Инновациялық қызметтің пайда болуы мен даму маңызы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I бөлім. Инновация туралы ұғым және шетел тәжірибелері
1.1 Инновациялық қызметтің пайда болуы мен даму маңызы ... ... .4.5
1.2 Инновацияның атқаратын қызметі мен ұлттық экономикадағы
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.6
1.3 Инновациялық қызметтің шетелдік тәжірибелері ... ... ... ... ... ..7.9
II бөлім. Қазақстандағы индустриялық. инновациялық даму

2.1 «ҚР 2003. 2015ж.ж индустриялық. инновациялық даму» стратегиясы, оның мақсаты мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9.11
2.2 ҚР инновациялық инфрақұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11.16
2.3 Инновациялық үрдіс пен макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қазақстанның қазіргі экономикалық даму дәуірінде басты мақсаттардың бірі әлемдік экономикалық жүйеге елдің экономикасын бейімдеу. Бұл міндетті тиімді орындау үшін отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру керек. Ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуді қазіргі замандық кезеңде тек инновациялық даму арқылы жүзеге асыруға болады. Дамыған елдердегі инновациялық бизнес- ұзақ мерзімді болашақтың экономикалық, әлеуметтік және саясаттық секторының жаңаруына байланысты инновациялық механизмнің маңызды құрауышының бірі болып танылған. Инновация ұғымын келесідей тұжырымдауға болады, біріншіден жаңалық, яғни өндірістік, шаруашылық қызметтерге, тұтынуға, қоғамдық өмірге, нарыққа енген жаңа және жаңартылған тауарлар, қызметтер және технология, екіншіден өзгерістерді орындау және жаңалықтарды енгізу үрдісі. Яғни инновациялар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын негізгі фактор болып табылатындықтан инновацияларды тұрақты даму жолындағы экономиканың және қоғамның толығымен қолдануы үшін мемлекеттің мақсатты бағытталған инновациялық саясаты іске асырылуы тиіс. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18- ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміндегі біздің жол көрсетуші - Ұлттық инновациялық жүйе- экономикалық дамудың жаңа басқару жүйесін жасауды бастадық,»- деп атап өтті. [1] Осы мақсатты бағытты жүзеге асыру үшін «ҚР-ның 2003-2015ж.ж аралығындағы индустриалды- инновациялық даму» стратегиясы қабылданып, экономикалық салаларды және шикізат өндірісінің бағытты дамуын диверсификациялауды жүзеге асыруды негізге алып отыр.
Курстық жұмыста бұл тақырыпты зерттеудегі басты мақсатым:
- еліміздегі иннвацияның пайдалану ерекшеліктерін зерттеу,
- ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуші- иннова- цияға және оның факторларына тоқталу;
- инновацияны мақсатты қолданудың тетіктерін іздестіру;
- инновацияны дамыту мақсатында елімізде қабылданған заңдылық- тардың орындалу тәртібін қарастыру.
Ал осы мақсатқа жету барысында келесі міндеттер орындалуы керек: инновацияның ролі мен атқаратын қызметін, инновациялық инфрақұрылымға әсер ететін макроэкономикалық көрсеткіштердің және спецификалық элементтердің (патенттік көмек, сақтандыру, консалтингтік және инжинирингтік фирмалар, технопарктер инкубаторлар) арасындағы байланысты зерттеп, елімізде қабылданған инновациялық даму стратегиясы ел экономикасының болашағына ықпалын қарастыру.
1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін», Астана, 19.03.04
2. Джумагелдиева Т.А. «Конкуренция: теория и механизмы развития», Алматы, 2003ж., 130- бет
3.1. Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы. Алматы, 2006 жыл, статья, 339-бет Молдагалиева М.Б. «Дамудың индустриалдық инновациялық стратегиясы»
3.2. Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы. Алматы, 2006 жыл, статья, 225- бет, Мухамбетов Б.А. «Инновационный потенциал в предпринимательстве»
3.3. Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы. Алматы, 2006 жыл, статья, 315- бет, Ихсанов.С.А «Приоритеты инновационного-индустриального развития: мировой опыт и перспективы»
3.4. Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы. Алматы, 2006 жыл, статья, 235- бет, А.С.Керимкулов «Қазақстанның индустриалды инновациялы дамуында шетелдік тәжірибелерді қолдану»
3.5. Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы. Алматы, 2006 жыл, статья, 234- бет, Жылжақсынова Ш.П «ҚР инновациялық инфрақұрылымды дамыту үрдістері»
4. ҚазҰУ хабаршысы, №4, 2001ж. Ю. К. Шокаманов, «Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период»
5. «ҚР-ның 2003-2015ж.ж аралығындағы индустриалды- инновациялық даму» стратегиясы
6. www.goverment.kz
7. ҚазҰУ хабаршысы, №6, 2000ж. Есентугелов А. « Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК»
8. www.nif.kz
9. www.stat.kz
10. «Наука России в цифрах», Статистический сборник, 2001г, стр. 128
11. Н. Ә. Назарбаев. «Задача науки – способствовать развитию экономики», «Казахстанская правда», 16-сәуір, 2002ж. 205 бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...3
I бөлім. Инновация туралы ұғым және шетел тәжірибелері
1.1 Инновациялық қызметтің пайда болуы мен даму маңызы ... ... .4-5
1.2 Инновацияның атқаратын қызметі мен ұлттық экономикадағы
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-6
1.3 Инновациялық қызметтің шетелдік тәжірибелері ... ... ... ... ... ..7 -
9
II бөлім. Қазақстандағы индустриялық- инновациялық даму

2.1 ҚР 2003- 2015ж.ж индустриялық- инновациялық даму стратегиясы, оның
мақсаты мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-11
2.2 ҚР инновациялық
инфрақұрылымы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..11-16
2.3 Инновациялық үрдіс пен макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы
байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 17-24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе

Қазақстанның қазіргі экономикалық даму дәуірінде басты мақсаттардың бірі
әлемдік экономикалық жүйеге елдің экономикасын бейімдеу. Бұл міндетті
тиімді орындау үшін отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
керек. Ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуді қазіргі замандық
кезеңде тек инновациялық даму арқылы жүзеге асыруға болады. Дамыған
елдердегі инновациялық бизнес- ұзақ мерзімді болашақтың экономикалық,
әлеуметтік және саясаттық секторының жаңаруына байланысты инновациялық
механизмнің маңызды құрауышының бірі болып танылған. Инновация ұғымын
келесідей тұжырымдауға болады, біріншіден жаңалық, яғни өндірістік,
шаруашылық қызметтерге, тұтынуға, қоғамдық өмірге, нарыққа енген жаңа және
жаңартылған тауарлар, қызметтер және технология, екіншіден өзгерістерді
орындау және жаңалықтарды енгізу үрдісі. Яғни инновациялар ұлттық
экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын негізгі фактор болып
табылатындықтан инновацияларды тұрақты даму жолындағы экономиканың және
қоғамның толығымен қолдануы үшін мемлекеттің мақсатты бағытталған
инновациялық саясаты іске асырылуы тиіс. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2005
жылғы 18- ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында: Біз жаңа технологиялар
мен жаңа экономика әлеміндегі біздің жол көрсетуші - Ұлттық инновациялық
жүйе- экономикалық дамудың жаңа басқару жүйесін жасауды бастадық,- деп
атап өтті. [1] Осы мақсатты бағытты жүзеге асыру үшін ҚР-ның 2003-
2015ж.ж аралығындағы индустриалды- инновациялық даму стратегиясы
қабылданып, экономикалық салаларды және шикізат өндірісінің бағытты дамуын
диверсификациялауды жүзеге асыруды негізге алып отыр.
Курстық жұмыста бұл тақырыпты зерттеудегі басты мақсатым:
- еліміздегі иннвацияның пайдалану ерекшеліктерін зерттеу,
- ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуші- иннова- цияға
және оның факторларына тоқталу;
- инновацияны мақсатты қолданудың тетіктерін іздестіру;
- инновацияны дамыту мақсатында елімізде қабылданған заңдылық- тардың
орындалу тәртібін қарастыру.
Ал осы мақсатқа жету барысында келесі міндеттер орындалуы керек:
инновацияның ролі мен атқаратын қызметін, инновациялық инфрақұрылымға әсер
ететін макроэкономикалық көрсеткіштердің және спецификалық элементтердің
(патенттік көмек, сақтандыру, консалтингтік және инжинирингтік фирмалар,
технопарктер инкубаторлар) арасындағы байланысты зерттеп, елімізде
қабылданған инновациялық даму стратегиясы ел экономикасының болашағына
ықпалын қарастыру.

1.1 Инновациялық қызметтің пайда болуы мен даму маңызы

Инновация ұғымы ағылшынның innovation сөзімен ұғымдас және
жаңалықтар енгізу деген мағынаны білдіреді. Оксфордтың түсіндірме
сөздігінде бұл терминнің мағынасы төмендегідей берілген: Конструкциялауды,
тауар өндірісі немесе оны өткізудің кез- келген жаңа әдісі, бұны енгізген
инноватор немесе компания қандайда бір артықшылыққа ие болады. Патенттерді
қолдана отырып табысқа қол жеткізген инноватор уақытша монополист
болғанмен, қандай да бір мерзімнен кейін бәсекелестер де табысты рыногка
кіру тетігін табады. Кейбір компаниялар өнімнің жаңаша түрін қалыптасқан
сұранымға қарай бейімдесе, басқалары жаңа рыногтар құрай отырып
технологиялық жаңалықтар енгізіп отырады. [2, 130- бет] Инновация
теориясы ғылыми түсінік ретінде 19- шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың
басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше дәуірді басынан кешірді.
Экономикалық әдебиеттерде инновациялық ойдың алғашқы қарқыны тейлоризм
деген ағыммен байланысты екені айтылады. Фредрик Уинслоу Тейлор (1856-
1915ж.ж) американ инженері басқаруды ғылыми тұрғыдан жүргізу керектігін
алғаш рет айтқан болатын. Ол кезде бұл ғажайып жаңалық сияқты көрінді.
Кейінірек оның еңбектері мойындала басталды және басқарудың классикалық
негізі қаланды. Ф Тейлор Фабриканы басқару (1903ж.), Ғылыми
менеджменттің принциптері (1911ж.) деген еңбектерінде кәсіпорынды
басқаруды өнер ретінде қарастырып, онда нені жасауды дәл білу және оны
арзан әрі ең жақсы тәсілмен қалай жасауға болатынын зерттеді. Оған қол
жеткізу үшін Ф.Тейлордың ойынша басқарудың шешімдерін жүзеге асыруға қажет
мақсатты таңдау болып табылады, оған қол жеткізу үшін нәтижені бақылаудың
тәсілдерін дайындау керек. Ф.Тейлордың ойын жалғастырушы, әрі осы
мектептің өкілі француз Анри Файоль (1841-1925ж.ж) зерттеу нәтижелерін
жинақтау негізінде төмендегідей қорытындыға келген: Инновация- кәсіпорын
ресурстарын барынша пайдаланып, оны мақсатқа жетелеу. Сөйтіп, алғашқы рет
мемлекеттік басқаруда ғылыми ұйымдастыру принципін қолданудың мүмкін
екендігіне ой салды. А Файоль кәсіпорынның инновациялық міндеттерін
техникалық, қаржылық және басқа мәселелермен қарағанда ерекше зерттеу
облысы ретінде оқшаулады. Өндірістік аяда технологиялық инновацияларға ең
алғаш зерттеу жүргізген ғалым Й.Шумпетер, өзінің Іскерлік белсенділік
циклдері ілімінде экономикалық дамудың қозғаушысы кәсіпкердің
инновациялық әрекеттері,– деп көрсеткен еді. Яғни, кәсіпкер экономика мен
экономикалық өсудің бәсекелік тұрғыдағы құрылымдық өзгерістерінің қайнар
көзі деген тұжырым жасаған болатын.
Инновациялық ой 20-шы ғасырдың 40-шы жылдарының аяғы мен 50-ші жылдардың
басында кезекті қарқын белең алды. Ол адамдық қатынастар мектебінің пайда
болуымен байланысты еді. Бұл бағыт психология мен социология адамдардың
мінез- құлқы жайлы ғылым жетістігін инновациялық жүйеде қолданумен
айқындалды. Басқару теориясында адамдық қатынастар, яғни мінез- құлық
мектебі пайда болды. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ
экономисі- Элтон Мейо (1880-1949ж.ж) болды. Бұл ілім формалдық емес
басқаруды ұйымдастыру міндеттерін, еңбек өнімділігін өсіруді ынталандырудың
жаңа әдісін ендіруді, қызметкердің ағартушылықпен айналысуын өндіріс
саудалары мен еңбекті гуманизациялауды шешуде топтық демократиялық
тәсілдерді қолдануды ұсынды.
Инновациялық ойдың жаңа (1950-1960жж) даму дәуірі қазіргі сандық әдіс
негізінде басқаруда математика мен компьютерді қолдану арқылы шешумен
байланысты. Сөйтіп басқарушылық ғылым мектебі дүниеге келді.
Инновациялық теориясының 70-80-ші жылдардың қарсаңында жаңа мектебі
қалыптасты. Ол ситуациялық әдіс мектебі болатын. Жағдайды қарастырудың
басты ерекшелігі әрбір ұйымдық- басқарушылық мәселені шешуді нақты
қалыптасқан жағдаймен байланыстыруды талап етеді. Өз зерттеулерінің
негізінде бұл мектеп кәсіпорын ұйымның жұмыстарын қарастыруын олардың
белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескереді. Осы кәсіпорынның қызмет
жасауына қандай ішкі және сыртқы факторларының ықпалы бар және бірнеше
нұсқалардан мүмкін шешімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір
ғана шешімі алынады.
Инновациялық ойлар теориясында жоғарыда аталған мектептерді менеджмент
теориясы мен тәжірибесін дамытуда негізгі деп атау қабылданған.
Басқарушылық теориясы мектептерінің пайда болуын зерттеушілер сол уақытта
қалыптасқан белгілі себептермен жағдайлармен байланыстырады. [3.1, 339-
бет]

1. 2 Инновацияның елімізде атқаратын қызметі және ұлттық экономикадағы
мәні

Бүгінгі таңда экономиканы әртараптандырудың әлемдік бәсекелік
қабілеттілікке жетудің маңызды жолдарының бірі- инновациялық дамуға
бағытталу. Инновация деп жаңа техника, жаңа өнім мен қызмет көрсету
ұйымдастыру- техникалық және әлеуметтік- экономикалық, өндірістік,
қаржылық, сауда, әкімшілік, т.б салалардағы шешімдердің табысты
(рентабелді) қолдануын атаймыз. Жоғарыда атап өткендей инновацияны туғызып
оны дамытатын бастаушы механизм болып бәсекелестік табылады. Өндірушілер
мен тұтынушылар ескі техника мен технологияны қолдана отырып дифференциалды
шығын алады, оның әсерінен олар инновация негізіндегі өнімге шектеу қоюға
тиісті болады. Бірінші болып тиімді инновация жасап шығарған өндіруші
кәсіпорындар өндіріске шектеулерін қысқартуға, сонымен қатар өндіретін өнім
(тауар, қызмет) бағасын төмендетуге мүмкіндік алады. Яғни сәйкесінше сол
өнімді тауар қызмет ескі технологиямен өндірген кәсіпорынмен аталған
кәсіпорын бәсекеге түсуде өз позициясын тұрақтандырады немесе жаңалық
енгізген кәсіпорын нарықта өз ролін жоғарылатады да монополист атанады.
Монополиялық жоғары дәрежелі табысқа кенелу үшін белгілі бір міндеттерді
орындап, келесі талаптарды сақтау керек:
1. Әлеуетті тұтынушының жаңалыққа сұраныс көлемін білу керек. Сонымен
қоса жаңалықты құрастыру, өндіру және өткізу барысында пайда болатын
шикізаттық шектеуліктерді де ескеру керек. Яғни жаңалықтың экономикалық
мүмкіндігіне жан жақты дұрыс болжам жасалуы керек.
2. Жаңалықты қолдануда жаңалық енгізуші кәсіпорындардың жұмысшыларының
белгілі бір тәртіпке бағынып, шарттарға жауап беруі маңызды роль атқарады.
Табыстылықтың маңызды факторы болып кәсіпорын негізін қалаушыларының жасы
(орта жасы 30-35 жас) және олардың бас қасиеттері: мақсатты бағытталуы,
байлыққа бейімділігі, жоғарғы жұмыс мүмкіндігі, компитенттілігі табылады.
3. Материалдық- қаржылық шектеулілігі және нарықтық тұрақсыздықта
инновациялық кәсіпорынның қызметінде оның ұйымдастырылуы мен басқаруы
маңызды роль атқарады. Сол себепті кіші жаңалық ашушы кәсіпорындар тиімді
қызмет көрсетеді, себебі оларда формалды басқару құрылымы жоқ.
Экономикалық дамудың негізі болып инновациялық үрдістің жаңа өнімге
техникаға енгізілуі табылады. Инновациялық үрдіс өзгерістерге дайындықты
және оны іске асыруды қамтиды, бұл екі ұғым бірігіп бірегей жүйеге
айналады. Бұл үрдістердің негізінде қолданылған, өткізілген өзгерістер
инновациялық жүйе болып табылады. [3.2, 225- бет]
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының басты стратегиялық міндеттері
отандық ғылыми сыйымды өндірісті дамыту, республиканың өнеркәсіптік және
ғылыми-техникалық әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және бәсекеге қабілетті өнімді алуға
бағытталған жаңа ақпараттық технологияларды игеру және жасау болып
табылады. Жалпы инновацияларды өнім өндірудің кез- келген кезеңінде
енгізуге болады. Инновациялық өзгерістер технологиялық серпілістерден басқа
жабдықтар мен құралдардың жаңаша түрлерін енгізу мен тұтынушыларға тауарды
сатуға дейін және сатудан кейін қызметтің ерекше, жаңашыл түрін көрсете
отырып, бәсекелік артықшылыққа қол жеткізудің басты шарты болады.

1.3 Инновациялық қызметтің шетелдік тәжірибелері

Экономикалық және әлеуметтік даму, қорғана алу және олардың ролі мен
маңызының басты факторы болып ұлттық техникалық мүмкіндік табылады. Осындай
мүмкіндіктер құрушы көшбасшы мемлекеттер АҚШ, Жапония және Батыс Еуропа.
АҚШ өзінің жақын бәсекелестіктерінен ғылыми сыйымдылығы мол салаларды
дамыту арқылы озуда. Екінші орындағы Жапония бірнеше онжылдықтар көлемінде
стратегиялық маңызы жоғары технологиялық салаларды дамыту арқылы өз
жетістігіне жетіп отыр. Ал Батыс Еуропа соңғы жылдардағы интеграция үрдісі
негізінде тұрақталды.
Жоғарғы технологиялар нарығында Орталық- Шығыс Азияның жаңа индустриялды
мемлекеттері Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг, Тайвань да белсенді
қосылуда. Бұл елдердің әлемдік жоғары технологиялық өнім нарығындағы үлесі
соңғы 20 жыл ішінде 9%- ға өсті.
Шетелдік тәжірибедегі моделдерге тоқталсақ, жаңа кешендік
технологиялардың даму негізі- ғылыми- зерттеу саласы. Оның жағдайы бойынша
әлемде тағы да АҚШ, Батыс Еуропа және Жапония тұр. Американдық ғылыми-
зерттеу және құрастырушы жұмыс тәжірибесінің моделі- барлық ғылым саласы
бойынша инновация енгізу, ғылыми коллективтерді басқаруды
орталықсыздандыру, өндіріс, зерттеу құрылымдары, университет және
коммерциялық емес ғылыми орталықтардың арасында көлденең тығыз байланыс
орнату.
Батыс Еуропалық модель бойынша инновацияға жоғарғы дәрежелі капитал құю
тән. Барлық жаңалықтың 23 бөлігі үлкен концерндерде жүзеге асырылады,
зерттеудің қаржыландыру көлемінің ½ бөлігін төлейтін мемлекет ролі де зор.
Бұл елдерде ұлттық технологиялық бағдарлама бойынша кең көлемдегі ғылыми
кооперация жүргізіледі.
Жапондық модель бойынша іске асқан шетел технологияларының қорытындысын
өз ұлттық технологиясына енгізіп оны кейіннен шетелге саудалайды. Жапония
ғылымды ұлтаралық деңгейге жеткізіп, оны енгізудің көшбасшысы. Мемлекеттік
құрылымның және құқықтық базаның ерекшеліктеріне сәйкес ғылыми-
технологиялық бағыттың құрылымдануының ұйымдастырылуы әр елде әрқалай.
Жапония мен АҚШ та ғылымға жалпы қаражаттың басым бөлігі (60%) оны ойлап
табуға жұмсалады. Түбегейлі зерттеуге 13- 15% дейін, қосымша зерттеулерге
24- 26% қаржы жұмсалады.
Дамыған елдердегі инновациялық қызметті басқару механизмінің
құрылымдауын және құрылу тәжірибесін зерттеу арқылы экономикалық дамуда
мемлекет ролі жоғары екенін көруге болады. [3.3, 315- бет] Дүниежүзілік
Банктің зерттеулері нəтижесінде өтпелі экономикалы елдер кəсіпорындарының
инновациялық белсенділігі əлі де болса төмен деңгейде екендігі анықталды.
Бұл жағдайдың негізгі себебі, кəсіпорындардың бəсекеге қабілеттілігін
арттыруды ынталандырудың жеткіліксіз деңгейі жəне шаруашылық жүйесінде
механизмдер мен құралдардың жоқтығы. Бұл елдердің əлемдік нарыққа шығуы
инновациялық дамусыз мүмкін емес. Инновациялық саясатты жүргізу деңгейін
өсіріп, ұлттық экономиканың бəсекеге қабілеттілігін арттырған жаңа
индустриалды елдер тəжірибесінен тағы да мысал келтіріп қарастырсақ, Чили,
Бразилия, Израиль жəне т.б. елдердің жалпы экономикалық климатының
қолайлылығының жеткіліксіздігіне , ал біреуінің ресурстарының аздығы,
дəстүрлі институттардың қарсылығы сияқты кедергілерге қарамастан
айтарлықтай нəтижелерге жетті. Бұл елдердің тəжірибесінің ерекшелігі
мынада: кәсіпкерлікке мемлекеттік көмектің дəстүрлі емес құралдары арқылы
ықпал етіп, дамымаған, қалыптасып болмаған нарыққа демеу көрсету. Олардың
тəжірибесімен таныстырып насихаттау мақсатында 2004 жылы наурызда
Сантьягода Дүниежүзілік Банк пен Чили қорының ұйымдастыруымен
Инновациялар, экономикалық өсу жəне үкіметтің саясаты атты семинар өтті.
Соңғы 20 жыл Чили даму институттарының арқасында ЖІӨ- нің орташа жылдық
өсуі 5 % болды. ЖІӨ- нің орташа өсу қарқыны 135 1980 жылы 4,2 , келесі он
жылдықта 5,9 %- ға дейін өсті. Бұл өсім экспорттың өсуі негізінде (1980 жыл
– 9,1% , 1990- 10 %) қамтамасыз етілді. Сауда құрылымында шикізаттық емес
экспорттың үлесі артты. Чилиге тəн мыс экспортының төмендеуі негізінде
жүргізілді. 1970 жылы 70 % , 1990 жылы 55 % , 2003 жылы 42 %– ға дейін
экспорттағы мыстан үлесі төмендеді. Израиль жоғары технологиялы
компанияларды қолдау мақсатымен венчурлық индустрияны табысты енгізіп,
жүзеге асырды. Соның нəтижесінде əскери- аграрлы елден жаһандық жаңа
экономика аймақтарының біріне айналды. 2000-2001 жылдарда жоғары
технологиялы экспорттың үлесі 25 %- ды құрады. Азиялық барыстардың бірі
Оңтүстік Корея өнеркəсіптік саясатының тез өзгеріп жатқан бизнес ортасының
жағдайына дер кезінде бейімделуі нəтижесінде 1997- 1998 жылдары қаржы
дағдарысынан аз уақыт ішінде шығуына жəне тұрақты даму жолына оралуына
негіз болды. 1998 жылы 7 % құлдыраудан кейін 1999 жылы ЖІӨ 9,5 % өсуіне
байланысты экономиканың айтарлықтай өскені байқалады. 2000 жылы ЖІӨ- нің
өсуі 8,5 % құрады. Бəсекелік саясатты жүргізудегі басты мəселе –
экономикадағы инфрақұрылымдық процесстің мемлекеттік реттелу деңгейі.
Өнеркəсіптік саясаттағы басты проблемаларын табысты шешкен елдер
тəжірибесіне қарап, мемлекеттің инфрақұрылымдық процесске қолдау көрсетуі
реформаның бастапқы кезеңдерінде қажет

II бөлім. Қазақстандағы индустриялық- инновациялық даму
2.1 ҚР инновациялық инфрақұрылымы және даму стратегиясы

Елiмiз жоғары бәсекеге қабiлеттi алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуы
үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi
қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-
инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын
қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-
ақ Елбасымыз “Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеге қабiлеттi экономика”
және “Бәсекеге қабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз
үшiн өзектi мәселелердiң бiрi индустриалды-инновациялық стратегияның
негiзгi бағыттарын атап көрсеткен еді.
Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт
алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып,
қызмет көрсету саласын мығымдау. [4, 35- бет] Күтiлетiн нәтижелер:
индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу
қарқынын жылына 8,8- 9,2% қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда
2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8% еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан
басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8- 8,4%- ке дейiн
жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3
есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк
бередi. ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтiң үлестiк
салмағын 2000 жылғы 0,9%-тен 2015 жылы 1,5-1,7%-ке арттыруға мүмкiндiк
беру. [5] Үкіметтің басымдықтарының бірі еңбек өнімділігін арттыруды
ынталандыру арқылы бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру болады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазiргi таңдағы
экономикасының дамуында төмендегідей мәселелер өзекті болып табылады :
1) экономиканың бiр жақты шикiзат бағыттылығы;
2) әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
3) ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың
босаңдығы;
4) iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы
(шағын экономика);
5) өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде
дамымауы;
6) кластерлiк желiлердiң дамымауы, яғни кәсiпорындардың бiр орталыққа
шоғырланбауы;
7) мұнай-газ және кен-металургиялық кешенге жатпайтын экономика саларында
негiзгi қорлардың тез тозуы;
8) кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;
9) ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-констукторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ)
қаржының аз бөлiнуi;
10) ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
11) мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi
заманғы жүйесiнiң болмауы;
12) экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы
институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;
Бұл бағытты іске асыру шеңберінде Үкімет елдің бәсекеге қабілетті
экономикасын арттырудың негізгі тетігі ретінде 2003- 2015 жылдарға арналған
индустриялық- инновациялық даму стратегиясының- кезеңін іске асыруға
топтастырады.
Мемлекеттік индустриялық- инновациялық саясат саласындағы бұрын
қабылданған бағдарламалық құжаттар идеологиялық тұрғыдан жеделдетілген
экономикалық дамыту үшін серпінді секірістерді қамтамасыз ету бойынша
басымдыққа сәйкес келеді. Сонымен бірге өнеркәсіп және қызмет көрсету
саласын жедел әртараптандыру мен жаңартуға бағытталған белсенді шараларды
қабылдау қажет.
Негізгі міндет өңделетін сектор мен қызмет көрсету саласын жедел
бағыттардағы экономикалық жолмен орнықты дамытуды қамтамасыз етуден тұрады.

Бұл міндетті шешу үшін мынадай бағыттар бойынша шаралар қаб-ылданатын
болады: негізгі қорларды жаңарту және экономиканың нақты секторын
техникалық қайта жарақтандыру; ғылыми жетістіктер мен инновациялық
әзірлемелерді енгізу есебінен еңбек өнімділігін арттыру; ресурстар мен
энергия үнемдейтін технологияларды енгізу жолымен отандық өндірістердің
энергияны қажетсінуін азайту; трансұлттық шетелдік компаниялардың капиталы
мен технологияларын республиканың экономикасына тарту; жаңа өсу нүктесін
қамтамасыз ететін және елдің технологиялық серпінді секірістер үшін негіз
болатын макро-жобаларды сәйкестендіру және іске асыру; Қазақстанның өңірлік
нарықта көшбасшы болуына мүмкіндік беретін қызметтер көрсету саласын
дамытуға арналған күш-жігерді шоғырландыру.
Бұл жерде мынадай басымдықтарды атап өткен жөн: қаржы секторы,
өнеркәсіп инжинирингі, құрылыс индустриясы, туризм, ІТ-индустрия, көліктік
логистика, денсаулық сақтау; мемлекеттің жәрдемдесуі кезінде ішкі
сұраныстың өсуін арттыру, сонымен бірге бәсекелестік бизнес ортасын дамыту;
ДСҰ-ға кіру; негізгі серіктес елдермен ықпалдастықты тереңдету және шет
елдердің рыноктарын белсенді игеру; кадрлар даярлау мен қайта даярлаудың
тиімді жүйесін жасау. [6]
Қазіргі кезде белгілі болып отырған өнеркәсіп секторы мен қызмет көрсету
саласы өсуінің баяу қарқыны жүйелі мәселелердің бар екендігін көрсетеді.
Соңғы жылдарда қабылданып жатқан іс-әрекеттер мен шаралар өнеркәсіп секторы
мен қызмет көрсетулер саласының құрылымдық өзгеруінің қажетті қарқынын бере
алмады.Бұл айтарлықтай дәрежеде отандық өндірушілер қанағаттандыра ала-тын
сапалы тауарлар мен қызметтерге ішкі төлеуге қабілетті сұраныстың болмауына
негізделген. Елге инвестицияларды тарту жөніндегі жұмыс тәжірибесі де ішкі
на-рықтың бір жақтылығында Қазақстан аумағындағы өндірістерді құруда
шетелдік инвесторлардың қызығушылығының төмен-дігін көрсетіп отыр. Тұтастай
алғанда, бұл жалпы ұдайы өндірісті және оның кеңеюін тежейді, жаңа тұтыну
өнімдері мен өндіріс құралдарының пайда болуы, олардың сапасы мен бәсекеге
қабілеттілігін арттыру үшін ынталандырмайды. Бүгінгі күні ЖIӨ-нiң 1
долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейi бойынша, сондай-ақ экономика
салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр индустриялдық дамыған
елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз. [7, 136- бет] Әлемдік
тәжірибені талдау мемлекеттің экономикалық дамуының жедел қарқынына қол
жеткізуде елеулі рөлі бірінші кезекте оны жергілікті өндіріс есебінен
қанағаттандыруға бағытталған ішкі сұранысты реттеуге (ынталандыруға)
берілетінін көрсетіп отыр. Отандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған нақты айтылған саясатпен
бірге бұл экономикалық серпінді секірістер үшін қолайлы жағдай жасайды.
Қазақстандық кластерлік бастаманы іске асыруды жалғастыру - бұл
кластерлік бастаманы дамыту мен қолданудағы негізгі бағыттағы бизнеспен
тікелей байланысты және жүйесіз туындаған мәселелерді шешу үшін жеткілікті
өкілеттіктер мен құзыретті органдардың қатарына ауысуы.
Үкіметтің іс-әрекеттері ірі кластерлерге, ТНК тарту мәселелерін шешуге,
экспорттық стратегияларды қалыптастыру мен кластерлік жобаларды,
инфрақұрылымды қамтамасыз етуге шоғырландыруға мүмкідік туғызады.
Инновацияны, жаңа идеядағы технологияларды жасап, өндірісте қолдану
үшін дамыған инновациялық инфрақұрылым ауадай қажет. Инновациялық
қызметтің тиімділігі инновациялық инфрақұрылымға көп байланысты.
Инновациялық инфрақұрылым елдің экономикасын жоғары деңгейге көтеруге
мүмкіндік беретін инновациялық экономиканың негізгі құралы және механизмі
болып табылады. Онда инновациялық инфрақұрылым дегеніміз инновацияны жүзеге
асыру үшін және инновациялық қызметті тиімді жүргізу үшін қажетті өзара
байланысты бірін-бірі толықтырушы өндірістік- техникалық жүйелердің,
ұйымдардың, фирмалардың жиынтығы. Бүгінгі күні өнеркәсіптік өнімдерді, жаңа
технологиялық инкубаторларды, инновациялық орталықтарды дамыту өзекті
мәселеге айналып отыр. Өнеркәсіптері дамыған мемлекеттердің тәжірибесін
алатын болсақ, ғаламдық бәсекелестікке төтеп беруде инновацияны жүзеге
асыру үшін дамыған инфрақұрыламға тиімді инновациялық қызмет механизімін
ұстануы қажет. [3.5, 234- бет] Қазақстандағы инновациялық қызмет сәйкесінше
нормативті заң құжаттары негізінде жүзеге асырылады. Инновациялық қызметтің
негізгі мақсаттары, қағидалары оған мемлекеттік реттеу құралдары және
бағыттары мамандандырылған технопарктер мен инновациялық қызметке
бағытталған мемлекеттік емес ғылыми - технологиялық фирмалар, венчурлық
қорлар жүйесі, инновациялық дамудың жекелеген аспектілерін қамтамасыз
ететін заң, экономикалық, эксперттік, кеңес беруші және басқа ұйымдардың
құрылуы мен қызметі барысындағы мемлекет ролі ҚР 26.03.2006ж Инновациялық
қызметке мемлекеттік көмек туралы заңына сәйкес реттеледі. Бұл заңда
Ұлттық инновациялық қор АҚ-ның және инновациялық қызметтің басқа да
арнайы субъектілерінің қызметін реттеу ұсынған. Қазақстанда 2003 жылдан
бастап отандық инновациялық инфрақұрылымды дамыту жолдарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теміржол көлігіндегі инновациялық қызметті талдау
Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы
Ауыл шаруашылығының инновациялық әлеуетінің қаржылық тиімділігін талдау
Кәсіпорындардың инновациялық қызметін салықтық ынталандыру шаралары
Кәсіпкерлік іс-әрекет
Инновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны
Кәсіпорынның инновациялық қызметі
Шағын кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау «Perfect» ЖШС мысалында
Мемлекеттік басқарудың түсінігі және оның бастаулары
Инновациялық қызметті реттеу
Пәндер