Қазақстан Республикасындағы алқабилер қатысуымен жүргізілетін сот өндірісі


Мазмұны
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы алқабилер қатысуымен жүргізілетін сот өндірісі.
1 Алқабилер институтының түсінігі және ерекшеліктері . . .
2 Сотта сөйлеу өнері және оның маңызы . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиет тізімі . . .
КІРІСПЕ
Адам мен азаматтың құқығына кепілдік беретін Негізгі заңның конституциялық ережелерінің арасында маңызды конституциялық принцип ретінде, қолданылатын білікті заң көмегін алу құқығы ерекше орын алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында әрбір адамның білікті заң көмегін алуға құқығының бар екендігі тікелей көрсетілген. Ал заңда көзделген жағдайда мұндай көмек тегін көрсетіледі.
Қазірге уақытта Қазақстанда адам мен азаматтың құқығын қорғау жөніндегі міндеттерді атқаратын әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бар екеңдігін атап өткен жөн. Мысалы, соттар, прокуратура, ішкі істер, әділет органдары жоғарыда аталған құқық қорғау міндеттерін бір-бірімен тығыз байланыс жасай отырып атқарады. Алайда, осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық-құқықтық институтсыз мүмкін емес. Қазақстандық заңнамада адвокатура ешбір жерде құқық қорғау органы ретінде көрсетілмесе де, ол іс жүзінде құқық қорғау қызметі міндетін атқарады. Әдетте, құқық қорғау қызметі ретіңде біз азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғауды мақсат ететін және заңға сәйкес зандық әсер ету шараларын қолдану жолымен арнайы мемлекеттік органдар жүргізетін және олар белгілеген тәртіп мұлтіксіз сақталатын қызметті түсінеміз.
Бүгінгі күні заңгерлердің сөйлеу мәдениетінің биік шыңы саналатын соттағы шешендік онер өткір қарудың біріне айналып отыр. Сөз өнерін шебер пайдалануды қажет етпейтін мамандық бүгінде жоқтын қасы. Тіпті адам қызметінің кейбір салаларында сөйлей білу шеберлігін меңгермей жұмыс істеу әсте де мүмкін емес. Әсіресе бұл құбылыс сот процесіне өте-мөте тән. Себебі сот процесіне қатысушы судья, айыптаушы мен қорғаушы, құқық қорғау органдарындағы жалпы заңгер мамандар күнделікті тұрмыс тіршілігінде әрдайым адамдармен қарым-қатынас жасайды, көпшіліктін алдында, қалың ортасында жүреді. Адвокат айыпталушының атынан сөйлеп, заң баптарына сүйене отыра, тілдің көмегімен жазықсызды ақтай алады. Осылайша қызмет бабымен адвокат көпшілік алдында сөйлеуге мәжбүр болады. Ал қызметтік міндетінен сот процесенде алқабилердің алдында сөйлеу үшін оларға не айтуды ғана емес, калай айтуды да білу шарт, яғни сөз сөйлеуде жұртка ықпал етудің түрлі ерекшеліктеріді дұрыс меңгерген жөн. Әрі қажет ұлттық заңгерлік шешендіктің тарихи, теориялық, тәжірибелік тұрғыда қалыпқа түспей жатқан тұсы мол. Осы дипломдық жұмыс ұлттық заң ғылымындағы соттағы адвокаттың риториқалық аспектілерді зерттеуіне арналған.
Прогрестік даму жолындағы Қазақстан халықтарының күшін біріктіруге ұмтылған «Қазақстан - 2030» стратегиясы, қоғамымыз бен мемлекетіміздің ұзақ мерзімді басымдығы мен мақсаттарын барынша айқындап берді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЛҚАБИЛЕР ҚАТЫСУЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СОТ ӨНДІРІСІ.
1 Алқабилер институтының түсінігі және ерекшеліктері.
Қазіргі кезендегі сот төрелігін сөз қылғанда сот жүйесіндегі әділетсіздерді айтпай кетуге болмайды. Сот жүйесіндегі әділетсіздіктер - қазіргі қоғамдағы белең алған, әсіресе адам санасына түскен өкінішті дерттердің бірі. Әуел баста тергеуші өз ісін әділ жүргізбегендіктен, жанама дәлелдерге құрылып, жазықсыз мойнына кінә тағылған айыпталушылар дені бүгінгі күні жиі-жиі көрініс береді. Бұл - қазіргі кездегі адвокат шеберлігінін, прокурордың кәсіби деңгейінін осал түсіп жатқанынан деген қорытынды шығарамыз.
Әділдік категорияларының негізгі принциптері осы жерде босаң тартады. Елбасы Н. Назарбаевтын телеэфир арқылы берілген тікелей сұхбатындағы бір сөзінде өзінін жарлығымен 21 судьяны орнынан аластатқанын айтқан еді. Сот төрелігінде талай жемісті еңбек аткарған заңгер К. Х. Халиқов: «Билеріміз айтып кеткен: «Әділ билік болмаса, халкынды дерт алады» деген сөздер бүгінгі сот төрелігін жүргізіп отырған барлық судьялар үшін күңдіз-түні мойнынан тастамайтын тұмары, қолынан түсірмейтін тасбиығы, бас-шылыққа алып отыратын ең басты шарты дер едім» - деп ағынан жарылу тегін емес.
Бүгінгі танда сот жүйесінде қызмет етіп жүргендер көбінесе жастар не тәжірибесі аз мамандар. Сондықтан судьяның жеке басы, еңбек тәжірибесі үлкен роль атқарады. Өз ісіне берілген, тәжірибесі мол маман ешқашан үс-ақтық пен заң бұзушылыққа әсте бара алмайды.
Сот жүйесіндегі әділетсіздіктер, кылмыстық істі карау кезіндегі біржақ-тылық немесе зад бұзушылық тек судьялардын кінәсінен деп болмайды. Сондықтан қылмыстық істі қарау барысында адам тағдыры шешілетіндіктен айыптаушы мен қорғаушы өз сөйлеулеріне асқан жауапкершілікпен келулері керек.
Ендігі бір езекті мәселе, тілдік қолданыста ұлттық психология, ұлтгық дәстүр, ұлттық мәдениет сияқты ұғымдар әбден қалыптасып үлгерген, ал ұлттық құқықтық жүйе деген мүлдем кездеспейді. Кездессе де, соңғы кезде кідік бірен-саран ғалымдарымыздың аузынан ғана есітіліп жүр. Негізінен құқықтық жүйенің гуманитарлық салаға жататынын, оның да ұлттық са-ламыздың болмысынан туындайтын тәртіІпті әрекетімізді реттеуші ғылым екендігін ескерсек, оның да ұлттық сипатына баса назар аударудан ұтпасақ қылмайтынымыз анық. Қазіргі құқықтық жүйеміздің ұлттық сипатымен етене тығыз қабысып жатқан, қазіргі қоғамымыз талап ететін сот тілмарлығының да ұлттық сипатта болуы - заңдылық.
Ол үшін алдымен, кезінде қоғамының бүткіл саласы әкімшілік-әміршілдік сипатка құрылған кешегі кеңестік сот жүйесінен мүлде арылуымыз керекті. 1994-жылғы «Қазақстан Ресупбликасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасының» дүниеге келуі осындай келелі жайтка бір қадам болса алға басқандай сыңай байқатады. Онда: «Сот және құқық корғау органдарының мемлекеттендірілген жазалаушы алатын идеологиялық және саяси ұрандармен бүркемелеген кенестік тоталитаризмнен мұраға қалған кеселдерден заң жүйесін тазартуды талап етеді» делінген. Өзінің бір сөзінде белгілі заңгер Халиков К. Х. : «Тәуелсіз мемлекетгің бүтіндігін қорғап, ішкі және сыртқы саясатының да пәрменділігін арттыру үшін оның мызғымас заңы және сол занды қорғайтын әділ соты болуы басты шарт. Ел жаңарып, заман өзгеріп заманмен бірге адам да өзгеріп жатқан кезде бұрынғы заңдардың да өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет ететіні айқын»" - деген еді.
Сондықтан «қоғамнын заң саласын реформалау қажеттілігі оның эконо- микалық және саяси жүйесінде асырылып жатқан өзгерістерге сай келетін құқықтық инфрақұрылымдар кұруды талап етуінен туындап отыр». Бағдар-ламада көрсетілгендей «Қазақстанның «тұңғыш тума» заңдарын жалпы тү-гендеу мен тексеруден өткізу қажеттілігі пісіп жетілді». Әрине, бұл жерде ерекше назар аударарлық «түңғыш тума зандар» деп жеке қазақы емес, сон-шама халықтардың лобараториясы болған Қазақстанның жалпы халкына тиімді заң сөз болып отыр. Өйткені Қазақстан халқы адам құқығы мен бостан-дығының басымдығын мойындайтын, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға белін бекем байлаған дүниежүзілік қауымдастықтың ажырамас бір бөлігі. Әсілінде, сот жүйесін реформалау іс, біздіңше, сотты жеке адамның құқығы мен бостандығының сенімді кепілгері етуге бағытталған. Осының жарқын айғағындай 1995-жылы тамыздың 30-ында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабының 2-тармағында Конс-титуциялық нормамен қылмыстық сот жүргізуге алқа билерінің қатысуы бе-кітілген еді. Алқа би сотын өмірге енгізу мәселесі соңғы уақыттарда нақты қолға алынуда. Елімізде соттың осы түрін енгізу 2006 жылғы 20 қыркүйекте қабылданған «Құқықтық саясат тұжырымдамасында» да баса айтылған.
Елімізде алқа би институтының модельдерін енгізу, талдау мәселелеріне байланысты ғылыми әдебиеттерде кызу пікір-талас бір толаста болды. Республикада шығатын «Қылмыстың алдын алу» криминалогиялық журналының бір номерін түтелімен осы тақырыпқа арнауы осының айқын көрінісі. Әліде де мұны өмірге енгізу әсте де оңай шаруа емес. Енгізген күнде де қазақстандық сот жүргізу ісі екі ұдай жол айрығында болды. Өйткені ол француздық-германдық (немесе «кұрлықтық» - «континентальдық») және ағылшын-америқандық (немесе англо-саксондық) деп аталатын классикалық сот үлгісінің бірін тандауы қажет болды. Жоғарғы соттың дайындаған аралас немесе француздық-германдық - құрлықтық үлгі бойынша қылмыстық істер үш кәсіби судья және депортаменттің арнаулы комиссия мүшелерінін таңдауымен сот міндетін атқарута жіберілген тоғыз алқа би соттары мүшелерімен (онын жетеуі - негізгі, екеуі - қосалқы) каралады. Үкім кеңесу бөлмесінде судьялармен бірге сот алқа мүшелерінің қатысуымен көпшілік дауыспен шығарылады. Демократизациялау мәселелері бойынша ұлттық комиссия жұмыс тобының дайындаған ағылшын-амерқандық сот жүргізу ісі бұдан мүлде басқаша. Бұл үлгі бойынша сот бір кәсіби судьядан және он төрт сот алқа мүшелерінен (оның он екісі - негізгі, екеуі - қосалқы) тұрады. Сот алқа мүшелері судьясыз жеке өздері ғана кеңесе отырып, кесімін айтады. Бұл институттардың біз үшін манызды ерекшелігі: соттың тәуелсідігі мен демократиялығын паш етеді, сондай-ақ сот жүйесіне жарыспалықты, сот ахуалына ұлттық төл касиетіміз - сөз кадірлер ақылдылықты, әділ қисынға тоқтар даналықты енгізіп қана коймай, сот қателігін азайтуға, сот шешіміне сырттай ықпал етуді болдырмауға кепілдік беретіндей. Көптеген елдердегі сот алка мүшелерінің талай ғасырғы тағлымды тәжірибесі бізге осыны айғақтайды. АҚШ, Батыс Еуропа, басқа да елдердің сот жүйесінде қолданылып келе жатқан сот алқа заседательдері қызметінің адамның кінәлілігін анықтауда немесе іс материалдары жанама дәлелдерге құрылған. яғни бір қайнауы ішінде жатқан күмәнді, қиын да күрделі істерде әділдікпен дұрыс шешім шығарарына сенім мол. Демек онын сенімділігі қазіргі іс жүзіндегі кәсіби соттарға қарағанда әлдеқайда басым. Алайда, қажетті жағдайда сот процесіне сот алқа заседательдерінін тікелей қатысуы негізгі заңымыз - Конституцияда айшықты көрінісін тапса да, онын қажеттілігі немесе негізсіздігі жайындағы қарама-қайшылыққа толы пікір-таластар қарқыны бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми еңбектерде көп болды. Заңгерлеріміз арасында белгілі бір тоқтамға келген тұжырым жоқ. Кейбірі оның ұтымды жақтарын барынша дәлелдеуге тырысса, кейбірі оған керісінше, сот жүйемізге оны енгізу ертерек деген уәж айтады. Арнайы осы бағытта зерттеу жүргізіп жүрген заңгер-ғалым Н. Ковалев алқа билердің ағылшын-америқандық моделін үзілді-кесілді қолдайған. Оның уәжінше, алқа мүшелері алдын ала қалыптасқан пікір, көзқарас тұрғысынан емес, сот тергеуі барысында анықталатын, әйгіленетін анық дәлелдерге сүйенін барып шешім қабылдайды. Бұл модельдің артықшылығы осында: көптен сот жүйесінде әбден қалыпқа түсіп қалған судья, өз кәсібі, тәжірибесі биігінен қыл-мысты бағалайды. Ал алқа мүшелері мұндай күйді алғаш бастан кешіріп, сот процесіне сырттай емес, түңғыш рет тікелей қатысып отырғандықтан, сот төрелігіне барынша жауапкершілікпен келуге ұмтылады. Сондықтан кәсіби судья мен алқа мүшелерінің пікірі бір жерден шыға бермеуі заңдылық. Бұл институттың ұтымдылық ерекшелігі - алқа мүшелері өмірдің түрлі жағ-даяттарынан жасалған қылмысқа судьялардай заңдық-техникалық тұрғыдан қарамайды. Осы үдеде ағылшын-америқандық модельді жақтаған, Қазақстанда алқа билер институтыенгізу туралы Алматы калалық адвокатгар алқасының ашық хаты жарияланды. Оған қарсыластары алқа билердің арнайы заңгерлік білімі, тәжірибесі жок. сондықтан карапайьш адам (алка билер) сезім жетегіне еріп, адам тағдырын шегцер түста қателікке бой алдыруы мүмкін деген уәж айтады. Қылмыстық сот өндірісіне алқабилердің қатысуының тұжырымдамасы да егжей-тегжейлі талкыланды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев қол қойған (Астана. Акорда, 2006 жылғы қантардың 14-і. № 117-Ш ҚРЗ) «Алқабилер туралы Қазақстан Республикасының Заңы» қабылданды.
Сөйтіп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердін қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Респубикасынын Заңын да қатар қабылданды. Айтпатымыз, демек, сот жүйесіне алқаби соттары институтын енгізілуі себепті сот шешендігінін қажеттілігі де, күны да арта түсетіні ақиқат. Өйткені, сот төрелігі тілмарлығының негізгі өзегі - шешендік тамырынан нәр алып, сот үкімін шығаруда соттың алқа мушелеріне өзіндік ой кешу үрдісі, сез саптау үлгісімен әсер етіп, әділдікке жүгініп, дұрыс шешім қабылдауда жатыр. Алқабилер сотын енгізу елімізде қалыптасқан алдын ала тергеу сатысын жақсартуға, айыптаушы мен корғаушының кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, іс карау сапасын жоғары деңгейі көтеріп, процестін формальды емес, шын мәнінде тараптар бәсекелесі жағдайында өтуіне көп ықпалын тигізеді.
2. Сотта сөйлеу өнері және оның маңызы
Классикалық тұрғыдан жіктегендегі шешендік өнердің негізгі тектеріне атын - сот шешендігі біздің қазіргі қоғамымыздың сот жүйесінің ажы-бөлігі. Сонау XIX ғасырдың екінші жартысынан бері Ресей империяның қазақ сахарасындагы әділқазылық төрелік қызметін атқарған билер оты институтына өзгерістер енгізіп, оны зандастырылған құқықтық нормалармен біртіндеп ауыстыруға ұмтылудың нәтижесінде Ресейлік сот жүйесі қалыбынын өзіміз ғұмыр кешіп отырған қоғамымызда түпкілікті белең алу-ьіна әкеліп соқты. Ендеше, риторика ғылымындағы сот шешендігі бізге де Жат емес.
Сот шешендігі - шешендік тарихындағы көне де болса жана бағыт. Айта кетерлігі бұл жоталы сала бойынша отандық ғалымдарымыздың ішінде қалам тербеп жүргендер өкінішке қарай ауыз толтырып айтарлықтай көп емес, бірді-екілі Г . Гиздатов, Г. Негимов есімдерімен ғана тұйықталады. Қазақстан Республикасында қорғаушы-адвокаттар сөздерінің орыс тіліндегі жинағы өткен ғасырдын 70-жылдары ғана жарык көрген. Осындай игі дәстүр кейіннен жалғасын табады.
Өзінің бастау көзін сонау антикалық дүниеден алатын сот шешендігі көне жіктеме бойынша. айыптаушылық (немесе прокурорлық), қорғаушылық (немесе адвокаттық), айыпталушының өзін өзі қорғайтын сөзі болып үлкен үш түрге бөлінеді. Айыптаушыға да, қорғаушыға да керегі - қылмыстық сот жүргізу ісінде қажетті деңгейде ұтымды сөйлей алу.
Жалпы, отандық сот жүйесінде діттеген деңгейде сөйлей білу шеберлігін керек ететін қызмет саласының бірі - сот процесі. Ол дауласқан екі жақтын жасындай жарқылдаған пікір-таластарынан, қисынды дәлелдерден, нақ та дәл, көрікті де көркем сөйлеуден тұратын кеңістікті құрайды. Мұндағы төрелік айтар тілмарлықтың мазмұны мен түрлерінін негізгі өзегі - болған қылмыстық жағдайды тәпіштей анықтау, екі ұдай пікір туғызбайтын дәлелдер келтіру, ойды бейнелеп жеткізер амал-тәсілдерді қолдану аркылы белгілі бір ақиқатқа көз жеткізіп, көпілілікті иландыра алу секілді қисындардан тұрады.
Сот процесінде сөйленер сөздің мақсаты мен қисынын бажайлауға, ойын дәл, накты етіп жеткізуге баулуға, көптін алдына шығып сөз сөйлер шешеннің төл өзіне тон ерекшелігін көрсете алу мәселелеріне арналған заңгерлер үшін қылмыстық-процесуалдық ғылыми еңбектер біздің топырақта жоқтын қасы. Ұлттық мәдениетіміздін тұтас бір бөліғін құра шешендік өнерден арна тартып жатқан төрелік айтар соттағы тілмарлы тіл мәдениетін үнемі назардан тыс қалдырмайтын көкірегі ояу, көзі ашық зиялы кауым қашан да жоғары бағалаған. Сот мінбесі - тарихтың өзі көрсеткендей, талай ғасырдан бері әрі қазірдін өзінде де идеологиялық, кұкықтық ықпал-әсер ету құралы болып келеді. Сондықтан қазіргі кезде лау үрдісін, сөз қадірін білер сот шешендеріне үлкен талатттар қойылып отыр.
Сот шешендігі - прокурорлық, адвокаттық қызметтің алтын діңгегі. Олай дейтініміз сот төрелігін жүзеге асыруда сотпен бірге адвокатура органдарының маңызды орын алатыны айкын. Олар сот қарастыр тын қылмыстық және азаматтық істерге тікелей араласуға құқылы. Қылмыстық істі тергегендегі прокуратуранын міндеті: фактілердің дәлдігін, қылмыстың жасалуын, объективтік негіздер бойынша сотталушының кінәлілігін дәлелдеуге келіп сайса, адвокат қызметінің негізгі желісі: қылмыстық жауаптылыққа тартылған кісіге онын азаматтық құқығын қорғау үшін заң тұрғысынан қолдау, білікті ақыл-кеңес беруден тұрады. Екеуі де өздерінің көз қарастарын сот алдында ауызша сөйлеу түрінде жалпыға паш етеді. Оның тағдыры таразыға салынар жүргізіліп жатқан сот процесінде бұл бөлім қылмыстық істі қарап. шешім шығарардағы алатын орны алабөтен ерекше.
Сөзімізді жүйелеп айтсақ, олардың жарыссөзге шығып сөйлеуі сот тергеуінен кейін басталады. Жарыссөз кезінде прокурор мен адвокат айыптау- қорғаушы тұрғысынан сот тергеуінің қорытындысын шығарады. Сот барысында істің мән-жайлары қарастырылғаннан кейін, өз дәйектемелерін келтіріп, сот мәжілісінде зерттелген іс материалдарын тереңірек, кенінен түсінуге үйытқы болады. Осылайша екі жақтын пікір-таластары ақиқатты - заңды тұрғыда әділ үкім шығаруға негіз береді.
Өз сөйлеуінде айыптаушы мен қорғаушы болған қылмысты жан-жақты тексеріп, оның қоғамға қаншалықты қауіптілігін анықтап, күнәкерге тиі бағасын айтуы тиіс. Сайып келғенде, мұның сотталушыға да, сот залында қатысып отырған халыққа да тәрбиелік мәнінің әсерін жоқка шығаруға болмайды. Азаматтарға қылмыстық әрекеттін салдарын түсініп, дұрыс корытынды шығаруға түрткі болады. Ендеше сопағы сөз сөйлеулін үлкен тәрбиелік, ғибратгық тәлімі бары сөзсіз демекпіз.
Сотта сөйлеудің манызы мұнымен ғана шектелмесі анық. Қылмыстық істі қарау барысында айыпталушы мен қорғаушы оның сипаты мен орында амал-тәсіліне, мақсаты мен ниетіне терең талдау жасаи, жасалған қылмыстың сурет-сүлбесін, яғни болған жағдайды, окиғаны толық кайта қалпі келтіреді. Олардың жасалған жеке бөліктеріне тиісті баға беріп, көпшіліктің алдына сарапқа салуы сотқа қатысушы тұлғалардың талкыланып отырған істің мазмұның терең түсінуге, көңіл зердесінен өткізуге түрткі болып, шығарған үкімнің қаншалықты әділдігіне көз жеткізуіне мүмкіндік алады. Сөз жок, жоғары талап деңгейінен шыға білген айыптаушының не қорғаушының сөзі Қазақстан заңнамасын насихаттауда, мәртебесін көтерудегі қуатты қарудың бірі. Әйтсе де сот шешендері сөздерінің барлығы дерлік тап-тұйнакі ай мінсіз шыққан інжу-маржан десек, қателескен болар едік. Солардың ішіндегі сүбесі сере шыққаны - нақты бір жүйеғе құрылған, мән-мазмұнға бай, сауатты сөйлеген сөз ғана сот төрелігінін мейлінше әділ шығарылуына кепіл бола алатыны анық.
Соттағы « . . . қорғау жеміссіз болмауы тиіс. Қылмыстық қорғау - ауыр да, адами тұрғыдан келғенде жауаптылығы мол іс» - дейді корғаушы-адвокаттың жауапкершілігі жайында өткен ғасырдың әйгілі сот кайраткері, сот шешендігінің теоретигі П. Сергеич1. Егер «осы мамандықты өмірінің мәні деп ұққан адам сотталушыға қолынан келген бар қайраның жасауға ұмтылмаса, өзінің ар-ожданының алдында қылмысқа барады. Сотталушыға адал болу касиеті бойына дарыған адвокат қана қызметінде көп жетістіктерге қолы жетеді; егер ол сотта сұлу сөйлеп, атақ-даңқ көздеген пайдасыз құмарлық, ақша табумен шектелген болса, бұнысынан өмірінің соңына дейін қанағат таппасы анық» - дейді әйгілі сот кайраткері.
Қазіргі сот төрелігі тілмарлығының негізгі желісі - сонау антикалық заңманнан бері келе жатқан көне грек-рим шешендік дәстүрінін амал-тәсілдері және ұлттық төл шешендік тәжірибесі негізінде құралады.
Дарынды, белгілі заңгерлердің төрелік сөздері (судебные речи) терең психологиялы болып келеді, өйткені шешендер сот алқасы мен сотқа қаты-сушылардың ой-сана, сезімдеріне әсер етуғе тырысқан. Осы күнгі төрелік сөздердің өзеғінде психологиялық жағынан төрі құрғак дәлелдемелер жағы басымырақ. С. Негимов «Шешендік өнер» атты кітабында: «Қазіргі айып-таушылар мен қорғаушыларлар сөзінде ойдан гөрі айтыс-тартыс басым. Түйінді сөз айтуға ұмтылмайды. Әр күн сайын тілді дамытып отыруға, әңгімелесу үстінде естіген соны сөздерді жазып, көнілге тоқуға машықтану дұрыс. Шешеннің сөзі күн айнаға калай түсіп жататыны секілді, сондай дәл, ап-анық болғаны жөн», - деп ескертеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz