған. Бұл кинотеатр – жоғарғы категориялы кинотеатр құрамына кіреді.
Архитектуралық прект, жоспарлама, құрылыс, басқару және шығару
“Star Cinema” компаниясымен орындалған. Бұл кинотеатрда сіз барлық бос
уақытыңызды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық жағдайы
Геоақпарат ғылымының ТМД мен Қазақстанда даму тарихы мен деңгейі
ГАЖ бағдарламасы
Педагогикалық технологияны талдау сызбасы
Ашық жүйелер концепциясының ГАЖ инструментальдық пакеттерінде қолданылуы
Тапсырысты жіберу нысаны
Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы
Ақпараттық технологияның артықшылықтары
Геоақпараттық жүйелердің қолданылуы
Жалпы географиялық карталар
Пәндер