Күй атасы құрманғазы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Күй атасы Құрманғазы

Ұлы күйші, дарынды композитор - Атырау облысы, Теңіз ауданы, Жиделі деген жерде 1816-1818 жылдар шамасында туды. Әкесі Сағырбай он екі ата Байұлының ішіндегі Қызылқұрт руынан шыққан, бүкіл өмірін байлардың малын бағумен өткізген адам. Құрманғазының кішкентайынан домбыра үні естілсе бәрін ұмытатын музыка құмарлығы әкесі Сағырбайға ұнай қоймады. Домбырасын үкілеп ел кезіп жүретін сал серілерге ілесіп, әсіре қызыл «әуесті» болып кете ме деп іштей уайымдайтын. Содан ба тілі шығар шықпастан домбыра шанағына жармасқан баласын адал еңбекке бейімдеуге ұмтылды.

Жасынан өнердің қадірін біліп өскен Алқа тұңғыш ұлының бойындағы ұлы дарынды жүрегімен сезінді. Ұлының асқан ажарлы, сымбатты әрі ешкімнен қаймықпайтын жүректі, алысқанын алып ұратын қайратты боп өсіп келе жатқан іштей қуанатын. Ол ұлының бетінен қақпады, қолына домбыра тисе аруақтанып, нұрланып шыға келетін кішкене Құрманының тегін адам емес екенін 1-ші болып мойындаған да Алқа еді.

Отызыншы жылдардың аяғында Құрманғазының алғашқы творчествалық дәуіріне жататын күйінің бірі «Кішкентай» дегенге келеді. Ол күйді Құрманғазы «кішкене інісінің үлкен ағасы Исатайға арнауы» депті. Күйдің «Кішкентай» атанып кеткен себебі осы болса керек. Өйткені «Кішкентайдың» сырттай көлемі де мазмұны да, техникалық дәрежесі де терең күрделі күй. Тіпті бұл күйдің жоғары деңгейлі шығарма екендігін тани отырып Құрманғазының кейініректегі творчестволық белестерінің біріне жатқызуға болар еді.

Құрманғазының осы дәуір күйлерінің бірі «Ұзақ Ақжелең». Олай дейтініміз, Дина бір әңгімесінде: «Ұзақ асқан орындаушы болды, бірақ өз жанынан күй шығарған емес, мына Ақжелең Құрекеңнің Ұзақ ұзтазына арнаған өз күйі» - деген болатын. Күйдің ауызда жүрген белгілі программасы жоқ. Музыкасының ауанына қарағанда бұл күй бір шабыт келген кездің «көңіл үні» болуы керек. Өзін бір жолата күй жолына бұруға себепші болған Ұзаққа, шәкіртінің «Рахмет» күйі деуге болар еді.

Құрманғазының «Адай» шыққан кезеңіндегі күйінің бірі «Серпер» қаншама иілтсе де, қаншама еңсесін басса да сынбайтын, майы майтын, қайта серпіп бұрынғы қалпына келе беретін болаттай берік, халықтың қайыспас күшіне, қайтпас ерлігіне арналған шығарма. Образдық жағын алсақ, мұнда: «Қайтпаған қалың жаудан Құрманғазы, тағдырдың бөгелмейді дырауына» деген сияқты, өзін халықтың бір мүшесі, күш иесі деп қарағандай ұғым бар. Бір әңгімеде Құрманғазы жоғарыда айтылған адайдан қайтқан сапарында өзі жүйрік, жүрісі де әсем аттың үстінде көңілді келе жатып күреске беттеген өз ойын суреттей шығарыпты. Атының серпіп тастап отыратын жүрісін образға алып, жігітте күш те осындай болу керек, жорытқанда белі берік тұлпардай қайыспайтын болу керек деп шығарған екен дейді.

Ұлы композитор, күй атасы Құрманғазының асқақ та жігерлі күйлері еркіндікті ұнататын жауынгер халқымыздың жалынды рухының жарқын көрінісі іспетті. Ол оның бүкіл әлемге танымал ардақты есімі ұлтымыздың ұлылығы мен мәңгілігінің символындай қастерлі. Оның халықтың өміршең музыкалары мазмұнының даламыздай кең ауқымдылығы, теңіздей тереңдігі, жайқын күш жігерге толы екпіні, алай-дүлей алабұртқан сезімі, емін-еркін ойнақы ырғағы, әр иірімі әсемдікке айналған көркемдігі мен асқан орындаушылық шеберлігі қазақ күй өнеріне ұлы жаңалық ретінде даңқын бүкіл әлемге жайды. Халқымыздың күй - Атасына айналды. Құрманғазының сиқырлы музыкасы төрткіл дүниенің түкпір-түкпірінен -Мәскеуден немесе Пекиннен, Бакуден немесе Таллиннен естіген тыңдаушысының жан дүниесін толқытпай, таң тамаша қалдырып тамсандырмай, табындырмай қоймайды.

Ұлы күшінің есімі туған топырағымыз Қазақстанда әлдеқашан аңызға, рухани қасиетті әулиге айналды. Оның бейіті киелі орын болып есптеледі. Күн сайын Күй Атасы жатқан бейіттің басында Алладан зарығып перзент күткен жас келіншектерді, ауруы жанына батқан сырқат адамдарды жиі көресіз. Ұлы бабаларының басына жас күйшілер, сазгерлер де келіп тағзым етіп жатады. Күй атасының мәңгілік тыныштығын сақтап тұрған жер де сайын даланың ортасында пайда болған ертегідей жап-жасыл арал тәрізді қасиетті мекен. Бұл жерде оның ғажайып музыкасы мен киелі рухы билеп тұрғандай ұлылығы бүкіл әлемді мойындатқандай әсерде қаласыз.

Құрманғазы бозбала кезінде - ақ халыққа асқан талантты күйшілігімен белгілі болды. Оның трагедиялық «кішкентай» атты күйі әрбір қазақтың жан-жүрегін егілтеді. «Адай», «Сарыарқа», «Кісен ашқан», «Төремұрат», «Түрмеден қашқан», «Қызыл қайың» тағы басқа күйлері сияқты ұлы шығармалары ғасырдан ғасырға шарықтай береді.

Құманғазы соңынан шығармашылық мол мұра қалдырған дарынды композитор ғана емес, ол өз шығармаларын шәкірттеріне үйрету арқылы бүкіл бір күйші-домбырашылар мектебін жасап кеткен ұлы ұстаз. Биік тұлғаның шығармашылық бағыттағы орындаушылық шеберлігі кең ауқымдылығымен, телегей теңіз екпінді күшімен әрі нәзік те жарқын, мөлдір сезім иірімімен ерекшеленеді. Күні бүгінге дейін ұлы шебердің күйлерін нақышына келтіріп орындау дәстүрі әкеден балаға жалғасып келе жатқан құбылыс.

Дина, Қали, Оқап, Рүстембек, Әзидолла, Қаршыға бұлардың қай-қайсысы да аты әйгілі өнер тұлғалары. Күй Атасының дәстүрлі мектебінен шыққан сан алуан балғын музыканттардан бастап ақсақалдарға дейін талантты күйшілерді атап шығуға әбден болады. Олардың қай-қайсысы да сөз жоқ қазақтың күй өнері тарихына мол үлес қосады.

Тілі өткір композитор Ақбақайдың Әубәкірін сыбағасыз тастамайды. Оның озбыр, зарлықшыл, түрін күйде қалдыру үшін музыкалық «ескерткіш» соғады. Ол күйі халық арасында «Ақбай» деген атпен тарайды. Күйші бұл арада сырттай суретке бармай, Әубәкірдің қара халықты зар қақсатқан істерімен туған ауыр халқы суреттеуден бастайды. «Ақбайдың» басын естіген адам бірден күйдің мазмұнынан хабардар болады. Бірақ қажырлы Құрманғазы уәйім теңізіне бата бермей, алда ашық күн барына сеніп, енді бір кез адамды алысқа шақырғандай үн береді. Сол арпалыс, адам бақыты үшін болған күрес көп уақытқа үдей береді. Күйдің аяғында ауыр хал қайта келіп, сақтыққа, салмақтыққа шақырған уранмен «Ақбай» күйі аяқталады.

Құрманғазы Орынбор түрмесінде жатқанда бір күні генерал-губернатор Перовский шақырып алады. Ол Құрманғазыға домбыра тарттырады. Бірнеше күй тартып келіп Құрманғазы аяғында бір күйді өзгеше тартады. Музыкадан төбесі тесік генерал: «Мына соңғы тартқаның күй емес қой, ол не еді?» деп жауап берді. Перовскийдің алдында тартылған себепті бұл марш «Перовский марш» атанып кетеді. «Перовский марш» шын мағынасында марш екпіні мен өлшеуінде шыққан. Форма жағынан да маршқа дәлме-дәл келеді. Ауыз бойынша Перовский осыдан кейін Құрманғазыны түрмеден босатуға жарлық беріпті. Басқа жорамал бойынша Құрманғазы түрмеден қашып кетеді. Осы сапарда ол тағы бірнеше күй шығарады. Құрманғазының бұл кезеңдегі шығарған күйлерінің ішіндегі ірілері; «Кісен ашқан», «Қызыл қайың», «Машина».

«Кісен ашқан» басынан аяғына шейін орнықты, жәй екпінді күй. Әуеннің өткірлігі сай сүйегіңді сырқыратады. Әрине, онда кісенді кесіп жатқан алмас араның құлағыңды жартын дыбысы жоқ. Күйде аяғын кісен қойған жан ауруы бар. Тіпті бір Құрманғазының емес, жалпы еңбекшінің аяқтары кісендеулідей ауыр жағдай суреті бар. Бұл психологиялық күй десек қателеспейміз. Бірақ ескере кететін нәрсе күйде мол трагедиямен қатар үлкен жігер мен халықтың үні бар.

«Қызыл қалың» аттас күй халық арасында көп кездеседі.

Құрманғазының «Қызыл қайың» әрине, басқа ол аттас күйлерге ұқсамайды. Мұнда ана қойнындай жылы, халқының әр ұлын аялатқан жарылыстың ұлы қойнының, ұлы панасының суреті бар. Шебер суреткер қайың образында туған жерінің өз ұлына деген жылылығын, аналығын көрсеткен.

1888 жылдары Құрманғазы Бекетай құмына барып, Динаны көреді. Бұл ардақты шәкіртін соңғы көруі болатын. Бекетайда бірнеше күн болып Соқыр Ержан, Байжұма, Туркель күйлерінің варианттарын Динадан алып қайтады. Сол сапардан келген соң өзі «Байжұма», «Терісқақпай» күйлерін шығарып, шәкірттеріне үйретеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрманғазы күйлерінің ерекшелігі
Сағырбайұлы Құрманғазы
БАЯНҒА ЛАЙЫҚТАЛҒАН ДОМБЫРА КҮЙЛЕРІ
Саз әлемінің сардары
Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
Ішек қылған, қобызым
Киелі өңірдегі өнегелі тұлғалар
ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ (1818-1889 )
Құрманғазы Сағырбайұлы
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz