Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланған қылмыс құрамының ұғымы



Кіріспе.
1 Тарау. Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану қылмыс құрамының ұғымы. 6
1.1. Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланудың объектісі және объективтік жағы.
1.2. Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланудың субьектісі және субьективтік жағы 18
2 Тарау Лауазымды қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы және сыбайлас жемқорлық қылмыстылығынан сақтандыру 26
2.1. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасайтын адамның тұлғасы 31
3 Тарау. Сыбайлас жемқорлық немесе мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар 47
Қорытынды. 88
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 91
Қазақстан Республикасының Конституциясы (Негізгі заң) азаматтардың құқықтарына және бостандықтарына басымдық бере отырып, демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құратындығын жариялайды. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясының 60 бабында, мемлекет, оның органдары және лауазымды тұлғалары заңмен белгіленген өкілеттіктердің шеңберінде әрекет етеді. Конституцияның 61 бабында «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет Республика халқының және оның әр азаматының алдында мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығына, мемлекеттік қызметке тұруда тең құқықтылығына негізделеді. Мемлекеттік қызметшілер азаматтардың құқықтары және бостандықтарын, мемлекет және оның органдарының беделі қолдауды қамтамасыз етуге тиісті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 9 маусым 1994 жылғы «Заңдылық және құқық тәртіпті қамтамасыз етудің қосымша шаралары туралы» Қаулысында, Республика аумағында заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік билік және басқару органдары қабылдаған шаралардың төменгі тиімділігі, әлеуметтік – экономикалық өзгерістер және қылмыстылықтың, сыбайлас жемқорлықтың, талан-тараждың, лауазымды тұлғалар тарапынан теріс пайдаланудың конституциялық нысандарын жүргізу үшін елеулі кедергілер тудырады. ¹
Қазақстан Республикасы Президентінің 9 маусым 1994 жылғы Қаулысында, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларының жауаптылығын арттыру мақсатында заңдылық және құқықтық тәртіп жағдайы үшін, қылмыстылықпен және басқа да құқық бұзушылықтармен күресті күшейтуге байланысты ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар анықталды.
Нақтырақ айтқанда, қаулыда былай делінеді : «Мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларын заңдылық және құқықтық тәртіпті нығайтуға байланысты шаралар қабылдау үшін міндеттеледі. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер және ведомстволар жергілікті әкімшілік басшыларын қоғамдық тәртіпті және мемлекеттік меншікті қамтамасыз ету үшін және жауапкершілікке тартылатындығын ескертілуі тиіс»,- деді. Лауазымын теріс пайдалану Республикада кеңінен тараған, олармен күресу өзекті мәселелердің қатарында танылады. Аталынғандар мен қылмыстық – құқықтық күресу басты назарда.
1. ҚР Конституциясы 30.08.95ж. А. 2008 ж.
2. Постановление Президента РК «О дополнительных мерах по обеспечению законности и правопорядка» от 09.06. 94г. «Советы Казахстана», 15.06.94г.
3. Қазақ ССР Қылмыстық кодексі А 1959ж.
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 16.07.97ж.
5. «Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы»Заңы. 02.07.98ж.
6. ҚР Азаматтық кодексі.
7. Постановление Пленума Верховного Суда СССР от 30.03.90г. «О судебной практике по делам о злоупотреблениях власти и служебным положением, превышением власти или служебных полномочий, халатности и служебном подлоге». Бюллетень Верховного Суда СССР. 1990 г., №3.
8. Постановление Пленума Верховного Суда СССР от 30.03.90 «О взяточнистве». Бюллетень Верховного Суда СССР. 1990г., №3.
9. Постановление Верховного Суда СССР от 11.07.72 г. «О судебной практике по делам и хищениях государственного или общественного имущества». Сборник постановлений пленума Верховного Суда СССР. 1924-1986 г.г. М. 1987 г.
10. Бюллетень Верховного Суда Республики Казахстан. 1999. №11. С.
11. Бюллетень Верховного Суда СССР. №3. 1990.

Арнайы әдебиеттер:

1. Агыбаев А.Н. «Ответственность за служебные преступления». Алматы. Жети жаргы. 1997 г.
2. Поленов Г.Ф. «Ответственность за преступления против порядка управления». М. ю. Издат. 1966 г.
3. Ашитов З.О. «Вопросы дальнейшего укрепления социалистической законности». Алматы. 1976 г.
4. Баймурзин Г.И. «К некоторым вопросам объективной стороны преступления. Актуальные проблемы эффективности борьбы с хозяйственными и должностными преступлениями». Караганда. 1986 г.
5. Волженкин Б.В. Квалификация должностных преступлений (злоупотребление служебным положением, халатность, взяточничество). Л., 1973. С. 42-43.
6. Волженкин Б.В. Служебные преступления. – М., 2000. – С. 115.
7. Волков Б., Лысов М. Вина и ее формы при злоупотреблениях и халатности // Советская юстиция. 1972. №1.
8. Владимиров В. А., Левицкий Г.А. Субъект преступления по советскому уголовному праву. – М., 1958. – С.260.
9. Галахова А.В. Должностные преступления. М., 1998. С.33.
10. Дагель П. «Проблема вины в Советском уголовном праве». Влади-восток. 1968 г.

11. Здравомыслов Б.В. Должностные преступления: Понятие и квалификация. М., 1977 г. С. 27-29.
12. Здровомыслов Б.В. «Должностные преступления». М. 1975 г. Зорин Г.А., Танкевич О.В. Стратегия борьбы с траннациональной преступностью. Гродно, 1997. с. 26-27.
13. Информационный бюллетень за 2-е полугодие 2004 г. Астана: Департамент по надзору за законностью следствия и дознания Генеральной прокуратуры Республики Казахстан, 2005. с. 37-38.
14. Каиржанов Е.И. О соотношении объекта, предмета и средства преступления // Борьба с организованной преступностью и коррупцией. Ч. 1. Алматы, 1996.- с. 175.
15. Каиржанов Е.И. Криминология (общая часть). Алматы, 1995. с. 52.
16. Кириченко В.Ф. «Ответственность за должностные преступления по советскому уголовному праву (общие вопросы)». М. «Академия Наук СССР». 1959 г. Кириченко В.Ф. Виды должностных преступлений по советскому уголовному праву. М., 1959. с. 28-29.
17. Квициния А.К. «Должностные преступления». М. Российское право. 1992 г.
18. Когамов М.Ч. Антикоррупционное законодательство: проблемы эффективности уголовно-правовой борьбы // Актуальные проблемы борьбы с коррупционной преступностью. – Алматы, 2003. с. 18.
19. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Алматы, 1999.
20. Кригер Г.А. К вопросу о понятии объекта преступления в советском уголовном праве // Вестник Московского университета. Общественные науки. 1955, №1. – с. 114.
21. Курбатов Е.В. Получение взятки: уголовно-правовые, процессуальные и криминалистические аспекты: Учебное пособие. – Караганда, 2001. – с. 40.
22. Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. – М., 1976. – с. 23.
23. Курс советского уголовного права. В 6 т. Т. 2. М., 1970.-с. 115.
24. Курс советского уголовного права: В 6 т. Т. 6. М., 1971. с. 40-41.
25. Курс советского уголовного права. В 5 т. Т. 4. Л., 1978. с. 258-260.
26. Курс уголовного права. Особенная часть. Т. 5. Учебник для вузов. Под ред. Г.И.Борзенкова и В. С. Комиссарова. – М., 2002. – с. 76.
27. Лунеев В.В. Коррупция. Учтенная и фактическая // Государство и право. 1996. №8. с. 135.
28. Лысов М.Б. Ответственность должностных лиц по советскому уголовному праву. Казань, 1972. с. 138.
29. Ляпунов Ю.И. Должностные преступления. – Киев, 1988. – с. 21-22.
30. Ляпунов Ю.И. Должностные преступления. М., 1999. с. 19-20.
31. Максимов С.В. Предупреждение коррупции: Лекции. М: МИ МВД РФ, 1994. с.8.
32. Миндагулов А.Х. Личность преступника: Учебное пособие. Алматы: КазГЮУ, 2003. с. 124-125.


33. Молдабаев С. Проблемы субъекта преступления в уголовном праве Республики Казахстан. – Алматы, 1998. – с. 7.
34. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы, 1998. с. 80.
35. Нарикбаев М. «Проблемы борьбы с коррупцией и организованной преступностью в Казахстане» // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2000. с. 8-9.
36. Нукенов М.О. Коррупционные преступления: криминологический и уголовно-правовой анализ. Алматы, 1999. с. 49-50.
37. Нукенов М.О., Абдрахманов С.З. Коррупционные преступления: понятие и характеристика. Проблемы борьбы с организованной преступностью и коррупцией: Курс лекций // Под ред. д.ю.н., профессора А.М.Кустова, д.ю.н. Б.М.Нугалиева. Алматы: КЮИ, 1999. с. 51.
38. Никифоров Б.С. «Объект преступления». М. 1960 г.
39. Ответственность за должностные преступления в зарубежных странах. – М., 1994.
40. Орлов В.С. «Субъект преступления по советскому уголовному праву». Госгориздат. 1958.
41. Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане. Алматы: Жети жаргы, 1996.
42. Сборник постановлений Пленума Верховного Суда Казахской ССР, Пленума Верховного Суда Республики Казахстан, нормативных постановлений Верховного Суда Республики Казахстан (1961-2004 годы). Алматы: ТОО «Издательство «НОРМА-К», 2004.
43. Светлова А.Я. «Ответственность за должностные преступления». Киев. Наукова думка. 1978 г.
44. Словарь по уголовному праву // Отв. Ред. А.В.Наумов. М., 1997. с. 309.
45. Судакова Р.Н. Коррупционная преступность: вопросы правового регулирования // Актуальные проблемы борьбы с коррупционной преступностью. – Алматы, 2003. с. 46.
46. Таций В.Я. Объект и предмет преступления в советском уголовном праве. Харьков, 1988. – с. 102-103.
47. Уголовное право. Особенная часть: Учебник / Под ред. Н.И.Ветрова и Ю.И.Ляпунова. М., 1998. с. 586.
48. Уголовное право. Особенная часть: Учебник / Под ред. Н.А.Беляева, Д.П.Водянникова, В.В.Орехова. Л., 1995. Ч. 2. С. 19-20.
49. Уголовное право России. Особенная часть. – М., 1996. – с.347.
50. Уголовное право. №4. 1999. с.3.
51. Устименко В.В. Специальный субъект преступления. – Харьков, 1989. с. 8.
52. Фролов В.Я. Спорные вопросы общего учения об объекте преступления // Сборник ученых трудов Свердловского юридического института, 1969. Вып. 10. – с. 203-204.
53. «Уголовное право РФ». М. Наука. 1997 г.


54. «Уголовное право РК». Общая часть. Каиржанов Е.И. Алматы. 1998 г.
55. «Взяточниство: понятие причин. Квалификация». Учебник пособие. М. В.Ю.З.И. 1988 г.

Мазмұны
Кіріспе.
1 Тарау. Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану қылмыс құрамының ұғымы.

6
1. Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланудың объектісі және
объективтік жағы.
2. Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланудың субьектісі және
субьективтік жағы
18
2 Тарау Лауазымды қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы және сыбайлас
жемқорлық қылмыстылығынан сақтандыру
26
2.1. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасайтын адамның тұлғасы
31
3 Тарау. Сыбайлас жемқорлық немесе мемлекеттік қызмет және мемлекеттік
басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар
47
Қорытынды.
88
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
91

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (Негізгі заң) азаматтардың
құқықтарына және бостандықтарына басымдық бере отырып, демократиялық қоғам
және құқықтық мемлекет құратындығын жариялайды. Осыған сәйкес Қазақстан
Республикасының Конституциясының 60 бабында, мемлекет, оның органдары және
лауазымды тұлғалары заңмен белгіленген өкілеттіктердің шеңберінде әрекет
етеді. Конституцияның 61 бабында Қазақстан Республикасында мемлекеттік
қызмет Республика халқының және оның әр азаматының алдында мемлекеттік
қызметшілердің жауаптылығына, мемлекеттік қызметке тұруда тең құқықтылығына
негізделеді. Мемлекеттік қызметшілер азаматтардың құқықтары және
бостандықтарын, мемлекет және оның органдарының беделі қолдауды қамтамасыз
етуге тиісті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 9 маусым 1994 жылғы Заңдылық
және құқық тәртіпті қамтамасыз етудің қосымша шаралары туралы Қаулысында,
Республика аумағында заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге
байланысты мемлекеттік билік және басқару органдары қабылдаған шаралардың
төменгі тиімділігі, әлеуметтік – экономикалық өзгерістер және
қылмыстылықтың, сыбайлас жемқорлықтың, талан-тараждың, лауазымды тұлғалар
тарапынан теріс пайдаланудың конституциялық нысандарын жүргізу үшін елеулі
кедергілер тудырады. ¹
Қазақстан Республикасы Президентінің 9 маусым 1994 жылғы
Қаулысында, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларының
жауаптылығын арттыру мақсатында заңдылық және құқықтық тәртіп жағдайы үшін,
қылмыстылықпен және басқа да құқық бұзушылықтармен күресті күшейтуге
байланысты ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар анықталды.
Нақтырақ айтқанда, қаулыда былай делінеді : Мемлекеттік басқару
органдарының лауазымды тұлғаларын заңдылық және құқықтық тәртіпті нығайтуға
байланысты шаралар қабылдау үшін міндеттеледі. Министрліктер, мемлекеттік
комитеттер және ведомстволар жергілікті әкімшілік басшыларын қоғамдық
тәртіпті және мемлекеттік меншікті қамтамасыз ету үшін және жауапкершілікке
тартылатындығын ескертілуі тиіс,- деді. Лауазымын теріс пайдалану
Республикада кеңінен тараған, олармен күресу өзекті мәселелердің қатарында
танылады. Аталынғандар мен қылмыстық – құқықтық күресу басты назарда.

1 Тарау. Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланған қылмыс құрамының ұғымы.
1.1. Лауазымды қылмыстың ұғымы.
Ең алдымен лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану құрамының
ұғымын қарамастан бұрын және талдау жүргізбей отырып, лауазымды қылмыс
ұғымы жөніндегі мәселені қысқа тұрғыдан болса да қарау маңызды деп
санаймыз.
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану деп, өзінің қызметтік
өкілеттіктерін жүзеге асырумен байланысты құқықтары және міндеттерімен
туындайтын, атқарып отырған лауазымдық іс-әрекетіне байланысты лауазымды
тұлғаның лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалануы ( 30 наурыз 1990 жылғы
КСРО Жоғарғы сот Пленумының Билікті немесе қызметтік өкілеттіктерін теріс
пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану,
салақтық және лауазымдық жалғандық жасау туралы №4 Қаулысы ( БВС КСР, 1990
ж. №3).
Норманың жаңа редакциясы лауазымды тұлғаның иеленіп отырған
лауазымын, қызметтік байланыстарына қарай пайдалануға байланысты қылмыстық
жауаптылықты жоққа шығарады. Лауазымды қылмыстардың мәніне ұқсас мәселе
қылмыстық-құқықтық әдебиетте беріледі.
В.Ф. Кириченконың ойынша Лауазымды қылмыс деп өзінің қызметтік
міндетін пайдаланумен байланысты, осы лауазымды тұлға аппаратының,
мемлекеттік аппараттың қалыпты қызметіне қол сұғуды айтамыз. 1
Қазақ КСР-інің қылмыстық құқық оқулығында лауазымды қылмыстар деп
қылмыстық заңмен көзделінген қызметтік парызынан тыс өзінің қызметтік
өкілеттігін теріс пайдаланатын немесе мемлекеттік әлде қоғамдық аппараттың
дұрыс іс-қызметін елеулі зиян келтіретін қоғамға қауіпті әрекеті немесе
әрекетсіздігі 2. Лауазымды қылмыстар. Ұғымы және оны саралау деп
аталатын жұмысында Б.В. Здровомыслов лауазымды қылмыстарға келісідей
анықтама береді: лауазымды қылмыстар деп қызметтік міндетін атқарумен
байланысты қызметтік мүдделерінен тыс лауазымды тұлғалар танылады. Кеңестік
мемлекеттік немесе қоғамдық аппаратының дұрыс іс-қызметіне қасақана немесе
абайсызда жасаған қоғамға қауіпті қол сұғушылық іс-әрекеті (әрекет немесе
әрекетсіздік ) танылады.3
Жоғарыда айтылған анықтамаларда барлық лауазымды қылмыстарға тән
неғұрлым елеулі белгілер көрсетіледі: топтық объект ( мемлекеттік немесе
қоғамдық аппараттың дұрыс іс-қызметі); арнаулы субъект ( лауазымды тұлға);
іс-әрекет ерекшелігі ( тек қана кінәлінің қызметтік жағдайына байланысты
жасалуы мүмкін).
Аталған белгілердің жиынтығы лауазымды қылмыстың мазмұнын құрайды.

1.2. Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану объектісі.

Қылмыстық құқық ғылымында қылмыстық топтық, жалпы және тікелей
объектілер деп ажыратылады. Объектілерді осылай топтастырумен көптеген
ғалымдар келіседі.1
Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің жүйесін құрау үшін,
қылмыстарды, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік сипатын топтастыру, қылмыстың
топтық және тікелей объектілерін нақты анықтау үшін үлкен маңызға ие.
Кеңестік қылмыстың құқық курсының авторлардың пікірінше, топтық
объект біртектес өзара байланысты неғұрлым тар немесе кең шеңбердегі
қоғамдық қатынастарды біріктіреді.2
Топтық объект қылмыс құрамдарына жүйелеу және Қылмыстық Кодекстің
Ерекше бөлімінің жүйесін құрау үшін пайдаланылады.
Лауазымды қылмыстарды зерттеген көптеген авторлар, топтық объект
деп мемлекеттік немесе қоғамдық аппараттың дұрыс іс-қызметінің жұмысын
есептейді.3
А.Б. Сахаров болса лауазымды қылмыстардың топтық объектісі ретінде
Халықтың мүддесіне толық бағындырыла отырып, еңбекшілердің мемлекеттік
аппаратпен ажырамас байланысымен сипатталған кеңестік мемлекеттік
аппараттың ажырамас сапасы ретінде, социалистік заңдылықты барлық органдар
және звенолардың жедел, үнемді және рептобельді қызмет етуі.4
В.Д.Меньшагин, сонымен қатар В.И.Соловьевтің пікірінше, сапа қол
сұғушылық объектісі бола алмайды, өйткені ол қоғамдық қатынас болып
табылмайды.5
Біздің пікірімізше, лауазымды қылмыстардың топтық объектісінің
дұрыс шешілуін В.Д.Меньшагин және басқа да бірқатар авторлар мемлекеттік
немесе қоғамдық аппараттың дұрыс іс-қызметі ретінде береді, өйткені ең

алдымен осы объектіге лауазымды қылмыстар туралы ҚК көзделген тарауға
барлық лауазымды қылмыстар.
Қылмыс құрамының тікелей объектісі – аталған нақты қылмысқа тікелей және
жанама түрде нақты қылмысқа бағытталған қоғамдық қатынастар. Ол топтық
объектіні нақтылайды және бір қылмысты басқасынан шектеу барысында мәселені
шешу кезінде негізгі рөлді ойнайды.
Қылмыстық топтың және тікелей объектілерінің арақатынасы толық және бір
бөлігіндегі қатынасы ретінде логикалық тұрғыдан қарастырылады.
Жекелеген авторлардың санауынша, лауазымды қылмыстарға қатысты қол
сұғушылықтың топтық және тікелей объектілері ұқсайды.1
Көптеген авторлар лауазымды қылмыстардың топтық және тікелей
объектілерін, соның ішінде лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалануды да
ажыратып қарайды.
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланудың тікелей объектісі
болып мемлекеттік немесе қоғамдық аппараттың жекелеген звеносының қалыпты
жұмысының мазмұнын құрайтын нақты қоғамдық қатынастар танылады. Осындай
көзқарасты көптеген криминалистер ұстанады.2
Квинцина А. К. Айтуынша Билікті немесе қызметтік жағдайын
теріс пайдалану лауазымды тұлғалардың өзінің өкілеттіктерін қызмет
мүддесіне орындау міндетіне қол сұғатын жағдай жатқызылады. Лауазымды
тұлғалардың қызметтік жағдайын кез келген жолмен пайдалану, ГКСР ҚК-нің 166-
бабында көрсетілген, зардаптары болуы барысында, пайдакүнемдік немесе
басқа да мүдделер орнын лауазымды тұлғаның заңсыз іс-әрекеттерімен
көрінеді.3
Лауазымды тұлғалардың өзінің қызмет мүддесі міндетінің
шеңберінде лауазымды өкілеттіктерді теріс пайдаланудың тікелей объектісі
ретінде жоғарыда айтылған осы қылмыстық объектісіне қарама –қайшы келмейді.
2.Лауазымды өкілеттерін теріс пайдалану құрамының объективтік жағы.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамдарының формальды және
материалды түрлері деп ажыратылады. Лауазымды өкілеттіктерін теріс
пайдалану материалды құрамдарға жатады, осы құрамның объективтік жағы
келесідей белгілермен сипатталады:
1. Қызметтік парыз талаптарын бұзу қызмет мүддесінен тыс өзінің қызметтік
өкілеттіктерін лауазымды тұлғаны пайдалану түріндегі іс -әрекет.
2. Мемлекет немесе қоғам мүддесінен заңдармен қорғалған азаматтар немесе
ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін елеулі бұзу түрін
салдарлардың туындауы.
Аталған қылмыс құрамы объективтік жағынан жоғарыда көрсетілген үш
белгілердің болуы шарт, олардың біреуінің болмауы лауазымды өкілеттіктерін
теріс пайдалану құрамын жоққа шығарады. Лауазымды тұлғаның іс-әрекеті деп,
тек қана өзінің иеленіп отырған қызметтік жағдайымен жасалынатын әрекетті
айтамыз.
Лауазымды тұлғаның өзінің иеленіп отырған лауазымына, қызметтік
байланысын пайдаланумен байланысты қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын
норманың жаңа редакциясынан көрінеді. Қызметтік жағдайын пайдаланумен
байланысты емес іс-әрекет лауазымды тұлғаның іс-әрекеті ретінде
қарастырылмауы мүмкін.
Лауазымды тұлғаның іс-әрекеті лауазымды өкілеттіктерін теріс
пайдалану ретінде қарастырылады, егер ол қызмет мүдделерін бұзса, яғни
аталған қызметкердің лауазымды өкілеттіктеріне қарама-қайшы бұзушылықтар,
яғни мекеме ұйым тікелей алдында тұрған құзіреттерге қайшы келсе.
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану дегеніміз өзінің құзіретінің
шегінде қызметі бойынша лауазымды тұлғаның жасаған іс-әрекеті. Лауазымды
өкілеттіктерін теріс пайдаланудың міндетті белгісі болып қоғам және
мемлекеттің құқықтары және заңды мүдделерін елеулі бұзу түріндегі салдар
туындайтын іс-әрекеттер. Зиян тек материалдық емес, басқа да түрде болуы
мүмкін: азаматтардың конституциялық құқықтарын және бостандықтарын бұзу,
мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың беделін бұзу,
жұмысына кедергі келтіру, қоғамдық тәртіпті бұзу, ірі талан-тараждарды,
басқа да ауыр қылмыстарды жасыру және т. б.
Аталған мәселені шешу кезінде, келтірілген зиянды елеулі деп санау
үшін, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің қалыпты қызметіне кері ықпал ету
үшін келтірілген азаматтарға, моральдық, физикалық немесе мүліктік зиян
келтіру және т. б.1
Ақтау қалалық соты ҚР ҚК 307-бабы бойынша Строймонтаж бас бухгалтер
болып жұмыс істейтін Н. өзінің қызметтік жағдайын теріс пайдалана отырып,
2001 жылы ПМУ Строймонтаж есептік шотының Маңғышлақ тур-клубының есеп
шотына 125740 теңге сомасында мемлекеттік ақшаларды аударды. Жолаев
Кульбаевтың Маңғышлақ есеп –тур клубына берілген жасанды сенімхатымен
туристік жолдаманы алып, Германияға сапар шекті.
Сот Кульбаевтың әрекеттерінің нәтижесінде мемлекет мүддесіне елеулі
зиян келтірілді деп тапты.
Мемлекеттік немесе қоғамдық, әлде азаматтардың мүдделі заңмен
қорғалатын құқықтары қарастырылып жатқан қылмыс құрамын жоққа шығарады.
Лауазымды тұлғаның қызмет мүддесінен тыс азаматтар немесе
ұйымдардың құқықтары және заңды мүдделерін елеулі бұзуға байланысты, ҚР ҚК
307-бабында көрсетілген әрекеттерге сәйкес себепті байланыс болуы шарт.
Себепті байланыстың болмауы қылмыстық жауаптылықты жоққа шығарады және
қылмыстық істі қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтату үшін негіз
болып танылады.
ҚР ҚК (307-бабы) лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану
құрамының объективтік жағының редакциясы елеулі түрде өзгертілген. ҚК-тің
307-бабында айтылғандай егер бұл іс-әрекет пайдакүнемдік немесе жеке
мүдделілік арқылы қоғам немесе мемлекеттің заңмен қорғалған мүдделері
азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары және заңды мүдделерін елеулі түрде
бұзуға алып келетін жағдайлар жатады.
Лауазымды тұлғалардың өзінің қызметтік өкілеттіктерін қызмет
мүдделерінен тыс пайдалануы лауазымды тұлғаның әрекетін ғана емес,
әрекетсіздігін де қамтиды. ҚК лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланудың
объективтік жағына енетін іс-әрекеттер шеңберін кеңейтеді.

3. Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланудың субъективті жағы.

Айыпты қоғамға қауіпті іс-әрекет ( әрекет немесе әрекетсіздік)
және кінәліге қатысты белгіленген қоғамға қауіпті зардаптар үшін қылмыстық
жауаптылыққа тартылады ( ҚР ҚК-нің 19-бабы).
Кінә - қасақана немесе абайсыздық нысанындағы қоғамға қауіпті іс-
әрекет және қоғамға қауіпті зардап түріндегі адамның психикалық қатынасы.
Қасақаналық және абайсыздықтың мазмұны Қазақстан Республикасы ҚК-
нің 20 және 21 баптарында толық ашылады. Қылмыстық заңда адамның қоғамға
қауіпті іс-әрекетіне психикалық қатынасының нысаны және сипаты туындаған
қоғамға қауіпті зардаптарға сәйкес келмейтін құрамдар кездеседі. Қылмыстық
құқық теориясында, осыған байланысты кінәнің аралас немесе екіжақты
нысаны кездеседі.
Бірақ та кінәнің аралас , екі нысаны мәселесі біржақты шешімге
ие болмады. Ғалымдардың бір тобы кінәнің аралас ( екі жақты) нысаны бар деп
санайды,1 басқалары мұндай кінәні жоққа шығарады.2
Дагель П.С. жазуынша: Кінәнің аралас нысаны, қасақаналық және
абайсыздықтың ұғымына толықтай кіргізілместен, осы белгілердің шеңберінен
шықпайды. Сондықтан оның өмір сүруі, жұмыс істеп тұрған заңдармен жоққа
шығарылмайды3. Осындай позицияны А. А. Паповта ұстанады.4
Криминалистердің көпшілігінің ойынша лауазымды өкілеттіктерін
теріс пайдаланудың субъективтік жағы кінәнің аралас нысанымен
сипатталады.
Іс-әрекетке қатысты (ҚР ҚК 307 бабы) тікелей және жанама
қасақаналық, ол зардаптарға қатысты – кінәнің барлық нысандары және түрлері
– қасақаналық, сонымен қатар абайсыздық.5 Лауазымды өкілеттіктерін теріс
пайдаланудың субъективтік жағы зардаптарға (қылмыстық менмендік немесе
қылмыстық немқұрайлылық) қатысты толықтай алғанда қасақана жасалған қылмыс
болып саналады.
Б.В. Здровомысловтың көрсетуінше: Қызметтік жағдайын теріс
пайдалану әрқашанда қасақана қылмыс болып танылады.
Қасақаналық тікелей де жанама да жүзеге асырылуы мүмкін. Субъект
лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, қоғамға қауіптілікті
тудырады, яғни қызмет мүддесінен тыс әрекеттерді жасайды, мемлекет және
қоғам мүддесі заңмен қорғалатын азаматтар немесе ұйымдардың құқықтары
және заңды мүдделеріне елеулі түрде зиян келтіру мүмкіндік болжайды, бірақ
та аталынғандарға сапалы түрде жол береді немесе оларға бей-жай қарайды.
ҚР ҚК 307 бабында көзделген құрамдағы ниеттің болуы міндетті. Ол
заңды пайдакүнемдік немесе жеке мүдделік түрде көрініс тапқан.
Пайдакүнемдік мүдделілік субъектінің лауазымды өкілеттіктерін теріс
пайдалану жолымен әлде мемлекеттік қаржыны өзінің меншігіне немесе басқа
біреулердің меншігін заңсыз қайтармау өлу жолымен жүзеге асырылады. Басқа
да жеке мүдделілік лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану ниеті ретінде
субъектінің мүліктік сипаттағы, бастығына жағыну, мансапқорлық және т. б.
да әрекеттерінен көрінеді.
1.3. Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану субъектісі.
Субъектінің жалпы белгілерімен қатар адам ( қылмыстық жауаптылық
және есі дұрыстық), сонымен қатар аталған қылмыс құрамына міндетті қосымша
белгілерді, арнаулы субъекті деп атаймыз.
Лауазымды қылмыстардың субъектісі болып тек қана арнайы
субъектілер танылады.
В. Д. Меньшагиннің жазуынша : Лауазымды тұлғалар деп мемлекеттік
ұйымда, кәсіпорында немесе қоғамдық ұйымдарда белгілі бір лауазымдарды
иеленетін, сонымен бірге өзінің лауазымына байланысты әкімшілік,
ұйымдастырушылық, шаруашылық құзіреттерді атқарады. 1
В. Ф. Кириченко ойынша, лауазымды тұлғалар деп мемлекеттік немесе
қоғамдық ұйымдарды немесе кәсіпорындарда жедел болу және әкімшілік –
шаруашылық құзіреттерді атқарады.2
Жоғарыда айтылғандардан лауазымды тұлғаның ұғымына иеленіп
отырған лауазымы емес, иеленіп отырған құқығы және құзіреттеріне баса
назар аударылады.
Ең алдымен осы белгісі Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексінде көрініс тапты. ҚР ҚК- нің 307- бабының ескерту, лауазымды
тұлғалар деп осы кодекспен белгіленген тұрақты, уақытша немесе арнайы
өкілеттіктер құзыретін жүзеге асыратын билік өкілі әлде ұйымдастырушылық
әкім немесе әкімшілік – шаруашылық құзіреттерді мемлекеттік органдарда,
жергілікті өзін -өзі басқару органдарында, ҚР Қарулы күштерінде, басқа да
әскерлерде және әскери құрамаларда жүзеге асырады.
ҚР ҚК – нің 307-бабының екінші бөлігінде көрсетілгендей, аталған
бапқа мемлекеттік лауазымы жауаптылығын иеленетін тұлғалар жатады.
Жауапты мемлекеттік лауазымды иеленетін тұлғалар деп Қазақстан
Республикасы субъектілерінің мемлекеттік билік құзіреттерін және
жергілікті өзін -өзі басқару органдарының билік өкілеттіктерін жүзеге
асырады. Билік өкілдерінің ерекшеліктері ретінде, олар өздерінің
құзіреттерінің шеңберінде азаматтар немесе ведомстволар бағыныштылығына
және меншік нысанына қарамастан мекемелермен, ұйымдармен, талап қоюға және
шешім қабылдауға міндетті. Билік өкілдерінің қызметі өзінің қызметтік
бағыныштылығында болмаған өзара қатынастармен анықталады. Билік
өкілдерінің көпшілігі қызметі бойынша бағынышты емес, бірақ та кең
мағынадағы, анықталмаған тұлғаларға қатысты билік өкілеттіктерін иеленеді.
Заң шығарушы билікті Республика дәрежесіндегі тиісті мемлекеттік билік
органдарының депутаттары жүзеге асырады. Атқарушы билікті ҚР Үкіметі
жүзеге асырады, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының жетекшілері,
сондай-ақ заңдарды атқаруға қадағалауды жүзеге асыратын билік құрылымдары
қоғамдық тәртіпті қолдауға, қылмыстылықпен күрес жүргізуге, мемлекеттік,
радиациялық, өрт және эпидемиологияға қарсы және басқа да қауіпсіздікті
қамтамасыз етеді ( ІІБ, ҰҚК, прокуратура, кедендік комитет, салық
полициясының Департаменті, Салық комитеті және т.б.). Сот билігін Жоғарғы
сот судьялар, аумақтық соттар жүзеге асырады.
Әкімшілік – шаруашылық құзіреттер – бұл мемлекеттік мүлікті
басқару және жұмсау жөніндегі өкілеттіктер: оны сақтаудың, қайта өңдеудің,
жүзеге асыру, материалдық құндылықтарды жұмысауды тіркеу және бақылау,
ақша қаражаттарын және құжаттарды алу және беру.
Сол немесе басқа да көлемде мұндай өкілеттіктерді – шаруашылық,
қамтамасыз ету, қаржы бөлімдері және қызмет және олардың орынбасарлары
және т. б. ( 30 наурыз 1990 жылғы № 4 КСРО Жоғарғы Соты Пленумы қаулысы
тар 2 в ).
Қоғамдық бірлестіктерде, партияларда, коммерциялық құрылымдарда
осындай құзіреттерді атқаратындар лауазымды қылмыстардың субьектісі болып
танылмайды. Осындай санаттағылар үшін қылмыстық жауаптылық Коммерциялы
және басқа да ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар деп аталатын
ҚК-тің 8- тарауында көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында кафедрада ҚК-тің 145- бабы
2- бөлігі бойынша сотталған аға лаборант болып жұмыс істеген Т-ны
лауазымды тұлға болмағандығы үшін қылмыстық істі қысқартқан.1
Практикада нақты кәсіби немесе техникалық құзіреттерді атқаратын,
өзінің сиаты бойынша ұйымдастырушылық - бөлу немесе әкімшілік –шаруашылық
міндеттері атқаратын қосымша өкілеттіктерді жүзеге асыратын лауазымды
тұлғаларды мүмкіндігі жөніндегі мәселелер туындайды.
Н. есімді мұғалім, сабақ уақыты кезінде, сондай-ақ ұзартылған уақытта
дене жарақатын келтіретіндей етіп оқушыларды үздіксіз ұрып – соқты, осы
әрекеті үшін РКФСР ҚК-нің 171 бабы 2 бөлігі бойынша сотталды. Соттың
үкімінде, мұғалім сыныпта тәртіптік сақтау үшін тек қана кәсіптік қана
емес, ұйымдастыру – бөлу міндеттерін көрсете отырып, ол лауазымды қылмыстар
ретінде жауапкершілікке тартылуы қажет. Қадағалау тәртібімен қарастырылған
үкімде іс қысқартылған, қадағалау сатысындағы соттың пікірінше Н. лауазымды
тұлға болып танылмайды. Бірақ та РКФСР Жоғарғы Соты мұндай шешімді қате деп
тауып, оны тоқтатты және үкімді күшінде қалдырды.
Пионер лагері отрядының тәрбиешісі салақтық үшін сотталған және
лауазымды қылмыстың субъектісі болып танылған, бір күндік жол сапар кезінде
балаларды қараусыз қалдырған, нәтижесінде бір қыз қайтыс болды. КСРО
Жоғарғы Соты Пленумы мұндай практиканы заңға сәйкес, дұрыс деп тапты 2 және
Қаулының 4 тармағында көрсетті, лауазымды қылмыс үшін жауаптылық, мәселен
еңбекке қабілетсіз парақтарды берумен байланысты немесе ВТЭК –тің жұмысына
қатысқаны үшін лауазымын теріс пайдаланған дәрігер, сыныптан тыс шараларды
немесе сабақтарды жүргізу тәртібін қамтамасыз ету міндеттері және
қауіпсізді жүктелген міндеттерді бұзған мұғалімдер де жатқызылады.
Пленум былай деп түсіндірді егер материалды жауапты тұлға
(лауазымды болып танылмайтын) мүлікті тікелей сақтау міндеттерінен басқа
оны басқару немесе жұмсау құзіреттерін атқарады, яғни лауазымды қылмыстың
субъектісі болып танылады.3
Осындай түсіндірулер бере отырып, Пленумда айтылған ситуациялар
істің мәні бойынша заңдарда көзделген нұсқалардың ісі болып танылады, яғни
лауазымды тұлға өзінің нақты кәсіби құзіреттерінен басқа қосымша арнайы
өкілеттігі бойынша ұйымдастырушылық – бөлу немесе әкімшілік – шаруашылық
міндеттерді атқарады.
Пленум қаулысында мынадай түсініктеме беріледі, анықталған лауазымы
бойынша міндеттерін уақытша атқаратын лауазымды тұлға немесе ұйымның
субъектісі, аталған жұмыскерді лауазымды тұлға деп тану үшін негіз болып
танылмайды.
Атап, айтқанда дүкен директорының әкесі А, баласының өтініші
бойынша біраз уақыт дүкенде қалып жүрді және өз бетімен сауда немесе ақша
қатынастарын жасады. Осыған байланысты ол құжаттарды жалған жасайды жасыру
мақсатымен және басқа да тәсілдермен, инвентаризация комиссия мүшелерін
алдады және оларды басқа жолға түсіруді көздеді. Москва қалалық соты А-ны
мемлекеттік мүлікті талан таражға, қызметтік жағдайын теріс пайдаланғаны
және лауазымды жалғандық жасағандығы үшін оны лауазымды тұлға ретінде
мойындады.
РКФСР Жоғарғы Соты қылмыстық ісі бойынша сот алқасы А-ны
лауазымдық жағдайын теріс пайдалану – лауазымдық жалғандыққа байланысты
үкімінде, дүкен директорының міндеті белгіленген тәртіпте А-ға жүктелмеді
және сондықтан ол лауазымды тұлға болып танылмайды делінді.
Сот практикасында еңбекпен түзеу мекемесінде бас бостандығын айыру
түріндегі жазасын өтеп жатқан лауазымды қылмыстың субъектісі деп тану
мүмкіндігі әр түрлі жолдармен шешілді. Атырау обылыстық сотының үкімімен З
салақтығы үшін сотталды, ол ЕТМ жазасын өтеп жүріп және колония бастығының
өкіміне сәйкес ағаш өңдеу цехының міндетін орындай жүріп, дәнекерлеу
жұмыстарын дайындықтан өтпеген адамға тапсырмаған, оның жұмысын бақылауды
қамтамасыз етпеді, нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылып, өрт шықты.
ҚР Жоғарғы Соты қылмыстық істер бойынша сот алқасы үкімді өзгеріссіз
қалдырды, өйткені ҚР Жоғарғы Сотының Президиумы, істі прокурордың
наразылығына сәйкес қарай отырып, З-ның істі негізін тоқтатты. З. жазасын
бас бостандығынан айыру түрінде өтей отырып ЕТМ атқарылған міндеттеріне
қарамастан лауазымды тұлға болып танылмайды.1
Сонымен, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер және басқа да
мамандар, таза кәсіби, құзіреттерін міндеттерін атқара отырып, егер де
олардың міндеттері ұйымдастырушылық-бөлу немесе әкімшілік-шаруашылық
міндеттерді жүзеге асырғандығына қарамастан лауазымды тұлға болып
танылмайды және билікті немесе қызметтік өкілеттігі теріс пайдаланғаны үшін
жауапкершілікке тартылмайды.
Авиациялық материалдар институтының инженері Дядин және сол
институттың технигі Белоусов техникалық көмек көрсету үшін заводқа
командировкаға жіберіле отырып, оның басшылығымен индукциялы пештерді
монтаждау үшін еңбек келісіміне келді, нәтижесінде 65000 рубль алды. Осы
сомадан 9000 рубль ведомстен пешті монтаждау үшін жұмыс зауытына төленді,
ал 34000 рубльді Дядин және Белоусов алды. Дядин және Белоусов қызметтік
жағдайын теріс пайдаланғаны үшін сотталды.
КСРО Жоғарғы Соты Пленумы Дядин және басқалардың ісі бойынша
өзінің қаулысында мынаны атап көрсетті, сотталушылар алған ақшалары монтаж
және индукциялы пештерді шығарған нақты атқарылған жұмыстар үшін еңбек
келісімінің негізінде зауыт әкімшілігімен төленді. Сонымен қатар Дядин және
Белоусов еңбек келісімін және жұмысты атқару барысында, орындаушылар
ретінде жұмыс атқарды, бірақ та лауазымды тұлғалар болмады және лауазымды
қылмыстардың субъектісі болып танылмады.1
Практикада кейде қателіктерге жол беріледі, егер материалды жауапты адам,
белгілі бір ұйымдастырушылық-бөлу немесе әкімшілік – шаруашылық
құзіреттерді атқармаса лауазымды қылмыстардың субъектісі болып танылмайды.
Атап айтқанда, Л. аудандық қамтамасыз комбинатының шеберханасында
аяқ киім шебері болып жұмыс істей жүріп, материалды жауапты тұлға бола
отырып, шеберхананы қараусыз қалдырды, нәтижесінде тұрмыстық комбинаттан
алынған материал жоғалып, 456 рубль сомасында шығын келтірілді.
Л. ісі бойынша Жоғарғы Соты Пленумы қаулысында, Л. аяқ киім шебері
болып жұмыс істей жүріп, билік өкімінің құзіретін атқармады және белгілі
бір ұйымдастырушылық-бөлу немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді атқармады
және тиісінше лауазымды тұлға болып танылмайды, сондықтан салақтық үшін
жауапқа тартылмайды деді. Л-ның ісі оның әрекетінде қылмыс құрамы
болмағандықтан қысқартылды.2

2 Тарау Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалануды басқа да лауазымды

қылмыстардан ажырату.

Қызметтік практикада кейде лауазымды өкілеттіктерін теріс
пайдалануды басқа да лауазымды қылмыстардан ажырату мәселесі туындайды,
қарастырылып жатқан қылмыс құрамдары, ҚР ҚК 13 тарауында көзделген
лауазымды қылмыстармен, сондай-ақ ҚК-тің басқа да тарауларында көзделген
лауазымын теріс пайдалану арнайы құрамдармен ұқсастығы бар.

2.1.Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану және билікті немесе
лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдалану.

ҚР ҚК 308 бабында лауазымын асыра пайдалану деп оларды жасаған
заңмен ұсынылған құқықтар және өкілеттіктердің шегінен шыққан іс-
әрекеттерді жасауды айтамыз.
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалануды билікті немесе
лауазымын асыра пайдаланудан шектеу барысынан ажыратып алу қажет.
Өкілеттіктерді анықтап алу үшін, бірінші жағдайда лауазымды
тұлғалар қызмет мүддесінен тыс өздеріне берілген құқықтарды және
өкілеттіктерді пайдаланады, екінші жағдайда – басқа лауазымды тұлғаның
өкілеттілігіне жататын немесе ерекше мән – жайлар барысында тек лауазымды
тұлғалармен жасалатын қызметтік мүдде шеңберінен асып түсетін іс-әрекеттер
жатқызылады.1
Басқа да лауазымды қылмыстарды асыра пайдалану барысында лауазымды
тұлғаның заңсыз іс-әрекеттері, оның қызметімен тікелей байланысты болуы
қажет.
Билікті немесе лауазымды қылмыстарды асыра пайдаланғаны үшін, егер
тұлға қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары және заңды мүдделерін елеулі
бұзған жағдайда қылмыстық жауаптылық туындайды. Бұл белгі лауазымды
өкілеттіктерін теріс пайдаланған сияқты, осы тұрғыдағы қылмыстардың
объективтік жағына жататын билікі немесе лауазымды өкілеттіктерін асыра
пайдалану құрамдарынан ажыратылады. Осы белгілерді дұрыс емес ажырату қате
саралауға әкеп соғады. Квинцина А. К. айтуынша өзінің өкілеттіктерінің
шегінен шыққан лауазымды тұлғамен байланысты көптеген қылмыстар қызметтік
жағдайын теріс пайдалану ретінде сараланды.2

2.2. Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану және салақтық.

ҚР ҚК-нің 316 бабында немқұрайдылық құрамы лауазымды тұлғаның
өзінің міндеттерін қызметіне теріс немесе немқұрайды қарамағаны үшін
орындамауы немесе тиісінше орындамау делінген, егер де бұл заңмен қорғалған
қоғам немесе мемлекеттегі азаматтардың құқықтары және заңды мүдделеріне
елеулі зиян келтіруге алып келсе.
Салақтық объективтік жағынан келесідей белгілермен сипатталады:
1. Лауазымды тұлғаны өздерінің міндеттерін орындамауы немесе тиісінше
орындамауы сипатындағы әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі қоғамға
қауіпті іс-әрекет;
2. азаматтар немесе ұйымның әлде қоғамның немесе мемлекеттің заңмен
қорғалған құқықтарын және мүдделерін елеулі бұзу – қоғамға қауіпті
зардап;
3. қоғамға қауіпті іс-әрекет және қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы
себепті байланыс.
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану және салақтық құрамының
субъектісі және объектісі ұқсас. Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану
салақтықтан субъективтік белгілеріне байланысты ажыратылады. Лауазымды
өкілеттіктерін теріс пайдалану қасақана жасалған қылмыс болып танылады.
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану субъективтік жағынан қасақаналық
нысанында жүзеге асырылады, іс-әрекет тек қасақаналық нысанында, зардапқа
қатысты қасақаналық және абайсыздық болуы мүмкін. Субъективтік жағынан
салақтық, іс-әрекетке және зардапқа қатысты тек кінәнің абайсыздық
нысанымен жүзеге асырылады.1
Сонымен, салақтық абайсызда жасалған қылмыс болып танылады.
Жекелеген авторлар салақтық іс-әрекетіне қатысты қасақаналыққа да
жол береді.2
Бірақ та лауазымды тұлғаның өзінің қызметтік міндеттерін қасақана
бұзуы, салақтық емес лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану ретінде
қарастырамыз.
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану, салақтықтан лауазымды
тұлғаның іс-әрекетінің сипатына байланысты ажыратылады.
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану барысында лауазымды
тұлға мемлекет мүддесінен тыс қасақана іс-әрекеттерді жасайды.
Лауазымды тұлғаның салақтық іс-әрекеті лауазымды тұлғаның
қызметке қатысты өзінің міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы,
егер бұл іс-әрекет заңмен қорғалған азаматтар немесе ұйымдарды елеулі
бұзуға алып келсе.
Лауазымды өкілеттерін теріс пайдалану өзінің құзіреттерінің
шеңберінде қызметі бойынша заңсыз іс-әрекеттерді лауазымды тұлғаның жасауы.
Салақтық белгілерін анықтау, сонымен бірге лауазымды тұлғаның құзіретімен
тікелей байланысты. Сондықтан, Светлов А. айтуынша Заңмен немесе заңға
сәйкес актілермен лауазымды тұлғаның өкілеттіктерін және міндеттерін оның
нақты әрекеттерімен міндетті салыстыру қажет.1
КСРО Жоғарғы Сотының 30 наурыз 1990 жылғы Пленумының қаулысында
соттармен мән – жайларды толық емес зерттеу, зиянды зардаптар, олардың
сипаты, ауырлығы және әрекетсіздікпен немесе міндеттерін тиісінше орындамау
арасындағы себепті байланыспен анықталады. Салақтық үшін соттау, егер де
лауазымды тұлғаның өзінің міндеттерін орындауы үшін шарттарда болуы мүмкін.
Мүлікке қайшылық құқығында немесе мүліктік сипаттағы пайда
әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін пара берушінің немесе оған ұсынылатындардың
пайдасына байланысты жасалса, егер мұндай әрекет (әрекетсіздік) лауазымды
тұлғаның қызметтік өкілеттігіне кірсе әлде лауазымдық жағдайына байланысты
осында әрекеттерге (әрекетсіздікке), сонымен бірге қызметтік жолын қолдау
немесе қолпаштау.
Қарастырылып жатқан қылмыс объективтік жағынан лауазымды тұлғаның
жеке өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкіліне пара беру
әрекеті (әрекетсіздігі), егер мұндай әрекет (әрекетсіздік) лауазымдық
жағдайына немесе лауазымын пайдалануға байланысты лауазымды тұлғаның
қызметтік өкілеттігіне кірсе, яғни бұл жолын қолдау немесе қызметтегі бей-
жайлыққа алып келеді.
Заң қарастырылып жатқан қылмыс құрамын жиынтық термин пара деп
анықтайды және ақша, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер немесе мүліктік
сипаттағы пайда түрінде анықтайды.
Ақша (валюта) деп қылмыс жасалған кезде қаржылық айналымда жүріп
тұрған төлем құралы ретіндегі ұлттық, сондай-ақ шетелдік ақша белгілерін
түсінеміз. Төлем құралы ретінде айналымда жүрмейтін, бірақ та сол немесе
нумизматы құндылыққа ие ескі тиында ақша болып табылмайды және басқа да
мүліктік сипат түріндегі пара жатқызылады. Егер де олардың орташа нарықтық
құны мүлдем төмен деп саналса, маңызы шамалығының төмендігіне байланысты
қылмыстық жауаптылықты жоққа шығарады.
Бағалы қағаз деп белгіленген нысанды және міндетті мүліктік құқық
реквизиттерін сақтап куәландырылған құжатты айтамыз. Бағалы қағаздарға:
мемлекеттік облигациялар, векселдер, гектер, банк жинақ кітапшалары,
акциялар, жекешелендірілетін бағалы қағаздар, егер де олар бағалы қағаздар
туралы заңдарға сәйкес белгіленген тәртіппен осылардың қатарына
жатқызылады.
Басқа да мүліктер деп осындай құнын иеленетін кез келген материалды
құндылықтар, соның ішінде берешекті міндеттемелер түріндегі, шетелдік
валютамен, құнды металдар ( алтын, күміс, платина және платиналы топтың
металдары - палладий, иридий, рутений және осмий) түрлерінде көрініс
танытқан т.б-лар жатады.
Егер де пара алудың заты болып осы түрдегі валюталық құндылықтар
болса, онда пара берушінің және пара алушының әрекеті қосымша түрде қымбат
металдар, табиғи асыл тастардан заңсыз айналысуымен бірге жиынтық ретінде
саралануы тиіс.
Сонымен қатар шет елдік валюта түріндегі параны алу және беру
қылмыс құрамдарының белгілерімен толықтай қамтылады.
Мүліктік сипаттағы пайдалар параның заты ретінде пара алушыға әр
түрлі материалдық қасиеті бар қызмет көрсетудегі қайтарымсыз ұсынудан, яғни-
автомашинаны күрделі жөндеудегі саяжай соғуға дейінгі лауазымды тұлғаның
тиісті материалды эквивалент алуына дейінгі әрекеттер жатады. Осындай
санаттағы сот – тергеу практикасы көрсеткеніндей, пара алудың тәсілдері
болып неғұрлым қиын және пара алушымен пара берушінің арасындағы заңды
мәміледен көрінеді, мысалы материалды куәландырылған мердігерлік, тұрмыстық
мердігерлік, құрылыс мердігерлігі, жинақ (депозит) сертификатын ашу т.б.
ретінде көрініс табады.
Практикада, пара алудың және берудің тағы да басқа тәсілдері
белгілі, мысалы, қымбат мүлікті құнсыз бағаға сату, картадан ұтылу,
лауазымына жалған орналасу және пара алушыға нақты жұмысты атқармастан
жүйелі түрде беру. Коррупциялық қылмыстардың арнайы осындай түрлері үшін
Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңы шығарылды. Заң аталған құқық
бұзушылықтың нақты ұғымын, оның қаржылық бақылау шараларын, жақын
туыстарымыз бір қызметте істеуіне жол берілмейтіндігі туралы ұғымдар
берілген.
Лауазымды тұлғалардың пара алу – беру жасырылған тәсілдерін
нақтылау үшін, заң оларға құмар ойындар ойнауға және мүліктік немесе
мүліктік емес сыйлықтар алуға тыйым салады.
Қызметтік жағдайына байланысты лауазымды тұлғаның мүліктік
сипаттағы пайдалар ( пікір, сый-пікір, ұсыныстар және т.б.) алуы пара
ретінде қарастырылмайды.
Лауазымды тұлғаның өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен
байланысты емес заңсыз сый ақы алуы пара алу құрамын құрамайды.
Лауазымды өкілеттерін теріс пайдалану және пара алудың бірқатар
жалпы белгілері бар:
1. Екі қылмыс құрамы да бір немесе басқа объектіге қол сұғады.
2. Аталған қылмыстың субъектісі болып тек лауазымды тұлғалар танылады.
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану және пара алу лауазымды
тұлғаның өзінің өкілеттіктерін пайдалу арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілген
қылмыстарды қылмыстық объективтік және субъективтік жағы бойынша ажырату
қажет.
Пара алу қылмыс құрамдарының формальды құрамдарына жатады. Заң (ҚР
ҚК-нің 311-бабы) бойынша белгілі бір нақты зардаптардың туындауын
көздемейді, қылмыс лауазымды тұлғаның пара алған сәтінен бастап аяқталды
деп саналады.
Лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдалану қылмыс құрамдарының
материалды құрамдардың санатына жатады. Ол 307 бапта көзделген зардаптар-
азаматтар және ұйымдар әлде қоғам немесе мемлекет мүддесі заңмен қорғалған
құқықтар және заңды мүдделердің елеулі бұзылуынан көрініс табады.
Пара алудың субъективтік жағы тек қана тікелей қасақаналықпен
сипатталады. Кінәлі өзінің қызметтік жағдайларын пайдалану арқылы (әлде
әрекетсіздік) іс-әрекеттерді жасағандығы үшін заңсыз материалдық сыйақы
алғандығын сезінеді және оны тікелей тілейді.
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланудың объективтік жағы
кінәнің аралас нысанымен сипатталады. Әрекетке қатысты кінә тікелей және
жанама қасақаналықпен де сипатталады. Зардаптарға қатысты кінәнің кез
келген нысаны қасақаналық, сондай-ақ абайсыздықпен де сипатталады.
Пара алу әрқашанда пайдакүнемдік қылмыс ретінде, лауазымды
өкілеттіктерін теріс пайдалану пайдакүнемдік ниеттерсіз жүзеге асырылуы
мүмкін. Өйткені лауазымды тұлға пара үшін заңсыз әрекет жасауы мүмкін, онда
мұндай жағдайларда ҚР ҚК 311 баптарынан басқа заңсыз әрекеттерді, ҚР ҚК 307
бабы бойынша саралауға бола ма деген сауал туындайды.
Бұл мәселе 30 наурыз 1990 жылғы Парақорлық жөніндегі істер
бойынша соттық практика туралы КСРО Жоғарғы Соты Пленумы Қаулысының 17
тармағында көрсетілген, онда параны алғандығы және бергендігі үшін
жауаптылық дербес қылмысты құрайтын қызметтік жағдайын теріс пайдалану,
талан-таражға қатысу бола тұрса да парақорлықпен байланысты әрекеттер үшін
бір мезетте қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
Мұндай жағдайларда істелінген іс-әрекетті қылмыстардың жиынтығы
бойынша саралау қажет.1

2.3. Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану және
қызметтік
жалғандық.

Қызметтік жалғандық жасау объективтік жағынан лауазымды тұлғаның
ҚР ҚК 314 бабында көрсетілген әрекеттерді жасауынан көрінеді: лауазымды
тұлғаның, сонымен қатар лауазымды тұлға болып танылмайтын мемлекеттік
қызметшінің пайдакүнемдік және жеке мүдделік тұрғысынан ресми құжаттарға,
сондай-ақ көрсетілген құжаттарға шынайы мазмұнына өзгертетін түзетулерді
және жалған мәліметтерді енгізуі.
Қарастырылып жатқан қылмыстың заты болып, тек қана ресми құжаттар-
ақпаратты материалды ұстанушылары, мемлекеттік билік және мемлекеттік
басқару органдары, ҚР билік органдары және басқару субъектілері, жергілікті
өзін-өзі басқару органдары, басқа да мемлекеттік және муниципиялдық
мекемелердің жазбаша актілері. Белгілі бір фактілерді және оқиғаларды
куәландыратын құқықтық маңызы бар ресми құжаттар, жалпы ереже бойынша
тиісті нысан және ривизиттерге (бланк, мөр, мөртаңба,енгізілетін және
шығарылатын нөмір, күні, лауазым атауы және тиісті лауазымды тұлғаның
қолы).
Жалғандық жасау шынайы құжаттардың мазмұнын өзгертуден (техникалық
немесе материалдық жалғандық жасау), сондай-ақ шынайы құжаттарының
белгілеріне сыртқы тұрпаты ұқсас толықтай шынайы құжаттарды жасау.
Жалғандықтың бұл түрі интеллектуалды деп аталады.
Қызметтік жалғандық жасау лауазымды қылмыс ретінде өзінің
қызметтік жағдайын пайдаланумен байланысты лауазымды тұлғамен жасалуы
мүмкін. Қызметтік жағдайын пайдаланбастан лауазымды тұлғамен жасалған
жалғандық қызметтік жалғандық ретінде қарастырылмайды.
Объективтік жағынан қарастырылып жатқан қылмыс тек қана тікелей
қасақаналықпен жасалады. Құрамының міндетті белгісі болып пайдакүнемдік
мақсат немесе жеке мүдделіктің болуы танылады. Көрсетілген ниеттердің
болмауы барысында жасалған қызметтік жалғандық аталған қылмыс құрамын жоққа
шығарады.
Қызметтік жалғандық формальды құрамды құрайтын қылмыстарға
жатады. Лауазымын теріс пайдалану құрамына қарағанда қызметтік жалғандық
жасау құрамы міндетті белгілер ретінде зиянды зардаптардың туындауын
көздейді. Құжаттарға көрінеу түрде жалған өзгертулер, одан әрі пайдалануға
қарамастан жалған құжат құрастыру және беру.
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалануды жасыру мақсаттарында
жасалған қызметтік жалғанды ҚР ҚК 314, 307 баптары бойынша қылмыстардың
жиынтығымен саралануы тиіс.

2.4. Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану және лауазымды

қылмыстардың арнайы түрлері.

ҚР ҚК 306 бабында көзделген лауазымды өкілеттіктерін теріс
пайдалану жалпы құрамдарымен қатар, ҚК-тің Ерекше бөлімінің бірқатар
тарауларында, лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланудың арнайы түрлері
көзделген,мысалы ҚК-тің 4 тарауында 145-бап 2,3 бөліктері, өзінің қызметтік
жағдайын пайдалану жолымен, бөтен тұрғын-жайға заңсыз ену, ҚК-тің 11
тарауының 380-бабы – билікті теріс пайдалану, асыра пайдалану немесе
әрекетсіздік және т.б.
КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 30 наурыз 1990 жылғы қаулысында
көрсетілгендей: Егер де лауазымды тұлғамен қызметтік өкілеттігін
бұзғандығы үшін арнаулы қылмыстық-құқықтық нормамен (нақтырақ айтқанда
РКФСР ҚК-нің 132-143, 152-153, 172-176, 214-217 және басқа да одақтас
республикалардың тиісті баптарымен қаралса) онда істелінген іс-әрекет
лауазымды қылмыстардың жалпы құрамын көздейтін баптардың жиынтығы нормасы
бойынша саралануы тиіс.1
Сонымен, жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігі жағдайында
арнаулы норма қолданылады. Тиісінше, арнайы құрам белгілеріне енетін
лауазымын теріс пайдалануды жасау кезінде, саралау осы құрам бойынша жүзеге
асырылуы тиісті.
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану басқа қылмысты жасаудың
тәсілі болған жағдайдағы мәселе басқаша шешілуі қажет. Бұл тәсіл заңда
тікелей көрсетілген және аталған қылмыс құрамының міндетті белгісі болып
танылады.
Мұндай жағдайларда лауазымды тұлғаның әрекеті қылмысты көздейтін
ҚК-тің бабы бойынша саралануы тиісті. ҚК-тің 176 бабы 2 бөлігі иелену және
ысырап етуі көздейді, яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан таражға
салу.
Қызметтік жағдайын теріс пайдалану жолымен жасалған талан-таражды
ҚР ҚК-нің 176-бабы 2 бөлігі бойынша саралануы тиісті және оларды ҚР ҚК-нің
307-бабының жиынтығы бойынша саралай алмаймыз.2
Осындай тұжырымдарға криминалистер де келуде.1
Қызметтік жағдайын теріс пайдалану жолымен жасалған талан-
тараждан, пайдакүнемдік ниеттермен жасалған және мемлекетке немесе қоғамдық
ұйымға материалдық зиян келтірілген, бірақ та өзінің меншігіне немесе
басқалардың меншігіне мүлікті қайтарымсыз алумен байланысты емес қызметтік
жағдайын теріс пайдалануды ажыратуымыз қажет.2
Осындай тұжырымдарға криминалистер де келуде.
Қызметтік жағдайын теріс пайдалану жолымен жасалған талан-
тараждан, пайдакүнемдік ниеттермен жасалған және мемлекетке немесе қоғамдық
ұйымға материалдық зиян келтірілген, бірақ та өзінің меншігіне немесе
басқалардың меншігіне мүлікті қайтарымсыз алумен байланысты емес қызметтік
жағдайын теріс пайдалануды ажыратуымыз қажет.
КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 11 наурыз 1972 жылғы қаулысында,
лауазымды тұлғаның әрекеті лауазымды қылмыс ретінде, яғни лауазымды
өкілеттіктерін теріс пайдалану ретінде саралануы тиісті деді.
2 тарау. Криминологиялық сипаттама және сыбайлас жемқорлық
қылмыстылығынан сақтандыру.

2.1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстылығының сипаттамасы.

Сыбайлас жемқорлық, Қазақстан қоғамын тұрақсыздандыратын фактор
сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесіне ҚР Президенті баса назар аударуда,
ол тұлғасына және лауазымына қарамастан сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз
күресу қажеттілігіне шақырады. Басқару корпусы нақты түрде тазалануы және
жаңартылуы қажет.1
БҰҰ – ның тапсырысы бойынша Сандж зерттеу орталығының
әлеуметтанушысы - сарапшыларымен алынған Парламент депутаттары,
мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер және халықтың көзімен Қазақстандағы
сыбайлас жемқорлық есебі туралы сандарға жүгіне кетсек. Мемлекеттік
қызметшілерді коррупцияға қарсы тұру даярлығы, сыбайлас жемқорлықпен күресу
міндеттерін түсінуге байланысты сауалнама жүргізілді. Аталған есепке
қарағанда, қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің көпшілігінде
пайдакүнемдік мақсатта қызметтік жағдайын пайдалануға байланысты тазалық,
сатылмайтындық және оған жол бермеуге байланысты қарапайым нормаларды
түсінбейтіндігі айқын болды.
Зерттеу шеңберінде, кәсіпкерлер және қарапайым азаматтарды басқа
әр түрлі ведомстволардың 118 мемлекеттік қызметшілері, соның ішінде
парламент депутаттары, ҚР миинистрлігі және құқық қорғау органдары жоғары
әкімшілік қызметкерлер сұралды.
Сауалнама нәтижесі бойынша орталық звено мемлекеттік
қызметшілердің 35 пайызы тамыр таныстық, туыстық және ағайындық арқылы,
19%–ұйыммүддесінде пара беру, 15%–әрекет етіп тұрған працедуралар қызметі
және айналып өту, 12%–шенеунікке пара беру арқылы жұмысқа орналасуға болады
деді.
Сонымен қатар, респонденттер қажетті адамдарды сыйлықтармен
силайды (84%), алғыс ретінде оның ресторандағы түскі асын немесе ішімдігін
төлеу (62%), дәрігерлер және мұғалімдер өздерінің таныс пациентерінен және
оқушылардың ата-аналарынан (50%) сыйлықтар алуға, қызметтік саты бойынша
көтерілу үшін таныстығын пайдалануға (17 %), респонденттердің 69 пайызы
сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауға, қызметкерлердің оған қарсы тұруға
деген дайындығын көрсетеді.
Сарапшылар ең маңызды- сыбайлас жемқорлықтың даму бағытын да
айқындады. Аталған зерттеулерге сәйкес, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық
келесі бағыттар бойынша: парақорлық, туыстық немесе жерлестік байланыстарын
пайдалану, мемлекеттік мүлікті шатыстыру, мемлекеттік қызметшілерді сатып
алу, блат, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қорқытып алушылық,
мемлекеттік мүлікті мақсатсыз пайдалану, салықтан жалтару, мемлекеттік
тапсырыстарды шатыстыру.
Сарапшылардың есептеуінше – сыбайлас жемқорлыққа қызметтің барлық
салалары, бірқатар дәрежеде (70-90%) кеден, полиция, салық қызметі, соттар,
прокуратура, жоғары оқу орындары, мемлекеттік мүлікті басқару комитеті.
Одан сәл азырақ, 40 тан 70 пайызға дейінгі респонденттердің санауынша,
сыбайлас жемқорлық әскеркомат, ірі компанияларда, әкімиаттарда, денсаулық
сақтау органдарында және қаржы министірлігінде орын алды деп санайды.
Респонденттердің 20 дан 40 пайызға дейінгі ҚР үкімет аппаратына, әскери
бөлімдерге, ҰҚК, Президент әкімшілігіне, Парламент, мектеп және жоғары оқу
орындары деген.
Аталған есепке сәйкес, парақорлықтың негізгі себептері ретінде
респонденттер төменгі жалақыны (23%), қоғамның бей-жайлығы (19%),
жазаланбаушылық (18%), сыбайластық және мемлекеттік қызметшілердің
моралінің төмендігі (1,7%). Респонденттердің 35 пайызының пікірінше,
сыбайлас жемқорлық – бұл экономикалық проблема, 25% - құқықтылық, 23% -
саяси, 9% - құқықтық мәселе деді.
Тек қана 6 пайыз мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлықты
түбірімен жоюға болатындығына сенеді. Ал сауалнамаға қатысқандардың 80
пайызы оның көлемін елеулі азайтуға болады дейді, 11 пайызы болса сыбайлас
жемқорлыққа ештеңе істей алмау мүмкін емес дейді.
Жүргізілген зерттеулерді талдаудың көрсеткеніндей, қазіргі кезде
коррупция негізінен екі нысаедардан көрінеді:
Параның екі түрімен сипатталатын бір рет төлемдер:
- көрсеткен қызметі үшін сыйақы-пара;
- сатып алу-пара, ұйымдасқан қылмыстық топ
оған туындаған экономикалық әлде құқықтық санкцияларды қолдану кезінде
туындайтын ескерту немесе бейтараптандыру қажеттілігі.
Тотальды сатып алу, сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан лауазымды
тұлғалар ұйымдасқан қылмыстық топтан тұрақты ақша мазмұнын немесе
криминалды бизнестен өзінің кірістерін алып отыруы. Тотальды сатып алу –
коррупцияның ерекше қауіпті нысаны- келесідей негізгі түрлерді болжайды:
- лауазымды тұлғаның қатысуы ретінде ұйымдасқан қылмыстық құрылымға енуі;
- пара алудың ойға айналуы;
- мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ,нақты
экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды жасауы.
С.В. Максимовтың айтуынша коррупцияның көрініс беретін нысаны
ретінде, этикалық, конституциялық, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық іс жүргізу
және басқа да номаларды жүзеге асыратын мемлекеттік құзіреттер. Осындай
құқық бұзушылықтардың нысаны ретінде: мемлекеттік қызметтегі заңдылықтардың
жай-күйі жөніндегі қоғамдық пікірге кері әсер ететін мемлекеттік
қызметшілердің әрекеті, қызметтік міндеттерін жүзеге асырумен байланысты
кәсіпкерлік қызмет саласынан қызмет және сыйлық алу, қызметтік жағдайын
теріс пайдалану, пара алу, қызметтік жағдайын пайдалана отырып бөтен
мүлікті ұрлау.1 Сонымен сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-құқықтық құбылыс
ретінде лауазымды тұлғалар үшін бірқатар қылмыстық-құқықтық тыйым салуларды
бұзумен көрініс табады.
Сыбайлас жемқорлықтың мазмұны нақты іс-әрекеттердің жиынтығымен
анықталады, былайша көрініс табады.
- мүлікті заңсыз алу (оны алу құқығы) мемлекеттік құзіреттерді жүзеге
асыруға уәкілетті тұлғаның жеңілдігі немесе қызметі);
- осы тұлғаға осындай мүлікті (осы құқық үшін) жеңілдікпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс ұғымы және қылмысқа жауапкершілік
Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың қылмыстық аспектілері
Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмысын зерделеу
Құқықбұзушылық түсінігі туралы
Сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне ықпалы
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың құрамы, саралануы мен түрлері
Мемлекеттік қызмет және лауазымдар ұғымы
Сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа тосқаулық қоюдың криминологиялық шаралары
Парақорлықтың түсінігі және жалпы сипаттамасы
Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы
Пәндер