Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың дамуы



1. Ғылыми.техникалық прогресс . ғылым мен техниканың дамуы
2. Ғылыми.техникалық прогресс кезеңдері
3. Қоршаған ортаның ластануы . экологиялық негізгі мәселе
4. Табиғи ортаны ластаушы заттар
Ғылыми - техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол XVI-XIII ғасырлардағы мануфактуралық өндірістен,ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс, негізінен, эмпириялық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралығылыми-теориялық таным аясында да іргерілеу ниеті байқалды. Бірақ ол теологиялық – схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амал-шараларғаұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады. XVI ғасырда адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта Өрлеу Дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап шығару тәсілін меңгеруі ғылыми және техникалық қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерге ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір механикалық процестерді теориялық тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфатуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғылыми және техникалық нышандарын дамытып, Г. Гагилей, И. Ньютон, Э. Торричелли, кейін Д. Бернулли, Ж.Л.Д Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндірістік қызметшілері» деген атпен енді. XVIII ғасырдың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен тобының ғылыми-техникалық жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкциялық-техникалық ізденістіңғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технологиялық тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусізмүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІҢ жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленеді. Ғылыми-зерттеу қызметінің теориялық шешімдерді техникалық тұрғыдан жеткізуге құзырлы арнаулы салалар: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдіулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды.
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІ үшінші кезеңі қазіргі заманғы ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғылыми пәндердің аясы кеңи түсуде. Техникалық міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ, биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою, әрі оны күрделі эксперименталды жабдықтармен жарақтандыру арқылы алға тартып келеді.
1. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы 1992
2. Қазақ Совет Энциклопедиясы. 3 том, 158 бет
3. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. 3 том, 120 бет
4. Миркин Б.М., Наумова Л.Г. Плпулярный экологический словарь / Устойчивый мир, 1999
5. Шілдебаева Ж., Қожантаева Ж., Аманжолова Л. Биология Алматы «Мектеп» 2005
6. Сағымбаева Ғ. Экология негіздері. Алматы 1995

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың дамуы
Ғылыми-техникалық прогресс кезеңдері
Қоршаған ортаның ластануы – экологиялық негізгі мәселе
Табиғи ортаны ластаушы заттар

Ғылыми – техникалық прогресс
Ғылыми - техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей,
бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол XVI-XIII ғасырлардағы
мануфактуралық өндірістен,ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер
өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін
материалдық өндіріс, негізінен, эмпириялық тәжірибені, кәсіби
құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып
келді. Сонымен бірге табиғат туралығылыми-теориялық таным аясында да
іргерілеу ниеті байқалды. Бірақ ол теологиялық – схоластикалық
қасаңдыққа қамалып, өндірістік амал-шараларғаұдайы әрі тікелей ықпал
ете алмады. XVI ғасырда адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп,
теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі
міндеттерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға
тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта Өрлеу Дәуірі идеяларының әсерімен
схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады.
Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап шығару
тәсілін меңгеруі ғылыми және техникалық қызметтердің берік одағын
құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ҒЫЛЫМИ-
ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерге
ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін
пайдалану әрекеті кейбір механикалық процестерді теориялық тұрғыдан
зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа
теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер
пайда болды. Яғни, мануфатуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы
ғылыми және техникалық нышандарын дамытып, Г. Гагилей, И. Ньютон, Э.
Торричелли, кейін Д. Бернулли, Ж.Л.Д Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер,
т.б. ғалымдар тарихқа өндірістік қызметшілері деген атпен енді.
XVIII ғасырдың соңында машина өндірісінің пайда болуына
математиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен
тобының ғылыми-техникалық жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді.
Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкциялық-техникалық
ізденістіңғана емес, ғылымның жемісі саналды. Ал машиналы өндіріс
өз кезеңінде ғылымды технологиялық тұрғыдан қолдану үшін тың, шын
мәнінде шектеусізмүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ПРОГРЕССТІҢ жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-
бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленеді.
Ғылыми-зерттеу қызметінің теориялық шешімдерді техникалық тұрғыдан
жеткізуге құзырлы арнаулы салалар: қолданбалы зерттеулер,
тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдіулер үрдісі
қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды,
ажырамас бөлігіне айналды.
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІ үшінші кезеңі қазіргі заманғы
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ жетістіктерімен байланысты. Оның
ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғылыми пәндердің аясы кеңи
түсуде. Техникалық міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер
мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ, биологтар,
физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады.
Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал
техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою, әрі оны
күрделі эксперименталды жабдықтармен жарақтандыру арқылы алға тартып
келеді. Осы заманғы ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІҢ ерекше қыры –
тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің,
т.б. көптеген салаларын: ауыл шаруашылығын, көлік қатынасын,
байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету
түрлерін қамтитындығы. ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС ӘЛЕУМЕТТІК
ПРОГРЕССТІҢ НЕГІЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. Ғылымды өндірістік дамудың
жетекші факторына айналдыру арқылы өндірніш күштерді түбегейлі
өзгертіп, сапалық жағынан түлету. ХХ ғасырдың 40-жылдарынан
басталған Ғылыми - техникалық революция барысында ғылымның
өндіргіш күштеріне айналу үрдісі қарқын алып, елеулі нәтижелерге қол
жетті. Ең бастысы, еңбектің жай-ахуалы, сипаты мен мазмұны, өндіргіш
күштердің дәрежесі. Халық шаруашылығын электрлендіру ҒЫЛЫМИ –
ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІ іске асыруда жетекші рөл атқарады. Электр
энергиясы ірі машиналы өндірістің техникалық негізін құрайды.
1970 ж. Электр энергиясын өндіру соғыстан кейінгі бесжылдық (1946-
50) кезіндегіден 2,2 есе артты. Электр энергиясын өндіру жөнінен
Совет Одағы дүние жүзінде 2-орынға шықты. Сол кезде ел электр
энергиясын Англияны, Францияны, ГФР-ді қоса есептегенде көп
өндірді. 1975 жылың аяғындаэлектр энергиясын өндіру 1 триллион
квт.сағ-тан асатын болды. Электрлендіру технологияда революциялық
өзгерістер туғызады. Электронды технология электрді өндіріс
процесінде тікелей енгізугежаңамүмкіндіктер ашып отыр. Бұл жағдайда
заттардыхимиялық және физикалық өзгерістерге ұшырату үшін электр
өрісінің күштері менэлектр разрядының қасиеттері пайдаланады.
Коммунистік құрылыстың кезеңінде өндірісті химияландыру аса
маңызды рөл атқарды. Химия өнімдері мен синтетикалық материалдарды
қолдану өте қысқа мерзім ішінде аз шығындармен материалдық
өндірістің жетекші салаларында түбегейлі өзгерістерді іске асыруға
мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығын өрге бастыру және халық
тұтынатын заттарды өндіруді ұлғайту сияқты аса маңызды экономикалық
проблемаларды шешу халық шаруашылығын химияландыруға тікелей
байланысты. Химияландыру экономикалық пропорциялардың
тиімділігін арттырып, халық шаруашылығының құрылымына түбірлі
өзгерістер енгізеді. Өндірісті электрлендіру мен химияландыру,
автоматтандыруға кең жол ашады. Өндірісті автоматтандыру – машиналы
өндірістің ең жоғарғы формасы. Автоматтандыру өндіріс процесін
жоғарғы қарқынмен , үздіксіз жүргізуге мүмкіндік береді.
Автоматтандыру жұмысшыларды ауыр дене еңбегінен босату үшін еңбек
жағдайларын жақсартып, социалистік еңбектің бірте-бірте коммунистік
еңбекке ұласуына қажетті материалдық алғы шарттар жасайды.
Автоматтандыру жартылай автоматтарды, автоматтар мен автоматты
линияларды қолдану, сондай-ақ цех- автоматтар құру арқылы іске
асырылады. Коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасау кезінде
комплексті автоматтандырукең көлемде жүзеге асырылатын болады.
Өндірісте, ғылыми зерттеулерде, жобалау-конструкторлық жұмыстарда,
басқару және есеп жүйесінде кибернетика, электронды –есептеуіш
қондырғылар кеңінен қолданыла бастады. Автоматтандыруды халық
шаруашылығына енгізу жоспарлы түрде жүргізіледі. Ғылым мен
техниканың басты күштері автоматтандыруды дамытудың негізгі
бағыттарына жинақталады.
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС өндірісті басқаруды жетілдіруде
үлкен ықпал жасайды. Басқарудың автоматтандырылған жүйесін жасау
басқару еңбегінің тиімділігін арттырады.
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС қоғамдық
өндірістің барлық жақтарын қамтиды. Техниканың дамуы, жұмыс
машиналарының қуатын арттыру, жаңа технологияны енгізу қоғамдық
өндірісті ұйымдастыру формаларына әсерін тигізбей қоймайды.
Өндірісті мамандандырудың, құрамалаудың, кооперациялаудың жаңа
түрлері пайда болып, өндірістің шоғырлану дәрежесі артады. Осыған
байланысты еңбекті қоғамдастырудың шекарасы кеңейе түседі.
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІ ғылымның дамуынан бөліп қарауға
болмайды. Совет Одағында ғылым жетекші рөлге ие болып, тікелей
өндіргіш күшке айналып отыр. Ғылым дамуының қарқыны мен көлемі
өндіріс әдісінің сипатына байланысты. Тек социализм кезінде ғана
ғылым қалың бұқараның дәулетіне айналып, оның мүддесіне қызмет
етеді. Өнеркәсіп өндірісінің неғұрлым прогрестік түрлері –
электрониканың , радио-техниканың, синтетикалық химияның дамуы ғылым
жетістітеріне байланысты. Ғылым жаңалықтарының лабораториялық
эксперименттен өндірісте пайдануына дейінгі өту мерзімін мейлінше
қысқартудың маңызы зор. Ғылыми-зерттеулердің нәтижелерін шапшаң
игеру ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІҢ қарқынын едәуір тездетуге
мүмкіндік береді. ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕССТІҢ аса
маңызды экономикалық нәтижесі- еңбек өнімділігінің өсуі. Социалистік
қоғамда еңбек өнімділігін арттыру халықтың әл-ауқатын
көтерудіңнегізгі көзі болып табылады. Қол еңбегін жою,
автоматтандырылған өндіріске көшу, ой еңбегі мен дене еңбегінің
арасындағы елеулі айырмашылықты жоюға мүмкіндік береді. Ауыл
шаруашылығын электрлендіру мен химияландыру, өндірістік процестерді
комплексті механикаландыру мен автоматтандыруды ауыл шаруашылығы
еңбегін индустриялы еңбектің бір түріне айналдырып, оның өнімділігін
шұғыл арттырады. ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС – адамдардың жарасымды
дамуына қажетті уақытты көбейтудің маңызды шарты.
Совет өкіметі жылдарында Қазақстан ғылым
мен техниканы дамытуда зор табысқа жетті. Өндірістің материалдық-
техникалық базасы түбегейлі қайта жабдықталды. Қазақстанда ғылым мен
техниканың жетістіктерін өндіріске кеңінен енгізу жолында үлкен
жұмыстар жүргізіліп жатыр. Республикамызда ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
ПРОГРЕССТІ қамтамасыз ететін салалар – электр энергетикасы, машина
жасау, химия өнеркәсібі жоғары дәрежеде дамып келеді. Өндіріс
процестерін автоматтандыру және механикаландыру кеңінен іске асуда.
Қазақстанда өндірістің ғылыми-техникалық негізі екі бағытта
жетілдіріліп келеді. Туысқан республикалардағы ғылым мен техниканың
жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, қазақстандық ғалымдар
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОРЕССКЕ жетуге мүмкіндік беретін көп жаңалықтар
енгізіп бесжылдықта технология нәтижесінде 260 млн. пайда келтірді.
Табиғатты зерттеу заңдарын пайдасы күрделі өзгерістермен жаңа сапалы
кеңістікке секіріс.ғылыми-техникалық күштердің барлық құбылыстағы
түрлеріне түбірлі өзгерістерінің нәтижесінде айналуда.

Қоршаған ортаның ластануы
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау, өңдеп іске жарату
кезек күтпейтін мәселе болып табылады. Бұл болмайынша қоршаған
ортаның ластануын тоқтату мүмкін емес.
Өзендерге, теңіз бен мұхит суларына күн
сайын мыңдаған тонна өндірістік қалдықтар мен лай сулар құйылып,
қалалардың үстін оңаша бұлт пен түтін емес, қара бұлдыр тұман жауып
тұрса, ормандар жойылып, жер беті айқыш-ұйқыш қазылып жатса,
радиоактивті қалдықтар өсімдіктер мен жануарларға жиналып, олардан
адамдарға өтіп, өлім-жітім, ауру-сырқау көбейсе – мұны экологиялық
дағдарыс төнген үлкен қауіп деп түсіну керек.
Көп жылдар бойы экологиялық дағдарысты капиталистік
қоғамнан көріп, олардың өндіріс күштері мен жеке меншік иелерін
кінәладық. Айтылғанды растау үшін жер мен
оның байлықтары жеке меншікте, оның иелері пайда табу үшін өзара
қырылысады, бірінің капиталы мен байлықтары екіншісіне қарсы тұрады
деген дәлелдер келтірілді. Мысалы, химия концерті ауаны және суды
ластап жатса, оның иесінің басы ауырмайды деп жазғырдық. Осыны
дәлелдеу үшін адамға әйгілі мысалдарды келтіріп, басқаларға кінә
тақтық. Сондағы капиталистерге тағылған кінә мыналар еді:
- бодан және жартылай бодан елдердің табиғат байлықтарын
сүліктей сору;
- қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындарды бодан елдерде салып,
өздеріне таза, ортаға зияны жоқ өнімдерді әкелу;
- 1945-1970 жылдары АҚШ Атлант мұхитының шығыс жағалауына 3
мың метр тереңдікке радиоактивті қалдықтар салынған 85 мың
контейнер тастады. Қазір бұл контейнерлер шіріп, радиоактивті
қалдықтар мұхит суына жайылуда. Атлант мұхитына осындай
контейнерлерді ұлы Британия, Франция, Бельгия, ГФР-де
тастады;
- Ханфордтағы (АҚШ) атом электр станциясы радиоактивті қалдық
суларды Колумбия өзені арқылы Жерорта теңізіне
жіберіпжатыр;
- Үндіқытай түбегіндегі соғыс кезінде АҚШ аспандағы бұлттарды
нөсер жауынға айналдырып, жер бетіне топан су жайып
Вьетнамның қатынас жолдарын, су қоймаларын, бөгеттерін
қыйратты;
- АҚШ әскерлері Вьетнам жеріндегі ағаштарды, басқа
өсімдіктерді у шашып жойып жіберді. Соғыс біткелі 30
жылдан астам уақыт өтсе де әлі үнге дейін онда ештеңе
өспейді. Бұл фактілердің
бәрі де дұрыс және шындық. Адамзат пен табиғат алдында
капиталистік қоғамның кінәсі аз емес, қылықтары айыптауға
тұрарлық.

Кешегі өздерін социалистік қоғамның өкілдері ретінде санаған
елдердің де кінәсі мен теріс әрекеттері көп болмаса, аз емес.
Демократия мен аштықты жақтаған
капиталистік елдерде орын алған қолайсыз жағдайлар уақытында жария
болып, оларды болдырмауға табиғатты қорғауға, әскерлер мен
ғалымдардың қоршаған орта үшін қауіпті әрекеттеріне қарсы тұруға сол
мемлекеттер азаматтары белсенді түрде қатынасты. Ортаның тигізетін
зиянын күн ілгері білгендіктен онан сақтануға мүмкіншіліктері
болды. Біздегі жабық қоғам мен жеке адам
басқарған өкімет орын алған зұлымықты өз халқынан жасырып, өтірік
айтып, оларды өз өмірлерінен қорғау құқығынан айырды, өлімге, азып-
тозуға ұшыратты. Басқаларды
бодан және жартылай бодан халықтың табиғат байлығын сүліктей сорды
деп кінәлаған кеңестер империясы, Ресей патшасынан бастап 300 жыл
бойы қазақ халқының табиғат байлықтарын сұрақсыз, ақысыз, керегінше
пайдаланады, басқа елдерге сатып, пайдасын көрді. Алтын, күміс,
мыс, қорғасын, мырыш, хром, темір, болат, марганец, никель,
мұнай, газ, көмір т.б. түсті және сирек кездесетін металдар жыл
сайын көбейген мөлшерде әкетіп жатты.
Басқаларды лас кәсіпорындарды бодан елдерге орналастырып,
өздеріне таза, дайын өнімдерді әкеледі деп кінәлаған кеңестер
империясы Екібастұзда жылына 100 миллион тонна күлі қоңыр көмірді
қазып, сонда от жағып дайын электр энергиясын жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми техникалық прогрестің тиімділігі
ХХғ. Соңындағы ғылымдағы этикалық аспектілер және әлеуметтік – гуманитарлық бақылау
Ғылыми-техникалық прогресс пен Ғылыми-техникалық революцияның мәнi мен экономикадағы ролi
Техника философиясы өркениетті тұрғыда бағалау ретінде
Инновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКТТІҢ РӨЛІ
Ғылыми-техникалық прогресті жоспарлау
Мемлекет саясатындағы ғылыми - техникалық саясаттың ролі
Ғылыми техникалық прогрестің ерекшеліктері
Техникалық құралдардың және өлшеу приборларының дамуы
Пәндер