Негізгі құралдар аудиті


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастарға өту, оны қалыптастыру экономиканың жаңа күйге көшуін білдіріп қана қоймайды, сонымен қатар көптеген талаптарды орындауды, мәселелерді шешуді талап етеді. Осындай қиын-қыстау кезеңде нарықтық қатынаста тәжірибенің аздығын сылтауратып өркениетті дамыған елдердің ықпалына түсіп, жетегіне еріп кете бермей, өз өрнегін сақтай отырып даму жолына түсудің маңызы зор. Бүгінгі таңда жедел шешуді талап етіп отырған осындай өзекті мәселелерінің бірі - бухгалтерлік есеп пен аудитті халықаралық стандарттарға жауап беретіндей деңгейде ұйымдастыру.

Бухгалтерлік есеп шаруашылықтың тыныс-тіршілігін жайып салатын айнасы болса, аудит бухгалтерлік есептің тазалығын, пәрменділігін және тиімділігін қатаң талап етіп, әділ бағасын беретін төрешісі, әрі кеңес беріп жөн сілтейтін егіздің сыңарындай жаңашыры. Қарапайым тілмен айтқанда, бухгалтерлік есеп шаруашылықтың қаржы шаруашылық қызметін бейнелейтін жайылған дастарханы болса, аудит дастарханға қойылмаған немесе жетіспейтін тағамдарды дастархан иесіне құпия түрде бетіне айтатын азаматтық көзқарасты ұстанған сыншысы. Шаруашылықтың бухгалтерлік есебі аудиттің зертеу объектісі, тіршілік ету көзі болса, аудит - бухгалтерлік есептің сапасын, тиімділігін арттырып, оны халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жүргізуге жетелейді. Тәуеклсіздік алып егемендік ел болған қазіргі таңда аудиторлық қызметке сұраныс күннен-күнге арта түсуде.

Жоғарыда аталғандарды түйіндей келе, мiне, сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “ Негізгі құралдардың есебінің аудиті ” деп алынды.

Негізгі құралдар деп еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай-ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер.

Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады, олар:

  1. еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар) ;
  2. еңбек құралдары (станоктар, машиналар) болып бөлінеді.

Қандай да болмасын заттарды - еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады.

Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспаптары, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т. б. ) .

Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

Тақырыптың өзектілігі - кәсіпорындағы негізгі құралдардың қозғалысын теориялық және тәжірибелік жағынан қарастыру, өндірістегі негізгі құралдардың тозуын, амортизациясының әдістерін білу.

Курстық жұмыстың басты мақсаты - аудиттің маңызды әрі қызықты бөлімдерінің бірі негізгі құралдар аудитінің қалай жүзеге асырылатындығымен танысу, ерекшеліктерін ашып көрсету болып табылады. Негізгі құралдар - қандай да болмасын экономикалық субъект қызметінің негізі болып табылады.

Бұл тақырыпты орындауда алға қойған негізгі міндеттер:

  • негізгі құралдардың мәні мен теориялық аспектілерін анықтау;
  • тақырыптың мазмұны бойынша әртүрлі әдебиет көздерінен алынған ақпараттарға сүйене отырып тақырыпты зерттеу және жүйелеу;
  • неғұрлым ашық, нақты, толық, шынайы ақпарат беру;
  • курстық жұмстың мақсатына жету;
  • алынған нәтижелерге сүйене отырып қорытынды жасау.

Курстық жұмыс түсінікті болуы үшін үш бөлімге бөліп қарастырылды. Әр бөлім тақырып ерекшеліктеріне байланысты негізгі құралдар есебінің аудитінің мақсаты мен міндеттері белгіленіп, аудитті ұйымдастырудың тәртібі айтылған.

Бірінші бөлімде негізгі құралдар аудитінің теориялық аспектілері, оның ішінде негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың және пайдаланудың аудиті, негізгі құралдарды топтап сыныптау есебінің аудиті, негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау есебінің аудиті туралы қарастырылса, екінші бөлімде негізгі құралдар қозғалысының аудитін ұйымдастыру, ал үшінші бөлімде КазМұнайГаз ұлттық компаниясы мысалға алдынды.

I Бөлім. Негізгі құралдар аудитінің теориялық аспектілері

  1. Негізгі құралдарды сақтаудың, есепке алудың және пайдаланудың аудиті.

Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық және материалдық емес өндірістік салаларда еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге (бір жылдан жоғары) қасиетін, қалпын жоймай сақтап пайдаланатын материалдық активтер.

Негізгі құралдар субъектінің материалды-техникалық жарақтану базасын құраудың негізін қалыптастырып, қызметіндегі жетекші бағыттарды іске асыруда маңызды рөл атқарады. Негізгі құралдарды сақтау, есепке алу және пайдалану ерекшеліктерінен оның аудитінің мақсаты туындайды. Яғни аудитінің мақсаты - негізгі құралдардың сақталу орындары бойынша ішкі және сыртқы қозғалыстарының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне енгізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есептегі мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудитор алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.

Негізгі құралдардың сақталу, есепке алу және пайдалану есебінің аудитінің басты міндеті:

  • негізгі құралдардың нақты қолда барлығына және сақталуына бақылаудың қамтамасыз етілгендігін;
  • еңбек құралдардың негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғандығын, олардың жіктелуі, меншіктік қатынасы және өндіріс үрдісіне қатысу сипаты бойынша топталғандығын;
  • есепте негізгі құралдардың дұрыс бағаланғандығын;
  • есепте негізгі құралдардың кіріс және шығыс операцияларының дұрыс көрсетіліп құжатталғандығын;
  • есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есептеліп құжатталғандығын;
  • негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланылғанын;
  • бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте нақты қолда бар негізгі құралдардың және олардың қозғалысы туралы мәліметтердің дұрыс көрсетілгендігін тексеру болып табылады.

Аудитордың міндеті қолда бар негігі құралдардың сақтаулын бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексерумен шектелмейді. Оларды сақтауды қамтамасыз етуге байланысты атқарылған іс-шараларды да тексеруге міндетті. Ол үшін: шпруашылықтың басшылығының бұйрығымен негізгі құралдардың сақтаалуына жауап беретін материалды жауапкершілікті тұлғаның тағайындалғандығын; тағайындалған тұлғалармен олардың толық материалды жауапкершілігі туралы жазбаша шарт жасалғандығын; негізгі құралдардың сақталуына тексеру жүргізетін тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының тағайындалғандығын; жылдық қорытынды қаржылық есеп жасаудың алдында түгендеу жүргізілгендігін; түгендеудің нәтижесінің дұрыс құжатталғандығын және оны қарау мерзімінің сақталғандығын; негізгі құралдардың кем шығу, жоғалған, бүлінген фактілер орын алған жағдайда кінәлі тұлғаларына қандай әкімшілік шаралары қолданылғандығын анытауға міндетті.

Аудитор жоғарыда аталған басты міндеттерді тиянықты орындау үшін негізгі құралдардың сақталу және пайдалану есебінің аудитінің бағдарламаларын жасауға тиісті. Бағдарламада тексерілетін мәселелелер, жоспарланған аудиттің іс-әрекеттері, ақпарат көздері және тексеру мерзімі анықталуы тиіс. Отандық және шетелдік авторлардың жасаған бағдарламаларына сүйене отырып, негізгі құралдардың сақталу және пайдалану есебінің аудитінің бағдарламасы мынандай мәселелерді қамтиды:

  • баланстың көрсеткіштерінің, бас кітап, есеп регистрларындағы және машина жазбалардағы мәліметтермен сәйкестігін тексеруде;
  • негізгі құралдардың аналитикалық және синтетикалық есебінің дұрыс жүргізілгендігін тексеруде;
  • негізгі құралдарды сақтау, пайдалану орындарындағы нақтылығын және оларға бақылаудың қамтамасыз етілгендігін тексеруді;
  • негізгі құралдардың ішкі және сыртқы қозғалыстарының дұрыс құжатталғандығын тексеруді;
  • негігі құралдардың дұрыс топталып сыныпталғандығын тексеруді;
  • негізгі құралдарды бағалау және сыртқы қозғалыстарының дұрыс құжатталғандығын тексеруді;
  • негізгі құралдарды кіріске алу және шығыс жасау операцияларының дұрыстығын тексеруді;
  • негізгі құралдарға тозу есептеу және амортизациялану операцияларының дұрыстығын тексеруді;
  • негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған шығындардың негізділігін және олардың бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетіліп таратылғандығын тексеруді;
  • негізгі құралдардың техникалық жағдайын және олардың тиімді пайдалануын тексеруді;
  • негізгі құралдарды сақтандыру және оларға салық есептеу операцияларының дұрыстығын тексеруді.

Негізгі құралдарды, аудитордың бағдарлама көрсетіп отырғандай, алдымен олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін тексеру үшін 12 «Негізгі құралдар», 13 «Негізгі құралдардың тозуы» бөлімшелерінің құрамына енген синтетикплық шоттарындағы қалдықтарының Бас кітаптағы басқа есеп регистларындағы, машина жазбалардағы көрсетілген мәліметтермен және аналитикалық есеп шоттарындағы көрсеткіштерінің қосындысының жиынтығы синтетикалық есеп шоттарындағы мәліметтерімен сәйкестігін анықтау қажет. Олардың есепті кезендегі бастапқы және соңғы қалдықтары айлық айналымдары сәйкес келуі керек. Мәліметтерінде ауытқулар кездескен жағдайда, себебін анықтау үшін субъектіге негізгі құралдарға түгендеу жүргізуді ұсыну керек.

Аудитордың тексеру бағдарламасы бухгалтерлік есеп жүргізуге, оның күшіндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігін анықтауға, сондай-ақ қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің ақиқаттығын растауға бағытталған. Аудитор бағдарламада құралған әрбір тармақтардың ауқымын кеңейтіп, қаралатын мәселелерді толық қамтитын және ішкі бақылаудың ұйымдастырылу дәрежесін тексеру үшін өзінің іс-тәжірибесіне сүйене отырып тест жасауы қажет. Тестің мақсаты шаруашылықтың басшыларынан, мамандарынан және басқа да мүдделі жақтарынан қойылған сұрақтарға анық түсінікті жауап алу үшін сауатты және түсінікті жасалуы тиіс. Тест жүйесі ішкі бақылау жүйесінің жағдайы туралы қажетті ақпараттар алу үшін өте тиімді әдіс қана емес, сонымен қатар шаруашылықтың басшысының және мамандарының қаншалықты хабарлылығын анықтауға мүмкіндік беретін бірден-бір құнды материал болып табылады. Оған дәлел - аудитор аудиторлық тексеру бағадарламасында және бақылау парақтарында келтірілген аудиттің іс-әрекетінің дәйектілігін сақтай отырып талдап, бухгалтерлік есеп және қорытындылар қаржылық есеп мәліметтерінің тест жүргізудің нәтижесінде алынған жауаптардың дұрыстығын анықтап, ішкі бақылау жүйесіне баға беру болып табылады.

Бұдан міндетті түрде тест жасау керек деген ой туындамау керек. Тест жасау, жасамау аудитордың өз еркінде, десек те, аудитке қалам тартып зерттеп жүрген ғалымдар мен авторлардың көпшілігі тест жасауды мақұлдайды.

  1. Негізгі құралдарды топтап сыныптау есебінің аудиті.

Аудитор негізгі құралдар нысандарының топталып сыныпталуын тексерген кезде кейбір мәселелерді анықтап көз жеткізуге міндетті:

- негізгі құралдарды кіріске алу есеп акт ісіне тіркелетін техникалық құжаттарының сақталғандығына, олардың сақталу тәртібіне және кімдердің жауап беретіндігіне;

- негізгі құралдар нысандарының толық мінездемесі жазылған мүліктік есеп карточкаларының сақталғандығына;

- негізгі құралдар нысандары сәйкес белгілеріне қарай кіріске алынып, техникалық құжаттары мен мүліктік карточкаларының негізінде топтаудың жүзеге асырылғандығына.

Аудитордың басты мақсаты - негізгі құралдар нысандарының пайдалану мақсатына, сипатына, заттық нысанына, меншіктік қатынасына, болмыстық құрамдарына қарай дұрыс топталып сыныпталғандығын анықтау болып табылады. Егер бұлардың әрқайсысына қысқаша тоқталатын болсақ:

  1. Өндіріске пайдалану мақсаты бойынша негізгі құралдар екі топқа бөлінеді:

а) өндірістік мақсаттағы негізгі құралдар;

б) өндірістік емес мақсаттағы негізгі құралдар.

Өз кезеңінде өндірістік мақсаттағы негізгі құралдар пайдалану бағыттарына қарай шаруашылықтың салаларына бөлінеді.

2. Заттық нысанына қарай негізгі құралдар бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарында көрсетілген тәртіп бойынша топталады.

3. Меншіктік қатынасына қарай меншіктегі және жалдағы болып бөлінеді.

4. Пайдалану сипатына қарай да пайдаланудағы, пайдалануда жоқ ( нақты қолда бар, пайдаланылмай доғаруға қойылған негізгі құралдар) және резервтегі негізгі құралдар болып үш топқа бөлінеді.

5. Болмыстық құрамдарына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып екі топқа бөлінеді.

Болмыстық күйінде ұстап, көзбен көріп, санауға болатын негізгі құралдарды мүліктік топқа жатқызады (үйлер, ғимараттар, машиналар т. с. с. ) . Ал заттық нысаны жоқ санауға келмейтін күрделі шығындарды мүліктік емес топқа жатқызады (жерді тегістеу, алқаптарды түбіртектерден, тастардан тазалау, эрозияға қарсы жерді гипстеу, әктеу т. с. с. шығындар) .

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бастапқы құны бойынша, есепке алу сәтінде көрсетіліп, оған негізгі құралдарды салу немесе сатып алуға кеткен барлық қажетті шығындар, оның ішінде сатып алған кезде төленген қайтарылмайтын салықтар мен алымдар (үйлер мен жеңіл автомобильдерді сатып алған кезде төленген ҚҚС, сатып алуға арналған шартты жасау кезінде төленген мемелекеттік баж және т. б. ), жеткізу, құрастыру, құру, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар, құрылыс кезінде берілген несие үшін пайыздар және активті мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтіру мен тікелей байланысты кез келген басқада шығындар жатады. Негізгі құралдарды тасымалдау, қарастыру, орнату кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен шығындар бастапқы құнға енбей, ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Аудитор негізгі құралдардың бастапқы құнының анықталу тәртібімен танысқаннан кейін, олардың қалыптасу көздеріне қарай бастапқы құнының құжаттарындағы нақты шығындар көлемінде анықталғандығына назар аударуға тиісті.

Негізгі құралдар нысандарының бастапқы құны:

  • құрылтайшылар жарғылық капиталға өз салымдары есебіне құрылтайшылар арасында келісілген құны бойынша негізгі құралдарды енгізгенде;
  • шаруашылықтағы негізгі құралдарды өзі дайындаған немесе нақты шығын сомасы бойынша ақы төлеп сатып алған кезде;
  • Басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алынған нысандар сараптау жолымен немесе қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша сатып алынған сәтінде анықталғандығына.

Айырбастау операциялары нәтижесінде алынған нысандардың құны алынған активтердің ағымдағы құны бойынша есепке алынып, қосымша алынған (төленген) ақша қаражаттар сомасына түзетіліп, ағымдағы құнға теңестіріледі.

Айырбастау бірдей мақсатқа пайдалануға арналған және сол мезгілде ағымдағы құны бірдей ұқсас активтер де, сондай-ақ әр түрлі мақсаттағы ағымдағы құны әр түрлі активтер де жатады.

Ұқсас емес активтерді мысалы автокөлікті, үйге айырбастаған кезде алынған актив берілген активтің өткізілу құны бойынша ақша қаражаты түрінде алынған немесе берілген сома есепке алына отырып көрсетіледі.

Аудитор бастапқы құнға өзгеріс енгізуге қандай жағдайларда ғана рұқсат етілетіндігіне және оның сақталғандығын анықтауы тиіс:

  • қосымша күрделі салымдар жасау немесе негізгі құралдардың жәй-күйіне әсер ететіндей ішінара кеңейту, жоюдың немесе қайта құрастырудың нәтижесінде нысанның пайдалы қызмет ету мерзімін өзгерткен (ұзартса немесе қысқартса) жағдайда;
  • үкіметтің қабылданған шешімдері бойынша негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізіліп, ағымдағы құнының белгілі бір мезгілге (күнге) қолданылып жүрген негізгі нарықтық баға бойынша анықталғандығын;
  • негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнының бастапқы немесе ағымдағы құнынан жинақталған амортизациялану сомасы шегеріліп көрсетілгендігін;
  • өткізу (сату) құнының жақсы хабарлар мәміле жасауға әзір тәуелсіз тараптардың арасындағы негізгі құрал-жабдықтарды айырбастауға болатын келісілген құны ретінде алынғандығын;
  • жойылу құнының - нысанды есептен шығару кезінде күтіліп отырған шығындарды шегеріп тастағанда пайдалы қызмет мерзімінің аяқ шенінде негізгі құрал-жабдықтарды жою кезінде кіріске алынатын қосалқы бөлшектердің, отындардың және басқа да қалдық материалдардың, темір сынықтарының болжамды құны ретінде алынғандығын;
  • тозу құнының - негізгі құралдардың бастапқы және жойылу құндарының арасындағы айырмасы, былайша айтқанда, негізгі құралдардың ескеріп, амортизациялану құны есептеліп өндіріске немесе айналымға жатқызылған шығындары ретінде анықталғандығын;
  • негізгі құралдардың қалдық құнының - өндірілген өнімге, орындалған жұмысқа және көрсетілген қызметке әлі аударылмаған құнын есептеген кезде негізгі құралдардың бастапқы құнынан, нысанының пайдалану мерзімі ұлғайған сайын мөлшері өсе түсетін есептелген тозу сомасының шегерілгендігін.

Уақыт өткен сайын негізгі құралдардың бастапқы құнына үкімет органдарының шешімімен қайта бағалау жүргізудің нәтижесінде реттеулер енгізіліп, олардың ағымдағы құны анықталып отырады.

  1. Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау есебінің аудиті.

Аудитор негізгі құралдардың топталып, сыныпталу тәртібіне сәйкестігімен танысқаннан кейін, олардың бағалау тәртібіне назар аударуы тиіс. Аудитор негізгі құралдардың бағалануын тексеруді жүзеге асырып, табысты аяқтау үшін мына мәселеге мұқият назар аударып анықтап алуға тиіс:

  • негізгі құралдар нысандарының кіріске алынған сәтінде келіп түсу көздеріне қарай дұрыс бағаланғандығын;
  • жеке тұлғалардан сатып алынған құралдардың құны көрсетіліп, екі жақты шарт жасалғандығын;
  • құрылтайшыларының шаруашылықтың жарғылық капиталына қосқан үлестері, кіріске алынып, келісім бағасына жасалған хаттамасын және сараптау жолымен бағалау жүргізу тәртібінің сақталғандығын;
  • негізгі құралдар нысандарын ұзақ мерзімге жалға (сатып алу құқығы берілген) алған кезде, жалға беруге және алуға жасалған шартта нысанның құны көрсетілгендігін;
  • негізгі құралдар нысандарының бастапқы (ағымдағы) құнына, жәй күйіне әсер ететіндей қосымша салымдардың нәтижесін, ішінара жою немесе қайта құрастырудың салдарынан нысанның пайдалы қызмет ету мерзімінін ұзартылғандығын немесе қысқарғандығын;
  • негізгі құралдар нысандарының нарықтық құны туралы арнайы мамандандырылған ұйымдардың растаған сараптама қорытындысы жазылған құжаттарын;
  • негізгі құралдар нысандарын дайындап шығаруды және сатушы ұйымдардағы тауардың бағасы туралы және баға туралы арнайы басылымдарда жарияланған анықтама материалдарының бар екендігін.

Материлдық активтерді сатып алған кезде, есепке алғанда, олардың пайдалану мақсатын анықтаудың маңызы зор. Өйткені олардың пайдалану мақсатына қарай кіріске алған кезде олар негізгі құралдар, тауар, материалдық қорлар немесе қаржы инвестициялар құрамында көрсетілуі ықтимал.

Мысалы: Шаруашылықтың қызметіндегі қажеттігі бойынша пайдалану мақсатында сатып алынған комбайн негізгі құралдар құрамында көрсетілсе, ал егер оны әрі қарай сатып табыс табу көзделген жағдайда комбайнды тауарлардың құрамында көрсетеді. Шаруашылықтың өзі пайдалану үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында сатып алған жер учаскілері мен ғимараттар қаржылық инвестициялар түрінде көрсетіледі.

Сондықтан негізгі құралдарды кіріске алған кезде, олардың пайдалану мақсатына қарай бағалаудың маңызы зор.

Шаруашылықтың балансында көрсетілген негізгі құралдар кіріске есепке алынған сәтінен бастап, олардың тұрақты пайдалануда болғанын көрсетпейді. Өйткені негізгі құралдар резерв ретінде қоймада белгілі тәртіппен сақтаулы тұруы немесе жалға берілуі мүмкін.

Қайта бағалаудың мақсаты негізгі құралдардың бастапқы бағасын сол кездегі қолданып жүрген бірыңғай нарықтық бағаға сәйкес келтіру болып табылады.

Қайта бағалауға байланысты атқарылған іс-шаралардың талапқа сай жүзеге асырылғандығына көз жеткізу үшін аудитор мына мәселелерге назар аударуы тиіс:

  • қайта бағаланған негізгі құралдар нысандарының тізіміне;
  • қайта бағалауға байланысты Үкіметтің қаулысына (нұсқауына) және статистикалық агенттіктің анықтап белгіленген есептеу коэффициентіне;
  • қайта бағалау нәтижесінде кездескен өзгерістердің дер кезінде дұрыс және орынды бухгалтерлік есеп шоттарында және есеп регистрларында көрсетілгендігіне;
  • қайта бағалаудың нәтижесінде есептелген тозу сомасына реттеулердің енгізілгендігіне;
  • нысанның қайта бағалаудың кейінгі пайдалы қызмет ету мерзіміне қарай бірдей бөлікте бөлінбеген табысқа жатқызылатын сомасының анықталып, жыл сайын аударылып отырылғандығын, шығысқа шығару себептеріне қарай қалған сомасының түгелдей аударылғандығына.

Қайта бағалаудың нәтижесінде негізгі құралдар бухгалтерлік және қаржылық есепте ағымдағы құны (бағасы) бойынша көрсетіледі. Қайта бағалау субъектінің өз меншігіндегі негізгі құралдарға жүргізіліп қана қоймай, сонымен қатар ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал-жабдықтарға, әлі орнатылмаған қоймадағы құрал-жабдықтарға және біткен күрделі құрылыс нысандарына жүргізілгендігі аудитордың назарынан тыс қалмауы тиіс.

  1. Негізгі құралдардың аудит бағдарламасы.

Негізгі құралдардың қолда барының, сақталуын және пайдалану аудиті бағдарламасының құрамдас элементтері болып келесі тексерістер табылады:

  1. негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын баланс баптарының Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігі;
  2. негізгі құралдардың қолда бары мен сақталуы;
  3. мүлікті негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша топтастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;
  4. негізгі құралдардың түсуі мен істен шығуы жөніндегі операциялардың есебінде бағалаудың, рәсімдеудің және көрсетудің дәлдігі;
  5. негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің мақсатқа сәйкестігі. «Амортизация» (кейінгі латынның «өтеу» сөзінен) - негізгі құралдардың құнын арнайы ақшаны - өндіріс шығындарына немесе негізгі қорлардың жай немесе кеңейтілген қайта өндірісіне айналуына кіретін амортизациялық аударымдар пайдалануына көшірудің объективті процесі;
  6. бухгалтерлік есеп пен есептілік регистрлерінде негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелігі;
  7. негізгі құралдарды пайдаланудың оңтайлы ісі мен тиімділігі және т. б.

Негізгі құралдар аудитінің жоғарыда көрсетілген процедураларының мазмұны ескере отырып, мыналарды зерттеп білу қажет:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдардың аудиті
Ұзақ мерзімді активтер есебі туралы
Негізгі құралдар есебінің аудиті
Аудит түрлері
Активтердің рентабелділігі Таза табыс активтердің жалпы орташа құны
Ұзақ мерзімді активтердің есебі
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудиті
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz