Әлемдік саясат



Біз бұған дейін мемлекеттің ішінде жүргізілетін, яғни ішкі саясатты сөз еттік. Сонымен қатар әлемдік саясат та бар. Әлемдік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік кауымдастықтың өміріне катысты шешімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды. мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды камтиды.
Сонымен қатар бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар — сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Сондықтан алдымен соларға түсініктеме беріп алайык. Жалпы, Бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардын арасында айтарлықтай айырма бар. Әлемдік саясат халықаралық қатынастардың өзегін қүрайды.
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемле¬кеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытғалған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялык, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарынын жиынтығын айтады.
Бұл айырмашылыктар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардын, оларды іске асырушылардың (субъектілердін) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес ұйымдар катысуы мүмкін. Екіншіден, халықаралық қатынастарда сыртқы және халықаралық саясаттардын негізгі, түпкі бастамасы. принииптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және халықаралық саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметтік топтын немесе саяси ұйымнын емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шарттар жасау, соғыс ашу және т.б. занды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛЕМДІК САЯСАТ
Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар

Біз бұған дейін мемлекеттің ішінде жүргізілетін, яғни ішкі саясатты сөз
еттік. Сонымен қатар әлемдік саясат та бар. Әлемдік саясат деп
мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-
әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік кауымдастықтың өміріне катысты
шешімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды. мемлекеттердің
түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды камтиды.
Сонымен қатар бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш
ұғым бар. Олар — сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар.
Сондықтан алдымен соларға түсініктеме беріп алайык. Жалпы, Бұл ұғымдар
саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардын арасында айтарлықтай айырма
бар. Әлемдік саясат халықаралық қатынастардың өзегін қүрайды.
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-
әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді
жүзеге асыруға бағытғалған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы
қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар,
мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде
жүргізілген саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялык, әскери, мәдени
байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер
мен ұйымдардың өзара қатынастарынын жиынтығын айтады.
Бұл айырмашылыктар, біріншіден, халықаралық қатынастарға
қатысушылардын, оларды іске асырушылардың (субъектілердін) көбеюіне
байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал
халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен қатар саяси партиялар мен
қозғалыстар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес
ұйымдар катысуы мүмкін. Екіншіден, халықаралық қатынастарда сыртқы және
халықаралық саясаттардын негізгі, түпкі бастамасы. принииптері қаланады.
Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және халықаралық саясаттар арқылы
нақтыланады және жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен
қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық
қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір
әлеуметтік топтын немесе саяси ұйымнын емес, жалпы қоғамның мүддесін
қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-
шарттар жасау, соғыс ашу және т.б. занды түрде іске асыруға өкілдіктер
беріледі.
Мемлекеттердін халықаралық қатынастарындағы жағдайы, ондағы орны
көптеген себептерге байланысты. Солардын ішінде ең бастысы — мемлекеттер
күшінін арақатынасы, арасалмағы. Ғасырлар бойы мемлекетгің күші оның әскери
куатында деп саналады. Сондықтан мемлекеттер жан-жақты қаруланып көерші
елдерді жаулап алуға тырысты. Елдің әскери қуаты қазір де жоғары
бағаланады. Дегенмен, сонғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты
ұлғайтуды басқа елдердін қазынасын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға
болмайтындығы аныкталды. Өйткені қандай артта қалған ел болмасын қазір
халықтардын сана-сезімі өскен, өз басын біреудін құлдығына бере коймайды.
Оның үстіне қазіргі қару-жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал болмаса,
оны қайткен күнде де қолына түсіріп, өз елін қорғау үшін толығымен
пайдалануға тырысады. Мұндай жағдайда басқа жерді басып алып, билеп-төстеу
өте қымбатка түседі және қандай бай елді болсын айтарлықтай әлсіретуі
мүмкін. Бұған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы Кеңестер Одағынын
Ауғанстандағы соғыстарын келтірсек те жеткілікті. Шын мәнінде қазіргі танда
мемлекеттін күші көптеген көрсеткіштерден тұрады. Оған мемлекетгің жер
көлемі, адам саны, табиғи байлықтары, өнеркәсіп және ауыл шаруашылык
өндірісінің мөлшері мен сапасы, мемлекет құрылысының сипаты, әлеуметтік-
саяси, ғылыми-техникалық, рухани, мәдени даму дәрежесі және т.с.с.
кіреді.
Мемлекеттік күштердін арасалмағымен байланысты "күш теңдігі" немесе
"саяси тендік'' деген де ұғымдар бар. Халықаралық саясаттын маңызды құралы
ретінде бұл ұғымдар XVII ғасырда енді. Сол кезде өмір сүрген Фенелон деген
француз мемлекет ез көршілерінін күшеюіне жол бермеуі керек деген идеяны
алға тартты. Себебі бір мемлекеттің көлемі мен қуаты "белгілі бір шектен
шығып" кетсе, барлық басқа мемлекеттердш жалпы жүйесін өзгертуге әкеледі.
Оның шамадан тыс өсуі көршілерін бағынышты етеді немесе жүдетіп-жадатады
деді ол. Сондықтан оның ойынша, көрші мемлекеттер өзара теңдік пен тепе-
теңдікті сақтаулары керек. Сонда ғана тұрақтылық қамтамасыз етіледі.
Ал орыстың В. Ф. Малиновский (1765—1814) деген ағартушысы "Соғыс пен
бейбітшілік туралы ой жүгірту" деген еңбегінде дүниежүзілік әлемде сот пен
полицейский жок. Сондықтан агрессордын сазайын тарттыратын және агрессиянын
алдын алудың құралы мемлекеттер арасындағы "күштендігі" болуы керек дейді.
Кейін Бұл ұғым сыртқы саясаттың құралы ғана емес. мақсатына айналды.
Себебі, мұндай жағдайда мемлекет халықаралық аренада өз тәуелсіздігін,
ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететіи болады.
Соңғы кезде Американың беделді идеологы З.Бжезинский бұл мәселеге
басқаша ой тастады. Ол "халықаралық саясаттын жан үлгісін" ұсынды. Оның
ойынша, адам мен қоғамға қазір ғыльммен техниканың дамуы орасан зор әсер
етуде. Соның арқасында экономикалық өмір интернационализация-ланып, жеке
елдердің өзара байланыстылығы өсуде. Әлемдік өндіріс пен айырас
калыптасуда. Сондықтан жоғарғы жалпы адамзаттық кұндылықтар үшін барлық
мемлекеттер тең дәрежеде өздерінің егемендігінен бас тартуы керек дейді.
Егер эқологиялық және т.б. әлемдік (глобальдык) мәселелерді еске алсак, бұл
сөздің де жаны бар сияқты. Бұл идеяның құптаушылары да, қарсылары да бар.
Бұл тақырыптағы тағы бір келелі мәселе - сыртқы және ішкі саясаттық
өзара қатынасы. Марксизм мемлекеттің ішкі саясаты оның сыртқы саясатын
анықтайды дейтін. Бірақ қазіргі танда олай деу ағаттық болар еді. Себебі,
соңғы кезде сыртқы саясат елдің ішкі саясатына көбірек әсерін тигізіп жүр.
Оған бүкіл жер шарына жайылып кетерлік қаупі бар термоядролық соғысты
болдырмау, эқологиялық апаттардан сақтану (бір Чернобыль трагедиясының өзі
көптеген елдерге зардабын тигізгені белгілі), қоғамға карсы құбылыстардың
етек алуы (нашақорлық, "келеңкелі экономика", сыбайлас жемқорлық және
т.б.), атом қаруының жайылуына шек кою, жер қазбаларының жеңіл өндірілетін
корларының, шикізаттардын азаюы және тағы басқа себептер әсер етеді. Бұл
мәселелерді бір елдің көлемінде шешуге болмайды. Сондықтан оған барлық
елдердің жұмыла кірісуін талап етеді. Осыдан барып, сыртқы саясаттың ішкі
саясатқа әсері артады. Америка ғалымы П. Гуревич қоғам ішіндегі
қатынастарға сырттан ықпалын тигізетін уш себепті этап көрсетті. Оған ол:
1) басқа бір елдің ішкі өміріне бір немесе бірнеше мемлекеттің агрессиялык
(көбіне әскери) түрде қол сұғуын; 2) екінші елдің ішкі саясатына бейбіт
түрде араласуын; 3) халықаралық экономиканы және мемлекеттердің халықаралық
жүйесін жатқызады. (Халықаралық қатынастардың социалогиясына кіріспе. М.,
1992,24-бет). Сыртқы себептер бұдан да көбірек болуы мүмкін. Бірақ
негізгілері дұрыс аталған. Жалпы біздің ойымызша, ішкі не сыртқы саясат
шешуші ықпал жасайды деп кесіп айту кате сияқты. Себебі, тарихи жағдайға
байланысты кейде ішкі саясат сыртқы саясатқа басым әсер етсе, кейде,
керісінше, сыртқы саясат ішкі саясатқа соншалық әсер етуі мүмкін.
Халықаралық саясатпен тығыз байланысты тағы бір ұғым бар. Ол — "ұлттық
мүдде". Көне заманнын өзінде Аристотель адамды әрекет еткізетін мүдде деген
болатын. Ал қандай адам болмасын тарихи калыптаскан әлеуметтік бірлестіктің
біріне: ұлтқа әлеуметтік топқа, отбасына және т.б. жататыны белгілі. Неміс
ойшылы Гегель халықтар өмірінің қозғаушы күші мүдде дейді. Ұлттық,
мүдделерін өз халқының, мемлекетінің мақсат-мүддесін сезініп, біліп, оны
іске асыруға тырысушылыкты айтады. Оған ұлтты еркін және тәуелсіз мемлекет
ретінде ұстау сыртқы қауіп-қатерден сақтау, ұлттың жаксы тұрмыс-халін
өрлетіп, дамыту, халықаралық майданда мемлекетгің экономикалық және саяси
бағытын қорғау, әлемдік саясатта өз ықпалын кеңейту жатады. Олар
экономикалық, саяси, құқықтық, рухани түрінде ұлттық объективті талаптардан
келіп шығады. Бұл мүдделер қоғамда өмір сүріп отырған таптардың, топтардың
негізгі мақсаттарына байланысты. Оны әсіресе үкімет басшылары жаксы білуі
керек. Ол үшін алдымен қандай мүддені корғамақсың, соны білген абзал.
Екіншіден, ол мүддені іске асыру үшін айналадағы саяси жағдайды дұрыс
бағалай білген жөн.
Мемлекеттердің көпшілігі көп ұлтты болып келеді. Сондықтан мемлекетгік
мүдде мен ұлттық мүдде сәйкес келе ме деген сұрақ туады. Бұл сұрақ екі
түрлі шешілуі мүмкін. Біріншісінде мемлекеттік билік өзінің сыртқы
саясатында елдегі сан жағынан көп бір ұлттың мүддесін корғап, басқа
халықтарды ескермейді. Екіншісінде мемлекеттік өкімет сол елде тұратын
барлық ұлттардың мүддесін көздеп, сыртқы саясатында солардың атынан іс-
әрекет етеді.
Американын белгілі саясаттанушысы Г. Моргентау 1969 жылы шыққан "Құрама
Штаттар үшін жаңа сыртқы саясат" деген кітабында бұл елдің сыртқы саясаты
қандай болу керектігі туралы былай деп жазды. Кұрама Штаттар басқа
ұлттармен өзінің қатынасын құрғанда ұлттық мүддені, өз аумағының жеке
қоғамдық құрылыс мүддесін ең бірінші орынға қоюы керек. Сонымен қатар дүние
жүзінде Кұрама Штаттардын екінші қатардағы мүдделері де бар. Мысалы, Жер
шарының қай жеріндегі болмасын бейбітшілік пен қауіпсіздік, басқарудын
демократиялык әдістерін қорғау және бекіту, коммунистік мемлекеттер мен
кұрылыстарды тежеу, кедейлік пен ауру-сырқауды жеңілдету. Бірақ олардың
іске асырылуы төмендегідей екі шартқа байланысты: олар бірінші қатардағы
ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтірмеуі керек және екінші қатардағы мүдделер
акылға сыйымды болуы керек. Сонымен қатар Моргентаудын ойынша. Кұрама
Штаттар басқа ұлттарға еліктерліктей үлгі болу, өз ұлтын одан да жоғары
дәрежеге көтеріп, экономикалық жүйенің өміршендігін қамтамасыз етуге тиіс.
Ол үшін қымбат және пайда келтірмейтін бөтен бір елдің өміріне зорлықпен
қол сұғудың бағ-дарламаларын жобалағаннан гөрі өз үйінде тәртіпті орнатуға
бар күш-жігерін жұмсағаны жөн дейді.
Ұлттық мүддемен етене байланысты ұғым — "ұлттық қауіпсіздік". Оның
мағынасы жер көлемінің тұтастығын қамтамасыз етіп, мемлекеттің егемендігін
басқа елдердін жаулап алу каупінен қорғаумен ғана шектелмейді. Сыртқы
саясатта ежелден калыптаскан көзқарасс бойынша ұлттық қауіпсіздікті сақтау
үшін көрші елдерді шама келгенше өзінен асырмау, халықаралық майданда
әрекет етуші мемлекеттерді барынша әлсірету кезделетін. Сондықтан
басқаларға қыр көрсетіп, керек кезінде даулы мәселелерді шешуде күш көрсету
үшін өзінің қарулы күштерін мейлінше нығайтып, одақтастар іздейтін. Бірақ
соңғы кезде ұлттық қауіпсіздікті тек әскери күшпен шешу мүмкін еместігі
айқын байқалады. Ол үшін қарулы күштерді арттыру емес, керісінше, оларды
қысқартуу, дүниежүзілік қауіпсіздікті сақтау керектігін ірі
мемлекетбасшылары түсінуде. Соның нәтижесінде Америка Құрама Штаттары мен
бұрынғы Кеңестер Одағының арасында Орта және кіші кашықтыктардағы
зымырандарды жою туралы шартқа қол койылды.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әскери қауіпті жоюмен ғана
тынбайды. Бүгінгі жағдайда адамзатқа соғыстан басқа да көптеген қауіп төніп
тұр. Оларға өндірістік және ауыл шаруашылық өнімдерді қалдықтарымен
атмосфераны, жер кыртысын, су қоймаларын ластауға әкелген эқологиялық
күйзелісті, жер жүзіндегі ауа райының өзгеруін, нашақорлық пен
маскүнемдікті, халықаралық ланкестік пен сыбайлас жемқорлықты және тағы
басқа көптеген кеселдерді келтіруге болады. Сондықтан жалпыға бірдей
қауіпсіздік жүйесін жасағанда, біріншіден, халықаралық қатынастарға
қатысушылардың бәріне тең қауіпсіздік болуын, екіншіден, ол жүйе саяси,
экономикалық, адамгершілік сияқты қауіпсіздіктің барлық салаларын қамтуы
қажет.
Сыртқы саясаттың калыптасуына әр түрлі жағдайлар ықпал жасайды. Оның
ішінде ең маңыздысы — мемлекеттің орналасқан географиялық ортасы. Оған жер
бедері, ауа райы топырақ жер қойнауының табиғи байлықтары, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі, табиғи қатынас жолдары және басқалар жатады.
Географиялық орта өндіргіштерді орналастыруға, жалпы қоғам дамуына сан қилы
әсер етеді. Айналадағы табиғи ортаның қоғам дамуына ететін әсерін
зерттейтін географиялық бағыт деген теория пайда болды. Оның негізін салушы
француздың белгілі фәлсафа-ағартушысы - Ш.Монтескье. Ол халықтардын
материалдык және рухани өмірі географиялық ортаның жағдайларына тәуелді деп
санады. Бұл бағытты жақтаушылар қоғамдық өмірдің өзгеру себептерін,
халықтар тарихын, адам психикасын географиялық ортаның ерекшеліктері
туғызған өзгешеліктер арқылы түсіндірді. Геофафиялык бағыттың негізінде
географиялық саясат деген теория пайда болды. Напалеон қандай мемлекет
болмасын саясатты өз геофафиясына байланысты жасайды деген. Геофафиялык
саясат мемлекеттер, аймақтар, континенттер арасындағы қатынастарды
зерттейді. Бұл саясатты жақтаушылар ұлттардың, мемлекеттердін жан-жакты
дамып, тыныш өмір сүруі үшін "тіршілік кеңістігі" болуы керек дейді.
Сондықтан бұл теорияны екінші дүниежүзілік соғыс алдында жаңа аумактарды
жаулап алу үшін Гитлер басшылыққа алған, ал қазір оны Израиль агрессорлары
басқа араб елдеріне карсы ту етіп көтеріп жүр.

Геофафиялықк ортаның қоғамға әсері тарихи жағынан үздіксіз өзгеріп
отырады. К,азіргі ядролық заманда "тіршілік кеңістігі" үшін күрестің мәні
шамалы. Дегенмен, жер көлемінін үлкендігі, қазба байлықтары, жер бедері,
тенізге шығу мүмкіндігі т.б. сияқты географиялык жағдайлар мемлекеттің
сыртқы саясатын белгілеуде елеулі орын алатындығы күмәнсіз
Халықаралық саясатты калыптастыруға идеологияның да қатынасы бар. Кай
елде болмасын жақсылык пен жамандык, адалдық пен арамдық, әділдік пен
әділетсіздік, адамдар арасындағы қарым-қатынастар, қоғамның әлеуметтік даму
зандылыктары жөнінде өзіндік түсініктері, ой-пікірлері болады. Бұл
көзқарастар сыртқы саясатқа да әсерін тигізеді. Мысалы, бұрынғы Одақ
кезінде коммунистік идеология қоғамдағы құбылыстарды тап күресі тұрғысынан
қарау керек деп үйретіп келді. Бұл талап сыртқы саясатқа да тікелей
қатысатын. Соған орай дүние жүзін "социалистік элем" мен "капиталистік
әлемге" бөліп, олардың мүдделері ешкашан ымыраға келмейді дейтін. Сондықтан
сыртқы саясатты да осыған сәйкес кұрған болатын. Ал Америка Құрама Штаттары
болса, өз кезегінде одан калыса койған жок. Оның идеологиясы бұған карсы
үгіт-насихатты екпінді түрде жүргізіп жатты. Мұның бәрі теріс идеологияның
сыртқы саясатқа да он әсер әкелмейтіндігін дәлелдейді.

Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар

Екінші дүниежүзілік соғыс аякталғаннан кейін капиталистік және
социалистік системалардын арақатынасында "қырғи қабақ соғыс" пен қатал
идеологиялык қарама-қарсылық кезені басталды. Ол 80 жылдардың ортасына
дейін созылды. Бұл кезенде әскери-саяси басымдылыққа зор сенім артылды.
Глобальды (латынның "глобус" — Жер деген сөзінен шыққан жер шарын қамтитын,
жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы
көптеген келісімдер идеологиялык сенімге сай бұзыла берді. Бұл кездегі іс-
әрекетке "глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймактык) тұрғыда іс істе"
деген принцип басшылыкка алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдастыққа екіжакты
жәнелла-нетарлық деңгейде қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын
тигізді.
Мұндай жағдайда одан әрі өмір сүруге болмайтын. Ол тұңғиыққа тірейтін
жол еді. Сондықтан 80 жылдардың ортасынан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі
басталды. Оған көптеген себептер болды. Біз солардың негізгілеріне тоқталып
өтейік.
Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекеттер, әсіресе блоктар
арасында аскври қақтығыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып,
жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс
басталса, барлық адамзаттын, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына
әкеліп соқтырады.
Бүгінгі танда адамдардың өміріне 50 мыңнан астам ядролық окбасы
(боеголовқалар) қауіп төндіруде. Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы
жарылыстың миллионыңа тең. 80 жылдардың ортасындағы ядролық қарулардың
жарылысының өзі 58 млрд. адамды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет
өлтірердей күші бар.
Ал әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүниежүзілік соғыс
бола қалса, оның салдарында "ядролық қыс" тууы мүмкін. Оған себеп — ядролық
қару қолданылған қалалардын үстінде күн өтпейтін қап-қара күйенің пайда
болуы. Ол кейін барлық жер жүзіне жайылып, әлемді қамтып алады. Соның
салдарынан ұзаққа созылатын түнек туады. Ол қатты суыққа соктырады. Жер тез
суый бастайды. Климат жағдайлары күрт өзгеріп, биосферада кайта айналмас
процестер басталады. Демек, ядролық соғыстың салдары тек оған қатысушыларды
ғана қамтып қоймай, барлық адамзатка апат әкеледі.
Қазіргі заманда жеке елдер арасындағы дау-жанжал, аймақтық әскери
қақтығыстар дүниежүзілік ядролықсоғыска ұласып кету қаупі бар. Мұндай
жағдайда кай мемлекет болмасын өзін тек әскери-техникалық кұралдармен
корғап қала алмайды. Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом
станциясындағы жарылысты атасақта жеткілікті. Сондықтан қауіпсіздік тек бір
ұлттық болуы мүмкін емес, ол планетарлық жалпы әлемдік және ол тек кана
саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек.
Екіншіден, Қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық
мәселелердің маңызынын өте зор артуында. Оған жоғарыда сөз етілген
термоядролық соғысты болдырмаудан басқа ең алдымен эқология мәселелері
жатады. Ол адамдардың бізлі қоршаған биологиялыкортаға өрескел араласуына
байланысты болып отыр. Мысалы, адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін
қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейін гі 40 жылдың ішінде
соншалықты пайдаланған екен. Ал көмір мұнай, газ, темір және т.б. адамдарға
өте қажетті табиғат байлықтарынын орны қайтып толмайды. Сарапшылардын
есептеуінше, ондаған жыл өткен соң олардың қоры таусылмақ.
Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар сонғы он-жылдықтарда
жұртшылыкты қатты аландатып отырған катерлі мәселе — планетаны ластау.
Әлемдік мұхит негізінен мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар
оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтарр және т.т.
тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келген тыңайтқыштар, пестицидтер,
сынап. мышьяк, қорғасын, цинк т.о. сияқты зиянды заттармен улануда.
Мамандардың айтуына қарағанда, жер шарының кейбір аймақтарында аурудың 80%-
ы сапасыз судың салдарынан пайда болатын көрінеді. Атмосфералық ауадағы
жағдайда одан асып тұрған жок. Мысалы, АКДІ-тағы 115 млн. жеңіл машина
оттегін өзінің табиғи жағдайда пайда болуынан екі есе көп пайдаланады
екен.. Оның үстіне тұрмыстағы қоқыстар: әр түрлі қатты заттардың, әйнек,
полиэтилен қапшықтардын, синтетикалық жуу құралдарынын және т.б. қалдықтары
айналадағы органы ластауда. Ғылыми-зерттеу және технологияға арналған
Халықаралық корпорациянын зерттеулері бойынша 1970—2000 жылдарда өндіріс
пен пайдаланудан калған қалдық заттардың жыл сайынғы көлемі мен құрамы
мынадай болмак: атмосфераны газ тәрізділермен ластау 19,7 млрд. тоннадан
50,8 млрд. тоннаға, қатты заттар — 0,24 млрд.-тан 0,72 млрд.-қа,
органикалык емес қатты қалдықтардан — 5 млрд.-тан 15 млрд.-қа, мұнай
заттарынан — 0,07 млрд.-тан 0,24 млрд.-ка, органикалык ауыл шаруашылық және
тұрмыс қалдықтарынан — 14,1 млрд.-тан 37 млрд тоннаға дейін артпақ
көрінеді. Мұның бәрі табиғаттағы эқологиялық тепе-теңдікті бұзуға әкеліп
соқтырады.
Әлемдік қауымдастықты аландатып отырған үшінші үлкен мәселе—"үшінші
елдердің" алдыңғы қатарлы Батые державаларымен салыстырғанда экономикалық
артта қалу үрдістерінің күннен-күнге артуы. Осы ғасырдың 50—60 жылдары
қолониялық жүйе құлаған болатын. Саяси бостандығын алған елдер енді
экономикалық және мәдени жағынан жылдам дамуға мүмкіншілік туды деп
қуанғаны белгілі. Алғашында олар (әсіресе дамыған және мұнай өндіретін
елдер) жылдам қарқынмен дамыды да. Бірақ 80 жылдары әлемдік саудада бұл
елдердің үлесі төмендеп кетті. Олар шетелдерден қарыз ала бастады. 80
жылдардың ортасына қарай "үшінші елдердің" Батысқа қарызы триллион
доллардан асып түсті. Дамыған және дамып келе жатқан елдердің арасында
алшақтық көбейе түсті. Ол тоқтар емес.
Бұл үрдістің себептері көп. Оның айтарлықтай бір себебі "үшінші
елдердегі" демофафиялык жағдайға байланысты.
Адамдардың саны әлеуметтік-экономикалық жағынан темен дамыған Азия,
Африка, Латын Америкасы елдерінде қатты өсуде. Оларға білім, медициналык
көмек беру, әсіресе тұрғын үй ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі әлемдік саясат және жаһандық мәселелер
Жаhандық проблемалар және заманауи саясат
Әлемдік саясаттың дамуының қысқаша тарихы
Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат
Қазақстан Республикасының экономикасының дамыту стратегиясы
Саясат субъективті сипаттағы құбылыс ретінде
САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі жағдайының даму перспективалары
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сыртқы экономикалық қызметте саясаттың қалыптасуы
Пәндер