Өндіріс саласындағы қаржының рөлі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I ӨНДІРІС САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫНЫҢ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Қаржы, оның экономикадағы маңызы мен қызметтері ... ... ... ... ... ..4
1.2 Ұдайы өндірісті қамтамасыз етудегі қаржы механизмі ... ... ... ... ... ..7
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНДІРІСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1 Лизинг . өндірісті дамытудың құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Инвестиция қаржыны ұтымды пайдаланудың көзі, оның өндіріс дамуына қосар үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн қаржы-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.
Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Елде өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады. Ал бұл аталған өндірістің тиімділігн арттыру шараларының барлығының қызмет етуі негізінен қаржыға келіп тіреледі.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын «Өндірістің тиімділігін арттырудағы қаржының рөлі» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі қаржының экономика дамуындағы маңыздылығын, оның өндіріс тиімділігін арттырудағы рөлін және оның қаржыландырудағы негізгі түрлерін, өндірісті қаржылық қолдау шараларын талдап, осы процестің ҚР-ғы даму деңгейі мен атқарылып жатқан шараларын, даму болашағын талдау болып табылады.
Жұмысты орындау барысындағы негізгі мақсатым мен міндеттерім: қаржының экономикалық мәнін ашу, ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз етудегі қаржы механизмін талдау, өндірісті тиімді қаржыландыру көздері болып табылатын лизинг пен негізгі капиталдардарға, ғылыми-техникалық жаңалықтарға, инновацияларға инвестицияларды жан-жақты ашу және еліміздегі өндіріс саласының дамуындағы мәселелер мен бүгінгі таңдағы даму барысы мен оларды қаржыландыру жолдарын талдау болып табылады.

1. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
2. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
3. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, - 2000 г.
4. Каренов Р. Лизингтiк қызметтер. Оның ерекшелiгi неде? // Егемен Қазақстан. – 2004. – 24 сәуiр (№105106). – 2 б.
5. Сагадиев К.А. Лизинг Казахстане, Учебник для Вузов. - Алматы: 2000г.
6. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
7. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2004 ж.
8. Григорий Марченко “Бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория” // Егемен Қазақстан, 2004 ж.
9. Статистический ежегодник. Алматы. – 2005г. №6.
10. Финансы Республики Казахстан. Статистический ежегодник. Алматы, 2004.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I ӨНДІРІС САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫНЫҢ РӨЛІ
... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. Қаржы, оның экономикадағы маңызы мен қызметтері
... ... ... ... ... ..4
2. Ұдайы өндірісті қамтамасыз етудегі қаржы механизмі
... ... ... ... ... ..7
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНДІРІСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1 Лизинг - өндірісті дамытудың құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Инвестиция қаржыны ұтымды пайдаланудың көзі, оның өндіріс дамуына
қосар үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Кіріспе
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және
жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-
келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары
деңгейге көтеру үшiн қаржы-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету
бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.

деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi
дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым
бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.
Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі
төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Елде өндіріс
көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді.
Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң
бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң
өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы
үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және
қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады. Ал бұл аталған өндірістің
тиімділігн арттыру шараларының барлығының қызмет етуі негізінен қаржыға
келіп тіреледі.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын Өндірістің тиімділігін
арттырудағы қаржының рөлі деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі қаржының экономика дамуындағы маңыздылығын,
оның өндіріс тиімділігін арттырудағы рөлін және оның қаржыландырудағы
негізгі түрлерін, өндірісті қаржылық қолдау шараларын талдап, осы процестің
ҚР-ғы даму деңгейі мен атқарылып жатқан шараларын, даму болашағын талдау
болып табылады.
Жұмысты орындау барысындағы негізгі мақсатым мен міндеттерім: қаржының
экономикалық мәнін ашу, ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз етудегі
қаржы механизмін талдау, өндірісті тиімді қаржыландыру көздері болып
табылатын лизинг пен негізгі капиталдардарға, ғылыми-техникалық
жаңалықтарға, инновацияларға инвестицияларды жан-жақты ашу және еліміздегі
өндіріс саласының дамуындағы мәселелер мен бүгінгі таңдағы даму барысы мен
оларды қаржыландыру жолдарын талдау болып табылады.
I ӨНДІРІС САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫНЫҢ РӨЛІ
1.1 Қаржы, оның экономикадағы маңызы мен қызметтері
“Қаржы” бұл қолма-қол ақша, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы
латын тiлiнiң financia сөзiнген пайда болған француздың қоғамда нақты өмiр
сүретiн, объективтiк сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк
қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория
ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде қаржы белгiлi орын алады
және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешелiк
ролiмен айшықталады.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-
ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен
туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау
арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына
деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру әне бұл ресурстардың жұмсалуына
бақылау жасау.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және
әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай
қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және
пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады. Басқаша айтқанда,
қозғалысы ерекше қорлар арқылы жүрiп отыратын ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары бұл:
• Мемлекет пен заңды және жеке тұлғалардың арасында;
• Физикалық және заңды тұлғалардың арасында;
• Заңды тұлғалар арасындағы;
• Жеке мемлекеттер аарсындағы қатынастар.
Осы қатынастар жүйесi қаржы жүйесi деп аталады. Қаржы жүйесiнiң
буындары: әр дережедегi бюджеттерден, әлеуметттiк, мүлiктiк және жеке
адамды сақтандыру қорлары, мемлекеттiң валюта резервтерi, кәсiпорындардың
фирмалардың, басқа коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардың ақша
қорлары.
Экономикалық категория ретiнде қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгещелiгi олардың көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы
өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана бiлдiредi. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының
маңызды белгiсi. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың гысанын және
қаржының құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi.
Ақша қаржының қызмететуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып
табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде
және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта
бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк
сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып
табылады.
Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның
маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде,
қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған
мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында,
өндiрiстiк емес сферада қаржылық әдiстердiң көмегiмен iске асады.
Сөйтiп, қаржының қаралған өзгеше белгiлерi бұл экономикалық
категорияны ақша қатынастарының бүкiл жиынтығынан мүлтiксiз бөлiп алуға
мүмкiндiк бередi, әрi қаржының өзгешелiгiн, ерекшелiгiн атап көрсетедi.
Басқа бiрде-бiр құндық экономикалық категория жоғарыда аталған қаржыға тән
белгiлердi иемдене алмайды.
Экономикада қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмi арқылы барлық
жағдайға ықпал етудiң кең мүмкiндiктерiн пайдалана алмаса, мемлекет өзiнiң
iшкi және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзiнiң әлеуметтiк-
экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдiң қауiпсiздiгi функцияларын
қамтамасыз ете алмайды.
Жалпы қаржының экономиканың тиiмдi дамуындағы қажеттiгiн оның
экномиканың барлық салаларында атқаратын негiзгi қызметтерiнен анық көруге
болады. Қаржыға қатысты қызмет осы экономикалық категорияға тән қызметтер
тобын, мәнннiң iс қимылдағы көрiнiсiн бiлдiредi. Қазiргi кезде қаржы
қызметiн сипаттауда бөлгiштiк және ұдайы өндiрiстiк тәрiздi екi
тұжырымдамасы қалыптасып отыр.
Бiрiншi тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндiрiстiң екiншi
стадиясында – ақша нысанындағы қоғамдық өнiмнiң құнын бөлу процесiнде пайда
болады, қаржының бөлгiштiк сипаты оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiгiн
көрсетедi деп атайды. Осы тұжырымдамаға сәйкес қаржы басты екi қызмет
орындайды: бөлу және бақылау.
Қаржының бөлу қызметi қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнiм мен оның
аса маңызды бөлiгi – ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бiр бөлiгiн
бөлу және қайта бөлу процесiнде пайдаланылады дегендi көздейдi.
Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға
байланысты болатын қаржының бақылау қызметi аталған екi тұжырымдамағада
сәйкес келедi. Бұл қызмет жалпы iшкi өнiмдi тиiстi қорларға бөлуге және
оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрiнедi. Қаржының
бақылау қызметiнiң экономикалық мағынасы кәсiпорынның шаруашылық қаржы
қызметiне теңгемен бақылау жүргiзу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша
ресурстарын өнiмсiз әрi тиiмсiз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен
бiрге кәсiпорындарда өндiрiс рентабелдiлiгiн арттырудың резервтерiн ашуға,
өндiрiстiук емес шығындарды болдырмауға мүмкiндiк бередi.
Екiншi ұдайы өндiрiстiк тұжырымдаманы жақтаушылар қаржының
экономикадағы келесi үш қызметiн көрсетедi:
1. Ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
2. Ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
3. Бақылау қызметi.
Мемлекет және кәсiпорындар өзiнiң иелiгiне материалдық өндiрiс
сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнiм және өзiндiк өнiм құнының бiр
бөлiгiн алып немесе тартып отырады. Бұл процесс қаржының қызметi ақша
қорларын жасау арқылы жүзеге асады.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес.
Бастапқы элемент жүйесінің басқа элементтерінің арасында алдынғы орынды
алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның
рөлі айқындаушы болып табылады. Қаржы жүйесінде мұндай элемент болып
бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы болып
саналады.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің
қаржысы қаржылардың негізін қалайды, материалдық өндірісте нақтылы өнім –
қоғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалатындықтан ол қаржы
жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.
Халықтың қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық
өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің
барлық нысандарынының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және
өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан
қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
ақша қаражататрын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді
алумен байланысты, басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық
төлейді. өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа
мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді. Мұндай қатынастар айырбасқа
жататын сауда орталықтарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін
кәсіпорындар мен ұйымдарда тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға
байланысты болатын ақша қатынастарын қоспағанда, қаржы қатынастары болып
табылады.
Осы жиналған немесе тартылған ақша қорларын экономикада орынды жұмсау
қаржының екiншi қызметi ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану арқылы
жүзеге асырылады. Әрине жоғарыда аталған қызметтердiң барлығы бiр-бiрiмен
тығыз байланысты және олардың қызметтерi бiр-бiрiнсiз жүзеге аспайтын
белгiлi бiр экономикалық жүйе болып табылады.
1.2 Ұдайы өндірісті қамтамасыз етудегі қаржы механизмі
Қаржы саясатының түбегейлі өзгеруімен байланысты қаржы механизмі қайта
құрылуда. Қаржы механизмін қайта құрудың мақсаты – нарықтық қатынастарды
дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту, қаржы
ресурстардың пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету.
Нарықтық экономикада өндірістік құрал-жабдықтарды тиімді пайдалануда
кәсіпорындардың ынталылығын арттыру үшін ерекше қаржы әдістерін қолданудың,
олардың қаржы қызметін қатаң реттемелеудің қажеттілігі болмай қалады.
Нарықтық бәсеке кәсіпорындарды өндіріс тиімділігі, қаржыны жоспарлаудың
сапасын арттыру, қаржы ресурстарын пайдалануда ішкішаруашылық қаржылық
бақылауды тереңдету, соның негізінде жалпы өндірістің тиімділігін үздіксіз
арттырып отыруға итермелейді.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы механизмінің міндеттері
өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық
реттеуді қоллданумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық
ынталылықтың өсуімен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды,
қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі
өндірістің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.
Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарынан
өтеді. Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен
өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның тиімділігін арттыруға және
экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.
Өндірістік тиімділікті арттырудағы қаржының маңызы өндірістік
капиталдарды қалыптастырумен байланысты болып табылады. Кәсіпорындардың
өндірістік қызметі негізгі өндірістік капиталдарды – негізгі және айналым
капиталдарын пайдаланумен байланысты болады. Өндірісте негізгі өндірістік
капиталдар мен материалдық емес активтер өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы
қатысады және өзінің құнын біртіндеп, амортизация негізінде қайтарады. Бұл
аударымдар амортизациялық аударымдар деп аталады.
Негізгі капиталдар мен материалдық емес активтердің жәй және ұдайы
жаңғыртылу процесі ұзақ мерзімді инвестициялардың көмегімен жүзеге
асырылады. Яғни өндірістің тиімділігін арттыру үшін инвестициялық қызметті
тиімді ұйымдастыру қажет. Ұзақ мерзімді инвестициялардың мүмкін болатын
көздеріне мыналарды жатқызуға болады:
• Шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;
• Республикалық және жергілікті бюджетердің қаражаттары;
• Шетелдік инвесторлардың қаражаттары;
• Банктердің беретін несиелері;
• Лизингтік қаржыландыру.
Кәсiпкерлiк бизнестi ұйымдастырудың бастапқы кезеңiнде капиталдың
алғашқы салымын жасау керек. Бастапқы капитал деп өндiрiстiң бастапқы
кезенiнде жасалатын капиталдың алғашқы сомасы мен ағымдағы капитал
кәсiпорын тiркеуге, банкте есеп-шот ашуға немесе жалға алу қызметтерiнде,
ғимараттарды жөндеуге, оны қайта құруға, машиналар, құрал-жабдықтар,
патенттер, лицензиялар сатып алуға жұмсалады.
Ағымдық шығындарға шикiзат пен материалдар, жалдау төлемi, жалақы
беру, әлеуметтiк қорларға аударымдар, сақтандыру бойынша төлемдер жатады.
Сөйтiп бастапқы капитал кәсiпкердiң өндiрiстiк қорлар (негiзгi және
айналыс) сатып алуға жұмсалатын негiзгi және айнымалы және өндiрiстiк емес
шығындарға қажеттiгiн көрсетедi. Кәсiпорынның барлық қаржы капиталдарын
келесi суреттен көруге болады:
Сурет-7 – Кәсiпорынның капиталының құрылымы
Бастапқы капиталдың және кәсiпкердiң қаражаттарының орнын жауып, өтеп
отыру үшiн меншiктi немесе несиелiк қаражаттар қолданылады.
Кәсiпкерлiк сфераның қандайында болмасын кәсiпкер капитал жұмсап
өзiне тезiрек пайда тауды мақсат етiп қояды. Ол әрине үнемi пайда табуды
көздейдi. Ол үшiн кәсiпкер өндiрiстi үзбей, ұдайы-өспелi өндiрiс негiзiнде
жалғастыра жүргiзуi керек.
Ұдайы өндiрiс өндiрiстiк капиталды пайдалану негiзiнде жүредi. Осы
процесте өнеркәсiп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы өндiрiстiк
процестi осыған қатынасатын өнеркәсiптiк капиталдың функционалдық
формаларының өзгеруi бағытынан қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге
болады:
А – Т ... Ө ... Т1 – А1
Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:
А – Т ...
Өндiрiс факторлары нарығында тауар формасын алған өндiрiс
факторларына ақша капиталы жұмсалады. Сөйтiп, ақша капиталы өндiргiш
капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы - өндiрiске жағдайлар жасау:
... Ө ...
Өндiрiс процесiнде өндiргiш капитал тауарлық капиталға айналады және
ол үстеме құн өндiру функциясын атқарады:
... Т1 – А1
Тауарларға сiңген үстеме құн, оны нарықта өткiзген соң, кәсiпкердiң
қарамағына түседi. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша
капиталына айналады. Тауар капиталының функциясы – үстеме құнды өткiзу және
сату.
Капиталдың iр формадан екiншi формаға айналатын қозғалысын оның
ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетiп тұр - капиталдың ауыспалы
айналымы пайда жасауды көздейдi:
d = A1 – A
Мұндағы: А – бастапқы жұмсалға нкапитал шамасы;
d – капиталдың үстеме әкелген құны.
Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзiлмей қайталанып жүрiп
отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы
болады.
Капиталдың айнылымы мен оның ауыспалы айналымы бiр-бiрiмен тура
келмейдi. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесiнде кәсiпкерге ақшалай
формада авансталған капиталдың тек бiр бөлшегi қайтып келедi, барлық
капиталдық құн өз иесiне өзiнiң бастапқы ақшалай формасында толық қайтып
түскенде капитал толық айналым жасады деп есептеледi.
Капиталдың әр түрлi элементтерiнiң айналымы бiрдей жүрмейдi.
Капиталдық құнның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негiзгi
және айнымалы болып бөлiнедi.
Негiзгi капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек
заттарының және жұмысшы күшiнiң төлем құндары жатады. Капиталдың осы
бөлшектерiнiң айналымының айыпмашылықтары, өндiргiш капиталдың құнының әр
элементтерiнiң жасалынатын өнiмге өзiнiң құнын алмастыруының әдiстерiнiң әр
түрлi болуымен байланысты болады.
Негiзгi капитал – бұл өндiрiс процесiне тұтас қатынасатын, бiрақ өз
құнын өнiмге бiрте-бiрте ауыстырып, меншiк иесiне ақшалай формада бiрте-
бiрте оралатын капитал. Негiзгi капиталға барлық жабдықтардың,
машиналардың, өндiрiстiк ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Ал
шикiзаттар, материалдар, еңбек күшi айналмалы капиталдарға жатады, олар
өзiнiң құнын шығарылға нөнiмге толық бередi.
Айнымалы капитал - өндiргiш капиталдың бiр бөлiгi болып табылады;
оның құны, оны тұтыну процесiнде толығынан өнiмге ауысып, әрбiр ауыспалы
айналым актiсiнiң соңында ақшалай формада тұтас қайтады.
Негiзгi капитал өндiрiсте материалдық және моралдық жағынан тозады.
Материалдық тозу – негiзгi капиталдың элементтерi физикалық тұрғыдан
қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.
Материалдық тозу келесiдей жағдайларда орын алады:
• Жұмыс кезеiндегi капиталдың қызмет ету процесiнде;
• Табиғат күштерiнiң әсерiнен жұмысқа қабiлетсiз қалған жағдайларда;
Материалдық тозудың екi жағдайы бар:
• Техникалық-өндiрiстiк – тұтыну құнының жойылуы;
• Құндық – құнның жаңа өнiмге көшуi.
Моралдық тозу - бұл негiзгi капиталдың, еңбек құралдарының құнының
төмендеуiнiң нәтижесiнде, немесе , олардың өнiмдiлiгiнен жоғары өнiмдi
еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалығының жойылуы
болып табылады. Өз кезегiнде моралдық тозудың екi түрi болады:
• Еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiне сәйкес берiлген еңбек құралдары арзандау,
аз құнмен ұдайы өндiрiледi;
• Құны бұрынғыдай машиналар өндiрiледi, бiрақ техникалық жағынан
жетiлуi, өнiмдiлiгi, рентабельдiлiгi жоғары болады.
Аталған екi тозуда да негiзгi капиталдың құны жойылады, төмендейдi,
өйткенi еңбек құралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептелiнедi. Осы
жағдай экономикада амортизациялық қор құруға мәжбiр етедi. Осы қордың
қаражаты жыл сайын жасалып отыратын, амортизациялық жарналардан құралады.
Амортизация қорының қаржылары ескiрген еңбек құрал-жабдықтарды толық
алмастыруға , жабдықты жөндеуге, оларды жетiлдiруге, сондай-ақ қосымша
машиналар, станоктар және т.б. өндiрiстiк құралдар сатып алуға
пайдаланылады. Демек амортизация қоры өндiрiстi тиiмдi және сапалы, осы
заманғы бәсекеге қабiлеттi етiп ұлғайтуға бағытталады.
Капиталдың қызмет ету мерзiмiнiң сипаттамалары өте маңызды
экономикалық көрсеткiштерге жатады. Өйткенi басқа кәсiпкерлермен
бәсекелестiк жағдайда ұтысқа тек уақыт үнемдегенде жетедi.
Өндірістің тиімділігін арттыруда қаржының рөлі сондай-ақ ғылыми
техникалық прогресті жетілдіруге, оны қолдауға арналған қаржылық
жұмсалымдармен де тығыз байланысты болып келеді.
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
кезеңдерге, тиісінше ғылыми-техникалық зерттеулерге байланысты, соның
ішінде: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, жобалау-конструкторлық
зерттемелер, жаңа техника мен технологияны, өндірісті, еңбекті және
басқаруды ұйымдастырудың әдістерін енгізу.
ҒТП-ні қаржымен қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары қаржыландыру
көздерінің көптігі және олардың мақсатты бағыттылығы болуы тиіс. Ғылым
жалпы нарықтық қатынастарға бағдарлана алмайтын қызмет сферасына жатады:
мәселен ғылым түгелдей коммерцтялық критерийлерге түсіп кетпейді, сондықтан
экономиканың маңызды секторларындағы технологияны революцияландыра алатын
іргелі зерттеулер мен келешектегі зерттемелерді қаржыландырудың міндетін
мемлекет өзіне алады. Мемлекеттік ғылыми-техникалық, инвестициялық,
экологиялық және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қаржыландырудың
орталықтандырылған қаражаттар есебінен жүргізілуі мүмкін.
ҒТП-нің қолданбалы және енгізбелік шаралары шаруашылық есеп
қорларынан және банк несиелері есебінен қаржыландырылуы тиіс. Бұл шаралар
өндіріс тиімділігіне тікелей ықпал жасайтындықтан, оның түпкілікті
нәтижелеріне әсер ететіндіктен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
кірістерін ҒТП сферасындағы олардың қызметінің түпкілікті нәтижелерімен
тығыз байланысын қамтамасыз ететін икемді салық саясаты жүргізілуі тиіс.
ҒТП-ні жеделдетуді ынталандырудың маңызды бағыты ҒТП-нің басым
бағыттарын жүзеге асыратын субъектілер үшін мақсатты субсидиялар мен
жеңілдікті несиелер беру, жаңа техника мен технологияларды игеру жөнінде
арнайы құрылатын көтеріңкі шығындардың инвестициялық қорлары есебінен
өтемақы төлеу, негізгі құрал-жабдықтардың жеделдетілген амортизациясын
қолдануболып табылуы мүмкін.
Экономиканы тиімді дамытуда негізгі шығындардың бірі болып табылатын
ҒТП-ні қаржымен қастамасыз етудің көзі қаржылық қолдауды көрсетуге арналған
инновациялық қорлардың ресурстары бола алады; бұл қорлар салаларда немесе
аймақсатрда ғылыми-техникалық өнімді әзірлеушілер мен тұтынушылардың,
банктердің басқа мүдделі кәсіпоырндар мен ұйымдардың, сондай-ақ биліктің
жергілікті органдарының бюджет қаражаттары есебінен құрылуы мүмкін.
Қазіргі кезеңде еліміз экономикасының тиімді дамуы, елде өндірілетін
маңызды щикізаттардың молдығына байланысты ғылыми зерттеулер жүргізу,
инновациялық жаңалықтар ашуға халықаралық ұйымдардың, шетелдердің және
ұлттық кәсіпорындардың қайтарусыз беретін гранттары – арнаулы ақша және
басқадай қаражаттарды беру жолымен қаржыландырудың демеушілік сипаты айқын
дамып келе жатыр.
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНДІРІСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ
2.1 Лизинг - өндірісті дамытудың құралы ретінде

Өйткенi егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге
назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу
байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып
отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi
бойынша басты орындардамыз.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды
қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының
өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып
кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып
қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп
кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы
елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей , елiмiз жоғары дамыған
елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей
байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн реформалар жүргiзiп және ұзақ
мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
Яғни елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеге қабiлеттi алдынғы
қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және
экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан
Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап
оң нәтижелер бере бастады. Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке
шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын
өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау болып табылады.
Ал осы индустриялық стратегияны жүзеге асырып, бәсекеге қабiлетi
жоғары өнiмдер шығару үшiн ең алдымен ұлттық өнеркәсiп орындарына осы
заманғы жаңа құрал-жабдықтарсыз iске аспайтыны белгiлi. Бiрақ мұндай жоғары
сапалы өндiрiстiк құралдарды ақшалай немесе несиеге алу бүгiнгi таңдағы
ендi ғана бас көтерiп келе жатқан жас кәсiпорындар мен шағын бизнеспен
щұғылданушыларға өте қиын болып табылады. Өз кезегiнде ұлттық экономиканың
рыноктық уақытта тұрақты дамуының негiзi кәсiпкерлiк сала екенi белгiлi.
Егер олардың өнiмдерi бәсекеге қабiлеттi болмаса, алдағы жылдары Қазақстан
Бүкiл Әлемдiк сауда ұйымына мүше болып кiрген кезде отандық кәсiпорындар
бәсекеге шыдамай банкротқа ұщырайтыны белгiлi. Ол дегенiмiз ұлттық
болашағымен тiкелей байланысты.
Осы аталған мәселенi шешудiң бiрден-бiр тиiмдi жолы ол экономикамызда
қарқынды түрде лизингтiк бизнестi дамыту қажеттiгi туындап отыр. Бүгiнде
өндiрiс құралдарының 80% дерлiк моралдық және физикалық жағынан тозып отыр.
Осы тозған құрал-жабдықтарды жаңартудың басты көзi лизинг бизнесiн жан-
жақты дамыту керек.
“Лизинг” ұғымы бүгiнде шетелдiк және отандық әдебиеттерде кеңiнен
қолданылады. Лизинг өз кезегiнде қаржы-коммерциялық, құқықтық және
техникалық аспектiде көрiнiс табады. Қазiргi уақытта осыған байланысты
лизингтiң 100-ден астам анықтамалары бар. Лизинг сөзi “to lease” ағылшын
сөзiнен аударғанда “жалға беру” дегендi бiлдiредi. Лизингтiң жалға беруден
айырмашылығы – жалға беруде екi тарап қатысса: жалға берушi және алушы, ал
лизингте үш қатысушы: лизинг берушi, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл альтернативтi несиелiк қаржыландыру, яғни белгiлi бiр
құрал-жабдықтарды лизинг алушыға ұзақ мерзiмге беру, лизинг алушы ол үшiн
лизинг берушiге ай сайын лизинг төлемдерiн төлеп отырады.
Лизинг – бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi құрал-жабдықтарды,
машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндiрiске және сауда саттыққа
арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге)
лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн
қарастыратын жалға беру шарты.
Лизингтiң несиеден айырмашылығы келiсiмшартта көрсетiлген төлемдер
төленiп, мерзiмi аяқталғаннан кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг берушiнiң
банктiк меншiк объектiсi ретiнде қарыз алушының берген кепiлдiгi қалады.
Лизингтiк қатынастардың дамуы инвестициялық процестiң кең көлемде көрiнiс
табуына жол ашады және қолайлы инвестициялық климат қалыптастырады.
Лизингтiң қаржылық ерекшелiгi бойынша арендадан өзiндiк ерекшелiгiмен
көрiніс табады. Арендадан лизинг алушының ерекшелiгi ол тек қана объектiнi
жалға алып қоймай, ол сол объектi туралы барлық қызметтердi (жөндеу
жұмыстары, құқықтық жақтары, сақтандыру мен техниккалық қызмет көрсету) өзi
iске асырады. Лизинг алушының тағы бiр ерекшелiгi ол лизинг берушiге ай
сайын объект құнының белгiлi бiр бөлiгiн төлеп отырады.
Сонымен қатар арендалық бизнес тек қана екi жақты болса, ал лизингтiк
бизнес екi, үш және көп жақты бола бередi.
Егер лизингтi экономикалық тұрғыдан қарастыратын болсақ ол
экономиканың өнеркәсiп салаларына берiлген несиелер және негiзгi қорлармен
ұқсас екенi белгiлi. Сондықтан барлық лизингтiк қарым-қатынас, оның iске
асуы қаржылық сипатта болады. Яғни, бұл жерде лизинг берушi компания
қаржылық қызмет көрсеткен болады.
Ендi жалпы лизингтiк операциялардың типтiк сипатын анықтайтын келесi
схеманы көру арқылы лизингтiк бизнестiң iске асуын анықтайық. Оны келесi
суретен көре аламыз:
4
1 2
7 5
6 6 9 9 8 3
Сурет-1 – Лизинг қатынастарының типтiк схемасы
Қазақстан және ТМД елдерiнде лизингтiк қатынастар 1989 жылдан бастап
қалыптаса бастады. Ол кезде негiзiнен қаржылық лизинг, яғни коммерциялық
банктер айналысатын операция негiзiнде көрiнiс тапты.
Қазақстандағы лизингтiң дамуы төрт канал бойынша жүргiзiлдi:
1. Кәсiпорынның техникалық құралдарды прокатқа беру, яғни елде
“Казконтракт” корпорациясы iске асырды.
2. Коммерциялық банктердiң лизингтiк операциялары;
3. Мамандандырылған лизингтiк фирмалар;
4. Халықаралық лизинг компаниялары негiзiндегi лизингтiк
операциялардың жүргiзiлуi.
Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшiн және өнеркәсiп салаларының
бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн лизингтiң қажеттiлiгiн келесi
бағыттардан көруге болады:
• Қазақстан экономикасының Кеңес Одағы кезiнде негiзiнен
шикiзат бағытында құрылуы және бұрынғы қалыптасқан
жүйенiң бұзылуы;
• Елiмiздiң өнеркәсiп саласын дамытудың барынша
мүмкiншiлiгiнiң болуы және табиғи ресурстардың молдығы;
• Қазiргi қызмет етiп отырған өнеркәсiп орындарының
негiзгi құрал-жабдықтарының 80% моралдық және физикалық
жағынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz