Испания мемлекеті туралы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Испания туралы жалпы мағлұмат
  2. Испанияның экономикасы
  3. Испания - Қазақстан экономикалық қатынастары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Испания (Espana) - Еуропаның оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет.

Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіңдегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді.

Жер көлемі 505, 9 мың км/кв.

Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қалалары мен оларға жақын жатқан Велиде-ла-гомера, Алусемас, Чофоринас аралдары да қарайды.

Халқы 39, 2 млн .

Оған негізінен испандар, католондар (5 млн. астам), галисилер (3 млн), баскилер (2 млн. астам), т. б. кіреді.

Қала халқы - 76, 79% .

Ресми тілі - испан тілі .

Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т. б. тілдер қолданылады.

Ел 17 автономиялық құрылымдардан тұрады.

Халқы негізінен католик дінін ұстанады.

Астанасы - Мадрид қаласы (5 млн тұрғыны бар) .

Бұған қоса Барселона (1, 8 млн), Валенсия (1 млн), Севилия (750 мың) т. б. ірі қалалары бар.

ұлттық мейрамы 12 қазан - Испан ұлты күні (Х. Колумбтың 1492 жылы Американы ашқан күні) .

ұлттық ақшасы - песета .

Көне ғасырлардан терең сыр шертетін, ғажайып мәдени ескерткіштері сұлулығына көз тоймайтын Испанияны аралап көру үшін бір ай да аздық етеді, дейді саяхат әлемі мамандары. Көрікті аймақтың шетсіз-шексіз кең даласында апельсин, мандарин, лимон бақтарымен қатарласа өскен өрік, шабдал және тағы да басқа цитрустық жемістер плантацияларын аяқ аттаған сайын көруге болады. Соңғы кезде бұл аймақта да ауылдық жерден қалаға қоныс аударушылар көбеюде.

Ғажайып аймақтың ежелгі тұрғындары - испандықтар жалпы табиғатында ашық-жарқын мінезді, көңілін көтеріңкі ұстайтын халық. Испан қоғамында әйелдер ролі бұдан ширек ғасыр бұрын ғана өзгерді. Ал диктатор Франко тірі болған кезінде заңды некедегі әйелдердің жағдайы тым қиындап кеткен еді. Әйелдер күйеулерінің рұқсатынсыз банкте есеп-шот та аша алмайтын. Сондай-ақ оларға өз бетімен барып жұмысқа тұруға немесе шет ел төлқұжатын алуға, өтініш беруге де қатаң тыйым салынған болатын.

Социологтардың пікірінше, "испандықтар - отбасындағы жылылықты сақтауды жоғары жалақы табудан немесе өз денсаулығына деген қамқорлықтан да жоғары қояды". Он балдық жүйемен анықталатын жоғары құндылықтар шкаласында испандықтар арасындағы отбасындағы келісім мәселесі - 8, 5 балмен бағаланған. Испандықтар үшін қазақтарға қарағанда керісінше денсаулықтың өзі екінші байлық болып қалған.

1) Испанияның экономикасы

¤неркәсіптің көлемі жағынан Испания Батыс Еуропада 5-орын, дүние жүзі бойынша 8-орын алады. Елде машина, кеме жасау, ұшақ шығару, электртехникасы, химия, тоқыма өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары тау-кен өндірісі жыл сайын кеміп, оның орнына электронды жабдықтар өндірісі дамуда. Ел экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі - 30%. Ел пайдалы қазбаларға бай, бірақ 100-ден аса қазбалардың тек 16-сы ғана өндіріледі. Ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Шарап(дүние жүзінде 3-орында), цитрустік жемістер, бидай, күріш, темекі, көкөніс, т. б. өсіріледі. Зәйтүн майын шығарудан Испания дүние жүзінде 1 орында. Мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Теңізден балық аулау мен теңіз азық-түліктерін пайдаланудан дүние жүзіндегі алғашқы ондыққа кіреді. Елге туризм үлкен табыс әкеледі. Жыл сайын Испанияға 62 млн. шет ел туристері келеді.

Диктатор Франко қайтыс болған 1975 жыл бүгінгі Испанияның демократиялық дамуының бастауы болып есептеледі. Адольфо Суарес пен Фелипе Гонсалес кезінде еркін түрде сайланған үкімет, оның қазіргі төрағасы Хосе Мариа Аснардың үкімет басына келуі елдің экономикалық дамуымен бірге, саясатта да өз деңгейінен көрінуге ықпал етті. Х. М Аснардың жетекшілігімен 1996 жылы сайлауда консервативтік халық партиясының жеңіп шығуы испан саясатындағы ірі бұрылыстардың бірі болды.

Еуропалық құрлықта Қазақстанның маңызды саяси және экономикалық әріптестерінің бірі - Испания Корольдігі. Осы елде жүргізілген жемісті экономикалық реформалар халықаралық тұрғыдан танылды және көптеген сарапшылар ерекше "испандық үлгі" ретінде бағалады. Испанияның Еуроодақтағы алда болатын төрағалығы Мадридтің халықаралық позициясын нығайтатын, ЕО сыртқы саясатының негізгі жүргізушісі болып табылатын фактісі де бей-жай қалдырмайды.

Испания соңғы жылдары шетелдерде белсенді инвестициялық саясат жүргізіп келеді. Оның "Репсоль", "Ибердрола" компаниялары сондай-ақ ірі банктері - Оңтүстік Америкадағы, Жерорта теңізі аймағындағы, Таяу Шығыстағы өзінің қызмет саласын тұрақты түрде кеңейтуде. Испания Орталық Азияға, ең алдымен Қазақстанға үлкен қызығушылық танытуда.

ҚР мен Испания Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 11 ақпанда орнатылды. 1994 жылы наурызда Президент Н. Назарбаевтың Испания Корольдігіне мемлекеттік сапары болды. Сапар нәтижесінде ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың іргетасын қалаған бірқатар құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде өзара қарым-қатынастың негіздері туралы декларация, өнеркәсіп пен экономика саласындағы келісім, инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы шарт жоғары деңгейдегі байланыстар 1986 жылғы желтоқсанда Лиссабонда ЕҚЫұ-ның саммиті кезінде жалғасын тапты. Президент Н. Назарбаев пен Испания ‡кіметінің төрағасы Қ. Аснар ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның алғашқы мәжілісін өткізу туралы уағдаласты.

3) Испания - Қазақстан экономикалық қатынастары

1997 жылғы қазанда Алматыда Испания үкіметінің басшысы Х. Аснар ресми сапармен Алматыға келді. Сапар шеңберінде Мәдениет, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, қаржылық саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Екі елдің іскер топтарының өкілдері үшін "дөңгелек үстел" өткізілді.

1998 жылғы ақпанда Алматыға қысқа мерзімді сапармен Испания Королі І Хуан Карлос келді. Президент Н. Назарбаевтың 2000 жылғы қазанда Мадридке сапардың екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін зор маңызы болды. Тараптар түрлі саладағы өзара тиімді байланыстарды нығайтуға мүдделі екендіктерін қуаттады. Төмендегідей маңызды құжаттарға қол қойылды: Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім және 2000-2003 жылдарға арналған білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы. "Тальго" компаниясының жүрдек жолаушы поездарын пайдаланып, "Алматы-Астана" желісі бойынша жүрдек поездарының жүрісін 12-14 сағатқа дейін қысқарту; "Астана қаласының тұрмыс қалдықтарын алысқа төгуді және экологиялық ахуалын жақсартуды жаңғырту" жобалары үшін мемлекеттік емес заемдарды тарту туралы уағдаластыққа қол жеткізу сапардың нақты нәтижесі болды.

Сапар барысында ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның мәжілісі болды. "Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері" атты конференция өткізілді. Бұл форумдарда ынтымақтастықтың, оның ішінде ауыл шаруашылығы, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және туризм саласындағы өзара іс-қимылдың басымдық берілетін бағыттары белгіленді.

Сонымен бірге екі жақты сауда көлемі салыстырмалы түрде көп емес, мұның өзі, ең алдымен, тікелей көлік коммуникацияның болмауына байланысты. 2000 жылы тауар айналымы 15, 7 млн. долларды құрады. Испанияға негізінен қара металдар, органикалық емес химия бұйымдары, тоқыма бұйымдарын әзірлеу үшін өсімдік материалдары, жүн экспортталады. Ал Испаниядан тамақ өнеркәсібі, керамика мен шыны бұйымдар, әрқилы құрал-жабдықтар түрлері импортталады.

Қоғамды да, билікті де жергілікті баспасөз замана ауқымында айнадағыдай көрсетіп отыратыны белгілі. Мұның өзі БАҚ-тың күнделікті жұмысы, іс-әрекеті болып табылады. Елбасы Н. Назарбаевтың Испанияға ресми іс сапарлары туралы жергілікті баспасөз беттерінде үнемі жарияланып келеді. Мысалы, "Егемен Қазақстанның" 2000 жылы 31 қазанда шыққан нөмірінде Бақыт Балғаринаның телефон арқылы берілген "Мадридтегі жүздесулер" атты шағын ғана заметкасы шыққан. Бұнда 30 қазанда Елбасы Н. Назарбаевтың Испания Корольдігіне ресми сапары басталғаны жайында айтылып, Испанияның бірқатар түрлі саладағы жетістіктерін, сонымен қатар елдегі демократияның өршіп дамығанын атап көрсетеді. Ал "Егемен Қазақстан" газетінің 2000 жылы 4 қарашада шыққан нөмірінде сол автордың "Испания жақсы әріптес болуға құлықты" атты көлемді мақаласы жарияланған. Мақалада ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Испания Корольдігіне кезекті ресми сапары туралы айтылған. Қазақстан басшысының Испания ‡кіметінің төрағасы Х. М. Аснармен жүргізген келіссөздерінде алты маңызды құжатқа қолдың қойылуы мақаланың негізгі арқауы болды. "Атап айтқанда, теміржол, автомобиль жолдары арқылы жолаушылар және жүк тасымалдау, сауда-саттық жасау мәселелері шешілді. Екі ел сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультация туралы, республиканың мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі мен Испанияның халықаралық ынтымақтастық туралы агенттігі арасындағы өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Экономика мен өндіріс саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Испания үкіметаралық екінші мәжілісінің протоколы хатталды. Сондай-ақ 2000-2003 жылдарда мәдениет пен білім саласында екі ел арасында байланыс жолға қойылды", дейді мақала авторы Бақыт Балғарина. " Испания жақсы әріптес болуға құлықты, бұл құлшыныс Елбасы сапары кезінде анық аңғарылды" деген тақырыппен берілген көлемді мақала газеттің 1мен 3 беттерінен орын алып отыр. Бірінші бетінде Елбасы Н. Назарбаев пен Испания королі Хуан Карлос І-нің кездесуі кезіндегі фотосуреті жайғасқан. Ал екінші бетінде Қазақстан басшысы мен Испания ‡кіметінің төрағасы Хосе Мариа Аснардың бір баспасөз мәслихаты кезіндегі фотосуреті берілген.

Испан жеріне табанымыз үшінші рет тиіп отырғаны туралы Сауытбек Абдрахманов әңгімеледі. Оның "Егемен Қазақстан" газетінде 2001 жылы 20 желтоқсан күні, № 292 санында " Мемлекеттің мерейі - мығымдығында "деген мақаласы жарық көрді. "Бірінші рет сонау 1989 жылы қарашада - КСРО мәдениетінің күндері Қазақстан атынан өткізілгенде, екінші рет 2000 жылғы қазанда Президент Н. Ә. Назарбаевтың Испания Корольдігіне ресми сапары кезінде келгенбіз, енді міне Елбасымыздың Америка Құрама Штаттарына бара жатқан жолында Мадридті тағы бір көріп қалудың сәті түсті", - дейді өзінің мақаласында Сауытбек Абдрахманов. Бұнда Испания ‡кіметінің басшысы Хосе Мариа Аснармен "Монклоа" резиденциясында өткен келіссөз барысында екі жақ халықаралық жағдайдың көкейкесті мәселелерін және Қазақстан - Испания қарым-қатынастарының қазіргі жай-күйі мен болашағының талқылануы жайында айтылған.

Сонымен, дүние жүзінде жерінің көлемі жағынан тоғызыншы орын алатын республиканың қазба байлығын, бай ресурстарын іске қосуда шетел капиталын тартудың маңыздылығы ерекше. Бір құптарлығы, шетелдермен кеңінен өрістеп отырған қарым-қатынастарда Қазақстанға, Мемлекет басшысына деген ықылас пен ілтипаттың мол екендігі айқын аңғарылуда. Қазақстан басшысының Испания Корольдігіне сапарлары аса маңызды келіссөздермен қатар республиканың бай ресурстарын іске қосуға да жасалған батыл қадамдарының бірі екендігі даусыз. Ең бастысы, Қазақстан Испанияның Орталық Азиядағы басты әріптесі болып табылады. 1992 жылдан осы күнге дейінгі уақыт мемлекет басшылары арасындағы достық пен өзара сыйластықты ғана емес, екі ел арасындағы қарым-қатынас өрісін кеңейтуге де ықпал етті.

Бүгінгі күні қазақстан-испандық инвестиция және сауда-экономикалық қатынастары қалыпты дамып келеді. Еуропалық Одақ мүше-мемлекеттері ішінде Қазақстан үшін экономикасына шетел инвестиция көздерін тартуда Испанияға мүдделі болып отыр. Қазақстандағы ең көлемді инвестиция Еуропалық Одақ үлесіне тиеді. 1993 жылдан 2001 жылға дейінгі Қазақстан экономикасына Еуропалық Одақ мүше-мемлекеттерінің тікелей инвестиция үлесі ортақ әлемдік инвестиция үлесінен 34, 2% (3479, 5 млн. АҚШ долларын) құрады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициялары 2005 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша 49, 7 млрд. долл. құрады. Испанияның үлесі - 0, 1 % (54, 6 млн. долл., соның ішінде тікелей инвестициялар - 6, 6 млн. долл., басқалары - 48 млн. долл. ) . 2005 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша Қазақстаннан шетелге 15, 06 миллиард АҚШ доллары инвестицияланған. Оның ішінде Испанияның үлесі 0, 2% (31, 7 млн. долл. ) құрайды.

Еуропалық Одақ мемлекеттерінен инвестиция тартудың маңызды ортасы түсті металлургия мен мұнай-газ секторы болып табылады. Бұл үрдіс Қазақстан экономикасының рыноктық экономика бағдарына қатысты болып келеді, осы жағдайда еліміздің мұнай орындарын, газ, көмір, қара және түсті металлургия өндіріп шығаруға, мұнайгаз кәсібін дамытуға, минералды шикізат өндіруге және шетелдік капитал салымын тартуға тұтынушылығы артып келеді.

Қазақстан Республикасының Испания Корольдігімен сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі көрсеткіштері

1994 ж-дан 2000 ж-ға дейін [4]

(АҚШ млн. долл. )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Испания мемлекеті
Монро доктринасы
Испания конституциясы
Самбо күресі туралы дерек сөз
Испания мемлекетінің саяси партиялары
Мемлекеттік туристік органдар
Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуы
Саяси партиялар жайлы
Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет - Франция
Евро валютасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz