Қаржыны басқаруды ұйымдастыру


Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізіңде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесіндс оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекетгік борыштың азаюыңца, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған: басқарудағы демократизм; қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме (көзқарас); басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі (ұштасуы);
басқарудың ғылымилығы;
орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;
басқарудағы жауапкершілік; шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы. Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білгсн жөн: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметгік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен жүйелі көзқарасты айқындайды. Заңи заңдарда, қаржылық болжамдар

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 17 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге


Қаржыны басқаруды ұйымдастыру
1. Қаржыны басқару ұғымы
Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де
тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы
ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық
заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы
заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың
нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық
органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса,
өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және
әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау
процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне
жетуді және мұның негізіңде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету
жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп,
қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы
механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың
тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті
нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері
пайдаланылады. Қаржы жүйесіндс оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше
тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және
санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет
профицитінде, мемлекетгік борыштың азаюыңца, ұлттық валютаның беріктігінде,
ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық
мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен
қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған: басқарудағы
демократизм; қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме (көзқарас); басқарудағы
экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі (ұштасуы);
басқарудың ғылымилығы;
орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;
басқарудағы жауапкершілік; шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.
Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білгсн жөн: біріншіден, мемлекет
қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметгік сфераны басқарудың
тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл
процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып
табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты,
яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір
сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен
жүйелі көзқарасты айқындайды. Заңи заңдарда, қаржылық болжамдар мен
жоспарларда, қаулыларда және басқаларда ресімделстін қаржылық сипаттағы
басқару шешімдсрін әзірлеген кезде экономикалық және заңи заңдардың
талаптарын, өткен шаруашылық кезеңнің қорытындыларының ғана емес, сонымен
бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-
математикалық әдістер мен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін,
басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген
жөн. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын
енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы
жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық
ақпарат, ғылыми нешделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және
ағымдағы қаржылық жоспарлау талап стілсді.
Қаржы қатынастарының әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару
субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын
пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты
нақтылы функциялық элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау),
ұйымдастыру, реттеу, бақылау. Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген
жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті
басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау процесіндегі басқару шешімдері
қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты
жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен
уақытгылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық
ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге
негізделеді.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл
— жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мелшерін
және оньщ көздерін анықтау; орталықтаңдырылған және орталықтандырылмаған
ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық
бірліктері арасында қаражаттарды белудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын)
белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Ұйымдастыру — басқарудың барлық буындарының жене салынғандығын,
айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару
қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны
оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің — қаржы органдарының,
салық қомитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық
салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай
ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының
ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық
қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.
Қаржылық реттеу — бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы
ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың
барлық түрін аддын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтіқ
(сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар
есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті
қамтамасыз етуді білдіреді.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, сонымен
бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда
барлық қаржы процестерін (операцияларын) жүргізудің дұрыстығы мен
заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын
басшылыққа алып отыратын қаржы аппараттарының қызметін қамтиды. Бақылау
қаржы ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы қөрсеткіштермен
салыстыруға, қаржы ресурстарын өсірудің резервтерін айқындауға,
шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік
береді.
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың
объекгілері мен субъекгілері бөлінеді. Объектілер ретінде қаржы
қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржы қатынастарын олардың
сфераларына сәйкес объектілсрдің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларга басқарудың мына
субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды
жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп
аталады.
Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласыңда қаржыны басқаруды
кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы бөлімдері мен
службалары, сондай-ақ сақталып отырған министрліктер мен ведомстволардың
қаржы бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырып отырады.
Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы қаржыны басқару
қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып
жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының — реттеудің, қаржы
рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын
есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық
экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік
жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір
сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.
Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны
басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары
жеткіліксіз пайдаланылды; бюджеттен төленетін субвснциялардан (мақсатты
жәрдем қаржыдан) бас тарту болды және т.б. Осы және басқа себептерге
байланысты қаржының ролі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа
қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа
әдістеріне қошуді талап етті. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші
ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге,
әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың
қолданылып жүрген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың
бастыларына мыналарды жатқызуға болады.
Біріншіден, өкіметтік операцияларды қамтудың толық еместігі.
Қазіргі кезде өкіметтік операциялардың едәуір болігі, биліктің аймақтық
және жергілікті органдарының барлық операциялары Қаржы министрлігі
тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл толып
жаткан бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен
нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет
операцияларына, сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету
жөніндегі операцияларға қатысты.
Екіншіден, түсімдерді уақтылы алуға жеткілікті бақылау жасамау.
Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бұл
проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері
арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіңдегі икемділікгі
белуге бақылауды жолға қояры сөзсіз.
Үшіншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің
кемшіліктері.
Бұрынғы КСРО-да мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың
дәстүрлі көзі ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік банктің пайызсыз кредиттері,
сондай-ақ Жинақ банктеріндегі халықтың салымдары болып келді. Қазіргі кезде
бұл көздерді пайдалану қиын мәселе болып қалды.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың баламалы қаржы көзі ретінде
пайдалануға болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бүгінге дейін
кеңінен таралмай отыр. Мұның экономикалық дағдарыстар мен инфляция
жағдайыңда заңды екенін мойындауға тура келеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
Бұл буынның қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың,
концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы
департаменті (басқармалары) мен бааімдері,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы
службалары жүзеге асырады
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдерімен топтары
басқарады. ;
Министрліктер мен басқа жоғарғы органдардың қаржы бас-қармаларының
аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың
жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, ведомствоға
қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайында басқару қаржы менеджменті
деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы
және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны
болып табылады. Қаржы менеджментінің мөні тиісті службалар тарапынан
қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды
етіп жұмсауға, қаржы рыногында багалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып
пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды
ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады:
жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктіқ құқықтар, жұмыстар және
қызметтер, ақпарат, зиятқерліқ (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері,
материалдық емес игіліктср.
Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың
қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру
жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбсқ
енімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде қерінсді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары) кредит
және есеп айырысу операцияларының (ақциялардың, вексельдердің, факторингтің
және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық
жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.
Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруда басқа функциялармен
қатар, жоғарғы органдар — олардың қатысушыларының жалпы жиналысы
(өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда — ақционерлердің
жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган — басқарма өзінің
лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды
адамдардың құрамына мыналарды қосады: қаржы жөніндегі вице-президентті
(басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті
бөлімшесіне - қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның
бағынышындағы жеке қызметкерлер — Шаруашылық жүргізуші субъектісінің
қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.
Қаржы бөлімінің құрылымы (3.1 сызбаны қараңыз) әдетте болжамды-
талдамалық, есеп-қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарына
негізделеді.
Қаржы-өтім бөлімдері бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен есеп
айырысу жөніндегі, кассалық сияқты топтарға бөлінсді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды
міндеттері мыналар болып табылады:
табысты немесе пайданы өсірудің жолдарын іздсстіру жоме рентабелділікті
арттыру;
өндіріс, күрделі қаржылар, жаңа техниканы ендіру және басқа жоспарлы
шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғарғы ұйымдар алдындағы
қаржылық міндеттемелерді орындау;
есеп айырысуларды ұйымдастыру;
өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымды тиімді пайдалануға
жәрдемдесу;
қаржы ресурстарын дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қара-жаттарының
сақталымдылығы мен тездетілген айналымдылығын қамтамасыз ету және
басқалары.
Қаржыны оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей
банктері кәсіпорындар мен ұйымдарға есеп айырысу-кассалық қызмет керсетуді
жүзеге асырады, ақшаға деген уақытша қажеттіліктерді несиелендіреді.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын
басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ
басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы
службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы
көздерін, қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын
іздестіру, бағалы қағаздармен операциялар жасау және қаржы менеджментінің
басқа мәселелері нарықтық экономика жағдайындагы кәсіпорындардың қаржы
службаларының негізгі мәселелері болып отыр.
Мемлекеттің қаржысын басқару
Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және
оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы
ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды
және басқаны іскс асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде
көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы
органдары — Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі,
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентіне көп жағдайда Президент аппараты
арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілеттік берілген:
1) республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп
беру тәртібін айқындайды;
2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы
бекітеді, оның құрамын айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджет
енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;
4) мемлекеттегі жагдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының
негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы
жылға арналған Қазақстан Республикасының қаржы-кредит және бюджет
саясатының негізгі бағыттарын айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес
құрады және ол туралы қағиданы бекітеді; Ұлттық қорды қалыптастыру және
пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі
мен бағыттары жөнінде шешімдер қабыдцайды. Ұлттық қорды қалыптастыру және
пайдалану туралы есептсрді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында
тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы
жоспарын бекітеді және Қазақстан Рсспубликасының зандарына сәйкес өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін
жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы - Парламентке жүктелген.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық
бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, республикалық бюджетті,
сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді,
бекітеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды,
мемлекеттік қарыздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек
көрсетуі туралы мәселелерді шешсді.
Парламенттің құзырында қаржы проблемаларын шешу заңнамалық акгілерді -
Қазақстан Республикасының заңдары мен Парламент қаулыларын талқылауға және
кейін дауыс беруге енгізу жөніңдегі заңнамалық бастама құқында жүзеге
асырылады. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін зандар,
негізгі қағидаттар мен нормаларды белгілейді, олар: салық салуға, алымдар
мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге, республикалық бюджетке, білім
беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға, елдің қорғанысы
мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдар мен жергілікті
басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметіне, айналадағы ортаны
қорғауға, меншік режіміне және өзге де мүліктік құқықтарға қатысты.
Парламенттің жұмыс органдары тұрақты негізде жұмыс істейтін сенат пен
мәжілістің түрақты комитеттері — Экономика, қаржы, бюджет комитеттері
болып табылады. Комитеттерде заңнамалық актілер оларды Парламенттің
палаталарында дауысқа салуға . енгізгенге дейін анықталады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Министрлер Кабинеті Республика
Президенті белгілейтін тәртіппен Парламентке республикалық бюджетті және
оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Мұндай есепті Үкімет
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне де
табыс етеді, қарыз алуды жүзеге асырады, Ұлттық қорға активтерді есептеу,
Ұлттық қорды пайдалану тәртібін айқындалды, төменгі бюджеттерден жоғарғы
бюджетке бюджеттік алынымның және жоғарғы бюджеттен төменгі бюджеттерге
бюджеттік субвенцияларды аудару тәртібі мен кезенділігін айқындайды,
Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенттің актілеріне сәйкес
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Экономика мен әлеуметтік саланы басқару жүйесін түбірлі қайта құрудан
туындап отырган жаңа мәселелерді шешуге байланысты және Қазақстан
экономикасының дамудың нарықтық жолына өтуіне орай қаржыны басқару
саласыңда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі
жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына
сәйкес қайта құрылған Қаржы министрлігі және оның жер-жерлердегі
органдарының рөлі шұғыл артып отыр. Қаржы министрлігімен оған қосылған
Мемлекеттік кіріс министрлігінің бюджетті жоспарлау және мемлекеттің
кірісін жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілді Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылгы 3 қыркүйектегі №962 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Рсспуб-ликасының қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік
басшылықты, соңдай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік бюджеттің
атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік меншікті басқару, есепке алу
және пайдалануын бақылау, банкроттық рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді
таратудың соттан тыс рәсімінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп
жүйесін және қаржылық есептеме аудитін реттеу саласындагы салааралық
үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы
органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің
атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің түсуін және бюджетке түсетін озге дс түсімдерді, міндетті
зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын, шикізат секторы
ұйымдарынан бюджетке түсетін түеімдер бөлігінің Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;
республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік
есеп, есептеме және аудит жөнінде әдіснамалық басшылық жасау;
өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының
тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;
мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру;
мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
банкроттық рәсімін жүргізуге (банктерді және сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз
борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау және оған заңнамамен жүктелгсн өзге
де міндеттср.
Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай негізгі функцияларды
жүзеге асырады:
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын,
мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республиқасының
стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуының индикатиізтік жоспарларын, негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштерді әзірлеуге қатысу;
бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке
кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен
басымдықтарын нақтылауға қатысу;
өз құзыры шегінде мемлекеттің қаржысын және мемлекеттік басқару
саласындағы мемлекеттік саясаттың ... жалғасы







Ұқсас жұмыстар
Тақырыб Бет саны
Мемлекеттік қаржыны басқарудың жетілдіру жолдары29 бет
Қаржыны басқаруды ұйымдастыру жолы7 бет
Қаржыны басқаруды ұйымдастыру және оның құрамы61 бет
Қаржыны басқаруды ұйымдастыру туралы7 бет
Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі7 бет
Компанияның ақша қаражаттарын басқару59 бет
Компанияның ақша қаражаттарын басқару туралы54 бет
Кәсіпорынның қаржысын басқару75 бет
Менеджменттің ұғымы мен мәні7 бет
Мұнайгаз саласындағы басқару негізіндегі теориялық аспектілер80 бет


+ тегін презентациялар
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь