Ежелгі Қытай философиясы туралы


Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Конфуцияшылдық.
2. Даосизм.
3. Моизм.
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиет.
Кіріспе
Чжань-го немесе Соғысушы патшалықтар кезеңі б. д. д. V - III ғасырларды қамтитын Қытай тарихының күрделі әрі аз зерттелген беттерінің біріне жатады. Ол кезде Қытай территориясы көптеген жеке патшалықтарға бөлінді. Олардың ішіндегі ең ірілері - Цинь, Чу, Ци, Хань, Чжао, Вэй және Янь патшалықтары болды.
Ел территориясың өзара бақталасушы патшалықтарға бөлінуі елдің экономикалық дамуына кері әсерін тигізді. Патшалықтар арасындағы үздіксіз соғыстар әсерінен, сол кезде кең таралған қала қолөнері мен сауда, жер игеру дамуы тежелді. Сондай-ақ елдің әр түрлі аймақтары арасындағы су және құрлық байланыстары, ирригациялық жүйелер бүлінді. Бұның бәрі де қала қолөнершілері мен саудагерлердің тұрмысын нашарлатты. Әсіресе, өзара қырқыстың әсерінен ең ауыр зардап шеккен жер игерушілер болды. Себебі, соғстар жүргізудің барлық қиыншылығы солардың мойнына түсті. Үздіксіз салықтар, соғыс және көп жылға созылған әскери борыш жер игеру шаруашылықтарының күйреуіне әкеп соқты. Халық арасында өзара қырғын соғыстарға қарсынаразылық өрши түсті.
Буырқанған Чжань-го дәуірі әскери-саяси оқиғалар мен түбірлі қоғамдық өзгерістерге қоғамдық өзгерістерге толы болды. Бұрын соңды Қытай қоғамы бұндай ақыл-ойдың жылдам дамыған кезенің бастан кешірмеген еді. Моральдық-этикалық, идеялық-саяси және философиялық ілімдер қарқынмен дамыған кез болды. Қала көшелері мен алаңдарында, билік иелерінің сарайлары мен үйлерінде пікірталастар, талқылаулар көпшіліктің кеңінен қатысуымен өтті. Осы дәуірде ежелгі Қытайдың әдеби- философиялық бағыты қалыптасты, оның негізінде қытай өркениетінің мәдени мұрасы ретінде сақталып келген керемет әдеби шығармалар дүниеге келді. Дәл осы кезеңде қоғамдық сананың архаикалық түрін жоғалта отырып, ежелгі Қытай қоғамында жаңа әлеуметтік-психологиялық жеке тұлғаның бейнесі қалыптасады. Сонымен бірге сыни философия мен теориялық ғылыми ой-сана да дүниеге келді.
Чжань-го дәуірінің мәдени және қоғамдық-саяси өмірінің ерекше белгілерінің бірі - идеологиялық мектептердің кескілескен күресі болды.
Чжань-го дәуірі Қытай философиясының « алтын ғасыры » саналады. Дәл осы уақытта Қытайда алғаш рет нағыз философиялық ілімдер пайда болады. Осы курстық жұмыста олардың ең маңыздылары - конфуцияшылдық, даосизм, моизм және легизмнің аталған дәуірдегі дамуын қарастырамыз. Чжань-го дәуірінің мәдени және қоғамдық-саяси өмірінің ерекшнліктерінің бірі - осы идеологиялық мектептердің кескілескен күресі болды. Берілген жұмыстың мақсаты - оқырманды осы идеологиялық мектептердің әрқайсысымен таныстыру. Жұмысты жазу барысында көптеген әдебиеттер қарастырылып, түйінделген ой нәтижесінде осы жұмыс жазылды. Бұл жұмыстың негігі бөлімі тақырыптардың көлемділігіне байланысты төрт бөлімнен тұрады.
Конфуцийлік
Қазаргі Шандунь Оңтүстік Швғысында, Қытайдың бірнеше ұрпағы жерленген көптеген қорғандар мен шетсіз күріш алқаптарының арасында ежелгі қалашық Цюйфу ораналасты. Біздің заманымызға дейін 551 жыл, яғни 2500 жыл бұрын, сонда кішкентай Лу князьдығында Европа әдебиетінде Конфций атымен белгілі ежелгі Қыытайдың көрнекті ойшылы дүниеге келіп, өмір сүрді. Қытайша оның фамилиясы Кун, ал аты Цю, бірақ оны Кун-Цзы (Кун мұғалімі) деп жиірек атайды. Бізге Конфуцийдің өмірбаяны толықтай жеткен, бірақ оның шындығын жалғаннан айыру қиын.
Конфуций ұсақ шенеуніктің отбасында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол, анасының қамқорлығында қалды. Жеті жасар баланы мектепке береді. Ол онда үлкен ықыласпен он жыл оқыды, кейіннен конфуцийлікте үлкен орын алған әдет-ғұрыптар мен салттардан жолын ұстанып, пұтханаларда құрбандық шалу кездерінде үлкендерге шың көңілмен електеді. Оның өмірбаяншыларының мәлімдеуінше, Конфуций 19 жасында үйленіп, бидай қоймаларының күзетшісі қызметіне тағайындалды.
Әр түрлі князьдықтар билеушілерінің қол астында әр түрлі қызметтерде біршама ұзақ уақыт қызмет еткеннен кейін, Конфуций шенеулік мансабын тастап, өзінің этикалық - саяси көзқарасытарын уағыздаумен айналысты. Ол удеулдық князьдықтарды аралап, олардың билеушілеріне қол астындағы адамдарын қалай оқылды басқару жайында кеңес береді.
Ресми, Қытай әдебиетінде Конфуций өнегелі ұл, ескі әдет-ғұраптардың қызу жақтаушысы, жалықпайтын зерделі қызметшісі, ескеліктің үздік білгіші ретінде бейнеленді. Шамасы, Конфуций өзі де өзін өткен кезеңдердің бар ақылын меңгерген адам деп санаған. Ол өз замандастарының алдында ежелгі дәстүрлердің түсіндірушісі әрі сақтаушысы ретінде көрінуге тырысты.
Данышпан өзінің мағынасын жоғалтқан немесе ұмытылған ескіліктің қасиеттерін жаңартушысы және жақтаушысы атағын жан-тәнімен қорғады.
Оның уағыздары елде, әсіресе қызмет етуші шенеуліктер арасында әйгілі болды. Білімдерін толықтырғысы келгендер оның шәкірттеріне айналды. Бұлар әр түрлі князьдықтардан шыққан, әр түрлі жастағы, әр түрлі істермен айналысатын, данышпанға шың ғибратты, әңгімелерін тыңдауға келетін адамдар болды, деректер бойынша 72 шәкірті Конфуцийға аса жақын болған, олардың он екісі әрқашан оның қасында болған.
Конфуций 66 жасына дейін өз ілімін уағыздап, Қытайды саяхаттаған. Кейін өзінің туған үделі Лу князьдығына аралап, өмірінің аяғына дейін ешқайда шықпаған.
Конфуцийлік 72 жасында біздің заманымызға дейін 479 жылы Цюйдің қаласында дүниеден өтті. Оның үйінің орнына хром салынып, кейін ол бірнеше рет қайта салынып, кеңейтілді. Біртіндеп ол жерде үлкен хромдық ансамбль салынып, ал данышпан мен оның шәкірттері жерленген орын үлкен мазарға айналдырды.
Конфуций қиын әрі аласыпыран кезде, Қытайды ішкі сағыстар мен жанжалдар дүрліктірген кезеңде өмір сүрді. Біздің заманымызға дейін пайда болған Чжоу әулеті өзара тартыс кезеңін бастан кешіріп жатырды. Қытай, әулет билеушісінің орталық билігін номиналды түрде ғана біріктірген, көптеген князьдықтарға бөлініп қалған болатын. Өз көрішілері есебінен еліктерін кеңейтуге тырысқан князьдар бір-бірімен толасыз соғыстар жүргізді. Халық алым-салықтардан, соғыс контрибуцияларынан азап шекті.
Өз замандастары сияқты, мықты князьдар ежелгі билеушілер ұстанған жоғарғы қағидаларды ұмытты деп санаған Конфуций сол қағидаларды жаңғыртуды өз мақсатына айналдырды. Осылайша ол мықты князьдарға жоғалған беделі мен ықпалын қайтаруға әдет-ғұрыптарды жақсартып, халықты бақытты қылуға тырысты.
Конфуций өзін ежелгі мифтік билеушілер Ле, Шунь және Юнедің даналығын түсіндірушісі және сақтаушысы санады. Ол өзі жайында: «мен түсіндірушімін, бірақ жаратушы емеспін, - деді. Сондай-ақ: «менің ілімім ертедегі адамдар үйретіп, қалдырып кеткен ілім ғана; бұл ілімге мен еш нәрсе қоспаймын, одан еш нәрсе алмаймын да, оны алғашқы күйінде табыс етемін. ол ілім өзгеріссіз - оның жаратушысы Аспан өзі мен тек жерге дін тастап, оны суратын диқан ғана сияқтымын бірақ өздігінен сол егілген дәнге бұршақ шығартып, оған белгілі - бір өсімідіктің түрін қабылдата алмаймын».
Конфуций ілімі бойынша атақты адамдар дана және Аспанның өзі оларға билік берген; қарапайым халық ақылсыз, сондықтан оның жазмышы - егістікте еңбек етіп, өзінің асыл қожайындарын асырау - Конфуцийдің этикалық - саяси ілімін алғы шарттары осындай. Ал қарапайым халық өзінің ауыр жағдайыа ашуланып, көтерілмеуі үшін, оны көнгіштік рухында тәрбиелеу керек. Көнгіштік идеясы Конфуцийдің бүкіл ілімін қамтиды: ұлы әкесіне, әйелі күйеуіне, төменде тұрған шенеунік жоғарыда тұрған шенеунікке, ал олардың барлығы билеушіге бағынады. Бұл идея «берілгендік» ұғымыныда бейнеленеді.
Конфуций қоғамдағы әлеуметік теңсіздікті, адамдардың жоғарыдағылар мен төмендегілерге, байлар мен кедейлерге бөлінуін көрді. Бұл әділетсіздікті қалай тоқтатуға болады?
Оның ілімі бойынша бұған адамдарды, олардың әдеуметтік жағдайына қарамастан, моральдық - этикалық тәрбиелеу жолымен, жеке адамды іштей жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады: егер езуші мен езәлушілер, қанаушы мен қаналушылар, билеуші мен оның қол астындағылар орнатылған моральдық-этикалық қағидаларды ұстанса, онда жер бетінде әділеттілік орнайды.
Осыған сәйкес, Конфуций мен оның ізбасарлары әлеуметтік мәселелерді экономикалық тәсілдермен емес, морализаторлық үйретулер мен этикалық догмаларды қатаң сақтау арқылы шешеуге тырысты. Конфуцийшілдер арасында «Аштан өлу - кішкентай оқиға, ал адамгершілігін жоғалту - үлкен оқиға» деген пайымдау кең тарады.
Конфуцийдің этикалық -саяси ілімі бойынша қоғамы жоғары моральдық -этикалық қасиетке ие таңдаулы топ «ізгі адамдар» (Цзюньзы) мен осы элита басқарған «бишара адамдарға» (сяожэнь) бөлінеді. «Ізгі адамның» барлық қасиеттерінің рухани негізі «аспандық тегі» бар «ұлы мораль» (да дэ) туралы ілімнен тұрады. Аспан адамға құнды қасиет сыйлай алады, бұл қасиеттер «ізгі адамның» бойында нақты көрсетілген - ол «аспан мандатын» күзетеді, оны мұндай қасиеттерге ие бола алмаған басқа адамдардың бұзушылыған қорғайды.
Конфуций ұсынған абстаркты -утопиялық идеалды бейне - «ізгі адам» шыншыл және адал, әділ әрі батыр, бәрін түсінетін және көретін, сөзіне сақ және ісіне ұқыпты адамның қасиеттеріне иеленді. «Ізгі адам» тамаққа, байлыққа, материалдық пайда мен өмірлік ыңғайлыққа толғаусыз болып, өзін жоғары идеяларға, адамдарға қызмет етуге, ақиқатты ізденуге арнау керек. Моральдың және этикалық мүлтіксіздіктің эталоны бола отырып, ол барлық адамдар үшін үлгі болу керек.
«Ізгі адам» «бес рақымшылдыққа» ие болды: адамзаттың сүю (жэнь), парыз (и), әдет-ғұрып нормалары (ли), білім (чжи), адалдық (синь), сонымен қатар балалық қадірлеушілік (сяо) .
«Бес рақымшылдық» мәні келесіден тұрады.
Адамзатты сүю (жэнь) . Жэнь иероглифі екі мағыналық элементтен тұрады: «адам» және «екі» (сан) . Конфуций бойынша, адамға «адамзатты сүю» қасиеті туа бітеді, бірақ ол басқалармен араласқанда ғана жанданып пайда болады.
Жэнь сөзі кең мағынасында адамдар арасындағы қарым-қатынастар қағидаларының этикалық және әлеуметтік жиынтығын білдіреді. Мейірімділік, ұстамдылық, сыпайлық, мейірбандық, аяушылық, адамдарға деген сүйіспеншілік, қамқорлық және басқа жоғары өнегелі қасиеттер.
Жэнь қағидасын конфуций ең алдымен билеуші топ арасындағы қарым-қатынастарды реттеу үшін ұсынды: ақсүйек адамдар өз араларында сүйіспеншілік пен ынтымақтастық білдіру керек. Қарапайым адам адамзатты сүюшілікке қол жеткізе алмайды. «Адамзатты сүюге ие болмаған ізгі адамдар бар жоқ », - дейді философ.
Қытайдың мифтік билеушілері Ло, Шунь, Юй ие болған қасиеттер Жэнь бойында синтезделген. Конфуций өз замандастарын олардан үлгі алып, Жэньді басшылыққа алуға, яғни өнегелі кемелділікке ұмтылуға шақырды. Ол адамның барлық жақсы қасиеттері қоғам негізделетін негізгі қағида - Жэньнен бастау алады деп санады.
Парыз (и) Жэньнің жоғарғы заңы парыз (и) арқылы жүзеге асады. И ұғымның өзі көп мағыналы. Ол рақымшыл адам өз еркімен қабылдайтын белгілі моральдық міндеттемелерді жинақтайды.
Әдет-ғұрып нормалары (Ли) конфуций ілімі негізінің негізін құрады. Олар өз бойына «рәсім», «сыпайылық», «этикет тәртіптері», «ырымдар-ұғымдар» кірістіреді. Бірақ, бұл ұғымдардың барлығы Ли мәнін шамалып қана береді.
Адамдар арасындағы кез-келген қарым-қатынастарға арқау болатын экономикалық қарым-қатынастарды Конфуций өзінің Лидің мәнісі ілімінде көрсетілген моральдық - этикалық категориялармен ауыстырды.
«Қытайлықтың сынасына әр түрлі рәсімдері енгізу оны әр түрлі қақтығыстардан, ұрыс-керістерден, қылмыстан құтқарды, -дейді орыс қытайтанушысы В. П Васильев, - сондықтан мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келе жатқан және туғаннан әрбір қытайлықтың бойына әбден сінген салтанаттың арқасында, оны ашуландыру оңай болмады. »
«Қытай философтары өз шығармалардында салтаннатты рәсімдердің, сәлемдесулердің, тәжэім етудің, үлкендік тәртіптері мен көшеде сақталатын тәртіптердің, егер бұларға өздері әдетте байланысатын шарттардан тыс қарайтын болсақ, шын мәңінде ешқандай құндылығы жоқ, екенін мойындайды, - дейді ағылшын қытайтанушысы Г. Д Джайлс, - сонымен қатар олар бұндай шартты жүгендеусіз, нәтижесінде, ретсіздіктен басқа ештеңе болмайтыныдығын дәлелдейді. »
Конфукийшілдіктердің түсінігінше, адам өз әрекеттерінде опасыз ниеттерге, табиғи ұмтылысатрға берілмеу керек: ашуын немесе қуанышын, сүйіпеншілігін немесе өшпеніділігін көрсету керек. Ол қанша қиналса да, алдын - ала бейнеленген моральдың догмаларға сүйену керек.
Ли қағидасы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, адамның қоғамдағы жүріс-тұрысын реттеді. Қытай этикеті бағзы заманнан қарым-қатынастың үш түріне: билеуші мен оның қол астындағы адам, үлкен мен кіші, әкесі мен баласы қарым-қатынастарына негізделген. Сонымен қатар, ғ үлкендер мен кішілер, әкесі мен баласы арасындағы қарым-қатынастар топтық мазмұннан бос балғанмен, конфукцийшілдіктің бұл догмалары «кемелденген әрі оқымысты билеуші» басышылық ететін патриохалдық отбасылық және әлеуметтік жүйені ғасырлар бойы сақтауға шақырды.
Білім (гжи) Конфуцийдің этикалық - сасяси ілімі қандай да бір танымдық-теориялық философияға негізделмейді. Конфукций білім мен оның қайнар көзі мәселесін көне кітаптарды оқып үйрену мен ата-бабалар тәжірибесін пайдалануға салды. Оның ойынша, білім алудың негізгі әдісі- оқу, ал білімнің қайнар көзі - көне аңыздар мен шежірелер. Мәне сондықтан, конфукцийшілдіктер қоғам дамуының ескі және жаңа тәжірибелерінің сын түсінідемелерін алмақ болды, ал жаратылыстану ғылымадарын олар тіпті де ескермеді. Олар тек дәстүрлі заңдарды, ұлы адамдардың нақыл сөздерін меңгеру мен ертедегі данышпан билеушілерге ұқсау арқылы ғана білім алды. Кез-келген жаңа құбылыс ескі тәжірибелік көзқарастан бағаланың ескілікке тықпаланды. Сөйтіп, конфуцийлік ілім кертартпалықтың тірегі болып, Қытайдағы жеке адамның азат етілуі мен ғылымның дамуы жолында маңызды кедергі болды.
Адалдық (синь) . Билеушілге қатысты көнгіштік пен шыншылдыққа негізделген сол билеушінің қол астындағы адамның адалдығы - конфукцийдің этикалық - саяси ілімінің ажырамас бөлігі.
Конфуций іліміндегі негізгі өсиеттердің бірі - балалық қадірлеушілік (сяо) , яғни баланың ата-анасына, ең алдымен әкесіне деген махаббаты. Балалар ата-анасының еркін орындап қана қоймай, оларға адал қызмет ету керек, ата-анасын шын сүйіп, оларға жан-тәнімен берілген болу керек.
Егер адам ата-анасын сүймесе, өзінің балалық міндеттемелерін орындамасы, онда ол есерсоқ ол - өз өмірін саналы түрде қысқартып, қиғанмен тең.
Конфуцийдің балалық қадірлеушілік туралы идеясын адамдар санасына сіндіру үшін, Қытайда әр түрлі уақыттарда бұл тақырыпқа кітаптар басылып шығарылды. «Егер балалық таңдаулық әлсіресе, онда барлық рақымшылдыққа қауіп төнеді»; «Біреуді өз әкесінен артық сүйетін адам ұл деп аталуға лайықсыз»; «өз өмірін қиып, әкесін құтқару - әрбір ұл үшін ол ең бақытты өлім», «Әркімнің билеушісіне деген сүйіспеншілігі оның ата-анасына деген махаббатына тең»; «Әрбір зұлым жаман ұл болудан бастайды» деген сияқты нақыл сөздер кең тарады.
Балалық қадірлеушілік қағидсаы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа емес, бүкіл қоғамға: патша мен министерлердің өзіне қарасты адамдардың «әкесім мен анасы» атанған жергілікті шенеунік пен соның қол астындығылардың қарым-қатынасына да кең тарады. Балалық тақуалық патриахалдық нормалардың қалдықтары мен фоедалдық қоғамдық қарым-қатынастардың шиеленісуін бейнеледі, сондықтан ол отбасылық қарым-қатынастарға да кең тарады.
Бойына жоғары моральдық-этикалық қасиеттерді сіңірген «ізгі адамға» бұл қасиеттерден жұрдай «бишара адамдар» қарама-қарсы қойылады.
Ол - «Аспан манадатын» мойындамайтын кескінсіз мәдениетсіз надан тап. Конфукцийлік түсініктер бойынша «бишара адамдар» өзінің опасыз, дөрекі құмарлықтары мен қажеттіктерін қанағаттандыруға ұмтылады, жоғары идеалдар оны қызықтырмайды: ол «ізгі адам» кемелділікке ұмтылады.
Алғаш қарағанда, қоғамның «ізгілер» мен «бишараларға» бөлінуі адамдардың әлеуметтік жағдайына емес, моральдық-этикалық құндылықтарға негізделеді. Адамға «ізгі адам» атану құқығын оның мүліктік жағдайы мен ақсүйектік тегі емес, ұзақ тәрбме мен оқу нәтижесінде бойына сіңірген білімі мен жоғары моральдың қасиеттері береді. Шындығында, адамдардың осылайша «асылдар» мен «арамдар» болып бөлінуінде шаттық тәсіл көрінеді, өйткені «асылдыққа» тек қанаушылар ғана қол жеткізеді алды.
Конфукцийіліктер: «Адам тумысынан» мейірімділікке жақын болады»; «Тумысынан адамдардың бәрі бірдей және бәрі де мейірімді болып туады; кейін олар әдеттері бойынша ажыратылады - адамды үйретпесе, онда оның мейірімді табиғаты бұзылады», - деп үйретті. Неге адам есейгенде, оның бойында жаман бейімділіктер пайда болады? Конфуций мен оның ізбасарлары мұны әлеуметтік ортамен емес, қажетті моральдық-этикалық тәрбиенің жоқтығымен түсіндіреді.
Конфуций армандаған иерархиялық бағыну келесі формулада нақты білінеді: «Патша - патша, шенеунік - шенеунік, «әке - әке, бала - бала болу керек». Төмендегі тұрған адамның жоғарыдағы тұрғанға бағыну қағидасы бойынша құрылған қоғамның мұндай көп сатылы, көп қабатты әлеуметтік құрылымы конфуцийліктің таптық мәнін бүркемелеп, конфуцийлік әдістің қоғамдық құбылыстарға қатысты әділдігі жайында қиял тудырды.
«Ізгі адам» мен «бишара адам» арасындағы қарама-қайшылық оны қаншама моральдық-этикалық тұрғыдан қарастырса, шындығында әлеуметтік жағдаймен тудырылды. Әрқашан қарапайым адамдар, шаруалар «бишара адам», ал «ізгі адам» қанаушы таптың өкілі болып шықты; «халық надан, ол өзіне не керек екенін түсінбейді, тек «ізгі адам» ғана қажеттіліктерін түсініп, оларды қанағаттандыра алады». Конфуций «ізгі адамдарды»: «Халықты артынан ертуге болады, бірақ не үшін екенін білгізуге болмайды», - деп үйретті. Бұдан шығатыны: халық - өздігінен әрекеттене алмайтын қараңғы тап.
Конфуций таптық қоғамда өмір сүрді, сондықтан оның өнегелі өсиеттері, ең алдымен, оның өзі шыққан таптың - мұралық ақсүйектердің мүддесін білдірді. Ол кезде бұл таптың орнына жаңа билеуші тап жериеленушілер, құмиеленушілер, қала байлары келіп жатты. Мұралық ақсүйектердің бұрынғы үстемдігін қайтадан қалпына келтіру, Конфуций бойынша, әдет-ғұрып нормаларын ( ли ) сақтау арқылы мүмкін болды. Осыған орай ол жаңа идея - «есімдерді түзету» ( чжән мин ) идеясын ұсынды.
«Есімдерді түзету» ұғымының мағынасын ашатын болсақ, оны мәні: «әрбір адам қоғамда өзіне тиесілі орынды иемденіп, өз қылықтарын соған қатысты сәйкестеу керек, яғни қоғамда өзінің статусы» болу керек - патшағ немесе князь, немесе төре, немесе шенеунік, немесе қарапайым адам болу керек. «Есімдерді түзету» Конфуций заманында беделі түскен Қытай қоғамының иерархиялық бөлінуін қайта жандандыру мен нығайтуға үндеді.
«Ізгі адам өзіне белгісіз нәрсеге қатысты мұқияттылық танытады. Егер есімдер дұрыс емес болса, онда сөздер негізсіз болады. Егер сөздер негізсіз болса, онда істер жүзеге аспайды. Егер істер жүзеге аспаса, онда салты мен мызыка гүлденбейді. Егер салт пен музыка гүлденбесе, онда жаза тиісті түрде қолданылмайды. Егер жаза тиісті түрде қолданылмаса, онда халық өзін қалай ұстауды білмейді».
Конфуцийдің «есімдерді түзету» саяси қағидасы қоғамдағы ғасырлық иерархияны сақтауды, мұралық ақсүйектердің ерекше пұрсатты жағдайының заңдылығын негіздеуді мақсат етті.
Конфуций ілімінде Аспанға табыну маңызды орын алады. Аспанға табыну Аспанасты мемлекетінің қарапайым адамнан патшаға дейінгі барлық тұрғындарының тағдырын шешетін жоғары мақсатты күш ретінде қарастырылды. Аспанның құдіреттілігі жайында түсінік Конфуцийға дейін де болды, бірақ оның ілімінде ол жалпы қорытындысы мен кейінгі дамуын алды.
Конфуций бойынша, Аспан - құдіретті күш, парасат пен жоғары әділеттіліктің бейнесі. Бірақ жер юетінде Аспан әмірін кім орындайды, кім Аспан атынан адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге лайықты? Жер бетіндегі Аспанның ондай «өкілі» болып «ізгі адамның» барлық қасиеттерін бойына сіңірген билеуші саналады. Бұл жайында конфуциандық «Шуцзин» кітабында былай айтылады: «Аспан адамға өмір бере тұрып, құмарлықты да берген. Егер адамдар билеушісіз қалса, онда бүлік болар еді - сондықтан Аспан қажетті уақытта билеуші бола алатын жоғары саналы адамды жаратты».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz