Сөз мәдениеті туралы


КІРІСПЕ
Сөз мәдениеті
Мәдениет дегеніміз дұрыстық, тәртіпке бағыну, заңдылықты сақтау деген мәнде. Демек, сөз мәдениеті - норманы сақтау дегеннің баламасы. Ал норма деген не, оның түрлері қандай? «Сөз мәдениеті» тек тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормаларымен бұлжытпай дәлме-дәл сақтау ғана емес, айтпақ ойды тыңдаушыға жүрекке жылы тиетін «айналасы теп-тегіс, жұмыр келген», әсерлі етіп жеткізу жайын да қамтуға тиіс [1, 8-9] .
Жалпы, тіл білімінің бұл саласында, тілге қатысты мәдениет деген ұғымды айтқан кезде біршама ойдың бары байқалады. Рәбиға Сыздық өзінің «Тілдік норма және оның қалыптануы» атты еңбегінде: «Ең алдымен, тіл білімінің осы саласын қазақша қалай атаған дұрыс: «тіл мәдениеті» ме, «сөз мәдениеті» ме, «сөйлеу мәдениеті» ме? Орыс тілінде көбінесе «культура речи» деген термин қолданылып жүр. Сонымен қатар, оның синонимі ретінде «культура языка» деген тіркесті де біраз уақытқа дейін (тіпті қазірдің өзінде де) қолданылғандығы байқалады. Орыс лингвистикасында «язык» және «речь» деген терминдер - дербес атаулар: «язык» тілдің өзі, («таңбалар жүйесі») болса, «речь» - сол тілдің қолданыстағы күйі (көрінісі) .
Тіл мәдениеті, яғни тілдік элементтердің дұрсы қолданысы, сол тілді жұмсау барысында талап етіледі, демек, бұған «культура речи» деген термин дәлірек келеді. Ал, қазақ тіл білімінде «язык» пен «речь» -ті айырып атайтын терминдер әлі қалыптаспай келеді. «Язык» дегенді «тіл» делік, ал «речті» қалай атауымыз керек. Оны «тіл», «сөз», «сөйлеу», «тіл қолданысы», «қолданыс» деп әрқайсымыз әр түрлі беріп жүрміз. «Культура речи» деген сияқты білім-ғылымның жалпы бір саласын атау керек болғанда «сөз мәдениеті» деп алған дұрыс сияқты, ал баяндау барысында, контексте «қолданыс», «тіл қолданысы», «сөйлеу» деген сөздер де «речь» мағынасын бере алады. Сірә, жалпы пәндік термин ретінде «сөз мәдениеті» дегенді таңдаған дұрыс болар. Өйткені бұл жерде әңгіме ойымызды ауызша да, жазбаша да дұрыс («мәдениетті») білдіру туралы болмақ. Ал «ой» дегеніміздің бір атауы - сөз», - деп жазады. Ендеше, осы пікірге сүйене отырып біз, «сөз мәдениетін» жан-жақты қарастыруды нысанамызға алдық [2, 20-21] .
Тіл - адам қатынасының, ойлаудың, мәдениеттің аса маңызды құралы, өмірдің ұлы қаруы. Қарым-қатынас майданына түскен сайын бұл құралдың икемділігі артып, шыңдала береді. Бірақ, тілдің мұндай қасиеті оның қызмет етуіне, жетілуі мен дамуына айрықша көңіл бөліп, шынайы қамқорлыққа алып отырудың барысында ерекше жандана түседі.
Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрін қатар дамытып, оның қоғам өміріндегі қызметінің өрістей түсуіне мүмкіндік жасау, түрлі ауытқулардан арылтып отыру, небір күрделі ойдың әрқилы нәзік айырымдарын тіл арқылы дәл, анық жеткізе білуге көпшілікті тәрбиелей түсу т. б. тіл мәдениетін көтеру деген ұғымды білдіреді. Тіл мәдениеті деген ұғым кең. Ол көбіне-көп қарым-қатынас құралы болып табылатын, тілді жетілдіре беру, ұштай түсумен қатар, сөз шеберлігі, сөйлеудегі әдептілік тәрізділерді де қамтиды. Сөз мәдениеті алдымен әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын меңгеру сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білу дегенді білдіреді.
Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл нормасына төселген адамның сөйлеген сөзі де, жазғаны да, кедір-бұдырсыз болып жатық шығып жатады. Тіл амалдарын дұрыс қолданып, әдеби тіл нормасын сақтап, одан жөнсіз ауытқымауды сөз жатықтығы деп түсінуге болады. Тіл амал-тәсілдерін дұрыс жұмсауға, сөз жатықтығына ғана қанағат етіп қою жеткіліксіз. Сөйлеушінің сөзі әдеби тілдің нормасына сай жұмсалуы және «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей», ой мен сезімді дәл жеткізе алатындай әсерлі болуы да қажет. Тілде болып жатқан амал-тәсілдер бар. Солардың ішінен қарым-қатынас жасаудың мақсатына қарай қажеттісін талғап ала білу арқылы ой мен сезімді дәлме-дәл жеткізе білу шеберлігі - сөз мәдениетінің биік шыңы. Мұндай шеберлік ең алдымен тіл амалдарын әдеби нормасына сай дұрыс қолданудан, сөз жатықтығынан басталады. Ондай қасиетке ие болғанда ғана барып сөйлеуші, жазушы сөз байлығы, сөз тазалығы, сөз дәлдігі, сөз әсерлілігі тәрізді тағыда басқа сапалармен тыңдаушысын баурап алып отырады [1, 9] .
Тіл мәдениетінің тірегі - әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен араласып жататындықтан «тіл мәдениеті» деген ұғымның аясы кең. Өйткені тілдік нормалар мен тілдің стильдік тармақтарының әдеби тілдің қоғамдық қызметі ұлғаю барысында көптеген жылдар бойы берік қалыптасқандары да, жаңадан пайда болғандары да бар. «Мәдениет» сөзін бұрын қоғамның материалды рухани байлықтарының түрлі тарамдарын қамтиды деп қолдансақ, осы күндері оның жұмсалу аясының кеңейгені байқалады. Мысалы: еңбек ету мәдениеті, сауда-саттық мәдениеті, егін жинау мәдениеті, мәдениетті дақылдар. Осылардың қатарында «тіл мәдениеті» деген ұғым да жиі қолданылатын болды. Бұл атаудың пайда болуы тіл жұмсау дағдымызға қойылатын талаптардың күшеюімен, тіл білімі ғылымының ілгері дамуымен байланысты болса, мақсат - жұртшылықты сол мәдениетке баулу болмақ.
Мәдениетті, әсіресе тіл мәдениеті жоғары азаматтар қатарына қосылу әркімнің абзал арманы. Ол қасиет бір адамға екінші адамнан бірден жұға қалмайды, көп оқып, көп ізденіп, ұзақ жылдар бойы халқының, озат елдің асыл мұраларын, өнер-білімін ерінбей меңгеру, үйрену арқылы кемелденеді. Тіл - адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде қазақ тілі де, халықтың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болғандықтан, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз.
Тіл байлығын игеру - ана тілін қадірлейтін тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Тіл арқылы айтылатын ой сөзге, сөз тіркеске, солардан құралған сөйлемдерге негізделеді. Тілдің бас арқауы - сөз. Арқаусыз кілем, алаша, мата тоқылмайды. Сол сияқты сөзсіз сөйлем де құрылмайды. Сөйлем адам ойын айтудың негізгі формасы болғандықтан, адамдардың сөзден сөйлем құрап, өзгелермен телдесе, жаза білуі - оның ақыл-ойының дамып, сана-сезімінің арта түскенінің белгісі. Тіл - әлеуметтік құбылыс. Бала ана тілін қоғам мүшесі ретінде пайдаланады, табиғи айналадан үйренеді. Балаға дем алу, тамақтану қаншалықты табиғи болса, жастайынан тіл үйренуі де сондай табиғи.
Тіл мәдениетінің екі түрі бар: баспасөз тілінің мәдениеті және сөйлеу тілінің мәдениеті. Бұлар өзара тығыз байланысты. Қазақ елінің қазіргі әдеби тілі жалпыхалықтық ауызекі сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Әдеби тіл сөйлеу тілінде бардың бәрін емес, оның құнарлы жалпыға ортақ, әрі тиімді байлықтарын бойына сіңіреді де керісінше сөйлеу тіліне ықпал тигізеді. Әдеби тілдің дәстүрлі жаңа-жаңа нормалары сөйлеу тіліне ауысады. Осыдан келіп әдеби тілдің екі түрі пайда болады: біріншісі - әдеби тілдің жазба түрі, екіншісі - әдеби тілдің сөйлеу түрі. Бұлар өзара тығыз байланыста дамиды. Жазба әдеби тіл дамымай, жасалмай тұрып, ауызша әдеби тіл жасалмақ емес.
«Сөйлеу тілінің мәдениеті» дегенді біз алдымен әдеби тілді игеру дәрежесінің қандай екеніне қараймыз. Сөйлеушілердің өздеріне тән тілдік ерекшеліктері болуымен қатар, ол бүкіл халыққа ортақ әдеби тілдің де байлықтарын бойына сіңіруге тиіс. Оның толып жатқан қиын-қыстау, ұзын-сонар жолдары бар: мектеп, институт, кітап, журнал, газет, радио, теледидар, тетатр . . . бәрі тіл мәдениетіне баулитын орындар. Қазіргі адам солардан, өнегелі тәрбиешілерден үйрену, оқу арқылы тіл мәдениетіне қанық болады [4, 10] .
Тіл мәдениетінің шыңына жету жолы ұзақ әрі тарам-тарам. Оның негізі отбасында, балалар бақшасында қаланады да, бастауыш мектептен бастап ана тілін жүйелі оқып үйрену, тіл дамыту, сауатты жазу, грамматикалық құрылыстардың жүйелерін, заңдылықтарын білдіру мақсаты қамтылады. Қоғамымызда «Ауызынан сөзі, қойнынан бөзі» түсіп тұрған ынжық, тілге шорқақ жастардың тілінде кездесетін орашолақтықтардан мыналарды атауға болады:
1. Кейбіреулердің өз ойын айту үшін қолданатын сөздерінің саны өте шағын болады. Өзі білетін, айтыла-айтыла әбден жауыр болған сөздерді жиі қолданады. Сөз көркі - мақал-мәтелді идеома, фразалық тұрақты тіркестерді аузына алмайды.
2. Басқаға өз ойын түсінікті, жатық әсерлі етіп жеткізудің бір шарты - өз әуенінің дұрыс болуы. Музыкадағы барлық ән-күй, ірілі-ұсақты басқа да музыкалық шығармалардың арқауы до, ре, ми, фа, соль, ля, си деген тондар гаммасы сияқты болмағанмен, әрбір ойға лайықты дұрыс құралған сөйлемдегі сөздердің жеке сөйлемдердің өздеріне сай ырғағы, үні болады. Сөздерді дұрыс айту, дұрыс жазу нормалары болады. Соларды білмей, білсе де елемей, қалай болса солай айта, жаза салатындар да аз емес.
Бәрінен де сөйлесудегі ынжықтық, ұялшақтық жаман.
3. Мәдениетті адамның өзі де сөзі де, ойы да барынша жинақы болуға тиіс. Адамның сырт көрінісі, іштей жинақылығы, сөзі, ой-өрісі, ізеттілігі, мәдениеттілігі - бәрі жиналып жұрт жүрегінің құлпын ашатын алтын кілт [3, 96] .
Әдеби тіл нормасы - сөзді дұрыс қолданудың грамматикалық амал-тәсілдерді дұрыс пайдаланудың көпшілігі таныған, тіл тәжірибесінде сыннан өткен қағидалары. Тіл мәдениеті - әдеби тілдің нормасы туралы білім саласы ретінде пайда болғаны мәлім. Тілдік норма - әдеби тіл туралы ұғымның ең бір өзекті элементі. Сөйлеуде, жазуда тіл амалдарын дұрыс қолдана білу әдеби тіл нормасын сақтау дегенге саяды.
Әдеби тіл нормалары оқулықтарда, сөздіктерде тіркеліп отырады. Ал тиісті әдебиетте көрсетілген қағида ережелерді сақтамау - әдеби нормадан ауытқу.
Сөз мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі - сөз молдығы, сөз байлығы болып табылады. Сөз молдығы - оралымды тілге қойылатын талаптардың бірі. Сөз байлығына ден қоймаған адамның тілі жұтаң тартып тұратындығы белгілі. Актив сөзі тым аз болған сайын ондай адамның тілінде мақсатсыз қайталау да болады. Сөзді орынсыз қайталау тілдің коммуникациялық қызметін күрт төмендетеді, ойды дәлме-дәл, мазмұнды жеткізуге кедергі болады. Аз сөзбен көп мағына беру принципі бұзылады. Өйткені айтылатын ойға әр сөздің қосатын мағыналық, эстетикалық, эмоциялық т. б. информациясы болады. Ал бір рет айтылған сөздің сөйлем сайын мақсатсыз қайталана берілуінен текстің информациялық мазмұны кемиді.
Тіл байлығы тек қана лексикамен ұштаспайды, сонымен қатар, бұл ұғым сөздің лексика-фразеологиялық топтары ғана емес, ана тілінің синтаксистік, морфологиялық жүйелерін де қамтиды. Тілдің морфологиялық, синтаксистік амал-тәсілдері, лексикалық қазынасы бір-бірімен астаса, ынтымақтаса, тіл табыса келіп, тіл байлығын құрайды.
Тіл мәдениетіне қажетті аса маңызды салалардың бірі - сөз тазалығы. Сөз тазалығы дегенде алдымен ойымызға оралатын тіл тазалығы, сөзімізде бөгде тілдік элементтердің болмауы. Бірақ әдеби тілімізде өзге тілдерден енген сөздер, тіпті сөз тудырушы қосымшалар да бар екені мәлім. Ондай құбылысты тіл-тілдің барлығынан дерлік кездестіруге болады. Өзге тілден еніп, заңды түрде орныққан сөздерден кейбіреудің дағдысынан енген мүкістіктер мүлде басқа. Дағдының да дағдысы бар. Жұртшылық қабылдап, тілде орныққан, дағдыға енген шет тілдік сөздің орны бөлек. Ал ондаймен санаспай «бөгде элементтерді оңды-солды жұмсау» сөйлеушінің сөзге ұқыпсыздығын көрсетеді. Мысалы, қазіргі таңда мемлекеттік тілді шұбарлап сөйлеу белең алып жатқаны жасырын емес. Тіліміздегі «бара жатырмыз» деген тіркестер «баратырық», «келе жатырмыз» деген тіркестер «келатырық» деп айтылып жүр. Сонымен бірге, мемлекеттік тілге орыс, ағылшын сөздерін қосып сөйлеу де «дәстүрге» айналып барады. Мысалы, телефонда, ауызекі сөйлеуде, «мақұл», «сау болыңыз» деудің орнына «давай», «хорошо» деп тіл «бұрап» жүрміз. Мұның бәрі мемлекеттік тілімізді шұбарлауға әкеліп соқтыратыны әмбеге аян. Көптеген мемлекеттерге тілдің тазалығын сақтау үшін арнайы заңдар қабылданған. Мысалы, Францияда «француз тілінің тазалығын сақтау туралы» Заң бар.
Сонымен, «тіл мәдениеті, сөз мәдениеті» дегеніміз не? Оған ғалымдар мынадай анықтамалар береді: «Тіл мәдениеті дегеніміз - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тілді жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы. Тіл мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексика), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларды ұстану, орнықтыру, жетілдіру».
«Что такое высокая культура речи? Высокая культура речи - это умение правильно, точно и выразительно передавать свои мысли средствами языка. Правильной речью называется та, в которой соблюдается нормы современного литературного языка. Но высокая культура речи заключается не только в следовании нормам языка. Она заключается еще и в умении найти не только точное средство для выражения своей мысли, но и наиболее доходчивое (т. е. наиболее выразительное) и наиболее уместное (т. е. самое подходящее для данного случая и следовательно стилистическое оправданное) » [8, 86] . Бұл ой-тұжырымдардан нені аңғаруға болады? Тіл мәдениетіне берілген анықтамалардан: тілді дұрыс қолдану, яғни білімдірек ойға сөздерді сай етіп дұрыс, дәл таңдай білу, ой мен сөздің құр дәлдігін табу емес, сонымен қатар, сөздерді тыңдаушыға әсер ететіндей орынды, көркем етіп қолдану, оларды бір-бірімен дұрыс байланыстыра, дұрыс орналастыра білу, сөйлемді тым шұбалаңқы да емес, тіпті келте қарапайым да емес түсінікті етіп дұрыс құрастыра білу т. б. аңғаруға болады. Бұдан тіл мәдениеті деген ұғым тілдегі «дұрыстық» дегенге саятын тәрізді. Ал тілді дұрыс қолданудың негізі неде? Тілдегі дұрыстықтың негізі - тілдің қалыптасқан жүйесі, заңдылығы құрылымы, нормасы. Әрине, ол заңдылық өзгермейтін құбылыс емес, сөз қолданушының шеберлігіне қарай сөз арқылы көрікті де көркем дүниелер жасалады. Демек, тіл мәдениеті дегеніміз - біріншіден, тілдің қалыптасқан заңдылығын, жүйесін, нормасын бұлжытпай сақтау болса, екіншіден, айтпақ ойымызды «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей» көркем де бейнелі, әсерлі етіп жеткізу [4, 13] .
2. Сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - сөйлеу қателіктері
С өз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - сөйлеу қателіктері. Стилистика ғылымының негізгі мәселелерінің бірі болып саналатын бұл ұғым, көбіне-көп тілді қолданушы тұлғаның әдеби тіл нормасын сақтамауынан, тілдің бейнелеу құралдарын орнымен пайдалана білмеуінен, синонимдік қордың жұтаңдығынан, сөйлеу актісіндегі сөздерді дұрыс дыбыстамауынан келіп шығады. Сөйлеудегі қателіктер, адамның тілдік құралдардың стилистикалық «реңктерін» білмеуден туады. Тілді жұмсауда күнделікті өмірде түрлі нормадан ауытқулар болып жатады. Солардың барлығы стилистикалық қате түрлері болып табылады. Стилистикалық қате белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қатенің түрі. Мысалы, лексикалық, фразеологиялық, орфографиялық, орфоэпиялық, грамматикалық тұлға-бірліктерді өзінің негізгі мақсатына сәйкес өз орнымен қолданбаудан болатын қателіктер т. б. Бұлардың барлығы әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларының сақталмауынан болатын тілдік қатенің түрлері. Мұндай қателер көп жағдайда тілдік талғамның төмендігінен болады. Тілдік талғам - тілді, сөзді жұмсап үйрену, жаттығу арқылы қалыптасатын қасиет.
Тілді білу, оның күллі байлығын игеру, дұрыс жазып, айта алу - қоғамның кез келген мүшесіне қойылатын талап. Білген нәрсені орынды және ұтымды жеткізу, тіл байлығының ішінен тек өзіңе керегін ғана таңдап алып, ұтымды пайдалана білу, бұл - өнер. Ал өнер дегеніміз - шеберлік. Сөз жұмсау шеберлігіне қол жеткізу сөйлеудегі қателермен мақсатты түрде күресудің барысында қалыптасатын, асқан шыдамдылық пен төзімділікті қажет ететін шығармашылық процесс. Стилистикалық қателердің алдын алып, олармен үнемі күрес жүргізіп отыру жалпы халықтың сөйлеу мәдениеті мен стилистикалық сауаттылығын көтереді. Халықтың тілді қолдана білу мәдниеті күллі қоғамның рухани сауаттылығының көрінісі әрі өлшемі болып табылады.
Белгілі ғалым Бердібай Шалабай, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс сөйлеу қателіктеріне біршама ой білдірген: тілде неғұрлым жиі ұшырасатын нормадан тыс ауытқулардың алдын алу үшін стилистикалық және стилистикалық емес қате түрлерін ажыратып алу қажет. Стилистикалық емес қатенің түрлеріне лексикалық, фразеологиялық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік нормалардың сақталмауынан болатын ауытқулар жатады. Стилистикалық қатенің түрлеріне, стильдік тұтастықтың сақталмауынан, сөз және грамматикалық құрылымдар мен формалардың сөйлеу мәнеріне, сөйлеу мақсатына сай болмауынан, сөйлеу түрі мен жанрдың формалық ерекшеліктерін ескеремудің салдарынан жіберілетін қателер жатады. Стилистикалық сауаттылықтың сатылары мен соған байланысты болатын стилистикалық қатенің түрлері былайша топтастырылады:
1) Қазақ тілінің стилистикалық ресурстарын толық білмеудің салдарынан болатын стилистикалық қателер;
2) Тілдік - стилистикалық талғамның төмендігінен болатын стилистикалық қателер;
3) Функционалды стиль нормаларының сақталмауынан болатын стилистикалық қателер.
Стилистикалық емес қателер:
1. Лексикалық қателер:
1. Сөздің мағынасын білмей қолдану;
2. Сөздің мағынасын білмей тіркестіру;
3. Сөздің мағынасының нақты қолданылмауы, күңгірт болуы;
4. Паронмдердің қолданысы;
2. Фразеологизмдерді қолдануда кететін қателер:
1. Тұрақты тіркес құрамындағы сыңарлардың мағынасына жақын келетін сөздер мен ауыстырылып қолданылуы;
2. Тұрақты тіркес мағынасының контекске сай келмеуі;
3. Морфологиялық қателер:
1. Тек қана жекеше түрде қолданылатын зат есімдерге көптік жалғаудың тұлғасын қосып жазу:
Зат есімдерде септік жалғауларының дұрыс қолданбауы;
2. Сын есімнің шырайларын орынсыз қолдану;
4. Синтаксистік қателер:
1. Сөз тіркестірудің нормаларының сақталмауы; бағыныңқы мен басыңқы сыңарлардың араларының тым алшақ болуынан мағына байланысының нақты болмауы;
2. Етістіктің шақ тұлғаларының бір-біріне сәйкес қолданылмауы;
3. Бірыңғай мүшелі сөйлемдерді қолдануда жіберілетін қателер;
а. Бағыныңқылардың басыңқы мен байланысының болмауы, бірыңғай мүше тұлғаларының біртектес келмеуі;
ә. Бір-бірімен тегі және түрі жағынан біртектес сөздердің бірыңғай қолданылуы;
4. Есімшелі, көсемшелі тұлғалы сөздердің орын тәртібінің сақталмауы, орынды жалғанбауы;
5. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің сақталмауы;
6. Есімдіктерді орынсыз қолданудың себебінен сөйлемнің мағынасының күңгірттенуі;
7. Бастауыштың қайталанып, үстемеленіп жұмсалуы;
8. Құрмалас сөйлемдегі компоненттердің орын тәртібінің сақталмауы;
9. Құрмалас сөйлем компоненттері арасында логикалық грамматикалық байланыстың болмауы;
10. Құрмалас сөйлем компоненттерінің тым шұбалаңқы болуы, сөйлемге қажетті сөздерді тастап кетудің салдарынан сөйлем мағынасының күңгірттенуі;
11. Дәйек сөздерді қолдана алмаудың салдарынан болатын қателер;
12. Мәтін ішіндегі сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық-грамматикалық байланыстың болмауы, байланыстырушы конструкцияларды білмеуі. Соның салдарынан ойдың күңгірттенуі;
Стилистикалық қателер:
1. Қазақ тілінің стилистикалық ресурсын толық меңгермеудің салдарынан болатын қателер:
1. Сөздік қордың жетіспеуі:
а. Бір контексте бір сөздің немесе түбірлес сөздердің себепсіз қайталануы;
ә. Плеоназм мен тавтологиялық сөз қолданысының салдарынан сөйлеу тілінің көріксіз кедей болуы;
2. Штамп сөздердің қолданылуы;
3. Қыстырма сөздерді орынсыз қолдану;
4. Әдеби тілге жатпайтын сөздерді себепсіз қолдану;
5. Тілдің көріктеу құралдарын керекті жерінде пайдаланбау;
2. Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер:
1. Бояма сөздерге құмар болу;
а. Сындық мәні бар сөздерді дұрыс таңдай алмау;
ә. Әдемілік үшін ойланбай қолданылған сәтсіз метафоралар мен теңеулердің, бейнелі сөздердің болуы;
2. Түрлі стильдің лексикасын пайдалану, соның ішінде ауызекі, кітаби тілге тән лексиканы себепсіз қолдану;
3. Функционалдық стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер:
1. Ресмилік мәні басым сөздерді орынсыз қолдану;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz