Кәсіпкерліктің экономикалық табиғаты мен маңыздылығы



Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1.Кәсіпкерліктің экономикалық табиғаты мен маңыздылығы
2.Кәсіпкерлікті салықтық реттеу
3.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке салық салу жүйесі
4.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудағы салық
салудың рөлі және жетілдіру мәселелері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Азаматтық қоғамды қалыптастырып және дамытудың іргетасы ,негізгі мәселелердің бірі- кәсіпкерлікті дамыту.Осы мәселені Елбасы үнемі назардан шығармай ,қажетті шаралар жасап отырғаны баршаға аян.Сонымен бірег шағын және орта кәсіпкерліктің басымдылық екендігін қайталап,қадап айтуда.Өйткені Азаматтық қоғамның діңгегі осылар.
Еліміздегі экономикалық дағдарыс пен өндірістің құлдырауын тоқтптудың бір жолы шағын,кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.Себебі,Қазақстан экономикасының терең дағдарысы жағдайында болуының себептерінің бірі – жоспарлы әкімшіл жүйе кезінде республиканың дамуында шикізат өндіруге ыңғайлы ірі кәсіпорындар саны басым болып,ел экономикасы түрлі кәсіпкерлік аядан алшақтап,шағын,кіші және орта бизнес дамытуда арта қалған.
Шағын және орта кәсіперлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі- салықтық реттеу болып табылады.Салық салудың нәтижелілігі олардың атқаратын рөліне тікелей байланысты.Өйткені,егер салық салу тәжірибе жүзінде максималды мүмкіндікке ие болатын болса және олардың атқаратын қызметтері арасында үйлесімді тепе- теңдік сақталатын болса бұл рөл жағымды болып келеді. Салық салуды дұрыс жолға қоюды қатамасыз ету күрделі және қарама қайшы мәселе болып табылады,өйткені мемлекет үшін ең бірінші және ең негізгі мәселе болып салық салуды жоғарылату болатын болса,ал жеке тұлғалар мен шаруашылық субъектілер салық төлеуді азайтуға ұмтылады
Мемлекеттің экономикалық қызметі- шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің іс - әрекетіне араласпай,экономика саласындағы әрекетін ретке келтіріп отыру.Соның ішінде салықтық реттеу мемлекеттік қаржылық реттеудің құрамдас бөлігі болып табылады.Салықтық реттеу экономикаға,экономикалық процестерге салық түрлерін,салық ставкаларын,салық жеңілдіктерін өзгерту,салық салудың жалпы деңгейін арттыру немесе төмендету арқылы жанама түрде ықпал ету, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлға табысының бір бөлігін алу арқылы олардың өндірістік емес мүмкіндігін төмендету арқылы әсер ету болып табылады.Салықтық реттеудің басты мақсаты өндірістің, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету, шетелдік инвесторларды,ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру шараларын жүзеге асыру.
1.Хабаршы №3 2006 жыл

2.Экономика негіздері журналы №2 2006 жыл

3. Экономика негіздері журналы №3 2007 жыл

4. Хабаршы №2 2002 жыл

5.Қ.Р-ның Салық Кодексі

6. Аль-Пари,№3 2005 жыл

7. Аль-Пари,№2 2006 жыл

8.Хабаршы №1 2006 жыл

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1.Кәсіпкерліктің экономикалық табиғаты мен маңыздылығы
2.Кәсіпкерлікті салықтық реттеу
3.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке салық салу
жүйесі
4.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудағы
салық
салудың рөлі және жетілдіру мәселелері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Азаматтық қоғамды қалыптастырып және дамытудың іргетасы ,негізгі
мәселелердің бірі- кәсіпкерлікті дамыту.Осы мәселені Елбасы үнемі назардан
шығармай ,қажетті шаралар жасап отырғаны баршаға аян.Сонымен бірег шағын
және орта кәсіпкерліктің басымдылық екендігін қайталап,қадап
айтуда.Өйткені Азаматтық қоғамның діңгегі осылар.
Еліміздегі экономикалық дағдарыс пен өндірістің құлдырауын
тоқтптудың бір жолы шағын,кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту болып
табылады.Себебі,Қазақстан экономикасының терең дағдарысы жағдайында
болуының себептерінің бірі – жоспарлы әкімшіл жүйе кезінде республиканың
дамуында шикізат өндіруге ыңғайлы ірі кәсіпорындар саны басым болып,ел
экономикасы түрлі кәсіпкерлік аядан алшақтап,шағын,кіші және орта бизнес
дамытуда арта қалған.
Шағын және орта кәсіперлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі-
салықтық реттеу болып табылады.Салық салудың нәтижелілігі олардың
атқаратын рөліне тікелей байланысты.Өйткені,егер салық салу тәжірибе
жүзінде максималды мүмкіндікке ие болатын болса және олардың атқаратын
қызметтері арасында үйлесімді тепе- теңдік сақталатын болса бұл рөл
жағымды болып келеді. Салық салуды дұрыс жолға қоюды қатамасыз ету
күрделі және қарама қайшы мәселе болып табылады,өйткені мемлекет үшін ең
бірінші және ең негізгі мәселе болып салық салуды жоғарылату болатын
болса,ал жеке тұлғалар мен шаруашылық субъектілер салық төлеуді азайтуға
ұмтылады
Мемлекеттің экономикалық қызметі- шағын және орта кәсіпкерлік
өкілдерінің іс - әрекетіне араласпай,экономика саласындағы әрекетін ретке
келтіріп отыру.Соның ішінде салықтық реттеу мемлекеттік қаржылық
реттеудің құрамдас бөлігі болып табылады.Салықтық реттеу
экономикаға,экономикалық процестерге салық түрлерін,салық
ставкаларын,салық жеңілдіктерін өзгерту,салық салудың жалпы деңгейін
арттыру немесе төмендету арқылы жанама түрде ықпал ету, сонымен бірге
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлға табысының бір бөлігін алу
арқылы олардың өндірістік емес мүмкіндігін төмендету арқылы әсер ету
болып табылады.Салықтық реттеудің басты мақсаты өндірістің, шағын және орта
кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету, шетелдік инвесторларды,ғылыми-техникалық
прогресті ынталандыру шараларын жүзеге асыру.

1.Кәсіпкерліктің экономикалық табиғаты мен маңыздылығы

Кеңес Одағының ыдырауымен және халық шаруашылығындағы реформалар
кешені мен құрылымдық қайта құрулар арқылы экономикасы нарықтық
қатынастарға өткен бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен
кәсіпкерлік жаңа күшпен жанданды және халықтың материалдық тұрмыс жағдайы
жақсаруының ,тұтастай елдің экономикалық өрлеуінің ішкі көзі болды.
Кәсіпкерлік экономикалық жүйенің белгілі түрімен байланысты және
оның пайда болуына бірнеше маңызды алғышарттар себепші болды:
- азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің пайда болуы;
- дүниеге келгеннен ажыратылмайтын құқықтар мен бостандықтар кешенімен
үйлестірілген,жеке адам санасының қалыптасуы және қоғам мен мемлекет
мүддесіне қарсы келетін мүдделер;
- өзінің қазіргі түсінігінде жеке меншікке ажыратылмайтын құқық
санасының қалыптасуы мен нығаюы және сонымен байланысты
экономикалық еркіндік немесе экономикалық таңдау еркіндігі;
- меншіктің мемлекеттік биліктен және соған сәйкес экономикалық
биліктің саяси биліктен бөлінуі;
- өмірдің экономикалық,әлеуметтік және саяси сфераларының бөлінуі;
- нарықтық экономиканың пайда болуы және тағы басқалары;
Азаматтық қоғамды қалыптастырып және дамытудың іргетасы,негізгі
мәселелердің бірі- кәсіпкерлікті дамыту.Ерте заманда “кәсіпкерлік” ұғымы
тек қана тәуекел элеметтерімен байланыстырылған.Кәсіпкерлік ұғымына
анықтама беруші ағым-кәсіпкерлікке тән тәуекелділікке қатар,одан алынатын
пайда мен туындайтын жауапкершілікті жатқызады.
Кәсіпкерлік- нар тәуекелділік ісі.Экономикалық өнер десе де
болады.Өнерге
оқып –үйрену, білімді жетілдіру, біліктілікті арттыру, ден қою арқылы қол
жетеді.Басқа жолы да,әдісі де жоқ.
Нарықтық экономика-еркін кәсіпкерлік экономика.кәсіпкерлік алуан түрлі
және кешенді ұғым.Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз- азаматтардың немесе заңды
тұлғалардың меншік нысанына қарамастан жауапкершілігімен және өз
мүлкімен пайда табуға бағытталған тауарға және жұмысқа қызметке деген
сұранысты қанағаттандыратын ынталы қызмет.кәсіпкерлік-жеке
ынтаға,жауапкершілік және инновациялық идеяларға негізделген экономикалық
іс-әрекеттің ерекше түрі.
Кәсіпкерлік- қолданылып жүрген заңдар шеңберінде іс қимыл жасайтын
бастамалық, шаруашылық немесе басқа да қызмет.Ол осындай қызметте
қатысушылардың бәрі үшін өзара тиімді нәтижелерімен табыс алу мақсатымен
меншікті,қарызға алынған және басқа да мүліктермен қаражат есебімен
ұйымдастырылады.
Кәсіпкер осы кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылады.Кәсіпкер-
иелігіндегі мүлікті және тағы басқа заңды негізде пайдалану жөнінде өз
бастамасымен шешімдерді қабылдауға және кез - келген іс-қимылдарды жүзеге
асыруға құқылы заңды ұйым немесе жеке азамат.
Кәсіпкер жинаған тәжірибесін пайдалана отырып, факторларды
“экономикалық ресурстар өнімділігі мен табысы төмен саладан,өнімділігі
мен пайдасы жоғары салаға”,ауысатындай үйлестіруі қажет. Ол капиталистен
айқын ерекшеленеді.Кәсіпкерлікке сұраным оның өніміне сұранымның туындысы
болып табылады.Ал, кәсіпкерлік ұсыным болып оның рухани (жеке) қасиеттері
мен тәжірибесі және “байланыстары” табылады.
Ж.Б.Сэйдің айтуынша кәсіпкер келесі қасиеттерге ие болуы қажет:
- төлеуге қабілетті,парасатты,сақ,шыншыл және тұрақты болу;
- займ түрінде капиталды тарту мен несиелерді уақытында қайтара білу;
- өз бойына әділеттілік,қайсарлық және бизнесті жете білу сияқты
моральдік қасиеттерді сиғызу;
- жеткілікті дәлдікпен,қандай да бір тауардың маңыздылығы мен
ерекшелігін,болжамды сұраным мен оны өндіру тәсілдерін бағалай
білетін күйде болу;
Берілген талаптарға сай келетін,адам санының шектеулі болуынан
кәсіпкердің өз қызметі үшін алатын жалақысы басқа жұмыскерлердің
табысына қарағанда жоғары .Кәсіпкер табыстары тек жалақымен
шектелмейді,олар капиталдан алынатын табысты,егер ол болса және қауіп үшін
төлемдерді қамтиды.
Әлемдік экономикалық ойды ұғыну,зерттеу мен қорыту кәсіпкердің
келесі сипаттамаларын ажыратуға мүмкіндік берді, кәсіпкер:
- бұл қауіп, белгісіздік;
- бұл пайданы және үстеме пайданы,яғни кәсіпкерлік табысты алу;
- өндірістің барлық факторларын үйлестіреді:еңбек,жер,капитал;
- жаңалықтарға бейім: жаңа өнім мен қызметтерді өндіруге,жаңа әдістерді
енгізуге, және өнімді өткізудің жаңа нарықтарын іздеуге,инновациялық
менеджментке;
- бұл кәсіпкерлік істі жүргізу үшін жігерлі,білім мен ақпараттың белгілі
деңгейіе меңгерген адам;
- табыс алу мақсатында жаңа идеялардың болашағын бағалауға,алынған
ақпаратты талдауға және нарықтың қалыптасқан конъюктурасы тұрғысынан
шешімдерді қабылдауға қабілетті;
- кез-келген,әсіресе белгісіз жағдайларда бір ғана шешімді қабылдауға
тиіс;
Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізудің тәсілі ретінде бірнеше белгілері
бар.Оның ең негізгісі- шаруашылық субъектілерінің тәуелсіздігі мен
еркіндігі.Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған: экономикалық ресурстарды алуға,сол
ресурстардан тауар мен қызмет өндіруді ұйымдастыру,өнімін нарықта өзі
ойлағанындай сату нарқын береді.кәсіпкерліктің екінші белгісі-барынша көп
пайда табу.кәсіпкер өз кәсібін бастағаннан кейін оны ары қарай жүргізу
барысында оған өзгерістер мен жаңалықтар енгізе отырып,жаңалық процесінің
мұраты - пайда табуға жетеді.Кәсіпкерлікке тағы бір тән сипат- шаруашылық
жүргізудегі тәуекелділікке бел бууы.Жаңа идеялар мен жобаларды
пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп,ал оларды өне бойы экономикалық
жағынан есептеу мүмкін емес.
Кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті үш жағдай бар:экономикалық
жағдайлар,әлеуметтік жағдайлар және құқықтық жағдайлар.
2.Кәсіпкерлікті салық реттеу

Қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту.Өйткені ол әлеуметтік – экономикалық мәселелерді
дамыту бағдарламасын шешу барысындағы қуатты тұтқалардың бірі болып
табылады. Жекелеген дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлік
өндірісінің 50-70 пайызын құраса, онда жұмыспен қамтылғандардың 60-80
пайыз аралығында.Біздің елімізде де қазіргі таңда экономиканың аталмыш
секторындағы субъектілердің саны күн санап өсуде және оның дамуына
басым көңіл бөлінуде.елбасы ұсынған “Қазақстан-2030” стратегиялық даму
бағдарламасының бөлімдерінің бірі елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті
дамыту болып табылады.Экономиканың аталмыш секторын қолдау барысында
біршама шаралардың жүргізіліп жатқаны баршаға аян.атап айтқанда,олардың
іс- әрекет барысына ықпал ететін нормативтік құжаттар қабылданып,жұмыс
жасауда; жаңа Салық Кодексі іске қосылып,онда шағын бизнес субъектілеріне
салық салудың арнайы салық режимі қарастырылып, банктер тарапынан әр түрлі
мерзімге несиелер берілуде.Осындай қол жеткізілген нәтижелерімізді одан
әрі жетілдіру барысында жекелеген қағидаларды басшылыққа ала
отырып,жұмыс жасаумыз керек.
Атап айтқанда, макроэкономикалық тұрақтылық, яғни мемлекет бюджет
тпашылығын мүмкіндігінше төмен деңгейге жеткізу,жеңілдікпен
несиелендіру,артық ақша эмиссиясын болдырмау блып
табылады.Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында жедел
шешуді қажетсінетін мәселелердің бірі-инфляция қарқынын төмен деңгейде
ұстау.Инфляцияға қарсы саясатты бюджет тпашылығын неғұрлым төменгі
деңгейге жеткізбейінше жүзеге асыру қиын мәселе.Бюджет шығысын бюджет
кірісі негізінде қалыптастыру оның негізгі институты - салық жүйесі арқылы
іске асырылады.бұл тұста салық жүйесі идеологиядан тыс және саяси
бейтарап болуы шарт.көптеген елдердің экономикалық даму тәжиребесі
көрсеткендей,салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі
құралдарының бірі болып табылады.Салық саясаты арқылы шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қызметін ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет
кірісін қамтамасыз етуге,қоғам мүддесін қолдауға болады. Салық ауыртпалығы
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым салық төлеушінің салық төлеуге деген
ынтасы мен мүмкіншілігі төмендейді.Сондықтан мемлекеттер салықтар, салық
ставкалары мен жеңілдіктері тәрізді реттеу құралдары арқылы реттеушілік
қызметін жүзеге асыру барысында оның экономиканы, өндіріс пен
инвестицияны ынталандыруға тигізетін әсерін де басты назарда ұстауы
қажет.
Сонымен бірге,салық жүйесі салық қатынастарының негізін
қалыптастыратын белгілі бір қағидаларға негізделеді.
Салық Кодексінде еліміздің өзінің салық салу қағидалары
тұжырымдалған.Олар:
­ салық салудың міндеттілігі,яғни салық төлеуші салық заңдарына
сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді
толық әрі уақытылы төлеуге міндетті;

­ айқындылығы,яғни салық төлеушілердің салық міндеттемелерінің
туындауының,орындалуының,тоқтатылуы ның барлық негіздері мен тәртіптерін
салық заңнамаларында бекіту мүмкіндігін көрсетеді;
­ салық салудың әділеттілігі.яғни Қазақстанда салық салу жалпыға
бірдей міндетті болып табылады,ал жеке сипаттағы салық жеңілдігін беруге
тыйым салынады.
­ салық жүйесінің біртұтастылығы,яғнм Қазақстан Республикасының салық
жүйесі бүкіл ел аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас
болып табылады;
­ салық заңнамаларның жариялылығы,яғнм салық салу мәселелерін
реттейтін нормативтік құқықтық актілерін ресми басылымдарда міндетті
түрде жариялануға тиіс.
Біздің пікірімізше Қазақстанның салық салу қағидалары барлық
талаптарға сай.Дамыған шет мемлекеттер тәжірибесі дәлелдеп отырғандай
мемлекеттің экономиканы жанама реттеуі тікелей реттегенге қарағанда
әлдеқайда тиімдірек.Салық салу қағидалары,салық ставкалары мен
жеңілдіктері тәрізді реттеу құралдарын ұтымды пайдалана білген ретте
шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына өзіндік оң әсерін
тигізеді.Мемлекеттің экономикалық қызметі- шағын және орта кәсіпкерлік
өкілдерінің іс - әрекетіне араласпай,экономика саласындағы әрекетін ретке
келтіріп отыру.Соның ішінде салықтық реттеу мемлекеттік қаржылық
реттеудің құрамдас бөлігі болып табылады.Салықтық реттеу
экономикаға,экономикалық процестерге салық түрлерін,салық
ставкаларын,салық жеңілдіктерін өзгерту,салық салудың жалпы деңгейін
арттыру немесе төмендету арқылы жанама түрде ықпал ету, сонымен бірге
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлға табысының бір бөлігін алу
арқылы олардың өндірістік емес мүмкіндігін төмендету арқылы әсер ету
болып табылады.Салықтық реттеудің басты мақсаты өндірістің, шағын және орта
кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету, шетелдік инвесторларды,ғылыми-техникалық
прогресті ынталандыру шараларын жүзеге асыру.
Демек,салықтық реттеудің бір жағынан жиынтық сұранысқа әсер ету
арқылы ұдайы өндіріс деңгейін өзгертуге бағытталса,екінші жағынан
төлеушіні ынталандыру арқылы әсер етуге бағытталады.Сондықтан нарықтағы
кәсіпкер заңды және жеке тұлғалардың, өзге субъектілердің іскерлік
белсенділігін ынталандыру,олардың бәсекелік қабілеттерін
арттыру,экономика салаларының қалыпты дамуына жағдай жасау үшін
салықтардың мемлекеттік басқа да реттеу құралдарымен үйлеісімді қызмет
етуін жандандырған жөн.

3.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке салық салу жүйесі

Қазіргі кезде қаржы,бюджет,салық,несие саясаттарын және сәйкесінше
олардың механизмдерін одан әрі жетілдіру жолдары мен әдістерін
іздестірудің объективтік қажеттігі туындауда.Бұл механизмдер тек Қазақстан
Республикасының экономикасының ойдағыдай дамуын қамтамасыз ететін іргелі
қаржы негізін құрып қана қоймай,сае салалы экономиканы реттеудіжүзеге
асырады.Қаржы-несие қатынастарын жетілдіру,экономиканың барлық
саласында,бизнесте,оның ішінде шағын және орта бизнесте экономикалық
тұтқалар мен ынталарды қолдану арқылы аталмыш салаларды қаржылық тұрғыдан
сауықтыру орындалады.Аталмыш істі жүзеге асырудың бір нысаны ретінде 2002
жылдың
1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Салық Кодекісінде шағын және
орта бизнес субъектілеріне салық салу мәселелері біршама
жүйелендірілген.Мұнда арнайы салық режимінің қолдану тәртібі,шаруа
қожалықтарына,ауыл шаруашылығындағы заңды тұлғаларға,ойын бизнесі,бильярд,
сияқты жекелеген кәсіпкерлік түрлеріне салық салу ерекшеліктері
қарастырылған.Кәсіпкерлік субъектілері үшін салық салу сатыланып
келтірілген.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шағын және орта бизнес
субъектілері болып танылған кәсіпкер заңды және жеке тұлғалар
мемлекеттік тіркеуден өткен соң ,салық заңнамасында бекітілген тәртіппен
салық төлеуші ретінде тіркеуден өтеді.Осыған орай кәсіпкерлік қызметпен
шұғылданатын заңды және жеке тұлғалар өз қалауы бойынша және салық
заңнамасының талаптарына сай болған жағдайда,мынадай тәртіптердің
негізінде мемлекет алдындағы салық міндеттемесін атқарып,жұмыс жасай
алады:
• Бір жолғы талон бойынша;
• Патент негізінде;
• Оңайлатылған декларация негізінде;
• Жалпыға ортақ режим бойынша
Егер шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлік субъектісі бюджет
алдындағы салық міндеттемесін арнайы салық режимі негізінде орындайтын
болса, онда жекелеген талаптарға сай болуы қажет.Арнайы салық режимі
корпоративтік,жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты,сондай-ақ салық
ауыртпалығын төмендетуге бағытталған ставкалар мен басқа да тетіктер
арқылы салық есебін тапсыру,төлеу және аударудың жеңілдетілген тәртібін
көздейді.
Арнайы салық режимінің субъектілері болып заңды тұлға құрмай және
заңды тұлға нышанынсыз кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар
мен жекеленген заңды тұлғалар танылады.акцизделетін өнім өндірісі,мұнай
өнімдерін сату,кеңес беру,қаржылық және бухгалтерлік қызмет тәрізді
кәсіпкерлік түрлерімен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері аталмыш
режим негізінде жұмыс жасай алмайды.
Мына салық төлеушілердің арнайы салық режимін қолдануға құқығы жоқ:
• Филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;
• Филиалдардың,өкілдіктердің;
• Заңды тұлғалардың еншілес ұйымдарының және тәуелді акционерлік
қоғамдардың;
• Әртүрлі елді мекендерде оқшауланған құрылымдық бөлімшелері бар
тұлғалардың
Бір жолғы талон арнайы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын
және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа,жеке табыс салығы
бойынша есеп айырысуын растайтын құжат болып саналады.Бұл негіздегі
арнайы салық режимін жылына 90 күннен аспайтын мерзім аралығында
бұкаралық ақпарат құралдарын сату,балық аулап және оны өткізу,халық
тұтынатын тауарларды көрмелерде және жәрмеңкелерде сату тәрізді маусымдық
сипаттағы қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастары
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы 1861-1917 жж
Кәсіпкерлік және үй экономикасы
Шағын бизнестің сфералары бойынша инвесторлардың артықшылық берулері
Кәсіпкерлік капиталдың маңыздылығы және қалыптасу көздері
Бизнесті ұйымдастырудың құқықтық формалары
Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері мен даму эволюциясы
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІККЕ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру
Пәндер