Экономикалық іс-әрекеттердің нәтижесін өлешу, жалпы ұлттық өнім жұө (жіо), қор және ағын



1.1. Экономикалық іс.әрекеттердің нәтижесін өлешу, жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ (ЖІО), қор және ағын
1.2. ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАСҚА ДА КӨРСЕТКІШТЕР. ТҰТЫНУ БАҒАСЫНЫҢ ИНДЕКСІ ЖӘНЕ ЖҰӨ ДЕФЛЯТОРЫ
Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара бай-ланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінгі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптсақан.Әрбір теорияны дайындап, алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз.Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді.Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз.Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз.Біз бәріміз экономикалық процестерге қатысушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетінге ие боламыз.Экономикалық статистика – бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс-әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін жәнее сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді.Алынған дерекетер бойынша әртүрлі статис-тикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономика-ның қалыпын, жағдайын сипаттайды.
Макроэкономистер бұл статистиканы өздерінің талдауларынада пайда-ланады.Бұлар экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті әдістерді жасағанда көмек көрсетеді. Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады.Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.
Біз, осы көрсеткіштер қалай есептелінеді және олардан экономика туралы қандай ақпараттар алуға болатындығын қарастырамыз.
ЖҰӨ экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі.Статистика-лық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық іс-әрекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген.ЖҰӨ-ді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:
1) Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы.
2) Өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.
ЖҰӨ - экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табысатрды көбірек қалайды.Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәреже-сінің деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.
ЖҚӨ - экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді.Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады.Жалпы, экономика үшн табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек.Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлттық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін және басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып-үйренуіміз керек.
1. Н.Қ. Мамыров, Тілеужанова
«Макроэкономика – экономика».

2. Шеденов «Жалпы экономикалық теория»

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
1.1. Экономикалық іс-әрекеттердің нәтижесін өлешу, жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ
(ЖІО), қор және ағын

Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара бай-ланысы
мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны
зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінгі болып
табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптсақан.Әрбір
теорияны дайындап, алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды
қарастырамыз.Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі
ретінде қызмет етеді.Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез
көтеріліп жатқанын көресіз.Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай
ма, жоқ па, соны білесіз.Біз бәріміз экономикалық процестерге
қатысушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетінге
ие боламыз.Экономикалық статистика – бұл объективті ақпараттың қайнар көзі.
Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс-әрекеті туралы, яғни
белгіленген бағалардың деңгейін жәнее сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және
т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді.Алынған дерекетер
бойынша әртүрлі статис-тикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы
экономика-ның қалыпын, жағдайын сипаттайды.
Макроэкономистер бұл статистиканы өздерінің талдауларынада пайда-
ланады.Бұлар экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті әдістерді
жасағанда көмек көрсетеді. Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта,
экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады.Жалпы ұлттық өнім
(ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен
қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.
Біз, осы көрсеткіштер қалай есептелінеді және олардан экономика туралы
қандай ақпараттар алуға болатындығын қарастырамыз.
ЖҰӨ экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі.Статистика-лық
деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша,
экономикалық іс-әрекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге
негізделген.ЖҰӨ-ді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:
1) Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы.
2) Өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.
ЖҰӨ - экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға
қарағанда үлкен табысатрды көбірек қалайды.Яғни өндіріс тауарлары мен
көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәреже-
сінің деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.
ЖҚӨ - экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей
өлшейді.Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады.Жалпы, экономика үшн
табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек.Бұған көз жеткізу үшін, біз
ұлттық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін және басқа да сонымен
байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып-үйренуіміз керек.

Табыстар, шығындар және олардың айналымы

Мысал ретіндемынадай экономиканы алайық:
Мұнда тек бір ғана тауар – нан өндірілсін, яғни бір ғана фактор –
еңбек пайдаланылады.
1-суретте үй шаруашылығы мен фирмалар арасындағы барлық экономи-калық
мәлімелелер көрсетілген.Суреттегі ішкі шеңбер нан мен еңбек ағынын
көрсетеді.Фирма өз жұмыскерлерінің еңбектерін нан өндіруге пайдаланады,
және фирма сол өнімді – нанды өз кезегінде ұй шаруа-шылығына сатады.Осыған
байланысты еңбек үй шаруашылығынан фирма-ларға қарай қозғалады.Ал сыртқы
шеңбер суреттегі ақша ағынын көрсетеді.
Үй шаруашылығы фирмадан нан сатып алады.Фирма сатудан түскен төлем-дердің
бір бөлігін жұмысшылардың еңбекақысы ретінде пайдаланады, ал қалғаны табыс
болады.Осы фирма басқарушылары үшін үй шаруасы да бір сектор бөлігі болып
табылады.Сондықтан нанға кеткен шығын үй шаруашы-лығынан фирмаға келіп
түссе, ал айлық төлем ақы табыс ретінде фирмалар-дан үй шаруашылығыа келіп
түседі. ЖҰӨ - экономикада ақша ағынын сипаттайды. Біз оны екі жолмен
есептесуімізге болады.
ЖҰӨ - бұл нан өндірісінің табыс жиынтығы, ол жалақы мен пайдағы тең
яғни суреттегі ақша айналымының жоғарғы жартысы. Сонымен қатар ЖҰӨ - бұл
нан алуға кеткен жалпы шығын көлемі, яғни ақша айналымының төменгі
жартысы.Осыған байланысты біз фирмалардан үй шаруашылығына баратын ақша
ағынын біле аламыз.Шығындар мен табыстардың теңдігі мына есеп ережесінен
шығады: өнімді өндіруге кеткен барлық шығын осы өнімді өндірушілердің
табысы болып табылады.Осы ережеге байланысты кез келген мәселенің
нәтижесінде шығын көлемі өзгеріске ұшыраса, онда табыс та өзгереді және кез
келген мәселе нәтижесінде табыс өзгерсе, онда шығын көлемі де өзгереді.

Еңбек

Тауар (нан)

Шығын (долл.)

1 – сурет. Айналым

Мысалы, фирма нанды өндіріп, үй шарушылығына бір нанды артық саттық
делік. Әрине, мұндай жағдайда, нанға деген жалпы шығын көлемін өзгертеді
және жалпы табыс та өзгереді.Егер фирмаға қосымша нан өндіру үшін қо-сымша
жұмысшы қабылдау қажет болса, онда жалақының жалпы көлемі көтеріледі.Егер
фирма жұмыскерлердің көмегінсіз өндірсе (яғни өндіріс үрдісін тиімдіріек
әрі ұтымыды етіп жасайды), онда пайда көбейеді.Осы екі жағдайда шығын мен
табыс бірдей өлшемге көбейеді.
Ауыспалы көлем 2 түрге бөлінеді – қор және ағың.
2- суретте ваннадағы судың көлемі – бұл қор, ол әдетте нақты уақыт
мерзімімен өлшенеді, кран арқылы құйылатын су көлемі – бұл ағын, ол әдетте
бірлік уақыт көлемімен өлшенеді.

2 – сурет

Кран арқылы келетін су – ағын, ваннаға уақыт бірлігінде келетін су
көлемі.Сондықтан, қор мен ағынды өлшеу үшін әр түрлі біріліктер қолда-
нылады.Ваннада 50 литр су бар, ал ваннаға әр минутта 5 литр су құйылады.
Кейбір айнымалыларға теориялық талдау жасаған сәтте біз қор мен ағын
арасындағы тәуелділікті жиі кездестіреміз.Ваннадағы жағдай бұл әдеттегі
тәуелділік. Қордағы су, кран арқылы құйылатын ағынның жиналуы нәти-жесінде
ванна толады. Қордың өзгеру үрдісі ағында көрсетілген.Экономика-лық
көрсеткіштерді зерттеу кезінде, көбінесе қай санатқа жататындығын анықтау
қажет болады – қор ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелділік бар ма?
Төменде біз келесі тарауларда оқитын бірнеше бір-бірімен байланыс-ты
қордағы ағын түрлері мысалдары көрсетілген:
• Тұтынушы заты – қор, оның табысы мен шығыны – ағын.
• Жұмыссыздар саны – қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны – ағын.
• Мемлекеттік қарыз – қор, бюджет тапшылығы – ағын.
Жоғарыда қарастырылған түсініктердің көпшілігі ағын түсінігіне
жатады. Мысалы, ЖҰӨ (ЖІӨ), инвестиция, мемлекеттік шығын, т.б.
Макроэкономикада маңызды деп есептелетін қор – ағын ұғымына жататын
кейбір көрсеткіштерді қарастырамыз.
1. Инвестиция және негізгі капитал. Экономикдағы капитал – бұл
белгіленген, анықталған уақытта жинатқатлған тұрғын үй қоры, машина,
құралдар, өндірістік ғимараттар қоры және елодегі өндіруші күш.
Инвестициялық шығындар – бұл белгілі бір уақыт аралығында негізгі капиталды
қолдауға және капиталдың өсуіне бағытталған өнімдер ағыны.

Осыдан төмендегідей қатынасты алуға болады.
К = К-1 + І
(1)
Мұндағы К – қарастырылып отырған жыл аяғындағы капитал қоры.Ал К-1-
қарастырылып отырған жыл алдындағы жылдың капитал қоры. Қор өсімі
(К-К1) инвестиция ағымына тең.
Егер инвестиция мен капитал қорының арасындағы байланысты тереңірек
қарастырсақ, онда төмендегі теңдеуді құруға болады.

К = К-1 + І – DN
(1)
Мұндағы DN – кейбір капитал қоры табиғи қартаяды немесе үнемі
пайдалану нәтижесінде тозады, мұндай тозуды амортизация деп те атайды.
І – инвестиция ағымы, жалпы инвестиция деп те атайды.
І – DN – таза инвестиция.
2. Қор және байлық. Жоғарыда қарастырылған қор – ағын ұғымының бір
көрсеткіші ретінде қор және байлықты қарастыруға болады.Қор S табыстың
тұтынудан қалған бөлігі, бұл қаржылық байлықтың қалыптасуына мүмкіндік
береді және (W) белгіленеді.

W – W-1 = S (3)
(W – W-1) – қор жинағының өсімі қорға тең.
3. Ағымдағы операция шоттары және шетел инвестициясының сальдосы.
Қор – ағын ұғымының үшінші көрсеткіші. Ол ағындағы операция шоттары
(СА) мен шетел инвестициясының сальдосы (NIIP) арасындағы байланысты
көрсететін тәуелділік.

NIIP = NIIP-1 + СА (4)

4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз. Бұл көрсеткіш мемлекеттің
таза қарызының мөлшері Dd пен бюджет тапшылығы (DEF) арасындағы
тәуелділікті көрсетеді.

Dd Dd-1 - Dd (5)

ЖҰӨ - ң кейбір есептеу принциптері

Гипотекалық экономикада, мұнда тек нанды өндіретін деп жорамал-даймыз.
Нақты өмірде мемлекеттердің ЖҰӨ-ны есептеу күрделі мәселе. Сондай күрделі
экономиканы өндіріс пен қызметтер шығынын қоса отырып, тікелей түсінуге
болмайды. ЖҰӨ туралы дұрыс түсінік алу үшін, оның басты қалыптасу
принциптері туралы білу қажет.
Қор есебі: Мәселен, фирма қосымша жұмысшылар алып, өндірісін үлкейтсе,
яғни нан өндірсе, оларға жалақы төлесе, ал содан кейін жасаған тауарлары
өтпей қалса, бұл ЖҰӨ өлшеміне қалай әсер етеді?
Жауап өтпей қалған нанды не істейді, соған байланысты. Егер нан керек
емес деп тасталса, онда фирма пайдасы қосымша жалақы өлшемі ретінде
төленеді, - сонда фирма жалақы ретін үлкен сома төлесе, ал пайда ретінде
өзіне ешқандай табыс тапқан жоқ. Бұл операция шығын көлеміне және табыс
деңгейіне әсер етпейді.Сондықтан ЖҰӨ өлшемі өзгеріссіз қалады (тек қана
жалақыға тиесілі бөлігі аз). Басқаша айтқанда, егер нанды кейінірек сату
үшін, қорға жинап қойса, онда ұлттық есептеу принципіне байланысты, бұл
операция басқаша қаралады.Бұл жағдайда пайда қысқартылмайды, себебі нан
фирма қорында сақталуда.Сол себепті ЖҰӨ көлемі көбейеді.Яғни, жалақы-ның
жоғары болуынан пайда жоғарылайды, сонымен қатар қордың жиналуы-нан шығын
көлемі көбейеді.
Жалпы ереже бойынша фирма тауар қорын көбейткен сайын инвестиция
көлемі қорға және шығын құрамына, табыс құрамына енеді. Сол себепті,
өндіріс нәтижесінде қор өсімі пайда болады, ЖҰӨ көбейеді.

Алма мен апельсинді қалай қосуға болады

Біз ЖҰӨ- ді талдау барысында нанды тек бір ғана өндіріс тауары деп
қарадық. Шын мәнінде, экономикада көптеген тауар түрлері мен қызмет
түрлері – нан, автомобильдер, шаштараз қызметтері және т.с.с. бар.ЖҰӨ-де
осы әр түрлі тауарлардың құны бір жалпы көрсеткіш арқылы өрнектеледі.
Экономиада өндірілген тауарлардың әр түрлілігі ЖҰӨ есебін қиындатады,
себебі бұл тауарлардың әр қайсысы әр түрлі баға иемденеді. Мәселен,
айталық, экономикада 3 апельсин мен 4 алма өндірілсін. ЖҰӨ-ді қалай
есептейміз? Біз жай ғана алма мен апельсиннің санын қосып, ЖҰӨ - ді 7
бірлік жеміс-жидек деп айтуымызға болады.
Егерде алма мен апельсиннің бағасы бірдей болса ғана мұның мағынасы
болады, бірақ ереже бойынша олай емес (Егер біз экономикда 4 арбуз және 3
грейпфрукт өндіріледі десек, бұл мысал бұдан да түсінікті болар еді), әр
түрлі тауарлардың жалпы құнын есептеу үшін, біз нарық бағасын олардың
бағасы ретінде қолданамыз. Нарықтық бағаны қолдану себебіміз тұтынушылар
белгілі бір тауар немесе көрсетілген қызмет үшін сол бағаны нақты төлеуге
дайын. Егер де алманың 1 данасы 50 тиын тұрса, ал апельсиннің 1 дансы 1
теңге тұрса, онда ЖҰӨ мынаған тең:
ЖҰӨ = (алма бағасы х алма саны) + (апельсин бағасы х апельсин саны) =
( 0,50 х 4) + (1,00 х 3) = 5,00. барлық алма бағасына (2 теге) барлық
апельсин бағасын (3 теңге) қосамыз.
ЖҰӨ = 5 теңге.

Аралық өнім және қосымша қосылған құн

Көптеген өндіріс тауарлары бірнеше кезеңдерден өтеді: бір фирмада
шикізат аралық тауарға айналады, содан кейін басқа фирмаға дайын өнім
өндіру үшін сатылады. Біз осындай тауарларды ЖҰӨ есебінде қалай есеп-
теуіміз керек? Айталық, фермер бірнеше кг етті Мак ДОнальдс фирмасына 0,50
долларға сатады. Содан кейін Мак Дональдс елге 1,50 доллар тұратын
гамбургер сатады. Осы жағдайда ЖҰӨ-ді есептегенде, еттің және гамбургердің
бағасы 2 доллар көлемінде деп есептеу керек пе немесе тек гамбургерді 1,50
доллар деп алу керек пе?
ЖҰӨ-ге тек соңғы өнімнің бағасы ғана кіреді.Сондықтан гамбургердің
бағасы ЖҰӨ-ң бөлігі болып табылады, ал еттің бағасы енгізілмейді. ЖҰӨ тек
1,5 доллларға көтеріледі. Мұның себебі, аралық өнімнің бағасы соңғы өнімнің
бағасына кіргізіліп қойылған.Фирманың қосымша қосқан құны өндірілген
өнімінің құнының фирманың аралық өнімге, өзі жасаған құнынан алып
тасатағандағы айырмасына тең. Гамбургермен байланысты жағдайда фермер
қосқан құн 50 центке тең (бұл жағдайда фермер аралық өнімді иемденбейді, ал
Мак Дональдастің қосқан құны (1,50-0,50 доллар), яғни 1,00 долларға тең
болады.Экономика үшін жалпы қосымша құн сомасы барлық соңғы өнімдердің
бағасы мен қызметтердің нарықтағы құнына тең болуы керек. Сондықтан ЖҰӨ-ді
барлық фирмалардың қосымша құнының сомасы ретінде қарауға болады.
Көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен
есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта
сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген
қызмет құны ЖҰӨ-ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек.
Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады. Осы
шартты түрде есептелінген құндар, мысалға тұрғылықты ортада қызмет бағасы
ретінде қолданылады.пәтерді уақытша жалға алушы дам барлық қызмет құнын
төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етеді, үй иесінің табысы, тұруға
берген үйдің шығындары, бәрі ЖҰӨ-ді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке
енгізіледі.Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй
иесіне жалдау ақысы төлемегенімен, бәрібір олар сол көрсетілген қызмет
түрлерін пайдаланады. Яғни пәтер уақытша тұруға алатындар секілді.Сол
себепті, жеке үй қожайындары пайдаланатын қызмет есебі үшін, ЖҰӨ-нің
құрылымына өздері өзіне төлейтін, жалдау ақысы енгізілді. Әрине, олар
жалдау ақысын өзіне төлемейді.Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін
бағалайды, егерде олар үйлерін жалға берген жағдайда , сонымен бірге осы
арнайы есептелінген құн өлшемін ЖҰӨ-ге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй
иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді.Мемлекет ұсынған
қызметтер де осындай жолмен бағаланады.
Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет
көрсетеді.Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды
және нарық бағасын иемденбейді.ЖҰӨ құрамында осы мемле-кеттік жұмысшылар
өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Көптеген
жағдайларда осы тәріздес есеп өте қажет, бірақ ол практика түрінде жүзеге
асырылмайды. Яғни, ЖҰӨ-де арнайы есептелген құн – жалға берілген жеке
үйлер, машиналаржәне ұзақ қолданылатын тауар-лар (бұлардың бәрі адамдардың
жеке өзінің бұйымдары) іс жүзінде жасалын-байды.Осымен қатар кейбір
тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды. Мысалға,
үйде дайындалған тамақтың, ресторанда дайындалған тамақтан айырмашылығы
жоқ болса да тамақты дайындау барысындағы қосылған ЖҰӨ-ге заңсыз
дайындалған және сатылған тауарлардың, мәселен есірткінің бағасы
енгізілмейді.Яғни, арнайы есепиел-ген құн есебінің тәсілі жүзеге
асырылмаса, көптеген тауарлардың бағасы мен көрсетілген қызмет бағасы
мүлдем ЖҰӨ-ге енгізілмесе, онда ЖҰӨ - экономикалық қызметтердің нақты
көрсеткішінің нәтижесі бола алмайды. Дегенмен, осы қателіктер ЖҰӨ-ге онша
әсер етпейді.

Нақты және атаулы ЖҰӨ

Енді, осы ЖҰӨ-ді есептеудегі кейбір принциптерді анықтағаннан кейін,
мына сұрақтарды қайта қарастырайық: экономика жағдайын ЖҰӨ қаншалықты нақты
сипаттайды? Қайтадан апельсин мен алма өндіретін экономиканы қарастырайық.
ЖҰӨ өндірілген алма мен апельсиннің құнына тең:
ЖҰӨ = (алма бағасы х алма саны) + (апельсин бағасы х апельсин
саны).
ЖҰӨ өлшемі осы алма мен апельсиннің бағалары немесе санының өсуінен
жоғарылайды.Осындай жолмен есептелген ЖҰӨ экономика жағдайының тура әрі
жеткілікті көрсеткіші бола алмайды.Ол тұтынушылар, фирмалар және мемлекет
сұранысын қанағаттандыру мүмкіндігін тура сипаттамайды.
Өндірілген өнімнің құны 2 есе жоғарыласа, ал саны өзгермесе, онде ЖҰӨ де 2
есе көбейеді.Сонымен бірге 2 есе бағасы өскен тауардың саны өзгермей қалса,
онда тұтынушылардың қанағатану дәрежесі 2 есе өсті дегеніміз қате. ЖҰӨ
құрамында тауар мен көрсетілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық өнім территориялары және оны өлшеудің тәсілдері
Жалпы ұлттық өнім, қор және ағым
Жалпы ұлттық өнімің (ЖҰӨ) жалпы сипаттамасы
Эканомикалық іс-әрекеттерді нәтіжесін өлшеу
Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу
Қазақстанның экономикасы
Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері)
Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелері
Макраэкономика пәні
Пәндер