Жаза жүйесі



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән.жайлар
3. Жаза жүйесінің түрлері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қылмыстық жаза мемлекеттiк күштеу шараларының брi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кнiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда көрсетiлгне жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс iстеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттiң атқаратын функцияларының бiрi ретiнде қарастырылады. Әсiресе ауыр, өте ауыр қылмыс iс-тегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Мемлекееттiк күштеу шаралары сан алуан. Оларға бөлек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкiмшiлiк, тәртiптiк шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шараларының жеке бiр түрi бола отырып, өз ерекшелiктерiммен оқшауланады.
Бiрiншiден, қылмыстық жаза-мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде қылмыстық заңмен ғана белгiленедi. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшiн мiндеттi тiзбектерi мен оны қолданудың тәртiбi тұжырымдалған. Сот қылмысқа кiнәлi адамға қылмыстық заңда көрсетiлген шараның шеңберiнде оның шегiнен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетiлгеннен гөрi неғұрлым жеңiлiрек жаза тағайындауға құқылы.
Мемлекеттiң күштеу шарасы ретiндегi қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмысмтық кодекстің 38-бабында «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты-әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.
Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Конститудиясы (өзгертулер мен толықтырулар қоса) 30 тамыз, 1995 жыл
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (өзгертулер мен толықтырулар қоса). 16 шілде, 1997 жыл.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі. 13 желтоқсан, 1997 жыл.
4. Қазақстан Респулиқасының Қылмыстық Атқару Кодексі. 13 желтоқсан, 1997 жыл.
5. Қ Р Жоғарғы Сотының пленуымының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтауы туралы» 30 сөуір, 1999 жыл.
6. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы 2001.
7. Кайыржанов Е.И. Угаловное право. Р. К. Общая часть. Алматы, 1997.
8. ҚР ҚК түсініктеме. Алматы, 2001.
9. Алауханов Е.О. Рахметов С.Н. Жаза практикалық оқу құралы. Алматы: Өркениет 1999 ж.
10. Уголовное право РК. Общая часть, Жеті жарғы, Алматы.-1998.
11. Уголовно-исполнительное право Р.К. Алматы, 1997.
12. Рахметов С.Н. Кулмуханбетова Б.А. Нурумбетов А.А. Наказание. Алматы, 1998.
13. Чукмайтов Д.С. Применение уголовное наказания в делах предупреждения редедивных преступлений. Алматы, 1997.
14. Ағыбаева А.М. Нәріпбаев М.С. Баймурзин Г.И. Русско-казахский терминологический словарь по уголовному праву. Алматы., 1994.
15. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы «Жеті жарғы» 2001ж.-212 б.
16. А.В.Наумов. Уголовное право. Общая часть. Курс лекций. М., Изд-во БЕК, 1996г.-15 с.
17. Таганцев Н.С. Русское уголовное право. Лекции. Часть общая. Т.1. М., 1994г.-190 с.
18. Курс уголовного права. Общая часть. т.2. Учение о наказании. М., Изд-во ЗЕРЦАЛО, 1999г.-79 с.
19. Соломон П. Советская юстиция при Сталине. М., 1998г.-28с.
20. Уголовное право. Общая часть. Под ред. И.Я.Козаченко. М., ИНФРА-НОРМА, 1998г.-311 с.
21. Шаргородский М.Д. Наказание, его цели и эффективность. Ленинград, 1973г.-16 с.
22. Курс советского уголовного права. Наказание. М., 1970г. т.3.-30 с.
23. Соловьев А.Д. Вопросы применения наказания по советскому уголовному праву. М.., 1958г.-104 с.
24. Алауханов Е.,Рахметов С. “ Жаза” практикалық оқу құралы Өркениет , 1999 ж.-92 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
3. Жаза жүйесінің түрлері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кiрiспе

Қылмыстық жаза мемлекеттiк күштеу шараларының брi болып табылады және
ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде
қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi
ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн
кнiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл
бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес
қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл
құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық,
ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-
сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара
мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда көрсетiлгне жағдайда
ғана жүзеге асырылады. Қылмыс iстеген адамдарға мұндай шараны қолдану
мемлекеттiң атқаратын функцияларының бiрi ретiнде қарастырылады. Әсiресе
ауыр, өте ауыр қылмыс iс-тегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық
күштеу шараларын қолдану мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Мемлекееттiк
күштеу шаралары сан алуан. Оларға бөлек қылмыстық құқықтық шаралар ғана
емес, азаматтық, әкiмшiлiк, тәртiптiк шаралар да жатады. Қылмыстық шара
мемлекеттiк күштеу шараларының жеке бiр түрi бола отырып, өз
ерекшелiктерiммен оқшауланады.
Бiрiншiден, қылмыстық жаза-мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде
қылмыстық заңмен ғана белгiленедi. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшiн
мiндеттi тiзбектерi мен оны қолданудың тәртiбi тұжырымдалған. Сот қылмысқа
кiнәлi адамға қылмыстық заңда көрсетiлген шараның шеңберiнде оның шегiнен
шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетiлгеннен
гөрi неғұрлым жеңiлiрек жаза тағайындауға құқылы.
Мемлекеттiң күштеу шарасы ретiндегi қылмыстық жазаны мемлекет атынан
тек қана сот тағайындайды. Қылмысмтық кодекстің 38-бабында жаза дегеніміз
соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы делінген.
Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары
мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің38-бабының 2-бөлігінде
жазаның мақсаты-әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған
адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа
қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.
Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза
тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс
істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.
1. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ

Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік
принципін негігі басшылыққа алады. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі
кінәсі анықталғанжағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық
қаралған заңнын тиісті баптарында көрсеттілген шектен шықпай тағайындайды.
Мұндай ретте,сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке
тұлғасы жан-жақтыеске алынады. Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза
ғана әділ әрі заңға сай деп танылады.
Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері
көрсетілген. Онда былай делінген:
52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.
1. Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстің Ерекше
бөлімінің тиісті бабында белгіленген шектежәне осы Кодекстің Жалпы
бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады.
2. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын
алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған
қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді
қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым
қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше
бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстің
58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалуы
мүмкін. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті
баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменірек жаза тағайындау үшін негіз осы
Кодекстің 55-бабында белгіленеді.
3. Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілігк
дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі
және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және
ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның
түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік
жағдайының ықпал ескеріледі.
Қылмыстық заңнын осы бабында көрсеттілген талаптарды бірнеше топқа
бөлуге болады. Оның біріншісі, әділ жаза тағайындалуы бодып табылады.
Әділеттілік принципі Қылмыстық кодекстің 3-бабында арнайы көрсетілген. Осы
бапқа сәйкес адамның қылмыс қүрамының белгілері бар іс-әрекеті ғана
қылмыстық жауаптылықтың негізі болады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайтадан
қылмыстық жауапқа тартуға болмайды делінген. Жазаның әділеттілігі істелген
қылмыстың ауырлығына, оны істеу жағдайларына және кінәлінің жеке басының
кім екендігіне сай келуі қажет.Тағайындалған жаза қылмыскердің іс-әрекеті
нің заңдылық зардабы, нәтижесі болуы керек. Жазаның шегі оның іс-әрекетінің
шегіне сайма-сай дәл келуі керек. Осыған байланысты тым жеңіл немесе тым
ауыр жаза тағайындалуға жол бермеуі керек. Тағайындалған жаза істелген
қылмысына пара-пар келетін әділ болғанда ғана ол өз мақсатына жетері анық.
Жаза тағайындаудың қағидалары деп қылмыстық шара қолданудың негіздері, жай-
жапсары және тәртібін белгілейтің, қылмыстық және қылмыстық- процесстік
құқық шамаларында бекітілген ережелер айтылатың[1]. Бұл ережелердің бір
нешеуі жаза тағайындау үшін жалпы қағйдалық маңызға ие болды да (ең
алдымен, қылмыстық әрекет үшін жазалаушылық қағидасы және жазаны даралау
қағидасы), осыған орай жаза тағайындаудың жалпы қағидалары деп дәлме-дәл
аталады[2]. 1958 жылы қылмыстық заңдардың негіздерін қабылдағаннан кейін
қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде жаза тағайындаудыңжалпы негіздері жаза
тағайындаудың қағидаларымен қатар ерекшеленеді[3]. Дегенмен, Г. Л .
Кригердің әділ тұжырымдағанындай, жаза тағайындаудың қағидалары жаза
тағайындаудың жалпы негіздерінде айшықталуына, атап айтқанда 1958 жылғы
Негіздерде олардың жазалауына байланысты, жаза тағайындаудың ұағидалары
туралы мәселені дербес күйде ерекшелеу бір ережелерді жөнсіз қайталауға
әкеліп соғады[4].
Жазаа Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген
шекте тағайындалады. Яғни, сот жаза тағайындағанда кінәлінің істеген
қылмысы үшін жазаның мөлшерін, түрін сол баптың санкциясы көрсеткен шектен
шықпай тағайындауға міндетті. Сондықтан да әділ жаза тағайындаудың алғы
шарты іс-әрекетті дұрыс саралау, яғни істелген іс-әрекеттің белгілерінің
нақты қылмыс қүрамы белгілеріне дәлме-дәл сай болуын анықтау өте қажет.
Қылмысты дұрыс сараламау әділетсіз жаза тағайындауға әкеліп соғады.
Қылмыстық заңның нақты құрамының санкциясында көрсетілген жаза мөлшерінің
ең жоғарғы шегінен шығып, жаза тағайындауға заң ешқандай жол бермейді.
Керісінше, сот жаза тағайындағанда қылмыстық заңның 55-бабында көрсетілген
шарттарды еске ала отырып,кінәліге белгілі бір қылмыс үшін көзделген
жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға құқылы.
Сондай-ақ жаза тағайындағанда Ерекше бөлімнің нақты бабының
санкциясының шегін ескермеумен бірге Кодекстегі Жалпы бөлімнің ережелерін
де басшылыққа алуға міндетті. Яғни, сот адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту
үшін алдымен оеың іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма, жоқ па осы мәселені
анықтайды. Егер қылмыс құрамы бар болса, ол біткен немесе бітпеген қылмыс
па, қылмыскер оны жеке өзі немесе басқалармен бірге істеді ме деген
мәселелерді анықтайды. Бұл сүрақтарға жауап алу үшін ең алдымен Қылмыстық
кодекстің Жалпы бөліміндегі қылмыстың ұғымы, оның сатылары, қылмысқа қатысу
ұғымы, іс-әрекеттің қылмыстылығын жояатын жағдайлар, қылмыстық заңның
уақыттағы, кеңістіктегі, қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы сияқты
мәселелерді анықтау керек. Қылмыстың құрамы бір іс-әрекеттерге жаза
тағайындағанда сот ең алдымен адамды қылмысты жауаптылықтан және жазадан
босатуға негіздер бар ма, жоқ па деген мәселелерді анықтауға міндетті. Егер
сот жасаған қылмысы үшін жаза тағайындау қажет деп тапса, онда ол Қылмыстық
кодекстің Жалпы бөлімінен жаза туралы бөліміндегі негізгі қағидаларды-
жазаның ұғымы мен мақсаты, жазалау түрлері, жаза тағайындаудың жалпы
негіздерін басшылыққа ала отырып біткен немесе бітпеген қылмыстарға,
қайталанған, қатысып жасалған қылмыс үшін, қылмыстардың, үкімдердің
жиынтығы үшін жаза тағайындаудың ерекшеліктерін ескереді. Сондай-ақ
мерзімдердіқосу кезінде оларды белгілеу, жаза мерзімдерін есептеу және
жазаны есепке алу туралы Жалпы бөлімінің ережелері негізгі басшылыққа
алады.
Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі
жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана сол үшін
көзделгендердің арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Бұл жерде
балама санкйияларды қолдану туралы сөз болып отыр. Қылмыстық кодекстің 39-
бабында жазаның түрлерінің тізбегі онша қатаң еместен, қатаң түріне қарай
тізбектеліп берілген. Осыған орай сот жазаның мақсатына жету үшін қажет деп
тапса, санкцияда көрсетілген балама жазалардың қатаң түрін тағайындауға
құқылы. Қылмыстық кодекстің 48-бабының 3-бөлігінде қылмыстардың және
үкімдердің жиынтығы бойынша жазаның қатаң түрін тағайындаудың тәртібі және
оның шегі арнайы көрсетілген.
Сот жаза тағайындағанда істелген қылмыстың сипатын және қоғаға
қауіптілік дәрежесін, айыптының жеке басының кім екендігін, істің
жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларын еске алады. Осы
айтылған факторлардың мазмұнын нақтылап толықтыратын, оларға бағынышты
түсініг болып табылады.
Осы жоғарыда айтылған екі негіз факторға сипаттама берелік. Бірінші,
істелген қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау арқылы жаза
тағайындау. Заң бойынша әрбір әстелген нақты қылмыстың қоғамға қауіптілігі
екі жағынан: сапалық (қоғамға қауіптілік сипаты) және сандық (оның
дәрежесі) белгілері арқылы белгіленеді. Қылмыстың қоғамға қауіптілік
дәрежесі қылмыстың объективтік және субъективтік белгілері арқылы
анықталады. Мүның ішінде объктивтік белгілері (қылмыстың объективті
зардабы, іс-әрекеттің мәні, қылмыстың істелген уақыты, тәсілі, оның
жағдайы) субъктивтік белгілері, кінәнің формасы, қылмыстық ниет немесе
мақсат жан-жақты еске алынады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1993 жылғы 24
маусымдағы Жаза тағайындағанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы
Қаулысының 2-тармағында жасалған қылмыстың қауіптілігінің дәрежесін
анықтағанда, нақты қылмыстық (іс-әрекет, кінәнің түрі, себебі, тәсілі,
жасалған қылмыстық жағдай мен кезеңі, одан болған ауыртпалық, әрбір
сыбайластың қатыстылығының дәрежесі мен сипаты, т. б.) жағдайының барлығы
ескерлуі тиіс, деп жоғарыда айтылған заң талаптарының мазмұны ашып
көрсетілген.
Қылмыстық кодекстің 52-бабының келесі бір маңызды талабы айыптының
жеке басының кім екендігін анықтау болып табылады. Өйткені оны сипаттайтын
мән-жайларды дұрыс анықтаудың жазаны даралаудағы маңызы зор.
Сот нақты жағдайларға байланысты әр уақытта да кінәлінің жеке басын
сипаттайтын әлеуметтік мәні бар барлық жайттарды анықтау қажет. Оның ішінде
кінәлінің қылмыс істегенге дейінгі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, оның
еңбекке, оқуға деген көзқарасы, өмір сүру салты, өзін қоршаған ортаға
қатынасы, оны сипаттайтын оң немесе теріс мән-жайлардың бәрі де ескерілуге
жатады. Бұнын сотталғандарға, ішімдікпен, нашақорлықпен әуестенушілерге,
қоғамдық тәртіпті бұзушыларға, қатыгездікпен немесе сыбайласып қылмыс
жасағандарға шектен тыс жеңіл жаза тағайындауға болмайды. Керісінше,
мемлекет, қоғам, отбасы алдындағы өз міндеттерін адал орындап жүрген,
өндірісте, түрмыста жағымды мінездерімен сипатталатын адамдардың бірінші
рет қылмыс жасауы олар үшін жеңілірек жаза тағайындауға негіз бола алады.
Соттардың сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты объективті
түрде тексеруін оларға тағайындалатын жазаның түрі мен көлемін белгілеу
үшін елеулі маңызы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық құқықтың
адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, сот жаза тағайындағанда
сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбеке қабілеттілігі мен оған
деген көзқарасын, білімін, мүгедектігін, асырауындағы адамдардың санын,
тағы да басқа мәліметтерді жан-жақты еске алады.

2. ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН
ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР

Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға
кауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты жеңілдететін
немесе ауырлататын мән-жайларды аныктауға міндетті. Істелген кылмыстың түрі
мен қоғамға қауіптілігнің дәрежесін, істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын
жәнс оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескере
отырып, жаза тағайындау кезіндс соттар оған жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң
талаптарын бұлжытпай орындауға тиісті. Жаза заңды, негізді және әділ болуы
үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарында көрсетілген жауаптылыкты
жеңілдстетін де, ауырлататын да мән-жайлар толық есспке алынуы керек.
Жауаптылыкты жеңілдстстін нсмесе ауырлататын мән-жайлар қылмыстық
заң арқылы белгіленеді. Қылмыстык заңда (53-бап) жауаптылықты жеңілдететін
мән-жайлардың, үлгі тізбегі ғана берілген, өйтксні жаза тағайындағанда
жауаптылықты жеңілдететін, занда көрсетілген басқа мән-жайларды да соттың
еске алуына болады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың (54-бап)
заңда көрсетілген тізбегі тұжырымды, сот осы заңда көрсетілген мән-
жайлардан басқаларды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануға құқылы
емес.
Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды қылмыс
құрамының қажетті, жетілген мемесе жеңілдетілген белгілерімен шатастыруға
болмайды. Мазмұны немесе атауы жөнінен олар бір-біріне сәйксс болады.
Мысалы, баска біреудің мүлкін қорқытып алушылықта ұйымдасқан топ жасаған
қылмыс осы қылмыстың жетілдірілген құрамының белгісін көрсетеді. Сонымен
бірге ұйымдасқан топ болып қылмыс жасау жауаптылықты ауырлататын мән-
жайларға жатады. Сондықтан да мұндай мән-жай қылмыстың құрамының белгісі
ретінде көрсетілсе, ол тағы да жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде
жаза тағайындағанда есепке алынбайды. Ол туралы Қылмыстық кодекстің 3-
бабында "бір қылмыс үшін ешкімді де кайталап қылмыстық жауапқа тартуға
болмайды" — деп көрсетілген. Қазакстал Рсспубликасы Жоғарғы Соты племумының
1993 жылғы 24 .маусымдағы № 3 Қаулысында "Егер заңда көрсетілген
жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдай кылмыстың бір бслгісі
рстінде Қылмыстық кодекстің айырықша бөліміндегі заңының, диспозициясында
келтірілген болса, онда ол сол қылмысы үшін жаза тағайындаған кезде
жауаптылықты жеңілдететін нсмесе ауырлататын жағдай ретінде қосымша есепке
алынбайды деп көрсетілген. Мысалы, жан күйзелісі үстінде ашумен кісі
өлтіруде жан күйзелу осы қылмыс үшін жаза тағайындағанда жауаптылықты
жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алынбайды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53-бабында қылмыстық
жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып мына төмендегілер
есептелінеді:
а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім
ауырлықтағы қылмыс жасау;
б) айыпкердің кәмелетке толмауы;
в) жүктілік;
г) айыпкердің жас балалары болуы;
д) қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналык және
өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен
моральдык, зияннын орнын өз еркімен толтыру, кылмыспен келтірілген зиянды
жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер;
е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар
тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау:
ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық,
қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті кылмыс жасау;
з) қажетті корғанудың кұкықтық, дұрыстығының шартын бұзу, аса
қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе
өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау;
и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің, заңға
кайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;
к) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, кылмысты ашуға,
қылмысқа басқа катысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде
алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделмеген мән-жайларда жаза қолдану
кезінде жеңілдетуші ретінде ескерілуі мүмкін.
3. Егер жеңілдететін мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті
бабында қылмыс белгісі ретінде көзделген болса, ол өзінен-өзі жаза
тағайындау кезінде кайталап есксріле алмайды.
4. Осы баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармактарында көзделген
жеңілдетуші мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде
жазанын, мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті
бапта көзделген жазаның неғұрлым қатан, түрінің ең жоғары мерзімінің немесе
мөлшерінің төрттен үшінен аспауға тиіс.
Енді осы жеңілдетілетін мән-жайлардын, ішкі мазмұнына тоқталайық;
1. Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет онша ауыр
емес кылмыс істеу. Бұл жерде іс-әрекетті жеңілдететін мән-жайға жатқызу
үшін біріншіден, қылмыс тұңғыш рет істелуі, екіншіден, ол кылмыс онша ауыр
емес қылмыс санатына жатқызылуы, үшіншіден, қылмыс кездейсоқ жағдайға
байланысты істелуі керек. Кездейсок, жағдайда, мысалы, өте өнегелі адамның
кылмыстық топқа ксздейсоқ катысып, қылмыска катысуы. Іс-әрекетті кездейсоқ
жағдайға жатқызу немесе жаткызбау нақты жағдайға байланысты шешіледі.
2. Айыпкердің кәмелетке толмауы, жасы он сегізге толмай қылмыс
істегенде көп жағдайда өмірлік тәжірибенін жеткіліксіздігінен, ересектердің
теріс ықпал етуінен немесе үлкендерге еліктеп я болмаса баскалардан калмау
мақсатымен, өзінің тентектігін көрсету аркылы істеледі. Бұл жерде бұлардын.
ақылойының әлі жетіліп, қалыптаспағаны жастықтың салдарына ұстамдылық
жасамай қылмыс жасайтыны еске алынып, олардың кәмелетке толмай кылмыс
жасауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатады. Республика Жоғарғы
Сотының Пленумы қаулысында барлык соттарға жасы толмағандарға жаза
тағайындағанда олардын қылмысын өте мұкият зерттеп, оларды мүмкіндігінше
қоғамнан оқшауламайтын жаза түрін немесе жазаға жатпайтын тәрбиелік мәні
бар шараларды кеңінен қолдану туралы бірнеше ұсыныстар берген. Жаңа
Қылмыстық кодексте (VI бөлім) кәмелетке толмағандардын. кылмыстық
жауаптылығы жеке берілген.
3. Жүкті әйелдің қылмыс істеуі. Қылмыстық заң адамгершілік принципін
басшылыққа ала отырып, ана мен баланың мүддесін қорғайды. Жүкті әйелдін
істеген қылмысын жауаптылықты жеңіддететін мән-жайларға жаткызу-осының,
айғағы. Жүкті күйдегі әйелде психологиялык, физиологиялык өзгерістер
болады. Осыған байланысты мұндай жағдайда олардың өзін-өзі ұстауы кеміп,
ашуланшак., міншіл, кінәмшіл күйде болады. Көрсетілген жағдайларда жүкті
әйелдер өзін-өзі ұстауы кеміп, кылмыс жасайды. Олардың бұл әрекеті жазаны
жеңілдететін мән-жайға жатады.
4. Айыпкердің жас балалары болуы.
Жас балалар деп жасы он төртке толмағандар саналады. Егер айыпкердің
жасы 14-ке толмаған бір баласының болуының өзі оған жеңілдік көрсетуге
негіз болады. 14-ке толмаған басқа біреудің баласымен бірге тұру қылмыс
істегенге айыпты адамға осы тұрғыдағы жеңілдікті колдануға негіз бола
алмайды.
5. Қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және
өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен
моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, кылмыс пен келтірілген зиянды
жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер.
Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмысты істегеннен кейін өз
еркімен болғызбайды, мысалы, абайсызда адамды қағып кеткен жүргізуші
жәбірленушіні дер кезінде ауруханаға жеткізіп,өлімнен алып қалады, осы
көмектің арқасында қылмыстың зардабының кісінің қазаға ұшырауының
болғызылмай қалуын айтамыз. Келтірілген зиянның есесін өз еркімен толтыру
деп кінәлінің. жәбірленушіге немесе занды ұйымга өз қатесін түсініп, ерікті
түрде келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянның орнын толтыруы. Мысалы,
ұрланған заттың өзін немесе оның құнын төлеуі, жәбірленушіні корлаған
жағдайда одан кешірім сұрауы. Келтірілген зиянды жою дегеніміз кінәлі
адамның өзі істеген қылмыстың зардабын өз күшімен бұрынғы қалпына келтіруі,
мысалы, біреудің мүлкін қиратса, оны дәл бұрынғы қалпына келтіріп жөндеп
беру, жәбірленушіге дене жаракатын түсіргенде оны емдетіп, соған қажетгі
шығынды өтеу сиякты әрекетгер жасау. Егер осы жоғарыда айтылған кылмыстың
зиянды әрекеттері кінәлінің еркінен тыс, тергеу, сот арқылы одан күшпен
өндірілген жағдайда, онда бұлар жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып
есептелмейді.
6. Қылмысты адамның жеке басына, отбасына өзге де ауыр мән-жайлар
тоғысуының салдарынан істеу.
Кейбір кездерде ұстамсыз адамдар үшін осындай жағдайлар қылмыс жасау
үшін жеткілікті болады. Жеке басына, отбасына және баска да себептермен
қылмыс істеу әр түрлі жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. Олар кінәлінің
өзінің, туысының ауыр науқаспен ауыруы, материалдык, жетіспеушілікке,
жүмысындағы, отбасындағы ауыр жағдайға, отбасы мүшелерінің бимо-ральдық
тәртібіне, тұрғын ұйдегі қолайсыз жағдайларға байланысты болуы мүмкін.
Жазаны жеңілдететін мән-жайларға қызметіне, окуына байланысты жәйттар,
жалақысының азаюы, жұмыстан шығарылуы, төмен ақы төлейтін жұмысқа
ауыстырылуы сиякты мәселелері де жатады. Жеке басына, отбасына және басқа
ауыр жағдайлардың кездесуіне байланысты қылмыс жасау — кінәлінің қылмысты
мінез-құлкының пайда болуын тікелей қоздырса немесе себепші болса ғана
жеңілдететін мән-жайларға жатады. Сондыктан да мас болып, ауыр материалдык
жағдайды сылтау етіп, ұрлық жасау жауаптылықты женілдететің мән-жайға
жатпайды. Жеке басына, отбасына немесе баскд да ауыр жағдайлардың
кездесуінен қылмыс істеу кінәлі адамдар үшін кездейсок, олардың тарапынан
зұлымдық ниеттердің жоқтығын көрсеткен жағдайда, әлгіндей жағдайлар олардың
басына тумаса, олардың қылмыс істейтін адамдар емес екендігін танытады.
7. Қылмысты күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан
материалдык, қызметтік, өзге де тәуелділігі себепті болу.
Осы жағдайлардың жауаптылықты жекілдетудің қатарына жатқызылуы
себебі, мұндай жағдайда қылмыс істеген адам еріксіз, басқа біреудің
қорқытуынан, еріксіз көндірудің салдарынан немесе оған материалдық баска да
тәуелді болу себепті өз ойын емес, сонын, ойын іске асырады. Ондай
жағдайларда болған күнде кылмыс істеген адам, бұл қылмысты өз бетінше
істемеген болар еді. Бұл жерде корқыту немесе еріксіз көндіру кінәлі адам
тәуелді болып табылатын басқа адамның тарапынан пайда болады. Яғни, бұл
жерде қылмыс жасаудың бастаушысы болып қорқыту, еріксіз көндіру, баска да
тәуелділікті пайдаланып кінәлі адамды қылмыс істеуге азғырған адам
саналады. Сот қылмыстың мұндай жағдайларда ондай адамның әрекетіне баға
беріп, оның қылмыстық жауаптылығын шешуі қажет. Бұл адамдар нақты
қылмыстарды істеудің азғырушысы ретінде жауапка тартылуы да мүмкін.
Қоркыту, еріксіз көндіру салдарынан немесе материалдық я басқа жағынан
тәуелді болуы себепті, кылмысты мәжбүрлік қажеттілік жағдайында істеген
адам кылмыстық жауаптылықтан босатылады. Басқа жағдайларда, яғии мәжбүрлі
қажеттілік белгілері жоқ болса, онда мұндай әрекеттср жазаны жеңілдететін
мән-жайларға жаткызылады. Бұл жерде қорқыту дегеніміз кінәлінің өзін немесе
оның жақын нақты бір заңсыз әрекетті колданамын деп корқытып, оның еркі мен
санасына тікелей әсер ету арқылы оған белгілі бір іс-әрекетті істету болып
табылады. Материалдық тәуелділік деп, өзін кылмысқа азғырған адамға
кінәлінің қарыз болуы, соның асырауында болуы немесе өмір сүруі матсриалдық
жағынан соғаң тікелей тәуелді болуы, баска да материалдық, заттай жағынан
оған кіріптар болуы айтылады.
Баска жағынан тәуелді болу деп қызмет жөнінен, некелік, отбасылык,
туыстык жағынан болатын тәуелділіктер айтылады.
8. Қажетті қорғанудың дұрыстығының. шартын бұзу (аса мәжбүрлі)
қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, орынды тәуекел, бұйрықты немесе
өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау.
Қылмысты кажетті қорғану шебінен асса да, коғамға кауіпті қиянаттан
қорғану үстінде істеу. Мұндай жағдайда қылмыс істеу жауаптылықты жоймайды,
бірақ жеңілдететін жағдайға жатады. Себебі кінәлі қоғамға, жеке адамға,
тағы да басқа заң қорғайтын мүддеге қылмыстық қол сұғушылык болмаса, мұндай
қылмысты істемеген болар еді. Қорғаңу шегінсн асса да, ол аса кауіпті емес
қылмысты қоғамға қауіпті киянаттан қорғану үстінде істейді. Қорғану шегінен
асқанға дейін оның мұндай әрекеті қоғамға пайдалы әрекет болып танылады.
Қылмыстык, кодекстің 99, 109-баптарында көрсетілгең қажетті қорғану шегінен
шығып, кісі өлтіру және денегс ауыр жарақат салу, осы қылмыстардың аса
кауіпті емес тұрін сипаттайды.
Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты мәжбурлік
кажеттіліктен, кылмысты істеген адамды ұстаудан, орынды тәуекелдің заңдылық
шарттарын бұзу жағдайында істеу жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатады
деп тұңғыш рет көрсетілген. Қылмыс мәжбүрлі кажетгіліктің шарттарын
сақгамау арқылы істелсе, онда оны істеген адамнын әрекеті жауаптылыкты
жеңілдететін мән-жайға жатуы мүмкін. Мысалы, аса кажеттілік жағдайында
істелген іс-әрекеттің нәти-жесінде келтірілген зиян тойтарылған зияннан көп
болса, сондай-ак кінәлі адамның төнген қауіпті шығын жұмсау арқылы тойтару
мүмкіндігі бола тұрып, оны пайдаланбауы, т.б. әрекеттер.
Қылмыс істеген адамды ұстау — қоғамға пайдалы кылмысқа қарсы күрес
жүргізудегі кажетті әрекет. Бірақта кылмыс істеген адамды ұстау да
қылмыстын, мәні мен үстау жағдайына сай келмейтін жағдайда оған зиян
келтіру кылмыс болып табылады. Мысалы, ол қарсылық көрсетпесе де, оған ұрып
жарақат салу, істеген кылмысы үшін оны өзінше жазалау тағы басқа әрекеттер.
Мұндай жағдайда кінәлінің істеген іс-әрекеті жауаптылықты жеңілдететін мән-
жайларға жатады. Орынды тәуекелдің заңдылық шарттарың бұзу жағдайында
қылмыс істеу де жауаптылыкты жеңілдететін мән-жайға жатқызылған. Орынды
тәуекелге әр түрлі кәсіптік немесе шаруашылык бағытта жүргізілетін іс-
әрекеттер жатады. Мысалы, медицина саласында адамға әр түрлі операциялар
жасау, дене мүшелерін тігу, кейбір органдарды алып тастау, немесе оны қайта
қондыру адамдардың жанын ауыртумен немесе оларға зиян келтірумен тікелей
байланысты. Мұндай шараларды жүзеге асыру заңға, нормативті актілергс,
нұскдулар мен ережелерге қатаң негізделген. Осы талаптарды қатаң сақтау
дәрігердің қылмыстық жауаптылығын жояды. Медицина ғылымы саласында жаңа
жетістіктерге жету үшін әр түрлі ғылыми эксперименттің жүргізілуі шарт. Осы
кәсіптің ережесіне, талабына сай жүргізілген ғылыми эксперименттің
салдарынан кісі өлімі, мүліктің жойылуы орын алған жағдайда да ол үшін
қылмыстық жауаптылыққа ешкім тартылмайды. Мысалы, адамнын, өмірін сақтап
калу үшін оған бауыр, ми, жүрку сияқты организм органдарын қондыру тәуекелі
заңға немесе норматиівті актілсрмен қалыптасқан тәжірибеге негізделіп сонда
көрсетілген бірнеше шарттарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуы.
Мұндай шарттарға мыналар жатады:
— Проблеманы алдын ала теориялық жағынан терең зертгеу және талқылау;
— жануарларға тәжірибе жасау арқылы нәтижсні анықтау;
— эксперимент жасауға адамнын келісімін алу.
Осы көрсетілген шарттардың біреуін болса да, орындамаса, нәтижесінде ауыр
зардап орын алса, онда кылмыстық жауапкершіліктін болуы сөзсіз. Бірақ зан
мүндай жағдайды жауаптылықты жеңілдстетін мән-жайлардың қатарына жатқызады.
Өндірістік шаруашылық тәуекелі кұқылы болу үшін ол ғылым, тәжірибе
жинақтаған негіздерге, нормативті актілерді басшылыққа ала отырып, сонда
көрсетілгсн барлық шарттарды катаң сақтап жүзеге асырылуы қажет. Бұл
талаптарды орындамау, шаруашылық-өндірістік тәуекелге бел байлаған адамның
ұқыпсыздығынан нсмесе жаңылысуынан басқа да әрекеттерінен немесе
әрекетсіздігінен зиян келтірілсе, ол үшн кылмыстық жауаптылық белгіленеді.
Бірак бұл жауаптылық та жеңілдететін мән-жайлар деп саналады. Қылмыс жасау
үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке
жатпайтын кылығы. Кейде жәбірленушінін, заңға кайшы немесе адамгершілікке
жатпайтын қылығы қылмысты арандатуға әкеліп соғады. Мысалы, жұбайлардың
біреуінің бөгде біреумен көңіл қосуы, жыныстық катынаста болуы. Осы
әрекеттің үстінен тұскен ол өз жұбайын сабап, оның денесіне ауыр зиям
келтіруі. Жәбірленушінің заңсыз әрекеті көп жағдайларда кінәлінің жан
күйзслісін тудырады, осы ссбепті ол ашумен кылмыс істейді.
Жан күйзелу жауалтылықты жеңілдететін мән-жайға жату үшін ол
біріншіден, жәбірленушінің өзінін заңсыз әрекеті салдарынан (күш көрсету,
ктты қорлау немесе басқа заңсыз әрекеттерінен), екіншіден, жан күйзелу,
физиологиялык, аффект жағдайында істеуі керек.
Физиологиялық аффект дегеніміз осы жоғарыда айтылған жағдайларға
байланысты кінәлінің ашу үстінде жағдайды дұрыс бағалау және өзінің мінез-
қүлқына саналы түрде бақылау жасау кабілетінің елеулі кемуі болып табылады.
Бірақ та мұндай жағдайда кінәлі қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды,
ссбебі адам өзінің әрскетін сезуден, өзінің іс-әрекетінс есеп беруден және
оны баскару кабілеті мүмкіндігінен айырылмайды, тек мұндай қасиеттері
елеулі турде ғана кемиді. Сол себепті мұндай жағдайлар кылмыстық
жауаптылықты жоймайтын, бірақ жауаптылықты жеңілдететін мән-жамлар катарына
жатқызылады.
Физиологиялык, аффектіні анықтау үшін психологиялық сарапшылық
тағайындалады. Шын жүрсктен өкіму, айыбын мойындап келуі, кылмысты ашуға,
қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау иәтижесінде
алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдсмдесу.
Шын жүрсктен өкінуге кылмыс істеген адамның ағынан жарылып өзінің
қылмысын мойындауы, өзінің іс-әрскетіне шын жүректен өкініш білдіріп, іс
бойынша өзіне мәлім барлык жағдайларды бүкпсіз айту, қылмысқа бірге
қатысушыларды әшкерлеп, келтірілген зияиды жою әрекеттері жатады.
Егер адам өзінің кінәсін бұлтартпас дәлелдер арқылы мойындауға
мәжбүр болса, онда оның әрекеті шын жүректен өкінуге жатпайды. Кінәсін
мойындап келу дегеніміз кінәлі адамның құқық қорғау немесе құқық колдану
органына немесе ресми адамға өзінің жасаған қылмысы туралы шындыкқа жататын
мәлімдеме жасай келіп, істеген іс-әрекеті үшін тиісті жазаны өтеуге әзір
екенін білдіруін айтамыз.
Шын жүректен өкіну немесе кінәсін мойындап келуі әділ соттылықты
жүзеге асыратын органдарға қылмысты ашуға және жүзеге асырылатын басқа жада
қылмыстардың жасалуына тыйым салуға көмектеседі. Қылмысты ашуға, қылмысқа
басқа катысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған
мүлікті іздестіруге белсеңді жәрдемдесу әр түрлі нысанда көрініс табуы
мүмкін. Мысалы, қылмыс құралын алған жерді көрсету, қылмыска кімдер
қатысты, кайда түрады, олардың әрқайсысының атқарған ролі мен қызметі,
жасырынып жатқан жерлері, ұрланған мүлктің сақталып тұрған орны және т.б.
Кінәлінің мұндай әрекеттері оның жауаптылығын жеңілдетуге негіз болады.
Жауаптылықты жеңілдететін осы жоғарыда айтылған жағдайларды көрсете отырып,
заң сотка бұдан баска да мән-жайларды жауаптылықты жеңілдететін жағдайларды
(ол туралы сот үкімінде негіздей отырып) жатқызуға құқық береді. Қылмыстық
кодекстің 54-бабына сәйкес мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны
ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;
б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;
в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобынын ұйымдасқан
топтың немесе қылмыстық қауымдастықтын (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс
жасау;
г) қылмыс жасағанда айырыкша белсенді роль аткару;
д) айыпкер үшін психикасы бүзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні
алдын ала белгілі адамдарды не қылмыстык, жауаптылық жасына толмаған
адамдарды қылмыс жасауға тарту;
е) ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздык себебі
бойынша, басқа адамдардың занды іс-әрекеті үшін кектенушіліктен, сондай-ақ
басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;
ж) жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты,
сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дөрменсіз адамға не
айыпкерге тәуелді адамға қатысты кылмыс жасау;
з) белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе коғамдық,
борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс
жасау;
и) аса қатыгсздікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ак жәбірленушіні
кинап кылмыс жасау;
к) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеуші
кұрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және
жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де
химиялық-фармокологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп
немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы кауіпті әдіс колданып қылмыс жасау;
д) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын
пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау;
м) алкогольдік, есірткілік немесе уытқылық еліту жагдайында қылмыс
жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға
кұқылы;
н) адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып,
қылмыс жасауы;
о) қылмыскердің, қызмет жағдайын немесе шартқа байланысты өзіне
көрсетілген сенімді пайдаланып, кылмыс жасауы;
п) өкімет өкілінің нысанды киімін немссе құжатын пайдаланып кылмыс
жасау.
2. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жай осы Кодекстің
Ерскше бөлімінің тиісті бабында қылмыс белгісі ретінде корсетілген болса,
ол жауаптылықпен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде кайталап ескерілмеуі
керек.
3. Жаза тағайындау кезінде сот осы баптың бірінші бөлігінде
көрсстілмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды.
Жауаптылықты ауырлататың мән-жайлардың мазмұны
төмендегідей:
1. Қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы. Бұл
қылмыстардың түсінігі Қылмыстык, кодекстің 11-бабында көрсетілген.
2. Қылмыс арқылы ауыр зардаптар кслтіру. Зардап материалдық емес,
моральдық және басқа түрде болуы мүмкін.
Қылмыстың ауыр зардаптарын сот істелген қылмыстың мәніне, істің нақты
жағдайларына, сондай-ақ қылмыстан тікелей туындаған зардапты еске ала
отырып аныктайды. Бұл мәселені шешуде қылмыстың объектісінің маңыздылығы,
келтірілген зиянның мөлшері, орын алған ақау, дене жарақаты, кісі өлімі,
баска да мән-жайлар толық есепке алынады. Ауыр зардап касақана немесе
абайсыздықпен істслетің қылмыстарда бірдсй болатындықтан, ол осы
қылмыстардың барлығы үшін де жауаптылыкты ауырлататын мән-жайлар ретінде
есепке алынады.
Қылмыстық заңның диспозициясында қылмыстын белгісі ретінде
көрсетілген жауаптылыкты ауырлататын жағдайлар жаза тағайындағанда кайтадан
еске алынбайды.
3. Адамдар тобының алдын ала сөз байласып, адамдар тобының ұйымдаскан
топтың немесе қылмыстык, қауымдастықтың. (қылмыстық ұйымның) құрамында
қылмыс жасау. Бұл қылмыстар түсінігі Кодекстің, 27-30-баптарында берілген.
4. Қылмыс жасағанда айрыкша белсенді роль атқару. Адамның қылмысты
жеке өзі істегенде немесе топқа катысып істегенде айрықша белсенді роль
аткаруы мүмкін. Қылмысты табан астында ешбір негізсіз істеуі немесе қылмыс
істеуге үзақ уақыт дайындалуы, т. б. Егер қылмыс топ арқылы істелсе, онда
топкд қатысушылардың әркайсысының айырықша ролі жеке-ежеке ескеруге жатады.
5. Айыпкер үшін психикасы бұзылуының, ауыр түрімен зардап шегетіні
алдың ала белгілі адамды немесе кылмыстык, жауаптылық жасына толмаған
адамдарды қылмыс жасауға тарту. Қылмыс істеген адамның жүйке ауруымен
ауыратын адамды немесе жас баланы пайдаланып қылмыс істеуі оның қоғам үшін
ерекше зиянды екенін көрсетеді. Мұндай әрекетті істеген адам жас балаларды
азғырады, олардың дұрыс қалыптасып адам болуына кесірін тигізеді, ауру
адамды қылмысты әрекетке пайдаланып, өзін жауапкершіліктен тысқары
қалдыруды көздейді. Мұндай жағдайдың кылмысты ауырлататын мән-жайға
жататындығы сол, қылмыстын субъектісі, оның зұлымдык, қылмысты ниетін басқа
адамдардың қолымен — жас баланы немесе психикалық аурумен ауыратын адамды
пайдалану арқылы жүзеге асырады. Қылмыстық кұқық теориясында мүндай
әрекетті біреу аркылы орындаушылық деп атайды. Біреу арқылы орындаушылыққа
қылмыстың субъектісі қылмыс істеуге қылмыстың субъектісі болып танылмайтын
жас баланы немесе ауру адамды пайдаланғанын сезеді және соны тікелей
істейді. Мұндай жағдайларда жас бала немесе ауру адам қылмыс істеудің
кұралы ретінде пайдаланылады. Ал олардың, істеген қылмысынын шын мәніндегі
орындаушысы жас баланы немесе ауру адамды қылмысқа пайдаланған адамның өзі
болады.
6. Ұлттық нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздык, себебі
бойынша, басқа адамдардың занды іс-әрекеті үшін кек-енушілік, сондай-ақ
басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында кылмыс жасау.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында: тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне,
дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген
өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешкандай кемсітуге болмайды,— делінген. Ал,
19-бабында: әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және кай дінге жататынын
өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы,— делінген.
Ұлттық немесе нәсілдік дұшпандықты немесе араздықты қоздыруға, ұлттық
ар-намыс пен қадір-қасиетті кемсітуге, сондай-ақ азаматтардың нәсілдік
немесе ұлттық тегіне карай олардың құкықтарын тікелей немесе жанамалай
шектеуге немесе оларға тікелей немесе жанамалай артықшылықтар белгілеуге
қасақана бағытталған іс-әрекеттерді кылмыстық заң кылмыс құрамына
жатқызады, Бұл жерде басқа қымлыстарды ұлттық немесе дұшпандықтың немесе
араздықтың салдарынан істеу туралы сөз болып отыр. Бұған жататындар: басқа
ұлттар мен нәсілдердің өкілдерін осындай ниетпен корлауға, оларға жала
жабуға, оларды ұрып-соғуға, дене жарақатың салуға, мүліктерін жоюға,
бұзақылық және баска қылмыстарды істеуге бағытталған әрекеттері жатады. Кез
келген қылмысты ұлттық немесе нәсілдік дұшпандықты немесе араздықты коздыру
мақсатымен істеу жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады. Баска
адамдардың заңды әрекеттері үшін кектенушіліктен қылмыс істегені үшін
жазаны күшейтудің себебі сол, бұл жерде қылмыскер басқа адамға заңды
әрекеттер істеуге ксдсргі келтіру, олардың заң қозғайтын кұқысы мен
муддесіне кол сұғып отыр. Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды онайлату
мақсатымен қылмыс жасауда да жазаны күшейтудің себебі сол. Бұл жерде қылмыс
жасаған адам екі бірдей қылмысты катар істеп отыр. Мысалы, өзінің ұрлығын
көрген адамды, қылмысының ізін жасыру мақсатымен сол жерде өлтіріп кету.
Нсмесе кылмысқа кедергі жасаған күзстшіні өлтіріп, банкті тонау, т. б.
әрекеттер.
7. Жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты,
сондай-ақ жас балаға, қорғансыз немссе дәрменсіз адамға не айыпкерге
тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау.
Жас балаға, кәрі немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаның жүйелері және түрлері
Жазаның мақсаттары мынадай
Қылмыстық жазаның ұғымы
Қатаң және ерекше режимдегі түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың жаза өтеу тәртібі
Қылмыстық Кодекс тарауы
Әскери қызмет бойынша шектеу
«Жаза ұғымы және оның мақсаттарының тиімділігі»
Қазақстан Республикасындағы жазаның түсінігі және оның мақсаттары
Жаза қылмыстық құқықта қылмыс сияқты әлеуметтік - құқықтық құбылыс
Қылмыстық құқықтағы бас бостандығынан айыру
Пәндер