Инновация экономикалық дамудың негізі ретінде
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ИННОВАЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... 5
1.1 Инновация ұғымы және оның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Инновациялық саланы мемлекеттік басқару және шетел тәжірибелері ... ... 9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫ.ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1 Индустриялы.инновациялы саясаттың еліміз экономикасы дамуы үшін маңыздылығы және оны дамыту шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2. 2003.2006 жылдар кезеңінде Индустриялық.инновациялық даму стратегиясын іске асыру тиімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3 Қазақстан Республикасының 2003.2015 жылдарға арналған индустриялық.инновациялық стратегиясының мақсаты мен міндеттері және оның негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Жаһандану мен халықаралық бәсекелестіктің күшеюі соңғы кездері ұлттық экономикалардың бәсекелестікке қабілеттілігі мәселесін өршітіп жіберді. Ел экономикасының бәсекелестікке қабілеттілігі экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерінде қалыптасатын көптеген факторлар мен шарттарға тәуелді болады. Дегенмен, елдің бәсеке қабілеттілігінің негізі оның тауар өндірушілері болып табылады. Олардың қаншалықты бәсеке қабілеттілігінен өнімнің сапасы және сәйкесінше шығарылатын өнім көлемі белгіленеді. Сондықтан, қазіргі уақытта өнімнің сапасы мен бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мәселесі кәсіпорын үшін және де бүкіл ел үшін аса маңызды міндеттердің бірі болып табылады. /1/
Осы мәселені шешу жолдарының бірі экономикалық дамудың бүгінгі таңдағы шикізаттық бағытынан қол үзіп, тиімді экономикалық өсуді қамтамасыз ететін дамудың «индустриялық-инновациялық» сатысына өтуіміз керек.
Ал әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай бүгінде әлемде дамыған және даму жағынан жоғары болып отырған елдердің барлығы дамудың сервистік-технологиялық бағытына өтіп кеткен, ал шикізаттық өндіріспен даму жағынан артта қалған және өте тиімсіз экономикадағы дамушы елдер жатады. Сондықтан еліміз жоғары дамыған елдер қатарына өтуі үшін экономикалық дамудың индустриялы-инновациялы жолына түсуі қажет. Осы мақсатта елімізде бүгінде алғашқы іс-шаралар жүзеге асуда. Оның негізі елімізде 2003-2015 жылдарға арналған индустриялы-инновация стратегиясының қабылдануы болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатын «Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы саясаты» деп алынды.
Бұл тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасының инновациялық мәселелерге қызығуы әлеуметтік-экономикалық дамуда ең бірінші ғылыми техникалық дамумен байланысты болып отыр. Елдің негізгі экономикалық дамуына, яғни өндіріс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау және экономиканың сервистік-технологиялық дамуы үшін инновациялық қызмет ең қажетті болуынан.
Осы тақырыптың негізгі мақсаты – ол шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін ұлттық экономиканы одан әрі жаңғырту, әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Курстық жұмысты жазудағы міндеттерге келесілер жатады:
— Еліміздің экономикалық өсуіндегі индустриялы-инновациялық дамудың маңызының ерекше екенін анықтау;
— Елімізде инновациялық қызметтің дамуы мен оны қолдау шаралары;
— 2003-2015 жылдарға арналған инновациялық стратегияның мақсаттары мен міндеттерін қарастырып, оның даму жоспарындағы негізгі бағыттарды көрсету болып табылады.

1. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Шумпетер Й. Теория экономического развития. – Москва; Прогресс. 1998. – 454с.
3. Дорнбуш Р., Фишер С. – Макроэкономика. – Пер. С англ. – М.: Изд-во МГУ. – 1997.-784 с.
4. Инновационный менеджмент / К. Нарибаев, С. Джуманбаев, А. Нусупова. – Алматы: Қазақ университеті. – 1998. – 60с.
5. Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны //Саясат №2, 2001г.
6. Н.Ә.Назарбаев. «Задачи науки – способствовать развитию экономики» //
7. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
8. Бердашкевич А.П. «О поддержке инновационной деятельности в Японии» //Инновации №7, 2002жыл.
9. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. №6, 2000г.
10. Әбдіжапар Сапарбаев «инновация – негізгі қозғаушы күш» // Егемен Қазақстан, 24 наурыз, 2004ж.
11. Статистика Казахстана. Алматы, - 2006г. – 467б/
12. Қуат Бораш «Инновация, оның еліміз экономикасы үшін маңызы қандай» // Егемен Қазақстан, 23 ақпан, 2004ж.
13. Стратегия / «Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясы» - Алматы, 2003ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ИННОВАЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... 5
1. Инновация ұғымы және оның жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Инновациялық саланы мемлекеттік басқару және шетел тәжірибелері
... ... 9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
3
2.1 Индустриялы-инновациялы саясаттың еліміз экономикасы дамуы үшін
маңыздылығы және оны дамыту
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2. 2003-2006 жылдар кезеңінде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын
іске асыру тиімділігін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.3 Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-
инновациялық стратегиясының мақсаты мен міндеттері және оның негізгі
бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
КІРІСПЕ
Жаһандану мен халықаралық бәсекелестіктің күшеюі соңғы кездері
ұлттық экономикалардың бәсекелестікке қабілеттілігі мәселесін өршітіп
жіберді. Ел экономикасының бәсекелестікке қабілеттілігі экономиканы
басқарудың түрлі деңгейлерінде қалыптасатын көптеген факторлар мен
шарттарға тәуелді болады. Дегенмен, елдің бәсеке қабілеттілігінің негізі
оның тауар өндірушілері болып табылады. Олардың қаншалықты бәсеке
қабілеттілігінен өнімнің сапасы және сәйкесінше шығарылатын өнім көлемі
белгіленеді. Сондықтан, қазіргі уақытта өнімнің сапасы мен бәсекелестікке
қабілеттілігін арттыру мәселесі кәсіпорын үшін және де бүкіл ел үшін аса
маңызды міндеттердің бірі болып табылады. 1
Осы мәселені шешу жолдарының бірі экономикалық дамудың бүгінгі
таңдағы шикізаттық бағытынан қол үзіп, тиімді экономикалық өсуді қамтамасыз
ететін дамудың индустриялық-инновациялық сатысына өтуіміз керек.
Ал әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай бүгінде әлемде дамыған және
даму жағынан жоғары болып отырған елдердің барлығы дамудың сервистік-
технологиялық бағытына өтіп кеткен, ал шикізаттық өндіріспен даму жағынан
артта қалған және өте тиімсіз экономикадағы дамушы елдер жатады. Сондықтан
еліміз жоғары дамыған елдер қатарына өтуі үшін экономикалық дамудың
индустриялы-инновациялы жолына түсуі қажет. Осы мақсатта елімізде бүгінде
алғашқы іс-шаралар жүзеге асуда. Оның негізі елімізде 2003-2015 жылдарға
арналған индустриялы-инновация стратегиясының қабылдануы болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің
бірі болып табылатын Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы
саясаты деп алынды.
Бұл тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасының инновациялық
мәселелерге қызығуы әлеуметтік-экономикалық дамуда ең бірінші ғылыми
техникалық дамумен байланысты болып отыр. Елдің негізгі экономикалық
дамуына, яғни өндіріс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау және
экономиканың сервистік-технологиялық дамуы үшін инновациялық қызмет ең
қажетті болуынан.
Осы тақырыптың негізгі мақсаты – ол шикізат бағытынан қол үзуге
ықпал ететін ұлттық экономиканы одан әрі жаңғырту, әртараптандыру және оның
бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу,
ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай
жасау болып табылады.
Курстық жұмысты жазудағы міндеттерге келесілер жатады:
— Еліміздің экономикалық өсуіндегі индустриялы-инновациялық дамудың
маңызының ерекше екенін анықтау;
— Елімізде инновациялық қызметтің дамуы мен оны қолдау шаралары;
— 2003-2015 жылдарға арналған инновациялық стратегияның мақсаттары
мен міндеттерін қарастырып, оның даму жоспарындағы негізгі
бағыттарды көрсету болып табылады.
1 ИННОВАЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ дамудың негізі ретінде
1.1 Инновация ұғымы және оның жіктелуі
XXI ғасырда әлемде мемлекеттік экономика жүйесінің дамуының үш түрі
айқын көрінді. Оларға:
— Шикізаттық бағыттағы экономика;
— Дамушы экономика;
— Индустриядан кейінгі қоғам экономикасы.
Мұнда шикізаттьщ елдерге жер қойнауында қазба байлықтары көп елдер
жатады және олардың экономикасы экономика дамуында тұрақсыз шикізаттық
бағытқа негізделген. Дамушы экономика елдерге жаңа технологияларды
қолданушы елдерді жатқызамыз және олардың дамуына тікелей шетел
инвестициялары әсер етеді. Ал экономика дамуында ең тиімді жол болып
табылатын индустриядан кейінгі қоғам экономикасы ғылыми-техникалық
потенциялы жоғары дамыған елдерде орын алуда. Бұл экономиканы білімге
негізделген экономика деп атауға да болады. Біздің еліміз әлі де болса
индустрияға дейінгі және индустриялы қоғамды бірге басынан өткеруде. Ал
біздің мақсатымыз алдынғы қатарлы, индустриядан кейінгі елдер қатарына
қосылу болып отыр 2, 31 б..
Ол үшін мемлекет бел шешіп араласуы керек, сондықтан инновация
мен инвестиция мемлекеттің реттеудің объектісі болып табылады.
Осы дамудың тиімді жолы болып табылатын инновациялық дамуды
талқыламас бұрын, инновация ұғымының өзіне тоқталу қажеттігі туындап отыр.
Экономикада "инновация" термині XV ғ. 1-ші жартысында пайда бола
бастады. Бұл ағылшын сөзі "innovation" яғни "жандану" немесе "заттар
өндірудегі жаңа технологиялар" деген мағынаны білдіреді.
Инновация дегеніміз - бұрын рынокта болмаған жаңа сапалық
қасиеттерге ие бұрыннан белгілі өнім немесе тіпті жаңа түрде жақсартылған
технологиялық процестер түрінде көрінетін өзгерістер мен жаңалықтар.
Австрия ғалымы И. Шумпетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына
инновация үғымын енгізді. Оның түсінігінше инновация тұтынушылар
тауарларының жаңа түрлерін қолдану. жаңа өнеркәсіптік және рынок пен
өнеркәсіптің жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсіндіреді. Шумпетер бойынша
инновация - тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндірістік функция болып табылады.
Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектісін
көрсетуге болады:
1. Инновация - интеллектуалды еңбек нәтижесі, яғни инновация арқылы
бәсекелестікке төтеп береді;
1. Инновация – бәсекелестік күш, яғни нарықтың тепе-теңдігін бұзады;
2. Жаңа өнім және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесін тигізеді;
3. Инновация - экономикалық өсу факторы ретінде.
Қазіргі заманғы экономикалық теорияда экономикалық өсу факторларын
негізгі 4-не бөледі :
1. елде экономикалық ресурстардың өсуі;
1. өндірістің жаңа технологиялар арқылы қызмет істеуі,
ресурс шығындарын қысқартып және жылдық сол өнімді шығару;
2. шектеулі ресурстарды тиімді бөлудің әдістерін талдау;
3. адамдардың денсаулығының, өмір сүру деңгейінің өсуі 2, 36 6..
Мұнда 1-ші әрекет экстенсивті экономикалық өсуге жатса, ал 2 және 3
факторлар интенсивті экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке, 4-ші
экономикалық емес фактор болып табылады.
Экономикалық өсудің сандық және сапалық өсуіне байланысты интенсивті және
экстенсивті түрлері болады. Экстенсивті түріне:
— Технологияда инвестицияның артуы;
— Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;
— Тұтынушы шикізат көлемдерінің, материалдардың,
сыртқы капиталдардың өсу қарқыны;
Интенсивті факторларға:
— Ғылыми-техникалық прогресті дамыту, яғни инновациялық
дамудың жүзеге асуы;
— Қызметкерлердің мамандық деңгейінің жоғарылауы, білім беруді
дамыту;
— Негізгі және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту;
— Қызметкерлердің бос уақытының өсуі 3, 364 6..
Көріп отырғандай еліміз дамыған елдер қатарына қосылуы үшін
экономикалық өсудің интенсивті бағытының басымдырақ болуын қамтамасыз етуі
керек. Елде осы саясатты қолдау үшін оған тиімді жағдайлар жасауды мемлекет
өзіне басты қызмет етіп алғаны дұрыс.
XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық
өсудің басты факторы ғылыми-техникалық прогресс екендігін айтқан. Оның
пікірінше, ұлттық өнімнің 80%-тен астамы ғылыми-техникалық прогреске
байланысты болады. Жалпы ЖҰӨ-нің жылдық өсімі сол кезеңнен тыс2,9%, оның
0,32%-і – капиталдың қорлануы, 1,09%-і - өнім шығыны және қалған 1,49%-і
техникалық прогрестің арқасында алынады. Жан басына шаққандағы өнім –
1,81%. Өсім ақшаның қорлануымен немесе арта түскен өнім шығынымен
түсіндірілмейді. Р. Солоудың үлгісі макроэкономикалық үрдістердің
ерекшеліктерін дәл сипаттай отырып, өндіріс факторларының бірін-бірі
алмастыра алмайтындығында екендігін көрсетті. Солоу үлгісіндегі
технологиялық прогресті ескеру өндіріс функциясының берілген түрін
өзгертеді. Технологиялық прогрестің еңбекті қорғау формасы қолданылады.
Өндіріс функциясы төмендегідей бейнеленіледі:
Y=F (K, L * E)
Мұндағы
E – еңбектің тиімділігі;
(L * E) – тұрақты Е тиімділігі болған кездегі бірлік еңбектің саны.
Технологиялық прогресс еңбектің тиімділігінің өсуі Е, тұрақты g
қарқынымен өседі деп жорамалданады. Технологиялық прогресстің үлгіге енуі,
тұрақты тепе-теңдік жағдайының талдауын өзгертеді.
Демек, Солоу үлгісі бойынша бір адам басына шаққандағы өнімнің өсуі
немесе өмір деңгейінің үздіксіз өсуінің бір ғана шарты болып технологиялық
прогресс есептеледі.
Техникалық прогресс теориясының дамуынан инновацияға берілген
ақшалай ресурстар көлемінде өнім бірлігінде кететін орташа шығындарды
азайтып, өндірістің техникалық күшінің жетілуі деген анықтама береді.
Қазіргі заманғы көзқарастар бойынша инновация техникалық жаңалықпен
қатар, экономикалық және әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл
түсінікке Сэйдің кәсіпкерлікке берген анықтамасы жақын. "Кәсіпкер
экономикалық ресурстарын төмен өндірісті және төмен табысты сападан жоғары
өндірісті және табысты салаға ауыстыруға ынталы болады. Кейін бұл
анықтаманы Шумпетер: "кәсіпкерлік міндет болып, сананы қирату болып
табылады" деп атап көрсетеді. Яғни, инновация кәсіпкерліктің ерекше құралы
2, 42 б..
Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар
техника – экономикалық зерттеуінде инновациялық процесс туралы келесі
әдістемелік негіздерін ұсынды:
— Экономикалық динамика мен экономикалық өсуді қозғаушы фактор
инновациялық негіздегі бәсеке болып табылады;
— Экономикалық дамуда білім мен интеллект басты рольде болуы керек;
— Интеллектуалдық қызметті институционализациялау оның құрылымы мен
негізі болып табылады.
ҒТП-нің қолданбалы және енгізбелік шаралары шаруашылық есеп
қорларынан және банк несиелері есебінен қаржыландырылуы тиіс. Бұл шаралар
өндіріс тиімділігіне тікелей ықпал жасайтындықтан, оның түпкілікті
нәтижелеріне әсер ететіндіктен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
кірістерін ҒТП сферасындағы олардың қызметінің түпкілікті нәтижелерімен
тығыз байланысын қамтамасыз ететін икемді салық саясаты жүргізілуі тиіс.
ҒТП-ні жеделдетуді ынталандырудың маңызды бағыты ҒТП-нің басым
бағыттарын жүзеге асыратын субъектілер үшін мақсатты субсидиялар мен
жеңілдікті несиелер беру, жаңа техника мен технологияларды игеру жөнінде
арнайы құрылатын көтеріңкі шығындардың инвестициялық қорлары есебінен
өтемақы төлеу, негізгі құрал-жабдықтардың жеделдетілген амортизациясын
қолдану болып табылуы мүмкін 5.
Экономиканы тиімді дамытуда негізгі шығындардың бірі болып табылатын
ҒТП-ні қаржымен қамтамасыз етудің көзі қаржылық қолдауды көрсетуге арналған
инновациялық қорлардың ресурстары бола алады. Бұл қорлар салаларда немесе
аймақтарда ғылыми-техникалық өнімді әзірлеушілер мен тұтынушылардың,
банктердің басқа мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ биліктің
жергілікті органдарының бюджет қаражаттары есебінен құрылуы мүмкін.
Қазіргі кезеңде еліміз экономикасының тиімді дамуы, елде өндірілетін
маңызды шикізаттардың молдығына байланысты ғылыми зерттеулер жүргізу,
инновациялық жаңалықтар ашуға халықаралық ұйымдардың, шетелдердің және
ұлттық кәсіпорындардың қайтарусыз беретін гранттары – арнаулы ақша және
басқадай қаражаттарды беру жолымен қаржыландырудың демеушілік сипаты айқын
дамып келе жатыр.
1.2 Инновациялық саланы мемлекеттік басқару және шетел
тәжірибелері
Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты
дамуға кол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің
мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді.
Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни
мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан
тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды
және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің
қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бірақ жолы
бар, ол жоғары технологиялық өндірісті дамыту. Тек жаңа технологиялар ғана
Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының
әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді.
Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары
технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-
техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану- Қазақстан-2030 стратегиясының
маңызды мәселелерінің бірі.
2002 жылдың шілде айында қабылданған "Инновациялық қызмет " туралы
Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін
жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сүранысын арттыру,
қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық
даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экономикасын ары
қарай дамыту 6.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал кез-
келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет
көркеюінің негізгі жолы ғылыми - техникалық және инновациялық салада лидер
болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп,
ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық
экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.
Қазіргі таңда ел экномикасы дамуының шешуші факторлары ғылым мен
инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз.Бүкіл
әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда
құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк - АҚШ-тағы иСиликон
аңғарының" пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары
текнопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия,
Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.
Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару
жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озды. Жаңа
автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та - 4 ай, Еуропада 2 айдан
кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу
үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай 8.
Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен
1950 ж. құрылған ҒТИП (ғылыми-техникалық индустриалды
парктер)
айналысады. Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және
өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр
түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың
құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі,
ақпарат және қаржымен қамтамасыз етілуін қадағалайды, бір сөзбен айтқанда,
кәсіпорынға "қолайлы орта" жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып,
инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының
өсуінен байқаймыз. Ол шама І991жылы -2587 кәсіпорын, 1992 ж. -9678
кәсіпорын, 1996 ж. -13722 кәсіпорын, 2000 ж. -20796 кәсіпорын. Ал Оңтүстік
Корея Республикасының ғылым мен техниканы соңғы 30 жылда өте қарқынды
дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып
шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және
космостық салаларға бағыттады. Корея Республикасы ғылыми-техникалық
саясатын өткен ғасырдың 60 - жылдарының ортасында қолға алды. 1967 жылы
басты міндеті ғылыми-техникалык саясатты жобалау және жүзеге асыру болып
табылатын "Ғылым және технология Министрлігі" құрылды және "Ғылым мен
техниканы қолдау туралы" Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық
кезеңдерге жосларланды.
Финляндияға келетін болсақ бұинляндияға келетін болсақ бүл ел 1991
жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен
кейін және 90-жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да
жағымсыз әсер етті. Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж 3,5%-дан 1993 ж 20%-
ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі
1991 ж жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады. Оның міндеті Финляндияны
дамыған елдер қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен
Үкімет "¥лттық инновациялық жүйені" құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия
Президенті қадағалайды.
Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға
тырысады. Бүл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. XX ғасырдың 50-60
жылдарында дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда
мемлекет құқықтық-нормативтік: негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жүмылдырып, бағыт бермесе, бүл
саланың қарқынды дамуы да екіталай болып келеді.
Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді
мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.
1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттіц тікелей қатысуы;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар
қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте бүл
лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы
мәселелерін шешумен айналысады.
2. Қайтарымсыз негізде мемлекеттік негізде субсидиялар бөлу;
Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыми зерттеу
жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді.
Негізгі қойылатын шарт зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған
нәтижені ашық түрде жариялау
3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция
бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.
Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік.
Жапонияда инновацияларға 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне
бастады. Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін
құрады. Ал мемлекет инновациялық саясатты солар аркылы жүргізеді. Шағын
кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-ын құраса, олардың Ж¥Ө-дегі үлесі
52%-ды құрады. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті
қолдауының мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді
сәйкестендіру болып табылады 10.
Мемлекеттік деңгейде инновациялық кәсіпорындарға мынандай қолдау
көрсетеді:
1. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық
кәсіпорындарға кеңес беретін комисссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас
басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын
инновациялық кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық
кәсіпорындардың бүкіл жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан
құрылған шағын кәсіпорындарға көмек көрсетеді.
2. Қаржыльқ кепіл беру мен қаржылық көмек көрсету
Оны Жапонияда 59 филиалы бар мемлекеттік қаржылық корпорация, 102
филиалы бар ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және
өндірістік кооперацияның Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға
арналған кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
Шағын және орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі
элементі ол құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған "Шағын
және орта бизнесті мемлекеттік қолдау" туралы Заңнан бастап "Жаңа қызмет
түрін енгізуде туындайтын төтенше жағдайлар" туралы Заңға дейін т.б. заңдар
кешенін қамтиды.
Жапонияда Орталық банктер кредиттердің 47%-ын, ал жергілікті
коммерциялық банктер 100% кредитті шағын және орта кәсіпорындарға береді.
Шағын инновациялық кәсіпорындарды қаржылық қолдаудың арнайы механизмдері
қолданылады. Олар "жеңіл қарыздар" деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен
алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жарғысымен, яғни 2-3%-
да алады 8.
Ал Оңтүстік Кореяда инновация XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап
дамыды. Технологиялық саясат ең алдымен ішкі технологиялық базаны құруға,
шетел техникасын пайдалануға бағытталды. Сол мерзімде, яғни 1966 ж.
мемлекет тарапынан қаржыландыратын тұңғыш зерттеу институты "Корей Ғылым
және технология институты" құрылды (КІSТ). Оның негізгі мақсаты озық шетел
технологиясын үйрену және оны өндірісте қолдану болды. 70-жылдардың
ортасынан басталған келесі кезеңде капиталды көп қажет ететін және
технологиялық тиімді, машина жасау, кеме жасау, химия, электроника және
электроэнергетика секілді салалар мемлекеттік қолдауға ие болды.
Мамандарды даярлау ісі қолға алынып, көзделген бағытқа сәйкес
келетін ЖОО КАІSТ- (Korean advances Institute of Science and Technology)
ашылды. Ол үкіметтің адам ресурстарын дамыту және кадрларды дайындау
саясатын жүзеге асыруға көмектесті.
80-жылдардың басында инновациялық саясатты дамытудың және жүзеге
асырудың 3-кезеңі аяқталды. Ол стратегиялық маңызды салаларға шоғырланған
инвестицияларды бағыттауды қаржыландыру, инвестициялау және кедендік
бақылау салаларын либерализациялауды көздеді. Зерттеулер мен жобалаулар
саласында тұңғыш Ұлттық бағдарлама жасалды. Ғылымды, білікті мамандарды
даярлауды мемлекеттік қаржыландыру күшейе түсті. Даэдок ғылыми қалашығы
құрылды. Бұл ғылыми қалашық мемлекет тарапынан және жеке сектордан
қаржыландыратын оқу орындары, зерттеу орталықтары мен венчурлік фирмаларға
ғимарат беріп, олардың біріккен зерттеулеріне көмек көрсетті.
Кореяда 1997-2002 ж.ж арналғанинновацияның 5-жылдық жоспары мен
елдің 2025жылға дейінгі ғылым мен техниканы дамытудың ұзақ мерзімді
жоспарында да мемлекеттің рөлі ерекше болып табылады.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал – кез

көркеюінің негізгі жолы – ғылыми техникалық және инновациялық салада лидер

ҒТП-нің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі
мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады.
Шетелдер тәжірибесінен инновацияны дамытудағы мемлекеттің рөлінің
өте маңызды екеніне көз жеткіздік, енді еліміздегі инновациялық үрдістерді
дамытуға қандай мемлекеттік қолдау көрсетілетініне және жалпы еліміздің
инновациялық жағдайы мен 2003-2015 жылдарға арналған стратегияның
қызметтеріне тоқталайық.
2 КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
2.1 Индустриялы - инновациялы саясаттың еліміз экономикасы дамуы
үшін маңыздылығы және оны дамыту шаралары
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жаһандық экономикада әлемдік
тауар рыноктарына мұнай, газ, қара және түсті металдар мен уран өнімдерін
шығаратын ел ретінде қарастырылады. Ауылшаруашылығы өнімдерінен астық
экспорттайды.
Қазақстанда пайдалы қазбалардың қорларының болуы оның салыстырмалы
экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазіргі уақытта
классикалық экономика сценарйі бойынша дамуда.
Өндірістің және шикізат ресурстары экспортының қарқынды дамуы
экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш-төрт жылда
экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді 11.
Өнеркәсіптің шикізат салаларына шетелдік инвестицияларды тарту және
қаржы саласында құрылымдық-индустриялық өзгерістерді жүзеге асыру жөнінде
мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне байланысты Қазақстан
экономикасының дамуында ілгерілеу байқалуда. Елде өмір сүру деңгейі
жоғарылап және ұзақ мерзімді кезеңге индустриялық сервистік-технологиялық
даму сатысына өтуге мүмкіндік беретін каржы ресурстары жинақталуда.
Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикадағы
мемлекет ретінде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерінің ішінде
бірінші болып инвестициялық ел ретінде танылды.
Дүниежүзілік Банк Қазақстанды әлемдегі инвестиция алудан ең тартымды
20 елдің қатарына қосты. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 50
млрд. АҚШ доллары тартылды.
Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының
тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге
интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты
көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған
өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану
"Қазақстан-2030" стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.
2002 жылдың шілде айында қабылданған "Инновациялық қызмет" туралы

жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру,

қарай дамыту.
Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың
жанданып дамуы шикізаттық (газ, мұнай, метал) өндірістен, яғни оларды
сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. Елімізде 1998
жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Оның соңғы бірнеше жылдардағы
көрсеткіші тіпті 10% төңірегінде болып, жоғары өсу қарқынын көрсетті. Бірақ
бұл өсім шикізаттық бағыттағы пайда есебінен, яғни "көз бояушылық" екенін
түсінген ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриалды-инновациялық
саясатын қолға алды. 2002 жылдың шілде айында ҚР Президенті Жарлығымен
иИнновациялық қызмет" туралы Заң күшіне енді. Оның негізгі бағыттары
келесідей:
1. Инновацияның басым бағыттарын анықтап,
инновациялық бағдарламаларрды жасау.
2. Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын
қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау.
3. Инновациялық инфрақұрылымды құру.
4. Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды
мақсатты қаржыландыру
5. Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.
6. Мемлекеттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде
рынокпен қаматамасыз ету.
7. Отандық инновацияларды шетелге шығару 6.
Ғылыми-техникалық инновациял ық бағдарламаларды дамыту
үшін арнайы даму институттары құрылған. Оның ішінде 3 қаржылық және 2
қызмет көрсету институтары бар.
Инновацияны жүзеге асыру үшін оны мемлекеттік қолдайтын құқықтық
актілер, инновациялық қызметтердің іске асуы үшін оны қамтамасыз ететін
қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ
ұйымдарын қалыптастыруымыз керек. Сондықтан инновацияны дамыту үшін осы
сыртқы орталарды да жетілдіруіміз, оларды инновациялық қызметке
ынталандыруымыз керек. Сондай-ақ өнеркәсіп саласын дамыту барысында
кластерлік желілерді дамьпу керек. Кластерлер таяу орналасқан
кәсіпорындарды бір орталыққа шоғырландыра отырып, тізбектелген технология
бойынша соңғы өнім шығаруға қол жеткізудің бірегей тәжірибесі болып
табылады.
"Инновациялық қызмет,, туралы Заңда инновациялық ифрақұрылым құруға
басты назар аударған. Инновациялық инфрақұрылымның негізгі тірегі-
технопарктер 10.
Технопарктер өз кезегінде ұлттық және регионалды болып екіге
бөлінеді. Алатау АТП-не тоқталатын болсақ, ол еліміздегі инвестициялық
жобалардың ең маңыздысы болып табылады. Оған ақпараттық технология және
коммуникация саласындағы әлемдегі озық компаниялар тартылып, Місгosoft.
Hewlett Packard. Siemens т.б әлемдік лидерлермен ынтымақтастық жөнінде
меморандумдарға қол қойылды. Ерекше экономикалық зона ретінде АТП-ның
мынандай басты артықшылықтары бар: корпорация салығы екі есеге
төмендетіліп, жер және мүліктік салықтан мүлде босатылады.
Үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан инновацияны қолдау саясаты мен
нақты іс-шараларға тоқталатын болсақ:
1) бұл үрдістердің жүруін тездететін құқықтық қамтамасыз ету және
экономикалық шараларды жүзеге асыруда бірқатар заң жобалары қабылданды.
"Инвестициялық қор" туралы, "Іехникалық реттеу", "Қазақстанның
инвестициялық қоры", "Сауда қызметі", "Сауда өндірістік палаталар", "Арнайы
экономикалық зоналар" туралы Заңдар қабылданып, Салық Кодексіне өзгертулер
мен толықтырулар пакеті енгізіліп, 2003-2015 жылдарга арналған Индустриялы-
инновациялық стратегия қабылданды.
Мысалы, жоғары қосымша құн қосылған өнім өндіретін кәсіпорындардың
корпоративті табыс салығына 30% жеңілдік, егер экологиялық менеджмент ИСО-
9000 және 14000 халықаралық сапалық стандарттарға сәйкес болса, онда 50%
жеңілдік көрсетіледі және өндіріске енгізілгеннен 10 жылға дейін
корпоративтік салықтан босатылады 12.
2005 жылдан бастап, тозған негізгі қорларды жаңарту мақсатында
амортизациялық аударымдарды есептеудің жаңа тәсілі қолданылатын болады, бұл
Заң жобасы 2004 жылдың қыркүйегінде Парламентте қабылданды.
2) Индустриалды стратегияның дайындық кезеңінің басты
міндеттерінің бірі-
регионалды және халықаралық масштабта елдің бәсекелестікке жарамды
салаларын анықтау. Елбасының тапсырмасымен "Маркетингтік-аналитикалық
зерттеулер" орталығы және дүние жүзіне танымал "Джей Ай Остин"
компаниясымен осы бағытта зерттеулер басталды. Оның қорытынды нәтижесі
жылдың аяғында белгілі болады. Шетел инвесторлары және даму
институттарының қатысуымен жоғары технологиялық өндірістерді құру
жұмыстары да жүргізілуде. Үкімет трансұлттық компаниялар, ірі шетел және
Қазақстан компаниялары арасында инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге
асыруға күш салып келеді. Дүние жүзіндегі ірі компаниялар "Майкрософт",
"Хьюлетт Паккард", "Сименс", "Циско" ынтымақтастық жөнінде
меморандумдарға қол қойылып және машина жасау, металлургия саласындағы
ірі жобаларды жүзеге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz