Б.С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЛІГІ
«Қазақстан тарихы» кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Б. С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы.
Мазмұны
Кіріспе . . . -3
I. Б. С. Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы . . . -7
1. 1. Б. С. Сүлейменов өмір жолына сипаттама . . . -7
1. 2. Б. С. Сүлейменовтің тарихшы ретінде қалыптасуы . . . -8
II. Б. С. Сүлейменов - аграрлық мәселе мен ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуші ғалым . . . -16
2. 1. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе тарихшы ғалымның еңбектерінде . . . -16
2. 2. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың Б. Сүлейменовтің еңбектерінде зерттелуі . . . -22
III. Ғалымның баға жетпес мұрасы . . . -28
3. 1. Б. С. Сүлейменовтің еңбектеріндегі Алтынсаринтану мәселесі . . . -28
Қорытынды . . . - 45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі және сілтемелер . . . -48
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Кеңестік дәуірде тарих ғылымының Қазақстанда қалыптасып дамуына, өркендеуіне өздерінің зерттеулерімен еңбегімен, талантымен зор үлес қосқан ғалымдардың үлкен шоғыры өсіп шықты. Олар ел тарихын зерттеу ісімен шұғылданып қоймай, республикамыздың ғылымы мен білімінің өсуіне, жалпы менталитетінің өсуіне олжа салды. Ел тарихы бойынша терең зерттеулер жүргізіп, келесі ой тұжырымдар айтқан тарихшылар да, зиялылар да қауымының ауқымды бір тобын құрайды. Қоғамның бет-бағдарын анықтайтын негізгі күш зиялылар қауымының тарихын зерттеу, олардың қоғамдағы рөлі мен прогреске қосқан үлесін зерделеу әрбір өркениетке бет алған ел үшін маңызды міндет болып табылады.
Репрессия құрбандары болған зиялы қауымның өкілдерінің көз-қарастары, арман - мақсаттары ресми идеологияның негіздерімен сыйыспады, олар белгілі дәрежеде ресми өкіметтің саясатына қарсы шықты. Олардың барлығы дерлік Кеңес өкіметі құрылғанға дейін дүниеге келген, тіпті кейбіреулері сол өкіметті құруға ат салысқан азаматтар еді. Осы тұрғыдын алғанда Олардың саяси-әлеуметтік көз-қарастарын қоғамдық қызметін бағалауда, қазақ тарихындағы рөлін анықтауда белгілі бір бағыт, табан тірер негіз бар. Ал Кеңес дәуірінде дүниеге келіп, өмір сүрген ғылым, білім салаларында қызмет еткен зиялылар туралы не айтуға болады. Олардың соңында қалдырған мұраларын қалай бағалаймыз Тоталитарлы әміршіл - әкімшіл жүйе мен идеология барлық саланы, соның ішінде ғылымды да өз ықпалында ұстағаны белгілі. Ғылыми шығармашылық қызметі осы кезеңмен тұтас келген ғалымдардың еңбектері кеңестік, социалистік идеологиядан тысқары қалмағаны ақиқат. Бұл мәселе көп зерттеу жүргізіп, жаңа көз-қараспен байыпты ой-тұжырымдар айтуды қажет ететін мәселе /1/.
Белгілі қазақ тарихшысы профессор Б. С. Сүлейменовтің тұлғасына көзқарас осындай күрделі мәселелердің қиылысында тұрған тақырып болып табылады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи дамудың қарқыны жөнінде тың ой-пікірлер айтып, тұжырымдар жасауда Б. С Сүлейменов еңбектерінің орны ерекше. Қазақстан тарихында тарихи оқиғалардың мәселелерін талдап, саралап, мәні мен маңызын көпшілік қауымға жеткізе білуде көп еңбек сіңірген тарихшы ғалымның қоғамдық, ғылыми - ұйымдастырушылық қызметіне талдау жасап, баға беру, құнды жақтарын көрсету тақырыптың маңыздылығын арттыра түседі.
Көрнекті ғалым Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент- мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тарих ғылымының докторы, профессор Бекежан Сүлейменұлы Сүлейменовтың артында қалған бай ғылыми мұраларына тарихнамалық әділ баға беру кімге де болса ауыр соғатын міндет /2/.
Бұл міндеттің қиыншылығы мен жауапкершілігі сан алуан себептерден келіп туындайды.
Себебі әрбір адамның жеке өмірі мен қызметін бағалау зерттеушінің алдында көптеген тарихи, философиялық, этикалық, моральдық тұрғыдағы шешуін іздейтін қиындықтарды көлденең тартады.
Тарихтағы жеке адамның рөлін зерттеу дәстүрлі соңғы жылдары қайтадан жанданып келеді. Кеңес ғылымында жеке тұлға зерттеле қалса ол тек маркстік-лениндік тұғырнамаға сәйкес зерттелді.
Б. Сүлейменовтің артында қалған бай ғылыми мұралары тарихнамалық әділ бағаланып, обьективті тұрғыдан талдауды қажет етеді. Бүгінгі тарих ғылымының даму тұрғысынан қарасақ ескі мен жаңаның күресі мәселесі күн тәртібінде тұрған тарихи, саяси науқандар жөнінде асыра сілтеп, жаңсақ жазып, жаңылыс басқан қадамдары да байқалады.
Біздің міндетіміз - Б. С. Сүлейменовтің ғылыми еңбектерінің мазмұны мен мәніне баға беру, артық-кемін айқындау, озығы мен толымсыз тозығын саралау.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Бекежан Сүлейменұлының өмір жолы,
ғылыми шығармашылық қызметі туралы зерттеулер көп емес-ті. Ғалымның ғылымға келу жолы мен ғылыми еңбектері туралы Қазақ Совет энциклопедиясы мен мерзімді басылымдарда мақалалар жарияланған.
Б. Сүлейменұлын қызықтырған өзекті мәселелер Қазан төңкерісіне дейінгі Ресей империясының құрамындағы қазақ халқының өмірі және азаттық үшін күресі, ұлт-азаттық қозғалыс тарихы, аграрлық мәселелер қоғамдық ойдың тарихи дамуы мен ағартушылық мәселелері.
Бекежан Сүлейменұлы оның Қазақстан тарих ғылымына қосқан үлесі туралы мақалалар ғалымның көзі дүниеден өткен соң жарияланды. Тарих ғылымының докторы Ғ. М. -ҒА корреспондент- мүшесі М. А. Асылбеков пен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аспиранты С. А. Есқалиевтің зерттеулері бойынша “Б. С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы”, “Б. С. Сүлейменов және Алтынсаринтану мәселесі ”, атты мерзімдік басылымдарда 1997ж., 1999ж., 2001ж. мақалалары жарияланды /3/. Сонымен қатар М. А. Асылбеков пен С. А. Есқалиевтің бірлесе отырып жазған “Б. С. Сүлейменов тарихшы ғалым”
атты еңбектері 2001 ж., жарыққа шықты. Мұнда ғалымның өмір жолына шолу жасап тарих ғылымына қосқан үлесін және ғылыми қоғамдық қызметінің сан қырлы бағыттарын анықтаған /4/.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Біз ғалымның ғылыми мұраларының тарихи оқиғаларға арналған зерттеулеріне қазіргі кездегі жаңа көзқарастар мен тұжырымдамалардың негізінде объективті баға беру мақсатын қойып отырмыз.
Бұл мақсаттан мынадай міндеттер туындайды.
1. Б. С. Сүлейменовтің өмір жолы мен ғылыми- ұйымдастырушылық қызметін бұрын-соңды ғылыми айналымға енбеген, соны құжаттар негізінде ашу.
2. Оның тарихи оқиғаларын тарихын зерттеуші маман болып қалыптасуы мен ғылыми жолының бағытына зер салу.
3. Тарихшы ғалымның қызметіне тоқталып, сол арқылы Қазақстан тарих ғылымының дамуына қосқан үлесін бағалау.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Жұмыстың деректемелік негізін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының архив қорлары ғылыми еңбектері және оларға арналған деректер әртүрлі архив қорларынан, кітап, газет, журналдардан, сын-пікірлер, өзге адамдардың қызметі мен ғылыми-шығармашылық жұмыстары туралы деректер.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелерден тұрады.
Ф-ОБ-001/033
I. Б. С. Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы.
1. 1 Б. С. Сүлейменов өмір жолына сипаттама.
XX ғасыр Қазақстан тарихы ғылымының өркендеп өскен заманы, Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышпаев, Санжар Асфендияров бастаған алғашқы аға буын тарихшылардың ізімен Кеңес дәуірінде кәсіби мамандықты игерген, Одақтағы тарихи ғылым мектептерінің түлектері Ә. Марғұлан, Е. Бекмаханов, А. Нүсіпбеков, П. Г. Галузо, С. Н. Покровский, Е. Елеуов, Г. Ф. Дахшлейгер сынды тарихшылардың екінші толқыны ғылымға келді. Солардың ішінде Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тарих ғылымының докторы, профессор Бекежан Сүлейменовтың орны ерекше.
Бекежан Сүлейменұлы 1912 жылы қараша айында Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының №13 ауылында дүниеге келген. Оның өмір жолында сан- салалы соқпақтар аз емес. 1917 жылдың наурыз айында Бекежан әкесінен айырылып, отыз төрт жастағы анасы Набира Жиенқұлқызының қарамағында қалады. Әмеңгерлікке көнбеген ана 1920 жылдың жазында қараңғылықтың құрбаны болады. Ата-анасынан айырылған Бекежан сегіз жасына дейін ағайындарының қолында, одан кейін Шалқар станциясындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, бастауыш білім алады. Жас өспірім кезінде ол Алматы қаласына келіп, құрылысшы болып істейді. Сауатсыздықты жою мектебінен өтіп, кешкі жұмысшы жастар мектебіне түседі. Оны аяқтап жоғарғы оқу орнының даярлау бөліміне ауысады. 1927 жылдан комсомол, 1932 жылдан партия мүшесі Бекежан 1934 жылы К. Либкнехт атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогика институтының тарих факультетіне оқуға түседі. Бұл институт кейін В. И. Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогика институтының құрамына қосылады. 1938 жылы оны ойдағыдай бітіріп Қазақ КСР Оқу министрлігінің нұсқауымен Абай атындағы Қазақ педагогика институтының аға оқытушысы болып тағайындалады /5/. Жоғары дәрежелі мамандардың жетіспеуі себепті Сүлейменов бір мезгілде С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде, КомВУЗ-де (бұрынғы партия мектебі) және жоғары дәрежелі мамандар даярлайтын көптеген курстарда тарихтан сабақ береді. Сонымен бірге Алматы мемлекеттік шет тілдер институтының ректоры қызметін, Қазақ қыздар педагогикалық институтының КСРО тарихы кафедрасының меңгеруші қызметін қоса атқарған.
1943 жылдан Бекежан Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы, кейіннен Қазақ КСР Ғылым академиясымен тығыз байланысты. Мұнда ол алғаш Тіл, әдебиет және тарих институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, сектор меңгерушісі, Қазақ КСР тарихының революцияға дейінгі бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады. Қазақстан тарихын зерттеудің ғылыми орталығын ұйымдастыруға тікелей араласады. Кезінде атақты орыс тарихшылары, шығыстану ғылымының қайраткері В. В. Струве, С. Ф. Ольденбург, С. В. Тарле, Б. Д. Греков, С. Б. Бахрушин, А. М. Панкратова, Н. М. Дружинии сынды ғалымдардың мектептерінен өткен Б. Сүлейменов бұл ғалымдардан тарихи құбылыстарға объективті баға беру, талдау жасауды үйреніп, бірізділікті сақтауды ғылыми ұстаным дәрежесіне көтереді. Кеңес -Герман соғысы кезінде оның алғашқы ғылыми еңбектері шыға бастады.
Бекежан Сүлейменов фашистерге қарсы шайқастарда асқан ерлік көрсеткен қазақ халқының қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың қысқаша өмірі және соғыстағы ерліктері жөнінде 1944 жылдың наурыз айында мақала жазып, батыр қызы бүкіл елге алғаш танытады /6/.
Бекежан Сүлейменов 1952 жылға дейін 28 еңбек жариялайды.
1. 2 Б. С. Сүлейменовтің тарихшы ретінде қалыптасуы.
Бекежан Сүлейменов алғаш Тіл, әдебиет және тарих институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, сектор меңгерушісі, Қазақ КСР тарихының революцияға дейінгі бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады.
Бекежан Сүлейменовті қызықтырған өзекті мәселелер - Қазан төңкерісіне дейінгі Ресей империясының құрамындағы қазақ халқының өмірі және азаттық үшін күресі, әсіресе қазақ жеріндегі революциялық және ұлт-азаттық қозғалыс тарихы, қоғамдық ойдың тарихи дамуы мен ағартушылық мәселелері. Оның 1945 жылы қорғаған кандидаттық диссертациясында /7/, Қазақ КСР Ғылым академиясының «Хабарлары» («Вестник»), «Хабаршысы» (Известия) және басқа газет - журналдар беттерінде жарияланған ғылыми мақалаларында /8/ патша өкіметінің 1867-1868 жылдарда жүргізген әкімшілік рефермалары және олардың жүзеге асу нәтижесінде қазақ даласын кеңінен отарлауға мүмкіндік туғаны ашық көрсетілген. Бұл реформалар Ресей отарлау саясатының негізгі буындарының бірі болғанымен, олардың мақсаты, мазмұны мен нәтижелері Б. Сүлейменовке дейін толық және тиісті түрде зерттелмеген еді. Ғалым аталған реформалардың мәнін аша келіп, Қазақстан капитализм жолымен қарқындай дамып келе жатқан Ресей өнеркәсібінің тұтыныс және шикізат көзіне айналды, сонымен қатар қазақ жерін алаңсыз тонауына әкелді деп көрсетеді. Сондай-ақ бұл реформалардың қазақ жерін бөлшектеп, халықты түпкілікті тәуелді жағдайға түсіруге арналғанын және қазақ халқының ұлттық даму жолындағы үлкен кедергі болғанын дәлелдеп жазады. Бекежан Сүлейменұлының редакторлығымен және кіріспе мақалалары мен Б. Әбиевтің Қарағанды көмір бассейіні жөнінде тарихи очеркі /9/, 1916 жылғы қазақтар көтерілісі және 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы кезіндегі Қазақстандағы жұмысшы, шаруа және ұлт-азаттық қозғалыстар жөнінде құжаттар мен мәліметтер жинақтары /10/ жарық көреді. Көптеген жарық көрген зерттеулерінде Бекежан Сүлейменов Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық революцияның Қазақстанға ықпал болғанын жазады. Бірақ қазақ қоғамында патриархалды - феодалдық қатынастардың үстем болуына байланысты. Қазақстан шаруаларының күресі Ресейдің орталық бөлігіндегі шаруалар бұқарасы күресінің деңгейіне жете алған жоқ /11/. Б. Сүлейменов 1905-1907 жылдардағы Қазақстандағы революциялық күрес өлкедегі ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеуіне әсер етті, бірақ жұмысшылар күресі олардың аз болуына байланысты Қазақстанда қарулы көтеріліс деңгейіне дейін көтеріле алған жоқ деп көрсетеді. Ал ғалым қазақтардың 1916 жылғы көтерілісі бір жағынан ұлт-азаттық бағытында болса екінші жағынан шаруалар қозғалысы деп есептейді. Басқа авторлар мен салыстырғанда, Бекежан Сүлейменов көптеген деректі материалдар негізінде бұл көтерілістің бүкіл қазақ жерінде болғанын дәлелдейді. Сондай-ақ ол Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс басылды деген пікірге қарсы шығып революциядан кейін де Торғай және Жетісу облыстарында көтеріліс партизандық әдіспен жалғаса берді деп тұжырымдайды.
Б. Сүлейменұлы Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның мәдени дамуы және қоғамдық ой тарихы бойынша зерттеу жүргізіп, соның нәтижесінде Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен қоғамдық- саяси көзқарастары жөнінде еңбектер жариялайды /12/.
Қазақ КСР Ғылым акедемиясында Ы. Алтынсаринның өмірі және қызметін алғаш байыппен зерттеген - Б. Сүлейменұлы. Ол 1945 жылдан бастап Ы. Алтынсарин және оның кезеңі тақырыбына зерттеу жұмысын жүргізіп, Ы. Алтынсаринның таңдамалы шығармалар жинағын шығаруды жоспарлайды. Мәскеу, Ленинград, Қазан, Орынбор, Челябі, Чкалов, Қостанай және Тройцк қалаларының архивтерінен және кітапханаларынан қыруар материладар жинайды. Өзінің зерттеулерінде Қазақстандағы қоғамдық ой тарихы IX ғасырдан бастап көп ғасырлық
дамудан өткендігін, XIX ғасырда Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин және А. Құнанбаевтың шығуы кездей - соқ емес екендігін атап көрсетеді.
Б. Сүлейменов алғашқылардың бірі болып Ы. Алтынсаринның көрнекті қазақ ағартушысы, өз заманының ойшылы, қоғам қайраткері, қазақ жазбаша әдебиетінің классигі және қазақ әдеби тілінің негізін салушылардың бірі екенін дәлелдейді.
Алғашқы кезде Кенесары Қасымұлы көтерілісі және қазақ әдебиетінің кейбір мәселелері жөнінде коммунистік көзқарасты жақтаған Б. Сүлейменов өзінің асыра идеологияландырылған мақалаларында /13/, Е. Бекмаханов, Қ. Жұмалиев енбектерін сынаған еді. Бірақ 1951-1952 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясында өткен, жиналыстарда, мәжілістерде Б. Сүлейменов азаматтық бағыты күшті ғылым ретінде Е. Бекмаханов, М. Әуезов және басқа оқымыстыларды жақтап, батыл сөз сөйлейді /14/. Бұл кезде Б. Сүлейменов Қазақ КСР Ғылым академиясы қоғамдық ғылымдар бөлімінің ғылыми хатшысы болып қызмет атқаруы да бұл пікірталаста белсенділік көрсетуіне мүмкіндік береді. Бұл оқиғалар қазақ ғылымдарының тағдырына үлкен қасірет алып келген саяси науқанмен тікелей байланысты еді. Атап айтқанда, ғылым, өнер, мәдениет, өсіре идеологияландырылып, демократиялық ұстанымдар шектеліп, рухани құндылықтар дүниеге келтіру мен таратуға саяси қысым күшейген еді. Бұл қысым әр кезде алуан түрлі әдіспен көрсетіліп, саяси және идеологиялық ұйымдар тарапынан үнемі тарату, «реттеу» және қатаң бақылау жасау арқалы іске асыру еді. Тікелей саяси қысым, әсіресе, қоғамтану, өнертану, білім беру, тәрбие сияқты мәдениет салаларында ерекше өріс алады. «БК(б) П қысқаша курс тарихы» жарық көргеннен соң, көптеген концептуалдық еңбектер теріске шығарылып, 1950 жылдырының басында қуғын-сүргіннің жаңа толқынының басталуына себепші болады да, республика зиялыларына қауіп-қатер төнеді. Бұл Кеңес Одағындағы көптеген жазықсыз зиялы азаматтарды қайтадан сталиндік жүйенің елегінен өткізудің жаңа кезеңінің басталған сәті болатын. Соған орай Қазақстанда бірнеше қаулылар шығады. Олардың қатарында Қазақстанда К(б) П ОК-ң 1947 жылы 21 қарашадағы «Қаз КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институты жұмысындағы өрескел қателіктер туралы» және ҚК (б) П ОК VIII - пленумының 10-сәуір 1951 жылғы «Республика партия ұйымдарындағы жағдай және идеологиялық жұмыстарды жақсарту туралы» қаулылар мен «Правда» газетінде жарияланған «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік ілім тұрғысынан қарастыру үшін» деген /15/ мақала да бар. Қазақстандағы «ішкі жауларды» әшкерлеу науқаны осылай басталды. Бұл қаулыларға сәйкес тарихшы Е. Бекмаханов пен Б. Сүлейменовке қауіп -қатер төнеді. Көп ұзамай 1952 жылдың 17-шілдесінде Б. Сүлейменов, ал 5 -қыркүйекте Е. Бекмаханов тұтқындалады. Б. Сүлейменов жөнінде сол жылы 13-қыркүйекте қауіпсіздік комитетінің айыптау қорытындысы шығып, ісі Қаз КСР Прокоратурасына берілді /16/.
1952 жылы 23-қазанда болған Қазақ КСР-інің Жоғарғы сотының алқасы жабық отырысында мынадай үкім шығарады: «Өзінің антисоветтік іс-әрекетін Б. Сүлейменов саяси екіжүзділік әдісімен жүргізді. 1948 жылы ол XIX ғасырдағы Кенесары Қасымовтың феодалдық - монархиялық көтерілісін ұлтшылдық деп айыптаса, 1951-1952 жылдары Қаз КСР Ғылым академиясының отырысында және мәжілістерінде өзі антисоветтік және ұлтшылдық тұрғыдан Қазақстан тарихының бірқатар мәселелерін қарастырған және еңбектерінде, қолжазбаларында және баяндамаларында буржуазиялық-ұлтшылдық идеологияны насихаттады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Партияның және Совет үкіметінің КСРО-дағы ұлттық саясатына қарсы үгіт-насихат жүргізді, халықтар көсемі жөнінде келеңсіз сындар айтқан». Осы айтылған айыптар негізінде Б. Сүлейменов 25 жыл бас бостандығынан, 5 жылға сайлау құқынан айырылады және дүние - мүлкі тәркіленеді. Бай кітапханасы, сирек кездесетін кітаптары талан -таражға түседі.
Тарих ғылымына жасалған идеологиялық қысым 1953 жылғы наурызында Сталин қайтыс болғаннан кейін де Қазақстанда толастай қойған жоқ, сәл бәсеңсісе де үйреністі әдетпен жүріп жатты.
Тек 1954 жылдың көктемінен кейін Қазақстан ғылымы мен мәдениеті саласындағы саяси науқандар бәсеңси бастады. Бұл кезеңде идеология мәселесі ҚКП ОК бір рет те талқыланбапты. Бұл процесті бұрынғы саяси айыпталғандардың ақталуынан байқауға болады. Б. Сүлейменов лагерден қайтарылып партия қатарына қайта қабылданып, қызметіне оралады /17/.
Ал, әйелі Ваганова Лидия Александрқызы консерваторияның оқытушылық қызметінен босатылады. Ол аздай-ақ саяси қылмыскердің әйелі болғандықтан үйінен, дүние-мүлкінен айырылып, қаңғыбастық күйге түседі. Жұмыссыз қалғаннан кейін Талдықорғанға бас сауғалап барғанмен, ағайындарынан жылы лебіз ести алмайды. Таныстары мен туыстары одан теріс айналады. Қазақстанда қалу мүмкіндігі болмағандықтан 1953 жылы 4- наурызда Алматыдан Новосібір қаласына көшуге мәжбір болады. Бірақ онда да осы жағдай алдынан шығады. Ол Б. Сүлейменовке жазған хаттарында Мәскеуге, КОКП Орталық Комитетінің кінәсіз екендігін білдіріп, арыз жазу жөнінде ақыл қосады. Тіпті Б. Сүлейменовтің 1953 жылы 4 - наурызда КОКП Орталық Комитетінің жанындағы Партиялық Бақылау комиссиясының басшысы М. Ф. Шкирятовке жазған хатынан кейін де, Лидия Александырқызы КОКП Орталық Комитетіне хат жолдап, жұбайының жазықсыз отырғанын оның құқықтары жерге тапталып жатқанын жазады. Ақыры оған жарымен кездесуге тыйым салынады. Алматыда тұруға еш мүмкіндігі болмаған, қуғындалған әйел Новосібірде жүріп, қасіретке төзе алмай, сол 1953 жылы 18- қазанда пойыздың астына өзі түсіп, опат болады.
Ал, Б. Сүлейменовтің сағынан сынбауы оның кішкентайынан жоқшылық пен жетімдікті көргендігінен еді. Билік басына Сталин тұрған уақытта репрессияланғандардың көпшілігі үшін сот процедуралары сақталынбайды, ал қамауға алыну, тергеуден өту жүйесі жабайылық сипатта жүріп, қуғындалушылардың басым көпшілігі ұрып-соғуға және азаптауларға ұшырайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz