Несиелік ресурстарды қалыптастыру және орналастырудың теориялық негіздері


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Банктің кез-келген басқа коммерциялық ұйымнан айырмашылығы оның ресурстарының басым бөлігі меншікті құралдардан емес сырттан жұмылдырылған құралдардан құрылады. Банктердің несиелік ресурс жұмылдырудағы мүмкіндіктері шексіз емес, ол кез-келген елде мемлекеттік өкілетті органның қатаң қадағалауында болады. 1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің капиталы мен тартылған құралдарының арақатынасын реттеуден бас тартып банктердің ресурс құрылымын бірқатар экономикалық нормативтер арқылы жанама реттеу әдістеріне көшкен болатын. 2004 жылдан бастап бұл нормативтерді орнату және жалпы алғанда, екінші деңгейлі банктердің қызметін реттеу мен қадағалауды өкілетті орган - Қазақстан Республикасының қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігі жүзеге асырады.
Коммерциялық банктің жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде басқа банктердің салымдарын (депозиттерін) тарту мүмкіндігі бар. Банктердің жұмылдыратын несиелік ресурстары құрылымы және құрамы жағынан әрқилы. Олардың ең бастылары банктердің клиенттерімен жұмыс істеу процесінде тартылады, сондай-ақ меншікті қарыздық мндеттемелерін (құнды қағаздарды) шығару арқылы қалыптасады.
Банк саясатының маңызды бөлігі - оның ресурс базасын қалыптастыру. Банктің пассивтік операцияларын жүзеге асыру барысында ресурстық базасының құрылуы оның активті операцияларына қатысты анықтаушы рол атқарады. Олай дейтініміз, несиелік ресурс жұмылдырылмаса немесе олар тапшы болса, банк активтік операцияларды жүзеге асыра алмайды, мысалы клиенттерге займдар бере алмайды. Әрине, жұмылдырылатын ресурстардың барлығы дерлік несие беруге жұмсалмайды, қазіргі кезде банктік ресурстарды орналастыру бағыттары, қаржылық құралдар тізбегі кең. Алайда, қалыптасқан ресурстарды орналастыру кезінде де олардың сапасына қарай банктер өкілетті органның бекіткен нормативтерін сақтауға міндетті.
Несиелік ресурстар банктік ресурстардың айтарлықтай бөлігін, атап айтқанда клиенттерге банктік несие беруге арналған бөлігін құрайды. Олардың басты бөлігі банктің депозитік операцияларының есебінен құрылады. Осы жинақталған ресурстарды несие беруге бағыттай отырып, несие ресурстары түзіледі, оларды орналастыру арқылы, яғни банктік займдар бере отырып, банктің табысының едәуір бөлігі алынады.
Несиелік ресурстарды қалыптастыру мен орналастыру мәселелері коммерциялық банк үшін әрқашан өзектілігін жоймайды, өйткені жоғарыда атап өткендей, банктік табыстың едәуір бөлігі клиенттерге берілген несиеден түскен пайыздық табыс есебінен құралатындықтан, несилеік ресурстарды жұмылдыру және оларды тиімді орналастыру, банктің несиелік қоржыны дұрыс басқару мәселелерінің маңызы өте зор.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері өздерінің несиелік потенциалын жоғары қарқынмен арттырып келеді. Оған отандық экономиканың макродеңгейдегі тұрақтылығы, банктердің ресурс тартудағы мүмкіндіктерінің артуы, көптеген оатндық жетекші банктердің халықаралық деңгейдегі рейтингтерінің жоғарылауы есебінен шетелдік нарықтардан ресрурс тарту мүмкіндігіне ие болуы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы нәтижесінде олардың депозиттік салымдарының мөлшерінің артуы, несиеге қабілетті қарыз алуышылар санының артуы, орта және шағын бизнес өкілдерінің рентабельді жобаларының көбеюі және т. с. с. себеп болды.
Дегенмен, банктердің несие потенциалының артуымен қатар өршіп келе жатқан проблемалар да жоқ емес. Ол ең алдымен банктердің несиелік қоржындарының сапасының нашарлауы салдарынан, несиелік тәуекелдерінің жоғарылауы салдарынан туындап отыр. Осыған байланысты өкілетті орган да өзінің қадағалаушы функцияларын қатайтып, жанама реттеу нормативтерінің шамасын қатаңдату саясатын ұстанып отыр. Бұл сондай-ақ, өкілетті билік органдарының Қазақстандық банк жүйесін евростандарттарға жақындату туралы жарияланымына, екінші деңгейлі банктер қызметін реттеу мен қадағалауда және банктердің қызметімен байланысты тәуекелдерді басқару тұрғысында Базель-2 талаптарына жақындатумен байланысты.
Соңғы уақыттарға дейін банктердің пассивтік несиелік операцияларына айтарлықтай маңыз берілмеді, олар активті несиелік операцияларға қатысты ролі екінші дәрежелі болып саналып келді, сондықтан да тиімді басқару объектісі ретінда қаралмады. Қазіргі жағдайда экономикалық ой-түсінік өзгеріске ұшырады, соның салдарынан банктік қызмет негіздерін, соның ішінде пассивтік операциялардың ролі туралы жаңа түсінік пайда болды. Нәтижесінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстық базасы қалыптасатын пассивтік операциялар активтерге қатысты бірінші реттік және анықтаушы роль атқаратындығы танылды. Сәйкесінше, банктердің пассивтік несиелік операциялары активтік несиелік операцияларынан бұрын жүреді және коммерциялық банктер тек қолдарындағы несиелік ресурсатардың шегінде ғана несие беру операцияларын жүзеге асыра алады. Осыған орай ресурстық потенциалды арттыру және оларды тиімді басқару, тиімді орналастыру арқылы жоғары табыстылы жету мәселелері коммерциялық банк қызметінде ғана емес, банк секторында, тіпті макроэкономикалық деңгейде де ерекше өзектілікке ие.
Курстық жұмыстың мақсаты: қазіргі кезде Қазақстанның банктік секторындағы несиелік ресурстар базасын қалыптастыру беталыстарын және соларды тиімді орналастыру және басқару тәжіриесін талдау негізінде тұжырымдар жасау.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыста мынадай сұрақтарды қарастыруды міндет қойдым:
- несиелік ресурстардың мән-мағынасын ашу, олардың негізгі көздері мен құрылымын қарастыру;
- отандық екінші деңгейлі банктердің ресурстық базасын, соның ішінде несиелік ресурстарын қалыптастыруын талқылау;
- отандық банктердің ұтымды несиелік ресурстар қалыптастыру жолында және оларды тиімді орналастыру жолында тұрған проблемаларды талдау негізінде банктердің экономикалық тұрақтылығын нығайту жүйесінде ресурстық база құру мен тиімді орналастырудың перспективалық бағыттарын анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып ҚР-ң екінші деңгейлі банк секторының несиелік ресрустарды қалыптастыру және оларды орналастыру жөніндегі қызметі табылады.
Курстық жұмыстың теориялық негіздері отандық және шетелдік банктік саладағы әдебиет көздерін шолуға, ал тәжірибелік бөлігі отандық және шетелдік эксперттердің аналитикалық баяндамаларына, банктің сектор қызметінің нәтижелері туралы мәліметтерін талдауға, зерттеу объектісі ретінде алынып отырған мәселенің нормативтік-құқықтық реттеу құжаттарын пайдалануға негізделген.
І БӨЛІМ. НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Банк ресурстарының теориясы және экономикалық мәні
Ғылыми зерттеу әдісі жалпыдан дараға қарай жылжуды талап етеді, яғни бұл дегеніміз жалпылама сұрақтарға жауап беру үшін алғышарт ретінде неғұрлым нақты, жеке-дара сипаттағы сұрақтарға дұрыс жауап беру керек. Менің жұмыс тақырыбыма қатысты айтатын болсам, коммерциялық банктердің ресурстары базасын қалыптастыру тәжірибесін талдамас бұрын, банктік ресурстардың, соның ішінде несиелік ресурстардың табиғатын ашып алайын. Бұл коммерциялық банктердің активті және пассивті несиелік операцияларды жүзеге асыру механизмін дұрыс түсінуге жол ашады.
Банктік ресурстардың мазмұнын анықтау, ең алдымен, коммерциялық банктің мәнін, оның ішкі ерекшелігін және басты қасиеттері ашуды талап етеді. Коммерциялық банктің мәнін талдау тәсілдемелерінің бірі банктердің макродеңгейде атқаратын шешуші функцияларын анықтаудан көрінеді. Банктің қаржылық институт ретіндегі ішкі мәнін сипаттайтын қызметтерін бөліп көрсетуге негізделген банк анықтамасы оның құқықтық жағын ғана көрсетеді. Банктің мәнін ашудағы заңнамалық аспект тек ішінара негіздеме болып табылады, яғни ол банк мәнін ашуға тек қана жақындатады.
Банктік операциялар өздерінің нақтылығына байланысты банктің бірегей бүтін ретіндегі мәнін сипаттауға негіз бола алмайды. Ол үшін жекелеген банктің қызметін ашатын оның операцияларын қарастырмау керек, ал банктің шаруашылықпен арадағы қатынастарының макродеңгейіне жүгіну керек. Банктің мәнін банктің атқаратын операцияларын сипаттау арқылы емес, банк қызметінің жиынтығы мен атқаратын қызметтерінің көпжақтылығын синтездейтін макродеңгейде көрінетін сапалық жағы арқылы анықтау дұрыс.
Макродеңгейде банк қызметінің негізі болып несиелік іс табылады. Несиелік іс, банктің субстанционалдық негізін құрай отырып, өз бетімен жеке-дара, несиелік істі жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды қалыптастыру, есеп айрысу қызметін ұйымдастырусыз әрекет ете алмайды. Бұл тұрғыда банкті шаруашылық субъектілерінің қолма-қол және қолма-қолсыз төлем айналымдарын реттейтін несиелік институт ретінде анықтауға болады.
Банк табиғатына несиеге деген көзқарас тұрғысынан қарай отырып, банктік ресурстардың мазмұнын анықтауға, олардың экономикалық табиғатын ашуға әрекет етіп көрейік.
Экономикалық әдебиетте, коммерциялық банктің мәнін анықтаудың, жалпы алғанда, екі тәсілдемесі қалыптасқан. Біріншісінің шеңберінде банктер делдал қызметін атқарады, яғни олардың ролі тек қана экономикадағы бар ақшалай ресурстарды бөліп-таратуға әкеліп саятын болса, екінші тәсілдеменің жақтаушылары банктің делдал ретіндегі анықтамасын негізсіз деп санайды. Олардың пікірінше, банктер өздері несиелік ресурстар қалыптастыруға белсенді қатысады, сондықтан олардың ролі тек қана делдалдық қызмет атқаруда емес, банктердің өндірушілік сипатында деп атапта көрсетеді.
Банк табиғатын ашаудағы екі тәсілдеменің де, банктік ресурстардың шығу көзінің де теориялық негізі болып несие концепциясы табылады.
Жоғарыда атап өткендей, бірінші тәсілдеме шеңберінде коммерциялық банк тек делдал ретінде қарастырылады дедік, яғни ақша құралдарын олардың иелерінен жинақтау арқылы және кейіннен оны несиеге орналастыру арқылы банк ресурс иелері мен оны қажет еткен субъектілер арасында делдалдық қызмет атқарады. Бұл жағдайдағы банк мазмұны қолында ақша құралдары бар субъектілердің несиелік ресурстарын қайта бөлуден көрінеді.
Банк пассивтік операцияларды жүзеге асыру процесінде өзінің ресурстарын құрады, содан кейін оларды орналастырады - активті операцияларды жүргізеді. Банк табиғатын осы тұрғыдан ашу тәсілдемесі экономикалық теорияда әсіресе классикалық мектеп өкілдерінің (А. Смит, Д. Рикардо, Дж. Миль) еңбектерінде айқын көрінеді.
Аталған мектеп өкілдері өндірістің айналысқа қарағанда бірінші реттілігі туралы тезисті дәлелдейді және ақша мен несие ролін өндіріс, бөліп-тарату және айырбас процестерінде пассивті роль атқарады деп санайды. Бұл бағытты жақтаушылардың пікірінше, несиенің мәні капиталдың кредитордан қарыз алушыға өтуінде. Экономикалық әдебиетте аталмыш теория натуралистік деген атау алған.
А. Смиттің пайымдауынша, банктер экономиканың дамуына капиталды көбейту арқылы қолдау көрсетпейді, сол капиталдың басым бөлігін белсенді өндіргіштік қалыпқа айналдыру арқылы ықпал етеді. Ал бұл банктерсіз мүмкін болмас еді.
Д. Рикардо несие теориясының мазмұнын былай түсіндіреді: «Несие - капиталды бір тұлғадан екінші тұлғаға аудару арқылы қолда бар нақты капиталды пайдалану құралы; ол жаңа капитал жасамайды, ол тек осы капиталдың қалай пайдаланылатындығын анықтайды». Бұл, Д. Рикардоның пайымдауынша, банктік несиеге де таралатын пікір.
А. Маршал банк қызметін келесідей сипаттайды: «Банк . . . коммерсанттардан және басқа да клиенттерінен ірі ақша қаражаттарын алады, немесе осы ақшаны иемдену құқығына ие болады.
Банк сонысымен клиенттеріне үлкен қызмет көрсетеді, өйткені олар үшін ақша қаражатын иелену құқығын сақтайды. Осы қызметінің орнына банк өзінің қолына сақтауға берілген ақша қаражатының едәуір бөлігін қарызға беру мүмкіндігін алады». Бұл пікірдің ерекшелігі сол, бұл жерде А. Маршал банктің делдалдық қызметін атап көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар банктің клиенттері сеніп берген ақша қаражатын иелену құқығын сақтаудағы ролін көрсетеді.
К. Маркс А. Смит пен Д. Рикардоның несие теориясының шектеулі екендігін дәлелдеді және қарыз капиталының ғылыми талдауын жасады, несие - капитал қозғалысының формасы деген пікір айтты. Маркс несиенің өндірістен тәуелділігін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар несиенің ұдайы өндірістегі белсенді ролін ашып көрестті.
Банктік істің мәні, Маркстің пайымдауынша келесіде: ақшалай қарыз капиталы орасан зор көлемде банкирлер қолында шоғырланады, сондықтан банкирлер индустриалды және сауда капиталистеріне барлық қарыз берушілер өкілі ретінде қарсы тұрады. Банк, бір жағынан, кредиторлардың ақшалай капиталын орталықтандырады, екінші жағынан, қарыз алушыларды орталықтандырады. Оның айтуынша, банктік операцияларда пассивтік операциялар бірінші ретті роль атқарады.
Біртіндеп индустриалды несие теориясы шетелдік әдебиетте өз позициясын жоғалтты, және XIX ғасырдың ортасынан бастап несиенің капитал жасаушы теориясы үстемдікке ие болды. Бұл теорияның кең таралу себептерін талдай отырып, Каценеленбаум З. С. бұрынғы мектеп депозиттің ақшалай табиғатын көре алмағандығы туралы тұжырымға келді, сондай-ақ, депозиттік банктердің ерекше даму мүмкіндіктерінің зор екендігін аша алмады.
Несиенің капитал жасағыш қабілетіне негізделген екінші тәсілдеменің жақтаушылары Дж. Ло, Г. Маклеод, А. Ган, И. Шумпетер болды, сондай-ақ бұл тәсілдеменің кейбір ережелерін Дж. Кейнс, М. Фридмен және басқа да қазіргі заман экономистері жақтады. Олардың пайымдауынша, несиенің ролі қолда бар капиталды бір тұлғадан екінші тұлғаға берумен шектелмейді, сонымен қатар несиенің біршама дәрежеде жаңа капитал жасау қабілеті бар.
Коммерциялық банктер өздерінің активті операциялары арқылы депозит (ақша қаражатын) қалыптастырады, демек, өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ресурсты жасайды, яғни бұл дегеніміз, экономика үшін капитал жасайды.
Г. Маклеод пікірінше, банктің пассивтік операцияларының активтік операцияларына қарағанда бірінші реттік ролі туралы жан-жақты қарама-қайшы пікірлердің болуына қарамастан, банк ісі басқа жақтан басталады. Банк - несие фабрикасы, банк несие жасайды, несие жасай отырып, ол сонысымен депозит жасайды.
Классикалық мектеп ақшаны тар мағынада сипаттап, ақшаның тек қолма-қол формасын таныды. Дж. Кейнс банктік депозиттің ақшалай табиғатын аша отырып, ақша түсінігін кеңейтті. Бұл бағыттың басқа өкілі Уитерстің пайымдауынша, банктік депозиттер тек шағын мөлшерде ғана, банк кассасына қолма-қол ақша жарнасын салу арқылы, пайда болады; одан гөрі үлкен мөлшерде банктердің құнды қағаздарды сатып алуының нәтижесінде пайда болады, оның салдарынан қағаз жүзіндегі несие пайда болады; және ең басты үлкен көлемде банктер депозитті, өз кезегінде бухгалтерлік несие жасайтын, басқа банктерден алынған қарыз арқылы жасайды.
Осы қарастырылып отырған бағытты жақтаушылардың бірі, қазіргі заманғы шетелдің несие теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосқан - неміс банкирі А. Ган болды, ол банктік теорияның классикалық мектебінің дамуына баға бере отырып, бұл теорияның банк несиесі банкте ақша қаражатының запасы болмаса мүмкін болмайтындығы туралы сипатына қарсы пікір білдірді. А. Ган ойынша, мұндай пікір банк ісінің теориялық негіздерін зерттеудің эгоцентристік тәсілдемесінің логикалық жалғасы, яғни банктік несие теориясын тек жекелеген банктер тұрғысынан қарастырудан туындады.
Банктік несиенің табиғатын зерттей отырып, А. Ган банктік активті операциялардың пассивтік операцияларға қарағанда бірінші реттік екендігі туралы қорытындыға келді. Оның айтуынша: « . . . жалпы жағдайда да, жеке-дара жағдайда да, кез-келген банктің активті операциясы орын алуы керек, содан кейін банктің пассивтік операциясы туындайды: пассивтік операция бұрынғы несие беру операцияларының рефлексі ретінде көрініс табады. ».
Осы пікір шеңберінде банктердің несиелеу көлемін қаншалықты мөлшерде кеңейте алатындығы туралы сұрақты талқылай отырып, Ган мынадай тұжырымға келді: несиенің ұсынысы ақша айналысы мен банктік іс сферасында жатқан техникалық мезеттермен анықталады, және еш жағдайда басқа факторлардан тәуелді емес. Несиені ашудағы бірден-бір шектеу - бұл, оның ойынша, банктің өз өтімділігіне деген сенімділігінің шамасы.
Жоғарыда қарастырылған шолу шетелдік ғылымдағы банктік несиенің теориясының шығу және даму эволюциясын көрсетеді. Енді қазіргі заманғы отандық және шетелдік мамандардың осы проблема төңірегіндегі көзқарастарын қарастырайық. Бұл көзқарастар нарықтық шаруашылы тән банктік жүйеге сәйкес келтірілген.
Экономиканы нарықтық басқару әдістеріне және екі деңгейлі банктер жүйесіне өтісімен банктердің активтік және пассивтік операцияларының өзара тәуелділігін, несиелік ресурстардың табиғатын жекелеген коммерциялық банктің деңгейінде қарастырған жөн.
Қазіргі заманғы ғалымдардың арасында несиелік ресурстардың түсінік ретіндегі мазмұны жайында біркелкі пікір қалыптаспаған. Бірқатар экономистердің пікірінше, коммерциялық банк жұмысының негізгі қағидасы болып қолда бар ресурстар шеңберіндегі жұмыс табылады.
Коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шотындағы қаражат қалдығы шегінде басқа банктер пайдасына қолма-қолсыз төлем жасайды, несие береді және ақша қаражатын қолма-қол формада қабылдай алады. Банктердің өз бетінше қолда бар ресурстарының шегінен тыс мөлшерде клиенттерінің есеп айрысу шоттарында ақша қаражатын жасау мүмкіндіктері шектеулі. Мұндай түсінік шеңберінде банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде туындайды, бұл банк балансының пассив жағын ұлғайтады және сәйкесінше, баланс активіндегі кассадағы немесе корреспонденттік шоттардағы ақша қаражатын ұлғайтады. Мұндай анықтама банктердің делдалдық роліне басым көңіл аудартады.
Сонымен бір мезгілде, кейбір экономистер банктер қызметін ақшалай қаражат иелері мен ресурстарды қажеттеріне пайдаланатын экономикалық субъектілер арасындағы делдалды ғана теңеуді дұрыс емес деп санайды.
- Несие ресурстарының құрамы мен құрылымы
«Ресурс» сөзі француздың ressources сөзінен шын, мағынасы қаражат, құрал, қор, мүмкіндік, бірнәрсенің көзі дегенді білдіреді.
Қаржылық-несиелік сөздікте банктік ресурсқа келесі анықтама беріледі: «Банктік ресурс - банктің иеленуіндегі және оның несиелік және басқа да активті операцияларын жүзеге асыру үшін қолданатын қаражат жиынтығы».
Бұл анықтаманың кемшілігі сол, онда несиелік ресурстардың қалыптасу көздеріне, яғни банктің пассивтік операцияларына көңіл бөлінбейді.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай отырып, коммерциялық банктің ресрурстарына келесі анықтама беруге болады.
Коммерциялық банктердің ресурстары (банктік ресурстар) - бұл оның жарғылық капиталы және резервтері, сондай-ақ банктің пассивтік операцияларын жүргізу нәтижесінде жұмылдырылатын және банктің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша қаражаттары. Бұл анықтама банктің несиелік потенциалын анықтауды талап етеді. Несиелік потенциал - бұл банкте жинақталған ресурстардың өтімділік резервін шегергендегі жиынтығы.
«Несиелік ресурс» түсінігі «банктік ресурс» түсінігіне қарағанда тар, өйткені несиелік ресурс банктік ресурстардың бір бөлігін, нақты айтқанда, банктің барлық жинақтаған ресурстарының несие беру мақсатына арналған, айтарлықтай бөлігін құрайды. Ал банктік ресурстар тек несие беру мақсатында ғана емес, сонымен қатар банктің басқа да пассивтік операцияларын жүзеге асыру мақсатына жұмсалады.
Несиелік ресурстардың шынайылы жақын және тәжірибемен байланыстылығын көрсететін анықтамасын берейік: Коммерциялық банктің несиелік ресурстары - бұл оның меншікті капиталы мен тартылған құралдарының ақшалай формада активті несиелік операцияларын жүзеге асыруға бағытталатын бөлігі. Несиелік ресурстар пайдалану мезетінде банк үшін ресурс болып саналмайды (несиелеу-тәуекелді операция), өйткені ол банктің запасындағы ақша қаражаты емес, орналастырылған банк ресурсы болып табылады.
Нарықтық қатынастар коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымын айтарлықтай өзгертті. Жекелеген банктің ресурстарының құрылымы оның мамандану дәрежесіне, оның қызметінің ерекшеліктеріне, қарыз капиталы нарығының жағдайына тәуелді болады.
Коммерциялық банктің несиелік ресурстары банктің меншікті, тартылған және эмиссияланған қаражаттарынан қалыптасады.
Меншікті қаражатқа акционерлік (жарғылық), резервтік капитал және бөлінбеген пайда жатады.
Акционерлік капитал (немесе банктің жарғылық қоры) қарапайым акцияларды шығарып, орналастыру арқылы жасалады. Әдетте, банк қызметі дамыған және операциялары кеңейген сайын, ол жаңа акцияларын шығарылымын жүзеге асыруы мүмкін.
Резервтік капитал таза табыстан аударым жасау арқылы қалыптасады және банктің кездейсоқ, күтпеген залалдарын жабуға жұмсалады.
Бөлінбейтін пайда - дивиденттер төлеп, резервтік капиталға аударым жасалғаннан кейін бөлінбей қалған пайданың бөлігі.
Меншікті құралдар коммерциялық банк қызметі үшін өте маңызды роль атқарады. Меншікті капитал үлесінің төмендеуі кейде банкті банкротты ұшыратуы мүмкін. Мысалы, АҚШ-тың ең ірі 20 коммерциялық банктерінің бірінің - "Франклин нешнл бэнк" (1974 ж. ) - банкротқа ұшырау себебі банк балансындағы меншікті капиталдың үлесінің күрт төмендеуі болды.
Экономикалық және банктік дағдарыс кезінде ойластырылмай жүргізілген пассивтік және активтік операциялар банкті банкротқа әкелуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz