Қазақстан табитағы



Қазақстан табиғаты мейлінше бай әрі сан алуан болып келеді. Оның оңтүстігі мен шығысы биік тау сілемдерімен көмкеріліп жатса, орталық бөлігі кең жазираға ұласады. Ал батысы Каспий теңізіне барып тірелсе, солтүстігі Сібірмен шектесіп жатыр. Қазақстанның жер бедері алуан түрлі және күрделі. Республикамыздың жер бедері мен жер қыртысының дамуы жердің геологиялық даму тарихы барысында қалыптасып, қазіргі қалпына келгенше үздіксіз өзгеріп отырған. Жер бедері мен қыртысының дамуы қазір де жүріп жатқан процесс.
Картаға қарағанда, Қазақстан жерінің шығыстан батысқа және оңтүстіктен солтүстікке қарай бірте-бірте төмендейтінін байқауға болады. Қазақстанның солтүстік-батысында теңіз деңгейінен -28 м. төмен Каспий маңы ойпаты жатыр. Оңтүстігінде теңіз деңгейінен -132 м. төмен жатқан Қарақия, -57 м. төмен жатқан Қауынды ойыстары орналасқан. Маңғыстау түбегінің шығысынан Арал теңізіне дейінгі аралық үстіртті келеді. Арал теңізінің маңы Қарақұм, оңтүстікке қарай Қызылқұм шөлімен жалғасады. Қызылқұм шөлі Тянь-Шань таулы өлкесіне дейінгі кең алқапты алып жатыр. Тянь-Шань таулы өлкесіне Талас Алатауы, Өгем, Қаратау жотасы кіреді. Қаратаудың шығыс жағындағы Мойынқұм шөлі солтүстігінде Бетпақдалаға жалғасады. Балқаш көлінің солтүстігінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі аралықты ұсақ шоқылы сарыарқа алып жатыр. Республикамыздың шығысында Алтай тауының сілемдері жеке жоталарға тарамдалған.
Қазақстан жерін көне заманан бері бірнеше рет теңіз басып, кейіннен құрлыққа айналған. Сонымен қатар жер бедері көтеріліп, таулар түзілген және керісінше, төмен түсіп, ойыстар пайда болған.
Республика жер көлемінің үлкендігі, геологиялық даму тарихы оның жер беті құрылысының өзіндік ерекшелігін де айқындайды. Биік және аласа таулар, шоқылар мен қыраттар, ойпаттар мен ойыстармен алмасып отырады. Жер бедерінің мұндай құрылысы оның климаты мен табиғи ландшафтарының қалыптасуына өз әсерін тигізеді.
Қазқстан Республикамыздың климаты негізінен континентті келеді, оның солтүстік аймағының қысы суық, жазы қоңыржай, ал оңтүстігінде қыс онша қатты болмайды, жазы ыстық, қуаңшыл. Ауа райының ерекшелігіне қарай 4 климаттық зона мен 15 климаттық ауданға бөлінген. Территорияның негізгі бөлігі қуаң, шөлейт және шөлді аймақта орналасқанмен, республикада су қоры мол. Солтүстік облыстар көлдерінің саны жағынан елімізде алдыңғы орындардың бірінде. Қазақстанда Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Марқакөл, Шалқар сияқты ірі көлдер бар. Сондай-ақ Республика жерінен Ертіс, Жайық,Сырдария, Іле, Шу, Есіл, Тобыл сияқты ірі өзендер ағады. Жалпы климаттың қалыптасуына географиялық ендік, күн радиациясымен қатар атмосферада жүріп жататын күрделі процестер әсер етеді. Қазақстанның климатына Солтүстік Мұзды мұхит үстінде қалыптасатын арктикалық ауа массалары көктемнің соңғы, жаздың алғашқы айларында бау-бақшаға үсік әкеледі.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан табитағы

Қазақстан табиғаты мейлінше бай әрі сан алуан болып келеді. Оның
оңтүстігі мен шығысы биік тау сілемдерімен көмкеріліп жатса, орталық бөлігі
кең жазираға ұласады. Ал батысы Каспий теңізіне барып тірелсе, солтүстігі
Сібірмен шектесіп жатыр. Қазақстанның жер бедері алуан түрлі және күрделі.
Республикамыздың жер бедері мен жер қыртысының дамуы жердің геологиялық
даму тарихы барысында қалыптасып, қазіргі қалпына келгенше үздіксіз өзгеріп
отырған. Жер бедері мен қыртысының дамуы қазір де жүріп жатқан процесс.
Картаға қарағанда, Қазақстан жерінің шығыстан батысқа және
оңтүстіктен солтүстікке қарай бірте-бірте төмендейтінін байқауға болады.
Қазақстанның солтүстік-батысында теңіз деңгейінен -28 м. төмен Каспий маңы
ойпаты жатыр. Оңтүстігінде теңіз деңгейінен -132 м. төмен жатқан Қарақия,
-57 м. төмен жатқан Қауынды ойыстары орналасқан. Маңғыстау түбегінің
шығысынан Арал теңізіне дейінгі аралық үстіртті келеді. Арал теңізінің маңы
Қарақұм, оңтүстікке қарай Қызылқұм шөлімен жалғасады. Қызылқұм шөлі Тянь-
Шань таулы өлкесіне дейінгі кең алқапты алып жатыр. Тянь-Шань таулы
өлкесіне Талас Алатауы, Өгем, Қаратау жотасы кіреді. Қаратаудың шығыс
жағындағы Мойынқұм шөлі солтүстігінде Бетпақдалаға жалғасады. Балқаш
көлінің солтүстігінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі аралықты ұсақ шоқылы
сарыарқа алып жатыр. Республикамыздың шығысында Алтай тауының сілемдері
жеке жоталарға тарамдалған.
Қазақстан жерін көне заманан бері бірнеше рет теңіз басып, кейіннен
құрлыққа айналған. Сонымен қатар жер бедері көтеріліп, таулар түзілген
және керісінше, төмен түсіп, ойыстар пайда болған.
Республика жер көлемінің үлкендігі, геологиялық даму тарихы оның
жер беті құрылысының өзіндік ерекшелігін де айқындайды. Биік және аласа
таулар, шоқылар мен қыраттар, ойпаттар мен ойыстармен алмасып отырады. Жер
бедерінің мұндай құрылысы оның климаты мен табиғи ландшафтарының
қалыптасуына өз әсерін тигізеді.
Қазқстан Республикамыздың климаты негізінен континентті келеді, оның
солтүстік аймағының қысы суық, жазы қоңыржай, ал оңтүстігінде қыс онша
қатты болмайды, жазы ыстық, қуаңшыл. Ауа райының ерекшелігіне қарай 4
климаттық зона мен 15 климаттық ауданға бөлінген. Территорияның негізгі
бөлігі қуаң, шөлейт және шөлді аймақта орналасқанмен, республикада су қоры
мол. Солтүстік облыстар көлдерінің саны жағынан елімізде алдыңғы орындардың
бірінде. Қазақстанда Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Марқакөл, Шалқар сияқты
ірі көлдер бар. Сондай-ақ Республика жерінен Ертіс, Жайық,Сырдария, Іле,
Шу, Есіл, Тобыл сияқты ірі өзендер ағады. Жалпы климаттың қалыптасуына
географиялық ендік, күн радиациясымен қатар атмосферада жүріп жататын
күрделі процестер әсер етеді. Қазақстанның климатына Солтүстік Мұзды мұхит
үстінде қалыптасатын арктикалық ауа массалары көктемнің соңғы, жаздың
алғашқы айларында бау-бақшаға үсік әкеледі. Орта Азия үстінде қалыптасатын
тропиктік ауа массасы жаз айларында Қазақстан жерінде температурасы жоғары
өте құрғақ ауа райын қалыптастырады. Қазақстанның аумағы түгелімен қоңыржай
белдеуде жатқандықтан, жылдың төрт мезгілі өз уақытында ауысып отырады.
Территорияның табиғи-климаттық жағдайына Арал, Каспий теңізднрінің тигізер
әсері мол.

Каспий теңізі
Каспий теңізі- Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан дүние жүзіндегі
ең үлкен тұзды көл. Жалпы көлемі 400 мың куб метрге жуық, айдыны өте үлкен
болғанықтан, теңіз деп аталады. Каспий теңізі 13 мың жыл бұрын Қара теңіз
бен Жерорта теңізі арқылы дүние жүзілік мұхитпен жалғасқан. Каспий аты ерте
заманда теңіз жағасын қоныстанған Каспий тайпаларына байланысты аталған.
Олар туралы алғашқы деректер ежелгі грек ғалымы Геродот еңбектерінде
жазылған. Теңіздің су деңгейі дүниежүзілік мұхит деңгейінен -28 м төмен
жатыр. Орташа ені 320 км. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км
созылып жатыр.
Климты. Қысы суық, жазы құрғақ континентті. Теңіз әр түрлі климаттық
белдеуде орналасқандықтан, су бетінде ірі толқын туғызатын жел тұрады. Мұз
тек солтүстігінде қарашадан наурызға децін қатып жатады. Жазда орташа
температурасы 42,6*С, шығыс жағалауында кейде +44*С жетеді. Теңіз суының
тұздылығы да әркелкі, әр түрлі өзендер келіп құятын солтүстік бөлігінде
13%, ал оңтүстігінде тым жоғары 28-30%.
Өсімдіктердің 500 түрі, балдырлардың жасыл, қызыл және қоңыр түрлері
өседі. Балық пен теңіз жануарларының 855 түрі кездеседі. Каспий теңізі-
мұнай өндіретін ірі аудандар қатарына жатады. Теңізден натрий сульфаты,
миробилит және псолит тұздары өндіріледі. Каспийдің маңында орналасқан
Ақтау қаласында теңіз суын тұщытатын атом қондырғысы жұмыс істейді. Теңіз
транспорты жақсы дамыған. Республикамыздың шаруашылығына қажетті жүктер
теңіз жағалауында орналасқан Атырау, Ақтау, Батутино, Ералиев порттары
арқылы тасымалданады. Каспий теңізіне көптеген өзендер келіп құйғанымен,
одан бірде-бір өзен ағып шықпайды. Каспий теңізінің түбі мен Каспий маңы
ойпатынан мұнай мен газ өндіріледі. Теңіз мұнай кен орнынан өндірілетін
мұнайдың құрамында 20 пайызға дейін күкіртті газ бар. Күкіртті газ қоршаған
ортаға зиянын тигізеді..
Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін
тигізуде. Арал маңында атмосфера ғана емес, су мен топырақ та ластанған.
Теңіз маңындағы ауылдарда жас балалар өлімі көп, ересектер арасында
сырқаттану басым. Әсіресе тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналым
жүйесі, асқазан т.б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар, қатерлі ісік,
кеміс боп туушылық соңғы кезде көптеп кездесуде. Арал маңының экологиялық
жағдайының бұзылуы жергілікті халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да
қатты әсер етіп отыр. Қазір Арал теңізінің экологиялық жағдайы шетел
ғалымдарын да алаңдатып отыр. Арал проблемасына арналған бірнеше
халықаралық конференциялар өтіп, Аралға көмектесу жолдары іздестірілуде.
Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттер басшылары Аралды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері
Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы ереже
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бақылау функциясы
Азамат және мемлекет
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны
Халықтың көші-қоны туралы
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру
Пәндер