Чжань-го немесе соғысушы патшалықтар кезеңі



І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Конфуцияшылдық.
2. Даосизм.
3. Моизм.
4. Легизм.

ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиет.
Чжань-го немесе Соғысушы патшалықтар кезеңі б.д.д. V – III ғасырларды қамтитын Қытай тарихының күрделі әрі аз зерттелген беттерінің біріне жатады. Ол кезде Қытай территориясы көптеген жеке патшалықтарға бөлінді. Олардың ішіндегі ең ірілері – Цинь, Чу, Ци, Хань, Чжао, Вэй және Янь патшалықтары болды.
Ел территориясың өзара бақталасушы патшалықтарға бөлінуі елдің экономикалық дамуына кері әсерін тигізді. Патшалықтар арасындағы үздіксіз соғыстар әсерінен, сол кезде кең таралған қала қолөнері мен сауда, жер игеру дамуы тежелді. Сондай-ақ елдің әр түрлі аймақтары арасындағы су және құрлық байланыстары, ирригациялық жүйелер бүлінді. Бұның бәрі де қала қолөнершілері мен саудагерлердің тұрмысын нашарлатты. Әсіресе, өзара қырқыстың әсерінен ең ауыр зардап шеккен жер игерушілер болды. Себебі, соғстар жүргізудің барлық қиыншылығы солардың мойнына түсті. Үздіксіз салықтар, соғыс және көп жылға созылған әскери борыш жер игеру шаруашылықтарының күйреуіне әкеп соқты. Халық арасында өзара қырғын соғыстарға қарсынаразылық өрши түсті.
Буырқанған Чжань-го дәуірі әскери-саяси оқиғалар мен түбірлі қоғамдық өзгерістерге қоғамдық өзгерістерге толы болды. Бұрын соңды Қытай қоғамы бұндай ақыл-ойдың жылдам дамыған кезенің бастан кешірмеген еді. Моральдық-этикалық, идеялық-саяси және философиялық ілімдер қарқынмен дамыған кез болды. Қала көшелері мен алаңдарында, билік иелерінің сарайлары мен үйлерінде пікірталастар, талқылаулар көпшіліктің кеңінен қатысуымен өтті. Осы дәуірде ежелгі Қытайдың әдеби- философиялық бағыты қалыптасты, оның негізінде қытай өркениетінің мәдени мұрасы ретінде сақталып келген керемет әдеби шығармалар дүниеге келді.
1. Сидихменов «Китай. Страницы прошлого.»
2. Древнекитайская философия. Энциклопедический словарь.
3. «Религиоведение», научный редактор А.В.Солдатов.
4. Го Мо-жо «Философы Древнего Китая».
5. Л.С.Переломов «Конфуцианство и легизм в политической истории Китая».
6. Васильев «Религии Древнего Востока».

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Конфуцияшылдық.
2. Даосизм.
3. Моизм.
4. Легизм.

ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиет.

Кіріспе

Чжань-го немесе Соғысушы патшалықтар кезеңі б.д.д. V – III ғасырларды
қамтитын Қытай тарихының күрделі әрі аз зерттелген беттерінің біріне
жатады. Ол кезде Қытай территориясы көптеген жеке патшалықтарға бөлінді.
Олардың ішіндегі ең ірілері – Цинь, Чу, Ци, Хань, Чжао, Вэй және Янь
патшалықтары болды.
Ел территориясың өзара бақталасушы патшалықтарға бөлінуі елдің
экономикалық дамуына кері әсерін тигізді. Патшалықтар арасындағы үздіксіз
соғыстар әсерінен, сол кезде кең таралған қала қолөнері мен сауда, жер
игеру дамуы тежелді. Сондай-ақ елдің әр түрлі аймақтары арасындағы су және
құрлық байланыстары, ирригациялық жүйелер бүлінді. Бұның бәрі де қала
қолөнершілері мен саудагерлердің тұрмысын нашарлатты. Әсіресе, өзара
қырқыстың әсерінен ең ауыр зардап шеккен жер игерушілер болды. Себебі,
соғстар жүргізудің барлық қиыншылығы солардың мойнына түсті. Үздіксіз
салықтар, соғыс және көп жылға созылған әскери борыш жер игеру
шаруашылықтарының күйреуіне әкеп соқты. Халық арасында өзара қырғын
соғыстарға қарсынаразылық өрши түсті.
Буырқанған Чжань-го дәуірі әскери-саяси оқиғалар мен түбірлі қоғамдық
өзгерістерге қоғамдық өзгерістерге толы болды. Бұрын соңды Қытай қоғамы
бұндай ақыл-ойдың жылдам дамыған кезенің бастан кешірмеген еді. Моральдық-
этикалық, идеялық-саяси және философиялық ілімдер қарқынмен дамыған кез
болды. Қала көшелері мен алаңдарында, билік иелерінің сарайлары мен
үйлерінде пікірталастар, талқылаулар көпшіліктің кеңінен қатысуымен өтті.
Осы дәуірде ежелгі Қытайдың әдеби- философиялық бағыты қалыптасты, оның
негізінде қытай өркениетінің мәдени мұрасы ретінде сақталып келген керемет
әдеби шығармалар дүниеге келді.

Конфуцийлік

Қазаргі Шандунь Оңтүстік Швғысында, Қытайдың бірнеше ұрпағы жерленген
көптеген қорғандар мен шетсіз күріш алқаптарының арасында ежелгі қалашық
Цюйфу ораналасты. Біздің заманымызға дейін 551 жыл, яғни 2500 жыл бұрын,
сонда кішкентай Лу князьдығында Европа әдебиетінде Конфций атымен белгілі
ежелгі Қыытайдың көрнекті ойшылы дүниеге келіп, өмір сүрді. Қытайша оның
фамилиясы Кун, ал аты Цю, бірақ оны Кун-Цзы (Кун мұғалімі) деп жиірек
атайды. Бізге Конфуцийдің өмірбаяны толықтай жеткен, бірақ оның шындығын
жалғаннан айыру қиын.
Конфуций ұсақ шенеуніктің отбасында дүниеге келген. Әкесінен ерте
айырылған ол, анасының қамқорлығында қалды. Жеті жасар баланы мектепке
береді. Ол онда үлкен ықыласпен он жыл оқыды, кейіннен конфуцийлікте үлкен
орын алған әдет-ғұрыптар мен салттардан жолын ұстанып, пұтханаларда
құрбандық шалу кездерінде үлкендерге шың көңілмен електеді. Оның
өмірбаяншыларының мәлімдеуінше, Конфуций 19 жасында үйленіп, бидай
қоймаларының күзетшісі қызметіне тағайындалды.
Әр түрлі князьдықтар билеушілерінің қол астында әр түрлі қызметтерде
біршама ұзақ уақыт қызмет еткеннен кейін, Конфуций шенеулік мансабын
тастап, өзінің этикалық – саяси көзқарасытарын уағыздаумен айналысты. Ол
удеулдық князьдықтарды аралап, олардың билеушілеріне қол астындағы
адамдарын қалай оқылды басқару жайында кеңес береді.
Ресми, Қытай әдебиетінде Конфуций өнегелі ұл, ескі әдет-ғұраптардың
қызу жақтаушысы, жалықпайтын зерделі қызметшісі, ескеліктің үздік білгіші
ретінде бейнеленді. Шамасы, Конфуций өзі де өзін өткен кезеңдердің бар
ақылын меңгерген адам деп санаған. Ол өз замандастарының алдында ежелгі
дәстүрлердің түсіндірушісі әрі сақтаушысы ретінде көрінуге тырысты.
Данышпан өзінің мағынасын жоғалтқан немесе ұмытылған ескіліктің
қасиеттерін жаңартушысы және жақтаушысы атағын жан-тәнімен қорғады.
Оның уағыздары елде, әсіресе қызмет етуші шенеуліктер арасында әйгілі
болды. Білімдерін толықтырғысы келгендер оның шәкірттеріне айналды. Бұлар
әр түрлі князьдықтардан шыққан, әр түрлі жастағы, әр түрлі істермен
айналысатын, данышпанға шың ғибратты, әңгімелерін тыңдауға келетін адамдар
болды, деректер бойынша 72 шәкірті Конфуцийға аса жақын болған, олардың он
екісі әрқашан оның қасында болған.
Конфуций 66 жасына дейін өз ілімін уағыздап, Қытайды саяхаттаған.
Кейін өзінің туған үделі Лу князьдығына аралап, өмірінің аяғына дейін
ешқайда шықпаған.
Конфуцийлік 72 жасында біздің заманымызға дейін 479 жылы Цюйдің
қаласында дүниеден өтті. Оның үйінің орнына хром салынып, кейін ол бірнеше
рет қайта салынып, кеңейтілді. Біртіндеп ол жерде үлкен хромдық
ансамбль салынып, ал данышпан мен оның шәкірттері жерленген орын үлкен
мазарға айналдырды.
Конфуций қиын әрі аласыпыран кезде, Қытайды ішкі сағыстар мен
жанжалдар дүрліктірген кезеңде өмір сүрді. Біздің заманымызға дейін пайда
болған Чжоу әулеті өзара тартыс кезеңін бастан кешіріп жатырды. Қытай,
әулет билеушісінің орталық билігін номиналды түрде ғана біріктірген,
көптеген князьдықтарға бөлініп қалған болатын. Өз көрішілері есебінен
еліктерін кеңейтуге тырысқан князьдар бір-бірімен толасыз соғыстар
жүргізді. Халық алым-салықтардан, соғыс контрибуцияларынан азап шекті.
Өз замандастары сияқты, мықты князьдар ежелгі билеушілер ұстанған
жоғарғы қағидаларды ұмытты деп санаған Конфуций сол қағидаларды жаңғыртуды
өз мақсатына айналдырды. Осылайша ол мықты князьдарға жоғалған беделі
мен ықпалын қайтаруға әдет-ғұрыптарды жақсартып, халықты бақытты қылуға
тырысты.
Конфуций өзін ежелгі мифтік билеушілер Ле, Шунь және Юнедің даналығын
түсіндірушісі және сақтаушысы санады. Ол өзі жайында: мен түсіндірушімін,
бірақ жаратушы емеспін, - деді. Сондай-ақ: менің ілімім ертедегі адамдар
үйретіп, қалдырып кеткен ілім ғана; бұл ілімге мен еш нәрсе қоспаймын, одан
еш нәрсе алмаймын да, оны алғашқы күйінде табыс етемін. ол ілім өзгеріссіз
– оның жаратушысы Аспан өзі мен тек жерге дін тастап, оны суратын диқан
ғана сияқтымын бірақ өздігінен сол егілген дәнге бұршақ шығартып, оған
белгілі – бір өсімідіктің түрін қабылдата алмаймын.
Конфуций ілімі бойынша атақты адамдар дана және Аспанның өзі оларға
билік берген; қарапайым халық ақылсыз, сондықтан оның жазмышы – егістікте
еңбек етіп, өзінің асыл қожайындарын асырау – Конфуцийдің этикалық – саяси
ілімін алғы шарттары осындай. Ал қарапайым халық өзінің ауыр жағдайыа
ашуланып, көтерілмеуі үшін, оны көнгіштік рухында тәрбиелеу керек.
Көнгіштік идеясы Конфуцийдің бүкіл ілімін қамтиды: ұлы әкесіне, әйелі
күйеуіне, төменде тұрған шенеунік жоғарыда тұрған шенеунікке, ал олардың
барлығы билеушіге бағынады. Бұл идея берілгендік ұғымыныда бейнеленеді.
Конфуций қоғамдағы әлеуметік теңсіздікті, адамдардың жоғарыдағылар мен
төмендегілерге, байлар мен кедейлерге бөлінуін көрді. Бұл әділетсіздікті
қалай тоқтатуға болады?
Оның ілімі бойынша бұған адамдарды, олардың әдеуметтік жағдайына
қарамастан, моральдық – этикалық тәрбиелеу жолымен, жеке адамды іштей
жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады: егер езуші мен езәлушілер, қанаушы
мен қаналушылар, билеуші мен оның қол астындағылар орнатылған моральдық-
этикалық қағидаларды ұстанса, онда жер бетінде әділеттілік орнайды.
Осыған сәйкес, Конфуций мен оның ізбасарлары әлеуметтік мәселелерді
экономикалық тәсілдермен емес, морализаторлық үйретулер мен этикалық
догмаларды қатаң сақтау арқылы шешеуге тырысты. Конфуцийшілдер арасында
Аштан өлу – кішкентай оқиға, ал адамгершілігін жоғалту - үлкен оқиға
деген пайымдау кең тарады.
Конфуцийдің этикалық –саяси ілімі бойынша қоғамы жоғары моральдық
–этикалық қасиетке ие таңдаулы топ ізгі адамдар (Цзюньзы) мен осы элита
басқарған бишара адамдарға (сяожэнь) бөлінеді. Ізгі адамның барлық
қасиеттерінің рухани негізі аспандық тегі бар ұлы мораль (да дэ) туралы
ілімнен тұрады. Аспан адамға құнды қасиет сыйлай алады, бұл қасиеттер ізгі
адамның бойында нақты көрсетілген – ол аспан мандатын күзетеді, оны
мұндай қасиеттерге ие бола алмаған басқа адамдардың бұзушылыған қорғайды.
Конфуций ұсынған абстаркты –утопиялық идеалды бейне – ізгі адам
шыншыл және адал, әділ әрі батыр, бәрін түсінетін және көретін, сөзіне сақ
және ісіне ұқыпты адамның қасиеттеріне иеленді. Ізгі адам тамаққа,
байлыққа, материалдық пайда мен өмірлік ыңғайлыққа толғаусыз болып, өзін
жоғары идеяларға, адамдарға қызмет етуге, ақиқатты ізденуге арнау керек.
Моральдың және этикалық мүлтіксіздіктің эталоны бола отырып, ол барлық
адамдар үшін үлгі болу керек.
Ізгі адам бес рақымшылдыққа ие болды: адамзаттың сүю (жэнь), парыз
(и), әдет-ғұрып нормалары (ли), білім (чжи), адалдық (синь), сонымен қатар
балалық қадірлеушілік (сяо).
Бес рақымшылдық мәні келесіден тұрады.
Адамзатты сүю (жэнь). Жэнь иероглифі екі мағыналық элементтен тұрады:
адам және екі (сан). Конфуций бойынша, адамға адамзатты сүю қасиеті
туа бітеді, бірақ ол басқалармен араласқанда ғана жанданып пайда болады.
Жэнь сөзі кең мағынасында адамдар арасындағы қарым-қатынастар
қағидаларының этикалық және әлеуметтік жиынтығын білдіреді. Мейірімділік,
ұстамдылық, сыпайлық, мейірбандық, аяушылық, адамдарға деген сүйіспеншілік,
қамқорлық және басқа жоғары өнегелі қасиеттер.
Жэнь қағидасын конфуций ең алдымен билеуші топ арасындағы қарым-
қатынастарды реттеу үшін ұсынды: ақсүйек адамдар өз араларында
сүйіспеншілік пен ынтымақтастық білдіру керек. Қарапайым адам адамзатты
сүюшілікке қол жеткізе алмайды. Адамзатты сүюге ие болмаған ізгі адамдар
бар жоқ ,– дейді философ.
Қытайдың мифтік билеушілері Ло, Шунь, Юй ие болған қасиеттер Жэнь
бойында синтезделген. Конфуций өз замандастарын олардан үлгі алып, Жэньді
басшылыққа алуға, яғни өнегелі кемелділікке ұмтылуға шақырды. Ол адамның
барлық жақсы қасиеттері қоғам негізделетін негізгі қағида –Жэньнен бастау
алады деп санады.
Парыз (и) Жэньнің жоғарғы заңы парыз (и) арқылы жүзеге асады. И
ұғымның өзі көп мағыналы. Ол рақымшыл адам өз еркімен қабылдайтын белгілі
моральдық міндеттемелерді жинақтайды.

Даосизм

Даосизм – Чжоулық Қытайда шамамен Конфуцийлік іліммен бір уақытта
пайда болған философиялық ілім. Дәстүр бойынша, оның негізін қалаушы
б.д.д. VII ғасырдың аяғы - б.д.д. VI ғасырдың басында өмір сүрген Лао-цзы
есептеледі. Оның өмірі мен қызметі жайында нақты дерек сақталмаған.
Сыма Цянның Тарихи жазбаларындағы (б.д.д. II ғасыр) Лао- цзының
қысқа ғана өмірбаянында, ол Чу мемлекетінің тұрғыны делінеді. Аты Ли Эр,
оны Дань деп те атаған. Ол Чжоу сарайында архивші қызметін атқарып,
Конфуцийімен кездескен дейді-міс. Алайда ол жайындағы деректердің аздығы
мен қарама-қайшылығы соншама, тарихшы ғалымдар ол адамның реалдығына күмән
келтіреді.
Маңыздылығы мен даңқтылығы бойынша ол Конфуцийден кейінгі Қытайдың
екінші философы есептеледі. Оның ілімі атақты Даодэцзин трактатында
баяндалған, Даодэцзин Қайырымдылық пен жол кітабы деген мағынаны
береді. Қытайда қабылданған аңыз бойынша Даодэцзинді Лао- цзы батысқа
бағытталған саяхатының алдында жазып, шекарадағы күзетшіге тастап кеткен.
Кейін бұл аңыз Лао-цзыға табынудың ажырамас бөлігі болып, оның бұқа
үстіндегі қария-данышпен түріндегі иконографиясының себебі болды.
Даодэцзин - екі бөліктен тұратын кішкентай трактат – Лао-цзы
ілімінің негізгі философиялық мәнін түсіндіреді.
Философиялық даосизмнің негізгі категориясы – дао (жол) –
табиғаттың жалпы заңдылығы, барлық болмыстың алғашқы себебі, материалдық
және рухани өмірдің барлық құбылыстарының қайнар көзі ретінде
түсіндіріледі. Дао әлем дамуының заңдылықтары жайындағы жалпыланған
түсінігі болып табылады. Барлық жанды заттар даодан таралды, олар айналым
жасап, оған қайтып оралады, делінеді Даодэцзинде. Дао алғашқы себеп қана
емес, сонымен қатар ақырғы мақсат пен болмыстың аяқталуы.
Даоны сезінуге болмайды: естуге, көруге, сезуге, түсінуге
болатынның барлығы – ол дао емес. Даоны ешкім жаратқан жоқ, бірақ барлығы
содан пайда болып, оған қайтып оралады. Алайда, дао жаратқанның барлығы дэ
(қайырымдылық) арқылы байқалады, сондықтан егер дао – әлемнің жалпы
мәнділігі болса, онда дэ – оның болмыстағы көрінісі.
Адамның міндеті – даоны тану, табиғилық (цзы-жань) жолына тұру,
яғни бұл жерде әлем үндестігі – адамның табиғатпен қосылуы дегенді
білдіреді. Қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік үндестікті бұзудың бірі
ретінде қарастырылады. Қоғамдық әділетсіздікке қарсы наразылықтың өзіне тән
бейнесі болып сопылық пен тақуалық табылады, басқаша айтқанда –
табиғылыққа оралу. Тақуа-даостар қай заманда да табиғат аясында
оңашаланды, және әлемді үндесуін аңғару үшін онымен қосылуға ұмтылды.
Даодэцзин еңбегінде әрекетсіздік (у-вэй) қағидасы үлкен
орын алады, ол адамды кез-келген әрекеттен бас тартып, өмірге белсенді
араласпауды бұйырады – өмір өзімен-өзі, табиғи даму керек. Конфуций адам
табиғатының күштілігіне, дұрыс тәрбиеленген жағдайда оның әрқашан дұрыс
жолда болатынына сенді. Лао-цзы болса, адам табиғаты оны өз еркіне қойғанда
ғана таза күйінде сақталады ден санады. Оның осы тезисі әрекетсіздік
доктринасының негізін қалады.
Лао-цзы халықты ол надан болғанда, оны басқару жеңіл деп
сеніп, білімге құштарлықтың көзін шұқыды. Ерте заманда, дейді
Даодэцзинде, даоға қызмет ете білгендер халықты ағартқан жоқ, оны надан
қылды. Халықтың білімі көп болса, оны басқару қиын. Сондықтан, мемлекетті
білім арқылы басқару – мемлекеттің жауы, білімсіз басқару – мемлекеттің
бақыты.
Лао-цзы, адамдардың бағзы заманнан бергі тәнін сақтап,
сезімдерін қанағаттандыру қамы олардың рухани дамуына зиян келтіреді, деп
налиды. Алайда, сыртқы мен сезімталдың барлығы адамшы әрі өткінші. Данышпан
үшін сезімталдық тәжірибені жалпылаудың қажеті жоқ, фактілерді зерттемей-
ақ ол ақиқатты, табиғат пен қоғам заңдылықтарын ақыл- есімен, пайымдаумен
тани алады. Үйден шықпай-ақ,– дейді Лао-цзы, данышпан дүниені таниды.
Терезеден қарамай-ақ, ол табиғи даоны көреді. Ол көп жүрген сайын аз
біледі. Сондықтан дана адам жүрмейді, бірақ таниды. Заттарды көрмей-ақ, ол
оларды атайды.
Әлемнің (дао) универсалды абстракты заңын шектен тыс жоғары дәрежеге
көтеріп, оны өмірдің материалды негіздерінен ажырату, қоршаған болмысқа
сырттай көңіл бөлу, рационалдық элементтің мәнін шамадан тыс арттыру және
танымдағы сезіну элементін кемсіту – Лао- цзы іліміндегі бұл идеалистік
ерекшеліктер даостық философияның дін болып қайта тууына негіз салды.
Сөйте тұра, көптеген зерттеушілер даосизм пастулаттарынан (әсіресе,
оның табиғатты қарама-қарсы бастаулардың күресін мойындауынан) аңғырт
материализм мен диалектиканың элементерін әділ көреді. Даодэцзинде қарама-
қарсылықтардың бірлігі идеясы мына сөздермен берілген: Аспанасты
мемлекетінде әсемдіктің әсемдік екенін білгенде, кейіпсіздік те пайда
болады. Барлығы қайырымдылықтың қайырымдылық екенін білгенде, зұлымдық та
пайда болады. Сондықтан болмыс пен болмыстың жоқтығы бірін-бірі туғызады,
қиын мен жеңіл бір-бірін жаратады, жоғары мен төмен өзара анықталады, ұзақ
пен қысқа өзара ара қатыста болады, дыбыстар тұтасып, үндестікке келеді,
алдыңғы мен кейінгі бір-бірінің артынан ереді.
Айтылғандай-ақ, конфуцийлік, ресми мемлекеттік идеология бола отырып,
ең алдымен әлеуметтік және отбасылық қарым-қатынастармен істес болды.
Қытай халқының әр түрлі анайы табынулары мен көне наным-сенімдері
Конфуцийлік ілім шегінен тыс қалды. Осы көне наным-сенімдердің,
ырымшылдықтың, шамандар мен балгерлердің әдет-ғұрыптарының барлығын діни
даосизм өзіне сіңірді, ал ежелгі философ Лао-цзы діншілдердің санасында
бейнесі әдетте храмдарда қойылған құдайға айналды.
Даостық діннің елеулі элементі – өлмейтіндік туралы ілім. Қытайлар
ежелден ұзақ өмір сүруді адам бақытының символы есептеді. Біреуді туған
күнімен құттықтағанда, олар әр түрлі ұзақ өмір сүру амулеттерін сыйлады.
Шоу (ұзақ өмір) цероглифіне мистикалық мән берілді. Қытайлар ол белгіні
қабырғаға жабыстырып, мойнына тағып жүрді.
Өлмейтіндіке жету идеясы Қытай билеушілері мен даостардың басты
назарына айналды.
Канондық даосизмде өлмейтіндік мәселесі былай түсіндіріледі.
Адамға көп мөлшерде (36 мың ) аруақтар әсер етеді, олар организмнің дамуына
ықпал етеді. Аруақтар әрқайсысының белгілі-бір міндеттері бар топтарға
бөлінген. Адам бұл аруақтарға құлақ қоймайды, сондықтан олардың бар екенін
білмейді. Бұл мезгілсіз өлімге алып келеді. Аруақтардың адам денесінің
тиісті мүшелерімен байланысын танып қана, өлмейтіндікке қол жеткізуге
болады. Аруақтарды тәннан кетірмей, олардың күшін көбейту керек.
Аруақтардың адам тәнін билеуге толық қолы жеткенде, тән дематериалданады
да, адам өлмейтін болып аспанға көтеріледі.
Қытай алхимиктері өлмейтіндік эликсирін табуда көп еңбектенді.
Жалпы Қытайда алхимияның алғышарттары шамамен б.д.д.VIII-VII ғасырларда
пайда болған. Өлмейтіндік эликсирін дайындау үшін киноварь (күкіртті
сынап), күкірт, тазартылмаған селитра, мышьяк, слюда және тағы басқа,
сонымен қатар тас ағашы мен шабдалы ағашы, тұт ағашының күлі, әр түрлі
шөптер мен олардың тамырлары пайдаланылды. Оған қоса алтын мен нефриттен
мистикалық формулалар көмегімен жасалған алтын эссенциясы, нефрит
эссенциясы пайдаланылды.
Өлмейтіндік пен зақым келмейтіндікке қол жеткізу үшін
гимнастикалық жаттығулар жинағын меңгеріп, дуалардың бірсыпырасын жаттау
керек болды. Киеліліктің алғашқы сатысын жүз күнге созылған гимнастикалық
жаттығу арқылы, ал киеліліктің екінші сатысын төрт жүз күн дуа жаттау
арқылы иеленді.
Дем алудың әр түрлі тәсілдері ойлап шығарылды: адамнан ұзақ өмір
сүретін бақа, тасбақа, құтан сияқты дем алу. Даостардың пікірінше, мұндай
жаттығулар адам денесіндегі аруақтарға өз-өздеріне шоғырлануға мүмкіндік
берген, адам жердегі нәрселерден қол үзіп, ғажайып күштермен жанаса алды.
Тұлғаный былай, бір-бірімен жанасу нүктелерінің бәрін жойып, материя және
рух болып екі бөлікке бөлінуі,– деп жазды белгілі орыс қытайтанушысы
А.В.Рудаков,– ең алдымен, бұл жағдайларда не трансқа ұшырап, не есалаң
кейпіне түсетін, индивидтің тәніне әсер етеді.
Даостардың нанымы бойынша әрбір азық тез қартаюға мүмкіндік
туғызады, сондықтан, ұзақ өмір сүру үшін еттен, татымдылықтылардан,
көкөністен, шараптан бас тарту керек.
Дәнді дақылдардан дайындалған тағамды жеуге болмайды: дененің
ішіндегі аруақтар бұндай тамақтан пайда болатын иістерді жақтыртпайды,
сондықтан олар адамды тастап кетуі мүмкін. Дұрысы, өзінің сілекейімен
қоректену. Сілекй, даостардың сенімі бойынша, адамға күш беретін тірілткіш
дәрі саналады.
Мистика даостық діннің жаны болды, ол әсіресе, әр түрлі
тұмарларда байқалды. Бойтұмарлар жіңішке сары жолақ қағаздарға жазылды.
Бұндай қағаздардың сол жағына кабалистикалық белгілердің (түсініксіз
жазылған иероглифтер мен әр түрлі сызықтар) суреті салынды. Діншіл
кабалистикалық белгілердің мағынасын түсіне алмады, бұл құпиялықты туғызды.
Қағаздың оң жағында тұмардың міндеті мен оны қалай қолдану керектігі
түсіндірілді. Әдетте, тұмар өртелініп, одан қалған күлін қандай да бір
сұйықтықпен араластырып, оны барлық аурулар мен бәлелерден қорғайтын
микстура ретінде ішті.
Діни даосизм пантеонына ерте қытай діндеріндегі құдайлардың
барлығы дерлік кірді. Даостық дінде әулиелердің көптігі соншама, оларды
бірнеше топқа бөлуге тура келуі: тауларда оңашаланған жер бетіндегі
әулиелер; аспанда өмір сүріп, мықтылығы мен күшімен барлығынан асатын
аспандық әулиелер; тән құмарлықтарынан бас тартса да, әлі өлмейтіндікке
жетпеген тақуалар; Шығыс теңізіндегі сиқырлы аралдарда тұратын киелілер;
елес сияқты тәнсіз аруақтар – перілер.
Даостар ұсынған, кәдімгі өмірден аруақтар әлеміне өту амалдары
өте қарапайым болды: адам жақындарын тастап, тауларда оңашаланып, тақуалық
өмір кешу керек.
Даостық дінде, былайша айтқанда, киелі адамға (сянь жэнь )
үлкен көңіл бөлінді. Қытайдың сянь(киелі) иероглифі екі элементтен тұрады:
адам және тау, оны тауда мекендейтін адам деп түсіндіруге болады.
Киелілікке жету үшін үш талапты орындау керек болды: жанын тазарту, арнайы
гимнастикалық жаттығуларды жетік меңгеру және де, ақырында өлмейтіндік
сиқырлы сусынын дайындау.
Жанын тазарту үшін оңашаланып, әдетте тауда қарапайым өмір сүру
керек болды, міндетті тамақтан бас тартып, мистикалық пайымдауға берілу
керек. Жартылай аш өмір сүрген, ауамен қоректеніп, тән қажеттіліктерінен
бас тартқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай мәдениеті,ғылымы
Ежелгі Қытай философиясы туралы
Конфуцияшылдық, даосизм, моизм және легизм
Конфуций философиясындағы цзюнь-цзы қайырымды адам ілімі
Конфуцийдің саяси жəне құқықтық ілімдер
Қытай бейнелеу өнерінің ұстанымдары
Қытай тарихын мерзімдеу
Конфуцишілдіктің Кореяның басқару жүйесіне ықпалы
Дана философ Конфуций туралы
Әйгілі философтардың адам туралы ілімдері
Пәндер