Қазақ философиясы туралы


Қазақ философиясының, ерекшеліктері
Идеялардың мыңдаған жылдық құпиясын өз бойына жинақтаған философия тарихы бүгінгі таңда орасан зор мәнге ие болды. Өз ұлтының түп-тамырына, салт-санасына және ерекшелігіне назар сала бастаған жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін мұның маңызы ерекше зор. Жаңа мемлекетінің тарихи-қоғамдық аренасындағы орталық ұғымы «төлтумалылық», өзіңдік болмыстылық. Бұл енді өзінің барлық мүшелерінің өмірлік доминант-тарының жалпылығы және өзіне тән ерекшелігіне негізделген қоғамның дербестігін, сапалық айкыңдылығын білдіруге жұмсалады. Бұл жерде қоғамдық әр қырлары, қоғамдық сананың онтологиялық және гносеологиялық аспектілері, тіршіліктің қалыптасқан элементтері мен дамудың ішкі бастаулары ажырамас бір салаға бірігеді. Әр түрлі философтар мен мәдениеттанушылар өзіндік болмыстың орны жайында ой түйе келіп, ол - тарихтың қозғаушы күштерінің бірі, мәдениеттің өміршеңдік өзегі, ғылымның мәдени өзегі, қоғам дамуынын, үдемелі қағидасы (динамикалық принципі) деген ұғым қалыптастырған.
Өзіндік болмыс ұғымына жақын тұрған ерекшелік ұғымы көбінесе салт пен дәстүрде, рухани мұра мен адамдардың мінез-құлықтарында басым қолданылады. Бұл ұғым қоғамның сапалык ерекшелігін көрсетуде белсенді түрде көрінеді. Бұның өзі жалпы адамзат айғағының экономикалық шындыққа қатысындағы айрықша рухани бағалы орнын айқындауға да септігін тигізеді. Шығыс қоғамдарының ерекшелігі тұрақты рухани мұраны әлеуметтік байлықпен тығыз бірлікте қарастырады. Осынан біз индустриялық қоғамға қарсы бағытталған әлеуметтік қатынастардың түбегейлі өзгешелігін көреміз. Сондықтан да, рухани байлық бастауы «ерекшелік» ұғымының жүгін арқалап, шығыстың ойлау ерекшелігін айқындап тұр. Әйтсе де, бұдан бұлтартпас сұрақ туындаңды. Экономикалық қатынастардың басты екені жайында батыста қалыптасқан жағдай шығыс елдеріндегі дамудың әмбебап бағыты болып табыла ма?
Азаттық өндіріс әдісі жайында және басқа да пікірталастар нәтижесінде шығыстық өркениеттің дербестік табиғатын, дамудың өзіндік бастауларына иелігін, осы себептер оның ерекшелігі мен өзгешелігін белгілегенін түсінеміз. Бұл Шығыс ғалымдарында жалпы батыстық бағыттардан өзгеше «эндогендік даму» бағытын іздеу ұмтылыстарын туындатты. Бұған қоғам дамуын зерттеуде бұрынғы формациялық, яғни алғашқы қауымдық және құлдық қоғамнан феодализм арқылы капитализмге, социализмге өтеді деген жорамалдар мүлдем басқа, жаңа өркениетті қоғам дамуын зерттеу факторы да итермеледі.
Еуропалық әмбебаптылықтан бас тарту елеулі салдарға әкелді, ол қоғамның арғы-бергі түп тамырын зерттеуге, өткен мен бүгіннің бірлігін бағалауға, әрі уақыт пен кеңістік мәдениеттерінің арақатынасына негізделген. Шығыс әмбебаптылығының жаңа концепциялары белсенді сөз бола бастады. Мұның маңызды қорытындысы әр кез шығыс халықтарының мәдениеттері арасынан тарихи және мазмұндық параллельдер (сәйкестік) тауып, Отан, патриотизм, эндогендік идеяларына негізделген ортақ бір мәдениет бар деушілерді біріктіру.
Өркениетті негіздерге жүгіну өркениеттілік ұғымына тереңірек үңілуді туғызады. Бүгінде оны жеке адамдар мен топтардың (материалдық) заттық және рухани аспектілерінің жалпы байланыстарына негізделген, уақыт пен кеңістікте бұлжымас орнықтылығы бар әлеуметтік өмірдің үлкен көлемді калыптағы ұйымдастырушысы деген түсінік көпшіліктін мойындауына ие болды. Қоғамдық арақатынастардың рухани қалыптары ерекше мәнге ие болады. Мұның өзі жалпылық мәнге ие және кажетті жүйелік компоненттерде іске асады. Бұл өркениеттің әлеуметтік күштері арқылы оның тұтастығы құралады. Бұл өз көрінісін рухани байлықтардың идеялардың, дәстүрдің нормалар мен символдар бірлігінен табады. Тек өркениеттілік қоғам дамуындағы үйлесімділікті, оның болашақ пен байланысын қамтамасыз етеді, қоғамды өзінің ырғағына бағыттырады. Бұл өз көрінісін әр қилы қалыптасу кезендерінен, өркендеуден, тоқыраудан табады.
Осы негізде нағыз ұлттық қоғамдасу тек капитализмнің келуімен әлеуметтік-мәдени жүйе болып қалыптасады деген формациялық көзқарастың жалғандығына көз жеткіземіз
Көп жылдық айтыстар көрсеткендей, «азиялық өндіріс әдісі» батыстық экономикалық өлшеулерге бағынбайды. Сондықтан да Шығыстағы өркениет мүлдем батыстық емес қауымдасу әдісіне негізделген. Бұл бірінші кезекте адамдар арасындағы қатынастың базистілігіне қатысты, атап айтқанда, ол мәдени байлықтар молдығынан, рухани реттеу тұрақтылығынан көрінеді. Егер жекелеген қоғамдарды алып қарасақ, ол жеке адамдар арасындағы қатынастар фундаментализмінен сипатталады, экономикалық қатынастардан айқын байқалатындығы мен ерекшеленеді. Бұл қоғамда жалпыға ортақ рухани байлықтар болады, ол қоғам мүшелерінің барлығы үшін бұлжымас. Бұл қоғам ерекше күшті рухани арақатынастармен. Осы арада қатынастар табиғи бола отырып, өзіндік арақатынас құпияларын, тіл және әдіс коммуникациясын, сондай-ақ, (таңба), трансляциясы (жарыққа шығару) қал-пын құрайды. Өркениетті тұрғыдан келу қоғамның сапалы өзгешеліктерін бағалауға, оның рухани өнімі ерекшелігіне, ондағы экономика мен саясатқа қарағанда, мәдениеттің үлкен орын алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Көзге көрінбес рухани байлықтар астаса, нығая келіп, Шығыс өркениетінің бүкіл жиьнтығын, оның батыстық иидустриалдық қоғамнан түбегейлі ерекшелігін анықтайды.
Қазір өркениеттіліктің ортақ теориясы жоқ. Дегенмен, Шығыс қоғамдарын жүйе ретінде зерттсу үшін өркениеттілік мәні мен оның орнын сипаттауға мүмкіндік беретім жалпы көпшілік кабылдаған ұғымдар бар. Өркениет бұл жағдайда аталмыш қоғамның бүкіл шекарасы (сферасы) мен он бойын көктеп өтетін, мәдени қалыптардың барлығына қорек беріп, қоғамның рухани негізін құрап, бүтіндікті бекітетін белгілі бір механизм субстанция ретінде түсіндіріледі. Халықтың әр түрлі қауымы, оның ішінде қалалықтар немесе ауыл тұрғындары орталықта тұрса да, шеткері аймақты мекендесе де, белгілі бір мөлшерде сол коғамға тән идеалдар мен байлықтарға кездесіп отырады. Бұлар сол қоғамда бола тұрып әр уақытта болатын бүтінділік механизмімен бекітілсді.
Бұл өркениеттегі ең бастысы - рухани өндірістің қолма-қол жүйесі, ол заттық, (материалдық) өндіріс факторына қарағанда әлдеқайда мығым, орнықты. Бұл қоғамның өзіндік тұрмыс ерекшелігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ондағы рухани эволюцияның ішкі бастауларын бөліп алып, ерекшеліктерін және қозғаушы күштерін табуға жол ашады. Яғни мәдениет проекциясына бой ұру оның базасында және соның өзіне тән
құралдары көмегімен тұрақты, өтпелі емес әлеуметтік мәдени-ет қүрылымын, оның қайталанбас бояулары мен иірімдерін сақтай отырып, қалпын сол күйінде сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Барлық дамушы тұтастықтар модификацияларына қатысатын ортақ бастау іздеу мейлінше ертеден келе жатқан және тарихи есте сақталып қалған, адамдар арасьндағы өзара қатынастарды нығайту тәртібі болып шығады.
Бұл жеке адамдар арасындағы қатынас тәртібі қоғамның «differentia specifica» бола тұрып, ұзақ уақыт аралығында күрделі эволюцияға ұшырайды. Бірақ, өзінің о бастағы мәнін, «айқындаушы ұйтқысын» сақтап қалады, сондықтан барлық рухани өндіріске және қоғамдық қатынастарға ғасырлар бойы ұйымдастырушы басшылық ықпалын тигізеді. Батыстағы ақша-тауарлық қатынас орнын бұл жерде жеке адамдар арасындағы қатынас басады, ол сананың негізгі заңдылығы ретінде бой көрсетеді. Дәстүрлі Шығыс қоғамдарындағы рулық, туыстық байланыстардың мәні осымен түсіндіріледі. Бұл осы уақытқа дейін сақталған әр түрлі идеологиялық бұрмалауларға соқтырып отырады.
Өркениеттің рухани аспектісінің көлемді болғаны соншама, оның Шығыс қоғамындағы орны Батысқа қарағанда мүлдем өзгеше. Ал бұның өзі қоғамның экономикалық, саяси бейнелерілің (ракуретерінің) тарихи есінде сақталуымен ерекшеленеді. Ол әрқашан тарихи тәжірибені шыңдауға мүмкіндік береді, коғам жүгінерлік прецеденттер қалыптастырады, мәдени мұраның жүрек соғысы болып табылады.
Осы негізде Шығыс өркениет батыстың өмір сүру үлгісіне конфронтациялық қатынасын қалыптастырады. Шығыс қоғамдарының дербестік және тәуелсіздік шегін белгідейді. Ол таза рухани аспектіге ұласады және шығыс мәдениетінің өзіндік тұрмыстық, автономдық принциптср негізінде халыкаралық қүкықтық жүйеленуіне белсенді әсер етіп, халықаралық және ұлттық қауымдастықтардың әрекет ережесі болып қалыптасады.
Қазір өркениетті даму концепциясына үлкен үміт артылып отыр. Бұл дүниетанымдық теориялардың еуроцентристік түрінің жалпы әлемдік әмбебаптылықка ие болмағандығына байланысты келіп тірелген тұйық. Даму түрінің көпқабаттылығы идеясы, эволюция жолдарының плюрализмі, яғни өркениет Шығыста да Батыстағыдай әр қилы жолдармен жүреді делінеді. Бұл алшақтық стереотиптерден алыстау қоғам дамуының әр түрлі қарқынынан хабар береді. Яғни, бұл мәдениеті мен философиясында өз көрінісін тапқан, дербес қайталанбас өз тарихы бар Шығыс қоғамын көрсегеді.
Бұрынғы әлемдік философия тарихының қазіргі мәселе қою жағдайьнан өзгешелігі сол, онда еуроцентризм үстемдік алды. Ол Батыстағы шешімді асырып жіберіп, Шығыс философиясын теріс бағалады. Бұған сенсек, Шығыста барлық уақытта бір түрлі философия өмір сүрген. Оның негізгі белгілері - пессимизм, иррационализм, идеализм. Отаршылдықтың көптеген ғасырлары Шығыс ойларының пессимистілігі, инерттілігі делінетін мен-сінбсй қараушылықпен белгілі. Бұл Гегель концепциясында тіркелген, онда Батыс философиясы Шығыс философиясынан әлдеқайда жоғары бағаланған. Бір жағынан, Шығыс тұрғындары отаршылдыққа қарсы күрес барысында «мәдени империа-лизммен» әр түрлі күрес тәсілдерін тапты. Бүл Шығыс ұлтшылдығының әр түрлі қалыптарында жалпыланды.
Шығыс философиясына үңіле зер салсақ, оның ешқашан жалпы болмағандығын, ең аз дегенде, үш дербес бағытта, үнді, қытай, араб мұсылман болып дамығандығын көреміз (Степа-нянц М. Т. Своеобразие типов восточного философствования // Вопросы философии. 1987, №6. 158-бст) .
Сондай-ақ, рационализмнің, материализмнің, активизмнің, экстраверттіліктің, тағы да басқа бағыттардың әр түрлі қалыптары Шығыста өмір сүргендігі белгілі. Бұл әдіс Шығысқа тән, өйткені даналық бұл жерде орта ғасырларда туындап, оның кәсіби философия рстіндс қалыптасқан университеттік түрі болмады. Сондай-ақ, рациоцалдық бағыттағы даналықтың басқа да түрлсрі кездеспсйді. Философия мәдениеттің дүниетанымдық негіздерін толғағанда жаңа мәндерді дүниеге әкелетіні белгілі. Бұл әмбебапшылықты бейсаналықтан суыртпақтайды, оларды ой елегінен өткізіп, «философем» қабатын, яғни философиялық ұғымдар мен категорияларды түзеді. Бірақ, Шығыста философиялық емес қабаттар басымдығына байланысты бұл ұғымдар (мәтіндер) көркем және діни мәндегі әдебиеттердің дәстүрлі түрлерінде малтығып қалады. Бұл философиялық дүниенің зерттелуін әлеуметтік-мәдени (контексте) мәнде құруға мәжбүр етеді. Дүниетанымдық бағыттағы мұралардан «философемді» жіктеп алуға көбірек күш жұмсауды қажет етеді.
Қазақ қоғамы үшін философиялық емес қалыптағы даналық тән. Ол адам тіршілігін қалыптастыратын дүниетанымдық әмбебаптылық дәрежесінде қолданылады. . Сондықтан да шығыс «философемі» дәстүрлі көркем және діни әдебисттерде малтығып, философия тарихшыларын философияялық жүйені әлеуметтік аспсктіде зерттеуге, дүниетанымдық, бағыттағы мәтіндерді тануға итермелейді.
Қазақ философиясының қалыптасуы
Мемлекет негізі әлсіз болған сайын табиғи ортаның этникалық қауымдастыққа ықпал ететіні белгілі. Ал қазақгың ата тектерінде және қазақтарда-да мемлекеттіліктің тарихи жағынан әлсіз болғаны белгілі. Табиғат әрқашан Қазақстан тұрғьндары үшін абсолюттік және мәңгілік дүние бастауы, бірден-бір ақиқат болды. Ол ездігінен жаратылған, тіршілік етудің имманенттік себептері мен факторларының, белсенділік пен эволюцияның негіздері болды. Адамдарға алғашында табиғат заңдарына мойынсұнып қалтқысыз бағыну ғана қалды. Оның себептерін түсініп және соған өз болмысын құрып, табиғат катаклизмаларынан қашқақтап отырды. Табиғат бұл жерде адамдарға тұрмыстың формалары мен өдістерін, көшпенділікті не-месе егіншілікті таңдауларын белгілеп беретін ғалам ретінде көрінеді.
Көне заманда адамдарды күн сайьн рудың немесе тайпаның дүниетанымдық ұстанымына адалдығын дәлелдеп отыруға мәжбүр етті, өйткені тіршілік етудің ауыр және қатал жағдайлары руластардың әлеуметтік бағдар мен салттардан бұлтаруына жол бермеді, әйтпесе оларға рудан аласталу - көп жағдайда мұның арты өлімге апарып соқтыратын еді. Дүниені сезіну айқындала түсті, дүниені түсіну айқын әрекеттерге итермеледі, дүниетаным нақты жағдайдан туатын, шын айқындық болды. Табиғат дүниенің аяқталған қалыпты жағдайы, ал адам табиғаттың бір бөлшегі ғана болды.
Алайда, адамзат баласының даму эволюциясы нәтижесінде еңбектің практикалық және жаңғартушылық кызметі бірте-бірте түсінікті бола түсті, сөйтіп табиғи ортаны адам қажетіне бейімдеп, қайта жаңғырту жүзеге асырылды. Егіншілік пайда болады, жинаушылық бау-бақша өсіруге айналады. Үй малдарына шөп шабу жүзеге асады. Табиғи ортаны бейімдеуден адамдар оны өңдеуге ауысады. Оның енді бір формасы аңдарды қолға үйрету болды. Жабайы жылқьны қолға үйрету жабайы мал өсіру мен көшпенділікке жол ашты. Бұл сол заманда прогресгік қүбылыс болды.
Табиғи ортаны өзгертудің пайда болуы философиялық көзқараста адамның айқын мақсатты қызметін, мақсат қою факторын өмірге келтірді. Мұның өзі адамның табиғаттан бөлініп, дербес (сущность) тіршілік иесі болып қалыптасуының алғышарты еді. Адамның мақсаткерлік қызметі объективтік үрдістің шешуші формасы болып табылады. Біртұтас, бірақ қарама-қайшылықты үдерісте ол табиғи заңдылық және адамдардың мақсаткерлік қызметі ретінде көрініс тапты. Тұтас дүиие қалпы енді үнемі адамдардың мақсатты қызметімен, оның «табиғи бөлшегі» емес, оның әміршісі, өзгертушісі болуға ұмтылған әрекеті нәтижесінде бұзыла бастады. Әзірге мүнда ешқандай оғаштық жоқ еді, бірақ көп ғасырлардан кейін бұл әрекет экологиялық және антропологиялық дағдарысқа әкеп соқтырды.
Табиғат әлемі адамдардың мақсаткерлік қызметі барысында адам әлеміне айналады. Енді қажеттіліктің «темірдей ерік-жігерін» талап ететіп табиғи заңдылықтар емес, адамдардың ерікті қызметі шешуші рөл атқарды. Олар сыртқы жағдайлар детерминациясы сияқты емес, бостандық заңы бойынша әрекет етті.
Мүліктік теңсіздікке негізделген қоғамдық құрылыстьң ұйымдасуы материалдық өндіріс үдерісінде танымдық баға беру жағдайлары енгенін көрсетеді. Осының өзі жалпы алғанда кейіннен тіршілік етудің дүниетанымдық бағдарына жеткізеді. Қоғамдық санада солардың өзі-ақ әлеуметтік мінез-құлық нормалары, салты, дағдысы ретінде қалыптасты да, адамдар қауьшдастығының, сондай-ақ, қазақтың арғы тегінің де өмір сүруін реттеп отырды.
Бұл жердегі көзделген мақсат жартылай көшпенді мал өсірудің өндірістік қатыпастары қазақтың ата тегінің дүниетанымдык. бағдары қалыптасуына қалай әсер еткенін сөз ету немесе адамдардыц өндірістік қызметі «нақты түрмыс жағдайымен» қалай байланысты болғанын білу. Ал кезкелген қоғамда тұтьну үшін ұдайы өнім өндірілуге тиіс, бұл әрбір қоғамдық кұрылыс үшін де, сондай-ақ, қазақтың арғы тегі өмір сүрген қоғам үшін де бұлжымас заң болып табылады. Қандай да болмасын өндіріс үдерісіндегі қоғамдық форма барлық жағдайда үздіксіз болу керек, яғни барлығы да мезгіл-мезгіл қайталанып, сол кезеңде өтуге тиіс. Қоғам тұтынуды тоқтата алмайтыны сияқты, өндірісті де тоқтата алмайды. Сондықтан да өндірістің кезкелген қоғамдык үдерісі өз жаңғыруьның тұрақты байланысында және үздіксіз тасқынында бола отырып, сонымен бірге ол ұдайы өндіріс үдерісі дс болып табылады. Көтеген ғасырлық шежіресі бар, ал Қазақстанда осы күнге дейін өмір сүріп отырған жартылай көшпенді мал өсіру кәсібі бұл халыктың аса терең тіршілік тамырларына нәр береді. Мұның озі болмыс принциптері мен адам баласы жасаған игіліктерге келіп қосылады. Оның үстіне бұл игіліктср ежелден келе жатқанғы сонша, олар адамға нәресте күнінен қанына сіңген, сондықтан да көбінесе санасыз әрекеттерге барғанымен, оның түпкі мәнін түсіне алады. Бұл адам санасында жиі кездесетін, қанында бар, туа біткен және атадан қалған мінез-құлық формалары, оларды жеке адамның тек өзі емірі арқылы түсіндіруге болмайды. Бұл дүииедегі барлық заттардың өз тарихы бар, яғни ақыл-ойдың да өз тарихы болуға тиіс. Айталық, адамның антогендік сатыдағы санасы даму кезеңінде жол салады. Дамудың бұл сатыларында дамудың нақ, сол филогенетикалық тұрақтылығы орнығады, бұған адамның ақыл-есі болғанымен; өзінің тікелей қатысы болмайды, бірақ қайта жаңғыртып отырады. Басқаша айтқанда, баланың өзіндік даму барысында оньң арғы тегінің филогенетикалық сатылары қайта жаңғырады. Бұл тәрбие барысында жүзеге асады, сонан соң сапасыз түйсік құрамына кіреді де, санаға әсер етеді. Яғни психика мен сапа екеуі екі басқа нәрсе. Оньң құрамында сонымен қатар адамның өмір сүруіне ықпал ететін үлкен санасыздық бөлігі де бар болып шықты.
Бұл архаистік (көне) қалдықтар (З. Фрейд) адам психикасының ескі бөлігі және «коллективтік образдар» мифологиялық тақырыптар арқылы оның негізін құрайды. Неліктен бұдан екі мың жыл бұрын өмір сахнасынан кеткен мнфтер үнемі жаңғырып отырады және бұл құбылыс бүгіндс де неге біздің санамызда белсенділігін сақтап қалған деген сұракқа жауап іздесек, ол мьнадай болмақ. Мифтер адамның ойлау аппараттарында үнемі базистік білім рстіндс қатысып отырады. Кейіннен бұл архаистік қалдықтар психикалық талдаудың басқа мектептерінде мифологиялық бейнелер мен тақырыптардың саналы көрінісі болып табылатын архетиптер немесе прообраздар ретінде табылады. Мыңдаған жылдарға созылған жартылай көшпенді мал өсіру кәсібі, оның батыр, ат, көш, киіз үй, алыс елдер, замана, көшқоныс кеңістігі, жылы оңтүстік аймағы, «сарғая күткен қалыңдық» тағы да басқа көптеген тақырыптары тек қана тікелей өндірістік қатынастар ықпалымен ғана емес, қоғамдық мәдениеттің болуымеп, яғни белгілі бір тіршілік салтының әсерінен пайда болады.
Казақтың ата тегінін болмыс шындығында тікелей жақындығы - олардың бақылауы, қабылдауы, дүниеге сезімдік тұрғыдан жақын болуы және бұл болмыспен тамырластығы уақытты, кеңістікті, адамның ішкі дүниесін, тіршілік етудің басқа да жақтарын, болмыс мәнін, ар-ождан бастауларын түсінуінен өз көрінісін тапты. Мұның бәрінің нақты өмірде нақты түн тамыры бар, осыдан келіп басқа ешбір тіршілік түсінігімен шатыс-тыруға болмайтын дүниенің ұлттық образы, дүниетанымы пайда болады.
Қазақтың ата тегі мәдениетіне назар аудару ондағы этнос менталитеті ұғымын түсінуге мүмкіндік береді. Яғни, бұдан қоғам мүшелерінің барлығына қатысты және индивидуалдық деңгейде көрінетін, қоғамда ұжымды түрде қалыптасатын ойлау және психика қүрылымын ұғьнамыз. Мәдениеттің бұл «ферменті» әрбір адамның әлеуметтік мінез-құлқында шешуші рөл атқарады. Өйткені, ол оның санасында орныққандықтан оған қоғамдық қозғалыстың жолын айқындайды, сан қилы өмір сәттеріне бағдар береді, ең бастысы, барлық объективті мүмкіндіктер ішінен өз қалауын таңдауға жөн сілтейді. Егер түйсік дәрежесіндегі қалау архетиптік қалып базасында жүзеге асып, инстинктер импульегерде көрініс тапса, ал менталитет «ғылыми мінез-құлық» пен әдет-ғұрыптар жиынтығы негізінде бағдар таңдауын талап етеді, бұларды тәрбие мен білім т. б. арқылы ұжым (коллектив) береді.
Адамдардың материалдық-өндірістік қызметі жағдайында танымдық қатынас практикалық тіршілік қызметінің мұраты ретінде көрінеді. Қоғамдық өндіріс үдерісінің өзінде адамның мақсаттары мен қажеттілігі, қызмет заты, құралдары мен нәтижелері туралы үғым пайда болады. Сондықтан сапа өз бойына материалдык өндіріс саласымен тікелей байланысты және ма-териалдық мәдениет ескерткіштерінде өз ізін қалдырған өзіндік болмыс категориясы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz