Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының теорилық негізі



КІРІСПЕ
I.КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢҢ ТЕОРИЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1. Лизингтің мәні, жалпы түсінігі
1.2. Коммерциялық банктердің лизингтік оперциялары
1.3.Шетел тәжірибесіндегі лизингтік операциялар
II КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасына лизингті еңгізу тәжірибесі,проблемалары мен ерекшеліктері
2.2. Лизингтік қатынастардың пайда болуы және қалыптасуы («Темірбанк» АҚ.ның материалдары негізінде)
2.3 Қазақстан Республикасындағы лизингті жетілдірудің жолдары мен проблемалары
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан экономикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-ның экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру. Сондықтан да Ел басшысының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында «экономиканы әртараптандыруға бағытталған Индустриалды –инновациялық стратегияны іске асыру қажет» деп айқындалып беруі бекер болмаса керек.
Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі өндіріске ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу негізінде оған қызмет көрсететін негізгі қорлардың сапалық жағдайын жоғарылату болып табылады. Себебі, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігі және өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің сапасы, көбінесе олардың пайдаланатын негізгі қорларының технологиясы қаншалықты деңгейде қазіргі заман талаптарына сай екендігіне байланысты. Сондай-ақ бізге ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің классикалық факторларының бірі өндірістік база немесе өндірістік аппарат болып саналатындығы да белгілі. Сондықтан да, бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты ҚР-ның тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық негізгі қорларының шамамен 50-70%-ға дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн. Пайдаланылуда жүрген негізгі қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмсалып отырылған инвестициялар көлемінің өте төменгі деңгейі отандық өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерінің төмендеуіне әкеліп соғады. Қазіргі кезде еліміздің ұлттық банктік жүйесінің экономика салаларының несиелік ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері жылдан-жылға жоғарылағанымен, банктік несие есебінен кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін емес. ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек еліміздегі кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту үшін қазіргі таңда 800 млрд. теңгеден аз емес мөлшерде инвестициялар талап етіліп отыр. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш барлық коммерциялық банктерден бөлінген несиелер көлемінен шамамен екі есеге жуық жоғары.
1 ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңы,2000,5шілде
2 Салық кодексі. Салық және бюждетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. Алматы, 2007ж.
3 Исабеков Б.Н. Қазақстанда аралас экономика кезіндегі индустриялдық –инновациялық саясат және кәсіпкерлік мәселелер, концепциялар және шешімдер. Түркістан:Б.Ж., 2006 ж.
4 Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялар. Алматы, 2006ж.
5 Смағұлова Р.О. Қаржы нарығы. Алматы, 2003ж.
6 Қазақстандағы экономика өсімі: көзі, факторлары, тенденциялары және болашаққа болжау, 1 бөлім, Алматы, 2006ж.
7 Оралбаева Ж.З. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру. Алматы, 2007ж.
14 Қаржылық лизинг және экономиканың нақты секторы// Қаржы қаражат, №6,2003
8 Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары// Қаржы қаражат, №2, 2006
9 Лизингтік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескере отырып, лизингтік қатынастарды басқару мәселелері//АльПари,№4, 2006
10 Лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастырудың ерекшеліктері// Банки Казахстана, №6, 2006
11 Әлемдік және отандық лизингтік нарықтың қалыптастыру және даму ерекшеліктері//Хабаршы «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1, 2007
12 «Лизинг дегеніміз не? Немесе кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне кәсіпкерлер құқығын қорғау туралы// Заң газеті, 2003ж. 21 мамыр
13 ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңы// Егемен Қазақстан, 2000ж. 12 шілде
14 Лизингтік қызметтер// Егемен Қазақстан, 2006ж. 24 сәуір
15 Қаржы лизингінің шарты бойынша қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесін қалыптастыру ережелері//Егемен Қазақстан, 2007ж. 16 наурыз
16 Тығырықтан шығаратын тиімді жол//Дала мен қала, 2006ж. 23 сәуір
17 «Темір Лизинг: сатып алатын –біз, игілігін көретін –сіз»//Қазақстан ZAMAN, 2006ж. 28 мамыр
18 Лизингтік жүйенің артықшылығы неде?//Жас Қазақ үні, 2007ж. 22 сәуір
19 Лизингтік қаржыландыру құрылымы жағынан ауыл шаруашылығына жақындау// Айқын, 2007ж. 30 маусым

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстан экономикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға
негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз
етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-ның экономикасының алдындағы
маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі соңғы жылдары өз уақытында
жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық
реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге
тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру. Сондықтан да Ел басшысының
Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында экономиканы әртараптандыруға
бағытталған Индустриалды –инновациялық стратегияны іске асыру қажет деп
айқындалып беруі бекер болмаса керек.
Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті экономиканың
үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни
отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы
отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік
қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі өндіріске ғылым мен
техниканың соңғы жетістіктерін енгізу негізінде оған қызмет көрсететін
негізгі қорлардың сапалық жағдайын жоғарылату болып табылады. Себебі,
нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәсекелестік
қабілеттілігі және өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің
сапасы, көбінесе олардың пайдаланатын негізгі қорларының технологиясы
қаншалықты деңгейде қазіргі заман талаптарына сай екендігіне байланысты.
Сондай-ақ бізге ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің
классикалық факторларының бірі өндірістік база немесе өндірістік аппарат
болып саналатындығы да белгілі. Сондықтан да, бүгінгі күнгі мемлекеттің
ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты ҚР-ның тиімді және тұрақты
экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өндірістік аппаратты құру
болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық негізгі қорларының шамамен 50-
70%-ға дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында
айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн. Пайдаланылуда жүрген негізгі
қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және өнеркәсіптің өңдеу салаларына
жұмсалып отырылған инвестициялар көлемінің өте төменгі деңгейі отандық
өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Қазіргі кезде еліміздің ұлттық банктік жүйесінің экономика салаларының
несиелік ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері
жылдан-жылға жоғарылағанымен, банктік несие есебінен кәсіпорындардың
негізгі қорларын жаңарту қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін емес.
ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек еліміздегі кәсіпорындардың
негізгі қорларын жаңарту үшін қазіргі таңда 800 млрд. теңгеден аз емес
мөлшерде инвестициялар талап етіліп отыр. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш барлық
коммерциялық банктерден бөлінген несиелер көлемінен шамамен екі есеге жуық
жоғары. Осындай тығырықтан шығудың негізгі жолы, лизингтік қатынастарды
негізгі қорларды инвестициялаудың тиімді, ыңғайлы құралы ретінде дамыту
болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде, лизинг экономиканың нақты
секторына инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі бола отырып,
прогрессивті технологиялар негізінде ескірген өндірістік базаны жаңартуға
және шаруашылық субъектілері үшін тиімді шарттармен негізгі өндірістік
қорларды сатып алуға мүмкіндіктер беретін инвестициялық қызметтің ерекше
түрі ретінде кең түрде танылуда. Лизингтің басқа қаржылық құралдармен
салыстырғандағы артықшылықтарына қарамастан, экономикалық қатынастардың бұл
нысаны ҚР-да өте баяу қарқынмен дамуда және бұл мәселе біздің
республикамызда әзірге кешенді зерттеулер объектісіне айнала қойған жоқ.
Инвестициялар жалпы көлеміндегі лизингтік операциялардың үлесі бүгінгі
таңда тек 1,9% ғана құрап отырғандығын, ал шет елдерде бұл көрсеткіш 15-30%
аралығында екендігін және Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі
үшін лизингтік қатынастарды дамытудың өте өзекті болып табылатындығын
ескерсек, сол қатынастарды дамыту жолдарын айқындау және оларды басқару
тетіктерін жетілдіруді ғылыми негіздеу қажеттілігі туындайтыны түсінікті.
Осы мақсатта еліміздегі лизингтік қатынастар нарығындағы төменгі іскерлік
белсенділіктеді және қазақстандық экономика үшін лизингтік қатынастарды
басқару тетіктерін зерттеу объектісіне айналдыру қажет.
Жұмыстың негізгі мақсаты лизингтік қатынастардағы өзгеру үдерістерін
кешенді түрде талдау негізінде оларды басқару тетіктерін жетілдіру бойынша
тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Біз лизинг операциясын елімізге
нақты пайда түсіру үшін лизинг операциясын жасалудың тәртібін реттейтін
арнайы нормативті актілер, заңдар қабылдауымыз керек. Соған орай, еліміздің
экономикасын тұрақтандыру, дамыту үшін лизинг шарты секілді индустрия,
өндірісті инвестициялар арқылы дамытудың қолайлы жолы деп атауға болады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу
қарастырылады:
- лизингтік қатынастардың экономикалық мәнін зерттеу және
теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы, оның өзіне тән барлық
ерекшеліктерін ескере отырып, лизинг түсінігінің тұжырымын
нақтылау;
- лизингті ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының экономикалық
артықшылықтары мен іске асырылу ерекшеліктерін зерделеу;
- инвестициялаудың бір нысаны ретіндегі лизингтің
артықшылықтарын салыстырмалы түрде көрсету арқылы, лизингтік
экономикалық тиімділігін бағалау;
- лизингтік төлемдер сомасын есептеудің қолданыста жүрген
әдістемелік негіздеріне талдау жүргізу және оны жетілдіру
жолдарын ұсыну;
- ҚР-дағы лизингті әр түрлі деңгейлерде басқару қажеттіліктерін
негіздеу арқылы, оларды реттеуді ұдайы жетілдіріп отыру керек
екендігін дәлелдеу;
- лизингтік келісімдегі тәуекелділіктерді ескере отырып,
лизингті басқару мәселелерін зерттеу;
- Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін
жетілдіру жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні ретінде ҚР-ның экономикасының әр түрлі салаларындағы
лизингтік операциялардың дамуы, лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін
жетілдіру жолдары қарастырылады.
Зерттеу объектісіне лизингтік операцияларды іске асыру нәтижесінде ҚР-
дағы әр түрлі ұйымдар арасында пайда болатын лизингтік қатынастар және
оларды басқару үдерістері алынады.
Кез келген өндірістің материалдық-техникалық базасының дамуына кең
көлемде капитал құра алатын ірі несиелендірудің бір түрі –лизинг. Лизинг
ұғымы Қазақстан экономикасына жаңадан келген ұғым. Оны біз Қазақстанның
нарықтық экономикаға көшуімен байланыстырамыз. Ол несиенің бір түрі ретінде
кәсіпорынға қажетті тауарларды және қызметтерді аз мөлшерлі шығындармен
өндіруге және жоғалтулардан сақтауға мүмкіндік береді.
Лизингті белсенді енгізуде ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және
оның құрылымдық қайта құрылуының, елдің сыртқы экономикалық қызметінің
дамуының және дүниежүзілік нарықта отандық кәсіпорын өнімдерінің бәсекелес
қабілеттілігін арттырудың басты факторларының бірі бола алады.
Лизингтік операцияларды жүзеге асырудың әлемдік және қазақстандық
тәжірибелерін оқып-үйрену негізінде лизингтік қатынастардың ерекшеліктері
туралы түсініктерді тереңдету болып табылады. Ұсынылған лизингтік бизнесті
ынталандыру және жетілдіру бойынша шаралардың іске асырылуы Қазақстан
Республикасының лизингтік саласына инвестициялар тартуға және соның
әсерінен кәсіпорындардың өндірістік базасын неғұрлым тез жаңартуға,
өндірілген өнімдердің сапасы мен бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлатуға
әсер етуі мүмкін. Лизингтік экономикалық тиімділігін бағалау және лизингтік
төлемдерді есептеу бойынша әдістемені толықтыру үшін ұсынылған ұсыныстарды
лизингтік келісімге қатысушы субъектілер лизингтік жобаларға ақша
қаражаттарын инвестициялаудың маңыздылығын анықтау және лизингтік қызметтер
нарығындағы лизингтік операциялардың неғұрлым тиімді шарттарын таңдау
кезінде пайдаланылуы мүмкін.

I.КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢҢ ТЕОРИЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1. Лизингтің мәні, жалпы түсінігі
Алу қағидасына негізделген шаруашылық жүргізуші субъектілердің
мүліктік қатынастары басқаша құрылуы мүмкін емес, сондықтан да олар
азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың теңдігі мен дербестігін
бейнелейтін тиісті нысанда көрініс беруі керек. Мұндай нысан шарт
болып табылады. Кәсіпкерлік салада шарттың алатын орны елеулі.
Демек, оның кейбір түрлерімен таныстырсақ, сатып алу –сатудан басқа,
кәсіпкерлік салада кең тарағандары лизинг, кешенді кәсіпкерлік
лицензия, факторинг, форфейтинг және басқалары. Кәсіпкерлік қызметтің
бұл түрлері осы заманғы шеңберде кәсіби кәсіпкерлік айналымды
енгізуге және оның қатысушыларына нақты бағдар беруге мүмкіндік
туғызады. Бұл шарттар кәсіпкерлік қызметтің түріне жататынына ешкім
дау туғыза қоймас, заңнама кесімдері лизингті инвестициялық іс-
әрекетке қатысты деп санап, кәсіпкерлік қызметтің сипатын атап
көрсетеді. Лизинг беруші мен лизинг алушы капиталмен ақшалай емес,
өндірістік нысанда пайдаланады, мұның өзі лизингті инвестиция
тартумен жақындастыра түседі. Бұл шарттар кәсіпкерлік сипатта
болғандықтан көбінесе оларды кәсіпкерлік қызмет түрлері деп атайды,
яғни, қызметтің негізгі мақсаты тұтынушылар мүддесін қанағатандыру
үшін таза кіріс келтіру және кәсіпкерлік қызметте әлеуметтік оң
бағалау. Егер, қажетті заң кепілдік жасалса, лизинг шартымен
еліміздің экономикасына мемлекеттік емес аса ірі инвестициялар тарту
мүмкіншілігі болатыны жөнінде игілікті істер күтіп тұрғанын
сезінгендейміз.
Нарықтық қатынасқа көшу жағдайында кәсіпорынның өндірістік
қызметін дамыту және олардың техникалық жабдықталуын жоғарлату үшін
несиелік ресурстарды, соның ішінде лизингті пайдалану қажет. Лизинг
несиенің бір түрі ретінде кәсіпорынға қажетті тауарды және қызметті
аз мөлшерлі шығынмен өндіруге және жоғалтудан сақтауға мүмкіндік
береді.
Лизингтің дүниежүзілік тәжірибеде пайда болуы тарихтың тереңіне
кетеді. Лизингтік операцияларға ұқсас мәмілелер Батыс Еуропада ХХІ
ғасырда қолданыла бастады. Әсіресе, Венеция мен Генуяда өте қымбат
саналатын теңіз кемесінің якорьлары сауда кемелерінің иесіне жалға
берілген.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э. 2000 жылдай бұрын
ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік
зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер
ретінде 1877 жылы Белл Телефон Компани деген американдық
компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек
етеді. Юнайтед Стейтс лизинг корп. атты алғашқы лизингтік компания
1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы Дойче
лизинг ГМбХ деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта
(Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы
дамып келеді. Лизинг термині
ағылшынның Leasing және Lease деген сөзінен шыққан, яғни
жалға
беру және жалға алу деген мағынаны білдіреді. Лизинг
негізінде ХХ ғасырдың ортасында көп тараған және дамыған. 50 жылдың
соңы мен 60 жылдың басында АҚШ, Батыс Еуропа және Азия Тынық
мұхиты аумағында, өзінің қызметі жағынан ерекше лизингтік компаниялар
пайда бола бастады.
Лизингтік қатынастардың қалыптасуы туралы жазылған экономикалық
әдебиеттерге шолу жасау нәтижесінде, жұмыста әлемдік нарықтағы лизингтің
қалыптасуы мен дамуын олардың сипаттарындағы сапалық өзгерістерге және
лизингтік келісімдердің санының өсуіне байланысты, шартты түрде 5 кезеңге
бөліп қарастырылған және оның әрбір кезеңіне сипаттамалар берілген (кесте
1).

Кесте 1. Әлемдік нарықтағы лизингтің даму кезеңдері*
Кезеңдер
І. ХІХғ. соңы –ХХғ. басы Лизингтің қалыптасуының алғашқы
кезеңі
ІІ. 1950-1960 жж. Американдық кезең
ІІІ. 1960-1970 жж. Лизингтің әлемге таралу кезеңі
ІV. 1970-1980 жж. Лизингтің шу кезеңі
V. 1980-қазіргі уақытқа дейін Әлемдік лизингтік одақтардың құрылу
кезеңі

*Көзі: Хабаршы Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер сериясы,
№1, 2007, 15б.

Әлемнің 59 мемлекеті бойынша статистикалық мәліметтер негізінде
лизингтік нарықтың негізгі көрсеткіштеріне талдау жүргізу арқылы, қазіргі
уақытта лизингтің әлемнің шамамен барлық аумақтарында дамуда деген
қорытынды жасалды. Соған байланысты, әлемнің көптеген елдеріндегі
инвестицияның жалпы көлеміндегі лизингтің алатын үлесіне байланысты,
лизингті инвестициялаудың болашағы бар бір нысаны деп толық санау
мүмкіндігі бар. Бірақ осы көрсеткіштің неғұрлым жоғары мөлшері экономикалық
даму деңгейлері жоғары елдерде (АҚШ, Батыс Еуропа елдері) байқалатындықтан,
экономиканың даму деңгейі лизингтің дамуы үшін қажетті шарт болып табылады
деген қорытынды жасалынған.
Лизинг біздің елде 1989 жылы банктер лизингтік операцияларды іске
асыра бастағанда пайда болған. 1990 жылы бұрынғы Қазақ ССР Госснаб
кезінде жасалынған Прокат (ежіре) және лизинг 95 жүйесінде
прокатты және лизингті дамытудың мақсатты бес жылдық бағдарламасын
іске асыратын коммерциялық банктік мекемелерді және машинаны,
жабдықтарды, көліктік құралдарды алдын ала сатып алумен және оларды
шаруашылық етуші субъектілерге белгілі шарттарға сәйкес пайдалануға
берумен айналысатын лизингтік фирмалар болды.
Еліміздегі лизингтің қалыптасуы мен даму ерекшеліктеріне сипаттама беру
үшін, жұмыста 2005 жылдың желтоқсан айында Қазақстандағы лизинг: тәжірибе,
мәселелер және даму болашағы деген тақырыпта болып өткен халықаралық
дөңгелек столда болған пікір алмасулар нәтижесінде лизингтік бизнестің 15
жылдық тарихының шартты түрде анықталған кезеңдеріне арнайы кесте құрастыра
отырып талдаулар жасалынған (кесте 2).

Кесте 2. Қазақстандағы лизингтің қалыптасу және даму кезеңдері*
Жылдар аралығыКезеңдердің Қысқаша сипаттама
Аты
І-кезең Пайда болу Алғашқы лизингтік компаниялар құрылды
1989-1992 Кезеңі және кейбір коммерциялық банктер
лизингтік операцияларды аз көлемде іске
асыра бастады.
ІІ-кезең Баяулау Қазақстанның ішкі нарығындағы
1992-1994 Кезеңі экономикалық дағдарыстардың әсерінен
лизингтік бизнестің қарқыны баяулай
бастады.
ІІІ-кезең Жандану, қайта Лизингті мемлекттік қолдау және
1995-2000 даму ынталандыру дами бастады, сондықтан бұл
Кезеңі кезеңді мемлекеттік лизинг кезеңі деп
те атауға болады.
ІV-кезең Банктік лизинг Банктік лизингтік компаниялардың
2000-2005 Кезеңі құрылуымен байланысты лизинг
коммерциялық секторда өте тез
қалыптасып, дами бастады.

*Кестені статистикалық жылнамалар негізінде.

Осы кестеде көрсетілген кезеңдерді 2006 жыл және одан жоғары жылдар деп
толықтыру ұсынылған. Себебі, 2006 жылдың қаңтар айында Қаржылық лизинг
туралы ҚР-ның Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі.
Ондағы ең маңызды өзгерістердің бірі лизинг алушылардың лизинг бойынша
есептелінген сыйақы сомаларын толық көлемде салық салынатын табыстан шегеру
құқығының берілуі және лизингке беру мақсатында сырттан әкелінетін
құрылғылардың импорты кезінде ҚҚС-нан босатылатындығы болып табылады. Яғни,
штелдік тәжірибе көрсеткендей, лизингтік операцияларға салық салу тәртібі
бойынша енгізілген жеңілдіктер отандық лизингтік нарықтың дамуына оң ықпал
ететіндіктен, біз оны еліміздегі лизингтің қалыптасуы мен дамуының V-кезеңі
және лизингтің қарқынды дамуы мен лизинг саласы бойынша Қазақстанның басқа
мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық кезеңі деп атауды ұсынамыз.
Лизинг жөніндегі түсініктер, ең алдымен, мүлікті уақытша
пайдалануға беру, берілген мүлікті сату, сатып алуды іске асыру
және заемды рәсімдеу кезінде жасалынатын мүліктік арендалық келісім-
шарт сипатымен анықталынады. Бұл келісім-шарттың жиынтығы лизингтің
шынайы мәнін және оның формасының әр алуандығын білдіреді.
Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал- жабдықтарды,
машиналарды, техникаларды, өндірісте, сауда -саттыққа және қоймаға
арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен
белгіленген мерзімде пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру
шарты.
2000 жылдың 5 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Қаржы
лизингі туралы заңына сәйкес лизинг дегеніміз – лизингтік келісімге
қатысушылар ретінде лизингке беруші, лизинг алушы және лизингке
берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Лизингке беруші—бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар
есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және
оны лизингтік келісім-шарт негізінде лизингке алушыға беретін
лизингтік келісімнің қатысушысы. Лизингке беруші бір мезгілде басқа
лизингтік келісімге қатысушы ретінде көрінуге құқығы жоқ.
Лизингке алушы—лизингтік келісім-шарт негізінде кәсіпкерлік
мақсат үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингтік
келісімге қатысушы тұлға.
Лизингке беруші лизингке алушыға негізгі капитал элементтерін
келісім-шартта көрсетілетін мерзімге және белгілі бір төлем ақымен
бере отырып, шын мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік,
қайтарымдылық, төлемділік қағидаларын іске асырады. Бірақ, басқа
жағынан алып қарағанда лизингке беруші де және лизингке алушы да
ақшалай емес, яғни өндірістік формадағы капиталмен жұмыс істейді. Бұл
жағдай лизингті инвестиция түсінігімен жақындастырады және лизингтің
халық шаруашылықтық мәнін жоғарлатады.
Лизинг объектісі болып нарықта еркін айналуға тыйым салынған
негізгі құралдың жіктелуіне жататын кез келген жылжымалы және
жылжымайтын мүліктер табылады.
Қаржылық лизинг туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
бағалы қағаздар және табиғи ресурстардан басқа да кәсіпкерлік қызмет
үшін пайдаланылатын кез келген тұтынылмайтын заттар лизингтік
келісім – шарттың негізі болып санала алады.
Қаржылық лизинг мәселесімен айналысатын көптеген Ресей
экономистері лизингті жалға беру және несиелік операцияларды
біріктіретін аялар деп қарастырады.
Лизингтің несиеден қарағанда өзіндік ерекшелігі бар, ол тиімді шарт
ұсынады (қосымша 1). Нәтижесінде ұзақ мерзімді инвестицияны қаржыландырудың
негізгі қаражатының жетіспеушілігіне байланысты клиенттерге қолайлы.
Банктік несиенің және лизингтің меншікті қаражаттарының инвестициялық
қаржыландыруда лизинг арқылы қаржыландыру көбірек тиімді, бірақ меншік
қаражатынан азырақ тиімді (қосымша 2)
Кез келген лизингтік келісімнің негізі қаржылық, нақты айтқанда
несиелік операция болып табылады. Мүлік иесі (лизинг беруші) оны
пайдаланушыға (лизинг алушыға) қаржылық қызмет көрсетеді. Ол мүлікті
толық құнына сатып алады және лизингке алушының жарнамалары есебінен
ол соманың орнын толтырады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, лизингтің
экономикалық мәні –ол мүлікті уақытша пайдалануға беру формасындағы
лизинг берушінің лизинг алушыға берген несиесі. Сонымен, лизинг
сыртқы тұрғысынан коммерциялық несиемен өте ұқсас, бірақ екеуінің
арасында айырмашылықтар бар. Бұл айырмашылық ең алдымен меншік
қатынастарынан көрінеді. Коммерциялық несие кезінде тауарға деген
меншік құқығы бірден беріледі. Тауарға төлем жүргізу уақыты кейінше
шегеріледі. Лизингтің несиеден айырмашылығын келісім-шартта
көрсетілетін төлемдер төленіп мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг
объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге
болады.
Қаржылық лизингтік келісім кезінде мүлікті пайдалану құқығы оны
иелену құқығынан алшақтандырылады, яғни, уақытша пайдалануға берілген
меншік құқығы лизингке берушіге сақталынады, ал оны пайдалану құқығы
лизингке алушыға өтеді. Пайдалану құқығын иелену үшін лизинг алушы
лизинг берушіге алдын-ала келісілген лизингтік төлемдер төлейді.
Лизингтік келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін уақытша пайдалануға
берілген объект лизинг берушінің меншігінде қалады.
Коммерциялық несие тауар формасында беріледі және ақша
формасында өтеледі. Лизингтік келісім негізінде несие тауар
формасында беріледі. Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін келісім
объектісі лизинг берушіге заттай формада қайтарылады. Лизингтік
келісім компенсациялық сипатта да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда
лизингтік төлемдер жалға алынған құрылғылардың көмегімен өндірілген
өнімдер формасында жүргізілуі мүмкін.
Шартты мысал негізінде несиелік және лизингтік нұсқалар бойынша
есептеулер кезінде алынған соңғы нәтижелерді бір кесте түрінде көрсету
арқылы салыстырулар жүргізілген (кесте 3).

Кесте 3. Несие және лизинг есебінен құрылғыларды сатып алу құндарын
салыстыру.*
Көрсеткіштердің аттары Несиелік нұсқаЛизингтік нұсқа
1. Құрылғыны сатып алу шығындарының 1318,8 1057,23
дисконтталған құны PV төлемдер
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша 395,2 363,64
үнемділіктің дисконтталынған құны PV үнем
3. Құрылғыны сатып алу шығындарының 923,6 693,59
дисконтталған құнының салық бойынша
үнемділіктің дисконтталынған құнына
азайтылуы (1 жол-2жол)
4. Салық бойынша үнемділік құнының 29 34
құрылғының алғашқы құнына пайыз түріндегі
қатынасы (2жол 1жол*100 пайыз)

*Кестені статистикалық жылнамалар негізінде.

Сонымен, қаржылық лизинг банктік несиелеудің альтернативті болып
табылатын күрделі қаржыны қаржыландырудың ерекше формасы. Ол өндірісті
компанияларға көп шығын жұмсамай – ақ қажетті тауарларды алуға және
өндірістік құрал-жабдықтардың ескіруімен байланысты тәуекелділіктерден
сақтауға мүмкіндіктер береді. Яғни, лизинг – уақытша пайдалануға
негізделген мүліктік қатынастар кешені. Бұл кешеннің құрамына жалға беру
туралы келісім-шартпен қоса, мүлікті сатып, сатып алу туралы келісім-шартта
кіреді. Лизинг үшін осы келісім шарттардың күрделілігі тән. Және тағы бір
ерекшелігі жалға беруде екі тарап қатысса, яғни жалға беруші және
жалға алушы, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы
және жабдықтаушы болады.
Сонымен қатар, лизинг алушы арендатор сияқты затты тек ұзақ
пайдалануға ғана алмайды, сонымен қатар, меншік құқығымен байланысты
сатып алушының міндеттері жүктеледі: мүлікті төлеу, мүліктің
кездейсоқ жойылуынан болған зиянды өтеу, мүлікті сақтандыру және
техникалық қызмет көрсету, жөндеу. Бірақ мүліктің меншік иесі лизинг
берушінің өзі болады. Лизинг мәмілесінің объектісінің жойылуы
немесе оны пайдаланудың мүмкінсіздігі қарызды толық өтеу
міндеттерінен босатпайды. Лизинг алушы арендатор сияқты мүлікті
пайдалану құны үшін ай сайын ақысын аренда берушіге төлеп тұрмайды.
Ол мүлікті пайдалану үшін лизинг берушіге мүліктің толық құнын
төлейді. Дефект табылған жағдайда лизинг берушіге гарантиялық
міндеттерінен түгелдей босатылады.
Бұл жағдай негізделген, себебі лизинг беруші мүлікті лизинг
алушының сұрауымен және оның мүддесіне сатып алады. Сондай-ақ,
міндеттердің бұлай бөлінуі мүлік алушының мүлікті күтіп ұстауының
кепілі болып табылады.
Қаржылық лизингтің экономикалық артықшылықтарын лизингтік қатынасқа
қатысушы әрбір жаққа қамтамасыз ету белгілерінен көреміз. Лизингтің
кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай
артықшылықтарының болуына байланысты:
- лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ
кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле
жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің
меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда
несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел
бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын
іздестіруге кетеді);
- лизинг 100 пайызға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға
қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа
құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және
пайда табуға мүмкіндік береді;
- кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша
алған қолайлы, себебі бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады;
- лизинг арқылы құрал-жабдықтарды алу тәсілі кәсіпорындарды күрделі
ақшамен басқаруда мүмкіндік береді;
- кұрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына
байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып мүлікке
салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы
салықтық жеңілдіктер алады;
- несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсаты
пайдалануына ешқандайда қадағалау болмайды.
- лизинг – тұтынушы мен сатып алушы үшін бәсекелестік күресте жеңісті
қамтамасыз ететін тәсілдерінің бірі;
- дайын өнімдер артығын азайту жолы капиталдың айналымдылығын
жылдамдату мүмкіндігі;
- капитал құрылымының оптимизациясы және ұзақ мерзімді қаржыландыруды
тарту;
- өндірісті қазіргі деңгейде қолдау мүмкіндігі, төлем мерзімінің
максималды ұзартуын жүзеге асыру және мүліктің жеделдетілген амортизациясы;
- лизинг арқылы өндіріске инвестор ретінде ақша қаражаттарын салу
арқылы лизингтік бизнеске қатысушылар үшін де лизингтік операциялардың
артықшылықтары бар. Оларға лизинг беруші тұлғаларды жатқызуға болады.
Көптеген экономикалық әдебиеттерде келесідей артықшылықтары айтылады:
- лизинг берушінің тәуекелділіктері төмен. Себебі, лизинг объектісі
келісімге кепіл болады. Яғни, лизинг беруші лизингке берілген мүлікке
меншік құқығын сақтайды;
- өндіріс салаларына мемлекеттік қолдау болған жағдайда отандық бюджет
қаражаттарын тарту;
- көрсеткен қызметтері үшін белгелі бір мөлшерде пайда алады.
Ал кемшіліктерін айтатын болсақ, олар:
- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан
(әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақта ескірген құрал
- жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында
болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның
орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.
Лизинг қызмет нарығында іскерлік белсенділіктің жоғарлауы көбінесе
лизингтің тиімділігімен байланысты. Лизингтің тиімділігі мыналар:
- кәсіпорынның қондырғыны сатып алуда үлкен қаржыларды жұмсамау;
- кәсіпорын қаржыларының капиталдық салымдарға бөлінуінің
қажеттілігінің азаюы;
- есептеулер үшін тұрақты негіз, яғни жабдықты сатып алуға
кеткен шығындарды келісім-шарттың барлық мерзіміне біркелкі
тарату;
- лизинг төлемді өтеу кезінде лизинг берушімен лизинг алушы өзара
уақыты мен өлшем туралы келісуге болады;
- баланстық артықшылықтар, яғни лизингтік төлемдер баланста
ағымды шығындар ретінде жүреді. Сонымен қатар бұл төлемдер
елдің сыртқы қағаздарының көрсеткіштеріне есепке алынбайды;
- мүлік лизинг берушінің балансында болғандықтан лизинг алушы мүлікке
салынатын салықтан босатылады. Лизинг объектісінің жеделдетілген
амортизациясының пайдаланылуы оған өндірісті жедел түрде жаңартуға,
қайта құруға мүмкіндіктер береді;
- маусымдық және күтпеген өндірістік мәселелерді шешудің жеделділігі;
- келісімді қамтамасыз етудің тиімділігі. Себебі, лизингтік мүлік
кепіл ретінде алынатын болғандықтан несие алғаннан гөрі, лизинг
бойынша мүліктерді алу ыңғайлы;
- кіші және орта фирмалар үшін мүліктің табиғи және моральдық тозу
тәуекелділіктерінің азаюы. Мұндай тәуекелділіктер мүліктер уақытша
пайдалануға алынатын болғандықтан лизинг берушіге өтеді;
- пайдаланушыға кепілдеме беру жөнінде талаптардың жоқтығы.
Лизингтің бұл барлық тиімділіктері жиынтығында лизингтік
мәмілелерді іске асыруда лизинг алушыға түрткі болатын себептер
ретінде қызмет етеді. Бұл арқылы жалға алынған мүлік пайдаланылады.
Мұндай мәмілеге лизинг берушілер де қызығады. Егер олар
коммерциялық банктер болса, онда олардың тиімділігі банктік
капиталды пайдалану саласын кеңейтуде, өздерінің қаражаттарын азғантай
тәуекелмен орналастыруда, салықтық жеңілдіктер алуда және жабдықтарды
өндірушілермен тікелей ынтымақтастықты орнатуда көрінеді. Ал
лизингтік компаниялардың тұлғасы ретінде лизинг беруші үшін
тиімділік мүлікті өткізу шеңберін кеңейту және қолма-қол ақша
алудан құралады. Лизингтік мәміленің негізіне мынандай элементтер
жатады:
1. Мәміленің объектісіне—амортизацияға жататын, қозғалатын және
қозғалмайтын мүлік, сонымен қатар мүліктік құқықтар және акция
пакеті жатады. Акция пакетінің лизингі республика Үкіметімен
бекітілген және қағидамен белгіленеді. Нарықта еркін айналуға тыйым
салынған мүліктер мәміленің объектісі болып табылады.
2. Лизинг субъектісі. Лизинг мәміленің субъектісі болып мәміле
объектіге тікелей қатысы бар жақтар табылады. Сонда оларды тікелей және
жанама қатысушыларға бөлуге болады.
Лизинг мәміленің тікелей қатысушыларына мыналар жатады:
- лизингтік фирмалар мен компаниялар (лизинг берушілер мен лизинг
алушылар);
- өндірістік (өнеркәсіп және ауыл шаруашылық), сауда және көлік
кәсіпорындары, халық (лизинг алушылар немесе лизинг берушілер);
- мәміле объектілерін жабдықтаушылар-өндірістік және сауда
компаниялар.
Лизинг мәміленің жанама қатысушыларына лизинг берушіні несиелейтін және
мәмілелердің кепілдеуші болатын коммерциялық және инвестициялық банктер,
сақтандыру компаниялары, брокерлік және басқа да делдал фирмалар жатады.
3. Лизинг мерзімі (лиз мезгілі). Лиз мезгілі дегеніміз лизинг келісім-
шарттың қызмет ету мерзімі. Лизинг ұзақ мерзімді жалдың ерекше түрі
болғандықтан, мәміленің объектілерінің қызмет ету ұзақ мерзімі мен жоғары
құны лиз мезгілінің уақытылы шектеулерін анықтайды.
4. Лизинг құны. Лизингтік операциялардың жобасында ең қиыны –бұл лизинг
берушіге тиісті лизинг төлемдер сомасын анықтау.
Лизинг –бұл тәуекелдің жоғары деңгейі бар банк операциясы. Лизинг
бизнестің капитал көлемін көп қажет ететін түрі болып табылады және
лизингтік компаниялар қарыз қаражаттарды кең түрде тартуға мүдделі.
Сондықтан коммерциялық банктер үшін лизингтік операцияларда жанама түрде
ғана емес (бөлімді, басқарманы ұйымдастырып), лизингтік компанияларды
қалыптастыру арқылы, сонымен, лизингтің көлеміне, бағытына, нақты түрлеріне
әсерін тигізіп, тікелей түрде қатысуы маңызды.

1.2. Коммерциялық банктердің лизингтік оперциялары

Қазақстан банктері игере бастаған несиелік қатынастардың жаңа
формаларының біріне лизинг жатады. Бұл операция әлемдік іс-тәжірибеде
кеңінен тараған.
Лизинг феномені 80-жылдардың басында жай ұзақ мерзімді жалгерлік
(аренда) ретінде емес кепілдік пен несиелік қаржыландырудың, борыштық
міндеттеме бойынша есеп айырысудың және басқа да қаржылық тетіктердің
элементтері кездесетін, жалгерлік қатынастың ықпалындағы келешегі зор
қаржыландырудың жаңа, дәстүрлі емес, қосымша жүйесі ретінде анықталды.
Лизингілік операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірістік
қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз
ықпалын тигізгендіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция
болып табылады.
Лизингілік бизнес кәсіпкерлік қызметінің айрықша саласы. Оны өзінің
мүмкіндігіне қарай қолданатын болса, ол өндірісті техникалық жағынан қайта
жарақтандырудың, қазақстандық экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта
құрудың, нарықты сапасы жоғары тауарлармен қамтамасыз етудің аса қуатты
импульсіне айналуы мүмкін.
Оны шаруашылық іс-тәжірибесінде қолданудың нәтижесінде қол жеткізуге
болатын лизингілік мәмленің тиімділігі мыналарда: лизинг алған кәсіпорын
өзінің қаржылық жағдайын жақсартады, инвестициялық процесті жандандырады,
шағын және орта бизнестің бәсекеге жарамдылығын арттырады.
Қаржылық лизинг – банк лизингке алушының тапсырысы бойынша сатып
алған жабдықты немесе техниканы клиентке жалға беру, ал жал мерзімі
аяқталған кезде сол мүлікке меншік құқығы да клиентке беріледі.
- лизинг өндіріс құралдары қоры нарықтың заманымызға лайық талаптарына
сәйкес ұстауға мүмкіндік береді, ал бұл сіздің бәсекелестік
қабілеттеріңізді артты түседі.
- лизинг лизингке алушының таза табысын сақтай отырып және оның
тиімділігін кемітпей, негізгі құралдарын көбейтуге мүмкіндік береді.
- лизинг негізгі борыш сомасын өтеу жөнінен лизингке алушыға белгілі
бір кезеңге жеңілдік жасайды. Бұл орйда ерекше айта кететін мәселе –
Қазақстан нарығындағы лизинг мерзімдері ақшалай несие алу мерзімдерінен
әлдеқайда жоғары.
- лизинг шарты бойынша лизингке алушы барлық төлемдерді құрал-жабдықтың
өзіндік құнына жатқыза алады.
Лизнгтік келісімшарттың мерзімі біткенде лизинг алушының мыналарға
мүмкіндігі бар болады:
- ең қолайлы шартпен келісімшарттың мерзімін ұзартуға;
- лизинг берушіге құрал-жабдықты қайтаруға;
- нақты нарықтық құны бойынша сатуға келісім берсе (опцион) лизинг
берушіден құрал-жабдықты сатып алуға. Келісімшартты бекіту барысында
лизингтің контрактінің аяқталу сәтінде мәмленің қалған нарықтық құнын
алдын ала дәл анықтау мүмкін емес, сондықтан да лизингтік форма құрал-
жабдық нарығының конъюктурасын жақсы білуі керек.
Лизинг алушы мүлікті иеленумен байланысты, мысалы, оның сапа жағынан
тозуымен, өндірілген өнімге деген сұраныстың өзгеруіне қарай пайдалылықтың
кемуімен, құрал-жабдықтың сынуымен, құрал-жабдықтың бос тұрып қалуы және
жөндеуден өтуі салдарынан туындайтын тікелей және жанама өнімсіз шығынның
тартуымен байланысты қатерлерден оперативті лизингтің көмегімен қашып
құтылуға ұмтылады. Сол себепті де лизинг алушы оперативті лизингті мына
жағдайларда қолайлы деп санайды:
- жалға алынған мүліктің пайдалануынан түсетін ұйғарымды табыс оның
бастапқы бағасын өтей алмайды;
- құрал-жабдық аз ғана мерзімге қажет (маусымдық жұмыстар немесе бір жолғы
пайдалану);
- құрал-жабдық арнайы техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді;
- мәмленің объектісі ретінде жаңа, тексерілмеген құрал-жабдық алға шығады.
Оперативті лизингтің осы айтылған ерекшеліктері оның ауыл
шаруашылығы, кен өндіру өнеркәсібі, құрылыс салу, ақпаратты электрондық
өңдеуден өткізу секілді салаларда қолдануын белгілеп берді.
1.3.Шетел тәжірибесіндегі лизингтік операциялар
Leaseurope еуропа лизинг компаниялары ассоциациясының деректері
бойынша, қауымдастыққа мүше 25 елдің лизингтік операцияларының жалпы көлемі
1994 жылы 85,3 млрд. ЭКЮ болған. Бұл жыл соңғы жылдардағы құлдырау
кезеңдеріне қарағанда өрлеу, лизингтік қызметтің жандану кезеңінің басы
болды.
1994 жылы Еуропа Одағының 12 елінің өнеркәсіптік өндірісі 5,2%-ке
өсті. Сондықтан экономикалық белсенділіктің артуы сол сәтінде-ақ лизингтік
операциялардың 7 процентке өсуіне әсер етті.
Leaseurope мүше елдердің лизингтік операцияларының басым бөлігін
жылжымалы мүліктермен операциялар құрайды. Алайда соңғы 9 жылдағы
статистика жылжымайтын мүлікпен лизингтік операциялардың үлесі жыл өткен
сайын қарқыны өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бір қызығы, бұл үрдіс экономика
көтерілген кезде де, сол сияқты құлдырау кезінде де сақталған. Дегенмен
жекелеген елдердің лизингтік операцияларының көлемі әр түрлі. Сондай-ақ
лизингтік қызмет туралы заңның болуы мен болмауы арасындағы байланыстың
лизингтік операциялардың көлеміне әсер етуі жөнінде бір байлам жоқ. Мысалы,
Германияда лизингтік қызмет арнайы заңмен реттеледі, ал жалпы инвестиция
көлеміндегі лизингтің үлесі орташа деңгейде – 1994 жылы 15,8% болды. Жалпы
Германия Еуропа мемлекеттерінің арасында лизингтік операциялар көлемі
жөнінен көшбасшы болып табылады. Ал лизингтікке арналған заңдары бар
Франция мен Португалияда лизингтік операциялардың көлемі айтарлықтау емес.
Жалпы ұлттық инвестициялардағы лизингтің үлес салмағы бойынша екі
негізгі ел – Ирландия (46%) және Англия (35,8%) көшбасшы болуда. Бұл ретте
Англиядағы лизингтік операциялардың номиналдық сомасы немістердікінен
қалыса қоймайды (18,853 млрд. ЭКЮ). Ирландияда бұл көрсеткіш аз – 1,05
млрд. ЭКЮ. Үшінші топқа Шығыс елдерін жатқызуға болады. Оларда бір
таңқаларлығы лизингтік операциялар енді енді дамып келеді. Абсолютті көлемі
мен үлес салмағы төмен, бірақ өсу үрдісі байқалады. Бұлардың қатарына Чехия
қосылмайды. Былтыр олврдың лизингтік операцияларының жалпы көлемі 817 млн.
еуроға жетті. Бұл Норвегия мен Германиядан анағұрлым көп.
а) АҚШ-та лизинг ХХ ғасырдың 50-жылдарында пайда болған. АҚШ-тың
үлесіне лизинг бойынша жеткілілетін тауар айналымының жартысына жуығы
келеді. 1986 жылы АҚШ-қа лизинг бойынша 85 млрд. долларға жабдық жеткізілді
(елдегі жабдыққа инвестицияның 28%).
АҚШ-та лизигтің жылдам дамуының бір себебі салық жеңілдіктері болып
табылады: жеделдетілген амортизация және инвестициялық салық жеңілдігі
(жаңа инвестиция құнының 10%-не дейін салық сомасы шегерілді). Мысалы,
жабдық сатып алу бойынша шығыстар – 100 000 доллар, инвестициялық жеңілдік
– 10%, 100 000 доллар салық сомасы шегеріледі. Бірақ салықтық жеңілдіктер
алу құқығы шарт АҚШ-тың Қаржы министрлігінің Ішкі кірістер басқармасының
жалдау үшін белгілеген ережелеріне сәйкес келгенде ғана ұсынылды. Ол
ережелер мынадай:
- лизингтің ұзақтығы 30 жылдан кем болмауы керек;
- лизинг мүлікті нарықтық бағадан мүлдем төмен бағаға сатып алу мүмкіндігін
көздемеуі тиіс;
- лизинг бастапқыда көбірек, кейіннен азырақ болатын төлем графигін
көздемеуі керек. Бұл лизингтің салықтан жалтару құралы ретінде
пайдалануының дәлелі болады;
- лизинг жалға берушіні қалыпты нарықтық деңгейдегі табыспен қамтамасыз
етуі тиіс;
- лизингті ұзарту мүмкіндігі жабдықтың қалыпты нарықтық құнын ескеруі тиіс.
1994 жылға дейін фирмалар оның құнын өз баланстарында көрсетпей-ақ
жабдықты жалға алатын еді, яғни баланстан тыс есепке алды. Сондықтан да
фирмалар елеулі қарызы болса да өсіп бара жатқан берешек сомасын
көрсетпестен тағы да жабдық ала беретін. Осылайша нақты борыш инвесторлар
мен сарапшылардан жасырын қалатын. 1976 жылы Қаржылық есепке алуды
стандарттау басқармасы № 13 қайлы шығарды. Онда бірқатар қаржылық
мәмілелерді мүлік сатып алу және өзіне қаржылық міндеттеме қабылдау ретінде
есепке алуға мәжбүрлеген. Бұл қаулының мақсаты шынайы лизингті және
лизинг арқылы сатып алуды шектеу болды. Қаулыда мынадай пункттер
келтірілді:
- мәміле соңында еншік құқығы жалдаушыға өтеді;
- лизингтік мәміле жабдықты мәміле соңында нарықтық бағадан төмен
бағаға сатып алуға мүмкіндік береді;
- мәміле мерзімі пайдалы қызмет ету мерзімінен көп немесе 75%-не тең;
- лизингтік төлемдердің ағымдағы құны (сақтандыруға, басқаруға, салыққа
төлеместен) жабдықтың қалыпты нарықтық бағасынан артық немесе 90%-не тең.
Егер мәміле осы талаптардың тіпті болмағанда біреуін қанағаттандырса,
онда мүлік жалдаушының балансында пассивте корреспонденттелетін борыштық
міндеттеме (Қаржылық лизинг бойынша міндеттеме) ретінде есепке алынады.
Егер мәміле жоғарыда көрсетілген талаптардың ешқайсысын да
қанағаттандырмаса, онда мүлік жалдаушының балансына қосымша ретінде есепке
алынады.
1986 жылдан бастап лизинг үшін жағдай салық негізінде өзгерді,
өйткені үкімет мұның астарынан басқа мемлекеттердің игілігіне субсидияны
байқады (Салық жеңілдіктерінің экспорты). Инфляция шапшып тұрған 60-70
жылдары енгізілген салық жеңілдіктері 80 жылдардағы экономика
тұрақтанғандағы кезеңде күрделі қаржы салымын ынталандырушы тиімді құрал
бола алмады. АҚШ-тағы салық реформасы салықтық инвестициялық жеңілдікті
және амортизация саласын өзгертуді жою арқылы салық жеңілдіктердің
қолжетімділігін қысқартты. Салық реформасы лизингтің экономикалық пайдасын
едәуір төмендетті, әйтсе де оның дамуы тоқтамады.
Мұның мәні лизингтік мәмлелерді өтеу жай несиелерді өтеуге қарағанда
сонда да икемді болды. АҚШ-та көптеген лизингтік компаниялар басқа
кредиторларға қарағанда жабдықты жақсы біледі. Өйткені лизингтік
компанияның кредит беруге мүмкіндігі мәміле мерзімі өткеннен кейін жабдық
сата алу мүмкіндігіне байланысты, сондықтан да компаниялар барынша құнды
және тиімді жабдықтың лизингіне мүдделі. Мұндай жағдайда олар осындай
барлық тәуекелді қарсылықсыз алады. Бірқатар салық жеңілдіктері әйтсе де
сақталады.
Соңғы уақытта қайтармалы лизингтің (мұнай танкерлері, теміржол
контейнерлері, компьютерлер, ұшақтар), жедел лизингтің (көлік, баспа
жабдығы) маңызы артуда. Әсіресе авиацияда ерекше жеңілдіктің болмауына
қарамастан жедел лизингтің өсуі байқалады. Халықаралық лизингтік қаржылық
корпорация (ILFC) АҚШ-та 1973 жылы негізі қаланып, 1983 жылы наурызда
мемлекеттік компания болды. Ирландық Gyness Peat Aviation Group (GPA)
компаниясымен бірге ол нарықтағы жағдайды белгілейді. Оның портфелінде 150-
ден аса ұшақ бар. Ол ұшақтарды клиенттерге 3-5 жылға береді. Ұшақтарды
жедел жалға берудің халықаралық нарығы қарқынды дамыды. Олар бүкіл
лизингтің нарықтың 10%-ін иеленеді. Американдық ірі лизингтік компаниялар:
Bank Amerilase Group, Golodefz Trading Corp., Security Pacific Consider
Corp. болып табылады.
б) Ұлыбританияда 1970 жылдан кейін елеулі дамыды, яғни салық
жеңілдіктерін енгізгеннен кейін дамыды. Компаниялар жылына салық салынатын
пайдадан 100% инвестицияны шеге алды. Бұл жеңілдіктер табысы жоғары
компаниялардың қолжетімі болды, алайда жанама түрде жалдаушыларға да
қолжетімді болды. Сондықтан, ол инвестицияны жыл басында жасаған болса,
онда оған осы жеңілдіктерден пайда алу үшін біршама уақыт күтуге тура
келді. Бірақ ол жабдықты лизингтік компанияға сатып, кейіннен оны жалға
алса (лизингтік компанияда қаржылық жыл ертерек болу шартымен), онда жанама
пайдалар тезірек алынды. Сондықтан лизингтік компаниялар қаржылық жылының
соңына әртүлі аяқталатын филиалдар ашады. Салықтық инвестициялық жеңілдік
өтеусіз, ол жалдау төлемдеріне салық арқылы кері қайтады, дегенмен ол мүлік
құнының 52%-не тең болатын прцентсіз несие ұсынады, бұл жалдаушы үшін
лизинг құнынан көрінеді.
1984 жылы үкімет корпорациялық салықтың 1986 жылдың сәуіріне қарай
52%-тен 35%-ке дейін төмендетілетінін, ал бірінші жылдағы 100 проценттік
жеңілдік 25 проценттік регрессивті (writing down) жеңілдікпен
ауыстырылатынын (25% - бірінші жылы, 25% қалдық - екінші жылы және т. б.).
Өзгерістер біртіндеп жүрді.
Өйткені корпорациялық салық біртіндеп қысқарды, ал өзгерістер
лизингтің дамуында бірден көрінбеді. Салық жеңілдіктерінің бір бөлігі
сақталды. Бұл электронды өнеркәсіп саласындағы лизинг үшін өте пайдалы.
Сонымен бір жыл ішінде жалдау төлемдеріне салық салынбайды. Енді мұны
анығырақ түсіну үшін төмендегі кестеге назар аударайық.

1-кесте. Ұлыбританиядағы лизингке салынатын салық ставка мөлшерлері

Қаржылық жыл Салық ставкасы, % Бірінші жылдағы
жеңілдік, %
198384 ж. дейін 50 100
198384 50 100
198586 45 75
198687 жылдан 2006 40 50
жылға дейін
35 25

Кейіннен лизинг көлемі инвестицияның көлемі қанша
болатынына, табыс деңгейі төмен компаниялардың қанша және компаниялардың
қаншалықты лизингті өз инвестицияларын қаржыландыру үшін пайдалануын
жалғастыратынына байланысты болады.
в) Франция. Лизинг мұнда кеңінен таралған, әсіресе оның креди-бай
деген түрі танымал. 1967 жылдың сәуірінде бірінші француз компаниясы
Локафранс құрылды. Қазіргі кезде Францияда ұшақтар мен тікұшақтар,
кемелер мен баржалар, көтеру-көлік жабдықтары, контейнерлер, есептеу
техникалары, медицина жабдықтары, полиграфия, ірі өнеркәсіп жабдықтары
лизингтері дамыған.
Франциядағы лизингті BNPBail тобының мысалымен қарастырып көрейік.
Оған Natio Equipment, Natio Location, Natio Energie, Locafinance,
Natiofail, Natiocredifail компаниялары кіреді. Францияда жылжымалы
мүлікпен лизинг 1960 жылы басталған, ал Лизинг туралы заң 1966 жылы
қабылданған. Заң жалдаушыға қайта сату кезінде жабдыққа құқықты беруге
салықты (ол беру сәтінде жабдық құнынан есептеледі), құқықты үшінші тұлғаға
беру салығын, қосылған құнға салықты (беру балансы мен бағасы бойынша
құнның айырмасына) енгізді. Natio Equipment жалдаушыға талдау құқығын
ұсынады.

2-кесте. Лизингтегі амортизация мерзімі мен келісімшарттың ұзақтық
көрсеткіштері

№ Амортизация мерзімі Келісімшарттың ең төменгі
ұзақтығы
1 3 жыл 3 жыл
2 4 жыл 3 жыл
3 5 жыл 4 жыл
4 6-7 жыл 5 жыл
5 8 жыл 6 жыл
6 10 жыл 7 жыл

Қалдық құны бастапқы құнның 1%-нен 7%-ке дейін болады. Жалдау
төлемдері айына, үш айда, алты айда, бір жылда бір рет енгізіледі. Олар
сызықтық, регрессивті болуы мүмкін.
Жылжымайтын мүлік лизингі 1966 жылғы заңмен анықталады. 1967 жылы
Францияда өнеркәсіп және сауда саласында жылжымайтын мүлікпен операциялар
жөніндегі қоғам құрылды (СИКОМИ). СИКОМИ акционерлік қоғам нысанында,
капиталы 10 млн. франктен кем емес болуы тиіс. Ол қоғам құрылған сәтте
толық енгізілуі тиіс. СИКОМИ лизингтік компанияларға елеулі салық
жеңілдіктерін ұсынады: пайданың 85%-не салықтан босату, жедел амортизация
және т. б.
Әдетте жылжымайтын мүлік лизинг келісімі15-20 жылға созылады. Оның
объектілері: жер, құрылыс, әрлеу жұмыстары, жолдар, жабдық болады. Ақы
негізінен тікелей регрессивті немесе аралас тәсілмен төленеді. BNP-мен
қатар басқа банктер мынадай компанияларды құрды: Креди Лионэ - Смебай,
Сосьете Женераль - Софинбай.
г) Германияда қазіргі кезде көптеген лизингтік компаниялар қызмет
етеді, олардың 57-сі неміс лизинг қауымдастығына кіреді. Белгіленген
нормаларға сәйкес жасалған келісімшарттар бірқатар салықтық жеңілдіктерді
пайдалануға мүмкіндік береді.
Лизинг саласынадағы ірі компанияларға Митфинанц Гмхб және Гефа –
лизинг Гмхб компанияларын жатқызуға болады. Митфинанц Гмхб-тың 1962 жылы
негізі қаланған. Бұл компанияның жарғылық капиталы 1млн. марк болған.
Қазіргі кезде оның 6 еншілес компаниясы бар. Гефа – лизинг Гмхб
компаниясын 1968 жылы Гефа тобы құрған.
д) Австрияда лизинг затының қызмет етуінің экономикалық мақсатына
сәйкес орташа жалдау мерзімі 2 жылдан 15 жылға дейін. Сатып алуға немесе
мерзімін ұзартуға опционға жол берілмейді, келісімшарттың қолдану мерзімі
өткеннен кейін жалдаушы қалған пайдалану кезеңіне лизинг затын жалдауға
жаңа келісімшарт жасай алады немесе сатып алу туралы келіссөздер жүргізеді.
Германиядағы секілді Австрияда лизингтің дамуына заңның қабылдануы
негіз қалады. Австрияда лизингтің дамып келе жатқанына 30 жылдай уақыт
өтті. Лизингке тіпті балалар бақшасы мен мектептер беріледі. 1984 жылғы заң
бойынша салықтық жеңілдіктерді пайдалану үшін лизинг жөніндегі шарттың
мерзімі жабдықты пайдаланудың жалпы мерзімінің 40-90%-нен аспауы және
лизинг объектісі жеке бірлік болуы тиіс.
Жетекші лизингтік компанияларының бірі Райфайзен лизинг болып
табылады.
е) Италияда бірінші лизингтік компания 1963 жылы пайда болды. 2006
жылғы мәліметтер бойынша Италия лизинг қауымдастығында 50-ден аса компания
бар.
Италияндық ірі лизингтік компания (топ) Локафит лизингке жұмыс
құрал-саймандарын, жер өңдеу машиналарын, ауыл шаруашылық машиналарын,
кеңсе жабдықтарын, компьютерлер, жылжымайтын мүлік, көлік береді.
Құрылтайшылардың бірі Банк Насиональ де Лаворо болып табылады. Топ
Германияда, Францияда, АҚШ-та, Испанияда, Қытайда бірлескен кәсіпорындар
құрған.
ж) Жапонияда ірі лизингтік компаниясы Gentury Leasing System болып
есептелінеді. Ол 1969 жылы құрылған. Оның төленген капиталы 1,6 млн.
доллар. Оның Гонконгта, Сингапурде, Ұлыбританияда филиалдары бар.
Акционерлері: бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
Коммерциялық банктердің активті операциялары
Коммерциялық банктердің нарықтық экономика жағдайындағы мәні
Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары
Екінші деңгейлі банктердің актив операцияларын дымыту
Банктің сыйақы құру саясатының принциптері
Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуы
Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні
Пәндер