Ахмет Байтұрсыновтың өмірі



Кіріспе

Ахмет Байтұрсыновтың өмірі

Негізгі бөлім

А) «Қазақ» газетіндегі елеулі еңбегі

Ә) Әдебиеттану саласына қосқан үлесі

Б) «Маса» жинағының өзіндік ерекшелігі

В) Ахмет Байтұрсыновтың аудармадағы орны



Қорытынды
Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің «Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың және Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволық мұрасы туралы» қаулысы Республиканың рухани өміріндегі үлкен маңызды оқиға болды. Онда: «Жазықсыз жазаға ұшырап, Республикада отызыншы жылдары орын алған зорлық-зомбылықтың, социалистік заңдылықты бұзудың құрбаны болған аса көрнекті қазақ ақыны М.Жұмабаевтың, ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы А.Байтұрсыновтың, қазақ романының негізін салушылардың бірі, белгілі лингвист, ақын-аудармашы Ж.Аймауытовтың творчестволық мұрасын зерттеген комиссиясының жұмыс қорытындыларын қарай келіп, Қазақстан Компартисы Орталық Комитетінің бюросы комиссиясының М.Жұмабаевтың ,Ж.Аймауытовтың және А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогикалық және әдеби қызметі туралы тарихи шындықты толық көлеміндеқалпына келтіру, олардың жеке шығармашылығын баспасөзде көрсетілген қателіктері мен уақытша адасуларын сын тұрғыдан зерделеу жөніндегі тұжырымдармен келісті...» делінген.Сонымен бірге қаулыда олардың өмірі мен творчестволық қызметі туралы мақалалар сериясын жариялау, таңдамалы шығармалары мен ғылыми еңбектерін әзірлеп, басып шығару қажеттілігі атап көрсетілген.
19 ғасырдың соңғы кезі мен 20 ғасырдың алғашқы 30-жылы ішіндеқазақ халқының қоғамдық-саяси, мәдени және әдеби өміріне белсене араласып, өнімді еңбек еткен , артына құнды мұра қалдырған А.Байтұрсынов жоғарыда аталған қайраткерлердің қатарында көп жылдан кейін туған халқымен қайта табысты. Ол ұлы Октябрь революциясына дейін-ақ ағартушы қызыметімен бірге, ірі ғалым-лингвист, әдебиет жинаушысы – зерттеуші, тюрколог, бірқатар оқулық пен оқу құралдарының авторы, дарынды ақын-аудармашы ретіндекеңінен танылған еді. Оның өмірі мен қоғамдық, творчестволық қызметінде Октябрь революциясы алдында қалыптасқан қазақ интеллигенциясы өкілдерінің тынымсыз тынысы, әр саладағы рухани ізденістері, олардың бағыт-бағдары мен сәтті-сәтсіз нәтижелері, жеке өмірінің трагедиялы жағдайлары бой көрсетті.
1. Ахмет Байтұрсынов.Шығармалары.
Алматы, Жазушы, 1989 жыл

2. Қазақстан энциклопедиясы.

3. Ахмет Байтұрсынов. «Әдебиет танытқыш»

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ж о с п а р :
Кіріспе

Ахмет Байтұрсыновтың өмірі

Негізгі бөлім

А) Қазақ газетіндегі елеулі еңбегі

Ә) Әдебиеттану саласына қосқан үлесі

Б) Маса жинағының өзіндік ерекшелігі

В) Ахмет Байтұрсыновтың аудармадағы орны

Қорытынды

Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет
Байтұрсыновтың және Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволық мұрасы туралы
қаулысы Республиканың рухани өміріндегі үлкен маңызды оқиға болды. Онда:
Жазықсыз жазаға ұшырап, Республикада отызыншы жылдары орын алған зорлық-
зомбылықтың, социалистік заңдылықты бұзудың құрбаны болған аса көрнекті
қазақ ақыны М.Жұмабаевтың, ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог,
дарынды ақын-аудармашы А.Байтұрсыновтың, қазақ романының негізін
салушылардың бірі, белгілі лингвист, ақын-аудармашы Ж.Аймауытовтың
творчестволық мұрасын зерттеген комиссиясының жұмыс қорытындыларын қарай
келіп, Қазақстан Компартисы Орталық Комитетінің бюросы комиссиясының
М.Жұмабаевтың ,Ж.Аймауытовтың және А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси, ғылыми-
педагогикалық және әдеби қызметі туралы тарихи шындықты толық
көлеміндеқалпына келтіру, олардың жеке шығармашылығын баспасөзде
көрсетілген қателіктері мен уақытша адасуларын сын тұрғыдан зерделеу
жөніндегі тұжырымдармен келісті... делінген.Сонымен бірге қаулыда олардың
өмірі мен творчестволық қызметі туралы мақалалар сериясын жариялау,
таңдамалы шығармалары мен ғылыми еңбектерін әзірлеп, басып шығару
қажеттілігі атап көрсетілген.
19 ғасырдың соңғы кезі мен 20 ғасырдың алғашқы 30-жылы ішіндеқазақ
халқының қоғамдық-саяси, мәдени және әдеби өміріне белсене араласып,
өнімді еңбек еткен , артына құнды мұра қалдырған А.Байтұрсынов жоғарыда
аталған қайраткерлердің қатарында көп жылдан кейін туған халқымен қайта
табысты. Ол ұлы Октябрь революциясына дейін-ақ ағартушы қызыметімен бірге,
ірі ғалым-лингвист, әдебиет жинаушысы – зерттеуші, тюрколог, бірқатар
оқулық пен оқу құралдарының авторы, дарынды ақын-аудармашы ретіндекеңінен
танылған еді. Оның өмірі мен қоғамдық, творчестволық қызметінде Октябрь
революциясы алдында қалыптасқан қазақ интеллигенциясы өкілдерінің тынымсыз
тынысы, әр саладағы рухани ізденістері, олардың бағыт-бағдары мен сәтті-
сәтсіз нәтижелері, жеке өмірінің трагедиялы жағдайлары бой көрсетті.
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылдың 25 қаңтарында Торғай уезінің Тосын
болысында қарапайым шаруа отбасында туылған. Ахметтің әкесі Байтұрсын
Шошақұлы еті тірі, намысшыл, батыл, сергек адам болса керек, өйткені ол
өзін қолдаушылармен бірге 19 ғасырдың 80-жылдары сол ауыл-аймақты басқарып
жүрген Яковлев деген уездік бастықты сабап, оның отбасын, туған-туыстарын,
сыбайластарын қуыпты. Бұдан соң уезд басшылары ауылға жазалаушы отряд
жіберіп, ағалы-інілі Байтұрсын мен Ақтасты тұтқындайды. Қазан округтік
сотының жылжымалы сессиясы Шошақовтарды 15 жылға Сібірге жер аударуға шешім
қабылдайды. Бұл сұмдық оқиғалар кезінде Ахмет он жаста екен. Бұлар баланың
жастық сезіміне айрықша әсер еткен. Адамдар арасындағы мұндай
қақтығыстардың, шиеленістердің әлеуметтік астарларын, толық түсініп болмаса
да, қайсар әке Байтұрсын мен оның туысы Ақтастың және оларды жақтаушылардың
әрекеттері жас Ахметтің қаналған халықтың ауыр тұрмысын тануына, олардың
ағаттығы жолындағы ізденістеріне ой салғаны көрінеді. Ақынның Анама хат
өлеңіндегі мына бір жолдары жас кезінде көрген, түсінген сұмдық оқиғалар
әсерінен жазылса керек.
...Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма, оны ұмытсам,
Болғандай жегеннің бәрі харам
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам?!
Бұл өлең 1909 жылы ол Семей түрмесінде жатқанда жазылған сияқты. Ақын
аяулы анасына деген сағынышын :
...Кетер деп Суға құлап, отқа түсіп,
Қайғы жеп, менің үшін болма алаң!-
деген жолдармен білдіреді.
...Қаңбақ пен салмағың тең бұл бір заман,
Лаж жоқ жел айдаса ермесіне.
Тайпалған талай жорға,талай тұлпар,
Тағдырдың кез болып тұр кермесіне.
Солардан жаным,тәнім ардақты емес,
Орынсыз күйзелейін мен несіне?!-
деген жолдарында сол уақыттың күрделілігі, жазықсыз жап шеккен саңлақтардың
тынысы, сенімі сезіледі.
Әділетсіздік құрбаны болған ағалы-інілі Байтұрсын мен Ақтастың
балалары енді Шошақтың кенжесі Ерғазының тәрбиесінде болады, оның көмегімен
1891 жылы Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесінде оқиды. Кейін Ахмет
Орынборға барып, Мұғалімдер мектебіне түсіп, оны 1895 жылы бітіреді. Бұл
жылдары Торғай, Орынбор өлкесінде ұлы педагог әрі жазушы Ы.Алтынсарин
негізін қалап кеткен игі дәстүрлері бар мектептер жұмыс істегені белгілі.
Осы үлгідегі мектептерде оқып, жүйелі білім, тәрбие алған Ахмет 1896-1907
жылдары Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уездеріндегі ауылдық және болыстық
мектептерде екі кластық
мектептерде мұғалім болып қызмет атқарады. Сөйтіп ол сол кездегі қазақ
қоғамына ең бір қажет және кең шеңбердедамуға бет алған ағартушылық ,
демократтық қозғалысқа белсене араласады. Ол орыс-қазақ мектептерінде,
семинарлардапедагог бола жүріп, қоғамдық-әлеуметтік өмірге үңілді. Айналаға
білім-ғылым таратудың тиімді жолдарын таратудың жолдарын қарастырды, қазақ
тілі және әдебиетінің тарихы мен теориясымен шұғылданды, алғашқы оқулықтар
мен оқу құралдарын жазып, халықтың көркемсөз мұрасын жинау, жүйелеу,
зерттеу ісіне араласты, баспасөзге мақалалар жазды, өлең шығарды, аударма
жасады. Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде әділетсіздікке, патша өкіметінің
саясатына қарсы наразылық білдірушілер қатарында болғаны үшін
А.Байтұрсынов бақылауға алынадыда, 1909 жылы шілдеде семей түрмесіне
қамалады. Кейін оны қазақ жерінен тысқары жерлерге жер аударуға үкім
шығарып, 1910 наурызынан 1917 жылдың соңғы айларына дейін Орынбор
қаласында тұрады. Бірақ ол бұл кезеңде де өзінің қоғамдық-саяси, мәдени
және әдеби өмірге араласуын тоқтатпайды. 1911 жылы Орынборда оның Маса
атты өлеңдер және аударма мысалдар жинағы басылады. 1913 жылдың мартынан
бастап Қазақ атты апталық газет ұйымдастырылып, 1917 жылдың
қыркүйегінедейін оның редакторы болып істейді.
Қазақ газеті бетінде қазақ халқының қоғамдық және мәдени мүдде-
қажеттіліктерін батыл сөз еткен материалдар жиі басылған. Сондықтан да ол
өз дәуірінің беделді органы саналған. Алғашқы шыққан жылының соңында-ақ
оның 3 мыңнан астам жаздырып алушысы болған, ал жабылар алдында өзінің
баспаханасы, кітапханасы жұмыс істеген және тиражы 8 мыңға жеткен.
Қазақ газеті соңғы кезге дейін кертартпа,ұлтшыл-буржуазиялық
басылым ретінде сипатталынып келді. Мұның сыңаржақтылығы қазір белгілі
болып отыр. Қазақ газеті бетінде басылған қоғамның әлеуметтік, саяси
өміріне қатысты кейбір материалдар, ел билеушілердің озбырлығын,
парақорлығын әшкерелеген мақалалар ресми орындардың наразылығын тудыырып,
газет редакциясын үнемі бақылауға алып, тінтулер жүргізіп отырған.
А.Байтұрсынов басқаруымен шығып тұрған Қазақ газеті қазақ халқының
рухани ,мәдени тарихында үлкен орны бар басылым болды.1923 жылы Мұхтар
Әуезов: ...Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасынатүгелімен ой түсіріп,
өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын
желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған Қазақ газеті болатын.Ол
газетінің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін
кімнің екпіні еді? Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік
бермеген соң Маса болып талай ызыңдап оятамын деп ұзақ бейнетті міндет
қылып алған, Ахаңның екпіні болатын,-деп жазған-ды.
Ахмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Ахмет Байтұрсыновтың мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері
Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі ( 1872 - 1937 жж. )
Ахмет Байтұрсынов - әдіскер ғалым
Қазақ қайраткері Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі
А.Байтұрсынов мұраларының ғылыми педагоги- калық негіздері
Ахмет Байтұрсынұлы туралы
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметін қарастыру
Пәндер