М.Ж. Көпеев және қазақ тарихы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

Деректану және тарихнама кафедрасы

ДИПЛОМ Ж Ұ М Ы С Ы

М. Ж. КӨПЕЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТАРИХЫ

Қорғауға жіберілді:

деректану және тарихнама кафедрасының

меңгерушісі, т. ғ. д., профессор

Қ. М. Атабаев

«» маусым 2008 ж.

АЛМАТЫ, 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1-тарау. МӘШҺҮР ЖҮСІП ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ

1. 1 М. Жүсіптің өмірі мен шығармашылығына сипаттама . . . 8

1. 2 М. Ж. Көпейұлы және қазақ тарихы мәселелері . . . 13

2-тарау. МӘШҺҮР ШЫҒАРМАЛАРЫ ЖӘНЕ АУЫЗША ТАРИХ АЙТУ ДӘСТҮРІ

2. 1 Мәшһүр дерек жинастырушы әрі құрастырушы . . . 31

2. 2 Мәшһүр - шежіретанушы . . . 40

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ . . . 49

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Енді ғана өз билігі өзіне тиіп, ұлттық мемлекетінің іргетасын қалай бастаған қазақ халқы үшін өзінің жүріп өткен жолының ғылыми шынайы тарихын жазу қажеттілігі күн өткен сайын айқын сезілуде. Себебі ұлттың бүгінге дейінгі тарихы - оның ертеңгі тағдыры. Қазақ елі көп жылдар бойы бодандық құрсауында болып, енді егемендік алған тұста алдына әлемдегі өркениетті халықтар санатына қосылу мақсатын қойып отырған ұлт үшін өзінің өткенін білу, төл тарихынан тағылым алып, оның сабақтарын ескеру - болашақ мақсаттарға жеткізетін негізгі фактор. Яғни, қазақ халқының келешегінің қалай қалыптасуы, көп жағдайда оның ғылыми тарихының қазіргі кезеңде қалай жазылуына, оның тарихи санасының қалай қалыптасуына байланысты.

Тарихта жеке тұлғалық фактор әрқашанда жоғарғы маңызға ие болған. Тұтас бір тарихи кезең және сол уақыттарда орын алған ірі қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени өзгерістер кейде бір немесе бірнеше тарихи тұлғалардың өмірімен, қызметімен байланыстырылады. Осындай құбылыс Отан тарихында ХХ ғасырдың басында орын алды.

Әсіресе қазақ тарих ғылымының деректану саласына Мәшһүр-Жүсіп, Н. Наушабайұлы, Қ. Хаид, М. Шорманұлы сынды тұлғалар жазбалар жеке-жеке зерттеліп, біртіндеп енгізілуі керек деп санаймыз.

Бағы замандағы ғұламаларды айтпаған күннің өзінде, ел ішіндегі атағы шыққан шежірешілерді санамаған күнде де, Қазақ хандығының қалай өмірге келгенін, оның шаңырағын кім көтергенін, елдескен және жауласқан елдерін тізіп берген Мырза Хайдар мен Қадырғали Қосымұлы сияқты тарихшылар болды. Бірақ бұлар патша сарайының маңында қызмет жасаған, жазуға деген құштарлықпен бірге әкімдікті, уәзірлікті ала жүрген әмбебап тұлғалар еді.

Қазақ тарихының талай сырын баяндап, оқырманына көшпелілер тарихы туралы жарқын ой ұшқынын қалдырып кеткен Шоқанның өзі де тарихшылықты кәсіп еткен жоқ. Шоқан ғаламат дарын иесі еді, оның шағын ғана мақалалардың өзі ғылыми тереңдігімен, кеңістіктегі ауқымымен, алдындағы тамаша өрісімен әлі күнге дейін бізді тәнті қылады. Шоқан аз ғұмырында Орталық Азия тарихының көне және ортағасырлық тарихына қатысты талай күрделі мәселелерді көтерді. Бірақ ол орыстың әскери оқуын бітірген, сол империяға қызмет істеуге тиіс жан еді. Сол себепті Шоқан жазбаларының көпшілігі жұмыс үстінде, жол сапарда, қауіп-қатер, жорықтарда жазылды.

Шоқанға дейін де, XIX ғасырдың. өзінде де қазақ шежіресін жинақтап, тарихтың әртүрлі нұсқаларын сараптап жүрген азаматтар аз болған жоқ. Бұл ең алдымен түркі-монғол халықтарының шежірешілдік дәстүрі еді. Елдің кемеңгер ақсақалдары мен қарияларынан қалған алтын сандықты хатқа түсіру де XIX ғасырдан басталды. Жазба дәстүрін ұстанған азаматтар осы көне нұсқадан, мөлдір қайнар - бастаудан нәр алатын. Мәшһүр де осы дәстүрді жалғастырды және қазақ тарихына мол үлесін қоса отырып, артына мол мұрасын қалдыра білді.

Ақын шығармалары әртүрлі себептермен Қазан, Ташкент, Омбы, Санкт-Петербург, Томск, Орынбор және т. б. қалаларға тарап кеткен. Тіпті, Париж қаласынан (2000 ж. мамырында) сол тұста вице-премьер министр лауазымын атқарған Иманғали Тасмағамбетов Мәшһүр жазбасының бір түпнұсқасын тауып әкелгендігі де баршамызға мәлім. Сол себепті де Мәшһүр сынды үлкен шежіретанушы ғалымның еңбегін бағалап, оған шынайы бағасын беру өзекті болып отыр.

Мәселенің зерттелу деңгейі Қазақ тарихымен XIX ғасырдың соңымен XX ғасырдың басында бірсыпыра азаматтар айналысты. Олардың ішінде қазақтың өз жадында сақталған шежіре аңыздарын жинақтап, соларды жүйелеп және қорытып, көшпелілер тарихы туралы тамаша деректерді жазып қалдырған Ж. Көпейұлы /1/, қазақ шежіресі мен Ресей тарихнамасын байланыстырған Ш. Құдайбердіұлы /2/, қазақтың тарихи аңыздарын жыр жолына түсірген Н. Наушабайұлы, Алтын Орда мен ақтабан шұбырынды заманы туралы тамаша этюдтер жазған М. Тынышпаев /3/, "Қазақ тарихының" алғашқы ғылыми нұсқасын орыс тілінде жазып көрген ерен білімді С. Аспандияров болды /4/. Бұл тізімнен тыс жүздеген адамдар қазақ тарихының әр түрлі мәселелері бойынша баспасөз бетіне шықты.

Өз кезегінде жазушы Әбділда Тәжібаев: Мен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтың атын қаршадайымда есісем де, оның кім екенін білгір баяндауға қартайғанымша жарған емеспін. Сонау жылдары әміршіл-әкімшілдік қаһарына ұшыраған аяулы азамат та өзгелер сияқты ұлыпты болды», - деп, М. Көпеев мұрасыныңы ұзақ уақыт бойында тарихымыздың бетінен аластатылып тастағаны туралы қынжылыспен атап өтеді.

Жалпы Мәшһүр мұрасының зерттелу тарихына шолу жасасақ, көбіне әдебиетші ғалымдар зерттеген әдеби мұрсы ғана ғылыми ортаға мәлім болғандығын аңдаймыз. Тек түпнұсқасымен жұмыс жүргізген ғалым, академик Әлікей Хақанұлы Марғұлан ғана 1940жылы басылып шыққан мақаласында ғана: «Мәшһүр-Жүсіп жинаған тарих, әдебиет материалдары өте бағалы», - деген тұжырым жасайды /5/. Мәшһүр қолжазбаларында кенесарытану саласы бойынша сақталған мәліметтер тобын Орталық ғылыми кітапхана қорынан тауып, оны жан-жақты зерттеп білген Е. Бекмаханов болды. Ол өз кезегінде Мәшһүр еңбектеріндегі географиялық атаулар нақтылығы мен жұмыстарының тарихи шынайылығына өзіндік баға береді /6/. Мұнан кейінгі тұста «Е. Бекмахановтың ісі» Мәшһүр еңбектерін саралап, баға беруге мүмкіндік бермеді. Тек 1984-1986 жылдары жарық көрген Ә. Марғұлан зерттеулерінде /7/ ғана Мәшһүр-Жүсіптің тарих саласына қосқан үлесі мен оның қызметі туралы мәліметтер кездеспеді.

Еліміз егемен ел болып, етек-жеңін жинап, тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашылып, қайта сараланған тұста М. Көпеев мұралары да жеке-жеке кітап болып басылып, мерзімді басылым беттерінде шағын қолжазба мәтіндері жарияланып келеді /8/. Мәшһүр еңбектерінің шағын бөлімдерімен таныс болған ғалымдар: М. Қ. Әбусейітова, Ж. О. Артықбаев, М. Алпысбесұлы және т. б. ғалым жазбаларындағы мәліметтердің тарихилығын жоғары бағалап, соның негізінде ғылыми жинақтар мен оқулықтар даярлап, М. Ж. Көпейұлына арналған ғылыми-теориялық конференцияларға түрлі мақалалар қатары жариялап отырды /9-11/.

Соңғы жылдары М. Ж. Көпеев шығармашылығы мен тарих ғылымына қосқан үлесі турасында тарих ғылым саласы бойынша М. Алпысбесұлы мен Е. Қ. Жүсіповтер кандидаттық диссертация қорғады. М. Алпысбесұлы өз кезегінде ғалым мұраларынсипаттай отырып, әсіресе Қазақстан тарихына қатысты М. Көпеевтың шежіре жазу дәстүріне қатысты мол еңбек сіңіргенін атап өтеді. Ал, Е. Қ. Жүсіпов өзінің зерттеу еңбегінде М. Көпеевтің жазбаларында қазақ тарихында орын алған тұлғалар туралы мәліметтеріне үлкен мән береді /12-13/. Сондай-ақ Ә. Қажымұқанұлы, Л. Жүсіпова сынды зерттеушілер еңбегінде де М. Көпеевтің өмірі мен оның тарих ғылымына қатысты еңбектері турасында мерзімді басылым беттерінде мақалалар жарық көрді /14-15/.

Жұмыстың мақсаты Бітіру жұмысының алдына қойған басты мақсаты - М. Ж. Көпеевің туып-өскен ортасы мен оның тарих ғылымына, соның ішінде қазақ тарихы, қазақ шежіресі мен деректану салсына қосқан мол үлесін айқындау болып табылады. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер тобын шешуді қойылып отыр:

- М. Ж. Көпеевтің өмірі мен шығармашылығына қатысты сипаттама беру;

- М. Ж. Көпейұлы еңбектерін саралай отырып, қазақ тарихына қосқан үлесін анықтау;

- М. Ж. Көпеевтің өз кезегінде қазақ тарихына қатысты мол деректер жинақтап, оның құрастыруы мен пайдалану ерекшелігін нақтылау;

- Мәшһүрдің шежіретану саласында алатын орнын айқындау болып табылады.

Бітіру жұмысының деректік негізі.

Деректік мәліметтердің негізін М. Ж. Көпеевтің қолжазбалары мен көшірмелері құрайды. Оның негізгі еңбектерінің көшірмелері мен қолжазбалары ҚР Ғылым Академиясының Орталық Ғылыми кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында сақтаулы. Сондай-ақ М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институты қолжазба қорында да М. Ж. Көпеевтің біршама еңбектерінің тобы саталған. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің мағлұматтарына қосымша деректер тобын А. Шербина, Н. Кононов сынды зерттеушілер еңбектеріндегі деректер тобынан да кездестіруімізге болады.

Аталған деректер тобын М. Көпеев мұраларына тарихшылармен қатар қызғушылық танытқан басқа да тілші, әдебиетші ғалымдардың мерзімді басылым беттерінде жарияланған қолжазбаларынан кездестіре аламыз.

Жұмыстың методологиялық негізіне ғылымдағы деректану саласындағы дәстүрі әдіс-тәсілдер, тарихи тұжырымдар мен жаңашыл консепциялар басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысын жазу барысында М. Ж. Көпеев мұраларын көшірмелері мен тұпнұсқалық ерекшеліктеріне мән беру, өзара салыстыру, жүйелеу әдістері пайдаланылды. Сонымен қатар, М. Ж. Көпеев үлгілерінен осы ретпен алынған мағлұматтарды зерделеу ісіне салыстырмалы анализ жасау, тарихи хронологиялық әдіс, талдау әдістерін пайдалана отырып жазылды.

Бітіру жұмысының қолданыстық маңызы Ұсынылып отырған бітіру жұмысында жасалған ой-тұжырымдар мен қорытындыларды XIX ғасырдың екінші жартысы мен ΧΧ ғасырдағы қазақ тарихына қатысты құнды деректер мен мәліметтер алуға қатысты курс жұмыстарында, түрлі Қазақстан тарихы бойынша жазылған студенттік баяндамаларда оқу орындарында жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге баулуға арналған тәрбиелік сағаттар барысында пайдалануға болады.

Жұмыстың мерзімдік шегі: М. Ж. Көпеевтің өскен ортасынан бастап, яғни 1850-1920 жылға дейінгі аралықты қамтиды. М. Ж. Көпеев аталған кезеңнің тұлғасы болғандықтан, сол замандағы тарихи оқиғалары туралы қолжазбаларын жазу кезеңге дейінгі уақытты қамтиды.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен (әр бөлім екі бөлімшеден), қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.

1. МӘШҺҮР ЖҮСІП ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ

  1. М. Жүсіптің өмірі мен шығармашылығына сипаттама

Қолжазбалар арасынан өмірбаяндық деректерді алғаш жинақтап, жазып қалдырған адам - Мәшһүрдің жиені Жолмұрат Жүсіпұлы. М. Ж. Көпеев қолжазба мұрасы толық аударылып бітпегендіктен, «Қазақ түбі» авторының өмірбаянын да толық көрсете алмаймыз.

Ол әкесі Көпейдің (шын аты - Көпжасар) 42 жасында, шешесі Ұлбаланың 18 жасында, Баянауыл, Қызылтау деген екі таудың Қызылтауының «Ашамай тасы» деген жерінде, қыс түнінде, қыстауға, 1850 жылында, қазақша жыл аты «қой» деген жылында, арабша ай аты «ережеп» деген айда, жұма күні, түн бесік уақытында дүниеге келді. Туғанда азан шақырып қойған есімі - Адам Жүсіп. Кейіннен 9 жасында қисса-дастандарды айтып, ел көзіне түскен кезде жиынды шақырып отырған М. Шорманұлы Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: «Өз заманында халыққа мәшһүр болатын бала екен», - деп лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кетеді /16/.

«Қазақ түбі» авторының дүниеге келіп, есейген кезі ел өміріндегі өзгерістерге тұспа-тұс келді. ХІХ ғ. ІІ-ші жартысында қазақ халқының өмірін өзгерткен оқиғалар орын алды: Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға билік жүргізіп келген Қоқан хандығы ХІХ ғ. 40-70 ж. саяси билік дағдарысқа ұшырап, үнемі Бұхар хандығымен соғыс жүргізумен болды /16/. Сол мезгілде Ресей екі жақтан: Сырдария (Ақмешіт) мен Жетісудан (Верный) шабуылдап, Ұлы жүз жерін толық басып алды. Қазақстанды тұтас иемденгеннен кейін, Ресейдің отаршылдық саясаты күрт өзгереді. Саяси-әскери отарлау кезеңі аяқталып, патша шенеуніктері қазақ еліне Ресей заңдарын, әкімшілік-басқару жүйесін тікелей енгізіп, рухани отарлау, шаруаларды қоныстандыру әдістерін жүзеге асыра бастады.

1858 ж. қыста Көпей керуеншілікте жинаған табысына мал алып, Қызылжардан көшіп келіп, Қызылтауға қоныс тебеді. 1861 ж. Мәшһүр 3 жасқа толғанда, әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, «ақ сирақ» болып шығады. Сонда Көпей: «Адамға мал жолдас болмас, ғылым жолдас», - деп 5 жасар ұлы Жүсіпті «жұтамас байлық» - оқуға беріп, бала Жүсіп Баянауыл медресесінде Қамар (Хамариддин) хазіреттен білім алып, оқуын жалғастырып, 1872-1874 жж. Бұхарадағы Көкілташ медресесінде орта ғасырлық араб, парсы шағатай тілдерін еркін меңгереді. Еліне оралған соң екі жылдай (1833-1836) ауылында балаларды (ішінде Әкімбектің жалғыз ұлы Қалибек бар) оқытып табыс табады. Еліне жомарт, мырза ағайынға қайырымды болғандығымен аты шыққан Әкімбек мырза Мәшһүр Жүсіпке қаражат беріп, астына ат міндіріп, алдына мал салып, Көпей жанұясының дәулеттенуіне көмек береді /17/. Тұрмысы түзелген Мәшһүр 1887, 1895, 1907 ж. үш мәрте Түркістан, Ташкент, Бұхара, Самарқанд қалаларына сапар шегіп, шығыстың мұсылмандық білімін молайтады.

Орта Азия қалаларына шеккен сапарларының тағы бір құнды нәтижесі - сол өңірлердегі тарихи әңгіме, аңыз, шежіре сөздерінің жазылынып алуы. Мәшһүрдің өзі дерек жинастыру қызметін ерте кезден бастағаны білінеді. КПЖӘМ сақталынған Ә. Марғұлан хаты бойынша «Ер Олжабай батыр» жырын Мәшһүр жеті жасар бала кезінде 1865 ж. Сақау ақыннан айтуынан жазып алған.

1881 ж. 23 жасында Ақмола дуанына сапар шегіп, Мейрам Жанайдаров үйінде бір жыл қыстап, Қара өткелдегі Әліке Байдалы, Аққошқар Сайдалы, Бердалы қожа (Қаракесек шежіресін, Қазыбек би тарихын) /18/, Бөгенбай батыр немересі Сәбеле (Саққұлақ шешеннен Қанжығалы шежіресін, Бөгенбай батыр шежіресін) Қоңырқұлжа сұлтанның ұрпағымен XVІІІ-ХІХ ғғ. ел тарихы хақында мәлімет жинайды /18/. Шежіреші Мейрам Жанайдарұлынан, 1870 жылы Петербургте басылып шықан В. В. Радлов кітабының түпнұсқасын да көшіріп алды.

1887 жылы Бұхар сапарының барар жолында Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи, Ташкенттегі Зеңгі Ата кесенелерін көріп, қайтар жолында Шу мен Сырдария, Ұлытау, Кішітауды, Есіл мен Нұраны асықпай аралап сапар шегеді. Өзі де Ақмолада, Дайыр, Молдағали ақындармен айтысып, сөз сайысына түседі. Ташкентте Сыздық төреден әкесі Кенесары туралы айтқан әңгімелерін жазып алады. 1889-1891 жж. Кіші жүз жерінде болып, Жәңгір хан, Науша батыр, Исатай, Шернияз туралы аңыз-әңгімелерді, ру-тайпалары туралы шежірелік баяндауларды жинайды/19/.

1880 ж. бастап Мәшһүр Жүсіп мерзімді баспасөз беттерінде қазақ елі тарихы мәдениеті, кәсібі туралы мақалалар беріп, жазып алған шығармаларының бір бөлігін жариялаумен шұғылдана бастайды. Оның мақалалары 1880-1895 ж. ж. «Дала уалаяты» газетінде, 1887 ж. «Түркістан уалаяты» газетінде, 1912 ж. «Айқап» журналында жарық көрді.

Жиені Ж. Жүсіпұлы жазбаларында сонымен бірге Мәшһүр-Жүсіптің ақын Ақан серімен де бірнеше рет кездесіп, ой-пікір алысып, сырлас болғанын әңгімелейді. Тұрмыс жайында болған хабарламалар» мақаласы жарық көреді. Мақала авторы ашаршылықты басынан өткізіп жатқан халқы күйзелісіне куә болғандығын айтады. Бұл болған жағдайды Мәшһүр-Жүсіп қана емес сол тұстағы басқа адамдар да көрген еді.

1905-1907 жж. Ресейдегі буржуазиялық толқулар, шерулер елдің орталық аудандарын ғана қамтып қоймай, шеткі аймақтарға да пәрменді ықпал жасағаны белгілі. Оны Мәшһүр Жүсіптің еңбектерінен мейлінше кеңірек білуге болады. Ресейдегі буржуазиялық көтеріліс жайында «Қанды жексенбі» өлеңін жазады. Бұл тақырыпта бірінші қалам тартып, Қазан төңкерісіне дейін бірінші жырлаған Мәшһүр Жүсіп болды /20/. Революция толқынының әсерінен сескенген патша үкіметі манифесін жариялайды.

Мәшһүр-Жүсіп осы манифестің арқасында 3 бірдей кітабын («Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі») жарық бетке шығарып үлгереді /21/. Артынан сол кітаптардың зиянды екендігін түсінген патша шенеуніктері қара тізімге алып, басуға тыйым салып, авторларын қудалауға ұшыратты. Бұл туралы Ж. Шалғынбаева «Қыспақ көрген кітаптар» мақаласында кеңірек тоқталады: «Бұл кітаптарға қорытынды шығару үшін профессор. Н. Ф. Катановқа тапсырма беріледі. Ол қолма-қол аударма жасап: «Есіл жұртым», «Әдебиет өрнегі», «Насихат қазақия», «Қарлығаш» кітаптарын күдікті деп тапты. Түпнұсқадан жасалған аудармадан анықтап тескеріп келгенде, «Қарлығаш» және «Әдебиет өрнегі» жинақтарынан қылмыстық белгілер табылмады. Ұзын уақыт, жарты жылдық тексеруден кейін комитет 1917 жылы қазанда Қазан губерниялық жандармерия басқармасы ресми түрде Катанов аударған мына кітаптардың кейбір жерлерінен үзінділер жіберілді: Ғ. Ғалымжанов «Есіл жұртым», М. Кәшімов «Насихат казакия», И. Бейсенов «Әдебиет өрнегі». Ал, «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» туралы Катанов былай деп түсініктеме жазды: «Мен аударған 3-7, 14-17 беттердің мазмұнына қарасақ, автор 1905 жылғы манифесті езілген халықтардың көз жасын құрғатқан пайдалы іс еді деп дәріптейтіндігі. Ал, билеуші болыс, билер халықты өздерінің құлқындарын толтыратын байлық көзі деп санайды. Сондай-ақ ол жер аударылған (келімсектер) шаруалар да қазақ халқына ол пиғылда емес деп есептейді». Катановтың осы аударма арқылы берген түсініктемесінен кейін Баспасөз туралы уақытша комитеті «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыздың» авторын қылмысты істер ережесінің 129-статьясының 6-тармағы бойынша жауапқа тарту туралы қаулы қабылдады. «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамызды» 1913 жылы 6 қарашада Қазан сот палатасы бекітті. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев қазақ қоғамындағы саяси-экономикалық шиеленістің себептерін шыншылдықпен көрсете білді. Ол бәріне кінәлі патша өкіметінің жаулап алушылық, тонаушылық саясаты, халықты аяусыз езіп-қанауы деп пайымдады. Дегенмен, автор қанша шындықты айтса да, оның 1907-1912 жылы алғашында Қазан университеті баспаханасында, кейін Б. Л. Домбровскийдің жекеменшік баспаханасында 3000 дана болып басылған «Хал-ахуал» атты өлеңдер кітабы да 1913 жылы 16 қаңтарда тұтқындалды. Көпеевтің кітаптарын тұтқындау Қазан полицмейстері арқылы іске асырылды. Әсіресе зиялылар үкіметтің аңду-қудалауы астында болды /22/.

Мәшһүр Жүсіп Кеңес үкіметі орнағанына да, Қазан төңкерісіне де қуанған емес, сенімсіздікпен қарады. Алашорда үкіметін Азамат соғысы жылдарында да жергілікті тұрғын халықтың еш мүддесімен санаспады. Ә. Әлімжанов мақаласында 1919 ж. большевиктердің 1144000 адамды қырғынға ұшыратқаны мәлімделді. «Мюнхен» журналындағы М. Шоқайұлы естелігінде де Кеңес үкіметі жүргізген қанды жорықтар баяндалады. Сол кездегі «Правда» газетінде: «1917, 1918, 1919 жылдарда қазақтардың жерін тартып алу үшін оларға аңду жүргізді, ұстаған жерінде тірідей отқа өртеді. Оларға өлуден басқа мүмкіндік қалған жоқ», - деген жолдарды оқуға болады/23/.

Ғалым бұл мезгілде саяси-қоғамдық өмірмен байланысын үзіп, ақындықпен қош айтысып, «Қазақ түбі» үлгілерін (ХХ ғ. 20 ж. ) құрастырып жинақтай бастайды. Кеңес үкіметі жүргізген саясаты туралы аталмайды. Саяси күрестің шиеленіскен тұсында болғандығы турасындағы бір мысал, 1921 жылы ортаншы баласы Әмен Ташкентте қайтыс болып, әкесі Мәшһүр көтрілісші қазақ жастарының тобына кездесіп, олардың ескертуінен соң Ташкентке бармай орта жолда қайта оралуға мәжбүр болады.

Қазақ КСР Ғылым Академиясы Орталық Ғылыми кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында 1927 жылы Мәшһүр Жүсіп Көпеев пен Ж. Аймауытовтың өзара жазысқан хаттары қазірде баспа беттерінде жарияланды:

«Сіз қазақтың қазақ заманында дүниеге келіп қалған гауһарсыз. Сіздің құлашыңыз ұзын, қиялыңыз терең, арманыңыз өткен өмірде. Жаңа заманның бұйынтақ сөзі, жыбырлақ мінезі сізді дарытпайды, тоңазытады, күні өткен жат адам қылады. Жаңа заман сөйте берсін. Сіз онда жалғызыңызды, жапандыңызды, сәнді-салтанаттты ескі өміріңізді жырлап өтіңіз. Ақынның ақындығы улаған жайын, тулаған сырын, оқушыны толқытқандай қылып, тізген меруерттей кестелі, толғаулы сөзімен айта білуінде ғой . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ шежіресін зерттеуі туралы
МӘШҺҮР-ЖҮСІП МҰРАСЫ
Қазақ түбі үлгілеріндегі Отан тарихы туралы деректер
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педогогикалық мұрасындағы отбасы және әйел тәрбиесі мәселелері
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық еңбектерінің ерекшеліктері
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің әлеуметтік көзқарастары
М. Ж. Көпейұлының өмір мен отты жырлары
МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕҢБЕКТЕРІ - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ДЕРЕК КӨЗІ
Қазақтың ұлағатты діни ойшылы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz