Қылмыстық субъект



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қылмыстық субъект ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Қылмыстың субъективті жағы және түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
3. Қылмыс субъектісінің жасқа толу белгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
4. Қылмыстың арнаулы субъектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
5. Жауапкершілігінің түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі
Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық, жауапкершілік жұктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық, жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылықка істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нактылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т. б. Мұның өзінде қылмыстық, жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға кауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.
Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылықта болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау катерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Кылмыстық жауаптылық — өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады.
1. Антонян Ю. М., Бородин С. В. Преступность и психические аномалии. М., 1987.
2. ТоликЮ. В. Случайный преступник. Томск, 1984. Б.Дагель П. С. Учение о личности преступника в советском
уголовном праве. Владивосток, 1970.
4. Лейкина Н. С. Личность преступника и уголовная ответствен-ность. М., 1968.
5. Личность преступника. М., 1975.
6. Михеер Р. И. Проблемы вменяемости и невменяемости в со-ветском уголовиом праве. Владивосток, 1983.
7. МихеевР. И. Невменяемый. Владивосток, 1992.
8. Орлов В. С. Субъект преступления. М., 1958.
9. Орымбаев Р. Специальный субъект преступления. Алма-Ата, 1977.
10. Tpaxmepoe В. С. Вменяемость и невменяемость в уголовном праве (исторический очерк). Харьков, 1992.
11. УстименкоВ. В. Специальныйсубъектпреступления. Харь-ков, 1989.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қылмыстық
субъект ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...5
2. Қылмыстың субъективті жағы және
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
3. Қылмыс субъектісінің жасқа толу
белгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
4. Қылмыстың арнаулы
субъектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...12
5. Жауапкершілігінің түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі

Кіріспе
Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір
әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте
азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық,
жауапкершілік жұктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі
қылмыстық, жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң
шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға
кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам
қылмыстық жауаптылықка істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген
нактылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау,
ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т. б. Мұның
өзінде қылмыстық, жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін
қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың
нәтижесі, қоғамға кауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.
Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылықта болмайды. Қылмыстық заң бойынша
жазалау катерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін
қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның
көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің
тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық
жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Кылмыстық жауаптылық — өзінің
нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.
Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген
адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті
шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қыл-мыстық жауаптылықтық
әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей
отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға
беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және
заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).
Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп — қылмыс заңы бойынша қылмыс деп
белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті
органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз.
Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз
байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді.
Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты
істелген қылмыстың құқылық зардабы.
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық құқылық
қатынас та жоқ. Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық
жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан
қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады. Бұл жерде
істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады.
Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты: істелген қылмыстың құрамы
қандай, кінәнің нысаны, дәрежесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе
бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болды
ма және т. б. Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары,
жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады.

1. Қылмыстық субъект
Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және
заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам
танылады. Қылмыстық кодекстің 4, 6, 7-баптарының талаптарына сай
Казакстан Республикасының Қылмыстық кодексінің күші Қазакстан
Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы
азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан
туатын қорытынды, қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылықка
тек қана тірі адам — азамат тартылады. Заттар, жануарлар дүниесі, табиғат
күштері келтірген зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды, яғни бұл
аталғандар қылмыс субъектісі болып танылмайды.
Егер адам жануарларды немесе табиғи күштерді пайдалану арқылы қасақана
жәнеде баскаға зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі
тартылады. Мысалы, кабаған итке адамды қасақана әдейілеп қаптырса, онда сол
адам жөнінде қасақана дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық
мәселесі қарастырылады, ал мұндай жағдайда ит қылмыс субъектісі емес,
қылмысты істеудің құралы болып табылады.
Сондай-ақ заңды түлғалар — мекеме, ұйым, кәсіпорын және басқа да занды
ұйымдар қылмыстың субъектісі болып танылмайды. Қайсыбір кәсіпорын, мекеме,
ұйымда еңбек корғау ережелерінің елеулі бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа
мекеме, ұйым, кәсіпорын емес, сол еңбек қорғау ережелерін кінәлі түрде
бұзған лауазымды адам, егер сонын салдарынан адамдар қайғылы жағдайға
ұшыраса жауаптылыққа тартылады. Жаңа Қылмыстық кодекстің 14-бабында (1-
бөлігі) есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана
қылмыетық жауапқа тартылуға тиіс деп тура айтылған. Осыған орай, яғни
қылмыс субъектісі болып тек қана жеке тұлға - адам саналады. Бұл
субъектінің бірінші белгісі болып табылады.
Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа өзінің істеген іс-әрекетіне есеп
бере алатын және өзін-өзі басқаруға қабілеті бар адамды, яғни есі дұрыс
адамды ғанатарта алады. Адам қоғамға кауіпті іс-әрекет істеген кезде өзінің
іс-әрекетіне есеп бере алмаса, яғни қылмысты есі дұрыс емес күйде істесе,
онда ол адамның іс-әрекетінде кінәнің екі нысаны: қасақаналық пен абайсыз-
дық жоқ деп есептеледі. Қоғамға қауіпті іс-әрекетін ұғынып, оның мағынасына
жетіп, ақылмен, естілікпен істеген есі дұрыс адам ғана қылмыс үшін кінәлі
деп танылады.
Керісінше, қоғамға кауіпті іс-әрекет істеген кезде есі дұрыс емес күйде,
өзінің іс-әрекеті жөнінде өзіне есеп бере алмайтын, өз әрекетін басқара
алмайтын адам қылмыс субъектісі бола алмайды. Яғни, қылмыстың субъектісі
болып кез келген адам ғана емес, тек есі дұрыс адам танылады.
Бұл қылмыс субъектісінің екінші белгісі болып табылады. Өзінің іс-
әрекетін сезу және оны басқара алу дені сау адамға туған кезден бастап
қалыптасады, пайда болады. Адам белгілі бір жасқа толған кезде қалыптасқан
емірлік тәжірибесі арқылы өзін қоршаған ортадағы құбылысқа дұрыс баға беру,
сол ортаға өзінің іс-әрекетінің пайда не зиян келтіретінін ұғыну, нақты
жағдайларға байланысты іс-қимыл жасап құқық, мораль нормалары арқылы тыйым
салынғандарды істеу-істемеу немесе ондай қимылдан бас тарту мәселелерін
шешуге толық кабілетті болады. Психолог, психиатр, педиатр, педагог және
заңгер мамандардың тұжырымына сәйкес мұнда жас мөлшері 16 жаска толған
уақыт деп белгіленген. Осы жасқа толған жасөспірімдер өздерінің қылмыстық
заңға қайшы кез келген іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Қылмыстық кодекстің 15-бабында көрсетілген кейбір қылмыстарды істегені үшін
мұндай жауаптылық одан ертерек жаста —14 жасқа толған уақыттан басталады.
Яғни, қылмыстық заңда көрсетілген белгілі бір жасқа толу қылмыс
субъектісінің қажетті белгісінің бірі болып табылады. Сонымен қылмыстың
субъектісі болып қылмыстық заңда көрсетілген жасқа толған, есі дұрыс жеке
адам саналады.
Қылмыстың субъектісі жалпы және арнаулы болып екі түрге бөлінеді. Есі
дұрыстық, заңда белгіленген жасқа толу және жеке адам болу сиякты белгілер
барлық қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің
түсінігін береді.
Жалпы субъектінің осы белгілермен қатар жекелеген қылмыстың құрамының
ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың
арнаулы субъектісі болып табылады. Мысалы, мемлекеттік қызмет мүлдесіне
қарсы қылмыстың барлығы дерлік арнаулы мемлекеттік кызметшілер арқылы
істеледі. Бұл жерде мемлекеттік қызметші арнаулы субъект болып табылады,
әскери қылмыстарды тек әскери кызметшілер істейді, сондықтан әскери
қызметшілер де қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады.

2. Қылмыстың субъективтік жағының
түсінігі және оның маңызы
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-
әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып
табылады.
Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда
субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Бұл жерден
шығатын қорытынды қылмыстың объективтік және субъективтік жағының белгілері
өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады. Сондықтан да қылмыстың
субъективтік жағына барынша тығыз талдау жасау қажет.
Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері:
кінә, қылмыстык ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс
істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын
алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп
береді.
Аталып өткен қылмыстың субъективтік жағының осы белгілерінің заңдылық
маңызы біркелкі емес, керісінше әр түрлі. Кінә кез келген қылмыс құрамының
субъективтік жағының міндетті белгісі болып табылады. Кінәсіз қылмыстын
құрамы болмайды. Мұның өзі кінәсіз жағдайда кылмыстық жауаптылық туралы сөз
болуы мүмкін емес дегенді білдірді. Қылмыстық ниет және мақсат, кінәға
қарағанда, кейбір құрамдар үшін заңда керсетілген реттерде қажетті белгі
болады. Ал олай болмаған жағдайларда, ниет пен мақсат қылмыс құрамының
факультативті белгісі ғана болып саналады.
Істелмекші болған қылмыс жөніндегі абыржү, өкініш білдіру немесе
жазадан қорқу психологиялық әрекеттің элементтері болып табылмайды,
сондықтан ол қылмыстың субъективтік белгісіне жатпайды.
Қылмыстың субъективтік жағының белгілері - кінәні, ниет пен мақсатты
дұрыс анықтаудың маңызы мынада:
Біріншіден, қылмыстық жауаптылық негізінін құрамдас бөлігі ретінде ол
қылмысты қылмыс болып табылмайтын іс-әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, қылмыстың субъективтік жағы объективтік жағынан өзара ұқсас
құрамдарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызады.
Үшіншіден, қылмыстың субъективтік жағының мазмұны істелген қылмыстың,
сондай-ақ оны істеген адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің деңгейін
анықтауға себеп болады. Мұның өзі жауаптылықтың негізділігін және мөлшерін
анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қылмыстың субъективтік жағының қылмыстық, жа- уаптылықтың бар-
жоғын анықтау үшін, істелген қылмысты дұрыс саралау үшін және әділ жаза
тағайындау үшін манызы ерекше. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты көптеген каулыларында қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын,
кінәнің нысандарын, қылмыстық қаскүнемдік пен арам ниеттің және оның
мақсатының мазмұны мен бағытын терең зерттеуді талап етеді.

3. Қылмыс субъектісінің жасқа толу белгісі

Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыстың субъектісі болып заңда көрсетілген
жасқа толған, есі дұрыс адам саналады. Адамды қылмыстық жауапқа тартудың ең
негізгі шарттарының бірі оның белгілі жасқа толуы болып танылады. Өте жас
балалар қылмыстың субъектісі бола алмайды.
Өйткені, олар өздерінің тым жастығына сәйкес жеткілікті жағдайда
өздерінің қоғамға істеген зиянды іс-әрекетіне жауап бере алмайды және
өздерінің қылықтарын басқара алмайды. Сондықтан қылмыстық заң өзі арнайы
көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстық жауапқа және жазаға
тартуға тыйым салады. Кәмелетке толмағандардың жас мелшері және оларды
кылмыс субъектісі деп тану мәселесі Қылмыстық кодекстің 15-бабында арнайы
көрсетілген. Осы бап бойынша қылмыстық жауапқа қылмыс істеген уақытқа дейін
он алты жасқа толған адамдар тартылады.
Қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кісі өлтіргені (96-
бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (103-бап), ауырлататын мән-
жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін
(104-бап, 2-бөлігі), зорлағаны (120-бап), жыныстық сипаттағы күштеу
әрекеттері (121-бап), адамды ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (175-бап),
кісі тонағаны (178-бап), қарақшылық, істегені (179-бап), қорқытып алғаны
(181-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік
құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иеленгені (185-баптың 2,3,4-
бөліктері), ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе
бүлдіргені (187-баптың 2,3-бөліктері), терроризм (233-бап), адамды кепілге
алу (234-бап), террористік акті туралы біле түра керінеу өтірік хабарлағаны
(242-бап), қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш
құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны (255-бап), ауырлататын мән-жайдағы
бұзақылығы, (257-баптың 2, 3-бөліктері), тағылық (288-бап), есірткі
заттарды немесе жүйкеге әсер ететін, заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны
(260-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүрдесін
және олардың жерленген жерін қорлағаны (275-бап, 2-бөлігі), көлік құралдары
немесе қатынас құралдарын қасақана жарамсыз еткені (299-бап) үшін қылмыстық
жауапқа тартылуы тиіс.
Бұл тізбекте келтірілген қылмыстар тізбегі тұжырымды, оны кең мағынада
талқылауға болмайды. Осы көрсетілген қылмыстардың қоғамға қауіптілігін 14
жасқа толған әрбір адам сезеді, өз әрекетіне есеп береді, сол себепті де
заң шығарушы көрсетілген қылмыстар үшін жауаптылықты 14 жасқа толған
уақыттан бастап белгілеп отыр.
Қылмыстық заң қылмыстық жауапқа 16 жастан, ал кейбір заңда арнаулы
көрсетілген қылмыстардың түрі үшін 14 жастан тартылатынын белгілегенімен,
кейбір әрекеттің мәнінің ерекшелігіне және субъектінің ерекше белгілеріне
қарай, қайсыбір қылмыстардың субъектісі болып, жасы кәмелетке толған
адамдар ғана тартылады. Мысалы, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске
тарту — 131-бап, әскери қылмыстарда (16-тарау) қылмыстың субъектісі болып
тек жасы 18-ге толған адамдар ғана танылады.
Қылмыс істеген, кәмелетке толғандардың жасы, туған жылы, айы-күні дәлме-
дәл анықталуы қажет.
Адамның белгілібір жасқа (14,16,18,25) толуы дәл туған күнімен емес, одан
кейінгі тәуліктен бастап есептелінеді. Кәмелетке толмағандардың жасы сот-
медициналық сарапшының корытындысы бойынша анықталғанда, оның туған күні
болып сол аталған жылдың соңғы айының соңғы күні (31 желтоқсан) танылады.
Кәмелетке толмағандар жөніндегі істерді қарағанда соттар айыпкердің кім
екендігін, оның тәрбие және өмір сүру шарттарын, қылмыстық ниетін, істеген
қылмысының себебі мен жағдайын толық есепке ала отырып, оларға тәрбиелік
сипаттағы шараларды қолдануды немесе жаза тағайындау мәселесін шешуі қажет.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылдың 30 сәуіріндегі
Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы № 1
қаулысында осындай мәселелерге ерекше назар аударылған. Онда Егер қоғамға
онша зиянды емес қылмыс жасаған он сегіз жасқа толмаған адамға қылмыстық
жаза қолданбай-ақ тұзелуі мүмкін деп тапса, сот ондай адамға қылмыстық жаза
болып табылмайтын басқа шараларды қарастырады. Жасөспірімдер жөніндегі істі
қарағанда сот айыпкердің жеке басына байланысты мәліметтерді, олардың өмір
сүру және тәрбиелілік жағдайларын, қылмысты істеуінің себептері мен оған
әсер еткен мән-жайларды, ересектердің оларды қылмысқа итермелеудегі,
тартудағы әсерін анықтаумен бірге оларға жаза тағайындауда тәрбиелік әсері
бар мәжбүрлеу шараларын да қарастыруы керек, - делінген.
Егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде
көзделген жасқа толса, бірақ психикасынын, бұзылуына байланысты емес
психикалық даму жағынан артта калуы салдарынан кішігірім немесе орташа
ауырлықтағы қылмысты жасау кезіңдегі өзінің іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық
көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға
тиіс емес (15-бап, 3-бәлігі).
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларға жаза
тағайындаудың ерекшеліктері Қылмыстық кодекстің IV бөлімінде (78—87-
баптарда) арнайы қарастырылған.

4. Қылмыстың арнаулы субъектісі

Кейбір қылмыстық құрамдар үшін қылмыстың субъектісі болуға есі
дұрыстық, заңда белгіленген жасқа толу жеткіліксіз, ондай құрамдарға
субъект болу үшін осы көрсетілген белгілердің үстіне басқа да қосымша
белгілер болуы қажет. Мысалы, сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын
бұрмалау және дауысты қате есептеу қылмысының (147-бап) субъектісі болып
тек қана осы бапта арнайы көрсетілген — арнаулы адамдар ғана бола алады.
Мемлекеттік құпияны (172-бап) жариялаудың субъектісі болып тек сол кұпия
сеніп тапсырған адам танылады. Еңбек туралы заңдарды бұзудын (148-бап)
субъектісі болып лауазымды адам танылады. Аталған қылмыстың құрамының
ерекшелігі сол, мұндай қылмыстарды арнаулы атағы, лауазымы, белгілері жоқ,
кез келген адам істей алмайды. Жоғарыда айтылған сайлау ко-миссиясының
мүшелері, лауазымды адамдар немесе дәрігерлік атақтар, арнаулы белгілерді
көрсетеді. Сонымен, қылмыстың арнаулы субъектісі дегеніміз субъектінің
жалпы белгімен (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) бірге Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті нормаларда керсетілген косымша —
арнаулы белгілері бар адамдарды айтамыз.
Қолданылып жүрген қылмыстық заңда қылмыстын арнаулы субъектісі туралы
жалпы ұғым берілмеген. Қылмыстың арнаулы субъектісін сипаттайтын белгілер
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті қылмыстық-құқылық нормаларының
диспозицияларында көрсетілген.
Кейбір жағдайларда заң шығарушылық арнаулы субъектісі бар қылмыстық-
құқықтық нормалары жеке тарауларға біріктірілген, сондай-ақ Қылмыстық
кодекстің ерекше бөлімінің нақты нормаларында арнаулы субъектінін
белгілерін керсеткен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ерекше
бөлімінде мұндай екі түрлі тараудың аты көрсетілген: 13-тарау - мемлекеттік
қызмет мүлделеріне қарсы қылмыстар және 16-тарау әскери қылмыстар.
Мемлекеттік кызмет мүлдесіне карсы қылмыстардың ерекшелігі сол, мұндай
қылмыстарды тек қана мемлекеттік органның лауазым иесі немесе қызметшісі
болып тағайындалған адамдар ғана қызмет бабын пайдалану арқылы істей алады.
Санатқа жатпайтын адамдар қызмет бабындағы қылмыстардың объективтік жағының
белгілерін орындауы мүмкін емес. Әскери қылмыстардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есiнiң дұрыстығы мен дұрыс еместiгi
Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар субъектісі
Кінәнің нысандары бойынша қылмысты саралау
Қылмыстық құқықтағы кінәнің түсінігі және маңызы
Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері
ЖАНАМА НИЕТ
Арнаулы субъектілердің қылмысқа қатысуы
Қылмыстың арнаулы субъектісінің белгілері
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. құқыққа сай мінез-құлық
Қылмыс құрамының ұғымы, белгілері
Пәндер