Тауарларды кедендік ресімдеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. 2012 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы Біртұтас Экономикалық Кеңістікке енгені белгілі. Ал Қазақстан республикасының Президенті биылғы Қазақстан халқына Жолдауында « 2012 жылы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру жолындағы келіссөздерді аяқтаймыз», деп келесі межені белгіледі. [1] . Осы аумақта өндірілген және біртұтас аумақта еркін айналымда болатын үшінші елдерде өндірілген тауарлардың сауда-саттық айналымына кедендік баждар мен экономикалық сипаттағы шектеулер алынып тасталады. Үш ел үшінші елдермен бірыңғай кедендік тарифті және тауарлармен сауда-саттықты реттеудің басқа да бірегей шараларын қолданатын болады. Бірыңғай кедендік тариф - бұл шешуші құжат әрі бірыңғай сауда саясатының маңызды элементі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президенті 28 қаңтар 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», атты Қазақстан халқына Жолдауында «2010 жылдың 10 айында еліміздің Ресей Федерациясы және Беларусь Республикаларымен сауда айналымы 38 %-ға артты, Қазақстан Республикасының Кеден Одағына экспорты 52, 4 %-ға артып, мұнда бюджетке кедендік баждар 25 %-ға артты», деп атап өтіп, Кедендік Одақтың тиімді экономикалық тұсын атап өткен болатын. [2] . Бұл сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай сауда номенклатурасына сәйкес жүйелендірілетін үшінші елдерден бірыңғай кедендік аумаққа кіргізілетін тауарларға қолданылатын кедендік баж салықтары ставкаларының жиынтығы. Ол үшінші елдерден кіргізілетін тауарларға таратылады, бірақ ТМД елдерінен әкелінетін тауарларға қолданылмайды (ТМД елдері ішінде еркін сауда аймағы жұмыс істейді) . Тауарлық позициялардың жалпы саны 11 214 өлшемді құрайды. Қазақстан инвестициялық жобаларға сәйкес өндіру жоспарланған тауарларға қатысты төмен ставкалар қолдану мүмкіндігін салынып жатқан зауыттар өндірістік қуаттарына шыққанға дейінгі кезеңге кейінге қалдырып отыр. Мысалы, олар алюминий, мұнай-химия саласындағы тауарларға, құрылыс материалдарына, минералды тыңайтқыштарға, маталарға және т. б. өнімдерге қолданылады. Осыған қоса, инвестициялық келісімдер шеңберінде кедендік баж салығын төлемей-ақ технологиялық жабдықтарды, жиынтықтаушы бұйымдар мен қосалқы бөлшектерді әкелу мүмкіндігі көзделген. Ендігі бастысы, ол Кеден кодексінің 2010 жылдың 1 шілдесінде күшіне енуінен бастап Кедендік одаққа қатысушылар арасында тауарларды кедендік ресімдеу болмайды, сондай-ақ Ресей мен Беларусь арасындағы үшінші елдерде өндірілетін тауарларға да кедендік ресімдеулер қолданылмайды. Осыған ұқсас үшінші елдерде өндірілетін тауарлар жөніндегі шарттар Қазақстан мен Ресей арасында 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Әрине, кедендік ресімдеу алып тасталғаннан кейін де ішкі шекаралардағы бақылаулар бірден жойылмайды. 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, фито-санитарлық, ветеринарлық, көліктік және шекаралық бақылау түрлері сақталады. Бірақ олар да шекаралық бақылауды қоспағанда кейін Кедендік одақтың сыртқы шекараларына шығарылады. Кедендік ресімдеу мен кеден режимдері кеден заңдарының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, кедендік ресімдеу мен кеден бақылауы мемлекеттің кеден саясатын іске асыруының құралдарының бірі болып табылады және кеден органына ресімдеу мен бақылауды орындау жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заң шығаруын Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерін Қазақстан Республикасының кеден органдарының жүзеге асырылатын жиынтық шегі болып табылады. Кедендік ресімдеуді жүзеге асырудың негізгі мақсаты нақты кедендік режим саласына тауарлар мен көлік құралдарын орналастыру мақсатында әрекет жасауын және кеден заңына сәйкес, бұл ресімдеудің аяқталуын тұжырымдайды. Кеден бақылауын жүзеге асыру мақсаты түрлі тексерулер көмегімен, анықталу кедендік операцияларды жүргізу мен кеден заңының әрекеті сәйкестігін анықтау кедендік қызметке қатысатын жеке және заңды тұлғалармен белгілеуін қадағалауды тұжырымдайды.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағындағы кедендік реттеу - тауарларды кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізуге, оларды кеден одағының біріңғай кедендік аумағы арқылы бақылаумен тасымалдауға, уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік рәсімдерге сәйкес шығаруға және пайдалануға, кедендік бақылауды жүргізуге, кедендік төлемдерді төлеуге байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, қолдану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын құқықтық реттеу болып табылыды [3] . Осы жерде айта өтерлік жай, халықаралық шарттардың күші Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика заңдарынан басымдығы болады және тікелей қолданылады [4] .
Біріңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру Кеден одағына қоса үш мемлекетар асындағы қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалуын ескереді. Үш мемлекеттің басшылары өткен жылдың 19-желтоқсанында Алматы қаласында өткен кездесуі кезінде Біріңғай экономикалық кеңістіктің нормативтік -құқықтық базасын 2012 жылдың бірінші қаңтарына дейін қалыптастыру туралы шешім қабылдады. Бірінші кезеңнің барысында 14 келісімді ратификациялау екінші кезеңде 6 келісімді ратификациялау көзделген[5] . Еліміздің әлемдік экономикаға интеграциялануа түсуі, сондай-ақ шетелдік инвестициялардың экономикамызға ағыла түсуі, өз кезегінде экспорттық операциялардың көбеюі, сонының ішінде қазіргі таңдағы энергетикалық (әсіресе шикішаттық мұнай мен газ, уран өнімдеріне) ресурстарға әлемдік нарықтағы бағанының шарықтай өсуі мемлекеттің кедендік саясатын барынша ұтымды жүргізуді талап етеді. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметтерін либерализациялау сыртқы рынокка шығушы кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің, сондай-ақ жекелеген кәсіпкерлердің шеңберін кеңейте түсті. Осыған байланысты халықаралық тауарлар, жұмыстар, қызметтер, ақпараттар, санаткерлік қызмет нәтижелерін алмасу салаларында мемлекеттік реттеудің ролі де елеулі өсе түсуде. Сонымен қатар, «Қазақстанның БСҰ-на кіруі жолындағы келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін заңдарының едәуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына сәйкес келтірілді немесе парламентте талқылануы үстінде. Еліміздің осы халықаралық ұйымға енуі Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», деп Қазақстан Республикасының Президенті ел халқына жолдауында атап өткен болатын[6] . Сондықтан мемлекет кеден ісі және кеден саясаты түсініктерімен қамтылатын кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлардың және көлік құралдарының өтуінің кедендік режимін бекітеді, кедендік төлемдерді алады, кеден ережелерін бекітеді және басқа да көптеген басқару және реттеу қызметтерін жүзеге асырады. Кеден ісі мен кеден саясаты сыртқы экономикалық қызмет аясындағы құрам болып қана қалмай, басқа мемлекеттермен жаңа үлгідегі экономикалақ байланыстар қалыптастырудың дәнекері болып табылады. Сонымен қатар, айта өтерлілігі, шикізаттық емес тауарлардың экспорты мен жоғары технологиялық тауарлардың импортын қолдау мен кредиттеу басымдылыққа айналуы тиіс. Бүгінгі күнде дайын өнімдер экспортының көлемі жылына 100 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Шикізаттық емес экспорт он жылдан бері осы көлемде қалып отыр. Ендігі жерде осы көлемді үдемелі түрде ұлғайтатын уақыт жетті. Біз үздік әлемдік тәжірибеге сүйеніп, шет елдердің экспорт-импорт агенттіктерімен ынтымақтастықты белсенді дамытуымыз керек.
Сонымен қатар, кеден саласындағы соңғы өзгерістердің бірі мұнай экспортына кедендік баждын енгізілуі болып отыр. Яғни ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2008 жылдың 17 мамырынан бастап шикі мұнай экспортына баж салығы қолданылады. Бұл жағдай өз кезегінде кеден саласында жаңа қатынастардың тудыруға негіз болып табылатындығы белгілі. Алдын ала болжам бойынша баждың бұл түрінен жыл аяғына дейін республикалық бюджетке 20 млрд. АҚШ доллары түседі деп күтілуде [7] .
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Кеңес Одағы құлап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін кедендік қатынастарды реттеу мәселелеріне арналған ғылыми әдебиеттер де толыға түсті. Кедендік қатынастарды жан-жақты және терең зерттеген әдебиеттерді экономист ғалымдар да көптеп шығарды. Мемлекеттің кедендік қызметінің нысандары мен әдістерін, кедендік рәсімдердің ерекшеліктерін зерттеуде бірқатар жетістіктерге қол жетті. Олардың ішінде алыс шетелдік және ресейлік ғалымдар: Габличизде А. М., Б. Ю. Дорофеева, Н. Н. Земцов, Н. И. Химичева, В. А. Пушина болса, қазақстандық ғалымдар М. Сәрсенбаев, С. Т. Әлібеков, В. А. Некрасов, И. Д. Джандарбековтар және т. б. болды. Қаржы құқығының теориясын зерттеуде Әлібеков елеулі табыстарға қол жеткізді. Ол бұл салада бірқатар құнды еңбектерді жазып, жариялады: С. Т. Әлібеков «Қазақстан Республикасының кеден құқығы» (2006 жыл), М. Сәрсенбаев «Таможенное право Республики Казахстан» (1997 жыл) . Сондай-ақ кеден саласындағы істі реттеу мәселесіне арналған В. А. Некрасов, И. Д. Джандарбеков «Основы таможенного дела в Республике Казахстан» көлемді еңбектері жарық көрді. Зерттеу жұмысын жазу барысында осы аталған ғалымдардың еңбектері, ғылыми мақалаларына жан-жақты талдау жасалынып, Қазақстан Респубикасының нормативтік-құқықтық актілері мен Кеден Одағының Кеден кодексі мен келісімдері зерделенді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмысты жазуда бұл тақырыпты таңдап алынуының мақсаты кеден заңдарының толықтай ішкі құрылымдарына сәйкес кеден құқығының негізгі институты болып табылатын тауарлардың кедендік режимін зерттеу, кеден органдары қызметтерінің мақсаттарын, міндеттерін, құқықтық нысандары мен тәсілдерін, сондай-ақ кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртіптерін, кедендік төлемдер алу, жүктерді декларациялау мен рәсімдеу, кедендік және валюталық бақылау және басқа да кедендік операциялар жүргізудің ерекшеліктерін қарастыру болды. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты кеден одағындағы кедендік рәсімдеуінің құқықтық негіздерін, тауарларды келен шекарасы арқылы өткізудің тәртібін және кедендік режимдерді жан-жақты кешенді зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешуді алға қойып отырмыз:
- Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға интеграциялануы жағдайында, нарықтық экономиканың заңдылықтары орын алып отырған қазіргі кездегі, кедендік құқықтағы кедендік рәсімдеу мен ресімдеудің ұғымының теориялық мәселелелерін, тауарлардың кедендік режимдерінің мәселелерін зерттеу;
- Кеден Одағының кедендік аумағына импортталатын тауарлардың кедендік режимдерін жан-жақты зерттеу;
- Кеден Одағының кедендік аумағынан экспортталатын тауарлардың кедендік режимдерін жан-жақты зерттеу;
- Тауарларлар транзитінің құқықтық реттелу ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеу объектісі мен пәні. Қазақстан Республикасының кедендік құқығы, кедендік құқықтық қатынастар, кеден ісі мен кеден ісін реттейтін заңнама.
Зерттеу пәні болып Кеден одағындағы кеден ісі, кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және мемлекеттің кеден саясаты болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық нормативтік-құқықтық және теориялық негізі. Зерттеудің әдіснамалық негізі ғылыми танымның жалпы және арнайы әдістері болып табылады. Диссертациялық зерттеудің дерекнамалық базасын ғылыми танымның диалектикалық әдісі, теориялық талдау әдісі құрайды: салыстырмалы-құқықтық, тарихи, жүйелі-құрылымдылық, функционалдық, логикалық-құқықтық, нақтылы-әлеуметтік.
Зерттеудің нормативтік-құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Кеден Одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де құқық салаларының кедендік қатынастарды реттеуге бағытталған нормалары мен Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар мен келісімдер құрайды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаты мен сипатына қарай құрылған. Дипломдық жұмыс көлемі 67-бет. Кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі алты тармақшаны қамтыған екі бөлімнен тұрады.
1. КЕДЕН ОДАҒЫНДАҒЫ ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТАУАРЛАРДЫ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ТӘРТІБІ
- Тауарларды кедендік ресімдеудің түсінігі
Жалпы кедендік ресімдеу - Кеден Одағының кеден шекарасы арқылы тауарлардың және көліктерінің жылжуына байланысты Қазақстан Республикасы кеден органдарымен және тұлғалармен жүзеге асатын істердің жиынтығы және процедурасы.
Кедендік заңға сәйкес кедендік ресімдеу - бұл тауарлар мен көлік құралдарының анықталған кедендік режимде орналасуы және сол режим әрекетінің аяқталу тәртібі. Тиімді кедендік бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі тауарлар мен көлік құралдарына ресімдеу функциясын орындау барысында құрылады.
Осы функцияның тағайындалуы есеп жүргізу мен мәліметтерді тіркеу тауарлар мен көлік құралдарының өтуі туралы мақсатында толық және дұрыс ақпаратты негіздердің қалыптасуы: тиімді құжаттық және нақты кедендік бақылау үшін шарттарды қамтамасыз ету, сонымен қатар, валюталық, экспорттық, ветеринарлық, экологиялық және басқа бақылау түрлері, сыртқы сауданың кедендік статистикасы мен арнайы кедендік статистиканы жүргізу, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының кедендік режимге сәйкес дұрыс таңдауға, соған қатысты тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруға, сол режимді сақтауға және оның әрекетінің уақтылы аяқталуына көмек көрсету болып табылады.
Кедендік ресімдеуді жүргізудің тәртібі мен технологиясы мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың санаттарына;
2) осындай өткізу үшін пайдаланылатын көлік түріне;
3) тауарларды өткізетін тұлғаларға байланысты сараланған.
Тауарларды және көліктердің кедендік рәсімдеу, порттарда, аэропорттарда, теміржол бекеттерінде, автомобильді өткізу пунктарында, шекарадағы барлық өткізу пунктарында орналасқан кеден мекемелерінде жүзеге асады.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу - кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты құжаттарды кеден органына берген, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда тұлғаның ауызша мәлімдеуі не кедендік ресімдеуді жүзеге асыру ниетін куәландыратын өзге де іс-әрекеттер жасаған кезінен басталады.
Ветеринариялық, фитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлеріне қатысты кедендік ресімдеу осындай бақылауды жүзеге асыратын тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін ғана аяқталуы мүмкін.
Кедендік ресімдеу тауарларды кедендік режимге орналастыру үшін осы Кодекске сәйкес қажетті кедендік операциялар жасалғаннан кейін, сондай-ақ кедендік төлемдер және салықтар есептеліп, өндіріліп алынғаннан кейін аяқталады.
Кеден құжаттарын толтыру үлгісі және ережелері Қазақстан Республикасы Кеден бақылау Агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы «Тауар және көлік құралдарын декларациялау туралы» Бұйрығында көрсетілген.
Кедендік мақсаттар үшін құжаттарды толтыруды қоса алғанда, кедендік ресімдеу мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шет тілдерінде жасалған құжаттар мен мәліметтерді кедендік мақсаттар үшін кеден органдарының қабылдауы және пайдалануы мүмкін жағдайларды белгілеуге құқылы.
Кедендік рәсімдеу қызметі мыналарды қамтиды:
- Кез-келген тәртіпте жүктерге кедендік тазалау жүргізу;
- Экспорт;
- Импорт;
- Транзит;
- СЭҚ ТН кодтарын анықтау;
- Кедендік төқлемдерді есептеу;
- Кедендік қоймалар мен уақытша сақтау қоймаларында жүкті сақтау;
- Кедендік заңдар бойынша кеңес.
Тауарлармен жасалатын жүк және өзге де операциялар:
Егер Кеден Кодексінде өзгеше көзделмесе, тауарлармен жасалатын жүк және өзге де операциялар кеден органдарының рұқсатымен ғана жүргізілуі мүмкін және кеден органы үшін қандай да бір қосымша шығыстарға әкеп соқпауға тиіс.
Кедендік ресімдеу сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен барлық тауарлар мен көлік құралдарын міндетті түрде декларациялау туралы заң талаптарын орындалуымен базаланады. Декларациялау кедендік декларацияның ауызша, электронды немесе жазбаша нысанда ұсынуымен және кедендік ресімдеуге қажетті басқа құжаттар мен мәліметтердің ұсынуымен көрсетіледі. Тауарлар мен көлік құралдарының әкетілуі мен әкелінуі және транзиті кезінде декларанттың түрлі жағдайларда болуына байланысты декларациялау тәртібі, сонымен бірге, декларантпен таңдалған кедендік режимге байланысты қатты ерекшелінуі мүмкін. Осыған сәйкес, кедендік ресімдеу тәртібі де әрбір нақты жағдайда арнайы болады, бірақ та, барлық жағдайда оның түсінігі өзгертілмейді - тауарлар туралы мәліметтерді құжатты фиксациялау, олардың кедендік шекара арқылы өтуі туралы шешім қабылдауы болып табылады. Тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеу өзіне келесі әрекеттерді тексереді:
- барлық қажетті тауарлар мен көлік құралдар периметрінің кедендік мақсатта мәліметі бар және олардың өтуі (көліктік, тауар жолдамалы, басқа коммерциялық құжаттар, жүктік кедендік декларация немесе басқа қысқа декларацияның) ауызша өтініштерді фиксациялауын, құжаттардың есеп жүргізуін және тіркеуін, электронды көшірменің декларантпен алынуын;
- кедендік декларация мен басқа да әрбір кедендік режим үшін бекітілген тәртіпке сәйкес анықталған мәліметтерді енгізуін, кеден органдарының лауазымды тұлғасының сол мәліметтерге қолтаңба мен оның нөмірлі мөрімен басуын;
- түрлі құжаттардың құруын;
- тауарларды уақытша сақтау қоймасына түсу есебін қабылдауын және беруін ресімдеуді;
- уақытша сақтау қоймаларындағы тауарлар мен көлік құралдарынан сынама және үлгілерді алу туралы құжаттарды ресімдеуін;
- шешімдерді қабылдау және оларды тауарлар мен көлік құралдарына байланысты фиксациялау;
- тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау және кедендік ресімдеудегі құжат ішіндегі фактіні аяқтаудың мақұлдауын кіргізеді.
Кедендік ресімдеуді ұйымдастыру - тауарлар мен көлік құралдарының кеден шекарасы арқылы өтуіне байланысты кеден органдарымен жүргізілетін шаралар кешені. Бұл кешен көрсетілген жерлер мен оларды жүзеге асыру сияқты кедендік бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдардың орналасқан басқа жерлерінің кедендік ресімдеуін қамтамасыз ететін кедендік және кеден жаны инфрақұрылымын өзіне қосады. Бұдан басқа кедендік ресімдеуді ұйымдастыру келесі мәселелерді шешеді:
- кеден шекарасынан өтудің нақты орындары мен уақыты туралы;
- кедендік ресімдеуді жүзеге асырудың орындары мен уақыты туралы;
- экспортты немесе импортты операцияларды жүзеге асыру үшін сыртқы экономикалық қызмет қатысушылармен хабарлау тәртібі туралы;
- тауарлар мен көлік құралдарын ұсыну мен көрсету, жеткізу әдісі уақыты мен орны және оларға арналған құжаттарды кеден органдарына беру туралы;
- тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауға алу, оларды уақытша сақтау қоймаларына орналастыру тәртібі туралы.
Декларациялау рәсімі тауарлар мен көлік құралдардың кеден органдарына ұсыну кедендік ресімдеудің негізгі бөлігі болып табылады.
Жүктік кедендік декларацияны ұсыну кезінде кеден органдарында келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1. Жүктік кедендік декларациясын беруде декларанттың құзыретін растайтын құжаттар: кеденге құжаттар мен жүктерді ұсынатын жеке тұлғалардың сенімхаты, клиентпен келісім құжаты; бағдарламаға сертификат, декларанттың квалификациясын растайтын құжат.
2. Ресімделетін тауарларға коммерциялық құжаттар:
а) тауарларды жеткізу үшін негіз болатын құжат: сатып алу-сату контрактысы;
ә) бартер кезіндегі контракт;
б) тауарлардың құнын растайтын құжаттар:
в) спецификация;
г) шот-фактура
3. Тауаркөліктік құжаттар:
- тауаркөліктік накладнаясы;
- коносамент - теңіздік көлікпен жүкті жеткізу кезінде;
- халықаралық автокөлік накладнаясы;
- авианакладная - жүкті авиакөлікпен жеткізу кезінде;
- теміржол накладнаясы - жүкті теміржол көлігімен жеткізу кезінде;
- жүктік ведомость;
- жүктік квитанция;
- қораптау қағазы;
- тиеу актісі;
4. Кедендік ресімдеудің өндірісі үшін тікелей ұсынылатын құжаттар:
- тауарларды жеткізу бойынша бақылаудың құжатгары;
- МДП кітабы;
- кедендік тасымалдаушының лицензиясы;
- тауарларды қайта өндіруге берілетін лицензия;
- ресімделетін тауар партиясына жүктік кедендік декларация;
- кедендік құн декларациясы;
- кедендік міндеттеу;
- квитанция - банк немесе кеден кассасына қолма-қол ақшаны төлеу өндіріледі;
- кепіл келісімі;
- банктың кепілдігі;
- СТ-1 нысаны бойынша тауардың шығу елі туралы сертификат;
- А нысаны бойынша тауардың шығу елі туралы сертификат [8] .
Қазақстан Республикасының кеден органы кедендік ресімдеудің мақсаттары үшін қажетті қосымша құжаттарды ұсынуды талап етуге және мерзімдерді белгілеуге құқылы.
Кедендік ресімдеу нақты орындарда тауарларды жөнелтуші мен қабылдаушы немесе оның құрылымдық бөлімшелері орналасқан кедендік органдар қызмет аймақтарында және осыған рұқсат берген кедендік органдардың жұмыс уақытынан тыс жүргізіледі.
Декларациялау кеден органына тауарлар туралы, олардың кедендік режимі туралы дұрыс мәліметтерді және кедендік мақсаттар үшін қажетті басқа да мәліметтерді белгіленген нысан бойынша (жазбаша, ауызша, конклюденттік, электрондық) мәлімдеу жолымен жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz