Биосферасының біртұтастылық қағидасы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Жоспары:
І. Кіріспе бөлім
А) Биосфера туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
1) Ластанған ауаның биосфера тигізетін әсері
2) Ауаны таза сақтанудың ұйымдық шаралары
ІІІ. Қорытынды
Биосферасының біртұтастылық қағидасы.
Кіріспе.
Биосфера-экология ғылымының зерттеу саласы болып санала-тын жер шарындағы тірі организмдер орналасқан экологиялык жүйе. Биосфераның қүрамына литосфераның жоғары қабаты, гидросфера түгелімен, сол сиякты атмосфера қабаты кіреді. Биосфера тірі организмдердің тіршілік етуіне қолайлы орта. Оларға көлемі кішігірім ін, қүс ұясы, қүмырсқа илеуі, ірі тау, дала, биоценоз бен экожүйелер жатады.
Биосфераның даму эволюциясы және оның болашағы тек Жер қыртысының дамуымен байланысты.
Академик В. И. Вернадский (1863-1945) биосфераны ғылыми түрғыда толық зерттеп, оның теориялык негізін салған. Оның биосфера туралы ілімі - жаратылыстану ғылымдары бойынша осы күнге дейін маңызын жоймаған теориялық еңбек. В. И. Вернадскийдің биосфера туралы негізгі идеялары өзінің "Биосфера" атты еңбегінде 1926 жылы жарык көрген. Аталған еңбекте академик биосферадағы тіршіліктің дамуын, қалыптасуын, оның шекарасы мен болашағын зерттей келіп, "биосферадағы тіршіліктің негізгі қозғаушы күші - Күн энергиясы мен химиялық элементтердің тірі және елі заттар арасындағы миграциясы жүзеге асатын зат алмасу процесі, яғни организмдердің көбеюі мен дамуы" деп түжырым жасайды. Шын мәнінде, биосферадағы жалпы тіршіліктің пайда болуы бейорганикалык элементтер не-гізінде органикалық заттардың пайда болуы түрғысынан қарастырылады.
Биосфера өзін күрайтын 3 құрамдас бөлігімен сипатталады. Олар - литосфера, гидросфера жөне атмосфера.
Академик В. И. Вернадский биосферадағы тіршілік процестерін зерттей келе химиялық элементтердің бір тобын "тірі заттар" деп атады. Олар биофильді заттарға жататын сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор және күкірт элементтері еді. Биофильді элементтердің атомы тірі организмдердің денесінде күрделі органикалық косылыстар түзе отырып, көмірсуларды, липидтерді, нәруыздар мен нуклеин қышқылдарын құрайды. Ал бұл органикалық заттар тіршілік тірегі екені мәлім.
В. И. Вернадский биосфераның қалыптасу және даму эволюциясындағы "тірі заттардың" рөлірі өте жоғары бағалады. Тірі организмдердің, әсіресе адам баласының іс-әрекетін биосфера шегіндегі биогеохимиялық фактпор деп бағалай келіп, биосфера өзін-өзі реттеп отыратын табиғи жүйе екендігін дәлелдеді. Яғни, ғаламшардағы ең жоғары сатыдағы дамыған тіршіліктің өзі тірі.
Ең басты мәселе - биосферадағы айналымдардың қалдьщсыз жүруі. Соның нөтижесінде, биосфера деп аталатьш "үйімізде" ешбір басы артьщ зиянды қосылыстар түзілмейді, бәрі де кайтадан айналымға түсіп, табиғаттың өзін-өзі тазартуы жүріп жатады. Ол процестердің ең басты козғаушы күші - Күн сәулесі екенін естен шығармауымыз керек.
В. И. Вернадский табиғаттағы зат айналымдарының түрақты даму процесіндегі адамның рөліне ерекше мән берді. Тіптен, оның дәлелдеуінше, адам баласы теңдесі жоқ биосферадағы ең қуатты геологиялық күш ретінде бағаланды. Яғни, болашақтағы биосфераның тағдыры адамзаттың ақыл-ойының сапасына немесе деңгейіне байланысты екендігін болжай келе өзінің өте маңызды теорияларының бірін тұжырымдады. Ол биосфераның жаңа тұрғыдағы сипаты, Жердің сапалы қабықшасы - ноосфера туралы болжамдар еді. Ал "ноосфера" деген ұғымды ғылымға француз математигі Э. Леруа енгізген болатын.
Негізгі бөлім.
Ластанған ауаның зиянды әсері.
Ауаны ластаушы заттар негізінен жер бетінен санағанда 3 км. биіктікке дейінгі аралыкта жиналады. Төменгі қабаттағы ауаның жылынып жогары көтерілуіне байланысты мөлшері 4 - 10 мкм аралығындағы шаң -тозаң мен газдар 1 км-ге дейін көтеріліп жан -жаққа жүздеген км. қашықтыққа тарайды. Онан ірілері 300 - 500 метрге көтеріліп ешқайда жылжымай, ауа са-лқыңдаған кезде жерге қайта түседі. Мысалы, Лондонда 1 км 2 жерге жылына 390 тонна, Иью - Йоркте 300, Париж бен Чика-года 260, Алматыда 125 тонна шаң-тозаң түседі.
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметтері бойынша дамыған елдердің 20 процентке жуық халқы түрлі аллергиялық (тымаудан бастап тыныстың демікпесіне дейін) аурулармен сырқаттануы ауаның ластануымен байланысты көрінеді. Ауадағы шаң - тозаң көп болуы өкпе ауыруына да себепші болады.
Ауаны негізгі ластаушылар қатарында көміртек тотығы, көмірсутек, күкіртті газ, азот тотығы, шаң-тозаң, күйе мен күл айтылған болатын.
Қоршаган ортаға аса қауіпті авгомәшинелердеи ауаға қосы-латын көміртек тотығы (СО), халық оны иісті газ деп те атай-ды. Бұл газ адамдардың және жылы қанды жануарлардың қанындағы гемоглобинмен (қанның ішіндегі бояушы қызыл зат) қосылып дененің отгекті пайдалануына кесел жасап, от-тек таншылығына, дененің әлсіреуіне, түрлі ауыруларды төтеп бере алмайтын қалге түсіреді. Ауыр қолды жүмыс істейтін кісілер көміртек тотығын аз жүтса инфаркт миокардо (жүректің бүлшық етінің жансыздануы) ауыруына шалдығуы мүмкін.
Көміртек тотығымен аз мөлшерде этилен (С 2 Н 2 ) қосылса өсімдіктердің жапырақтары түсіп, гүл түйнектері және өсімдіктің өзі де қурап қалатыны белгілі.
Тар көшелерде, көше қиылыстарында, светофор маңын-да, жерасты туннельдерде көміртек тотығы көп жиналып, норма бойынша 3 мг/м3 орнына 25 - 125 мг/м3 -ге дейін жетіп жатады.
Өте қауіпті ластаушылар қатарына жататын көмірсутек-тер топырақ пен суда тотықпай, үзақ сақталып, тек ульт-ракүлгін түстес сәулелер ғана табиғаттық жағдайда ірітін, аздыратын газдар болып саналады. Олардың ішіндегі метан Этан қанған газдар болса, Этилев, пропилен, бутилен қанбаған газдар болып табылады. 3, 4 бенз(о) пирен сияқты концерогендік, ісік ауыруына се-бепші болатындары да кездеседі.
АКШ - тың ұлттық онкология институты қатерлі ісіктердіц 60-тан 90 процентіне дейіні Эколошялық факторларға, әсіресе көмірсутектермен ауаның ластануына байланысты екенін айтады.
ГФР- дегі 12 жылға созылған зерттеулер автомәшинелер жүретін тас жолдарға жақын түратын кісілердің арасында катерлі ісіктен өлгендер саны жолдан алыс тұратындармен салыстырғанда 9 есе артық болғанын көрсетті.
Күкіртті газ (8О2) оттекпен қосылып күкірт ангидридіне су буларымен қосылып күкірт қышқылына айналады. Күкірт қышқылының тамшылары ауада тұман болып тұрады да, жауын жауғанда жерге түседі. Ол металды тотықтырады, метаны, бетонды, бояуды күйдіріп, жеп қояды, кісілердің өцеші мен екпесіне, жануарлар мен өсімдіктерге зиянды.
Топырақтың қышқылдануына байланысты өнім азаяды. Жапырақсыз түрған бүталар мен ағаштар, үшы солған қарағай мен шыршалар, түрі өзгерген жапырақ, жерге түскен қылқан мұның бәрі ауада күкіртті заттардың көп екендігініц белгісі. Судың қышқылдығы көбейсе балықтар, су жәндіктері мен жануары өмір сүре алмайды. Осындай себептермен Норвегияда 477 көлде форель жайылып кеткен. Швецияның 20 мыңнан астам көлдерінің суы қышқылданған. АҚШ пен Ка-нада да қышқыл сулы жауыннан көп зиян шегуде.
Украина, Беларусь, Латвия, Литва, Эстония Республикала-ры мен Ресейдіц Солтүстік Батыс аудандарында судың қыш-қылдығы өте жоғары.
Су қоймаларының қышқылдығы сутек көрсеткішімен (РН) бағаланып сутек иондарының жиынтығын білдіреді.
Су қоймаларындағы судың қышқылдығы төмендегі көрсеткіштермен бағаланады. Егер
рН = 8 болса, онда езен мен көлдің суы таза;
рН - 7 болса, онда бейтарап орта болып есетеледі,
рН -7 ден кем ортаның бәрі қышқыл ортаға жатады,
рН - 6, 6 болса, орта қышқыл болып есептеледі. Мүндай
ортада Үлулар (бауырымен жорғалайтын моллюск) өмір сүре алмайды.
рН - 6 болса орта қышқыл болып есептеледі. Мүндай ортада креветкалар (су шаянының бәр түрі), балықтың үрықта-ры өмір сүре алмайды.
рН - 5, 5-6 болса орта қышқыл болып есептеледі. Мүндай ортада планктондар, тағы басқа организмдер өмір сүре алмай-ды. Жаңбыр суы да осындай қышқылдықта болады.
рН - 5, 5 болса орта қышқыл болып есептеледі. Мүндай ортада қышқылды сүйетін саңырауқүлақтар өмір сүреді. Еш-кімге пайдасы жоқ сфагнум (шым тезекте өсетін) мүктері өсе бастайды.
рН - 4, 5 болса орта қышқыл болып есептеледі. Мүндай ортада көлбақалар, ұсақ жәндіктер мен балықтар өмір сүре ал-майды. Су лайсыз, таза, су түбінде оттексіз өсетін, пайдасы жоқ, сфагнум, саңырауқүлақ және бактериялар пайда болып, олар өздері көмір қышқыл, метан және күкіртті сутек газдар-дан суға, ауаға шығарып жатады.
Қышқылды жауын - қоршаған ортаның ластануының ауыр түрінің бірі. Оның зияны адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, үйлерге, ғимараттарға, сәулеттік ескерткіштерге көп тиюде.
Мүнда ескеретін бір жәй атмосфераға күкіртті газ жіберетін елдермен салыстырғанда олардың көршілері көп зиян көру-де. Мысалы, Италиядан жылына 200 мың тоннадан артық күкіртті газдар Австрия мен Швецарияға 160 мың тонна бұры-нғы Югославия аспанына кетеді. ¥лы Бритаішядан тараған газдар Скандинавия елдеріне, АҚШ ■ тан тараған күкіртті газ Канада жеріне қышқылды жауын болып жауады (20) .
Еуропа қүрлығында жел көбіне батыстан шығысқа қарай соғатын болғандықтан Ресей, Украина, Беларусь республи-каларына батыстағы көршілерінен жыл сайын 1, 4 млн. тонна күкіртті ластаушы заттар келсе, батысқа кететін күкіртті газ мөлшері онан 10 есе аз болады.
1982 жылы Беларусте, Балтық теңізі жағалауындағы елдер-де, Ресейдің Карелия және Коль түбегінде қышқылдық көрсеткіші рН-4, 7 -5, 5 аралығында жауын жауды. Бұл, әсіресе Карелия жеріне өте қауіпті еді, себебі оныц табиғаты осал, осыншама қышқылды бойына сіңіре алмайтын.
Халық шаруашылығында күкірт көп қолданылады. Мыса-лы, 1 автомәпшне жасап шығару үшін 14 кг, 1 тонна целлюле-за өндіруге - 100 кғ, 1 тонна күкірт қышқылын шығаруға - 300 кг күкірт жүмсалады. Өнеркәсіп өнімдерінің 84 проценті күкірт көмегімен өндіріледі. Сондықтан күкірт қалдықтарын азаиту, тіпті болдырмау -маңызды шаруашылық міндет және экологиялық қауіпсіздіктің бір шарты.
Қоршаған ортаға газ қосындыларыныц әсері оларды қүра-ған газдардан анағүрлым артық болады. Өйткені бүл қосын-дылар жаңадан пайда болған заттар, уыттылығымен, бүлдіру қасиеттерімен «аталық» газдардан басым түседі. Мысалы, смогты (түтіннен қүралған түман) алайық. Ол пайда болу үшін белгілі бір жағдай болу керек. Ауада жиналған түтін, газ, шаң -тозаң, күйе ешқайда жылжымай қаланың үстінде тұрып алады. Оның себебі төменде жылының жоғары кетерілген ауамен ластанушы заттар бірге кетеріліп, онда жел болмағандықтан жан - жаққа тарамай, қаланың үстін жауып тұрады.
1952 жылы желтоқсан айында Лондон қаласында болған дымқыл смог дүние жүзіне белгілі. Кір сары түсті түман, күкірт қышқылы мен көмір шаңының қосындысы, 100 - 200 м. биіктікте қаланың үстін жауып тұрды. Ауадағы күкірт газы 5-10 мг/м3 -ге дейін жетті. Тыныс жолдарының қатты ауыру-ынан 5 күнде 4 мың адам қайтыс болды. 1972 жылы осындай смоғ қайтадан болды. Бүл жолы 700 кісі өлді. Сонан кейін қаланың отын жағатын жүйелерін қайтадан салып, көмір жағуды тоқтатып, смог пайда болуына кедергі жасалды.
Азот тотығы- атмосфераны негізгі ластаушы газдар қатарына жатады. Азоттың қостотығы іруінен атомды оттек бөлініп молекулды оттекпен қосылып озон пайда болады. Озонның көбеюі Лос-Анджелес үлгісіндегі фотохи-миялық смог -құрғақ ауада күн сәулесінің әсерімен көк түтінге ү-қсайтын мөлдір мүліар, пайда болады. Бүл да адамдар мен жануарлардың тыныс жолдарын ауыртып, өсімдіктерді өсірмейді. Озонның жиынтығы 2-3 мг/м-ге жетіп, таза ауадағы мөлшерден 100 - 200 есе көп болады.
Осындай смог Ныо-Йорк, Чикаго, Бостон, Детройт, Токио, Милан, Алматы, Киелавод, Новокузнец қалаларында жиі болып тұрады.
Іштен тұтанатын қозғағыштардан, өнеркәсіп орындары мұржаларынан тараған азот тотығы мен азоттық минералды тыңайтқыштардың құрамындағы нитрат пен нитрит топы-рақтан ауаға қосылған адамдар өкце ауыруына шалдығып, витамин алмасуы бұзылады. Нитрит емшек сүтімен балаға өтсе, олардың тынысы тарылып, үйқысы бүзылып, денесі көгеріп кетеді.
Тропосфера меи стратосферодағы ауаны азот отығымен үлііақтар да ластайды. Стратосферадағы азот тотығы жерге қайта түспей, 1 жылдан 3 жылға дейін қалқьш жүріп озон қаба-тын бү-зуына әсерін тигізеді.
Отын жаққанда, өрт болғанда, адамдардың іс-әрекетінен ауаға көмір қышқыл (СО2) өте көп қосылады. Осының нәти-жесінде соңғы 100 жылда ауадағы кемір қышқыл газы 11 - 13 -процентке өсті.
Бұл газдың адамға әсері жүрек соғу мен демалу жылдам-дап, бас ауырып, қүлақ шуылдап, қан қысымы көтеріліп, та-мыр соғуы азаяды. Газ тым коіі болса кісі есінен де танып қалады.
Көмір қышқыл газы арқылы ультрақүлгін түстес күн сәу-лесі тоқтаусыз өтсе, жер бетінен кері тепкен инфрақызыл сәулені жан-жаққа шашыратып, тропосфераның төменгі қаба-тында ұстап, атмосфераның жоғарғы қабатына жібермейдь Сөйтіп төменгі қабаттағы жылы ауа сақталып жер беті көп салқындамайды.
өсіретін парникке үқсас болғандықтан «парниктік әсер» деп аталған.
Көмір қышқыл газының атмосферада кебеюі салдарьшан XX ғасырдың бірінші жартысында жер бетінің температура-сы 0, 6 -0, 8°С-қа көтеріліп, Арктикадағы мұздың көлемі 10 процентке кеміп, солтүстіктегі шекарасы 200 км-ге дейін қысқарды.
Атмосферадағы қорғасын (Рв) қосындылары адамдар мен жануарлар үшін өте қолайсыз. Олар ауаға автомәшинелерден тарайды. Кейбір қорғасын этил (кеміртек және сутек атомда-рының тобы) тәрізді сү. йық заттардың қүрамына тетроэтил-қорғасын түрінде қосылып антидетонатр ретінде пайдаланы-лады.
Жоғары сортты 1 л. бензинде 0, 4 гр. қорғасын болса, оның 03 гр. автомәшинеден бөлінген газбен ауаға келіп қосылады. Мәшинелер көп жүретін тас жолдардың әрбір километріне күн сайын 500 - 700 граммнан қорғасын түсіп жатады. АҚШ-та жыл сайын 200 мың тонна қорғасын автомэшине газымен ауаға кетіп жатады, бү_л елдің қазып алатын қорғасыныныц алтыдан бір бөлігі.
Қорғасын тыныс жолдары жэне тері арқылы денеге өтіп, қандағы қызыл заттарды азайтып, жүике жүйесіне зиянын тигізеді. Қанның азаюына, үмытшақ болуға, көз ауыруына және үрпақсыздыққа экеліп соғады.
Шектеулі - рұқсат етілген қоргасынныц ауадағы мөлшері 0. 0007 мг/м3-ден аспауы керек. Бірақ мәшинелер көн жүретін жолдар маңында орналасқан елді мекендерде оның мөлшері бірнеше есе коп болып жүр.
Мысалы ГФР «неркәсіп орталықтарыыда ауадағы қорға-сын 0, 02 мг/м3 -ге жетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz