Жер ресурстары мен топырақ жамылғысы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Жоспары
І. Кіріспе
Жер ресурстары мен топырақ жамылғысы.
II. Негізгі бөлім
а) Жер ресурстарын ұтымды пайдалану.
ә) Топырақ - тіршілік ортасы.
б) Жер ресурстары мен топырақты қорғау жөніндегі ҚР. -дағы заңдар.
III. «Бүгін күн көрейік, ертеңгіні көре жатармыз» . . .
Күн жүйесін айналып жүрген 9 планетаның бірі - Жер болып табылады. Жер ядро, мантия және жер қыртысы (литосфера) сияқты қабаттардан тұрады. Жердің өзіндік радиусы, салмағы, көлемі бар. Енді сол Жердің қойнауы қазба байлыққа толы.
Жер қойнауындағы пайдалы кендерді 3 топқа бөлеміз:
- Жанатын пайдалы кендер - көмір, шым тезек, мұнай, газ, т. б
- рудалы пайдалы кендер - темір, қалайы, қорғасын, мырыш, т. б.
- рудасыз пайдалы кендер - тау мен химия шикі заттары, отқа төзімді материалдар.
Адамдар ерте заманнан бері жер қойнауынан пайдалы заттарды алып, керегіне жаратып келеді. Пайдалы кендер қазу мөлшері жыл сайын өсіп, қазір 125 миллиард тоннаға жетті. Алғашында жер қойнауынан тек 4 металл: алтын, күміс, темір және мыс алынатын болса, осы күні 200-ден астам шикізат пен отын түрлері қазылады. Бірақ жер қойнауы әлі толық зерттеліп болған жоқ.
Жер қойнауын жан-жақты зерттеу және тереңірек қарау үшін кең көлемде сейсмикалық, геофизикалық, геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Дамыған, өркениетті елдер ішіндегі минералды шикізатқа бай ел ол - АҚШ. Ал Батыс Европа елдері мен Жапонияда мұндай шикізат көзі өте аз. Сондықтан көптеген елдер өздерінің кендерін кейінгі ұрпақтарына сақтап, шет елдерден арзан бағамен алғанды тәуір көреді.
Қазақ жері де қазба кендерге өте бай. Тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ, түсті, асыл және сирек кездесетін металдарға, рудасыз пайдалы қазбаларға, Қазақстанда көмірдің он шақты бассейні, кен өндіретін көптеген заводтардың қоры шоғырланған.
Енді сол қазба байлықтарын «жаратылыстың бергені көп» екен деп қолда барды шашып-төгу, орынсыз жұмсау, қазірге керегін алып, қалғанын қалдық санау дұрыс емес. Елдің байлығы сол жұрттың мұрасы, онымен басқаларды тойдырамыз деу ұрпақтың үлесін шашып-төгу деген сөз. Сондықтан өзіміздің келешек ұрпақтарымыз үшін сол байлықты жеткізуіміз керек.
Экологиялық дағдарыстың туындауын болдырмау үшін, тіршілік ететін ортаның, өндірістің, экожүйенің табиғатпен байланыстылығын толық, терең зерттеуді талап етеді. Қандай қоғамда еңбек етсекте, ондағы экологиялық ілімді толық талдамай біздің болашағымыздың бұлдыр екендігін, яғни қауіпті шаралардың туындауы сөзсіз. Жер бетіндегі биосфера адам айналасындағы табиғи орта құрамдастары, сонымен қатар ғаламдық экожүйені қамтиды. Жер кыртысындағы микроағзалардың тіршілік әрекеті, гидросферадағы өсімдік және жануарлар тіршілігінің дамуы т. б. бір сөзбен айтқанда, биогеоценоздағы тіршілік мекенінің дамуы, кемуі, жойылып кетуі - экологиялық құбылыстың қалыптасу кезеңдерін көрсетеді. Биосфераның кеңістігіндегі Жердің массасы 6, 10 21 т, көлемі -
1, 083 ∙ 10 12 км 3 , беткі ауданы - 510, 2 млн. км 2 .
Ендеше, қандайда бір ғылым саласын қарастырғанда, оның биологиялық дамуын, физикалық мәнін, табиғаттағы келбетін (ландшафтың), математикалық құрылымын, экологиялық - экономикалық тұрғыда сараптап, талдау жасамайынша экологиялық ойдың толық өз деңгейінен шығуы неғайбыл.
Ғылыми зерттеулер - әдеби шолу немесе салыстырмалы түрдегі таңдаумен шектелмейді. Ғылым өзінің жемісін бері үшін, алдымен -тәсілді, технологияны, жетілдірілген тиімді әдістерді, жоғары деңгейде дәлелденген математикалық модельдер құрылып, қателіктері есептелінгені нақты, өндірістік тұрғыда енгізілген, халық игілігіне жетіп өнертабыстарын әлем таныса ғана, ол ілім-мәңгі жасай береді.
Ғылымды бағдарлауда алдымен оның болашағына - халыққа қажеттілігімен табиғатқа үйлесімділігін, атмосфераны, литосфераны және гидросфераны қорғауда өзінің ғылыми тұрғыдағы көзқарасын дәлелді әдістерімен көрсететін тиімді жаңа технологиялары болғанда ғана өз деңгейіне жетіп, өндірістен, табиғаттан өз орнын табады.
Мәселен, жер бетіндегі (биосферадағы) тіршілік қабілетін қамтамасыз ету үшін, ондағы жер мен су, тоған мен тау-тас, өзен-көлдер, теңіздердің ағысы, булануы т. б. табиғат құбылыстарының қалыптасуына жүйелі түрде талдау жасауды қажет етеді.
Барлығы бірімен бірі тығыз байланыста, топырақтың құнарлы болуы өсімдік пен жануарлар әлемінің тіршілігіне, жер бетіндегі және жердің астындағы сулардың орналасу деңгейлеріне, сондай-ақ, олардың биологиялық, химиялық және механикалық ластану деңгейлеріне тікелей байланысты. Әрине, бұлардың өсімдік, топырақ және адам өміріне әсер етуі - адамдардың жасанды антропогендік ықпалдарымен туындайтынын бір сәтте ұмытпауымыз қажет. Табиғаттағы ластанған қалдықтар, улы заттардың таралуы, адамның іс-әрекетімен және табиғатта туындаған эндогендік және экзогендік құбылыстардың әсерінен болатынын біз ғылыми тұрғыда білеміз.
Эндогенді құбылыстарға (магма, жер сілкіну, жер қыртысының тектоникалық қозғалысы), ал экзогендіге (су, жел, мұз, ағзалар сияқты түрлі табиғи ықпалдар, әр түрлі тау жыныстарына әсер етіп, оларды бұзады) . Аталған әр экзогенді құбылыстардың өту қарқыны жердің бедеріне, тау жыныстарының физикалық - химиялық қасиеттеріне және ауа райы жағдайларына тікелей байланысты.
Енді бізге, әрбір нысан (геоландшафт) қандайда бір өзгеріске түспеу үшін оған қажетті де, тиімді шараларды ұйымдастыруымыз керек.
Ғаламдық экологиялық көзқарастарға мәнді баға берсек, ауаның жылулығы 100 жылда 1ºС-тан 2 ºС-қа дейінгі аралыққа өзгереді екен. Олай болса, кез келген жүйелі талдау негізінде алынған ғылыми мәліметтер ең кем дегенде 10 жыл тіпті одан да көп аралықты қарастырса дұрыс нәтиже берер еді. Мұндай зерттеулер, әсіресе, егіншілік таптары үшін, далалық тәжірибелер, метеорологиялық станция мәліметтері, өзендердің орта ағысы 20-25 жыл т. б. сонда ғана, белгілі бір аймақтың нақты, ғылыми сипаттағы нәтижелеріне көз жеткізер едік. Әрине, қазіргі таңдағы компьютерлік жүйе мен инновациялық технология жүйелік талдаулардан өткізілген мәліметтер негізінде, математикалық модельдер құрып, алгаритмдық бағдарламамен тез болжамдық әдістерге жету мүмкіндігін де ұмытпауымыз керек. Дегенмен, өнім алынаты алқап, әрбір 20-25 жылдан кейін, бұл танаптың - генетикалық жер қыртысы, геологиясы, гидрогеологиясы т. б. әсер етуші ықпалдары өзгеретінін, осыған сәйкес жаңа технология, жаңа тұқым, шоғырлану, басқа да ғылыми көзқарастар талмай еңбек етуді, табиғатты аялауды талап етеді.
Геожүйенің экологиялық тұрғыда дұрыс қалыптасуында көптеген зерттеулерді жүйелік талдауды қажет ететін өзекті мәселелерді жоғары техникалық ддеңгейде орындалы керек. Қазіргі кезеңде, ауыспалы егіс құрамын жеткілікті талдап, әр бір аймаққа аудандастырылған дақылдарды егіп, оны мерзімінде баптап, мол өнім алу үшін, ең алдымен, сол жергілікті аймақтың экологиялық күйін терең зерттеп, ондағы экологиялық, гидрогеологиялық және топырақтың ауаландыру аймағындағы ластану жағдайларына әсер ететін ықпалдарды анықтау керек.
Тұзданған топырақтың сулы-физикалық қасиеттеріне, тұздану дәрежесі мен химиялық құрамына, зерттелетін нысанның жер асты және ыза суларының орналасу тереңдігіне, шаю кезіндегі ерітіндіге түскен мүмкін болатын судың минералдылығына, тұзды шаюдың ұзақтылығына, топыраққа сіңірілген судың мөлшеріне, шаю кезіндегі булануға кеткен ысырап коллекторлар мен топырақ қабатынан келетін судың көлеміне тікелей байланысты, зерттелетін жерлердің ауаландыру аймағындағы (есептеу аралығындағы) топырақтың ластану деңгейін сипаттайтын экологиялық коэффиценттерді анықтау төмендегі 1-кестеде келтірілген. Бұл 1-кестеде көрсетілген мәліметтері тұздың химиялық құрамына (хлорлы, хлорлы-сульфатты, сульфатты-содалы, содалы т. б. ) тікелей байланысты, ерітіндідегі судың мүмкін минералдылығы, шаю кезінде ығысқан тұздар мен топырақ қабатында болатын булану, ысыраптардың мөлшерлерін есепке алады. Ең маңыздысы топырақтың сулы-физикалық қасиеті тұзданудың дәрежесі мен тұздың құрамына сай, тұзды шаюдың механизміне құрылған технлогиялық үлгі бойынша тұщыландырудың тиімді экологиялық коэффиценттері (0, 33 - 0, 83 аралығында) анықталды. Бұл алынған экологиялық коэффиценттер зерттелген ландшафт үшін өте қауіпті эклогиялық аймаққа жатады.
Топырақ - биосфераның құрам бөлігі . Топырақ дегеніміз - түрлі климат жағдайларының (жарық, жылылық, ауа, ылғалдылық) әсерінен өсімдік пен жануарлардың, ал мәдени түрге келтірілген жерлерде, адамдардың да қатысуымен өңделген және өзгерген, мәдени өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз ете алатын жер бетінің ең жоғарғы құнарлы қабаты.
Жер, оның үстіңгі майда қабаты - топырақ өз құрамына өсімдіктердің фотосинтезі арқылы үлкен геологиялық айналымнан өмірге қажетті көміртегі, сутегі, оттегі, азот, фосфор, калий, кальций және т. б. элементтерді шоғырландырды. Бұл органикалық қосылыстар жер бетіндегі барлық тіршілік пен жануарлар үшін, оның ішінде тіршіліктің ең жоғарғы туындысы адам үшін ең қажетті зат.
Құнарлығы кеткен топырақты қалпына келтіру үшін топырақтың қалыңдығы 2, 5-5 см-ге дейін бұзылғанда 300-1000 жыл керек, ал оның қалыңдығы 18 см-ге дейін бұзылғанда 2-7 мың жылға дейін уақыт керек, ал бұзылуы үшін бірнеше жыл, не тіпті күн жетіп жатыр. Сондықтан адам шаруашылыққа пайдаланғанда топырақтың құнарлы қабаттарын су және жел эрозиясынан, басқа да қолайсыз жағдайлардан сақтап, топырақ құнарлығын жылдан-жылға жақсартатын әдістер қолдануы қажет. Орыстың ұлы ғалымы В. В. Докучаев топырақты, оның ішінде орыстың қара топырағын өте жоғары бағалай келіп, оны көмір, темір, алтын және мұнай кендерінен де қымбат санаған. Сол себепті өзімізге әрі тамақ, әрі асыраушымыз болып отырған жеріміздің құнарлығын көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет.
Топырақтың түзілуіне негізгі алты фактор әсер етеді: топырақты түзуші тау жынысы, жер бедері, ауа райы, жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктер мен жәндіктер, аймақтың геологиялық жасы және қоғамның өндіргіш күші.
Топырақ - күрделі, көп фазалы жүйе. Топырақ төрт фазадан тұрады:
- қатты фаза (минералдық және органикалық)
- топырақтың ауа фазасы
- ылғал фаза (топырақ ерітіндісі)
- тірі фаза (топырақтағы тірі организмдер)
... жалғасыБұл фазалар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Топырақтың қатты фазасы табиғи көлемнің 50-60%-ын құрайды. Оның құрамына топырақтың минералдық және органикалық бөліктері кіреді.
Топырақ қопсыған кеуек дене, сондықтан оның құрамында үнемі ауа болады. Топырақтағы ауа мөлшері оның тығыздығына, механикалық құрамына, ылғалдылығына, өңдеу жағдайларына, онда өсетін өсімдіктерге және т. б. жағдайларға байланысты. Топырақтың құрамында неғұрлым су көп болса, онда соғұрлым ауа аз болады.
Топырақ су сыйымдылығы бар қопсытылған дене болғандықтан, оның құрамында әрдайым азды-көпті ылғал кездеседі. Ылғалды топырақ құнарлы болып есептеледі.
Топырақтың механикалық құрамы әртүрлі түйіршік бөлшектерден тұрады. Түйіршіктердің көлемінің әртүрлігіне қарай топырақтың механикалық құрамы да әртүрлі болады.
Топырақтың құрамында минералды заттардан басқа тірі организмдер де кездеседі. Оларға микроорганизмдер мен қарапайым майда жәндіктер жатады. Микроорганизмдер органикалық қалдықтарды тудырушы ғана емес, олар бұдан күрделі қосылыс - гумус түзеді.
Ферменттер - топырақта жүретін барлық биохимиялық реакцияларды реттеуші. Олар топырақта өсімдік бойынан, ұсақ организмдер мен жануарлардың денелерінен тарайды.
Топырақтың химиялық құрамы өзін түзген тау жыныстарының құрамынан айырмашылығы бар. Мұнда органикалық элементтердің мөлшері көп: мысалы, көміртегі 20 есе, азот 10 есе, оттегі және сутегінің де мөлшері едәуір, ал алюминий, темір, калий, кальций, т. б. аз екендігі байқалады. Бұл элементтер топырақтың құрамында әртүрлі химиялық қосындылар түрінде кездеседі, олар арқылы топырақтың түрлерін анықтауға болады.
Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән белгілі бір морфологиялық құрылымы, пішін түзіледі. Топырақ осы құрылымына қарай өзі түзілген тау жыныстарынан, сондай-ақ бір-бірінен жақсы ажыратылады. Топырақтың негізгі морфологиялық белгілері: оның түсі, құрамы, кеуектілігі, құрамындағы әртүрлі тұздар, механикалық құрамы, өсімдік тамырының таралуы енеді. Топырақтың түсіне қатты әсер ететін нәрсе - оның құрамындағы қарашіріктің мөлшері.
Топырақтың құнарлығы дегеніміз- онда өсетін өсімдіктерді бүкіл өсу, даму кезеңдерінде барлық қажетті қоректік заттармен, сумен, күн сәулесі және ауамен қамтамасыз етуі.
Адамдар осы күнге дейін қазбалы кендерді ұтымды пайдалану өздеріне де, қоршаған ортаға да тиімді екенін ескере бермейді. Оның орнына қазбалы кен құрамындағы бір-екі пайдалы затты алып, калғанын қалдыққа жіберіп шашып-төгіп, айналаны ласиап жатады. Бар пайдалы заттарды айырып алуды үйренбей қазіргідей шаша берсе, ондай қоғамның тез арада баюы екі талай.
Металл кендерін қазып, өңдеп, болат қорытып, онан машина және басқа жабдықтар жасағанша алынған металдың 20 проценті үгіндікке, жаңқаға, өртеуге айналады. Ал егерде керекті жабдықтарды оның бөлшектерін қалыпқа салып дайындаса мұндай көп қалдық болмас еді.
Біздегі қара және түсті металлургия, химия кәсіпорындары артта қалған технологиямен жұмыс істеп, қазбалы кендердегі барлық пайдалы заттарды аыйрып ала алмайды.
Өскеменг мен Лениногор түсті металлургия, Жамбыл, Қаратау, Шымкент химия, Рудный мен Теміртау қара металлургия, Қарағанды мен Екібастұз көмір кәсіпорындарында тау-тау болып үйіліп жатқан қалдықтар қазбалы кендерді ұтымды пайдалану жолдарын әлі игере алмай келе жатқанымыздың куәсі. Балқаш, Жезқазған, Алға, Текелі т. б. қалалардағы жасанды таулар да соның белгісі.
Қазіргі таңда егістік және шабындық жерлердің бәрі күл мен шлак төгетін аймаққа айналған. Металл қорытқандағы немесе көмір жаққанда пайда болатын шлак салқындаған соң ауаға улы газдар бөледі, ал күл болса желмен ұшып жан-жақты ластайды.
Қазбалы байлықтарды шашып-төгу, оларды ұтымды пайдалану орнына, қалдыққа айналдыру, сөйтіп өзіне және биосфераға зиян тигізу өте қауіпті екенін көптеген елдер әлде қашан түсінген. Бір кәсіпорынның қалдығын екіншісі шикізат ретінде пайдалану көпшілік елдерде кең өріс алған.
Ал енді топырақты ластаушы және аздырушы көздерге келетін болсақ, топырақ ол тіршіліктің ортасы болып табылады. Күшті жел мен дауыл, қатты ағын сулар, басқа да күтпеген табиғи құбылыстар жер бетін бүлдіріп, топырақтың үстіңгі құнарлы қабатын алып кетеді. Бірақ топыраққа зиянды табиғаттан гөрі адамдар көп келтіреді. Африкада, Оңтүстік Америкада, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азияда орасан зор алқаптар арнайы егіншілік, жөнсіз қолданған техника, жүйесіз пайдаланылған жайылым мен шексіз кесілген орман салдарынан құрғап, кеуіп құмға айналды. Топырақтың құнарсыздануы жердің азуына, бүлінуіне, тұздануына, батпақтануына, құмға айналуына, ластануына тікелей байланысты болады.
Топырақ эрозиясы - табиғи құбылыстардың әсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым-жартылай бүлінуі. Эрозия екі түрге: жел эрозиясы және су эрозиясы болып бөлінеді. Табиғаттың әртүрлі факторлары топыраққа түрліше әсер етеді. Қатты жауған жаңбыр, қардың еруі, желдің қатты соғуы тау жыныстарына да, топыраққа да күшті әсер етеді.
Жел эрозиясы - топырақтың құрғақ, майда бөлшектерінің желмен ұшып кетуі. Құрғақ топырақтар ылғал топыраққа қарағанда желмен тез ұшады, сондықтан дефляция құрғақ климатты аудандарда жиі байқалады.
Адамның топыраққа әсері табиғи ландшафтардың бұзылуымен, биоалуантүрліліктің кедейленуімен, экожүйелердің тұрақтылығының төмендеуімен, өнімділігі мен биомассасының кемуімен сипатталады. Топырақтағы органикалық заттар энергияның жиналу және сақталу факторы болып есептеледі. Егер де бұл заттардың мөлшері кемитін болса, онда топырақтың құнарлығы, оның өзін-өзі реттеуі, тұрақтылығы төмендейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz