Банк қызметi саласындағы қылмыстарға криминологиялық сипаттама


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе . . . 3-6
Негiзгi бөлiм
1 Тарау. Банк қызметi саласындағы қылмыстарға қылмыстық құқықтық сипаттама
1. 1. Банк қызметi саласындағы қылмыстар экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрi ретiнде . . . 7-10
1. 2. Банк қызметi саласындағы жеке қылмыстар үшiн жауапкершiлiк
а) Заңсыз банктiк қызмет . . . 11-26
ә) Заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттарын немесе өзге мүлiктi заңдастыру
б) Несиенi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану
в) Несиелiк берешектi өтеуден әдейi жалтару
г) Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртiбiн бұзу
д) Жалған ақша карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату
е) Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату
2 Тарау. Банк қызметi саласындағы қылмыстарға криминологиялық сипаттама
2. 1. Банк қызметi саласындағы қылмыстардың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы . . . 27-32
2. 2. Банк қызметi саласындағы қылмыстардың себептерi мен шарттары . . . 33-37
2. 3. Банк қызметі саласындағы қылмыскердiң тұлғасы . . . 38-43
2. 4. Банк қызметi саласындағы қылмыстардың алдын алу шаралары . . . 44-59
Қорытынды . . . 50-51
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi . . . 52-53
КІРІСПЕ
Қазақ мемлекетi тарихы тұсында алғаш рет 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заңы қабылданып, оның кiрiспесiнде бiздiң елiмiздiң мемлекеттiк тәуелсiздiгi бүкiл әлемге салтнатты түрде жарияланды. Ендiгi жерде тоталитарлық режимге экономика, саясат пен идеологияның жалпы тәуелдiгiне ешуақытта қайта оралмауға серт етiлдi.
Бүкiл халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және азаматтардың негiзгi қағидалары мен өмiрлiк қызмет бағыттарын бекiттi. Оның алғашқы бабы, Қазақстан өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратыны; ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екенiн жария еттi.
Бiрнеше он жылдықтар бойы сақталған «социалистiк» қоғамдық қатынастан «нарықтық» қатынасқа көшу кезеңi, нақты тәуелсiздiктi жүзеге асыру мен жас мемлекеттiң егемендiкке жетуi оңай. «Қазақстан - 2030 даму, қауiпсiздiк және болашақ қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту» атты жолдауында бiздiң қоғамымыз бен мемлекетiмiздiң перспективтi дамуы жоспарланды. Жинақталған өмiрлiк тәжiрибиеден арылмас үшiн қоғамға қайта қарау және ғылыми баға беру қажеттiгi туындайды.
Басқа сапалық құқықтық және әлеуметтiк жүйеге өту кезеңi бойынша уақыт күрделi жұмыстар жүргiзудi қажет етедi.
Осыған орай қоғамымыздағы өзгерiстерге сәйкес мемлекеттiк таразаланған саясатымен қолдау табатын рухани атмосфераны қалыптастыру маңызды.
Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтардың қылмыстардан тұрақты өсу тенденциясы қоғамдағы табиғи - саяси климатқа терiс әсер етедi, адамдар ертеңгi күнге сенiмсiздiк тудырады.
Соңғы он жылдықта республикамыздағы қылмыстардың жалпы саны төмендегiдей көрiнедi.
1995 ж. - 183913, 1996 ж. - 183977, 1997 ж. - 162491, 1998 ж. - 142100, 1999 ж. - 139431, 2000 ж. - 150790, 2001 ж. - 152168, 2002 - 13513, 2003 ж., 2004 ж. -
Жоғарыда келтiрiлген нақты тiркелген көрсеткiштерден қылмыстылық санының соңғы жылдары екi есеге өсiп отырғандығын байқаймыз. Жалпы қылмыстылықтың қатарында экономикалық қылмыстар елеулi орын салады.
Кейбiр iзденушiлердiң пiкiрiнше, экономикалық қылмыстардың өсу себебiне мыналар жатады: әкiмшiлiк - бюрократиялық механизiмдердiң етек алуы, жемқорлықтың өсуi, қос моральдық, жоғары билеушi эшелондардың қылмысқа қатысуы, екi жақты заңдылық, яғни заң алдында шын мәнiсiнде азамат пен басшылардың теңдiгi, жұмыс нәтижесiне шын қызығушылықтың болмауы.
Экономикалық қылмыстарың ерекше «ядросы» банктiк қылмыстар болып табылады. Себебi қаржы саласы нарықтық экономиканың иiнi. Соңғы жылдары жалпы мемлекеттiк дәрежеде экономикалық әсiресе банк қызметi саласындағы жұмыстар мен күрес жалпы қылмыстылықпен күресудiң негiзгi бағыты болып табылады.
Банктiк қылмыстардың қауiптiлiгi ұлттық байлықтың шетелге кетуiмен тағыз байланысты. Үш жылдың өзiнде (1996 - 1998) несиенi заңсыз және мақсатсыз пайдаланудан банкке 20 есе шығын келген. 1996 жылы 3 млрд. теңгеден 1998 жылы 80 млрд. теңгеге дейiн несие қайтарылмаған. Бұл қаражаттың елеулi бөлiгi шетелге өткен.
Банктiк қызметтегi қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгiн тек экономикалық шығындармен ғана өлшеуге болмайды. Оның әлеуметтiк - псхологиялық және рухани зардаптары бар түрлi әлеуметтiк топ иелерi өз араларында негiзсiз бөлiнуiне және топ иелерi өз араларында негiзсiз бөлiнуiне және тәуелдiгiне алып келуде. Банктiк қызмет саласында түрлi қылмыстық (криминалды) бiрлестiктердiң арасында заңсыз баюға байланысты кектi соғыс болуды. Бұл әрекеттер адамдардың өмiрi, денсаулығы, бастандығына қарсы, отбасы мүшелелерi мен туыстарына қарсы қылмыстарға жалғасуда. 1993 - 1997 жылдарда банк үйымындағы жауапты қызметшiлер мен басшылардың өмiрiне қол сұққан 100 - ден аса қылмыстар құқық қорғау органдарымен тiркелген. Сондықтан да банк қылмыстардан қазiргi кезде жәбiр көретiндер өте көп деуге негiз бар.
Банк қызметiндегi қылмыстың қоғамдық қауiптiлiгiнiң келесi қыры - оның латентiлiгiнде. Қолдағы бар деректерге қарасақ, жалпы қозғалған қылмыстық iстердiң әрбiр оныншысы сотқа жетедi.
Зерттелiп отырған саладағы криминолады жағдайлар құқық қорғау және бақылаушы органдардың қызметкерлерiнiң дайындығының болмауы және жауапсыздығы, банктiк қылмыстарды ашу және алдын алу кезiнде оларды қызметтерi координациялаудың тиiмсiздiгi әсерiнен көбейдi.
Бүгiнгi таңда банк қызметiндегi қылмыстылықтың алдын алудың криминологиялық негiзiнiң болмауын айтпай кете алмаймыз. Қазақстан Республикасында банктiк қылмыстар тұтас зерттелiп болмаған.
Жалпы және арнайы әлеуметтiк, сондай - ақ қылмыстық құқықтық шараларды сәйкестендiру, қылмыскерге әсер ететiн шараларды анықтау арқылы банктiк қызмет саласындағы қылмыстардың алдын алуды тиiмдi ұйымдастыруға болады. Ол ел экономикасын қорғау және дамытудың, банк қызметiн дұрыс қамтамасыз етудiң басты алғышарттары болмақ.
Сондықтан да Қазақстан Республикасы ел Президентiнiң «Елдiң жағдайы мен iшкi жеке сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы» жолдауында былай делiндi:
«Мыналарды жасау қажет:
- шаруашылық субъектiлерiнiң банктiк несие алуына мүмкiндiк бередi;
- мемлекет қарыздарын кезектiлiкпен жоюдың кешендi шараларын жүргiзу экономикадағы қарыздарды қайтаратында мақсатты топтар құру;
- экономиканың өсуiне, мемлекет қатынасы түсетiн және азаматтарға тiкелей пайдалы болатын бағдарламаларға мемлекет қаражатын бөлу».
Бұл жағдайда зерттеу тақырыбының өзектiлiгi құрайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты банктiк қылмыстармен күресу шараларының жүйесiн анықтау және банктiк қылмыстар бойынша жауаптылық жөніндегі нормаларды тиiмдеу.
Аталған мақсатқа жетуде төмендегiдей мiндеттер туындайды:
- Тұтас банктiк қылмыстарды зерттеу;
- Банктiк қылмыстардың себептерiн анықтау;
- Банктiк қылмыстардың алдын алу шараларын тану;
- Банк қызметiндегi жекеленген қылмыстардың құрамын сипаттайтын негiзгi белгiлерге тоқтау;
Iздену жұмысын жүргiзуге материалистiк диалектика, әлеуметтену, қылмыстық құқық және криминология теориялары және олардың әдiстемелiк, концептуалды қағидалары негiз болады.
Жүмыс процесiнде жалпы - логикалық, заңды, статистикалық, әлеуметтiк және салыстырмалы құ қықтық зерттеу әдiстерi қолданылады.
Дипломдық жұмыстың нормативтiк базасын Қазақстан Республикасы Коституциясы, «Қазақстан Республикасы ұлттық банкi» туралы, «Банк және банк қызметтерi» туралы заңдар, басқа да банк қатынасын реттейтiн нрмативтiк актiлер, нормаларды бұзғаны үшiн жауаптылық көзделген қаржы, азаматтық (банктiк) әкiмшiлiк және қылмыстық заңнамалар құрайды.
Жүмыс нәтижелерiн банктiк қылмыстармен күрес шараларын әрi қарай жетiлдiруге, банктiң практикалық қызметiнде, құқыққорғау органдарының банктiк қылмыстармен күресу қызметiн ұйымдастыру барысында қолдануға болады.
Зерттеу жұмысы кiрiспе, екi тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттiр тiзiмiнен тұрады.
1 Тарау. Банк қызметi саласындағы қылмыстарға қылмыстық құқықтық сипаттама
1. 1 Банк қызметi саласындағы қылмыстар экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрi ретiнде
Құқықта экономикалық қылмыстар деген ұғым кездеседi. Экономикалық қылмыс жаңа ұғым емес, бұрынан бар, халықаралық ұғым (economik erime, delinguance d’affairess) . Ұлт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн халықаралық деңгейде экономика саласында мемлекеттiң белсендi ынтымақтастығына, атап айтқанда экономикалық прогреске жәрдемдесу керек. Сайып келгенде, бұл өндiрiстi, технологияларды дамытуды, халықтық сауда көлемiн ұлғайтуды, халықаралық жобаларды әзiрлеп, оларды жүзеге асыруды, бiрлескен экономикалық және қаржылық институттар құру, сондай - ақ экономика саласындағы құқықбұзушылқтардың, экономикалық қылмыстарды алдын алуды қажет етедi.
Экономикалық қылмыс ұғымы туралы ғылымда бiрнеше пiкiрлер бар. Бу Свенсон экономикалық қылмысты ұзаққа созылатын, жүйелi, пайдакүнемдiк ниетпен жасалынатын, шаруашылық қызмет саласында жиi кездесетiн, жазаланатын әрекет деп есептейдi. Алайда, қылмыстың созылмалығы қасиетi барлық экономикалық қылмыстарға тән емес.
Ал, Тiлечиева Г. Д. экономикалық қылмыстарға төмендегi белгiлердi жатқызады:
- олардың экономикалық - шаруашылық механизмдермен байланыстылығы;
- қылмыспен қолсұғылатын экономикалық қатынас жүйесiндегi тұлғалар ғана қылмыстың субъетiлерi бола алады.
Аталған белгiлер шынында да экономикалық қылмыстарды толық сипаттай алады. Тек экономикалық қылмыстардың бәрi бірдей жүйелi түрде жасалына бермейдi, сондай - ақ қылмыскердiң тек сол экономикалық жүйедегi тұлғаның бiрi болуы шарт емес.
Экономикалық қылмыстар заңды шаруашылық жүргiзу қызметiн бұзады. Қылмыскер өзiне материалдық игiлiктердi алу үшiн шаруашылық механизiмдердi саналы түрде пайдаланады. Мұнда шаруашылық механизiмнiң звенолары бiр - бiрiмен тығыз байланыста. Қылмыспен бiр звеноның зақымдануы қалған шаруашылық механизiмдерiне эрозия алып келедi. Экономикалық қылмыстардың кейбiр пайдакүнемдiкпен, басқа ниетпен де жасалынады.
Д. Д. Дженаро мен Э. Бетерс: «Экономикалық қылмыстар - байлық жинаудың әдiл процесi, ол заңмен қорғалатын рыногтық ойын ережесiн бұзады», - дейдi.
- материалдық игiлiктердi тарату үшiн (пайдакүнемдiк) жасалуы;
- жәбiрленушiлердiң ұжымдылығы және белгiсiз болуы;
- ұзақ, жүйелi;
- мемлекеттiң, кәсiпкердiң және жеке азаматтардың мүддлерiне шығындардың келуi.
Автор өз еңбегiнде экономикалық қылмыстар мәселесiн көтередi, шығын келген тұлғаларды анықтауға тырысады. Материалдық игiлiкке шығын келсе, әдетте қылмыстық әрекет тұлғаны меншiк құқығына да нұқсан келтiредi, деп есептейдi. Экономикалық қылмыстарда қылмыстық әрекетпен экономикалық қызметке қарсы бағытталған қолсұғушылық меншiк құқығынан қауiптiрек болады да, қылмыстың объектiсi ретiнде танылады. Экономикалық қылмыстар мамандырылған қызметтiң болуы мiндеттi емес.
Жаңа қылмыстық кодекстiң қабылдануымен экономикалық қызметтегi қылмыстық құқықпен қорғалынатын мүдделер, сәйкесiнше олардан туындайтын қатынастардың қатары да (ҚР ҚК 189- 227 баптар) толықтырылды. Мемлекеттiң тиiстi дәрежеде ақша - несие жүйесiне, құнға, банктерге өз бақылауының төмендеуiне ақшамен есептесу, несие жүйесiнде түрлi криминалды нысандағы қылмыстар күшейдi.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар - материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетiлетiн қызметтi өндiруге, бөлуге, айырбастауға және тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабы тигiзетiн қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауiптi iс - әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшiн жауапкершiлiктi қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркiнде бiр қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған қылмсытық кодексте қарастырылып отырған тараудың маңыздылығы осында.
Экономикалық қызмет саласындағы кәсiпорындарда сол қызмет процесiнде қалыптасқан бiрыңғай тектiк қоғамдық қатынас болады.
Осы тарауға жататын бiрқатар қылмыстардың мiндеттi түрдегi нышаны - ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгi (ҚК - тiң 199 бабы), коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтер (200 - бап), бағалы қағаздар (202, 205 - бап), жалған ақша (206 - бап), төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырбастау құжаттары (207 - бап), акциздiк алым маркалары (208-бап) .
Қарастырылатын қылмыстың көбiсiнiң объективтiк жағы қылмыстың жасалуымен сипатталады. Кейбiреулерi әрекетсiздiк.
1) кәсiпкерлiк саладағы және экономикалық қызметтiң басқа да саласындағы қылмыстар: заңды кәсiпкерлiк қызметке кедергi жасау (ҚК - тiң 189 бабы), заңсыз кәсiпкерлiк (190 - бап), заңсыз банктiк қызмет (191 - бап), жалған кәсiпкерлiк (192 - бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi заңдастыру (193 - бап), монополистiк iс - әрекеттер және бәсекенi шектеу (196 - бап), көрнеу жалған жарнама беру (198 - бап), тауарлық белгiнi заңсыз пайдалану (199 - бап), коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi заңсыз алу мен жария ету (200 - бап), кәсiптiк спорт жарыстарының және ойын - сауық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (201 - бап), банкроттық жағдайдағы заңсыз iс - әрекеттер (215 - бап), әдейi банкроттық (217 - бап), бухгалтерлiк есеп ережелерiн бұзу (218 - бап), табиғат пайдалану жөнiндегi заңсыз мәлiметтердi тiркеу (225 - бап), мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету (ҚК - тiң 226 - бабы) ;
2) ақша - несие саласынағы қылмыстар: несиенi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚК - тiң 194 - бабы), несиелiк ерешектi өтеуден әдейi жалтару (195 - бап), бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртiбiн бұзу (202 - бап), бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiмiне көрнеу жалған мәлiметтер енгiзу (203 - бап), бағалы қағаздар мен жүргiзiлетiн опрециялар туралы көрнеу жалған мәлiметтер беру (204 - бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн бұзу (205 - бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырбасу құжаттарын жасау немесе сату (ҚК - тiң 207 - бабы) ;
3) қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар: акциздiк алым маркаларын қолдан жасау және пайдалану (208 - бап), экономикалық контробанда (209 - бап), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213 - бап), кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару (214 - бап) : банк операциялары туралы көрнеу жалған мәлiметтер беру (219 - бап), банктiк ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220 - бап), азаматтық салық төлеуден жалтаруы (221 - бап), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚК - тiң 222 - бабы) ;
4) сауда және халыққа қызмет көрсету саласындағы қылмыстар: көпшiлiк сауда - саттықтар мен аукциондарды өткiзушiлердiң белгiленген тәртiбiн әдейi бұзу (197 - бабы), тұтынушыларды алдау (223 - бап), заңсыз сыйақы алу (ҚК - тiң 224 - бабы) .
5) экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар: компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭВМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚК - тiң 227 - бабы) .
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жекеленген түрi банктiк қылмыстар деп аталынады. Банктiк қылмыстарға банк саласында жасалынатын қылмыстар болып табылады. Қайыржанова С. Е. диссертациялық жұмысында банк саласындағы қылмыстарды екi топқа бөлiнедi, оның бiрi тiкелей меншiкке қол сұқса, екiншi тобы банк қызметi саласында жасалынатын қылмыстар.
Банк қызметi саласындағы қылмыстылыққа заңсыз банктiк қызмет (ҚР ҚК 191 - бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi заңдастыру (193 - бап), несиелiк берешектi өтеуден әдейi жалтару (195 - бап) . Бағалы қағаздарды шығару (эсиссия) тәртiбiн бұзу (202 - бап) жалған ақша несие бағалы қағаздар жасау немесе сату (206 - бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (207 - бап), несиенi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (194 - бап) жатады.
1. 2 Банк қызметi саласындағы жеке қылмыстар үшiн жауапкершiлiк
Заңсыз банк қызметi
ҚР ҚК 191 - бапта келтiрiлген қылмыстық - құқықтық норма заңсыз кәсiпкерлiк (190 - бап) үшiн жауапкершiлiк жөнiндегi жалпы нормамен салыстырғанда арнаулы норма болып табылады.
Заңсыз банктiк қызметтiң (191 - бап) құрамы заңсыз кәсiпкерлiк (190 - бап) жалпы құрамынан, тек сол заңсыз кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын сала бойынша ғана өзгеше.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың банктiк қызметi мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуден өтуi тиiс.
Банктiк қызмет мына актiлермен реттеледi: ҚР Президентiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы «ҚР - дағы ұлттық Банкi туралы», «ҚР - дағы банктер мен банктiк қызмет туралы» заң үшi бар Жарлықтары; 1996 жылғы 27 қыркүектегi «ҚР Президентiнiң «Жеке тұлғалар үшiн шетел валютасына және теңгемен анонимдiк есептер енгiзу туралы» заң күшi бар Жарлығын күшiн жоғалтты деп тану және анонимдiк себептер бойынша ҚР - ның кейбiр заң актiлерiне өзгертулер енгiзу туралы». 1996 жылғы 7 желтоқсандағы «ҚР - ның кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы», 1997 жылғы 6 наурыздағы «ҚР Президентiнiң «ҚР - дағы банктер мен банктiк қызмет туралы» заң күшi бар Жарлығына қосымша енгiзу туралы, 1997 жылғы 11 шiлдедегi «ҚР - ның банк қызметi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы».
Банктiк қызметтiң (банктiк операциялардың) кейбiр түрлерiн лицензиялау тұтынушы мүддесiн қорағауды қамтамасыз ету, халыққа қызмет ету сапасын жақсарту, тағы сол сияқты, мақсаттарда жасалынады.
Егер, мына нашандардың бiреуi болса:
- тiркелмеген;
- арнаулы рұқсат (лицензия) құжат болып, бiрақ ол алынбаған;
- лицензиялау шарты бұзылған болса банктiк қызмет заңсыз деп таңылады;
Бұл қылмыстың құрамы болуы үшiн заңсыз банктiк қызмет азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке iрi зиян келтiруге, не iрi мөлшердегi табыспен ұштасуы тиiс.
Қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асатын сомға азаматқа не бес жүз есе асатын сомға ұйымға не мемелекетке зиян келсе, ол зиян iрi мөлшердегi деп танылады. (189 - бабында ескету) . Айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе көп мөлшердегi табыс iрi табыс деп саналады (ҚК - тiң 190 - бап) .
Субъективтiк жағынан қасақана жасалынды. Айыпты адам өзiнiң банктiк қызметтi тiркеусiз немесе арнайы рұқсат (лицензия) керес бола тұра онсыз жасап отрыған немесе лицензиялау шартын бұзғандығын, өзiнiң iс - әрекетi нәтижесiнде азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке iрi зиян келуi мүмкiн екендiгiн не қалайда келетiндiгiн немесе өз iс - әрекетiнiң iрi мөлшердегi табыспен ұштасатынын бiледi, сол қылмыстық салдардың болуын қалайды.
Бұл қарастырылып отрыған қылмыстың субъектiсi - жасы 16 - ға толған, есi дұрыс адам.
Заңсыз банктiк қызмет қылмыстың сараланған түрi деп саналады, егер оны ұйымдасқан топ жасаса немесе ол ерекше iрi мөлшердегi табыспен ұштасса не оны заңсыз банктiк қызметi немесе заңсыз кәсiпкерлiгi үшiн бұрын сотталған адам жасаса.
Ұйымдасқан топ - қылмыс жасау үшiн жақсы ұйымдасқан, қылмыстың күрделi түрлерiн бiрлесiп орындай алатын топ. Ол тұрақты болады, бiр немесе бiрнеше қылмыс жасауды мақсат тұрады.
Айлық есептiк көрсеткiштен екi мың есе асатын табыс ерекше iрi мөлшердегi табыс деп саналады (ҚК - тiң 190 - бабына ескерту) .
Егер адам бұрын ҚК - тiң 190 немесе 191 - бабымен сотталып және оның сол қылмыс үшiн соттылығы жайылмаған не алынбаған болса, ондай адам заңсыз кәсiпкерлiгi үшiн бұрын сотталған деп танылады.
Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi заңдастыру
Заңсыз жолмен тапқан ақшаны заңдастыру, яғни «лас ақшаны тазарту» - тауарлар мен қызмет көрсету саласындағы экономикалық қылмыстардың бiр түрi.
«Ақшаны тазартқанда» қылмыскер өз әрекетiне заңдылық кейiп беру үшн барлық негiзгi әлеуметтiк - экономикалық институттарды және мүмкiндiк тудыратын жағдайларды өте бiлгiлiкпен пайдалану. Заңы бизнестi ол, көбiнесе, өзiнiң iрi ауқымды заңсыз мәлiметтерiн бүркемелеу, заңсыз жолмен тапқан iрi мөлшердегi ақшаны шетелге аудару үшiн пайдаланады. Экономикалық тұрғыдан алғанда, «ақшаны тазарту» дегенiмiз - жасырын қорлар мен капиталды ашық экономикаға енгiзу.
Ұйымдасқан қылмыстың мақсаты - алынған табысты негiзгi бөлiгiн сыбайластық байланыс арқылы заңдастыру.
Сарапшылардың болжамы бойынша халықаралық қылмыстық ұйымның ақшасы - әр түрлi жылжымайтын мүлiктерге айналған, формалар мен кәсiпорындарға салынған, сондай - ақ 300 млрд долларға жуығы банктiк есепте. Сонымен қатар оның жылдық табысы 120 млрд доллар шамасында.
Қылмыстық жолмен табылған «ақшаны тазарту» оның кiмге тиесiлi екенiң жасыруды және басқа жаққа ауыстырылуын қажет еспейдi.
Ұйымдасқан қылмыстың табысы болуы оның «ақшаны тазарту» қабiлетiне негiзделген. «Ақша тазартуды» бетiмен жiберу - қаржы ұйымдардың әлеуметтiк, экномикалық және саяси құрылымдардың ақсатады.
Заңсыз қаржыландырылатын кәсiпорындар бәсекенi тұншықтырады.
Қоғамға түсетiн салық салмағы артады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz