Жер сілкінісі туралы


Жоспар

  1. Кіріспе

А) Жер сілкінісіне түсініктеме.

Ә) Жер сілкінісінің түрлері.

2. Негізгі бөлім

А) Жер сілкінісіне себептері.

Ә) Жер сілкінісінің пайда болу ошақтары.

3 . Қортынды бөлім

Жер сілкінісі кезіндегі сақтану, қорғану шаралары.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Жер сілкінісі

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қасқағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі- бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалады. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысыеда адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, адамдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да инжинерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылыды.

Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезіндегі теңіз түбінен қозғалыс нәтижесіндегі теңіздің гравитациялық толқындары цунами пайда болып, құрылысқа үлкен бүлінушілік жасайды.

Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы киломертр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта алты млн. халық тұрады. 27 қала, 400 ден астам елді мекендер бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік патенциалы осы аумаққа шоғырланған.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмо қауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының отыз проценті шоғырланып, тұрғын үй қорының отыз бестен аса проценті орналасқан. Республика халқының қырық проценті тұрады. Жер сілкінісі қауіпті аумақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп орындары, жасанды су қоймалары, жарылыс қаупі бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Инжинерлік желілермен коммуникациялардың сисмикалық бұзылуы аса қауіпті.

Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады.

Жер сілкінісінің жанама шығыны да орасан зор, өндірістік циклдың уақытша тоқтауы, еңбек ресуртарының тартылуы және т. б.

2001жылғы мәліметтер бойынша, Республика аумағында есеп беру мерзімі бойынша Рихтер бағасымен жиелігі 3 бал 7-жер сілкінісі болып өткен. 2000 осы мерзімде бір жер сілкінісі тіркелген.

2002 жылғы мәліметтер бойынша жер бойында республика аумағында Рихтер бағасы бойынша күші 2-3 балға жуық алты жер сілкінісі тіркелген.

2003жылғы есеп бойынша жер бойында республика аумағында Рихтер бағасы бойынша күші 2-3 балға жуық 12жер сілкінісі болған.

ЖЕР СІЛКІНУІНІҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Жер сілкінудің себептері туралы аңыздар дуние жүзі халықтары арасында көп таралған. Оладың ішінде бір- біріне ұқсастықтар да бар. Мәселен, ертеде жер беті сілкінісі жер шарын көтеріп тұрған алып жануардың қозғалысына байланысты деп, жорамалдаған. Үндістер, бұл жануарды кім деп шамаласа, жапондықтар, ол үшінші бір халық- өгіз деп есептеген. Гете «Жер сілкінуі - талдауға болмайтын табиғи құбылыс»-деп тұжырым жасаған.

Жер радиусының 6371 км. Екенін еске алсақ, бұл әрине таяз. Сонымен конвекциялық ағындардың әсерінен қалыңдығы 150-200 км. Жердің жоғарғы қабаты литосфера қозғалысқа келеді. Литосфераның плиталары атмосфера қабатында қалқып тоқтаусыз бағытта жылжуда болады. Бұл процес, яғни үлкен бір материктің бірнеше плиталарға бөлініп, бірінен бірі ажырауы шамамен 200 жыл бұрын басталған.

Ғалымдардың көпшілігі литосфералық плиталардың қозғалысы көлденең бағытты болатынын қолдайды. Солай болған күнде бұл қозғалыстар үш түрлі жағдайда болуы мүмкін,

1. Плиталар қарама қарсы бағытта жылжып, бір бірінен ажыраудың әсерінен рифті белдемдер пайда болады. Әдетте бұл рифті белдемдер техникалық тұрғыдан белсенді алқаптар қатарына кіреді. Егер жер шарының арнаулы қатарына кіреді. Егер көз салсақ, онда жер сілкіну ошақтары мен жанартау орындары осы белдемдерге шоғырланған.

2. Литосфералық плиталар бір-біріне жақындай жылжып соғысқан күнде, бірі екіншісінің жоғарғы бөлігін жұла төмен қарай сүңгіп, су асты белдеулерін құрайды. Бұл белдеулурді зіл зала апатарының нағыз орталығы деп атауға болады. Жер бетіндегі ең үлкен тау жүелері-Гималай, Аьлпі, Карпат, Анды -бұл теория бойынша плиталарының алдыңғы шегі майысып, қатпарларға айналып, немесе олардың бір бірімен соқтығысуы салдарынан пайда болады.

3. Литосфераның плиталары біб бірін бойлай жылжитын жағдайлар болады. Мұндай плиталардың жиектері тегіс болмағандықтан, олардың жылжуы да бір қалыпты. Бұл аймақта белгілі бір мөлшерде энергияның жылып босауына, сөйтіп кезекті әрекет сайын жер асты дүмпуінің болуына әкеп соғады. Жапония, Иран, Туркия, Орта Азия мемлекеттері Перу, Сицилия Греция- бұл мемлекеттер литосфералық плиталардың бұл мемлекеттер литосфералық плиталардың шекарасына жақын орналасқан.

ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ ТҮРЛЕРІ .

Тектоникалық жер сілкінісі-жарылым бойымен блоктар өзара ығысып, талай жылдар аралығында жиналған энергия бір сәтте бөлінеді де, жер беті тербеліске келеді.

Тектоникалық жер сілкіністері өзінің ошақтарының тереңдігіне байланысты, үш түрге бөлінеді.

1. «Қалыпты» жер сілкіну ошағының тереңдігі жер қыртысында орналасқан 50-60 км. тереңдікке .

2. «Аралық фокус» сілкіну ошағының тереңдігі 300 км. астам.

3. «Терең фокусты» жер сілкінуі ошағының тереңдігі 300 км. астам.

ЖАСАНДЫ ЖЕР СІЛКІНІСТЕРІ

Жасанды жер сілкінісінің пайда болуы негізінен төмендегі себептерге байланысты.

1. Ірі су қоймаларын салу.

2. Мұнай және басқа кен орындарын пайдалану.

3. Сұйық қалдықтарды ұнғымаларға жоғары қысыммен құю.

4. Жер асты ядролық жарылыстары.

5. Тау -кен жұмыстары және т. б,

Бұл құбылысты зерттеуші ғалымдардың пікірінше мұндай «жасанды» сілкіністер табиғи тектоникалық сілкіністердің бір түрі. Олар адамзаттың белсенді істері салдарынан шағын үлескілер аумағында жер қойнауының тектоникалық тепе -теңдігі бұзылу салдарынан п. б.

Қазақстанда тау-кен өндірісі зор дамыған ел, бұл аймақта жер асты соққыларда кездесіп тұрады. Оларды жан -жақты зерттеп, өндіріс орнына арнаулы нұсқаулар беру- ғалымдардың алдында үлкен міндет. Сонымен жасанды сілкіністер туралы мағлұматттар әлем аумағына жеткілікті. Олардың пайда болуына жоғарыда келтірілген себептер жер астын жиналған бұрын тез арада бөлініп шығу механизмі.

Жер сілкінісінен сақтану шаралары

Жер сілкінісі кезіндегі міндеттер

Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңізбен іс-қимылыңызға 5-10 сек. ғана уақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып- сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз.

Үйдің ішінде

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер сілкінісі кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі
Төтенше жағдайлар кезіндегі жұмысқа дайындау
Жер сілкінісі, сипаттамасы, қорғану шаралары
Авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу
Жер сілкінісінің қатері және пайда болған кезде халықты қорғау
Жер сілкіністері
Жер сілкінісі - қаҺарлы зілзалалық кездейсоқ құбылыс
Жер сілкінісі - геологиялық құбылыс
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Қазақстан елді мекеніндегі соның ішінде Алматы қасындағы сейсмикалық қауіптің жалпы жағдайы туралы және халықты, аумақты төтенше жағдайлардан, күшті жер сілкінісінен қорғау шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz