Инвестициялық қорлардың қарекетін жүзеге асыру негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Инвестициялық қорлардың қарекетін жүзеге асыру негіздері

«Инвестиция» түсінігі кеңейтілген мағынада елдің экономикалық өсуі мен дамуын қаржыландыру үшін керекті механизмді қамтамасыз етуді білдіреді. Осы мәселелерді шешу үшін сәйкес қаржылық институтар құрылады, оның ішінде инвестициялық қорды айрықша атап өтуге болады. Олар қаржылық нарықта инвесторлардың құқықтарын қорғау және диверсификацияны есептей отыра бағалы қағаздарға кезекті ақшалай құралдарды инвестициялау және тартудың арқасында тәуекелді азайтуды мақсат ете отырып қызмет атқарады. Өндірісті дамытуға бағытталған шағын кәсіпкерлердің маңызды құралдарын өз қолында шоғырландырғандықтан және де банктік депозиттерге, кәсіпорын акциялары мен облигацияларына, т. б. тікелей бағыттай ала алатын инвесторлар үшін ақшалай құралдарды салу көзі болғандықтан бұл қорлар маңызды рөл атқарады. Инвестициялық қор меншікті акцияларды шығару және ашық түрде орналастыру арқылы ақша құралдарын тарту және тартылған құралдар есебінен бағалы қағаздардың инвестициялық қоржынын қалыптастыру қарекетін орындайтын заңды тұлға болып табылады. Қазақстанда олар акционерлері кез-келген жеке және заңды тұлға бола алатын акционерлік қоғамдар ретінде құрылады.

Бұл қорлардың барлық қарекеті бағалы қағаздардың әр түрлі салаларына инвестициялық салымдарды тарту және сәйкес пайда табу мақсатында қалыптасқан қоржынды басқаруға негізделеді. Басқа қарекетпен ол айналыса алмайды.

Қор ақша құралдарын негізінен шағын жеке инвесторлар есебінен акцияларды эмиссиялау арқылы тартады. Түскен құралдар арқылы қор кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарын иеленеді және өзінің салымшыларын акция бойынша белгілі бір табыспен қамтамасыз етеді.

Өз қарекетін орындау барысында инвестициялық қор белгілі қағидаларға сүйенеді:

  • Инвестициялық салымдардың диверсификациясы (әртараптандыру) ;
  • Бағалы қағаздармен өте жоғары тәуекелді операцияларды орындауға тыйым салу;
  • Бағалы қағаздарды иеленуге профессиональді көзқарас;
  • Қаржылық құралдардың жеке инвесторға қарағанда көп болуы.

Инвестициялық қор өндіріспен және саудамен айналыса алмайды (бағалы қағаздар мен қаржылық құралдардан басқа), сонымен қатар кез келген түрдегі кепілдемелер беруге, басқа инвестициялық қорлардың, сонымен қатар кастодиан, регистратор және афилиирленген тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын, акцияларын иеленуге; 6 айдан ұзақ мерзімге банктерден қарыздық құралдар тартуға, бағалы қағаздармен кепілдемелік келімдер жасау, қарыздарды кез-келген тәсілмен ұсынуға, сонымен қатар опциондармен және фьючерлік келісімшарттармен, маржа бойынша келісімдермен, «қысқа сатулармен» келісімге келуге.

Инвестициялық қордың ұйымдастырушылық құрылымын келесі бейнеде көрсетуге болады: акцинерлердің жалпы жиналысы → басқарма → → инвестициялық қордың төрағасы.

Кез-келген АҚ-нің акционерлерінің жалпы жиналысындағы қызметке жататын негізгі сұрақтардан басқа, инвестициялық қорда сонымен қатар мына сұрақтарды шешеді:

  • инвестициялық қордың типін қайта қалыптастыру туралы;
  • инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;
  • бағалы қағаздар қоржынының төрағасымен, сонымен қатар регистратор мен кастодианмен шартты бекіту туралы.

Қордың атқарушы органы болып белгіленген заңнамалардан бөлек өзінің меншікті қызметін иеленетін (компетенция) басқарма болып табылады, мысалы, басқарушы қарекетінің нәтижелерін, және оған қатысты қарекеттер мен қордың қаржылық жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі публикация жасау. Басқарма мүшелері брокердің, берілген қордың төрағасының, лауазымды тұлғалардың қызметін атқара алмайды.

Инвестициялық қордың басқарушысы - бағалы қағаздар қоржынын басқару бойынша профессионалды қарекетті атқаратын және инвестициялық қормен жасалған келісімшарт негізінде жұмыс жасайтын заңды тұлға. Бұл жерде міндетті шарт - сәйкес лиензияның бар болуы. Басқарушы бағалы қағаздар қоржынын басқаруда бір мезгілде екі немесе одан да көп инвестициялық қорлармен келісім жасай алады, бірақ олар инвестициялық декларацияның принципиалды әр түрлі мазмұнын иеленуі шарт.

Инвестициялық қордың қарекеті Қазақстан Республикасының заңнамаларын жүйелік бұзу жағдайында, басқарушы лицензиясының тоқтатылуында, сонымен қатар қордың меншікті акцияларын сатып алу қабілетсіздігі кезінде тоқтатылуы мүмкін.

Инвестициялық қорлардың негізгі түрлері мен типтері

Қазақстан заң шығарушы органы инвестициялық қорлардың белгілі түрлері мен қызметтерін анықтайды.

Екі негізгі түрін белгілейді: өзаралық қор және инвестициялық компания.

Барлық қалайтын инвесторлардың құралдарын тартатын және өзінің акционерлерінен өздерімен эмиттелген акцияларын сатып алу міндетін иеленетін, ашық инвестициялық болып табылатын өзаралық қор акцияның шексіз көлемін шығара алады және керек кезінде акционерлердің жалпы жиналысының рұқсатынсыз қосымша эмиссия жүргізе алады. Ол ерекше акцияларды шығара алмайды. Сонымен қатар өзаралық қор өзінің акцияларының ұйымдастырылмаған нарықта айналуымен сиптталады, акцияға баға күнделікті анықтау міндетімен заңнамада белгіленген.

Инвестициялық компания - бұл бір немесе бірнеше жеке және заңды тұлғалардың - берілген қордың акционерлері мен ұйымдастырушыларының, құралдарын тарта алатын жабық инвестициялық қор, өзінің акционерлерінің эмиттелген акцияларын өтеуге міндетті емес, ал оның жарғылық капиталын жалпы акционерлер жиналысының шешімісіз акцияларды қосымша шығару арқылы көбейтіп, немесе акциялардың бір бөлігін өтеу арқылы азайтылмайды. Инвестициялық компанияның акциялары қорлық биржада айналады. Компания акцияға күнделікті бағаны анықтау міндетін иеленбейді, ерекше акцияларды шығара алады.

Сонымен қатар пайлық (келісімшарттық) және акционерлік (корпоративтік) инвестициялық қорлар бар.

Пайлық инвестициялық қор бөлінеді:

  • ашық- пайды өтеу 2 аптада 1 рет;
  • жабық -пайды иеленуші пайды өтеуге құқығы жоқ;
  • интервалды -пайды өтеу жылына 1 рет.

Оның жарғылық қоры ұйымдастырушылар салған құралдар (пай) үлестерінен құралады. Ол бөтен қарекеттің түрлерін жүзеге асыруға құқығы жоқ, бағалы қағаздар ұйымдастырылған нарықта айналмайды.

Акционерлік қор жарғылық қорды акцияларды эмиссиялау жолымен қалыптастырады. Акцияны пайдан гөрі нарықта оңай сату инвестициялық қордың акционерлік формасының артықшылығы болып табылады, сонымен қатар қордың акционері қарапайым АҚ-тағы сияқты акция өтемін талап ете алады. Акционерлік инвестициялық қордың негізгі сипаттамасы болып оның қарекеттің бөтен түрлерін жүзеге асыруға және қарапайым акциядан бөтен қаржы құралдарын шығаруға құқығының жоқтығы саналады. Қордың бағалы қағаздары ұйымдастырылған нарықта айналмайды, жарғылық қор акциялардан құралады.

Қорлар жүргізілетін инвестициялық стратегияларына сәйкес келесі категорияларға бөліне алады:

  1. бағамдарының ауытқуына шекті тәуекелді бағалы қағаздарға капиталды инвестициялаушы;
  2. бағалы қағаздар бағамының ауытқу тәуекелі көбейген кездегі пайданың өсіміне бағдарланушы;
  3. қаржылық активтердің диверсификациясын жүзеге асырушы;
  4. ақша нарығының пайыз мөлшерлемесін капитализациялауға маманданушы.

Бірінші категорияға жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік облигациясын және бағалы қағаздардың ең аз тәуекелдісі болып саналатын мемлекеттік емес облигацияларын сатып алушы ұжымдық инвестиция кеңселері жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы
Компанияның ақша ағымдары
Нарықтық экономикада бәсекелес жағдайындағы кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау
Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері
Ақша қаражаттарын басқару
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарын басқаруды жетілдіру
Компанияның ақша ағымдарын басқарудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның ақша ағымын басқару
Қаржылық қызметтегі ақша қаражаттарының қозғалысы
Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz